Enbekshi QazaQ

Технология

Алматы қалай өзгеруде: бірнеше жыл бойы қордаланған су мәселесінен жайлы скверлерге дейін 11.12.2024
Алматының Медеу ауданында биыл тұрғындардың өтінішімен жүзеге асырылған нысандарға арналған баспасөз туры өтті.Тур барысында ең әуелі жаңа сквер көрсетілді, оның аумағы 2,1 гектар. Бұл сквер бұрын қаңырап бос жатқан жердің орнына салынған. Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, бұл аумақ бұрын жеке меншікке тиесілі болған, онда қоршалған, құрылыс қалдықтары толы шұңқыр болатын. Осылайша, бұл жер екі жылдан астам уақыт бойы бос жатты. Жақын маңдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары балалармен серуендейтін демалыс аймағын ұйымдастыруды бірнеше рет сұраған.Меншік иесімен келіссөздер жүргізіліп, жер коммуналдық меншікке берілді. Бүгінде аумақ көріктендіріліп, ол жерде демалуға арналған жайлы сквер пайда болды. Скверде жаңа күркелер, ойын алаңдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және жарықтандыру тіректері орнатылды. 175 қылқан жапырақты ағаш отырғызылып, 1100 шаршы метр көгал төселді, оған автоматты суару жүйесі ұйымдастырылды.Жергілікті тұрғын Кенжегүл Исламжанова немерелерімен демалуға және көршілерімен кездесу үшін жаңа скверге жиі келеді.«Бұрын бос жатқан жердің орнына осындай жаңа сквердің пайда болғаны керемет! Ең бастысы, ешқайда барудың қажеті жоқ, үйден шықтың, міне, сквер. Біз немерелерімізбен күн сайын осында келеміз. Олар ойнап, жүгіріп мәз болады. Ересектерге арналған демалыс орындары да бар, немерелерді бақылап, өзіміз де жақсы уақыт өткізе аламыз. Кешкісін жарық шамдардың арқасында тіпті әдемі. Біздің ауданымыздың өзгеріп жатқанына өте қуаныштымын!», - деді ол.Келесі нысан – №98 жалпы білім беретін мектеп болды. Оның жобалық сыйымдылығы музыка мектебінің көшуі есебінен 300 орынға ұлғайды. №8 музыка мектеп Алматы әкімдігі сатып алған көрші ғимаратқа көшірілді.Босатылған бөлмеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып оқушылары оқи бастады. Балалары №98 мектепте оқитын көпбалалы ана Райхан Өскенбаева шешім қабылдауға белсенді қатысқанын айтты.«Біздің мектебіміз өте жақсы, балаларым осында оқығанды ұнатады. Бірақ жылдар өте келе мектеп шамадан тыс жүктеліп, орын жетіспеді. Сондықтан музыка мектебін көшіріп, 500 шаршы метрлік ғимаратты босату дұрыс шешім болды. Енді бастауыш сыныптар үшін жақсы жағдай жасалған. Қызым жаңа, жарық сыныпта оқиды, парталары мен интерактивті тақталары бар. Ол мектепке қуана барады!», - деді ол.Баспасөз турының соңында қатысушылар таза суға арналған жаңа «Балқаш» резервуарына барды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған бұл ауқымды жоба ауданның жоғарғы бөлігіндегі көпжылдық су мәселесін шешті. Бүгінде Каменск үстірті, Көлсай, Юбилейный және Мұзтау аудандарында тұратын 20 мыңнан астам тұрғын тұрақты сумен қамтылған.«Бұрын біз тау суын пайдаландық немесе су тасушылардан су алатынбыз. Екі жыл бұрын судың қысымы әлсіз болды, өйткені жеке үйлер бақшасын суаратын. 2023 жылы әкімнің халықпен кездесуіне қатысып, мәселені айттым. Ол уәдесін орындады, 2024 жылы біздің көшеге су берілді. Ладушкин көшесінің тұрғындары атынан тұрақты су үшін алғыс білдіреміз!», – деді тұрғын Лаура Құрманғалиева.Алматыда көріктендіру жобалары белсенді түрде қолға алынған. Бұл жұмысқа «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы үлкен үлес қосып отыр. Осы механизмнің арқасында әр тұрғын ауданын дамытуға тікелей әсер ете алады. Бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Алматы әкімі Ерболат Досаев оның қаржыландыруын 18,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/899309
Алматының Медеу ауданында 38 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды 11.12.2024
Алматыда Құрманғазы көшесінің бойымен Пушкин көшесінен Зенков көшесіне дейін төселген құбыр ауыстырылды. Биыл қайта жөндеуден өткізілген учаскенің ұзындығы 305 метрді құрайды.Ауыстырылған құбыр 1986 жылы пайдалануға берілген еді, ол 5 көппәтерлі тұрғын үй мен 4 басқа да нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/899397
«Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты Алматы қаласының көрмесін Мажарстанда 12 000-нан астам адам тамашалады 11.12.2024
