Enbekshi QazaQ

Қуқық

Инфрақұрылымды жаңғырту жобалары халықтың өмір сапасын арттыруға оң ықпал етті 01.02.2025
Аймақта экономиканың өсімін қамтамасыз етумен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше басымдық берілуде. Өңір тұрғындарының сапалы ауыз су пайдалану көрсеткіші – 98,6 пайыз. Биыл барлық елді мекенге сапалы ауыз су 100 пайыз жеткізіледі. Газбен қамту деңгейі 78 пайыз, алдағы меже – 83 пайызға дейін арттыру.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Жылумен қамту нысандары мен желілерін жаңғыртуға былтыр 12 млрд. теңге қаржы бөлініп, дайындық жұмыстары уақытылы жүргізілді. Соның арқасында жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде.Жол инфрақұрылымына қатысты да оң өзгерістер бар. Өңірдегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті, биыл тағы 329 шақырым жол жөнделіп, бұл көрсеткіш 95 пайыздан асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен «Қорқыт Ата әуежайының» жаңа терминалы салынып, іске қосылды. Сонымен қатар, заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға беріліп, теміржол вокзалы қайта жаңғыртылды. Қоғамдық көлік мәселесі де толық шешілді, оған қоса 100 электромобиль тұрғындарға экотакси қызметін көрсетуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926708
Облыстағы құрылыс қарқыны жоғары 01.02.2025
Қызылорда облысында құрылыс жұмыстары республикалық орта көрсеткіштен 41 пайызға жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлім етті.Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 2 500-ден астам пәтер табысталды. Аймақта жаңа әлеуметтік нысандар бой көтеруде. 2024 жылы 69 жаңа ғимарат салынып, бүгінде 25 білім, 16 денсаулық сақтау, 11 мәдениет, 17 спорт нысаны ел игілігіне қызмет етуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салу жоспарланған. Бүгінде 5 білім ордасы пайдалануға берілді, 5 мектеп жаңа оқу жылына дейін табысталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 28 нысан салынды.Облыстың барлық ауылындағы денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық көлік алынып, жедел жәрдем мәселесі толық шешілді. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4 млрд. теңге қаржы бөлді. Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Мұнан бөлек, қордың 1 млрд. 100 млн. теңге қаржысына скрининг жүргізуге арналған жылжымалы кешен алынып, ауыл тұрғындарына үздіксіз медициналық қызмет көрсетуде.Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 млрд. теңгеге жуық қаржыға облыс орталығы мен аудандарда жаңа ғимараттар, парктер, ойын алаңдары салынып, мемлекет теңгеріміне өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926713
«Таза Қазақстан»: өңірлік жоспар аясында кешенді жұмыс жүргізілуде 01.02.2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында өңірлік жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына 736 мың адам қатысып, 176 800 түп тал егілді. Акция басталғалы ауылдарды қолдау, ынталандыру мақсатында дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп, 2,1 млрд. теңгеге күнделікті тұрмысқа қажетті 67 техника табысталды. Коммуналдық сала кәсіпорындарына, табиғатты қорғау мекемелеріне 309 арнайы техника сатып алынды. Қызылорда қаласының орталық алаңы, аудандарда демалыс орындары қайта жаңғыртудан өтті. Биыл бірнеше саябақ қайта жаңартылады», – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, Қызылорда қаласындағы 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталды, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылды. Теміржол вокзалы ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өтті.Балалардың игілігі үшін 80 ойын және спорт алаңы, Жаңақорған ауданында демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер аллеясы» пайдалануға берілді. Қармақшы ауданы Жаңажол ауылының орталық алаңы және Жалағаш ауданы Таң ауылының көшелері абаттандырылып, жарықтандырылды. Облыстық бюджеттен бөлінген 800 млн. теңгеге 17 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары, 200 млн. теңгеге 14 спорт және ойын алаңы салынып, 7 балалар ойын алаңы жөндеуден өткізілді.Демеушілер есебінен 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбеті заманауи үлгіде әрленуде. Аудандарда 320 млн. теңгеден астам қаржыға көшелер абаттандырылып, ойын алаңдары мен скверлер салынды. Өткен жылы аймағымызда мекеме ғимараттарының қасбеті, аулалардағы балалар ойын және спорт алаңдары, көшелердегі жарықтандыру мен аялдамаларды әрлеу, сырлау, безендіруге біркелкі дизайн код бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926719
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ТАБИҒИ ШЫРЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 01.02.2025
Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округінде орналасқан «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативі табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуда. Цех қуаттылығы тәулігіне 1 тонна шикі өнімді өндіруге қауқарлы. Жоба құны – 682 412 500 теңге. Кәсіпкер жеміс өнімдерін сақтайтын 500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен аяқтауға жақын. Цех іск қосылғанда алма, шие, қара өрік шырынын дайындауды жоспарлап отыр.Өндірістік кооператив иелігіндегі 138 гектар аумақтың 110 гектарына 300 мыңға жуық қарқынды алма бауын еккен. Тамшылатып суару жүйесі арқылы өсірілген «Гренни Смит», «Айдаред», «Голден делишес», «Гала» сортты алмаларын еліміздің барлық өңірлерімен қатар, алыс-жақын шетелге экспорттайды.Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Амантайұлы цехтың құрылысы, өндірістік кооператив жұмысымен танысты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926911
Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады 01.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.«Біз инвестициялар тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инженерлік инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін құру және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс атқаруға тиіспіз.Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жауапты шешімдер қабылдап, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға толық жауапты болуы тиіс.Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже және әрбір басшының жұмысының тиімділігі – орталықта да, жергілікті жерлерде де қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысу керек, әуре-сарсаңға салмау керек, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыт, кәсіпорын, өндіріс салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет.Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926912
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ТАСЫМАЛЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ 01.02.2025
Түркістан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалына қарсы күрес күшейтілді. Облыс аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 2024 жылдың өзінде мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 567 фактісі анықталып, 32 370 литр дизель отыны мен 6008 литр бензин тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу мақсатында 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.Аталған жұмыстар Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр.Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Әбдізақованың айтуынша, Түркістан облысының әкімдігі жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ көлеңкелі нарыққа тосқауыл қою мақсатында жүйелі түрде тексеру жүргізуде. Оның құрамына кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, қаржы мониторингі агенттігі, көлік инспекциясы, табиғи монополияларды реттеу комитеті және жергілікті атқарушы органдар кіреді.Басты мақсат – мұнай өнімдерінің жасанды тапшылығын болдырмау, алыпсатарлыққа жол бермеу және заңсыз тасымалдың алдын алу.Қазіргі таңда Түркістан облысында 380 жанармай құю бекеті және 9 мұнай базасы заңды негізде жұмыс істеп тұр. АИ-92, АИ-95 және дизель отыны еркін сатылуда, және өңірде мұнай өнімдеріне тапшылық тіркелген жоқ.Түркістан облысының әкімдігі заңсыз жанар-жағармай тасымалын болдырмау мақсатында бақылауды күшейтіп, тиісті шараларды жалғастыра беретін болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/926915
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ 6 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ АСҚАЗАНЫНАН 1 КЕЛІ ШАШ АЛЫП ШЫҚТЫ 01.02.2025
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жасар қыз баланың асқазанына күрделі ота жасады. Асқазанда өте үлкен мөлшердегі бөгде заттар анықталған пациент шұғыл түрде Түркістан каласынан Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Сол мезетте асқазанға ЭФГДС процедурасын жасау арқылы бөгде зат анықталып, күрделі ота жасалды. Ота кезінде дәрігерлер бүлдіршіннің асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шаш алып шықты. Асқазаннан шыққан шаштың салмағы бір келіге жуық. Ота сәтті өтіп, емделуші бір күннен кейін палатаға ауыстырылды. Бір аптаға жуық ауруханада ем алған қыз баланың жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды.Анасының айтуынша, баланың аурғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағының ауырсынуына, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, салмағының төмендеуіне шағымданған.«Отаның ұзақтығы бір сағатқа созылды. Ота өте сәтті өтті. Жалпы мұндай жағдайлар баланың қараусыз қалғанынан болады. Кішкентай балалар түрлі заттарды аузына салып, салдарынан ішке зиянды заттар жиналады. Бұл жағдай баланың өмірі үшін қауіпті болғандықтан, ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауларын ескертеміз. Түркістан облыстық балалар ауруханасында хирургиялық көмектер тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында көрсетіледі» деді Облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Мұқағали Темірбеков.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927263
