Технология
Үй кезегінде тұрған ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға қандай жалға берілетін пәтерлер беріледі 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы жұмыс сапары барысында әлеуметтік осал топтар (ХӘОТ) мен жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін пәтерлер қарастырылған жаңа «Alem City 3» тұрғын үй кешенін аралап көрді.Сапар барысында Ерболат Досаев мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы орта құрудың маңыздылығын атап, тұрғын үйлерге пандустар орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, жаңа үйлерді уақытылы инженерлік желілерге қосып, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге тапсырма берді.Мемлекеттік тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2022-2023 жылдары коммуналдық тұрғын үй қорына ХӘОТ пен жұмыс істейтін жастарға бөлінетін 4100 пәтер берілді. 2024 жылдың соңына дейін қосымша 3150 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, оның 2100-і ХӘОТ-қа, ал 1050-і жұмыс істейтін жастарға арналған.Жұмыс істейтін жастарға үш жылға дейінгі мерзімге айына 7-15 мың теңге аралығында төлеммен жалға беру қарастырылған, алайда ұзарту немесе сатып алу мүмкіндігі жоқ. Осы кезеңде жалға алушы жастар кейіннен екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекаға тұрғын үй сатып алу үшін депозитте қаражат жинауы керек.Биылғы 10 айда 4828 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, олардың ішінде: 1655-і кезекте тұрғандар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан жалдамалы баспана алғандар; 2100-і жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана алғандар; 226-ы жылдық 2-5% жеңілдетілген несие беретін бағдарлама арқылы баспана алғандар; 847-ы «Алматы жастары» бағдарламасы аясында үйлі болғандар. Сондай-ақ, 187,3 млн теңге сомасына 160 тұрғын үй сертификаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881233
Алматыда Сәтбаев университетінің мерейтойы мен Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған форум басталды 16.11.2024
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Сәтбаев университетінің 90 жылдығы мен Қазақстандағы геологиялық мектептің негізін қалаушы және Ұлттық ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Еуразияның ғылыми-инженерлік қауымдастығының алдындағы төртінші өнеркәсіптік революцияның сын-қатерлері»атты Халықаралық ғылыми форумның ашылу салтанатына қатысты.Форумның ашылуында қала әкімі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау жеделхатын оқып, университет ұжымын мерейтоймен құттықтады.Форум 11-15 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді. Оған 22 елден 200 ұйым мен кәсіпорынның, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының, елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері қатысады.Бағдарлама аясында STROYTECH инженерлік орталығы мен технопаркінің, Hyundai Engineering зерттеу орталығының ашылуы, Массачусетс технологиялық институтының стандарттары бойынша құрылған Customized FabLab таныстырылымы өтеді. Форум барысында пленарлық отырыс, технологияларды трансферлеу, мемлекет, ғылым және бизнестің өзара әрекеттестігі, жас ғалымдардың мансаптық өсуі жөнінде панельдік сессиялар ұйымдастырылады.Жақында Сәтбаев университеті екі тарихи жетістікке қол жеткізді. Университет QS Stars сыйлығына ие болып, халықаралық серіктестермен білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейін растады. Сонымен қатар, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Азиядағы үздік 100 университеттің қатарына еніп, 4000 азиялық жоғары оқу орнының арасында позициясын нығайтты. Ол Shanghai University, Pusan National University сияқты университеттермен қатар тұрып, University of Macau, Singapore Management University секілді беделді азиялық жоғары оқу орындарын басып озды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/881236
Алматыда 1972 жылы салынған мектепті күрделі жөндеу аяқталды 16.11.2024
Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын салынған 1200 оқушыға арналған мектеп ғимараты 20 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Алдында болған жұмыс сапары кезінде қала басшысы мердігерге бірқатар тапсырмалар берген еді,атап айтқанда, ғимараттың кіреберіс тобын кеңейту, іргелес аумақта арықтарды жабдықтау. Қолданылатын материалдардың сапасына және мектептің заманауи жабдықталуына ерекше назар аудару.Қала басшысының айтқан ескертулерінен соң жөндеу жұмыстары кезінде ғимарат сейсмикалық күшейтілді, шатыр, жылу жүйесі, сумен жабдықтау және су бұру желілері жөнделді. Оқу орнының аумағы абаттандырылды, спорт стадионының негізі қайта қалпына келтірілді.Сондай-ақ, Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша денешынықтырумен айналысу үшін шағын футбол және баскетбол алаңдары, үстел теннисіне арналған алаң, ашық ойындар мен тренажерлер орнатылды. Мектептің периметрі бойынша қоршаулар ауыстырылды.Мектеп оқушылары барлық жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 6 қарашада жаңартылған ғимараттың парталарына оралды.«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, мектептер, балабақшалар салу және оларды жаңғырту – біз жүргізіп жатқан жұмыстың басымдығы. Қалада шағын аудандарда салынған мектептер заманауи стандарттарға әкеледі. Мысал ретінде №9 мектеп болып табылады және осы бағыттағы жұмыс жалғасады», - деп атап өтті Ерболат Досаев.Алматы қаласының Әуезов ауданында барлығы 55 мектеп бар, оның ішінде 33 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектеп, онда 59 мың оқушы оқиды. Мұнда алғашқы жайлы мектеп қыркүйек айында ашылды. Жаңа мектеп № 97 мектеп-гимназияның орнына салынды. Бұрынғы ескі мектеп 60 жылдан соң апатты деп танылды және бұзылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880767
Алматыда коммуналдық техника құрастыратын цех іске қосылды 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Әуезов ауданында жеке инвестиция есебінен ашылған жаңа сауда-кеңсе ғимараты мен арнайы техниканы құрастыру цехының жұмысымен танысты.1,8 га жер учаскесінде «Евразия СТ» компаниясы ғимаратты реконструкциялап, оған іргелес аумақты көріктендіру жұмыстарын жүргізді. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 3 млрд теңге, бұл 50 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.Биыл қазан айында компания «Eurasia Special Machines» (ESM) коммуналдық машиналар мен жабдықтарды құрастыру цехын іске қосты. Мұнда жолдарды күтіп ұстау және тазалау үшін әртүрлі әлемдік брендтердің арнайы көлік құралдары мен жабдықтарын жинау жоспарланып отыр.Компания болашақта техника түрлерін көбейтіп, жобалық қуатқа шыққанда жылына 30 көпфункционалды «Pony P4» машиналары, 50 су себу кешендері, 30 қоқыс таситын машина, 50 көктайғаққа қарсы материалдарды тарататын құрал және басқа да техникалар шығарады деп күтілуде.Алматы көшелерін санитарлық тазалауға жауапты «Алматы Тазалық» кәсіпорны бірнеше электрлі әмбебап тротуар тазалайтын машиналар, аралас жол тазалау машиналары және сұйық реагенттерді таратқыштарды сатып алды.Кешен аумағын аралау барысында мегаполис басшысына канализациялық құдықтарға арналған неміс өндірісінің фрезерлік техникасы таныстырылды.«Біз бұл техниканы ұзақ күттік. Баршамызға белгілі, қалада люктердің айналасындағы асфальт негізінен қолмен өңделеді, ал бұл техника жабындыны дәл мөлшерде фрезерлеп, люктерді дұрыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл еңбек өнімділігін арттырады. Әрбір аудан және жолдардағы люктерге қызмет көрсететін су және жылумен жабдықтау кәсіпорындары осындай техникамен жабдықталады. Қала үшін көшелерді тазалауға, жолдарды жөндеуге арналған сапалы көпфункционалды техниканың болуы маңызды», – деді Ерболат Досаев. Сондай-ақ, бұл бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880772
Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері мен аудан, ауыл әкімдерінің жұмыс тәжірибесін талқылау бойынша Қоғамдық палатаның отырысы өтті 16.11.2024
