Қуқық
Саран әкімі: «Біз сенімді инфрақұрылым құру үшін жұмыс істеп жатырмыз» 21.02.2025
Биыл Саранда ТКШ жаңғырту жалғасады. Қала белсенді дамып келеді: тұрғын үйлер қалпына келтірілуде, жаңа нысандар ашылуда. Сәйкесінше инфрақұрылым осы өзгерістерге сай келуі тиіс.Өткен жылы Саранның ТКШ саласында қандай жұмыстар атқарылғаны және осы жылы не жасалатыны туралы Саран қаласының әкімі Дарын Бұлқайыр Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте айтып берді.Өткен жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді, ал 2025 жылы қаланы бұдан да маңызды өзгерістер күтіп тұр.– Біздің негізгі міндетіміз – қаланың барлық өмірлік маңызды жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жылумен жабдықтау мәселесі ерекше бақылауда, – деп атап өтті Саран әкімі Дарын Бұлқайыр.Бүгінгі таңда 113 көппәтерлі үй орталық қазандықтан, тағы 160 үй жергілікті қазандықтардан жылытылады. Биыл орталық жылу жүйесіне 57 үй мен 27 әлеуметтік нысан қосылады. Жұмыстар үйлердің дайындығына және ішкі құбырларға байланысты кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.Қалада су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасады. Өткен жылы 28 км магистральді және 20 км орамішілік желілер салынды. Угольный кентінде жұмыстар аяқталды, ал басқа аудандарда әлі де жалғасады. 2025 жылы үйлер жаңа желілерге қосылуы тиіс.Бұдан басқа, көлемі 10 мың текше метр болатын екінші су көтергіште резервуар салынуда.– Ол ауыз су қорын құруға және сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті әкім.РТИ ауданындағы үйлерді қалпына келтіруге байланысты сумен жабдықтаудың, су бұрудың, резервуардың және көтергіш сорғы станциясының магистральдық желілерін салуға ЖСҚ әзірлеу басталды.Сондай-ақ, Саранда электр желілері жаңғыртылуда: қала балансына 9 фидер мен 52 км иесіз желілер берілді. Биыл фидерлерді ауыстыру, кабель қимасын ұлғайту және жарықтандырудың жаңа тіректерін орнату жоспарланған. Ақтаста да электр желілерін жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба аяқталады. Бұл жұмыстардың барлығы электр энергиясын беру сапасын жақсартуға тиіс.Кәріз желілері де назардан тыс қалмады – 35,5 км қайта құру жоспарланған. Жұмыстар үш кезеңде жүргізілетін болады.– Қала өсуде, жаңа нысандар пайда болуда, желілер жүктемені көтеруге тиіс. Біз сенімді инфрақұрылым құру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деп атап өтті Дарын Бұлқайыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/937994
Қарағандылық параатлеттер Біріккен Араб Әмірліктерінен бес медальмен оралды 21.02.2025
Дубайда (БАӘ) Fazza World Para Athletics Grand Prix 2025 әлемдік Гран-при сериясы аясында әлемнің ең мықты ерекше жеңіл атлетшілерінің сайысы аяқталды. Қарағандылық спортшылар Қазақстан құрамасының құрамында сегіз медальдің бесеуін жеңіп алды.Ядро лақтыруда 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков үздік атанды.Жүз метрге жүгіруден Руфат Хабибуллин үшінші орынды иеленді. Бірақ өткен маусымда ол өзін найза лақтыруда сынап көрді. Жаңа спорт түрінен нәтижесі – әлемдік Гран-при сериясының күміс медаліне ие болды.Игорь Хлыстов жүз метрге жүгіруден екінші орын алды.Ал бесінші жүлдені Бекжан Бөлкетай жеңіп алды – ұзындыққа секіруден күміс жүлдегер атанды.Параатлеттерді Сергей Безгачев жаттықтырады.Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойыншаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/938221
Қарағандылық зейнеткерлерді тегін спортпен шұғылдануға шақырады 21.02.2025
Қарағандыда қарттарға арналған Ұзақ өмір сүру орталығының қосымша учаскесі ашылады. Олар стретчинг, би, тыныс алу гимнастикасы және тренажер залына тегін бара алады.Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңа учаскесі Ермеков көшесі, 46/2 мекенжайы бойынша 3 наурызда жұмыс істей бастайды. Онда жаттығу залы, спортпен айналысуға және іс-шараларға арналған залдар, үстел ойындары бар. Сондай-ақ орталықта психолог пен заңгердің кеңесін алуға болады.Мұндай учаскені құру бастамасы Қарағанды белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлеріне тиесілі.– Біз қарттарға барлығы 27 қызмет түрін көрсетеміз. Мұның бәрі тегін. Қазір бұл қызметтерге фитнес орталығы да қосылады. Ол толық жабдықталған, штат та жоғары педагогикалық білімі бар жаттықтырушылармен жасақталған, – дейді Белсенді өмір сүру орталығы директорының орынбасары Мария Құсайынова.