Enbekshi QazaQ

Технология

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру 24.12.2024
Алматы қаласында биыл тұрғындар мен қонақтарға ыңғайлы әрі экологиялық көлік жүйесін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жыл бойы қалада көлік инфрақұрылымын жақсартуға, жолаушылар тасымалын экологияландыруға және жолдардың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 25 шақырым жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтілді, 255 көшедегі 250 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 770 газбен жүретін автобус және 115 электр автобусы сатып алынды. Құлжа трактісінің кеңейтілуі. Бұл жоба учаскенің өткізу қабілетін екі есе арттыруға мүмкіндік берді – тәулігіне 40 мыңнан 80 мыңға дейін. Сонымен қатар, жол жиектеріне тосқауыл қоршаулары, жарықтандыру орнатылды. Құлжа трактісінің кеңейтілуі қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетуге, кептелістерді азайтуға және қала орталығы мен қала маңындағы аудандар арасындағы байланысты жақсартуға өз септігін тигізді. Жолайрықтарын жаңғырту. 2024 жылы Абай даңғылын ұзарту аумағы және Саин – Мөңке би жолайырығы бойынша қозғалыс ашылды. Сонымен қатар, Рысқұлов даңғылынан ұзындығы 3,2 шақырымдық жол айрығы бағытында салынып жатқан Сайна көшесін салу жұмыстары жалғасуда. Бұл Момышұлы көшесінен келетін көлік жүктемесін үштен бірге азайтуы керек. Әкімдік әр бағытта үш жолақты, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипед жолдары бар жол салуды жоспарлап отыр.Келесі жылы 35 км жаңа жол салынып, 300 км жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сейфуллин – Жансүгіров жолайырығын іске қосу, 2 радиалды (және 2 магистральдық көшелерді ұзарту сапалы, тиімді көлік байланысын қамтамасыз етпек. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92%-тен 2025 жылы 95%-ке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Көшелердің орташа жөндеуі. Алматы қаласының көше-жол желісін жаңғырту аясында 2024 жылы, 255 көшеде 250 шақырым жол орташа жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары тек жолдардың сапасын жақсартып қана қоймай, көлік құралдарының қозғалысы мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттырды. Қоғамдық көлікті экологияға қауіпсіз ету. Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту – әкімдік жұмысының күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Бүгінгі таңда ауаны ластаушы заттардың 60%-і автокөлікке тиесілі. Негізгі жұмыс қала тұрғындарын қоғамдық көлікке көшуге ынталандыруға, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылы қоғамдық көліктегі жолаушылар саны 33%-ке артып, күніне олармен 1,6 млн жолаушыға дейін қатынайтын болды, бұл – рекордтық көрсеткіш.2024 жылы экологияландыру мақсатында 770 газ және 115 электр автобусы сатып алынды. Осының арқасында автобустардың эксплутациялық мерзімі 6 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарды. Осыған қоса, 112 жаңа троллейбус сатып алынып, троллейбус паркі 100%-ға жаңартылды. Келесі жылы 800 газбен жүретін автобус және 260 электр автобусы сатып алынбақ, бұл орташа пайдалану мерзімін 2 жылға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қала маңы маршруттарын көбейту. Алматы агломерацияның орталығы ретінде тығыз көлік байланысын қамтамасыз етуге аса мүдделі. Биыл 20 жаңа қала маңындағы маршруттар ұйымдастырылды. 2025 жылы қоғамдық көлік үшін жаңа тарифтік мәзірді және «Bus/km» қағидатына көшумен субсидиялаудың жаңа қағидаларын енгізу жоспарлануда. Бұл өзгерістер қала мен оның маңындағы аудандар арасындағы байланысты нығайтып, көлік шығындарын азайтуға ықпал етпек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907399
Алматының Әуезов ауданында 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды 24.12.2024
Алматыда Саин – Төле би – Өтеген батыр – Райымбек көшелерінің ауқымындағы аула іші аумағы бойынша төселген құбыр ауыстырылды. Биыл жаңғыртылған учаскенің ұзындығы 901 метрді құрайды.Ауыстырылған құбыр 1983 жылы пайдалануға берілген еді, ол 17 көппәтерлі тұрғын үйді, 2 жеке тұрғын үйді, 1 балабақшаны және басқа да 4 нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр.Жалпы, биыл қалада Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен ұзындығы 20 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды. Жаңғырту жұмыстары жыл сайын жылытуаралық кезеңде жүргізіледі, биыл олар Алматы қаласының 6 ауданында атқарылды.Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907923
Алматылық Арбат Карнаби көшесінің стилінде безендірілді 24.12.2024
