Enbekshi QazaQ

Технология

Алматыда кезекті нысан сот шешімі бойынша бұзылды 16.11.2024
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Курильская көшесі, 11-үй бойындағы екі қабатты ғимарат заңсыз тұрғызылған.Бұған дейін Danil ЖК тұрғын емес үй-жайдың меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру аясында орын алған бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданған болатын.Нұсқаманың талаптарын орындамауы салдарынан Басқарма объектіні бұзу үшін Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа талап арыз берді.2024 жылғы 14 мамырда Басқарманың талап-арыз талаптары қанағаттандырылды. Нысанды бұзу бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды.Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 51 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879072
«Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығын жеңіп алды 16.11.2024
Қазақстанның дала экожүйелерін қорғауға бағытталған «Алтын Дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» номинациясында жеңіске жетті. Бұл марапат Қазақстандағы киіктердің популяциясын қалпына келтіру мен ерекше қорғалатын аймақтарын кеңейту саласындағы елеулі жетістіктерді мойындады.«Алтын Дала» бастамасы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК), «Fauna & Flora International» ұйымы, Франкфурт зоологиялық қоғамы (FZS) және Корольдік құстарды қорғау қоғамы (RSPB) арасында ұзақ мерзімді серіктестік ретінде құрылды. Серіктестердің негізгі мақсаты – киіктердің популяциясын қалпына келтіру және Қазақстан далаларын сақтау.Қорық аймақтарын құру мен кеңейту, сирек кездесетін түрлердің популяцияларын қалпына келтіру және браконьерлікке қарсы күрес бойынша ауқымды шаралар қолға алынған. Нәтижесінде, 2003 жылы 21 000 басты құраған Қазақстандағы киік популяциясы 2024 жылы 2,8 миллионға жетіп, әлемдегі сүтқоректілерді қалпына келтірудің ең табысты мысалдарының біріне айналды.Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев атап өтті: «Министрлік пен серіктестеріміздің ортақ күш-жігері әлемдік деңгейде танылғанына қуаныштымыз. Бұл марапат Қазақстандағы табиғатты қорғау бастамаларын кеңейтуге деген біздің ұстанымымызды нығайтады».«Алтын Дала» бастамасының тағы бір маңызды жетістігі – сирек және жойылып бара жатқан түрлердің, соның ішінде дала бүркіт, ақсұңқар және құланның популяцияларын қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар. Бұл жұмыс Қазақстанның Орталық өңіріндегі қорық аймақтарында белсенді түрде жүргізілуде. 2024 жылы құланның осы өңірге қайта әкелінуі бойынша жобаның сәтті аяқталғанын хабарланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/878621
Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесу 16.11.2024
Бүгін Қазақстан Республикасының экология министрі Ерлан Нысанбаевтың Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар өз жұмысын келесі аптадан бастайтын Баку қаласында БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP-29) тараптарының 29-шы конференциясының жұмысына екі елдің қатысуы мәселелерін талқылады.«Біз жастарды экологиялық жобаларға тарту мәселелеріне маңызды мән береміз және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырамыз.Осыған байланысты, СОР-29 алаңында «Жастар климаттық өзгерістер жөніндегі іс-қимылдардың басында» сайд-ивентін және эко-лагерьді өткізуге қолдау білдіргім келеді», - деп атап өтті министр өзінің құттықтау сөзінде.Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, министр өзбек тарапының өкілдерін ағымдағы жылғы 18 қарашада Баку қаласындағы Қазақстан павильонында өтетін экологиялық бастамалардағы жастардың рөліне арналған алты тақырыптық іс-шараға қатысуға шақырды.«Біздің ынтымақтастығымыз және сіздің қолдауыңыз барлық мақсаттарға жетуге көмектесетініне сенімдімін», - деп қосты ол.Сонымен қатар, СОР-29 алаңында «Тұрақты даму мәдениетін ілгерілету және балалар мен жастарды 2024-2030 жылдарға арналған климаттық күн тәртібіне тарту жөніндегі халықаралық стратегияға» қол қойылады деп күтілуде.Іс-шара соңында тараптар бір-біріне алғыс айтып, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша біздің одан әрі жемісті ынтымақтастығымызға сенім білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/878419
Алматыда алғашқы Азия хоккей чемпионаты өтеді 16.11.2024
Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) қолдауымен тарихта алғаш рет Азия хоккей чемпионаты Алматыда өтеді. Турнир 6 қарашада басталады.Жарыстар 6-9 қараша аралығында Halyk Arena көпфункционалды спорт кешенінде өтеді. Қазақстан құрамасы Жапония, Корея және Қытай елінің командаларымен күш сынасады.Турнир матчтарының кестесі:6 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Қытай6 қараша 2024, 19:30 – Корея – Қазақстан8 қараша 2024, 16:00 – Жапония – Корея8 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – Қытай9 қараша 2024, 16:00 – Қытай – Корея9 қараша 2024, 19:30 – Қазақстан – ЖапонияМатч билеті 1-ден 3 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылады.Айта кетейік, алдағы турнирлер 2025 жылы 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына дайындық жарыстары ретінде ұйымдастырылып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/878045
Алматыда ұзындығы 6000 метрге жуық жылу магистралі толықтай жаңартылды 16.11.2024
Жетісу ауданының Айнабұлақ шағын ауданында «Алматы жылу желілері» ЖШС тапсырысы бойынша екі жыл бұрын басталған жылу желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жалпы ұзындығы 5865 метр болатын жылу желілері жаңартылды.2022 жылы 1730 м, 2023 жылы – 2000 м, ал 2024 жылы – 2135 м желілер қайта құрылды.Биыл «Айнабұлақ» ТМ-18 жылу магистралі бойынша Мақатаев көшесінде (Жұмабаев көшесінен Павлодарская көшесіне дейінгі аралық) жаңғырту жұмыстары аяқталды.Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезең басталғанға дейін аяқталды.Қазіргі уақытта осы учаскені көріктендіру – жол төсемін ұсақ түйіршікті асфальтпен төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, кейін жол таңбалары сызылады.Айта кетейік, жылу магистралі 1981 жылы пайдалануға берілген, оның пайдалану мерзімі 43 жыл, ал нормативтік пайдалану мерзімі 25 жыл.Жоба 344 көпқабатты үйдің, 11 мектептің, 3 денсаулық сақтау нысанының және 483 басқа да нысанның тұрғындарын сапалы жылумен қамтамасыз етеді.Биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 20 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылып, қаланың 6 ауданында жылуаралық кезеңде жұмыстар жүргізілді. Қайта жаңартудан кейін учаскелер ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен көріктендіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/878050
Алматыда ШОБ субъектілерінің саны өсуде 16.11.2024
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда ШОБ өнімін шығару 28,4% - ға 5,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Қаңтар-қыркүйекте жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 6,2% - ға 361,1 мың бірлікке дейін өсті. Бұл туралы қалалық экономика басқармасынан хабарлады. Олардың болжамы бойынша, Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 20% - ға 2,1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.«ШОБ-ты қолдау үшін 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен субсидиялауға, кепілдік беруге және кредиттеуге 53,1 млрд теңге бөлінді. 2024 жылдың 9 айында 113,1 млрд теңге несие сомасына 1,7 мың жаңа ШОБ жобасына қолдау көрсетілді, өткен жылдары мақұлданған 2 мыңнан астам жобаның сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау алуды жалғастыруда», - деп хабарлады экономика басқармасы.Бұл Алматының ЖӨӨ – дегі ШОБ үлесін 2024 жылы 60% - ға дейін, 2025 жылы 62% - ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында ШОБ үлесі 55,2%-ды құрады.Алматы экономика басқармасының хабарлауынша, индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар алаңдарында жалпы сомасы 452 млрд теңгеге 87 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2024 жылы 4,5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 220 млрд теңге сомасына 40 жоба іске асатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/878067
Алматыда тауық етінің бағасы бектіледі 16.11.2024
Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру мақсатында «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасасты. Келісім аясында қалада өндірушінің тауық еті (сан еті мен жамбас) бағасы бекітілетін болды.«Алатау-құс» АҚ фирмалық дүкендерінің сөрелеріндегі және Алматыдағы үйдің жанындағы дүкендердегі өнімнің бағасы бір килограмм үшін 1 100 теңгеден аспайды.Келісілген шарттасу бойынша жалпы көлем 1818 тоннаны құрайды. Тұрақтандыру кезеңі 24 ай.Өнімдерді сату нүктелерінің мекенжайларын almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/877728