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі шаралар 2021 жылы қабылданған Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында іске асырылуда.«Өткен жылдың басты реформаларының бірі 42 аудан мен облыстық маңызы бар 3 қала әкімдерінің пилоттық сайлауы болды. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жалғасуда. Барлығы ауыл әкімдерінің 93 пайызы (2176 ауыл әкімі) сайланды. Әлі де 169 ауыл әкімі сайланады. 2025 жылдан бастап барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері ғана сайланатын болады», - деп атап өтті вице-министр.Б. Омарбековтың айтуынша, ең өзекті мәселе ауыл бюджетінің кіріс көздерін кеңейту болып табылады. Бюджеттің IV деңгейі енгізілген сәттен бастап (2018 жыл) түсімдер динамикасы 2 есеге ұлғайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша IV деңгейдегі бюджетке жоспар бойынша 308 млрд теңге іс жүзінде 320 млрд теңге түсті. Өзін-өзі қамтамасыз ету үлесі 21,2% құрады.«Бірақ бұл ауылдарды дамыту үшін жеткіліксіз. Ауылдық бюджеттердің өзін-өзі қамтамасыз ету мүмкіндігін арттыру қажет. Ауылдық бюджеттердің кіріс көздерін кеңейту жұмыстары жалғасады. IV деңгейдегі меншікті кіріс 4 есеге артады деп күтілуде», - деп қосты ҰЭМ басшысының орынбасары.Бұған қоса, ауыл әкімдерінің бюджетін қалыптастыру мен жұмсау тетігін қайта қарау қажеттілігі бар. 2018 жылдан бастап IV деңгейде жұмыс істейтін бюджеттік процестер жетілдіруді талап етеді. Ауылдық округтерге бюджетті бөлудің жаңа тетігі қарастырылуда, онда бюджеттік бағдарламаларды 17-ден 4-ке дейін ұлғайту көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/880235
Алматының Әуезов 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр 16.11.2024
Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 1980-1990 жылдары салынған инженерлік желілер жаңғыртылудаАлматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында жұмыс сапары барысында Мамыр-4 шағын ауданындағы инженерлік желілердің құрылысы барысымен танысты.Бұл шағын ауданда жаңғыртуға дейін тұрғындар 1980-1990 жылдары салынған желілер пайдаланып келген, олар 90% тозған. Биылғы тамыз айында қала әкімінің тапсырмасымен Мамыр-4 шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы – 12,3 км: сумен жабдықтау желілері – 6,5 км, су бұру желілері – 5,8 км. Инженерлік желілердің құрылысы биыл осы шағын аудандағы 14 өтпелі жолда өтеді.Қазіргі таңда су бұру желісінің 2 км және сумен жабдықтау желісінің 1,5 км салынған. Жоба 750-ден астам тұрғыны бар 197 үйді қамтиды. Құрылысты келесі жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.2025 жылы тағы 4 көшеде – Абай даңғылы, Момышұлы, Саин және Мұстай Кәрім көшелерінде желілерді салу жоспарлануда.Ерболат Досаев Әуезов ауданының әкіміне Мамыр-4 шағын ауданында инженерлік желілерді салу жұмыстарын сапалы және белгіленген кестеге сай аяқтауды тапсырды. Қала басшысы барлық үйді жаңа желілерге уақытылы қосу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атады.Айта кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км желі салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.Осылайша, қабылданған шаралар кешені арқасында шамамен 100 мың қала тұрғыны үшін инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау және су бұрудың көпжылдық мәселесі шешіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880086
Алматының Наурызбай ауданында 320 орындық балабақша салынды 16.11.2024
Алматы әкімі Наурызбай ауданында салынған балабақшаға бардыАлматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағын ауданында жаңадан салынған балабақшаны қарап шықты.320 орындық мектепке дейінгі ұйымның құрылысы 2022 жылдың мамырда басталған болатын. Жоба екі бөлікке бөлінді – ғимаратты тұрғызу және аумақты көріктендіру мен инженерлік желілерді салу. Алайда мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты жобаның іске асу мерзімі кешікті.Осыған байланысты Құрылыс басқармасы «Астана-Стройинвест» корпорациясы ЖШС және «Теплоэнергострой» ЖШС-ға қатысты мемлекеттік сатып алуларға міндетіне салғырт қарайтын жауапсыз қатысушы деп тану және айыппұл өндіру туралы сот талаптарын берді. Бірінші мердігерге қатысты талап-арыз толық қанағаттандырылды, ал екінші талап қаралуда.Қазіргі уақытта балабақшаның құрылысы мен ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталды, аумақ абаттандырылып, қажетті жабдықтар орнатылды. Сондай-ақ, барлық инженерлік желі тартылып, қосылған. Яғни, нысан толық аяқталып, пайдалануға беру рәсімдері жүргізілуде.