Алматының Арбаты Жаңа жылдық мерекеге орай Лондонның әйгілі Карнаби көшесінен шабыт алған жарқын арт-нысанға айналды. Тұрғындардың сүйікті жаяу жүргіншілер көшесі мыңдаған гирлянд шамы мен жарық қондырғылармен көмкеріліп, жайлы әрі сиқырлы атмосфераны қалыптастырды.«Жаңа жылыңызбен», «Бақытты бол», «Жұлдызың жансын» деген жарқыраған жазулар тілектер ерекше назар аудартады. Бұл жүрекжарды лебіздер мұнда келген әрбір адамға арналғандай, мейірім мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары ерекше безендіруді жоғары бағалады.«Балалармен бірге біз де өте қуаныштымыз! Қаншама әдемі сурет түсіріп үлгердік. Өзім де бала сияқты осы әшекейлерге қуанамын. Шынымды айтсам, қала әрқайсымызды құшақ жая қарсы алуға дайындалып жатқандай көрінеді. Мұнда керемет әдемі әрі бәрі жарқырап тұр», - деді алматылық Алуа Жомарт.Жібек жолы көшесінде де жарықтандырылған аққала мүсіндері, жарқыраған жұлдыздар және сәулелі бұғылар орнатылған. Олар балалар мен ересектердің жүздеріне қуаныш пен күлкі сыйлайды. Мерекелік безендіруді сәндік аюлар мен басқа да элементтер толықтырып, Арбаттағы серуенді ерекше жайлы етеді. Ең әсерлі қондырғының бірі – «2025» сандары бар алып жарқыраған шар.Арбаттың орталық шыршасы түрлі-түсті шарлармен, жарқыраған шамдармен және жұлдыздармен безендірілген. Оның етегінде орналасқан алып сыйлық қораптары кеңістікке ертегідей ерекше атмосфера береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907925
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды 24.12.2024
Еске салсақ, «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы аясында Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау жөніндегі экологиялық акцияның 2 айға жуық уақытқа созылған бірінші маусымы сәтті аяқталды. Экология мәселелеріне назар аударуға бағытталған бастама 200-ге жуық мектеп пен балабақша оқушыларын біріктірді.- Акцияға көптеген оқушылар мен ата-аналар қатысқанына қуаныштымыз. Бұл балалардың қоршаған ортаға ұқыпты қарайтындығының белгісі. Қызықты әңгімелер болды - маған ата - аналар қоңырау шалды, олар үйде балалар сусынның қақпағын алып жатыр деп айтты, - дейді Eco Network стартапының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов күлімсіреп, - ата-аналардың балаларының арқасында экологияға қызығушылық танытуы да қуантады. Біз әкімдіктің осындай жобаны іске қосқанына қуаныштымыз және ол өте сәтті болды.Білескен күш-жігердің нәтижесінде қатысушылар 1,26 миллионнан астам пластикалық қақпақтарды жинады.Акцияның көшбасшылары қаланың үш ауданы болды:Жетісу ауданы - 570 кг (жалпы көлемнің 22,7%);Алмалы ауданы - 484 кг (19,3%);Әуезов ауданы - 328 кг (13,0%).Қала бойынша барлық қатысушылардың ішінен топ-3 жеңімпаз анықталды:1 орын - №6 мектеп;2 орын - №144 мектеп;3 орын - №132 балабақша.Әуезов ауданының №6 мектеп-гимназиясының жеңімпаздары 2 ай ішінде 120 келі қақпақ жинап, барлық 200 қатысушыны басып озды.- Біз акцияға бірінші жыл қатысып отырған жоқпыз, бұл туралы білім бөлімінен білдік. Біздің балалар бұл акцияға өте белсенді қатысты-тіпті сыныптар арасында да олар бір-бірімен жарысты. Біз олардың қақпақтарды қай жерде болса да үлкен қызығушылықпен жинағанын көрдік, -дейді №6 мектеп-гимназия директорының тәрбие работе жөніндегі орынбасары Роза Досанова. - Акцияға ата-аналар да қатысты. Осындай іс-шаралар арқылы балалар қоқыстың қандай екендігі, оны қалай қайта пайдалануға болатындығы және оны не үшін сұрыптайтынымыз туралы білім алады. Бұл науқан өте жақсы! Барлық ұйымдастырушыларға көп рахмет! Біздің мектеп алдағы уақытта осындай акцияларға қатысатын болады, - деді ол.Барық үш жеңімпазға сыйлық ретінде вело-ұсақтағыштар беріледі, соның арқасында олар қақпақтарды ұсақтап, шикізатты өңдеу және әртүрлі заттарды жасау үшін эко-хабқа жібере алады.Сонымен қатар, эко-хабтағы жеңімпаздар үшін экология бойынша дәрістер ұйымдастырылады, сондай-ақ олар өз қолдарымен қайта өңделген пластиктен шырша ойыншықтарын жасай алады.Іс-шара барысында бірегей бұйымдары бар эко-жәрмеңке және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша мастер-класстар, экологиялық тәжірибелер бойынша оқыту сессиялары өтті.Ұйымдастырушылар 2025 жылы пластикалық қақпақтарды жинау акциясы Алматының экологиялық мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жалпы науқанның тұрақты бөлігіне айналатынын атап өтті. Мұндай бастамалар қаланы көркейтіп қана қоймай, қайта өңдеудің маңыздылығын еске түсіріп, қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін де оятады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/907926
Алматыда жаңа жылдық шыршалар жәрмеңкесі ұйымдастырылды 24.12.2024