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК БАЛАЛАР ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНА БАРДЫ 01.02.2025
Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері «Тау самалы» демалыс аймағына саяхатқа барды.Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың ұйымдастыруымен «Таудағы бір күн» тақырыбымен өткен саяхатта балалар аспалы жолмен таудың биік нүктесіне шықты. Демалыс орнын жоғарыдан тамашалап, тюбингпен, шанамен сырғанады.Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуді мақсат еткен саяхатқа жалпы 54 бала барған.Шара барысында балаларға «Шымкент цирк» мекемесі тау баурайына арнайы келіп, өнер көрсетті. Жастар ресурстық орталығының мамандары балалар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марапаттады.Айта кетсек, тауға саяхат дәстүрі жыл көлемінде жалғасын табады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927264
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «КӨСЕМ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ 01.02.2025
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың туғанына – 113 жыл.Сайрам аудандық Қазақ халық театры қоғам қайраткерінің құрметіне «Көсем» атты психологиялық мұңды драмасын сахналады. Бұл тақырыптағы пьеса тұңғыш рет қойылып отыр.Қойылымды тамашалауға аудан әкімі Арман Сәбитов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.Оқиға өткен ғасырдың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен елін әділ басқарған Дінмұхамед Қонаев төңірегінде өрбиді. Сахнада сол кезде Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Ахметұлы себепсіз жұмыстан алынуы, Мәскеуден оған жасалған қысым мен жастардың азапталуы көңіл толқытады. Саяси көзқарасы мен сол кездегі «лениндік» саясатты бетке ұстап, қарсылығын білдірген жастар дара қайраткерін барынша қорғайды. Елдік мүддені биікке көтереді.Осынау қойылымды деректерге сүйеніп, көркемдеген автор — халықаралық Жамбыл сыйлығының иегері, доцент, Сайрам ауданының Құрметті азаматы Болаттемір Алтаев. Ал режиссері Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иесі Әскер Құлданов.Қойылым соңында театр ұжымына аудан әкімінің Арман Сәбитовтің және «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Түркістан облысы, Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» Шәріпбек Жамалбековтің, Халықаралық Д.А.Қонаев қорының вице-президенті Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» Шатырхан Керімбековтің ықылас гүлі табысталды. Олар сахна төрінде шығармашылық топпен арнайы кездесіп, театр ұжымының өнерін жоғары бағалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927265
ТҮРКІСТАН: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ АМЕРИКАЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ТАЛҚЫЛАДЫ 01.02.2025
Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Америка Құрама Штаттарынан арнайы келген инвестормен кездесіп, білім саласын дамытуға арналған бірегей жобаны талқылады. Қазақстанның тумасы Даяна Музан Түркістан облысында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын балабақша мен мектеп ашу бойынша әлеуметтік жобасын таныстырды. Жекеменшік білім ұясы қазақ тілін терең меңгеріп, шет тілдерін үйрететін, спорт пен музыкаға баурайтын бірегей жоба болмақ.Пилоттық жоба батыстың еуропалық білім беру стандарттарын сақтай отырып, білім сапасын арттыруға бағытталған. АҚШ азаматшасы оқушыларға жайлы, арнайы қалашығы бар мектепке жергілікті педагогтарды жұмысқа тартпақ. Келіссөздер барысында облыс әкімі бірегей жобаның жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкімет жұмысының басты бағыттарын айқындады. Оның ішінде білім беру саласын дамыту, инвестиция тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Жүйелі негізде біз әртүрлі елдердің инвесторларымен кездесеміз. Өңірде білім сапасын арттыруға басымдық берілген. Біз, өз тарапымыздан бұл бағыттағы жұмыстарды бюрократиясыз, қысқа мерзімде шешуге бар күшімізді саламыз, – деді Нұралхан Көшеров.Облыс әкімі білім ошағының құрылысын жүргізетін аймақты таңдаған кезде халықтың тығыздығын, инженерлік желілер мен инфрақұрылымға қосылу мүмкіндігін ескеру қажеттігін атап өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927283