Ғимаратта балаларға арналған арнайы оқу орындары, соның ішінде гимнастика және музыка сабақтарына арналған залдар, сондай-ақ қызметкерлерге арналған бөлмелер қарастырылған. Жоспарлау шешімдері әртүрлі топтардың бір-бірінен және әкімшілік-шаруашылық бөлмелерден барынша оқшаулану қағидасын қамтамасыз етеді.Нысанды тексеру қорытындысы бойынша қала басшысы құрылыс және білім беру басқармаларының басшылығына бірқатар кемшілікті көрсетіп, оларды қысқа мерзімде жоюды жүктеді.«Аудан белсенді дамуда және жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында осы шағын ауданда тағы бір балабақша салу туралы шешім қабылданды. Халық оның ашылуын күтіп отыр, сондықтан барлық ескертуді жедел түрде жойып, жыл соңына дейін балабақша балаларды қабылдай бастау керек», – деді Ерболат Досаев.Айта кету керек, Наурызбай ауданында 148 балабақша жұмыс істейді. Келесі жылы орын тапшылығын азайту мақсатында тағы екі 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880092
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша онлайн дауыс беру нәтижесі қорытындыланды 16.11.2024
Алматыда 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 300-ден астам жоба жүзеге асырылады«Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) бағдарламасы аясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша іске асырылатын жобалардың саны 308 болды. Аудандық әкімдіктер мен сараптамалық кеңестер budget.open-almaty.kz сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесін қорытындылады. Жалпы алғанда, жобаларға 163,5 мың дауыс берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Ең көп жоба ұсынған Алатау ауданында – 50, одан кейін Алмалы ауданында – 45 жоба, Әуезов және Бостандық аудандарында – 42 және 41 жоба мақұлданған. Ең азы Наурызбай ауданында – 26 жоба.Айта кетсек, ХҚБ-ның 2025 жылға арналған әр аудан бойынша сараптамалық кеңестердің шешімдері «Құжаттар» бөлімінде жарияланған. Әрбір өтінімнің мәртебесін «Жобалар» қосымша бетіндегі «Мәртебе» сүзгісі арқылы тексеруге болады.Естеріңізге сала кетейік, онлайн дауыс беру 2024 жылы 22 қазан мен 1 қараша аралығында өтті, нәтижесі 7 қарашаға дейін қорытындыланды. Келесі кезеңде бюджет өтінімдерін қалыптастыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жобалардың 2025 жылы жүзеге асырылады.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңес немесе ақпарат алу үшін аудандық әкімдіктерге немесе Алматы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі Open Almaty-ға 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы хабарласуға болады.Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру 18,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылы 12,9 млрд болған). Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктер 2023 жылы дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз болған жобаларды жүзеге асыруда. Бүгінгі күнге дейін 2019-2023 жылдар аралығындағы өтінімдер бойынша 1 186 жоба жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879991
Алматыдағы Наурызбай ауданының 50 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтылатын болады 16.11.2024
Ерболат Досаев «Каргалы» сүзгі станциясының кәріз коллекторы құрылысының барысымен таныстыАлматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданына жұмыс сапары барысында «Каргалы» сүзгі станциясының кәріз коллекторын салу бойынша ауқымды жобаны іске асыру барысымен танысты.Бұл ауданда су бұру мәселесін түбегейлі шешу үшін 2023 жылдың соңында «Каргалы» сүзгі станциясы салынды. Бұл станцияның толық жұмыс істеуі үшін кәріз коллекторының құрылысы қажет.«2019 жылы «Каргалы» сүзгі станциясын жобалау кезінде кәріз коллекторының құрылысы ескерілмеген. Осы кемшіліктерді жою және жұмыстың дұрыс реттілігін қамтамасыз ету үшін біз қазір магистральдық желілерді жүргіземіз, содан кейін оларды бөлетін боламыз. Коллектордың құрылысы аяқталғаннан кейін ол «Қарғалы» сүзгі станциясына қосылады, бұл тұрғындарды тұрақты сумен және орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз етеді», - деді Ерболат Досаев.