Жаңа жыл жақындаған сайын Алматыдағы Панфилов көшесі қылқан жапырақтың иісі мен мерекелік көңіл-күйге толы нағыз қысқы базарға айналды. Жәрмеңке әркім үйіне жаңа жылдық шырша таңдай алатын алматылықтардың сүйікті орнына айналды.Жәрмеңкеде сатып алушыларға биік шыршадан бастап шағын ыдыстағы ағаштарға дейін түрлі тауар ұсынылған.– Мен жыл сайын базардан шырша сатып аламын, бірақ биыл дәл осы жерден сатып алуды шештім, өйткені бағасы бірдей. Балалармен келіп шырша таңдап жатырмыз, пірәндіктерден дәм татып, жарқыраған қондырғылардың жанында суретке түстік. Мұндағы атмосфера керемет, шаршағаныңды ұмытасың, суық та сезілмейді. Жаңа жылдың жақындап қалғаны анық сезіледі, – деді Ерлан Қасымов.Жәрмеңкеде классикалық қылқан жапырақ ағаштарымен қатар қармен көмкерілгендей сәнделген дизайнерлік шыршаларды да сатып алуға болады. Мұндағы ассортименттің молдығын қала тұрғындары ерекше атап өтуде.– Біз құрбымызбен жай ғана көріп қайтуға келген едік, бірақ қызығып, шырша, ойыншықтар мен гирляндалар сатып алдық. Енді бірге жиналып, шыршаны безендіріп, какао ішеміз. Мұнда сондай әдемі, жылы әрі жайлы, кеткің келмейді. Бұл жәрмеңке қаланың ең керемет орындарының біріне айналғанына сенімдімін, – деді студент Алина Әбілдаева.Жәрмеңкенің безендірілуі ерекше әсер қалдырады: гирляндалар, жарқыраған шамдар, фотоаймақтар – мұның бәрі ғажайып мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Әсіресе, қар басқан шаналар, жарқыраған аққалалар мен бұғының мүсіндері балаларды қуантады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908187
Алматы метросы Жаңа жылға орай безендірілді 24.12.2024
Жаңа жыл қарсаңында Алматы метрополитені ерекше кейіпке енді: бекеттер мен вагондар мерекелік жарықтармен көмкеріліп, әсем декорациялармен безендірілді. Тұрғындар бұл жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтынын айтады.Әр бекетте шырша орнатылып, тақырыптық ойыншықтармен безендірілген. Кейбір вагонда жолаушылар естелік суретке түсе алатын мерекелік бұрыштар бар.«Біз метродағы әрбір сапар жолаушыларымыз үшін сәл де болса мерекелік болғанын қалаймыз. Бекеттер мен вагондардағы әшекейлер адамдарға ертегі сезімін сыйлап, оларды мерекелік көңіл-күйге бөлеу үшін жасалған», – деді метрополитеннің баспасөз қызметі.Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік безендіруді жоғары бағалады. Көптеген жолаушы әлеуметтік желілерге фотосуреттер жүктеп, мұндай атмосфера үшін ризашылық білдіріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908189
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматының тұрғын үй саласын реновациялау 24.12.2024
2024 жылғы 29 қарашада Алматы қаласының мәслихаты 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын бекітті. Бүгінгі таңда Алматыда 1366 ескі тұрғын үй тіркелген. Осы үйлердің жартысын, яғни 683 үйді, 2030 жылға дейін жаңарту көзделген. Жаңа бағдарламаның басты ерекшелігі – кварталдық салу принципінің енгізілуі. Бұл тәсіл ескірген тұрғын үйлерді жүйелі түрде жаңарту арқылы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін күшейтуге және тұрғын үй қорының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында ескі үйлердің иелеріне екі негізгі балама ұсынылады.«Бөлмеге бөлме» қағидасы бойынша айырбастауға немесе нарықтық құны бойынша өтемақы алуға мүмкіндік алады. Сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру үшін тектоникалық бұзылыстарда орналасқан қаңқалы үйлер мен ғимараттарды бұзуға ерекше назар аударылады.Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық меншік иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз ететін лифттермен және пандустармен жабдықталған бірінші қабаттарға немесе үйлерге көшу қарастырылған.Бағдарлама аясында құрылыс барысында сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше назар аударылады, бұл жер сілкінісі қаупі бар аймақ үшін маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/908306
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды 24.12.2024
Қазақстан 2025 жылғы қаңтар мен 2027 жылғы желтоқсан аралығында Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды.Анықтама. Климаттық инвестициялық қорлар (CIF) екі мақсатты қордан тұрады: таза технологиялар қоры (CTF) және стратегиялық климат қоры (SCF), олардың әрқайсысын сенімгерлік Қор комитеті басқарады.Таза технологиялар қоры (CTF) жаңартылатын энергия, Энергия тиімділігі, Тұрақты көлік және Жасыл индустрия жобаларын қолжетімді қаржыландыру арқылы дамушы елдердегі перспективалы төмен көміртекті технологияларды басқаруды және масштабтауды қолдайды.Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарын ескере отырып, өтпелі қаржыландыруға қол жеткізу экономикалық дамуға кедергі келтірмей, неғұрлым таза энергия көздеріне көшу үшін қажет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/907599
ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді 24.12.2024
Отырыс барысында Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды.ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті директорының орынбасары Әлішер Шаяхметов хабарлағандай, соңғы жылдары МЖӘ туралы заңнамаға тәуекелдер мен пайданы мемлекет пен инвестор арасында теңгерімді бөлуге, сондай-ақ жеке әріптесті ашық іріктеуді күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді.Оның айтуынша, жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу шеңберінде Сенатта «МЖӘ туралы» және «Концессиялар туралы» заңдарды біріктіретін түзетулер қаралуда.«МЖӘ туралы заң жобасы концессияны қоса алғанда, МЖӘ-нің барлық түрлері үшін бірыңғай және түсінікті тәртіпті белгілейді», - деді Ә. Шаяхметов.ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау нәтижелері туралы баяндады.Ағымдағы жылғы 11 айда кредиттерді субсидиялау арқылы шамамен 840 млрд теңге кредит сомасына 14 мыңнан астам жоба жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен қамтылған. 241 млрд теңгеден астам сомаға 7,2 мың жоба бойынша кепілдік берілді.Қаржысыз қолдау шеңберінде кәсіпкерліктің түрлі мәселелері бойынша 135 мың консультация берілді.Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының міндетін атқарушы Әйгерім Шорова, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 94 мемлекеттік бақылау саласының 66-сында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл ақпараттық платформалар арқылы адамдықатыстырмай тексерулер тағайындауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар ол өзін-өзі басқару институтын дамыту туралы баяндады. 2024 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда кәсіпкерлік және кәсіптік қызметтің 21 саласында 96 өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨРҰ) жұмыс істейді. Оның 52-сі міндетті, 44-і ерікті негізде жұмыс істейді.Өзін-өзі реттеуді ынталандыру тетіктерінің бірі– Ерікті мүшеліктегі ӨРҰ жұмысының нәтижелерін тану туралы келісімдер. Олар ұйым мүшелеріне мемлекеттік бақылау кезіндегі тәуекел дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.Бұл шаралар бизнестің жағдайын жақсартуға және тұтынушылардың, кәсіпкерлер мен мемлекетмүддесінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/907060
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Рудный қаласына барды 24.12.2024
Бауыржан Омарбеков қайта құруды қажет ететін бірнеше көппәтерлі үйлерді аралап, сорғы және сүзгі станцияларында болды. Бұл жерде оларды жаңарту жоспарлары және жұмыстарды орындау үшін қажетті қаржыландыру талқыланды.Атап айтқанда, вице-министр Рудныйда үй кезегінде тұрған адамдарға бос тұрған ғимараттарды көппәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жөндеп беру секілді табысты тәжірибесімен танысты. Бұл жобалар инвесторлар мен жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды.Осылайша, 2023 жылы Рудныйда 4 бос ғимарат қайта жаңартылып, нәтижесінде 228 пәтер пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы тағы 7 көпқабатты үйді қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/906998
Қостанай облысында "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы белсенді іске асырылуда 24.12.2024
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, Заречное ауылында болды.Сапар барысында "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде ауылда салынған нысандарға ерекше назар аударылды. Олардың ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалтуға және емдеуге арналған спорт кешені мен жабық манеж бар. 1,16 млрд теңге сомасында іске асырылған бұл жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға маңызды үлес болды.Жалпы, ағымдағы жылы "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды салуға, күрделі және орташа жөндеуге Қостанай облысына 9,8 млрд теңге бөлінді.Содан кейін Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков "Ауыл аманаты"жобасы шеңберінде жүзеге асырылған тігін цехының қызметімен танысты. Тобыл қаласындағы бұл жоба құны 8,5 млн теңгені құрады.Қостанай облысына жұмыс сапары кезінде Бауыржан Омарбеков Тобыл қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өзекті мәселелер көтерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/907003
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Жайлы қалалық ортаны құру, «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асыру, аулаларды абаттандыру бойынша сәтті жобалар 24.12.2024