«Карчаг Кинче» өнер музейінде (Мажарстан) «Қазақстанның көшпенділері: өткені мен бүгіні» атты көрме аяқталды. Экспозицияға қазақ халқының бай тарихи және мәдени мұрасын танытатын 200-ден астам бірегей экспонат қойылды. Көрмеге келушілерге ұрпақтар сабақтастығының символына айналған Абай Құнанбайұлының домбырасы ұсынылды. Жалпы, көрмені 12 мыңнан астам адам тамашалады.«Жоба үлкен қызығушылық тудырды, бұл Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени алмасудың маңыздылығын көрсетеді. Бұған дейін осындай көрмелер Түркия, Оңтүстік Корея, Аустрия, Италия және Чехияда өткен. Енді 12 желтоқсанда Сербияда «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» атты көрме ашылады. Жалпы қала әкімі мәдениет саласы өкілдерін дамытуға ықпал ететін тағылымдамаға, білім алуға бағытталған және халықаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік жасайтын жобаларға ерекше көңіл бөледі және сала қызметкерлеріне үлкен қолдау көрсетуде. Мәселен, музей қызметкерлері әлемнің үздік мәдени орталықтарында, соның ішінде әйгілі Луврда білім алып қайтты», – деді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев.Айта кетейік, көрмені Алматы қаласының музейлер бірлестігі Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900106
Алматы Condé Nast Traveller журналының назарында 11.12.2024
Танымал итальяндық Condé Nast Traveller журналы Алматы жайлы кең көлемді материал жариялады. Лючия Галлидің мақаласы мен Джакомо Брецельдің фотосуреттері қаланы бай мәдениет, табиғи сұлулық және заманауи динамика үйлескен ерекше саяхат бағыты ретінде таныстырады.Авторлар Алматыны Шығыс пен Батыс тоғысқан, дәстүр мен заманауи трендтер үйлесім тапқан орын ретінде сипаттайды.Мақалада Алматының таңғажайып табиғи көріністері ерекше аталып өткен: Іле Алатауының асқақ таулары, Алтын Емел ұлттық паркінің «ән салатын» құм төбелері, су астындағы орманымен әйгілі Қайыңды көлі, Көлсай көлдері және бірегей Шарын каньоны. Табиғи мұраны Панфилов көшесі, Көк базар және Көк-Төбе секілді қаланың көрікті жерлері толықтырады.Журнал мегаполистің гастрономиялық байлығын да ерекше атап өтеді. Дәстүрлі қазақ тағамдарынан бастап, жергілікті асхананы неономадтық интерпретацияда ұсынатын заманауи мейрамханаларға дейін көрсетілген.Алматы мақалада өз мәдени мұрасымен, сәулетімен және қонақжайлылығымен шабыт іздейтін әрі жаңа бағыт ашуды жан сүйетін туристер үшін тартылыс орталығы ретінде бейнеленген.Айта кетейік, бұған дейін Алматының туристік тартымды бағыт екені жайлы CNN Travel — әлемдегі ең ірі саяхат және туризм туралы ақпарат көздерінің бірі ауқымды мақала жариялаған еді. Бұл туындылар Алматының Орталық Азиядағы ең әлеуетті туристік бағыттардың біріне айналып, табиғи сұлулығы мен мәдени әралуандығымен бүкіл әлемнен саяхатшыларды қызықтырып жатқанын растайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900123
Алматыда «Астана» мен «Челси» футбол командалары арасындағы матч күні Орталық стадионға трансферлер ұйымдастырылады 11.12.2024
12 желтоқсан күні сағат 20:30-да Алматы қаласының Орталық стадионында УЕФА Конференция лигасы аясында «Астана» мен «Челси» командаларының футбол матчы өтеді. Билеттер туралы ақпаратБилеттерге сұраныстың жоғары болуына және алаяқтардың жалған билеттер сатуының алдын алу мақсатында Алматының Спорт басқармасы жанкүйерлерге Zakazbiletov.kz сервисі арқылы билеттерді алдын ала сатып алуды ұсынады. Делдалдардың қызметіне жүгінбеуіңізді өтінеміз. Спекуляция мен қайта сатудың алдын алу үшін сатып алынған билеттер жеке аты-жөні көрсетілген түрде рәсімделеді және матч күні электрондық поштаға жіберіледі. Стадион кассаларынан билеттерді сатып алу мүмкіндігі болмайды. Стадионға кіреберісте жанкүйерлерден билет пен билеттегі аты-жөннің сәйкестігі тексеріледі. Бұдан кейін жеке тексеру жүргізіліп, билеттің шынайылығын тексеру үшін штрих-код сканерленеді. Жолдардың жабылуы туралы ақпаратКіру кезінде кептеліс болмас үшін жанкүйерлерге Орталық стадионға ертерек келіп, қоғамдық көліктерді пайдалануға кеңес беріледі.Футбол жанкүйерлеріне стадионның есігі 18:00-де ашылады. Көлік кептелісін болдырмау мақсатында стадионға жақын аумақтарда 12 желтоқсан күні сағат 18:30-дан 00:00-ге дейін Абай даңғылының (Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін) қозғалысы шектеледі, Сәтбаев көшесі (Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін) толық жабылады. Жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция бекеттері қойылады. Жанкүйерлерге арналған ақпарат12 желтоқсан күні қалада минус температура болады деп күтілуде, сынап бағанасы шамамен -11 градус. Сондықтан жылы әрі ыңғайлы киім кию керек. Қауіпсіздік шараларына байланысты стадион аумағына термос алып кіруге тыйым салынады. Жанкүйерлер үшін стадион ішінде ыстық сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға болатын сауда нүктелері жұмыс істейді. Стадион айналасында 60 биодәретхана, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретханалар орнатылады. Трансфер туралы ақпаратҚала әкімдігі жанкүйерлердің Орталық стадионға және кері қайтуына қолайлы болу үшін 8 тегін автобус маршрутын ұйымдастырады. Әр маршрутқа 10 автобустан бөлінеді. Жиналу нүктелерін 2GIS сервисі арқылы көруге болады:Қалқаман шағын ауданы (№7 қалалық аурухана аялдамасы) – Орталық стадион.Орбита шағын ауданы (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.«Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) – Орталық стадион.Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион.«Райымбек батыр» метрополитен бекеті – Орталық стадион.Наурызбай ауданының ХҚКО аялдамасы – Орталық стадион.Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы аялдамасы – Орталық стадион. Автобустар сағат 16:00-ден бастап жүре бастайды және толуына қарай жолға шығады.Жеке көлік иелері мен қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900198
Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын растады 11.12.2024
2024 жылы 6 желтоқсанда Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Алматы қаласының кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты». Бұл ретте, Алматы қаласының тәуелсіз кредиттік рейтингі «BBB+» деңгейінде расталды.Алматы қаласының жоғары тәуелсіз кредиттік рейтингі экономиканың динамикалық дамуы, жергілікті бюджеттің едәуір өсуі және бюджеттің төмен қарыз жүктемесімен негізделген, бұл «AAA» санатына сәйкес келеді.2024 жылдың 10 айында қаланың қысқамерзімді экономикалық көрсеткіші 5,2%-ға дейін жеделдеді. Өсу бизнестің және инвестициялық белсенділіктің артуымен қатар жүрді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 1,3 триллион теңгеге жетті. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттің кірісі 21,2%-ға артып, 1 753 миллиард теңге болды.«BBB+» деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтинг Алматы қаласының әкімдігіне ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және дамыту үшін жасыл облигациялар шығаруға мүмкіндік береді.Fitch рейтингінің жарияланымын мына сілтеме арқылы оқи аласыз: https://www.fitchratings.com/research/international-public-finance/fitch-affirms-city-of-almaty-at-bbb-outlook-stable-06-12-2024. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900208
Алматыда кезекті заңсыз кафені бұзуға кірісті 11.12.2024
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған Айнабұлақ -1 6 «Б» ш/а кафені бұзудың басталғаны туралы хабарлады.Кафенің меншік иесі (жеке тұлға) АПЗ, эскиздік жобаны келісу, жобаны сараптау және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаса да құрылысты салған.Бұрын Басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген болатын.2024 жылғы 7 ақпанда Басқарма Жетісу аудандық сотына объектіні бұзуға талап арыз берді. Сот шешімімен талап-арыздар қанағаттандырылды, қалалық соттың 2024 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 53 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «Khan», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/900219
Министрдің ҚР-дағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі 10.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар Министр Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы Ұлыбританияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэти Личпен кездесті. Кездесу барысында тараптар экология, тұрақты даму және климаттың өзгеруіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.Министр Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерді орындау жөніндегі жұмысының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Бакуде өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференцияның (СОР29) қорытындылары туралы айтты.Е. Нысанбаев 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асырудың, сондай-ақ 2035 жылға дейін 3.0 жаңа, неғұрлым өршіл жаңартылған ұлттық айқындалған салымды (ОНУВ) әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.Тараптар 2026 жылы Орталық Азия елдерінің климаттық іс-қимылдарын үйлестіруге бағытталған Өңірлік климаттық саммит өткізуді талқылады және осы мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.Министр сондай-ақ «Нарықтарды енгізу бойынша әріптестік» (PMI) бағдарламасы шеңберінде бірлескен жобаларды және шығарындылар саудасының ұлттық жүйесін еуропалық стандарттармен интеграциялауды дамытуды атап өтті.Регенеративті ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ Қазақстанда биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі жоспарлар қосымша талқыланды. 2024 жылы ақбөкендердің санын қалпына келтіргені үшін беделді Earthshot сыйлығын алған «Алтын Дала» бастамасына ерекше назар аударылды.Кездесуді қорытындылай келе, Е. Нысанбаев экологиялық саладағы жемісті ынтымақтастықты қолдағаны және жалғастыруға дайындығы үшін Британдық тарапқа алғысын білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/899931
Табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін цифрлық технологияларды енгізу 10.12.2024