Коллектордың жалпы ұзындығы 8,6 км. жұмысты энергетика және сумен жабдықтау басқармасының және аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша екі мердігер ұйым - «НКО» және «Көлсай Строй» ЖШС жүргізеді. Бүгінгі таңда жобаның дайындығы коллектордың жалпы көлемінің шамамен 70%-ын құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Жобаны іске асыру Қарағайлы, Құрамыс, Қарғалы және Таусамалы шағын аудандарының 50 мыңнан астам тұрғыны үшін су бұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қарқынды дамып келе жатқан ауданда экологиялық қауіпсіздікке ықпал етеді, ластану қаупін азайтады және халықтың санитарлық жағдайын жақсартады.Қала басшысы Наурызбай ауданының әкімі мен энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысына жұмыстардың орындалу қарқынын жеделдетуді және коллектор құрылысының сапалы, уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ерболат Досаев кәріз коллекторының құрылысын аяқтау қалаға қосылған шағын аудандардың тұрғындарына орталық коммуникацияларға қосылуға және Наурызбай ауданының инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880003
Сейфуллин даңғылы учаскесінде қозғалысты уақытша шектеу туралы 16.11.2024
8 қараша сағат 23:00-ден 10 қараша сағат 21:00-ге дейін Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі съезд жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Краснодар және Черноморская көшелеріндегі кәріз желілерін қалалық коллекторға қосуға қатысты.Бұл учаскеде кәріз тарату желілерін салу және су құбырын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар Қозыбаев, Рысқұлов, Тәтібеков көшелері және Райымбек даңғылы алаңдарын қамтиды. Жоба Жетісу ауданының 15 мың тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 58 көшеде 42,9 км су құбыры және 15,1 км кәріз желілерін салу қарастырылған.Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879753
2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы 5,5% деңгейінде өспек 16.11.2024
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасы хабарлады.«Алматының жалпы өңірлік өнімі жылдың бірінші жартысында 3,5%-ға өсті (Қазақстан бойынша – 3,2%). Экономиканың өсу драйверлері – көлік (+21,6%) және құрылыс (+11%) салалары болды. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнеркәсібіндегі өсім қарқыны қалпына келуде. Тамақ өнімдері өндірісінің индексі 2024 жылдың қаңтар айындағы 84,6%-дан 89,3%-ға, ал сусындар өндірісі 56,9%-дан 91,3%-ға дейін өсті», - деді экономика басқармасы.Сондай-ақ, қыркүйек айында іскерлік белсенділік индексі 53,4%-ға дейін артты. Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде, ал 2025 жылы 6,4% деңгейінде болады деп болжанып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879626
Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді 16.11.2024
9-10 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілері қатысады.Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.Өнімнің жалпы көлемі 280 тонна құрайды, оның ішінде:* Ет өнімі – 40 тонна;* Жеміс-көкөніс өнімі – 120 тонна;* Сүт өнімі – 60 тонна;* Балық өнімдері – 5 тонна;* Өзге өнімдер – 55 тонна.Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.Құрметті көлік иелері!Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 8 қарашада сағат 20:00-ден 10 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879630
Алматының 13 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне енді 16.11.2024
QS Asia University Rankings 2025 рейтингіне Қазақстанның 35 жоғары оқу орны кірді, оның 13-і Алматыдан.QS агенттігінің өкілдерінің айтуынша, Қазақстан жоғары оқу орындары жақсы серпін көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 60 пайыздан астам көрсеткішке жақсартқан.Мысалы, 22 қазақстандық жоғары оқу орны өз позициясын жоғарылатты, үш ЖОО өз позициясын сақтап қалды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті рейтингтің алғашқы 100-іне енді. Сондай-ақ, Satbayev University 89-шы орынды иеленіп, ТОП-100 қатарына кірді.Бір жылдық үзілістен кейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті рейтингке қайта оралып, 801-850 санатына енді.