Алматы қаласы экологиялық жағдайды жақсартуға, аумақтарды абаттандыруға және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды бағдарламаларды іске асырып, жайлы қалалық орта құру жолында нық қадам басуда. 2024 жылы мегаполистегі негізгі бағыттар – «Алматы – бақ қала» мәртебесін қалпына келтіру, аула аумақтарын жаңғырту, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы бастамаларды жүзеге асыру және «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидатын дамыту бағдарларына арналды. Жасыл аумақтарды қорғау мен күтудің жаңа ережелері: 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қала әкімдігі Алматы қаласының жасыл желектерін қорғау және күтіп-ұстаудың жаңа қағидаларын белсенді түрде енгізуде, ал ағымдағы жылдың шілде айында бұл ережелер жайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету үшін жаңартылды.Бұл Мемлекет басшысының Алматы қаласында жаңа демалыс аймақтарын құру және көгалдандыру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында жасыл желектерді қорғау және күтіп-баптау қағидалары қабылданды.Ережелер суару жүйесін міндетті түрде салу нормасын енгізді. Өткен 2 жылда 500 км автосуару желілері орнатылды, 2025 жылы тағы 290 км желілер орнатылмақ, бұл 1 млн-ға жуық ағашты автосуарумен қамтуды мүмкіндік береді. Алматы қаласының жасыл желектерін отырғызу және күтіп ұстау бойынша жаңа тәсілдерді қолдану нәтижесінде көшеттер шығыны 2022 жылғы 30%-тен 2024 жылы 10%-ке дейін төмендеді. «Таза Қазақстан» акциясы. Бұл маңызды ұлттық бағдарлама аясында Алматы экология мен қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар бастамаларды қолға алды. Санитарлық тазарту жұмыстары тек орталық аудандарда ғана емес, сонымен қатар қаланың шалғай аймақтарын да қамтып, көшелер мен саябақтардың тазалығы қамтамасыз етілді. Қайталама шикізат қабылдау пункттері мен экологиялық акциялар іске қосылды. «Алматы – бақ қала» мәртебесін қалпына келтіру. Алматы тарихи тұрғыдан «бақ қала» мәртебесімен танылған. Бүгінде қалалық әкімдік бұл мәртебелі атақты қайта жаңғырту, жандандыру үшін белсенді жұмыс атқаруда. 2024 жылы шаһарда 650 мың ағаш отырғызылды. 2025 жылдан бастап Алматы әкімдігі алғаш рет ірі көлемді көшеттерді қолданатын болады. Олар агрессивті қалалық ортада жоғары өмір сүруге бейімді және ыңғайлы кеңістікті қарқынды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Биіктігі 4 және 6 метрден асатын 27 мың көшет отырғызу жоспарлануда. Жасыл желектерді қорғауға ерекше көңіл бөлініп, ағаштар мен бұталарға күтім жасау, оларды сақтау және қалпына келтіру ережелері әзірленді. «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты. 2024 жылы Алматы қаласы «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидатын жүзеге асыруда көшбасшы болды. Бұл қағидат қалалық ортаны кешенді абаттандыруды көздейді: тротуарларды жөндеу, жарықтандыруды жаңғырту, қоқыс жәшіктері мен орындықтарды орнату, аулаларды көгалдандыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділікті жақсарту.2025-2026 жылдары 49,2 шақырым болатын 11 көшеге кешенді көріктендіру жүргізіледі. Бүгінгі таңда Достық даңғылын (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) және Пушкин көшесін (Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін) қайта құру бойынша жобалардың ЖСҚ-ларын әзірлеу аяқталды. Құрылыстың басталуы 2025 жылдың наурызына жоспарланған. 2025 жылғы ақпанда Радостовец көшесі мен Мақатаев көшесін жобалау арқылы 2025 жылғы мамырда ҚМЖ-ы басталмақ. Халық қатысатын бюджет. Қала тұрғындары өз аудандарында қандай абаттандыру жобаларын жүзеге асыру керектігі туралы шешім қабылдауға белсенділікпен қатысады. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы алматылықтардан ерекше қолдау тапты. Бүгінде қала тұрғындары белсенді қатысып, өз идеялары мен ойларын ұсынуда.2022-2024 жылдары тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, Алматыда 39,1 млрд теңгеге 938 жоба іске асырылды. Бағдарлама аясында жобаларды іске асыруға жыл сайынғы лимит 17 млрд теңге деңгейінде бекітілді. Сондай-ақ, жүзеге асырылған жобаларды күтіп-ұстауға алғаш рет әр ауданға орташа 150-200 млн теңгеге дейін қаражат бөлінді. 2022 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру 2,6 есеге ұлғайды, берілген жобалар саны 5,7 есеге өсті. Аулаларды санитарлық тазарту және жөндеу. Қаланың 4 мыңнан астам аула аумағын кешенді күтіп ұстау үшін қаржыландыру 2024 жылғы 24,8 млрд теңгеден 2025 жылы 27 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды (ҚТҚ) тиімді басқару жайлы орта құру – маңызды міндет. Қалада 2012 жылы құрылған ҚТҚ жинау инфрақұрылымының әбден тозуы және «моральдық» ескіруі байқалады. Осыған байланысты, 2023 жылдан бастап саланы терең жаңғырту жүргізілуде. Қазірдің өзінде 400 алаңда 2,8 мың еуроконтейнерлер және көмілген контейнерлер жаңартылды. 2025 жылы 723 алаңға тағы 2,7 мың жаңа контейнер орнату арқылы қала бойынша барлық контейнерлік алаңдарды толық жаңғырту жұмыстары аяқталмақ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906378