ТҮРКІСТАН: КОРЕЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЕНДІРМЕК 01.02.2025
Түркістан облысы озық ауыл шаруашылығы технологиялары мен халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айнала отырып, агроөнеркәсіптік секторға инвестициялар тартуды жалғастыруда. Бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеров Корея елінен арнайы келген бір топ инвесторлармен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар бірқатар маңызды жобаларды жан-жақты талқылады.Кәсіпкерлер құрама жем өндірісін дамытуға, ірі қара мал өсіруге және озық корей технологияларын қолдана отырып күріш өсіруге бағытталған ауқымды инвестициялық жобаларды іске қосудың жоспарларын таныстырды. Жобаны іске асыру өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аграрлық секторға заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияны енгізудің маңыздылығын ерекше атап өткен өңір басшысы Түркістан облысының ерекше климаттық жағдайына тоқталып, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатын жобалар туралы жоспарларымен бөлісті. Әкім халықаралық агроөнеркәсіп саласындағы мамандандырылған компаниямен екі жақты іскерлік қарым-қатынасты орнатуға ниетті екенін жеткізді.– Бірлескен жобаларды облысымыздың оңтүстік өңірінде жүзеге асыруға болады. Ондағы бірнеше ауданның өзінде 1 миллионнан астам халық тұрады. Жұмыс күші жеткілікті. Қалдықсыз өндіріске қажетті өнімдермен өзіміздің шаруалар қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар бірегей технологиялық әдістермен жергілікті диқандармен тәжірибе алмасуға шақырамын. Біздің өңірдің халқы өте еңбекқор, жаңашылдықты жақсы қабылдайды, - деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, су үнемдеу технологиялары мен жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану жұмысы қарқынды жүруде. Өңір экономикасының маңызды саласы ауыл шаруашылығында өнім көлемі былтыр 1 трлн теңгеден асып, өндірілген өнім бойынша елімізде көш бастады. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 896 мың гектарға егіледі.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927288
Астанада қалың қар жауып, боран соғады: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр 01.02.2025
Елордада қар жауып тұр. Қарлы боран ертең де жалғасады. Коммуналдық қызметтер қар тазалау жұмысын үзіліссіз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Елорда көшелерінде тоқтаусыз қар жауып тұр. Мұндай ауа райы алдағы екі күнде қалада жалғасады.Синоптиктердің болжамынша, 30-31 қаңтар күндері қарлы боран болады, жел күшейіп, ауа температурасы 15-17 градус аязға дейін суытады.Коммуналдық қызметтер елорданың барлық ауданында тәулік бойы қар тазалау жұмысын жүргізіп жатыр.30 қаңтарға қараған түні қар күреуге 316 жол жұмысшы мен 1557 арнайы техника шықты.29 қаңтарда күндізгі ауысымда 4127 ауыр жүк көлігімен қаладан 51 284 текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 4 339 580 текше метр қар 341 798 рейспен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/927279
2025 жылы өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласын жаңа деңгейге көтеру көзделуде 01.02.2025
2025 жылы негізгі салаларды дамытуға, оның ішінде экономика, кәсіпкерлік, индустриялық инфрақұрылым және туризм салаларына бағытталған ауқымды мақсаттар мен өршіл міндеттер қойылып отыр. 2025 жылы өңірдің меншікті кірістері 580,2 млрд теңгеге жетеді деп болжануда, бұл 2024 жылғы нақты көрсеткіштен 11,5%-ға артық. Кірістердің негізгі бөлігін 562,2 млрд теңге болатын салықтық түсімдер құрайды (+14,4%).Өткен жылғы бір реттік кірістердің болмауына байланысты салықтық емес түсімдер 3,8 млрд теңгеге дейін азайғанымен, капитал сатудан түсетін кірістердің айтарлықтай өсуі күтілуде — 14,2 млрд теңгеге дейін. Бұл несиеге берілетін тұрғын үйлерді сату мен жер телімдерін өткізумен байланысты.Экономиканың 6%-ға өсуіне қол жеткізу үшін жалпы өңірлік өнім көлемі 6 трлн 407 млрд теңгеге жеткізілмек. Негізгі салалар келесі көрсеткіштерді қамтамасыз етеді:Өнеркәсіп өндірісі: 2,2 трлн теңге (+7,5%).Сауда: 2,0 трлн теңге (+7,4%).Ауыл шаруашылығы: 741,5 млрд теңге (+4,5%).Құрылыс жұмыстары: 483 млрд теңге (+10%).787,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, бұл халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін айтарлықтай арттырады.2025 жылы жалпы құны 359,2 млрд теңге болатын 28 ірі жоба іске қосылады деп күтілуде. Олардың қатарында «Шин Лайн» ЖШС, «ГаланзБоттлерс» АҚ, LC Waikiki және басқа да компаниялар бар.