Айта кетейік, Азияның үздік жоғары оқу орындарының рейтингіне 25 ел мен аумақтан 985 жоғары оқу орны қатысты. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін ең үлкен бәсекелестік Үндістан, Қытай, Жапония және Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындары болды.Бұл рейтингті әлемдегі ең беделді агенттіктердің бірі QS Quacquarelli Symonds әзірлейді, ол университеттерді академиялық бедел, жұмыс берушілердің беделі, оқытушылар мен студенттер санының арақатынасы, ғылыми жарияланымдар және халықаралық зерттеулерге қатысу сияқты критерийлер бойынша бағалайды.Алматының 13 университеті мен олардың QS Asia University Rankings 2025 рейтингіндегі орындары:1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 29-орын.2. Satbayev University – 89-орын.3. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 131-орын.4. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 149-орын.5. Қазақстан-Британ техникалық университеті – 230-орын.6. КИМЭП университеті – 269-орын.7. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 305-орын.8. Narxoz University – 345-орын.9. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 345-орын.10. Алматы технологиялық университеті – 354-орын.11. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті – 751-800-орын.12. «Тұран» университеті – 751-800-орын.13. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – 801-850-орын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879290
Орталық Азия елдерінде «жасыл» авиацияны дамыту туралы 16.11.2024
Екіжақты кездесу барысында Қазақстан Республикасының Экология министрі Ерлан Нысанбаев пен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралло мырза авиацияны тұрақты дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.«Авиацияны тұрақты дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері біз үшін үлкен маңызға ие және біз ИКАО-ның жаһандық стандарттарды белгілеудегі және халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетудегі рөлін бағалаймыз.Біз ИКАО-ға Қазақстандағы авиация саласының экологиялық тұрақтылығы мен дамуына қолдау көрсеткені үшін ризамыз және экологиялық мақсаттарымызды іске асыру бойынша тиімді өзара іс-қимылға мүдделіміз», - деп атап өтті Министр.Қазақстан авиация саласында көміртегі ізін азайту үшін ИКАО-ның халықаралық стандарттарын интеграциялау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Біздің еліміздің халықаралық авиация үшін көміртегі шығарындыларын өтеуге мүмкіндік беретін халықаралық авиациядағы көмірқышқыл газының шығарындыларын өтеу және азайту тетіктеріне қатысуы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Айта кету керек, ИКАО техникалық көмек көрсетіп және шығарындыларды бақылау мен экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын жүргізеді. Бұл тренингтер жергілікті мамандардың құзыреттерін дамытуға бағытталған және Қазақстанға авиация саласының экологиясы саласындағы озық халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды бейімдеуге көмектеседі. Бұл ынтымақтастық сонымен қатар елдің жалпы экологиялық тұрақтылығын арттыру үшін маңызды болып табылатын авиациялық паркті жаңғыртуға бағытталған зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуді қолдауды қамтиды.Сондай-ақ ИКАО-ға мүшеліктің арқасында Қазақстанның ұйымға мүше басқа мемлекеттермен ынтымақтасуға және осы платформаны тәжірибе алмасу және авиациядағы көміртегі ізін азайтуға бағытталған үздік тәжірибелерді қолдану үшін пайдалануға мүмкіндігі бар. ИКАО қолдауымен Қазақстан Орталық Азия елдерінде «жасыл» авиацияны дамыту жөніндегі өңірлік жобаларға қатыса алады.Кездесу соңында Е.Нысанбаев Орталық Азия өңірінде қоршаған ортаны қорғау және орнықты технологияларды енгізу мәселелері бойынша ИКАО-мен бірлескен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/879264
«Synergy Consulting Infrastructure and Financial Advisory Inc.» компаниясының өкілдерімен кездесу 16.11.2024