Родина ауылында «Родина» агрофирмасының оң тәжірибесін тарату мақсатында семинар-кеңес өтті 16.11.2024
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Ақмола облысы Целиноград ауданының Родина ауылына жұмыс сапарымен барды. Онда вице-министр «Родина «Агрофирма» ЖШС қызметімен танысып, еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш компанияның оң тәжірибесін тарату бойынша семинар-кеңес өткізді.Шараға ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, барлық өңірдің экономика және ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары, өз ауылдарын табысты дамытып жатқан бизнес өкілдері, осы ауылдардың әкімдері және «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.Вице-министр өз сөзінде атап өткендей, қазіргі жағдайда агробизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауылдық аумақтарды орнықты дамытудың маңызды элементіне айналуда.«Родина» Агрофирма» ЖШС тәжірибесі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық мақсаттарды әлеуметтік жауапкершілікпен тиімді үйлестіре білуінің айқын көрінісі болып табылады. Бұл жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді», - деді Б. Омарбеков.Өз кезегінде компанияның бас директоры Иван Сауэр қатысушыларға агрофирма жүзеге асырып жатқан маңызды жобаларды ұсынып, бизнестің ауылдың дамуына қосқан үлесін айқын көрсетті.Жиында ауылды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да талқыланды. Қатысушыларға ауыл кәсіпкерлеріне ұзақ мерзімді өсу мен тұрақты даму үшін көбірек мүмкіндіктер беретін жеңілдетілген несиелендіру және ауыл шаруашылығы кооперациясына салықтық преференциялар сияқты мемлекеттік қолдаудың перспективалық бағыттары ұсынылды.Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар озық тәжірибені бейімдеу мен ауылдық аймақтарда инфрақұрылымдық әрі әлеуметтік жобаларды құруға бағытталған ұсыныстар әзірледі. Қабылданған шешімдер «Родина» Агрофирма» ЖШС оң тәжірибесін республиканың барлық аймақтарында тарату бойынша Жол картасына енгізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/877590
Алматыда 2024 жылы 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды 16.11.2024
Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңарту қарқынды жүргізілуде, деп хабарлады қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.Биыл 9 айда 219 км жаңа су құбыры және су бұру жүйелері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 260 км құрылыс және 87 км желіні жаңғырту жоспарланған.Электрмен жабдықтау саласында қаңтардан қыркүйекке дейін 66 км желі қайта құрылды. 2025 жылы тағы 123 км желіні жаңғырту жоспарлануда. Сондай-ақ, Алматы қаласының электр желілерін 2030 жылға дейін, ал болашақта 2040 жылға дейін дамыту схемасы әзірленді.Алматыда сапалы жылумен жабдықтау үшін 20 км желі қайта құрылды. «АТКЭ» ЖШС 4 қазандықты жаңартылып, 81 қазандықты жөндеуден өткізді. Бұл желілердің тозуын 57,9%-дан 56,1%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.2024 жылы жылыту маусымы 7 қазанда басталды, дайындық 100%. Қазіргі жылыту маусымына 140% көмір және 100% мазут қоры жиналды. Барлығы 404 білім беру нысаны, 128 денсаулық сақтау нысаны және 8 863 тұрғын үй қамтылды.Осылайша, қабылданып жатқан шаралар 2025 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 53,5%-ға, су бұруды 55,2%-ға, электрмен жабдықтауды 64%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/877447
Алматыда жаңбыр мен қар: коммуналдық қызметтер қауіпсіздік шараларын күшейтті 16.11.2024
5 қарашада Алматы қаласында жаңбыр жауады. Жауын-шашын 8 қарашаға дейін үзіліспен болжанады. Түнгі кезеңде ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендеп, 6-7 қараша аралығында қар жауады.Су тасқыны мен көктайғақ құбылыстарының алдын алу және жою мақсатында 490 бірлік коммуналдық арнайы техника және 1120 жол жұмысшысы жұмылдырылды.Көктайғақ құбылыстарының алдын алу үшін 6 қарашадан бастап дислокация орындарында 160 құмтаратқыштың кезекшілігі жоспарланған.Жүргізушілерге шиналарды қысқы шиналарға ауыстыруды ұсынамыз. Жолдардың жүріс бөлігіндегі мұздану, мұздану, тротуарлардағы көктайғақтың пайда болуына байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.«Казгидромет» РМК ақпараты бойынша бүгін ауыспалы бұлт, аздаған жаңбыр жауады. Батыс жел 2-7 м/с. күндіз ауа температурасы +14...+16°C.6 қараша бұлтты, түннің бірінші жартысында аздап жаңбыр жауады, түстен кейін қарқындылығы артады. Түнде ауа температурасы + 8...+10°C, күндіз + 14 + 16°C.7 қараша бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, қар жауады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс жел 3-8 м/с. ауа температурасы түнде және күндіз +2...+4°C.Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/877467
Алматыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 есеге артты 16.11.2024
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Алматыда әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.Мәселен, осы жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет балалар арасында (3 жасқа дейін) мүгедектікті төмендету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде ерте араласу орталығы құрылды. 2 МСАК орталығы мен 1 емхана, сондай-ақ Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының жаңа корпусы ашылды.2024 жылдың соңына дейін 2 жаңа емхана салуға және 5 ірі аурухананы жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025-2026 жылдары жүргізілетін болады.Айта кетерлігі, 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге 26,3 млрд теңгеге, 2025 жылы тағы 2,6 есеге 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/877141
Алматы мен Шанхай бауырластық қатынастар орнату туралы Хатқа қол қойды 16.11.2024
Осы күндері Шанхай қаласында (ҚХР) өтіп жатқан үкіметаралық келіссөздердің қорытындысы бойынша Алматы және Шанхай қалалары арасында бауырластық қатынастар орнатуға бағытталған ниеттестік туралы хатқа қол қойылды. Бұл келісім бай мәдени дәстүрлері мен елеулі экономикалық әлеуеті бар екі ірі мегаполис арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.Ниеттестік туралы хатқа Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев пен Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэн қол қойды.Құжатта экономика, сауда, ғылым және технология, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және туризмді қоса алғанда, бірлескен қызметтің негізгі бағыттары айқындалған. Тараптар теңдік және өзара тиімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, аталған салаларда алмасу мен ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті. Атап айтқанда, көрмелер, семинарлар, мәдени және ғылыми іс-шаралар өткізу жоспарлануда.Алматы мен Шанхай арасында бауырластық қарым-қатынас орнату түрлі салаларда бірлесіп даму үшін жаңа көкжиектер ашады, озық және үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ өзара инвестициялар мен мәдени алмасуға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.Анықтама: Шанхай-Қытайдың қаржы орталығы және әлемдегі ең ірі теңіз порты. Шанхай халқының саны 24 870 мың адамды құрайды, 2023 жылы қаланың ЖӨӨ 4,7 трлн құрады. Қытай юані (661,8 млрд. АҚШ). Шанхай экономикасының жетекші салалары қаржылық қызметтер, сауда, логистика, жоғары технологияларды қолданатын өндіріс болып табылады.Шанхай-ішкі және халықаралық сауда үшін елдің негізгі порты, импорттың/экспорттың құны Қытайдың жалпы көлемінің 20%-ын құрайды. 2013 жылдың қыркүйегінде Шанхайда материктік Қытайдағы алғашқы еркін сауда эксперименттік аймағы (ЕСА) құрылды. Бүгінгі таңда бұл ЕСА әлемдік деңгейдегі инфрақұрылыммен жабдықталған және қаланың ЖІӨ-нің 1/4 бөлігін және Қытайдың барлық сыртқы саудасының шамамен 40% -ын құрайтын жақсы дамыған қызмет көрсету секторының үйі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876815
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» үздік жобаларына дауыс беру аяқталды 16.11.2024
2024 жылдың 22 қазаны мен 1 қарашасы аралығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматы қаласын абаттандыру жобаларына онлайн дауыс беру өтті. Келесі кезеңде онлайн дауыс берудің қорытындысы шығарылады.Қаланың әрбір аудан әкімдігі қабылданған өтініштер мен әрбір жобаға дауыс берген азаматтардың санын көрсете отырып, дауыс беру нәтижелерін қалыптастырады және талдайды. Қорытындылау 2024 жылдың 7 қарашасына дейін жалғасады.