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев экология саласында цифрлық технологияларды қолдану туралы айтты.Ол министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес цифрлық трансформация жобаларын белсенді түрде жүзеге асырып жатқанын атап өтті.Осылайша, цифрлық трансформацияның бекітілген картасы алдағы бес жыл ішінде заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. Олардың ішінде жасанды интеллект, спутниктік технологиялар, компьютерлік көру, үлкен көлемдегі ақпаратты талдау және заттар интернетінің экожүйесі бар.Бұл технологиялар қазірдің өзінде ластаушы заттардың шығарындыларын бақылау, дала өрттерін ерте анықтау және экожүйелерді ғарыштық бақылау сияқты салаларда қолданылады. Цифрлық шешімдерді қолдану бақылаудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға және жедел және негізделген шешімдер қабылдауға ықпал етеді.Министрлік мемлекеттік қызметтерді белсенді автоматтандырады. Нәтижесінде, 30 мемлекеттік қызметтің 29-ы электронды түрде ұсынылады. 2024 жылы «Ағаш кесу билетін беру» қызметін автоматтандыру аяқталды, бұл процесті электрондық форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді.Негізгі жоба қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі болып табылады. Платформа Экологиялық қордың барлық инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз етеді және мемлекет, табиғат пайдаланушылар және жұртшылық арасындағы өзара іс-қимылға жәрдемдеседі. Осы жоба аясында шығарындыларды бақылау, қалдықтар мен көміртегі шығарындыларын есепке алу жүйелері, сондай-ақ экологиялық есептілікті автоматтандыру енгізілді.Табиғи ресурстардың интерактивті картасы да іске асырылуда «Tabigat.gov.kz», бұл елдің экожүйесі мен табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ақпарат береді. Спутниктік бақылау рұқсат етілмеген полигондарды, заңсыз ормандарды кесуді анықтауға және орман өрттерін бақылауға көмектеседі.Орман өрттерін ерте анықтау жүйесі енгізілуде, бұл әрекет ету уақытын 3 есеге, өрт аумағын 20 есеге, ал сөндіру шығындарын 15 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Жүйе табиғи резерваттар мен ұлттық саябақтарда сәтті жұмыс істейді.Министрлік табиғи ресурстарды тиімді бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізуді және дамытуды жалғастырады, бұл елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/899971
Ұлттық баяндама 10.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет ресурсында http://ecogeo.gov.kz/ru және Бірыңғай экологиялық Интернет ресурста http://ecogosfond.kz 2023 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама жарияланды.Ұлттық баяндамада жүйеленген сараптамалық ақпарат, оның ішінде динамика бойынша, өңірлердегі және жалпы республикадағы экологиялық және радиациялық ахуал, табиғи ресурстарды пайдалану, экономикалық қызметтің табиғи ресурстарға әсері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары қабылдайтын шаралар туралы ақпарат қамтылған. Баяндамада, сондай-ақ, республика аумағындағы климаттың өзгеруі жағдайы мен тенденциялары, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қызмет және халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат берілген.Баяндаманы дайындау барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың ұсынған материалдары пайдаланылды.Ұлттық баяндама мемлекеттік басқару органдарын, қоғамдық ұйымдар мен халықты қоршаған ортаның жай-күйі, оның өзгеру үрдістері, табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асырудың тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 23-бабының 1-тармағына сәйкес жыл сайын әзірленеді.Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы ҚР ЭТРМ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/900217
Алматы қаласының Жетісу ауданында жаңа көпір бойынша қозғалыс ашылды 09.12.2024
Алматының Жетісу ауданындағы Кемел ш/а құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталған көпірдің техникалық ашылуы өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпір бойындағы апатты жағдайға салдарынан қозғалыс жабылып, жаңасын салу туралы шешім қабылданған болатын.Бір аралықты типтегі жаңа көпір құрылымы қысқа мерзімде-шамамен 4 айда тұрғызылды. Жұмыстың бірінші кезеңі аясында апаттық көпірді бөлшектеу, инженерлік желілерді қайта құру, 29 метрлік бұрғылау қадаларын монтаждау, тіректер мен тірек желілерін орнату жүргізілді.Салынған көпір ескіден екі есе ұзын: 16,8 метрге қарсы 33 метр. Сондай-ақ ені 8,5-тен 14,5 метрге дейін ұлғайтылды, жүріс бөлігінің екі жағында әрқайсысы 1,5 метр жаяу жүргіншілер тротуары ұйымдастырылды.Жаңа көпір толығымен аяқталды және барлық ережелерге сай салынған. Ол автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысқа кепілдік бере отырып, барлық қажетті тексерулер мен сынақтардан өтті.Екінші кезең аясында өзен арнасын нығайту және жарықтандыруды қамтитын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұдан басқа, өзен арнасын техника үшін уақытша негізден тазарту жүргізілетін болады. Бұл жұмыстарды ағымдағы айдың соңына дейін жүргізу жоспарлануда.