Құны 3,3 трлн теңге болатын 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде, олар 7,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашады. Ең ірі жобалар арасында Mars, Carlsberg, Hyundai Green және Fufeng Group компанияларының бастамалары бар.Индустриялық аймақтарда 210,4 млрд теңге инвестиция тартылған 22 нысанның құрылысы жоспарланған. «Қайрат» индустриялық аймағында сұйық әйнек, полиэтилен құбырлары және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыттарды қамтитын 5 жоба іске асырылады.Алматы тау кластерін, оның ішінде Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі мен Заилийский және Күнгей-Алатау жоталарын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.2025–2032 жылдарға арналған туризмді дамыту кешенді жоспары аясында 100 км автожол, 80 км велосипед жолдары және 170 км жаяу жүргіншілер маршруттарын салу жоспарланған.Басты жобалардың бірі – «Oi-Qaragai» жыл бойы жұмыс істейтін курортын кеңейту. 2028 жылға қарай оның аумағы 105 гектардан 1000 гектарға дейін ұлғайып, туристер саны жылына 900 мың адамға дейін өседі.2025 жылы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық басқарма басшылары, аудан және қала әкімдері бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Жоспарланған міндеттердің орындалуы өңірдің тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сапасын арттыратынына сенімдіміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/927289
Қазақстан мен Сингапур: ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлаудағы алғашқы нәтижелер 01.02.2025
Қазақстан мен Сингапур: ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын даярлаудағы алғашқы нәтижелерАзаматтық авиация академиясының нұсқаушылары мен студенттері Temasek политехникалық институтында (Temasek Polytechnic, Сингапур) «Unmanned Aircraft Pilot License» бағдарламасы бойынша оқудан сәтті өтті.Бұл жоба 2024 жылғы мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасында жасалған құжат халықаралық білім беру тәжірибесін және озық технологияларды мамандар даярлау жүйесіне енгізуге мүмкіндік ашты.Оқу бағдарламасы 25 кг-ға дейінгі мультироторлы ұшқышсыз авиациялық жүйелерді (ҰАЖ) пайдалану бойынша тереңдетілген теориялық және практикалық дайындықты қамтыды. Бағдарламаның маңызды бөлігі Сингапурдың авиациялық билігі – CAAS ұйымында емтихан тапсыру болды. Бұл қатысушыларға халықаралық талаптарды меңгеруге және ҰАЖ операторларының біліктілігін бағалау тәжірибесін игеруге мүмкіндік берді.Бұл оқу жаңа нұсқаушыларды даярлаудың алғашқы кезеңі болды. Кәсіби даму циклі толық аяқталғаннан кейін және жеткілікті тәжірибе жинақтаған соң олар ҰАЖ операторларын барлық санаттар бойынша оқытуға, сондай-ақ қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелердің сыртқы пилоттарын даярлауға кіріседі.Қазақстан мен Сингапур арасындағы білім беру меморандумы жоғары технологиялар саласындағы бірлескен білім беру жобаларын кеңейтуге негіз қалады. Азаматтық авиация академиясының Temasek Polytechnic-пен алғашқы ынтымақтастығы инновациялық және технологиялық тұрғыдан күрделі бағыттардағы ортақ бағдарламаларды одан әрі дамытуға жол ашады.1990 жылы негізі қаланған Temasek Polytechnic – Сингапурдағы техникалық және инженерлік білім беру саласындағы жетекші оқу орындарының бірі. Бүгінде институтта 16 000-нан астам студент білім алуда, ал оның бағдарламалары мамандарды тәжірибелік даярлауға бағытталған.Қазақстан мен Сингапур арасындағы білім беру меморандумын жүзеге асыру – еліміздегі авиация индустриясын дамыту және озық технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам. Бұл Қазақстандағы мамандар даярлау деңгейін жаңа белеске көтеріп, оларды ұшқышсыз авиация және басқа да жоғары технологиялық салаларда жұмыс істеуге дайындауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/926797
БРИФИНГ: ҚАЗАҚСТАНДА ИНЖЕНЕРЛІК КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ 01.02.2025