Барлығы 163 582 дауыс берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Қала тұрғындары биылғы жылы келесі санаттар бойынша ең көп жобаларға дауыс берді- қоғамдық орындарда ересек тұрғындардың демалуы үшін беседкаларды, орындықтарды, қоқыс жәшіктерін, балалар және спорт алаңдарын орнату және жөндеу - 55 708 дауыс- аула аумақтарында және қоғамдық орындарда спорт және балалар алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру - 33 577 дауыс- қоғамдық аумақтарды құру, жөндеу және жарықтандыру – 32 898 дауысДауыс беруде келесі аудандар көш бастады: Медеу – 36 726 дауыс, Алмалы – 28 765 дауыс және Жетісу – 25 684 дауыс. Өткен жылы сайлаушылардың басым бөлігі Медеу ауданында дауыс берген.Алмалы ауданындағы тіркеу нөмірі 24102020003 бір жоба 1904 дауыс жинады. Төле би 160/24, Әуезов 32 және Бөгенбай батыр 255 үйлердің тұрғындары өз аулаларын су басумен күресуге жұмылдырылды. Бірлескен күш-жігердің арқасында жоба жасалып, схемалық эскизі сызылып, алдын ала сметасы есептелді. Тату көршілер өз бастамаларымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына белсене атсалысып, дауыс саны бойынша ауданның көшбасшысы атанды.Ең көп дауыс жинаған жобаларды аудан әкімдіктері 2025 жылы жүзеге асыратын болады.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша кеңес немесе ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty Қоғамдық қабылдауынан 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы алуға болады.Еске салайық, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 18,8 млрд теңгеге (2023 жылы 12,9 млрд) дейін ұлғайтылды. Биылғы жылы аудан әкімдіктері 2023 жылғы дауыс беру жеңімпаздарының жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруда, бүгінгі таңда 261 жоба жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876631
Алматыда кезекте тұрғандарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды 16.11.2024
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы қаладағы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалдамалы пәтер бөлінді.Бұл баспананы жетім балалар, ардагерлер, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес және көпбалалы отбасылардың мүшелері, зейнеткерлер және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар – барлығы 201 адам алды.Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтап, оларға техникалық мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.– Бұл мен үшін өте маңызды сәт. Мен жаңа, заманауи үйден пәтер алғаныма қуаныштымын. Баспананы 2013 жылдан бері күттім. Бұған дейін жекеменшік секторда үй жалдап тұратынмын. Үй алуға мүмкіндік беретін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өте ризамын, – деп кезекте тұрғандардың бірі Зульфира Халиулова қуанышын бөлісті.Бірінші жартыжылдықта Наурызбай және Медеу аудандарында 1080 отбасы жалдамалы тұрғын үй алды.Қараша айында тағы 920 алматылыққа кілт табысталып, олар Наурызбай ауданындағы жаңа пәтерлерге қоныстанады деп жоспарланып отыр.Бөлінген 2000 пәтердің 400-і жетім балаларға, 250-і ерекше қажеттілігі бар адамдар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және 1350-і басқа санаттарға (ардагерлер, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар және т.б.) берілді.Сонымен қатар, биыл жұмыс істейтін алматылық жастар үшін 2100 жалдамалы пәтер берілді. Жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жастарды қолдауға және жеке баспана сатып алуға ынталандыруға бағытталған.Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдау шартында ай сайынғы төлем мөлшері 7-ден 15 мың теңгеге дейін белгіленген, сатып алу құқығы мен жалдау мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылмаған. Бұған қоса, жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үйді жалдаушылар үш жыл ішінде кейіннен екінші деңгейлі банктерден ипотека арқылы баспана сатып алу үшін депозитке қаражат жинауға міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876636
Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға болмайтын ТК тізімі жаңартылды 16.11.2024
Ағымдағы күннің өзекті ақпараты бойынша тізім 36 тұрғын үй кешенінен тұрады, деп хабарлайды Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы.Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876717
Алматыдағы Бостандық ауданында 48 жыл бұрын пайдалануға енгізілген құбыржол ауыстырылды 16.11.2024
