Enbekshi QazaQ

Технология

Бакуде оқитын 25 қазақстандық студент, Qazaqstan павильонында жұмыс істейді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бакуде оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.Министр кездесу барысында студенттерге Бакуде БҰҰ Климаттық саммитінде СОР29 айтылған Қазақстанның бастамалары, Париж келісімі бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындау жөніндегі Қазақстан жоспарлары және қабылданған көміртекті бейтараптық стратегиясы туралы айтып берді.Qazaqstan ұлттық павильоны жұмысының алғашқы күндерінен бастап Қазақстандық студенттер еріктілер ретінде көмектесті: қонақтарды қарсы алды, аудармашы ретінде, қазақстандық экоөнімдердің дәмін татуды ұйымдастырды, СОР29 алаңында және павильонның конференц аймағында барлық іс-шараларға белсенді қатысты.Кездесу соңында Ерлан Нысанбаев студенттерге елеулі көмек көрсеткені үшін алғыс айтып, бағалы сыйлықтар мен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің атынан грамоталар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/884518
Алматыда «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті 16.11.2024
Алматы қаласының Нархоз университетінде «CareerTime» кәсіптік бағдар беру фестивалі өтті. Бұл ауқымды іс-шара жастардың кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға және еңбек нарығының қажеттіліктерімен танысуға мүмкіндік берді. Фестивальге Алматы қаласының 26 жоғары оқу орны, 30 ірі компания 400 бос жұмыс орындарын ұсынды, ал қатысушылардың жалпы саны 2000-нан астам мектеп бітірушілері мен жұмыссыз жастарды құрады. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Almaty student’s week» апталығының аясында ұйымдастырылды.«CareerTime» – бұл мектеп түлектері мен қала жастары үшін үлкен мүмкіндіктер алаңы. Бұл жерде олар еңбек нарығының жаңа талаптарымен танысып, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілермен тікелей байланыс орната алады. Мұндай бастамалар жастардың кәсіби өсуіне және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді деп сенеміз», - деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.Фестиваль барысында қатысушылар үшін әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, IT және цифрлық дағдыларға арналған шеберлік сыныптар мен презентациялар, фитнес пен салауатты өмір салты бойынша шеберлік сыныптары және көркем сурет бойынша шығармашылық аймақтар да болды.«Бұл фестиваль маған болашағымды айқындауға көмектесті. Мен өзіме сәйкес келетін университетті тауып, оқу бағдарламасымен жақынырақ таныстым. Осылайша, мен бүгін өзім үшін нақты шешім қабылдадым», - деді фестивальге қатысқан 11 сынып оқушысы Айжан.«CareerTime» фестивалі білім беру, еңбек нарығы және шығармашылық бағыттардың тоғысуының тамаша үлгісі болды. Іс-шара жастардың кәсіби және жеке дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, келешекке сенімді қадам жасауға жағдай жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш шара келесі жылы да жалғасын таппақ.Сонымен қатар, іс-шара аясында жастар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884499
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады 16.11.2024
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты».Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарында – рейтингі ұқсас елдер арасындағы орташа көрсеткіштен едәуір асатын және елдің қаржылық икемділігін қамтамасыз ететін қуатты сыртқы буферлер қалып отыр.Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық активтері мен ресми алтын-валюта резервтері ЖІӨ-нің 38% баламасына жетті, бұған инвестициялардың 8,4% деңгейіндегі кірістілігі және алтын бағасының өсуі ықпал етті.Сарапшылар мұнай саласына тәуелділікті біртіндеп азайтуға ықпал ететін көлік және жаңартылатын энергия сынды секторларды дамыту бойынша жасалып жатқан қадамдарды айтты.Бұған қоса, Агенттік кең ауқымды қайталама санкциялар салудың салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/884481
Алматының Жетісу ауданында тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы аясында 34 ескі үй сүрілді 15.11.2024
Алматыда тұрғын үй қорының жаңартылуы «Тұрғын үйді реновациялау бағдарламасы» аясында жалғасуда. Жетісу ауданында 2030 жылға дейін 135 үйді қамтитын жаңа реновациялау бағдарламасы бекітілді.Қазір ауданда 304 пәтерді қамтитын 34 ескі үй бұзылды. Келесі жылы 30 үйдің 280 пәтерінің иесін жаңа баспанаға көшіру жоспарланып отыр.Мысалы, Қрылов, Скрябин, Гончаров көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында инвестор 16 ескі үйдің орнына 944 пәтерден тұратын 11 үйдің құрылысын жүргізуде.Бұзылған үйлердің тұрғындары жаңа үйлерге көшірілді. Бүгінгі таңда 9 үй толық аяқталған, ал қалған 2 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.Сонымен қатар, Боткин, Казаков, Гончаров, Скрябин көшелері мен Райымбек даңғылының аумағында тағы бір компания 6 ескі үйдің орнына 576 пәтерден тұратын 11 үй салып жатыр.Бүгінде бірінші кезектегі 3 үй пайдалануға беріліп, бұзылған үйлердің тұрғындары сол жерге көшірілді. Қалған 8 үйдің құрылысы жалғасуда.Бағдарлама аясында жаңа үйге көшкен тұрғындардың бірінің айтуынша, олардың отбасы ескі, сейсмикалық қауіпті үйдің орнына заманауи тұрғын үй кешеніне көшкен.«Біз жөнделіп, дайындалған, алаңы бірдей жаңа пәтер алдық. Үйдің құрылысы кезінде бізге уақытша баспана тегін берілді. Мұндай бағдарламалар өте маңызды, себебі әркімнің жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ, әсіресе ескі үйдегі жылжымайтын мүлікті сату қиын», – деді Фарида Ишмеметова.Айта кету керек, тұрғындарды ескі үйлерден жайлы пәтерлерге көшіруді жеделдету мақсатында Алматы әкімдігі 2030 жылға дейінгі реновациялау бағдарламасын әзірледі.Бағдарлама аясында сейсмикалық тұрақсыз, пайдалану мерзімі өткен және өмірге қауіп төндіретін үйлерді бұзылады. Олардың орнына заманауи тұрғын үй кешендері салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884364
Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді 15.11.2024
16-17 қарашада сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Алматы және Жетісу облыстарының ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.Өнімнің жалпы көлемі 300 тонна құрайды, оның ішінде:* Ет өнімі – 80 тонна;* Жеміс-көкөніс өнімі – 100 тонна;* Сүт өнімі – 60 тонна;* Балық өнімдері – 5 тонна;* Өзге өнімдер – 55 тонна.Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.Құрметті көлік иелері!Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 15 қарашасында сағат 20:00-ден 17 қарашасында 20:00-ге дейін жабылады.Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/884368