Роза Рымбаева және басқа да эстрада жұлдыздары Алматының бас шыршасының шамдарын жағу кезінде өнер көрсетеді 24.12.2024
Бүгін Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары 19:00-де жағылады. Бас шыршаның шамын жағу рәсімі Абай атындағы алаңда өтеді. Биіктігі 25 метр болатын шыршаны безендіру үшін 6 шақырым гирлянда, сәндік элементтер, шырша шарлары, ірі банттар және қайта өңделген экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған жаңа жылдық ойыншықтар пайдаланылды.Шырша шамдарын жағу рәсіміне дейін, сағат 18:00-де Абай алаңындағы Республика Сарайының алдында «Алматының 8 кереметі: отбасылық мереке — таңғажайып Жаңа жыл» атты ауқымды шоу басталады. Іс-шарада Роза Рымбаева, Тұрар, Балжан Бидаш, «Альфа» тобы, Динара, Назым Әділдина, Мәди Рымбаев, Dakelot, «Астра» тобы, Adill және Malika Yes және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді (кіру тегін).Абай алаңына келген қала тұрғындары мен қонақтарын Күлбике күймесі, Зімбір адам және басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Ірі әрі жарқын фотозоналар, жарқыраған субұрқақтар және басқа да инсталляциялар халыққа ерекше мерекелік атмосфера сыйлайды. Іс-шараға келген қонақтар естелік фотосурет жасап, жаңа жылдық бейне түсіре алады.Сонымен қатар, Абай алаңында 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін мерекелік жәрмеңке өтеді. Мұнда қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар және жаңа жылдық ойыншықтар ұсынылады.Сағат 18:00-ден бастап мерекелік іс-шаралар қаланың 8 ауданында да өтеді:Алатау ауданында – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында (Нұркент шағын ауданы, 6).Алмалы ауданында – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының аумағында (Абылай хан даңғылы, 38).Әуезов ауданында – Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының аумағында (Шаляпин көшесі, 22).Бостандық ауданында – «Атакент» көрме орталығының алаңында (Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысы).Медеу ауданында – Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығының аумағында және Достық даңғылы, 85а/1 мекенжайында.Наурызбай ауданында – Амфитеатр алаңында (Шұғыла шағын ауданы, 347).Түрксіб ауданында – №6 Оқушылар үйінің аумағында (Сейфуллин даңғылы, 13/1).Жетісу ауданында – Айнабұлақ шағын ауданындағы Арбатта (Мақатаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906847
Белградтан Алматыға: Ұлы даланың Мәдени мұра әлеміне саяхат 24.12.2024
Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Белград қаласы музейлерінің құрамына кіретін Ханшайым Любица сарайында Алматы қаласы тарихы музейінің «Ұлы даланың мәдени мұрасы» атты көрмесі ашылды.Көрмеге Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі қорынан 220-дан астам экспонат қойылды. Экспозиция негізін қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлері, қолданбалы өнері туралы баяндайтын этнографиялық артефактілер құрайды.Көрменің ашылуына Сербия Президенті Александр Вучичтің жұбайы Тамара Вучич ханым, Сербия Президентінің мәдени мәселелер жөніндегі кеңесшісі Деян Савич мырза, Сербияның саяси тұлғалары, дипломатиялық корпус, академиялық және ғылыми топтардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, мәдениет қайраткерлері және БАҚ қатысты.Қазақстан Республикасының Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов өз сөзінде Ұлы дала халқының тарихы мен мәдениетін, көшпелі өркениет дәстүрлерін, тұрмысын, қазақ көшпенділерінің философиясы мен дүниетанымын таныстыру болып табылатынын атап өтті. Ұлы дала халқының тарихы мен мәдениетін бейнелейтін Балқан түбегінде алғаш рет ұйымдастырылған көрме екенін атап өтті.Көрме 12 қаңтарға дейін жалғасады.Бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі Алматы әкімдігінің қолдауымен халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Италия, Австрия, Түркия, Оңтүстік Корея, Прага, Венгрияда көрме өткізіп, Францияда Ұлттық ескерткіштер орталығы және Сингапурдың Ғылыми орталығында Бірлестік қызметкерлері біліктіліктерін арттырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906852
Алматыда қар: қар күреуге мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылды 24.12.2024