Алматыда Қожанов көшесінің бойымен Радостовец көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін және Есқараев көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін төселген құбыржолды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы жаңғыртылған учаскенің ұзақтығы 1 097,5 метрді құрады.Ауыстырылған құбыржол 1976 жылы пайдалануға енгізілді және қазіргі уақытта 19 көппәтерлі тұрғын үйлерді, 2 балабақшаны және басқа да 39 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр, сондай-ақ ыстық су берудің үлестірілуін қамтамасыз етеді және «Орбита» мен «Южный» қазандықтарын бір-бірімен байланыстырады.Жалпы, ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 20 км жылу желілері жаңғыртылды. Жыл сайын жаңғырту жылытуаралық кезең ішінде жүргізіледі, биылғы жылы мұндай жұмыстар Алматының 6 ауданында іске асырылды. Жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылған учаскелерді абаттандыру ауа-райы жағдайларын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізілуде.Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-арнада @AlmatyJoly, аудандық әкімдер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/876504
Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды 16.11.2024
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен БҰҰ, БҰҰДБ және Еуропалық одақ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің 8-ші отырысын өткізді.Нұрлан Байбазаров әріптестік пен тиімді өзара іс-қимыл орнықты даму мақсаттарын іске асыру үшін маңызды рөл атқаратынына тоқталды. «Өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орнықты даму саласындағы мақсаттар бойынша БҰҰ саммитіне қатысты. Президент өз сөзінде ОДМ-ға қол жеткізу біз үшін ұлттық басымдық болып саналатынын атап көрсетті. Сондықтан біз әрқашан ынтымақтастық үшін ашықпыз және халықаралық серіктестеріміздің қолдауын жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті вице-премьер. Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға, еліміздің халықаралық имиджін арттыруға бағытталғанын айтты.Жиын барысында сөз алған шетелдік әріптестер республикада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібінің 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторларының жаңартылған тізбесін бекітті және 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды дайындау жоспарын мақұлдады. Анықтама: Орнықты даму мақсаттарын 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы кедейлік пен теңсіздікті жоюға, қоршаған ортаны қорғауға және әлем халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық іс-әрекетке шақыру ретінде қабылдады. Барлығы 17 бағыт белгіленді, оларды жүзеге асыру экономика мен әлеуметтік өмірдің негізгі бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. ОДМ-ға қол жеткізу мониторингі БҰҰ мен ҚР Үкіметі өкілдерінің тұрақты бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/876480
Қазақстан посткеңестік елдер арасында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жетекші орынға ие болды 16.11.2024
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 36-шы пленарлық отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров инвестициялық климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.Қазақстанның жаңа инвестициялық цикліне арналған іс-шараға трансұлттық компаниялар, мемлекеттік органдардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, санкциялық текетірестің күшеюіне, логистикалық жүйенің бұзылуына, жоғары инфляцияға байланысты әлемдегі инвестициялық белсенділіктің баяулауы аясында Қазақстан посткеңестік елдер, оның ішінде Орталық Азия мен теңізге шыға алмайтын елдер арасында тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жетекші орынға ие болды.«Бүгінде Қазақстан Үкіметінің алдында экономиканың көлемін екі есеге арттыру міндеті тұр және оны жүзеге асырудың негізгі факторы инвестиция тарту болып табылады», - деді вице-премьер.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 2029 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы өзектендірілді, оның шеңберінде экономика салаларының нақты қажеттіліктеріне бағытталған инвестицияларды тартудың жаңа тәсілі енгізілуде.«Атап айтқанда, инвестицияға «тапсырыс» жергілікті бизнес пен квазимемлекеттік компаниялардың жекелеген салалардағы қажеттіліктері негізінде қалыптасады. Алынған мәліметтер Аймақтық инвестициялық бағдарламаларда көрсетіледі және шетелдік мекемелер нақты шетелдік инвесторларды таргеттеуі үшін пайдаланылады», - деп қосты Нұрлан Байбазаров.