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев «Synergy Consulting Infrastructure and Financial Advisory Inc.» компаниясының өкілдері Анкит Чатурведи мен Бахр Абдукадиров мырзалармен кездесті. Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.Қазақстан барлық негізгі Халықаралық табиғат қорғау келісімдеріне қосылғаны белгілі.Мысалы, өткен жылы БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясында (СОР28) Мемлекет басшысы Қазақстанның метан бойынша Жаһандық міндеттемелерге қосылуы туралы мәлімдеме жасады.Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2027 жылға дейін 2 млрд. ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде.«Ел аумағын ескере отырып, Қазақстанның офсеттік орман жобаларын іске асыру үшін зор әлеуеті бар. Бүгінгі таңда Ақмола облысында жалпы ауданы 14,5 мың гектардан астам көміртекті орманды отырғызу жобасы және Алматы облысында жалпы ауданы 3,5 мың гектар жаңа биоәртүрлі орманды отырғызу жобасы іске асырылуда», - деп атап өтті М. Ошурбаев.Тараптар сондай-ақ инвесторларды тарта отырып, қалдықтардың түзілуін қысқарту және қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу мәселелерін талқылады.Қорытындылай келе, вице-министр экологиялық проблемаларды шешуге және баршаның тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/879282
Жылу желілеріндегі бейнетіркеуіш: нысандарды тексеру кезінде жылу инспекциясы инженерлерінің жұмысындағы жаңа стандарт 16.11.2024
Алматы жылу желілері тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде жылу инспекциясының жұмысын жақсарту үшін нысандарды тексеру кезінде бейнетіркеуіштерді қолдана бастады. Бұл бастама инженерлер жұмысының дәлдігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ деректерді жинауды оңтайландыруға бағытталған.Бейне жетондарды енгізу – бұл күнделікті жұмыс барысында үдерістерді цифрландыру мен ашықтықты арттыруға жасалған қадам.«Кәсіпорнымызда инженерлердің жұмыс тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында бейнетіркеуіштер енгізілді. Бұл құрылғылар нысандарды тексеру кезінде жұмыс барысындағы маңызды сәттерді тіркеп, орындалған тапсырмаларды бақылауға, сондай-ақ кәсіпорын стандарттарының сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді жылу инспекциясының жетекші маманы.Бейнетіркеуіштер инженерлерге ақпаратты нақты уақыт режимінде жедел беруге, деректер архивін құруға және сапаны бақылауға көмектеседі. Бұл құрылғылар ықтимал мәселелерді анықтау мен штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға арналған маңызды құрал болмақ.«Бұл шешім өзінің тиімділігін дәлелдеді: бейнетіркеуіштер қызмет көрсету сапасын арттырып, қателіктер ықтималдығын төмендетеді және даулы мәселелерді шешуге көмектеседі. Бейнежазба жағдайды объективті түрде қарауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алады», – деді жылу инспекциясының басшысы Маржан Балбаева.Кәсіпорын өндірістік процестерді оңтайландыру, қауіпсіздікті арттыру және қызметкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланысты жақсарту үшін заманауи технологияларды қолдануға тырысады. Бейнетіркеуіштерді енгізу – бұл жоғары сапа стандартына бағытталған тиімді әрі ашық өндіріс құруға жасалған тағы бір қадам.АлЖЖ атап өткендей, цифрлық технология жылу инспекциясы қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып, жемқорлық тәуекелдерін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879000
Алматыда жыл соңына дейін бірыңғай видеомониторинг жүйесінің 50 мың видеокамерасы қосылады 16.11.2024
Алматыда 2024 жылдың соңына дейін 2022 жылы іске қосылған бірыңғай видеомониторинг жүйесінің (БВМЖ) 50 мың видеокамерасы қосылатын болады. Бұл туралы мегаполистің цифрландыру басқармасы хабарлады.Жыл басынан бері қазіргі уақытқа дейін қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен шығарылған 15 мың камераны ескере отырып, 45 мың камера қосылды, ал 2025 жылға қарай бұл сан 70 мыңға дейін артады. Видеожазбалар 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардан алынды.Сонымен қатар, Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің (АБК) 300 камерасы орнатылған. Осылайша, бүгінде 1 641 АБК жұмыс істейді.Сондай-ақ, осы жылдың соңына дейін 71 денсаулық сақтау объектісінің аумағында «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879003
Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды 16.11.2024
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Курильская көшесі, 11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылған.Бұған дейін Danil ЖК тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру аясында орын алған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданған болатын.Нұсқаманың талаптарын орындамауы салдарынан Басқарма объектіні бұзу үшін Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді.2024 жылғы 14 мамырда Басқарманың талап-арыз талаптары қанағаттандырылды. Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 51 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879072
«Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығын жеңіп алды 16.11.2024
Қазақстанның дала экожүйелерін қорғауға бағытталған «Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясында жеңіске жетті. Бұл марапат Қазақстандағы киіктердің популяциясын қалпына келтіру мен ерекше қорғалатын аймақтарын кеңейту саласындағы елеулі жетістіктерді мойындады.«Алтын Дала» бастамасы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК), «Fauna & Flora International» ұйымы, Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS) және Корольдік құстарды қорғау қоғамы (RSPB) арасында ұзақ мерзімді серіктестік ретінде құрылды. Серіктестердің негізгі мақсаты – киіктердің популяциясын қалпына келтіру және Қазақстан далаларын сақтау.Қорық аймақтарын құру мен кеңейту, сирек кездесетін түрлердің популяцияларын қалпына келтіру және браконьерлікке қарсы күрес бойынша ауқымды шаралар қолға алынған. Нәтижесінде, 2003 жылы 21 000 басты құраған Қазақстандағы киік популяциясы 2024 жылы 2,8 миллионға жетіп, әлемдегі сүтқоректілерді қалпына келтірудің ең табысты мысалдарының біріне айналды.Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев атап өтті: «Министрлік пен серіктестеріміздің ортақ күш-жігері әлемдік деңгейде танылғанына қуаныштымыз. Бұл марапат Қазақстандағы табиғатты қорғау бастамаларын кеңейтуге деген біздің ұстанымымызды нығайтады».«Алтын Дала» бастамасының тағы бір маңызды жетістігі – сирек және жойылып бара жатқан түрлердің, соның ішінде дала бүркіт, ақсұңқар және құланның популяцияларын қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар. Бұл жұмыс Қазақстанның Орталық өңіріндегі қорық аймақтарында белсенді түрде жүргізілуде. 2024 жылы құланның осы өңірге қайта әкелінуі бойынша жобаның сәтті аяқталғанын хабарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/878621
Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу 16.11.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының экология министрі Ерлан Нысанбаевтың Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар өз жұмысын келесі аптадан бастайтын Баку қаласында БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP-29) тараптарының 29-шы конференциясының жұмысына екі елдің қатысуы мәселелерін талқылады.«Біз жастарды экологиялық жобаларға тарту мәселелеріне маңызды мән береміз және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз.Осыған байланысты, СОР-29 алаңында «Жастар климаттық өзгерістер жөніндегі іс-қимылдардың басында» сайд-ивентін және эко-лагерьді өткізуге қолдау білдіргім келеді», - деп атап өтті министр өзінің құттықтау сөзінде.Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, министр өзбек тарапының өкілдерін ағымдағы жылғы 18 қарашада Баку қаласындағы Қазақстан павильонында өтетін экологиялық бастамалардағы жастардың рөліне арналған алты тақырыптық іс-шараға қатысуға шақырды.«Біздің ынтымақтастығымыз және сіздің қолдауыңыз барлық мақсаттарға жетуге көмектесетініне сенімдімін», - деп қосты ол.Сонымен қатар, СОР-29 алаңында «Тұрақты даму мәдениетін ілгерілету және балалар мен жастарды 2024-2030 жылдарға арналған климаттық күн тәртібіне тарту жөніндегі халықаралық стратегияға» қол қойылады деп күтілуде.Іс-шара соңында тараптар бір-біріне алғыс айтып, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша біздің одан әрі жемісті ынтымақтастығымызға сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/878419