Естеріңізге сала кетейік, маусым айында 60-шы жылдардағы көпір құрылысына жүргізілген техникалық тексеру бетон конструкцияларының ішінара бұзылуын, көпір тіректерінде жарықтардың пайда болуын, деформациялық тігістің болмауын және өзге де ақауларды анықтады.Жергілікті тұрғындар нормативтік мерзімнен әлдеқайда жылдам салынған көпірдің аяқталғанына қуаныштарын жасырмайды.«Біз ескі көпірді ұзақ уақыт жөндеуді күттік, бірақ біз жаңасын, сонымен қатар өте қысқа мерзімде салынғанына таң қалдық. Жұмыс сапалы және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жүргізілгенін көруге болады. Жаңа көпір талай онжылдықтарға қызмет ететін болады деп сенімді түрде айтуға болады», - деді Юлия Хвалынская.Семейгүл Зияданова да жаңа көпірді бағалады. «Бұл көпір шағын аудан тұрғындары үшін үлкен маңызға ие, өйткені ол арқылы бірнеше автобус маршруттары, сондай-ақ мектеп автобусы өтеді. Бұл облыс тұрғындары мен жақын маңдағы ауылдарға баратындар үшін өте қажет. Көпір күнделікті сапарлардың қысқа болуын қамтамасыз етеді», - деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898841
Республикамыздың экологиялық ахуалы мен өмір сапасын жақсартуға азаматтардың белсенді араласыуына TazaQazBot платформасы мүмкіндік береді 09.12.2024
TazaQazBot 2024 жылдың 5 шілдесінде іске қосылды және халықтың өтініштерін қалдыру құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.Бүгінгі таңда чат-бот арқылы 8806 өтінім келіп түсті, оның 7913-і сәтті орындалды.Бұл аталған платформаның нәтижелілігін және азаматтардың өңірлік проблемаларды шешуге деген жоғары қызығушылығын растайды.Пайдаланушыларға ыңғайлы болу және жауапты орындаушыларды анықтау үшін өтінімдер 21 санатқа бөлінеді. Тұрғындардың шағымдарының көпшілігі аумақты тазарту, көшелерді абаттандыру, тұрмыстық қоқыстарды шығару және жолдарды жөндеу бойынша түседі.Чат-боттың ең белсенді пайдаланушылары Алматы (2434 өтінім), Астана (1017 өтінім) қалаларының және Түркістан облысының (834 өтінім) тұрғындары болып табылады.Бұл ретте платформа Ұлытау(78 өтінім), Абай (115 өтінім) және Павлодар (116 өтінім) облыстарында аз танымал.@TazaQazBot арқылы өтініш беру процесі өте қарапайым және ыңғайлы: кіру, проблемалық учаскенің фотосуретін тіркеу, нақты мекенжайды көрсету және қажет болған жағдайда түсініктеме қосу жеткілікті. Барлық деректер автоматты түрде жергілікті атқарушы органдарға беріледі, олар мәселені жіктейді және орындаушыны тағайындайды. Өтінім санатына байланысты жүйе жұмысты орындау мерзімдерін автоматты түрде белгілейді.Тапсырма аяқталғаннан кейін Орындаушы фотосурет пен түсініктемелерді жүктейді, ал өтініш беруші рейтинг жүйесі арқылы олардың сапасын бағалау мүмкіндігімен жұмыстың аяқталғаны туралы хабарлама алады.Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі өтінімдердің уақтылы орындалуын мұқият қадағалайды және қоршаған ортаны қорғау саласында халықпен тиімді байланыс жүйесін дамытуды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/898720
Алматыда қар: Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде 09.12.2024
8 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тен бастап Алматы қаласында 22 сағатқа дейін қар жауа бастады.Күндізгі кезеңде 609 бірлік арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды.Жауын-шашын басталғаннан бері 159 құмшашқыштың күшімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жүргізілуде. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1480 тонна пайдаланылды.64 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарларды, көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды жинау жұмыстары жүргізілуде.Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларына сәйкес қарды тырмалау әрбір 5 см жаңа жауған қардан кейін жүргізіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, таңғы сағат 9:30-ға дейін қалада 4 см қар жауған.Қардың түсу қарқындылығы күрт артқаннан кейін сағат 09:30-дан бастап жолдардың жүріс бөлігінен қарды тырмалау бойынша 18 баған ұйымдастырылды.Қарды жол жиегіне сыпырғаннан кейін, жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес, коллонналар құрылып, қарды шығару ұйымдастырылады.Қар жауғаннан кейін жолдардың, тротуарлардың, пандустардың шекаралас бөлігін қардан толық тазарту жүргізіледі.Аудан әкімдіктерінде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды."Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, бүгін түстен кейін қар жауады, ол 22 сағатқа дейін аяқталады. Ауа температурасы -3 декабря -5°С, одан әрі 9 желтоқсандағы түнгі кезеңде -11...-13°С дейін төмендейді. Түнде айтарлықтай жауын-шашынсыз.9 желтоқсанда жауын-шашынсыз, ауа температурасы -6...-8 °С. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898520
Мәслихат депутаттары алдағы үш жылға арналған Алматы қаласының бюджетін қолдады 09.12.2024