Орталыққа келуге өтініштерді зейнеткерлер қазірден бастап бере алады. Ол үшін зейнетақы куәлігін, 027у нысаны бойынша амбулаториялық картадан үзінді көшірмені, психоневрологиялық диспансерден анықтама мен флюорографияны қамтитын құжаттар топтамасын жинау қажет.1 наурызға дейін құжаттарды мына мекен-жайға жеткізу қажет: Қарағанды Орталық саябағы, 157 квартал, 106 учаске, Sport Line фитнес-клубы. Клуб сағат 09:00-18:00, түскі үзіліс сағат 13:00–14:00 аралығында жұмыс істейді.3 наурыздан кейін құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Ермеков көшесі, 46/2, Persona клубы. Жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.Қосымша ақпаратты (8-7212) 41-42-36 және 50-52-38 нөмірлері бойынша алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/938421
Қарағандыда қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформалары талқыланды 21.02.2025
Қарағандылық бизнесмендер ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековпен кездесуде салық реформаларына қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын білдірді. Пікірталас екі сағаттан астам уақытқа созылды. Осы уақыт аралығында түрлі салалар мен қызмет көрсету саласының 19 өкілі баяндама жасады. Ашық диалогта кәсіпкерлер өз ұстанымдарын білдірді.Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда Астанада бизнеспен кездесу барысында Үкіметке ҚҚС мөлшерлемесі бойынша мәселені қосымша пысықтауды тапсырған болатын. Жұмыс топтары жергілікті жерлердегі бизнес-қоғамдастықпен салықтық реформаларды талқылау үшін өңірлерге барады.Сараланған тәсілді енгізу мәселесі талқыланды.– Жалпы ҚҚС мөлшерлемесін 16% деңгейінде белгілеу ұсынылады, ал ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді салықтан толық босату жоспарланып отыр. Бірқатар салалар үшін аралық мөлшерлемені 10%-ға енгізу ұсынылды – деді Дәурен Темірбеков.Сондай-ақ, ҚҚС бойынша қолданыстағы есепке қою шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету ұсынылады.Ал кәсіпкерлер нөлдік ҚҚС қолдануды кеңейту қажет деп есептейді.– Бүгін мен ет өңдеу саласының, агроөнеркәсіп кешеніндегі маңызды сегменттің мүддесін білдіремін. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ҚҚС-тан босатылған, ал ет өңдеу кәсіпорындары өндірістік тізбектің қисынды жалғасы болып табылғанымен, әзірге жоқ. Тең жағдай жасауды ұсынамын. Бұл шешім салықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ет өнімдерінің тұрақты бағасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді кәсіпкер Денис Дедов.Теміртаулық республикалық қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Марина Бошель B2B-бизнеске қатысты мәселелерді көтерді.Түрлі салалар қозғалды: тұрғын үй құрылысы, заң және бухгалтерлік қызметтер, сауда және т. б.Өңірлік кеңес мүшесі Николай Абт көлеңкелі экономикамен күреске, жекелеген салаларды монополиясыздандыруға, мемлекеттік активтерді жекешелендіруге және ірі шикізат компаниялары үшін салық жеңілдіктерін қайта қарауға назар аударуды ұсынды. Ол экономика мен бизнес үшін ықтимал тәуекелдерге егжей-тегжейлі талдау жасады.Кездесуге қатысушылар экономиканы дамыту мен жұмыс орындарын көбейтуді қамтамасыз ететін шағын және орта бизнестің мүдделерін ескеруге шақырды. Барлық ұсыныстар «Атамекен» ҰКП арқылы қаржы министрлігіне жіберіледі.– Жақсы диалог болды. Көптеген ұсыныстар айтылды. Бәрін жазып алдық, әрине, талқылаймыз. Біз өңірлерді аралаймыз, ұсыныстардың бір бөлігі ұқсас. Жаңа салық кодексінде ескерілген сұрақтар да қойылды. Жұмыс жалғасады, соның ішінде Парламент алаңында да, – деп қорытындылады сөзін Дәурен Темірбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/938592
Қарғалы су қоймасында демалыс аймағы мен ойын-сауық саябағы салынады 21.02.2025