Бүгін, 29 қаңтарда, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Инженерлік кадрларды даярлаудың жаңа моделі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.Брифингке ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ академиялық басқару жөніндегі вице-провосты Нұрлан Қызылбаев, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жадыра Қоңырбаева қатысып, инженерлік кадрларды даярлаудың жаңа моделінің негізгі аспектілері, ұсынылған шешімдер мен күтілетін нәтижелерге тоқталды.Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің отырысында халықаралық стандарттарды ескере отырып, инженерлік кадрларды даярлаудың ұлттық моделін әзірлеуді тапсырды. Қазақстанда инженерлерді даярлауды 54 ЖОО жүргізеді, онда 103 мыңнан астам студент оқиды. Білім беру бағдарламаларының тізіліміне инженерия саласындағы 1494 бағдарлама енгізілді, оның 870-і кәсіби стандарттарға сәйкес жаңартылды.Гүлжан Жарасова Қазақстанда инженерлік білім беру проблемаларын шешу үшін негізгі бастамалар іске қосылғанын атап өтті. Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларын өзектендіру, білім беруді интернационалдандыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ерте кәсіптік бағдарлау, академиялық және зерттеу басымдық орталықтарын құру және «индустриялық PhD» тетігін енгізу. Өткен жылы бағдарламалардың 71%-ы заманауи еңбек нарығының талаптарын ескере отырып жаңартылды.Ғылым және жоғары білім министрлігі 12 елдің жоғары оқу орындарымен 34 стратегиялық әріптестік орната отырып, Қазақстанды Орталық Азияның білім беру хабына айналдыру бойынша белсенді жұмыс істеуде. Спикер шетелдік университеттердің филиалдары жергілікті деңгейде сұранысқа ие бағыттар бойынша мамандар даярлау үшін құрылатынын атап өтті.«Бағдарламалардың көпшілігі салалардың қажеттіліктері мен өңірлердің сұраныстарын ескере отырып, техникалық мамандарды даярлауға бағытталған. Мысалы, Heriot-Watt University филиалы Ақтөбе университетінің базасында электротехника, энергетика және тау-кен ісі үшін кадрлар даярлайды; Тараз университетіндегі РХТУ филиалы химия және химтехнология үшін, ал Ақтаудағы Неміс жоғары оқу орындарының консорциумы логистика, энергетика және экологиялық инжиниринг салалары бойынша мамандар даярлайды. Бұл тәсіл түлектерді жергілікті және халықаралық еңбек нарықтарында сұранысқа ие етеді», - деді Гүлжан Сағидоллақызы.БАҚ өкілдерімен кездесуде Нұрлан Қызылбаев Satbayev University-де инженерлік кадрларды даярлаудың жаңа моделін енгізу туралы айтты. Инженерлік білім беру моделі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын өзектендіруге бағытталған. Университет робототехника, жасанды интеллект, тұрақтылық және цифрлық технологиялар бойынша курстар ұсына отырып, заманауи зертханалар мен ғылыми орталықтар құра отырып, инновацияларды белсенді түрде енгізуде.«Satbayev University-дегі білім берудің жаңа моделінің мақсаты қазіргі заманғы өнеркәсіп пен экономикалық салалардың талаптарына толық сәйкес келетін білімі мен дағдылары бар мамандарды даярлау», - деп атап өтті Нұрлан Құттыбайұлы.Satbayev University жаңа моделі аясында халықаралық серіктестіктерді белсенді дамытып, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Корея және басқа елдердің жетекші университеттерімен қос дипломды бағдарламаларды ұсынады. Университет сонымен қатар KAZ Minerals, Самұрық-Энерго және Alageum Electric сияқты өндірістік серіктестермен ынтымақтасып, студенттерге нақты кәсіпорындарда тағылымдамадан өту және практика мүмкіндіктерін ұсынады. Өнеркәсіп мәселелерін шешуге бағытталған «Индустриялық PhD» бағдарламасына және дуалды оқытуға ерекше назар аударылады.Жадыра Қоңырбаева нақты өндіріс пен академиялық дайындық арасындағы «алшақтықты» азайтуға бағытталған инженерлік білім берудің ұлттық моделін іске асырудағы ШҚТУ тәжірибесі туралы айтып берді. Ол өнеркәсіппен тығыз байланысты жоғары оқу орындарында инженерлерді даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Университет еуропалық жүйенің принциптерін ұстанады және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін үздік тәжірибелерді біріктіре отырып, тәжірибеге бағытталған американдық білім беру жүйесінің элементтерін қамтиды. ШҚТУ тәсілінің негізінде теориялық білімді практикалық дағдылармен біріктіруге бағытталған CDIO моделі жатыр.«Біздің ЖОО-да модельді іске асыру жобалық менеджмент және желілік инженерлік мектеп, инженерлік білім беру көшбасшылары, Fab Lab және академиялық және зерттеу басымдық орталықтары сияқты жобалар арқылы жүзеге асырылады. Маңызды аспектке физика-математикалық дайындықты күшейту және өнертапқыштық есептерді шешу теориясының элементтері бар пәндерді енгізу жатады», - деп атап өтті Жадыра Түсіпханқызы.Спикер сонымен қатар миллион доллардан астам қытайлық серіктеспен жабдықталған Лу Бан шеберханасын атап өтті. Шеберхана қытайлық өндірушілердің заманауи жабдықтарымен қамтылған, онда 8 елден 400 студент білім алуда.Қоңырбаева «Көлік жасаудағы смарт-технологиялар және жасанды интеллект» сияқты жаңа бағдарламаларды енгізудің, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға және оның еңбек нарығының талаптарына сәйкестігіне ықпал ететін инженерлік кадрларды сертификаттау орталығын құрудың маңыздылығын атап өтті.Академиялық білімді өнеркәсіппен интеграциялау аясында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының базасында 25 академиялық және зерттеу басымдық орталықтары құрылды. 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 8 ЖОО базасында «Қазмырыш» және «Қазхром» сияқты ірі компаниялармен бірлесіп «индустриялық PhD» бойынша дайындық басталды. Бұл бағыт өнеркәсіпке инновациялар енгізу үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған.Осылайша, Қазақстан жергілікті және халықаралық еңбек нарықтары үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға күш сала отырып, инженерлік білім беру жүйесін белсенді дамытуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/926910