Алматы қаласының мәслихатының кезектен тыс XXV сессиясында депутаттар 2025–2027 жылдарға арналған қала бюджетін қолдап, бекітті. Сессия жұмысына қала әкімі Ерболат Досаев, депутаттар және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.Мегаполис басшысы Ерболат Досаев бюджет жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға және қаланың Даму бағдарламасы мен Бас жоспарының басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.«2025 жылға арналған бюджет Алматыны бүкіл ел үшін үлгі ретінде тұрақты дамушы қала ретінде көрсетеді. Бұл бюджет қазіргі заманға сай, жайлы қала құруға бағытталған, онда әрбір тұрғын өміріндегі оң өзгерістерді сезіне алады. Бұл мәслихат пен әкімдік арасындағы бірлескен жұмыстың негізгі міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретінін көрсететін мысал», – деді Ерболат Досаев.Мәселен, Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 2 трлн 177 млрд теңге деңгейінде жоспарланған, бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен (1 трлн 70 млрд теңге) екі есе көп. Негізгі қаржыландыру бағыттары көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік сала басымдық болып қала береді, оның қаржыландыруы 15%-ға (110,6 млрд теңгеге) ұлғайып, 851,9 млрд теңгеге немесе жалпы бюджеттің 39,1%-ына жетті.Бюджетте даму жобаларына ерекше назар аударылған. Даму бюджетінің көлемі 2022 жылғы 207 млрд теңгеден 2025 жылы 455,9 млрд теңгеге дейін 2,2 еседен астам ұлғаяды. Бұл жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, қаланы көріктендіру және қала ортасын жақсарту бойынша ірі жобаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мегаполисті көріктендіру және көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыру жалғасуда.Алматы экономикасының дамытудың негізгі қозғаушы күші шағын және орта бизнес (ШОБ) болып қала береді, ол қаланың жалпы өңірлік өнімінің 60%-дан астамы. 2025 жылы кәсіпкерлікті қолдауға 71 млрд теңге бөлінеді, бұл 4 мыңнан астам жаңа жобаның дамуын қамтамасыз етеді. 2030 жылға қарай ШОБ-тың қала экономикасына қосатын үлесі 70%-ға жетуге тиіс.Сессия аясында депутаттар Алматы қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған түзетілген жоспарын қабылдады. Өзгерістер ҚР-ның 2029 жылға дейінгі жаңа Ұлттық даму жоспарымен үйлестіруге байланысты енгізілді. Жаңартылған жоспарда жайлы қалалық орта, тұрақты экономикалық өсу, жасыл Алматы, урбанизацияны басқару, қауіпсіздік және цифрлық технологияларды дамыту сияқты бағыттар көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898524
Алматыда білім беру саласын қаржыландыру 2025 жылы 16% - ға ұлғаяды 07.12.2024
Алматыда білім беру саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылға қарай 16% - ға артады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген сессиясы барысында хабарлады."2024 жылы білім беру саласын қаржыландыруға 479,3 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы қаржыландыру көлемі тағы 16% - ға 555,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды", - деп атап өтті мегаполис басшысы.Оның айтуынша, оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында 2024 жылы 11,8 мың орынға 9 мектеп іске қосылады. 2025 жылы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орындық тағы 15 мектептің құрылысы аяқталады.Мемлекет басшысының қолдауына орай, 2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы "Алмалы" СО базасында балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым мұражайын Science Museum Singapore-мен бірлесіп құру басталады. Осы мақсаттарға қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Айта кетейік, Singapore Science Museum-бұл шығармашылық процестің ғылым мен өнердегі рөлін және оның қоғамның санасына әсерін зерттеуге бағытталған әлемдегі алғашқы мұражай.Естеріңізге сала кетейік, жалпы Алматыда жергілікті бюджет есебінен жаңа мектептер, қосалқы нысандар салу арқылы оқушы орындарының тапшылығының басқарылатын деңгейіне қол жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылы жайлы мектептерді пайдалануға беруді ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге - 3-4 мың орынға дейін төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898092
2025 жылы Алматыда экономикалық өсім 6,4%-ға дейін жеделдейді деп болжануда 07.12.2024