Жобаның жалпы құны – шамамен 4 миллиард теңге. Болашақта 200-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Облыс әкімі Қарғалы ауданына жұмыс сапары аясында су қоймасында болып, туристік аймақты дамыту жобасымен танысты.«Samet International» ЖШС-нің «Qargaly Eco Resort» жобасы тұрғын үй және ойын-сауық объектілерін, мейрамханаларды, спорт және ойын алаңдарын, сондай-ақ жайлы демалу үшін түрлі инфрақұрылымдық объектілерді қамтитын экологиялық таза курорттық аймақ құруды көздеп отыр.Компания жобаны өз қаражаты есебінен іске асырмақ. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 2022 жылы су қоймасының аумағында 29,2 млн теңгеге электр беру желісі жүргізілді.Жазда мұнда 8 және 4 орындық екі демалыс үйі жұмыс істей бастады, олардың жанында пирстер мен үш контейнер орналастырылған. Жоба су қоймасы аумағында туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қазақстаннан да, шетелден де туристерді тартуға ықпал ететін жаңа объектілерді одан әрі кеңейтуді және құруды септігін тигізбек.«Біз алдағы су тасқынына дайындық аясында Қарғалы су қоймасының жай-күйін қарап шықтық. Бүгінде ол 200 миллион текше метрге толды. Көктемде тағы 150 миллион текше метр су келеді деп күтілуде. Біз жағдайды мұқият қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз. Сонымен қатар, су қоймасының айналасын абаттандыру жоспарлануда. Мұнда жергілікті тұрғындар мен туристер үшін бірегей демалыс орнын құрмақпыз.Қарғалы ауданындағы табиғат өте керемет және біз мұнда туризмді белсенді дамытамыз. Жолдарды ретке келтіріп, ұялы байланысты жақсартамыз. Біз ауданда туристік саланы дамыту бойынша өз идеяларын ұсынған кәсіпкерлермен кездестік және оларды міндетті түрде қолдаймыз. Туризмнің дамуы Қарғалы ауданының өсуі мен өркендеуі үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдімін», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938903
Харбиндегі қысқы Азия ойындары мәресіне жетті 21.02.2025
Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады.Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды.Күміс жүлдені биатлоншы Вадим Куралас пен эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан аралас құрама, шаңғыдан Константин Бортцов пен әйелдер құрамасы, шорт-тректен әйелдер және аралас құрама, конькимен жүгіруден Евгений Кошкин және шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы жеңіп алды.Ал конькимен жүгіруден әйелдер құрамасы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров, шаңғышы Олжас Климин, шаңғыдан ерлер құрамасы, фристайл-акробатикадан Аяна Жолдас пен әйелдер құрамасы және биатлоннан әйелдер құрамасы Азиаданың қола жүлдегері атанды.Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының 137 атлеті 6 спорт түрінен 10 дисциплинада сынға түсті. Харбиндегі дүбірлі додада жалпы 9 елдің спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.Айта кетейік, келесі қысқы Азия ойындары 2029 жылы Сауд Арабиясында өтеді. Фото: Тұрар ҚАЗАНҒАПОВФото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938879
Харбиндегі ІХ қысқы Азия ойындары: Ел мерейін асқақтатқан қазақ спортшылары 21.02.2025
АЛТЫН медаль иегерлері:🥇 Хоккей. Ерлер құрамасы🥇 Шорт-трек. Ерлер. (5000 м) Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев, Глеб Ивченко🥇 Фристайл-акробатика. Ерлер. Синхронды секіру. Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов🥇 Биатлон. Владислав КиреевКҮМІС медаль алғандар:🥈 Шорт-трек. Аралас эстафета. (2000 м) Яна Хан, Малика Ермек, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов🥈 Конькимен жүгіру. (100 м) Евгений Кошкин🥈 Шаңғы жарысы (спринт). Константин Борцов🥈 Шорт-трек. Әйелдер. (3000 м) Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова🥈 Аралас фристайл–акробатика. Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев🥈 Биатлон. Вадим Куралес🥈 Шаңғы жарысы. Әйелдер. Камила Елгазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина🥈 Биатлон. Ерлер. Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев🥈 Хоккей. Әйелдер құрамасыҚОЛА медаль кімге бұйырды:🥉 Фристайл–акробатика. Аяна Жолдас🥉 Конькимен жүгіру. Надежда Морозова, Кристина Силаева, Дарья Важенина🥉 Шаңғы жарысы (10 км). Олжас Климин🥉 Фристайл-акробатика. Әйелдер. Синхронды секіру. Аяна Жолдас, Ардана Маханова🥉 Шаңғы жарысы. Ерлер. Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин, Владислав Ковалев🥉 Биатлон. Әйелдер эстафетасы. Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова, Елизавета Белецкая🥉 Мәнерлеп сырғанау. Михаил ШайдоровАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/938887
Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі қыш тақтайшаға «Жұмысшы мамандықтар жылы» логотипін салды 21.02.2025
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі қыш тақтайшаға «Жұмысшы мамандықтар жылы» логотипі салынған ерекше жоба ұсынды. Бұл жоба туралы идея фестивальге дайындық барысында туған. Кәсіби шеберлік пен шығармашылықтың жарқын көрінісі болған жобаны авторлары екі күнде дайындаған. Жобаның авторы — колледжде 10 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Рымбек Қапашұлы. Бұл жұмысты орындауға колледж студенттері де белсенді қатысып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолданды. Сонымен қатар колледж «Жұмысшы мамандықтар жылы» логотипі бейнеленген бұйымдар мен шыны ыдыстар әзірледі. Бұл кәдесыйлар фестиваль ұсынған ерекше жобалардың бірі болды. «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен қатар жұмысшы мамандықтар саласында қолданылатын заманауи технологияларды таныстыратын маңызды алаңға айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938358
Астаналық колледж студенттері ландшафттық дизайн бойынша виртуалды тур ұйымдастырды 21.02.2025
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Астана қаласының Сервис және туризм колледжінің студенттері ерекше жоба — ландшафттық ғимарат ішін виртуалды аралауды ұсынды. Іс-шараға қатысушылар тек көркем абаттандырылған аумақты VR-технологияларының көмегімен толықтай виртуалды түрде көре алды. Бұл жоба студенттердің осы оқу жылында алғаш рет ашылған жаңа мамандықтар — ландшафттық дизайн және флористика бағыттары бойынша жұмыстарының нәтижесі. «Бұл жобамен жұмыс жасау бізге ерекше қызықты болды. Біз 3D-моделдеу мен визуалдау бағдарламаларының қолданылуын меңгеріп, заманауи технологиялардың жобалау процесін қалай жақсартатынына көз жеткіздік. Жұмысшы мамандықтар фестивалі — біздің жаңа кәсіби мүмкіндіктерімізге жол ашатын маңызды алаң», — деп атап өтті колледж студенті Артур Васильев. Ландшафттық дизайнер мамандығы қазіргі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұл сала мамандары аумақты тек көркемдеп қана қоймай, оның функционалды бөліктерін дұрыс ұйымдастыру, көгалдандыру, жайлы орта қалыптастырады. Студенттердің жобасы фестивальге келгендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938362
Allur кәсіпорыны мен Қостанай колледжінің серіктестігі: автоөндіріс пен кәсіптік білім берудің дамуына жасалған қадам 21.02.2025
Allur автозауыты мен Қостанай автомобиль көлігі колледжі арасындағы ынтымақтастық бірнеше бағытты қамтиды. Осыдан 4 жыл бұрын бұл колледжді шефтік қамқорлыққа алған «Allur» автозауыты маман даярлау сапасын арттыру және оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысып келеді. Бүгінде колледжде 13 мамандық бойынша 1400 студент білім алады. Соңғы бес жыл ішінде колледж студенттері автомобиль және IT құзыреттіліктерінде WorldSkills Ұлттық чемпионатында тұрақты түрде жеңіске жетіп келеді. Студенттер Абу-Дабиде өткен WorldSkills, Будапештте Euroskills, Казанда WorldSkills, сондай-ақ Оңтүстік Кореядағы халықаралық чемпионаттарға қатысты. 2023 жылдың қыркүйегінде колледждің екі түлегі EuroSkills Gdańsk-2023 чемпионатының қола жүлдегері атанып, 2024 жылы Данияр Әбікенов Лиондағы WorldSkills чемпионатының әлемдік кезеңінде кәсіби шеберлігі үшін медальмен марапатталды. Сонымен қатар, колледждің әрбір оқытушысы зауытта тағылымдамадан өтеді, бұл оқыту сапасын жақсартуға және студенттерге индустрияның заманауи талаптарына сәйкес келетін білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Студенттер үшін автозауыттың өндіріс алаңдарында еңбекақы төленетін тәжірибелер ұйымдастырылды.Ынтымақтастық шеңберінде автомобиль өндірісі мен сервистік қызмет көрсетудің заманауи технологиялары бойынша мамандар даярлауға бағытталған бірнеше білім беру бағдарламалары құрылды. Бұл бағдарламалар нарық талаптарын ескере отырып жасалған, ол студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Нәтижесінде, колледж түлектеріне оқу аяқталғанға дейін жұмысқа орналасу туралы ұсыныстар түседі. Қостанай автомобиль көлігі колледжі мен Allur автозауытының арасындағы әріптестік автомобиль саласы үшін білікті мамандар әзірлеуге бағытталған білім беру мен өнеркәсіптің табысты интеграциясының үлгісі болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938746
Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері инновациялық жылыту жүйесін ұсынды 21.02.2025
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Алматы энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері өздері әзірлеген автономды жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйесін таныстырды. Ол орталықтандырылған желілерден дербес жұмыс істейді, энергияның жоғары тиімділігі мен экологиялық тазалықты қамтамасыз етеді. Автоматты басқару жүйесінің арқасында температура жоғары дәлдікпен реттеледі, бұл жылу шығындарын азайтуға және жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялармен жұмыс жасай отырып, студенттер өзекті инженерлік шешімдерді меңгеріп қана қоймай, болашақ кәсіби қызмет үшін қажетті практикалық тәжірибе алады. «Бұл жоба теориялық білімді іс жүзінде қалай қолдануға болатындығын нақты көрсетеді. Біз жай ғана оқып жатқан жоқпыз — нақты жұмыс жағдайларына дайындалып жатырмыз, оқуды бітіргеннен кейін біздің түлектеріміз өндіріске дайын маман болып барады», — дейді колледж студенті Қырықбай Алпамыс. Мұндай бастамалар оқушылардың білімін арттырып қана қоймай, олардың кәсіби құзыреттерін дамытады. Инновациялық технологиялармен жұмыс тәжірибесі студенттердің заманауи өнеркәсіптің талаптарына бейімделуіне ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938748
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Жұмысшы мамандықтар қаласына барды 21.02.2025
Фестиваль алаңында ол 8 тақырыптық көшенің жұмысымен танысты. Атап айтқанда, тау-кен ісі және металлургия, машина жасаушылар мен көлік қызметінің мамандары, құрылысшылар және т. б. Естеріңізге сала кетейік, Фестиваль елордада 11-15 ақпан аралығында Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/938828
ЖОСПАР-2025: ШЫМКЕНТТЕ 59 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ЖӨНДЕЛЕДІ 21.02.2025
Биыл Шымкент қаласының басты көшелерінде орналасқан 59 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстар көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңартып, бірыңғай сәулеттік келбет қалыптастыруға бағытталуда.Қазіргі таңда техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Техникалық зерттеу нәтижелері бойынша жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлердің тізімі анықталды. Атап айтқанда:1. Әл-Фараби ауданында – 20 көппәтерлі тұрғын үй2. Еңбекші ауданында – 8 көппәтерлі тұрғын үй3. Тұран ауданында – 31 көппәтерлі тұрғын үй.Осы тізімге енген үйлерге ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/938710
Жаңа технологиялар және өндіріспен ынтымақтастық: университеттер «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде қандай жобалар ұсынды 21.02.2025
Жаңа технологиялар және өндіріспен ынтымақтастық: университеттер «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде қандай жобалар ұсындыМемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 11-15 ақпан аралығында Астанада EXPO көрме алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтіп жатыр.Фестиваль болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзара ынтымақтастық алаңына айналады.Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады.«Жұмысшы мамандықтар» қаласында Satbayev University, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің көрме нысандары, сондай-ақ «Мамандығым – Болашағым» жобасы ұсынылған. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті фестивальде Қазақстандағы ең ірі автоөндіруші Hyundai Trans Kazakhstan-мен бірлесіп автомобиль бояу бойынша бірегей VR-зертханасын таныстырды. Бұл инновациялық әзірлеме – университеттің 100% өнімі. Зертхананың көмегімен студенттер университет қабырғасынан шықпай-ақ Hyundai Trans Kazakhstan бояу цехында болып, автомобиль бояуының озық технологияларымен таныса алады, сондай-ақ лакбояу материалдарды жағу бойынша практикалық дағдыларды алу мүмкіндігіне ие. Өз кезегінде, өндіріс жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлерді шығын материалдарын пайдаланбай оқытады. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті инженерлік технологиялар саласындағы ең жаңа жетістіктерді көрсетті. Университеттің таныстырылымында көлік саласын трансформациялау бағытындағы маңызды жобалар ерекше назарға алынды. Осы бағыттағы басты жобалардың бірі – Лу Бань шеберханасы болды. Лу Бань шеберханасы осы саладағы электрлі көліктер, көлік басқарудағы жасанды интеллект және көлік ағындарын оңтайландыру сияқты өзекті тақырыптарға негізделген.Фестивальде таныстырылған тағы бір маңызды жоба – мобильді платформа, ол роботтардың автопилоттық жүйесімен жұмыс істеу принциптерін зерттеуге арналған. Бұл платформа көлік тасымалдау, жеткізу және басқа да арнайы міндеттер үшін қолданылуы мүмкін. Роботтың жұмыс істеу принципі бойынша ол толықтай автономды режимде қозғала алады. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті студенттері мен ғалымдары көрмеде «VR виртуалды кен орны» технологиясын таныстырды. VR технологияның көмегімен студенттер виртуалды ортада түрлі кен орындарын зерттеп, теориялық білімдерін бекіте алады. Жобаның артықшылығы – қауіпсіз эксперименттік орта, виртуалды экскурсиялар, интерактивті және иммерсивті оқу процесі. «Мамандығым – Болашағым» жобасы аясында жаңа кәсіптердің Өңірлік атластарын әзірлеу бойынша жұмыс нәтижелері таныстырылды. Атап өтер болсақ, қазіргі уақытта жоба 9 аймақты қамтиды және оны барлық өңірлерді толықтай қамту жыл соңына дейін жоспарланған. Сондай-ақ жоба аясында экономиканың 43 саласында 500-ден астам жаңа кәсіп анықталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/938775
Қанат Шарлапаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде болды 21.02.2025
Бүгін ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде болды. Ол болашақ мамандарды, жұмыс берушілерді және кәсіптік білім беру ұйымдарын біріктірді. Бұл Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы алғашқы ауқымды іс-шара.Министр тау-кен, металлургия, машина жасау, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары бойынша кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау барысымен танысты.Министрлік бақылайтын салалар бойынша 13 тақырыптық үй ұсынылды, олар Тау-кен ісі және металлургия, Машина жасаушылар және Құрылысшылар көшелерінде орналасқан.Фестиваль Қазақмыс корпорациясы, QARMET, Eurasian Resources Group, AK Altynalmas, Tau-Ken Samruk, Allur, BI Group, Nur Astana Құрылыс, Сардар Групп, «Қазақстан автомобиль одағы» ЗТБ демеуші компаниялардың қолдауымен ұйымдастырылды.Тақырыптық үйлер келесі оқу орындарының тікелей қатысуымен құрал-жабдықтармен жабдықталған: Семей қаласының геологиялық барлау колледжі, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі, Степногорск тау-кен техникалық колледжі, Теміртау жоғары политехникалық колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, ASTANA автокөлік колледжі, Қостанай жоғары көлік колледжі. ПОЛИТЕХНИКА, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, Астана қаласы әкімдігінің сервис және туризм колледжі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/938675
Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама: құқық қолдану тәжірибесінің мәселелері 21.02.2025
Алматыда «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңға арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил, мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қауымдастықтың өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның негізгі тармақтарын талқылады. Д. Кеңбеил заңның тиімді тұстары мен оның алғашқы нәтижелеріне тоқталды. Осылайша, енді сатып алулардың жеңімпаздары 10 жұмыс күні ішінде анықталады, ал рейтингтік-баллдық жүйе бойынша конкурстар небәрі 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Бұл ретте жергілікті жеткізушілер үшін шартты жеңілдіктер 1-ден 2%-ға дейін ұлғайтылды.Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша келісім-шарттар жасалып, жеңімпаздардың басым бөлігі болып жергілікті компаниялар анықталған. Ағымдағы жылдың бір жарым айында жалпы құны 1,3 триллион теңгеден асатын 330 мың келісімшарт жасалса, өткен жылы осы кезеңде 339 миллиард теңгеге келісімшарт жасалған.Қатысушылар жаңа Заңның бизнес-климатқа оң ықпалын, сатып алынатын тауарлардың сапасын арттырып, отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталғанын атап өтті.Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил : «Біздің министрлік мемлекеттік сатып алудың барынша ашық жүйесін құруға ұмтыла отырып, бизнес пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарына әрқашан ашық», - деп атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/938776