Алматыда бүгін таңғы сағат 8:00-ден бастап жауа бастаған қар болжам бойынша кешкі 21:00-ге дейін жалғасады. Қар күреу жұмыстарына 603 арнайы техника мен 1 034 жұмысшы жұмылдырылды.Қалада 130 құмшашқыш, оның ішінде «Эпока», «Джетбрум» және т.б. кезекшілік етуде. Әсіресе, әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан таулы аймақтарға ерекше назар аударылып, 28 құмшашқыш жолды мұзға қарсы материалдармен өңдеп жүр.Шағын көлемді 70 техника тротуар, қоғамдық көлік аялдамасы және автотұрақ аймағын тазалауға кіріскен.15-16 желтоқсанда Алматыда қар жауғаннан кейін түнгі уақытта магистральды көшелерден қарды жаппай шығару аяқталды. 4 тәулікте 45 500 м³ қар шығарылды, жоспарланған көлем толық орындалды.«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгінгі жаңа қардың қалыңдығы 9 мм-ге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы шамамен 0°C, түнде -9…-11°C дейін төмендейді. 21 желтоқсанда жауын-шашынсыз, күндізгі температура -5…-7°C болады.Қаланың коммуналдық қызметі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Қала тұрғындарына сақ болып, жолда мұқият болуға шақырады.Сондай-ақ, қар жауып біткенше «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына баруды уақытша қоя тұру керек. Бұл жол қозғалысына қосымша жүктеме түсіріп, жолдарды қар шығару жұмыстарын қиындатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906859
Алматы көшелеріндегі Жаңа жылдық көңіл-күй: қоғамдық көліктер мерекелік безендіруде 24.12.2024
Алматыда Жаңа жылға дайындық жалғасуда. Белгілі нысандар мен ғимараттарды безендіру, шағын сәулет формаларын орнату және шыршалар қоюдан бөлек, мегаполисте қоғамдық көліктер де безендірілді.Қала көшелерінде мерекелік тақырыпта безендірілген 100 автобус пен 50 троллейбус жүре бастады.«Алматыэлектротранс» ЖШС автопаркі қала тұрғындары мен жолаушылар үшін мерекелік көңіл-күй мен жайлылық сыйлауға тырысқанын атап өтті.«Автобустар мен троллейбустарды безендіру – Алматыдағы Жаңа жылдық атмосфераны жасауға қосқан үлесіміз», – деді кәсіпорын басшысы Александр Бейсембиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906863
Қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобалар 24.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі жергілікті атқарушы органдармен, «Жасыл даму» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен кәдеге жарату есебінен жеңілдікпен қаржыландыру тетігі шеңберінде қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Бұл кеңес инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына уақтылы мониторинг жүргізу мақсатында өтті.Министрлік жергілікті атқарушы органдар жобаларды іске асыру кезінде коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару инфрақұрылымының қажеттілігі мен ағымдағы жағдайына ерекше назар аудару қажет екенін хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/905728
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы 24.12.2024
2024 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.Отырысқа Экология және табиғат министрліктерінің өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының ресурстары, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің экология және табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері, шақырылған сарапшылар мен «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС және «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС өкілдері.Күн тәртібіне енгізілген. 2 сұрақ:- Жамбыл облысының мысалында жел электр станцияларының (ЖЭС) қызметінің биоәртүрлілігіне қауіп төндіреді.Талқылауға облыс әкімшілігінің өкілдері қатысты.Жұмыс нәтижелері. Сондай-ақ 2024 жылға арналған Қоғамдық кеңестің қорытындысы шығарылды. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Қоғамдық кеңес жұмысындағы негізгі жетістіктер туралы баяндады.Отырыс барысында қатысушылар өз ұсыныстарын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/906050