2023 жылы Алматы экономикасының рекордтық өсімі және жоғары база қалыптасуы аясында қала экономикасының қарқынды дамуы жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025-2027 жылдарға арналған бюджет бекітілген мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.«2024 жылдың 10 айында Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,2%-ға дейін жеделдеді. Бұл іскерлік және инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейімен бірге жүреді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жетті. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 3,8 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды», – деді қала басшысы.Әкімнің айтуынша, Алматы экономикасының қарқынды дамуы қала кірістерінің өсуіне мүмкіндік берді. 2024 жылдың 11 айында Алматы бюджетіне 1 650 млрд теңге аударылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,8%-ға артық.«Біздің болжамға сәйкес, 2024 жылы Алматы экономикасының өсімі 5,5% деңгейінде болады деп күтілуде. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,4%-ға дейін жеделдемек», – деді Алматы әкімі.Экономиканың тұрақты өсуі аясында жергілікті бюджеттің кірістері де артып келеді. Бүгінде бюджеттің 95%-ы қаланың өз кірістерінен қалыптасуда.«2025 жылға арналған Алматы бюджеті 2 трлн 177 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл 2022 жылдың басындағы 1 трлн 70 млрд теңгеден 2 есе көп», – деп сөзін қорытындылады Ерболат Досаев.Айта кетейік, Алматы бюджеті әлеуметтік бағытын сақтап келеді. Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар 15%-ға немесе 110,6 млрд теңгеге ұлғайып, 851,9 млрд теңгеге жетті, бұл бюджет шығыстарының шамамен 40%-ы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898103
Алматыда «Алма-Арасан» радон көзі жаңартылады 07.12.2024
Алматыда 2025 жылы Үлкен Алматы шатқалының ең танымал нысанның бірі – «Алма-Арасан» радон көзін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет қабылданған Алматы мәслихатының сессиясында хабарланды.Емдік қасиеттерімен танымал бұл радон көзі Қазақстаннан ғана емес, шетелден де туристер мен қала тұрғындарын өзіне тартады. Алайда жергілікті тұрғындар мен туристер тарапынан инфрақұрылымның қазіргі жағдайына байланысты келіп түскен көптеген шағымдар мен ұсыныстар негізінде ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Соңғы жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген болатын, содан бері инфрақұрылым заманауи қауіпсіздік және жайлылық стандарттарына сай болу үшін жаңартуды қажет етеді.Жобада инфрақұрылым нысандарын толық қайта құру көзделген. Басты шаралардың қатарында тайғанаққа қарсы қауіпсіз жабындысы бар жаңа көпірлер орнату, жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарын жаңарту қарастырылған. Ең қауіпті учаскелерде тұтқалары бар баспалдақтар орнатылып, зақымданған элементтерді күшейту және ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, барлық учаскенің төсемдері болат тормен жасалады, бұл жазда да, қыста да қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, жоба туристердің жергілікті жерде бағыт табуына және радон көзінің емдік қасиеттерімен танысуына көмектесетін жаңа көрсеткіштер мен ақпараттық стендтерді орнатуды қамтиды.Жұмыс аяқталғаннан кейін «Алма-Арасан» тек қауіпсіз әрі жайлы нысанға айналып қана қоймай, экологиялық туризмді дамытуға ықпал ететін бірегей туристік көрнекі орынға айналады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898108
Ерболат Досаев: Алматыда ҚТҚ жинаудың заманауи технологиялары енгізіледі 07.12.2024
"Таза Қазақстан" жалпы республикалық бағдарламасы аясында 2025 жылы Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау бойынша инфрақұрылым толығымен жаңарады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қабылданған сессиясы барысында хабарлады.ҚТҚ инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды жобасы экологиялық жағдайды жақсартуға, қала тұрғындарының жайлылығын арттыруға және санитарлық тазалаудың заманауи стандарттарына сәйкес келуге бағытталған. Модернизацияның негізгі кезеңдерінің бірі-жағымсыз иістердің пайда болуына және құстардың немесе қаңғыбас жануарлардың қол жетімділігіне жол бермейтін тереңдетілген контейнерлердің санын көбейту (көлемі 3 м3).Бүгінгі таңда Алматыда 1 454 контейнер алаңында орналасқан 8 мыңнан астам контейнер қолданыста. 2023 жылы 42 алаңда 214 контейнер орнатылды, ағымдағы жылы мұндай контейнерлер саны 786 бірлікке өсті. 2025 жылы 581 алаңға тағы 1 683 контейнер орнатылады.Тағы бір кезең - пластикалық еуроконтейнерлерді сатып алу: 2024 жылы көлемі 1,1 м3 болатын 1 800 контейнер сатып алынды, 2025 жылы тағы 1 000 контейнер сатып алу жоспарлануда."Қалада 2012 жылы құрылған ҚТҚ жинау инфрақұрылымының әбден тозуы және "моральдық" ескіруі байқалады. Сондықтан, 2023 жылдан бастап оныбарынша жаңғырту жүргізілуде. Қазірдің өзінде 1 мың тереңдетілген контейнер мен 1,8 мың еуроконтейнер жаңартылды. 2025 жылы тағы 2,7 мың жаңа контейнер орнату арқылы қала бойынша барлық контейнерлік алаңдарды толық жаңғырту аяқталады", - деді Ерболат Досаев.Сонымен қатар, қоқыс таситын көліктердің күнделікті желіге шығуы 2023 жылғы 70% - дан 2024 жылы 85% - ға дейін өсті, 2025 жылы 95% - ға дейін жеткізіледі.Осылайша, 2025 жылы жаңартылған контейнерлік алаңдардың үлесі 100% - ға жетеді. Бұл шаралар қалдықтарды жинау тиімділігін арттырып қана қоймай, қоқысты бөлек жинау және қайта өңдеу қағидаттарын одан әрі енгізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898119