Қор нарығының қатысушыларымен кездесу өткізілді 21.02.2025
2025 жылдың 14 ақпаны KASE конференциясы аясында «Tabadul Digital Hubs-ке қосылу» капитал нарықтарының инфрақұрылымын дамыту бойынша негізгі аспектілер талқыланды.Іс-шара аясында Қаржы вице-министрі Кенбеил Д.М. екінші деңгейдегі банктердің, қаржы ұйымдарының және нарықтың басқа қатысушыларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында ағымдағы жылға арналған негізгі қарыз алу жоспары мен бағыттары ұсынылды. Кездесу қатысушылары Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының тартымдылығын арттыру бойынша ұсыныстар беріп, инвесторлардың шешім қабылдауына әсер ететін факторларды талқылады.Конференция мемлекет пен қаржы нарығына қатысушылар арасындағы диалог үшін маңызды платформаға айналып, капитал нарығы инфрақұрылымын дамытудың негізгі басымдықтарын анықтады.Конференция барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ұлттық капитал нарығын дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды. Осы бағыттағы елеулі үлесі үшін Қаржы министрі М.Такиев және министрлік командасы «Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудағы 20 жылдық табысты серіктестік» дипломымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/938809
Қарғалының шаруалары мемлекеттік қолдаулар тетіктерін тиімді пайдалануда 21.02.2025
Қарғалы ауданының Қос-Естек ауылында «Қуаныш» шаруа қожалығы әулиекөл сиырының тұқымын өсірумен айналысады.Қарғалы ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қос-Естек ауылында болды. Ол әулиекөл ірі қара малының тұқымын өсірумен табысты айналысып жатқан «Қуаныш» фермерлік шаруашылығына барды.2023 жылы шаруашылық 100 бас аналық ірі қара мал мен 4 өндіруші бұқаны сатып алып, екінші жылы жоғары нәтижеге қол жеткізген, бүгін малдың 85% төлдеген. Қазір фермерлер мал басын 500 аналыққа жеткізіп, Қазақстан аумағында малды сату мақсатында тұқымның көбеюін дамытуды жоспарлауда. «Қуаныш» ФҚ зоотехнигі Арман Илюповтің айтуынша, әулиекөл тұқымы өңірдің климатына жақсы бейімделген және күтімі қиындықтар туғызбайды.Шаруашылық сонымен қатар өсімдік шаруашылығымен айналысады, өзін-өзі жеммен қамтамасыз етеді. 2024 жылы 1118 гектар жерге бидай, арпа және сұлы еккен.Облыс әкімі шаруашылық жұмысының тыныс-тіршілігімен танысып, қожалық басшылығымен одан әрі дамыту жоспарларын талқылап, фермерлерді мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай бастамалар өңірдегі экономикалық жағдайды жақсартуға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға көмектесетінін алға тартты.Содан кейін аймақ басшысы Қос-Естек ауылында орналасқан «Моя семья» наубайханасына барды.Оны тоғыз бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Наталья Роде ашқан. Балалармен бірге олар 700-ге дейін нан және басқа да нан өнімдерін пісіріп, ауылдарға жеткізеді.«2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында төрт миллион теңге көлемінде грантқа ие болдым. Осы ақшаға жабдықтар мен пештер сатып алдым. Бастапқыда нанды үйде пісірдім, қыздарым көмектесті, ал ұлдар нан тасымалдаумен айналысты. Нан-тоқаш өнімдері сұранысқа ие бола бастады және біз кәсіпті кеңейтіп, наубайхана салуды жөнінде шешім қабылдадық. 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қамыр илейтін құрал-жабдық, қалып және тоңазытқыш сатып алу үшін 1,3 миллион теңге көлемінде несие алдық. Біз бұл несиені тезірек жауып, ол отбасылық бизнесіміздің дамуына оң әсер етті», - деді Наталья өз ісі туралы.Енді кәсіпкер мемлекеттік қолдау бағдарламасы арқылы нан тасымалдау үшін көлік сатып алуды жоспарлап отыр.«Ауылдағы отбасылық бизнес - бұл тұрақтылық пен өсудің кепілі. Мұнымен тоқтамай, әрі қарай дамыңыздар. Балаларыңыз сізге көмектесіп жатыр - бұл дәстүр мен сабақтастықты сақтаудың маңызды қадамы. Нанға деген қажеттілік әрқашан болады. Табысқа жетудің барлық негіздері жолға қойылған», - деп әкім кәсіпкерге табыс тіледі.Бұдан әрі облыс әкімі Велиховка ауылында болып, Юрий Барановтың басшылығымен 1999 жылдан бері дамып келе жатқан жергілікті фермерлік шаруашылықтың қызметімен танысты.