Сонымен қатар жаңа жоғары өнімді инвестициялық жобаларды инфрақұрылыммен одан әрі қамтамасыз ету экономикалық белсенділік факторларының бірі болады.Биыл 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары қабылданды. Жалпы құны шамамен $86 млрд болатын 204 жоба жүзеге асырылатын болады. Жоспар энергетикалық, көліктік, цифрлық инфрақұрылым, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы сынды 4 бағытты көздейді.Бұл ретте экономиканы ырықтандыру бойынша құрылымдық өзгерістер жалғасын табады. Мемлекет бәсекеге қабілетті салаларға мемлекеттің қатысуын азайту жөніндегі жұмысты жалғастырады.«Жаңа Салық кодексі инвестициялық циклды жандандыруға, тиімді салық преференцияларын белгілеу мен шетелдік және қазақстандық инвесторлар үшін қолайлы әрі тұрақты жағдай жасауға мүмкіндік беретін болады», - деп түйіндеді сөзін вице-премьер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/875986
Алматыдағы саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағы жетекші университеттерінің 350 өкілі бас қосты 16.11.2024
Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелеріне арналған пре-саммит басталды. Іс-шара Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы мен жетістіктерінің символы іспетті болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатыр.Пре-саммитке Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысуда.Іс-шараға Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия, Үндістан және т.б. 16 елдің 350 ЖОО-ның өкілі жиналды. Бұл оқиға Азия-Тынық мұхиты аймағының қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығын қалыптастырудағы университеттердің орталық рөлін талқылауға арналып отыр. Кездесудің басты тақырыбы Орталық Азия елдеріндегі жоғары білім беру саласындағы инновациялық тәсілдер арқылы серпінді ландшафтты дамыту және бірлескен шешімдер іздеу.Пре-саммит соңында QS World University Rankings 2025 рейтингісінде үздік атанған университеттерді марапаттау рәсімі өтеді. Әлемнің 1500 университеті кірген рейтингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 163-орынды иеленді.Айта кетейік, бүгінде Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 199 мыңнан астам студент оқиды, оның 124 мыңы өзге өңірден келгендер. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875814
Ерболат Досаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаңа кітапханасының ашылуына қатысты 16.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғылыми кітапханасының ашылу салтанатына қатысып, оған белгілі педагог, ғалым Сералы Қаниевтің есімі берілді.Салтанатты рәсімге ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ЖОО ректоры Гүлмира Қанай және т. б. қатысты.«Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен жалпы қаламыз үшін атаулы оқиға - біз ең заманауи талаптар мен әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа кітапхананы ашамыз. Кітапхана көрнекті ғалым және ұстаз Сералы Қаниевтің есімімен аталады. Ол 35 жыл бойы осы университеттің қабырғасында еңбек етті, оның білімімен қанаттанған студенттер еліміздің әр өңірінде жемісті жұмыс жасауда, өз мансаптары мен өмірлерінде биік межелерге қолжеткізуде», - деді өз сөзінде Ерболат Досаев.Ерболат Досаев қазіргі студенттерге оқуда және кәсіпте жоғары стандарттарға ұмтылуға, өз ісіне адал болуға тілек білдірді.Кітапхана ғимаратын реконструкциялау қазақстандық және шетелдік сәулетшілердің жобасы бойынша және Сералы Қаниевтің ұлы – кәсіпкер Берік Қаниевтің қаражаты есебінен жүргізілді. Кітапхана ғимараты модернизацияланғаннан соң онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы кабинет пайда болды. Ғимаратты қайта құру жұмыстары жүргізілді, бұл кітапхананың жалпы аумағын 2195 шаршы метрге, ал отыратын орындардың санын 550-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жаңа кітапхана ғимаратында мыналар бар: 2 оқу залы, конференц-зал, Академиялық жазу орталығы, оқу аймағы, студенттердің топтық жұмыс бөлмелері, 14 жеке оқу кабинасы, релаксация бөлмесі. Кітапхананың кітап қоры 1 млн кітаптан асады.Алматыда бүгінде 28 кітапхана жұмыс істейді. Жыл сайын қалалық кітапханаларға 3 миллионнан астам адам келеді. Қала кітапханаларының 95% - ы модернизацияланды, материалдық және техникалық база толығымен жаңартылды. Жалпы, 2030 жылға дейін Алматыда тағы 20 жаңа кітапхана ашу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/875892