Алматыда 2025 жылы танымал туристік нысандардың маңайына тактильді модельдер орнатылады 07.12.2024
2025 жылы Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инклюзивті туризм жобасы жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы мәслихатының сессиясында хабарланды, онда 2025-2027 жылдарға арналған қала бюджеті қабылданды.Жоба аясында қаладағы маңызды туристік нысандарды толықтай танып-білу үшін көзі нашар көретін және басқа да қабылдау ерекшелігі бар адамдарға арналған бес тактильді модель орнату жоспарлануда. Тактильді модельдер арқылы келушілер ғимараттың формасы мен элементтерін сезініп, егжей-тегжейлі зерттей алады.Модельдер мына нысандардың маңына орнатылады:* Вознесенский соборы – Алматының басты сәулеттік ескерткішінің бірі, өзінің керемет күмбездері мен тарихи маңыздылығымен танымал.* Ықылас атындағы ұлттық аспаптар музейі – Қазақстанның музыкалық мұрасына арналған мәдени орталық.* ГАТОБ (Мемлекеттік академиялық опера және балет театры) –өзінің керемет қойылымдарымен және сәулетімен танымал өнер орталығы.* Алматы музейі – қаланың дамуын және тарихын көрсететін мәдени-тарихи музей.* Ғылым академиясы – елдің жетекші ғылыми мекемелерінің бірі, зерттеу жұмыстарында маңызды рөл атқарады.Тактильді модельдер әрбір нысанның ерекше сәулеттік ерекшеліктері ескеріле отырып жасалады, бұл келушілерге ғимараттардың формасын ғана емес, олардың мәдени және тарихи маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Модельдерде жоғары сапалы материалдар мен технологиялар қолданылып, олардың ұзақ қызмет етуі мен ыңғайлы пайдалануын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, ғимараттарды толыққанды және шынайы қабылдауға мүмкіндік береді.Тактильді модельдер орнату жобасы инклюзивті туризмді дамытуға бағытталған, бұл барлық туристік топ үшін тең мүмкіндік жасайды және қаланың мәдени әрі тарихи ескерткіштеріне қолжетімділікті арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898123
2024 жылдың тоғыз айында Алматыға 1,7 млн. астам турист келді 07.12.2024
Алматының туристік саласы елеулі өсімді көрсетіп отыр. Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған Қала бюджеті қабылданған Алматы мәслихатының сессиясы барысында хабарланды.ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Алматыда туристер саны 14,2% - ға артып, 1 729,6 мың адамға жетті, оның ішінде шетелдік туристер саны 24% - ға өсіп, 507,6 мың адамды құрады, ал ішкі туристер саны 10,6% - ға артып, 1 222 мың адамға жетті. Алматының Қазақстан туристерінің жалпы ағымындағы үлесі 25% -ды құрады, бұл оның елдің негізгі туристік орталығы мәртебесін растайды. Сонымен қатар, Ресейден (117 534 турист, үлесі 23,2%), Үндістаннан (82 731 турист, үлесі 16,3%), Қытайдан (73 328 турист, үлесі 14,45%), Түркиядан (26 273 турист, үлесі 5,2%), АҚШ-тан (21 561 турист, үлесі 4,25%), Оңтүстік Корея (15 775 турист, үлесі 3,11%).Туристік саланың белсенді дамуы инвестициялардың айтарлықтай өсуімен қатар жүрді. 2024 жылдың 10 айында инфрақұрылымды жақсартуға, жаңа объектілерді құруға және сервис сапасын арттыруға салынған инвестициялар көлемі 86,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 29,3% - ға артық. Туризм саласынан түсетін салық түсімдері 2 есеге артып, 76,9 млрд. теңгеге жетті.Халықаралық тану қаланың туристік имиджін нығайтуда да маңызды рөл атқарды. Алматы The New York Times нұсқасы бойынша әлемнің үздік туристік бағыттары рейтингінде 25-ші орынды иеленді. Британдық Wanderlust журналы Алматыға назар аудара отырып, Қазақстанды 2024 жылы міндетті түрде баратын ТОП-24 орынға енгізді. Бұл жетістіктер жарнамалық науқанның 2,4 есе өсуіне ықпал етіп, олардың қамтылуын 300 миллион шотқа дейін арттырды.Халықаралық туристік көрмелерде Алматы шетелдік туроператорлармен 230 меморандумға қол қойды, бұл алдағы үш жылда 190 мыңнан астам туристің келуін қамтамасыз етеді. Күтілетін экономикалық тиімділік 285 млн АҚШ доллары).Айта кету керек, «Турист портері» сияқты зерттеулер орташа чегі ішкі саяхатшылардың шығындарынан 8,7 есе жоғары сапалы шетелдік туристерді тартуға стратегиялық назар аударды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қытай, Түркия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия, БАӘ, Италия, Малайзия, Сауд Арабиясы және Сингапур сияқты 11 мақсатты нарыққа баса назар аударылады. Бұл елдердің туристері жол жүру шығындарының 750-ден 1500 АҚШ долларына дейін жоғары деңгейімен ерекшеленеді, бұл оларды Алматыда туризмді дамыту үшін маңызды аудиторияға айналдырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898136