«Велиховка» ШҚ өсімдік және мал шаруашылығымен айналысады. Егістік алқаптарының ауданы – 4 405 га, шабындық – 536 га, тағы 1 968 га жайылымға бөлінген. Мал басының саны 400-ге жуық. Былтырғы жылы 4 297 га дәнді дақылдар егілді, 228 га жемшөпке бөлінді.Шаруашылық заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған. Бүгінгі таңда фермада 30 адам жұмыс істейді, олар кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.«Ауыл шаруашылығын дамытып қана қоймай, бүкіл аймақтың өркендеуіне ықпал ететін жұмыс орындарын құратын фермерлерге қолдау көрсету маңызды. Біз бизнесті кеңейтуге, жабдықты жаңартуға және еңбек жағдайларын жақсартуға көмектесетін бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз орнықты дамуға қол жеткізе аламыз, ауылдық жерлердегі өмірді жақсарта аламыз және келер ұрпақ үшін табысты болашақты қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938754
Бадамшада «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Балапан» балабақшасы жөнделді 21.02.2025
Ғимаратты жөндеу 2024 жылы аяқталған, оны «Бабэк Құрылыс» ЖШС компаниясы жүзеге асырды. Жұмыс құны – 176,6 млн теңге. Күрделі жөндеу және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи өрт дабылы жүйесі орнатылған, электрмен жабдықтау ретке келтіріліп, балабақша аумағы абаттандырылды, балалар карусельдері мен ойын алаңдары қойылды.Қарғалы ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы Бадамшадағы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөнделген мектепке дейінгі мекемеге барды. Әкім атқарылған жұмыстарды бағамдап, балалардың тұрғын жағдайларымен танысты.«Балапан» мектепке дейінгі мекемесінің директоры Жанат Биманбаева сәбилердің жайлы және қауіпсіз ортала тәрбиеленуі үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Қазір балабақшаға 82 бала келеді, штат 29 қызметкерден тұрады, оның ішінде 13 тәрбиеші мен әдіскер бар. Аудан орталығында балабақша кезегінде екі жасқа дейінгі 31 бала тұр.Балабақшада балалардың көркемдік дамуына арналған кабинет, ойын бөлмелері, музыка залы, медициналық кабинет жаңартылды. Ас блогында тоңазытқыш камералары бар заманауи ас үй жабдықтары орнатылған. Балабақша ғимаратында мұғалімдердің жұмысына ыңғайлы болу үшін Wi-Fi бар.«Біз балалар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін ауылдарда инфрақұрылымды белсенді қолдауды және дамытуды жалғастырамыз. Бұл тұрғылықты жеріне қарамастан, әр бала үшін тең мүмкіндіктер бағытындағы маңызды қадам. Әр баланың әлеуетін ашуға көмектесетін сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет. Балалардың психикалық дамуына ерекше назар аудару керек. Қажет болса, біз Монтессори сияқты мамандандырылған кабинеттерді немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін түзету кабинеттерін ашамыз. Бұл әр балаға жалпы дағдыларды дамытып қана қоймай, жеке ерекшеліктеріне қарамастан үйлесімді дамуға көмектеседі», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938826
Қарғалы ауданының ауруханасына жапсарлас ғимарат салынады 21.02.2025
Қарғалы ауданына жұмыс сапары кезінде облыс әкімі орталық ауруханаға барып, диагностикалық бөлімшені орналастыру үшін салынатын қосымша жобамен танысты.Аудандық аурухананың бас дәрігері Берік Жаржанов бұл нысан пациенттерге қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға және диагностика мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.Аурухана 1955 жылы салынған. Оның жанында 54 төсек-орынға шақталған стационар жұмыс істейді. Сондай-ақ, бір ауысымда 150 науқасқа қызмет көрсететін емхана бар. Ауруханаға 6 дәрігерлік амбулатория және ауданның 9 медициналық пункті бекітілген. Аурухана ұжымы 162 адамды құрайды.«Қарғалы ауданы қарқынды дамуда. Мұнда жаңа үйлер салынуда, халық саны артып келеді. Жапсарлас нысанды салу және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту - бұл процестің маңызды қадамы. Аудан тұрғындары сапалы медициналық қызмет алуы үшін біз денсаулық сақтау жұмыстарын қолдап, жақсартуды жалғастырамыз», - деді облыс әкімі.Өңір басшысы ауруханаға қосымша құрылыс салу жобасын қаржыландыру мәселесі облыстық мәслихат сессиясында қаралатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/938841