Дархан Ахмед-Заки М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды 01.02.2025
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды.Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:- техника ғылымдарының докторы, профессорЕңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.2004-2012 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі.2012-2013 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.2013-2016 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор.2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.2020 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы қазанға дейін Astana IT University ректоры.2022 жылғы қарашадан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы.2023 жылғы қыркүйектен бастап ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/927261
Қазақстаннан шықпай-ақ шетелдік ЖОО-да білім ал 01.02.2025
Қазақстаннан шықпай-ақ шетелдік ЖОО-да білім алБүгін Қарағанды қаласында шетелдік ЖОО филиалдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу шарасы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен шетелдік ЖОО филиалдары көрмесі өтті.Шараға Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Ильяш, Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова, профориентатор Бақытжан Жұмашев пен еліміздің ЖОО өкілдері қатысып, жас түлектерге маңызды ақпараттар берді.– Бүгін Қарағанды қаласында білім саласында маңызды шара өтіп жатыр. Бұл – Қазақстанда соңғы жылдары ашылып жатқан шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі. Жалпы 2022-2024 жылдары аралығында елімізде 23 шетелдік ЖОО-мен стратегиялық серіктестік орнатылған болатын, биыл тағы 11 серіктестік бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл – қазақстандық талапкерлер үшін керемет мүмкіндік, яғни біздің түлектер мемлекеттік грант негізінде Қазақстаннан тыс елге шықпай-ақ, өз елінде оқып жүріп халықаралық дәрежедегі дипломға ие бола алады, – деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев.Министрлік өкілі атап өткендей, шетелдік ЖОО филиалдары өңірлерде ашылуда. Ол үшін сол өңірдің өндірістік потенциалы мен қай мамандыққа тапшылықтары бар екені ескерілуде. Бүгінгі көрмеге елімізде ашылған шетелдік ЖОО филиалдардың барлығы келді.Шара барысында қарағандылық жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары Қазақстанда ашылған шетелдік ЖОО филиалдарымен, оларға оқуға түсу және оқу талаптарымен танысты.Ақтөбенің Zhubanov University базасында 2022 жылы ашылған шотландиялық HERIOT WATT UNIVERSITY-де бүгінде 600-ге жуық студент білім алуда. Жастар арасында қызығушылық бар, себебі бұл ЖОО-ның рейтингі жоғары, ал оқуға түсу шарттары жеңіл.– HERIOT WATT UNIVERSITY-ге түсу үшін ҰБТ нәтижесі есепке алынады және де IELTS орнына университет өкілдері өздері ағылшын тілі бойынша емтихан қабылдайды. Сондықтан бұл жастар үшін керемет мүмкіндік. Бізде жатақхана мәселесі, басқа да жағдайлар қарастырылған. Бұл оқу орнының біздегі, Ақтөбедегі филиалынан басқа Малайзия, Дубай және Эдинбургта да бөлімшелері бар, біздің студенттер сол жақтағы студенттермен білім мен тәжірибе алмаса алады, – дейді Zhubanov University-дің «Математика» кафедрасының оқытушысы Асқарбек Иманшеев.Көрмеге қатыстан оқушылардың пікірінше мұндай шаралар өте қажет.– Мұндай көрменің ұйымдастырылғаны дұрыс, себебі көбіне біз мұндай мүмкіндіктер жайлы біле бермейміз. Өте керек нәрсе деп ойлаймын, әрі жиі ұйымдастырылса деген ұсыныс бар. Өзім үшін көптеген пайдалы ақпараттар алдым, шетелге бармай-ақ өз елімізде оқып қос диплом алу мүмкіндігі жайлы бірінші рет естідім. Және де менің таңдаған бағытым, яғни физика-математика бойынша бүгін көптеген ақпарат алып, қай университетті таңдасам екен деп ойланып қалдым. Керемет ұйымдастырылған шара болды, өзім үшін пайдасы зор, – деп бөлісті талапкер Анар Әлжаппар.Айта кетейік, бүгін Қарағанды қаласында бастау алған көрме 15 күнге жалғасып, ары қарай Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларында өтеді. Бұл бірінші кезең, кейін дәл осындай көрме басқа өңірлерде де өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/927278