Халықаралық көші-қон миссиясының басшысымен кездесу 24.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Қазақстандағы көші – қон жөніндегі халықаралық миссияның (бұдан әрі-КХМ) басшысы және Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үшін үйлестіру функциялары бар елдік кеңсемен кездесу өткізді.Талқылаудың негізгі тақырыптары көші-қон, қоршаған орта мен климаттың өзгеруінің өзара байланысын бағалау, ҚР ЭТРМ мен КХМ арасындағы бейімделу және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі ұлттық жоспарларда халықтың ұтқырлығын есепке алу мәселелері болды.Кездесу барысында Е. Нысанбаев КХМ-ның Қазақстанға тиімді көші-қон саясатын әзірлеу мен іске асыруда көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.Министр КХМ Қазақстан үкіметімен тығыз ынтымақтастықта көші-қонды басқаруға, мигранттардың құқықтарын қорғауға және Қазақстанның көші-қон саясаты саласындағы институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған көптеген бағдарламалар мен бастамаларды іске асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.Сонымен қатар, Министр КХМ-ны 23 желтоқсанда Астанада өтетін бейімдеу жоспары бойынша семинарға қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Е.Нысанбаев 2026 жылы Қазақстанда, оның ішінде Бразилияда (2025 жылғы қараша) СОР-30 алаңдарында өңірлік Климаттық саммит өткізуге дайындық шеңберінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды ұсынды.Өз кезегінде, Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық миссияның басшысы Серхан Ақтопрак ЭТРМ-мен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, ол Астана халықаралық форумына қатысу аясында Министр Е.Нысанбаев пен КХМ Бас директоры Эми Поуп арасында екіжақты кездесу өткізуге үміт білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/906250
Бостандық ауданы: көркейтудің жаңа көкжиегі – жаяу жүргіншілер аймақтары, балалар алаңдары, техникалық тротуарлар және жасыл аллеялар 24.12.2024
Бостандық ауданында тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асырылған нысандарға арналған баспасөз туры өтті. Іс-шараға Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин қатысып, журналистерді көркейту жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.Баспасөз туры барысында қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген бес негізгі нысанға барды:Алғашқы нысан Орбита-4 шағын ауданындағы (№6 және №7 үйлер арасындағы) жаяу жүргіншілер аймағы болды. Мұнда кеспе тас төсеу, асфальт және резеңке жабын салу, габиондар орнату, көше жарықтандыру жүйесі мен перголаларды орнату, тренажер, воркаут және балалар алаңдарын салу, сондай-ақ автосуару жүйесі мен бақша қоршауларын орнатып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Жергілікті тұрғындар жаңа алаңды көркейткені үшін алғыс білдірді. «Бастама көтерген тұрғындарға көп рақмет. Бұл біздің соңғы жобамыз емес, жұмыс жалғасады, көркейту үшін аумақтарды іздеп жатырмыз», – деді Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин.Екінші жоба Орбита-3 шағын ауданындағы 52-үйдің жанындағы жаяу жүргіншілер аймағы еді. Мұнда кеспе тас, геотекстиль және асфальт жабындары төселді, көшенің жарықтандыру жүйесі мен перголалар орнатылды, балалар алаңы мен орындықтар қойылды.Турға қатысушылар Жандосов көшесі, 34а мекенжайындағы балалар алаңына да ат басын бұрды.Бұл жерде футбол алаңы жаңартылып, стритбол алаңы салынды, екі пергола, тренажер, воркаут және балалар алаңы орнатылды. Асфальт жабыны ауыстырылып, алты орындық пен алты қоқыс жәшігі қойылды.Сондай-ақ, тұрғындар шахмат үстелі мен 250 метрлік көгал қоршауы үшін ерекше ризашылық білдірді.Келесі нүкте әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысындағы техникалық тротуарларды көркейту еді.Техникалық тротуарлар магистральды көшелерде орналасып, жердің сырғып кетуіне жол бермейді және қарды сапалы тазартуға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл тротуарлар су бұру мәселесін шешіп, нөсер жауын кезінде тротуарлардың су басуына жол бермейді. Алматының құбылмалы климатында бұл аса маңызды.Баспасөз турының соңғы аялдамасы Абай даңғылының бойындағы (Тұрғыт Озал мен Мұқанов көшелерінің аралығы) бөлінген жасыл аймақты көркейту жұмыстары жүргізілген нысан болды.Аумағы 5,2 га болатын бұл аймақта соңғы рет көркейту жұмыстары 15 жыл бұрын жүргізілген.Бұл жерде 120 жарық бағанын жаңарту, 110 орындық пен қоқыс жәшігін ауыстыру, 7020 м асфальт жабындысын алып тастап, 8000 м² кеспе тас төсеу, 10 шақырымдық суару жүйесін салу, жасыл желектерді санитарлық мақсатта кесу және көгалдандыру (1000 м қына ағаш, 2500 гүлдейтін бұта, 41 000 м² көгал) сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.«Бұл жобалар тұрғындардың ұсынысы мен идеясының арқасында жүзеге асты. Біз ауданымыздағы өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз», – деді Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин.Алматыда қалалық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобалар қарқынды түрде дамып келеді. Бұл үдерісте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен әр тұрғын ауданын жақсарту жұмыстарына тікелей қатыса алады. Бұл өз кезегінде қаланы өмір сүруге қолайлы әрі жайлы етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906098