Қарағанды облысының 75 жастағы пауэрлифтері Норвегияда өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғауға дайындалуда 01.02.2025
Дәрібай Оспанов – пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы. 75 жастағы спортшы жазда Норвегияда өтетін кезекті әлем чемпионатына дайындалуда.Ақсақал Шет ауданының Ағадыр кентінде тұрады. Пауэрлифтингпен ол 19 жыл бұрын 56 жасында айналыса бастаған.– Жас кезімде мен де спортпен – волейболмен айналыстым. Менде 1-ші разряд бар. Сонымен қатар теннис ойнағанмын, самбомен айналыстым, бірақ бұл жай ғана әуесқойлық еді. Ал кәсіби спортпен 56 жасымда ғана айналыса бастадым, – дейді ақсақал.Алдымен Дәрібай Оспанов өз үйінде жаттыққан. Кенттегі кішігірім спорт залы пауэрлифтингпен айналысуға келмейтін. Алайда, уақыт өте келе спортшы мәселені өз қолына алуды шешкен.– Біз жатып гір көтеру және басқа да жаттығуларға арналған құралдармен жабдықталған зал құруды шештік. Спорттық жабдықтар металл сынықтарынан жиналды. Осылай, ақырындап, бәрін істедік, – дейді пауэрлифтер. – Қазір де кейбір құрылғыларды өзіміз жасаймыз. Залымыз кішігірім, жабдықталуы да 100% емес, сондықтан кейбір нәрсені өзіміз жасауға тура келеді.2024 жылы әлем чемпионатындағы кезекті жеңісі үшін Дәрібай Оспанов Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа HS Power жиынтығын алды, ол арнайы орындық пен 450 кг арналған штангадан тұрады.Қазір ауылдың спорт залында пауэрлифтер ұлымен бірге 9 және одан жоғары жастағы балаларды тегін жаттықтыруда. Олардың арасында төрт халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше спорт шебері, Қазақстан мен Азия чемпиондары бар.Бапкерлік қызметтен басқа, ақсақал қажырлы жаттығуларын да жалғастырады. Наурызда оны іріктеу чемпионаты күтіп тұр, онда жеңіске жетсе, Драммен қаласында (Норвегия) өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.– Біз ол сайысқа баламызбен бірге қатысуды жоспарлап отырмыз. Ол пауэрлифтингтен бес дүркін әлем чемпионы. Әрине, мұның бәрі қымбат. Пауэрлифтингті олимпиадалық спорт түрлері сияқты қолдап отырса екен дейміз, – дейді Дәрібай Оспанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926432
Ғылым мен өндірістің байланысы: Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ автоөнеркәсіп кәсіпорнымен стратегиялық серіктестіктің басталғаны туралы мәлімдеді 01.02.2025
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті автобустар мен арнайы техника шығаратын QazTehna компаниясымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы уағдаласты. Стратегиялық әріптестік ғылым, білім және өнеркәсіп байланысын күшейтуге бағытталған. Бұл өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға ықпал етуі тиіс."Келісім аясында "QazTehna" ЖШС зауытының базасында университет филиалын ашу жоспарлануда. Бөлімше ғылыми-практикалық жұмыстарды іске асыру, өндірістің техникалық тапсырмалары бойынша жобаларды орындау және инженер-конструкторлар мен инженер-технологтар сияқты жоғары білікті мамандарды даярлау алаңына айналады", – делінген ЖОО хабарламасында.Ынтымақтастық даярлықтың барлық деңгейлерін – бакалавриатты, магистратураны және докторантураны қамтиды. Студенттер мен оқытушылар пәнаралық жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.Университетте сондай-ақ студенттер мен магистранттардың қатысуымен жолаушылар автобусының прототипін жасау жобасы талқыланды. Үлгіні таңдай отырып, материалдарды іріктеуден, бөлшектерді құюдан бастап толық құрастыруға дейінгі барлық процестермен айналысатын команда анықталады деп болжануда.Университет қызметкерлері зауытта болып, өндіріспен танысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926433
Суретшілер арасында республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жүріп жатыр 01.02.2025
Қазақстанда кәсіби суретшілер арасында «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты республикалық шығармашылық байқауға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.Байқауға қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары тақырыбында пейзаж, натюрморт және сюжеттік картина жанрында жұмыстарын ұсынған кәсіби суретшілер қатыса алады.Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 24 ақпанына дейін жалғасады.Марапаттау рәсімі және іріктелген туындылар көрмесінің ашылуы 2025 жылдың 12 наурызында өтеді.Барлық қосымша сұрақтар бойынша (8-7172) 919-035, 919-036 (ішкі: 366, 643) телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926455