Enbekshi QazaQ

Қуқық

Шағал бассейнінде жаттығу басталды 01.02.2025
Жүзуден олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, бассейнге техникалық есеп берілді. Бекітілген кестеге сәйкес балаларға арналған тренингтер басталды.Бассейнге 500-ге жуық бала қатысады. Оларды 13 білікті жаттықтырушы кәсіби деңгейде оқытады. Жаттықтырушылар барлығы дене шынықтыру саласының мамандары, олардың 11-і жоғары білімді, 2-уі жоғары санатты.Ақтөбедегі «Достық» спорт кешенінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер жұмыстарды 1 ақпанда аяқтап, нысанды тапсыруды жоспарлап отыр.Айта кетейік, өткен аптада облыс әкімі Асхат Шахаров екі нысанды да аралап, жауапты тұлғаларға тез арада пайдалануға беруді тапсырған болатын. Балалардың спортпен шұғылдануына кедергі жасамау, кесте жасап, осы аптадан бастап жаттығуларды бастау керек.«Достық» спорт кешенінде күрделі жөндеу жұмыстарын «Альтаир-СК 7» ЖШС жүргізді. Жұмыстың құны 388,12 млн теңгені құрады. «Шағала» бассейнін жөндеуге 287,05 миллион теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/927623
Зейнетақы активтерін басқарушылар алдыңғы жылғы көрсеткіштен және 2024 жылғы инфляция деңгейінен асатын кіріс қамтамасыз етті 01.02.2025
enpf.kz сайтында ҚР ҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқару нәтижелері туралы 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есебі жарияланды2024 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) алдыңғы жылғы көрсеткіштен де, 2024 жылғы инфляция деңгейінен де (8,6%) едәуір асатын кірістілікті паш етті. Бұл зейнетақы активтерінің тиімді басқарылуы мен экономикалық жағдайларға бейімделу қабілетін көрсетсе керек. Қол жеткізілген көрсеткіштер портфельді инвестициялау мен әртараптандыру стратегиясын ұтымды таңдау нәтижесі. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 736,05 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 415 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 255,81 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 65,24 млрд теңге.ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліҰлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.2025 жылғы 1 қаңтарға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,57%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,84%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,28%, ҚРҰБ депозиттері - 3,11%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,69%, МҚҰ - 1,27%.2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,79%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 40,21%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша түскен кірістер – 1 570,92 млрд теңге, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау – 200,58 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 578,42 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 1 039,72 млрд теңге болды. Басқа кірістер – 5,88 млрд теңге. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 3,40 трлн теңге. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің 2024 жылдың басынан бастап 01.01.2025ж. кірістілігі 17,84%, инфляция деңгейі 8,60% көрсетті. 2025 жылғы 1 қаңтардағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 78,30%, РЕПО операциялары – 15,70%, ҚРҰБ депозиттері – 5,95%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,04%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2024 жылы ЖМЗЖ есебінен алынған инвестициялық кіріс – 26,83 млрд теңге. ЖМЗЖ бойынша кірістілік – 17,96%. Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етіледі.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 65,24 млрд теңгеден асады.01.01.2025ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 10,73 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 29,55%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,08%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 15,86%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 8,20%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,75%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,16%, МҚҰ - 4,31%, РЕПО – 3,18%. Атап кетейік, портфельдің 69,57% теңгемен, 29,04% АҚШ долларымен, 1,39% - басқа валюталарда ұсынылған. Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,52 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 17,30%."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 4,85 млрд теңге болды.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 19,62%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 18,41%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,29%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 13,02%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 12,32%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,63%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 3,13%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,72%, АҚШ долларымен 20,28% тең.Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 702,26 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 16,71%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,51 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 25,06%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,38%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,84%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,75%, РЕПО – 7,83%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,77%, пайлар (ETF индекстеріне) – 5,04%.Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 82,79%, АҚШ долларымен 17,21%. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 726,32 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 15,21%."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.01.01.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,91 млрд теңге.ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 30,50% инвестицияланды, РЕПО – 16,13%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,54%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 10,45%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,22%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 8,67%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,33%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 77,29%, АҚШ долларында – 21,23%, канадалық долларда - 1,48% инвестицияланды.Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 250,93 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 17,84%."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 42,24 млрд теңгеден асты.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,89%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 12,89%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 11,69%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,42%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,31%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,46%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,12%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 4,87%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 64,99%, АҚШ долларында – 35,01% инвестицияланды.Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылы есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 6,12 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 18,07%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/927355
Аймақ басшысы татарстандық делегациямен кездесті 01.02.2025
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев татарстандық делегация өкілдерімен кездесті. Делегация құрамында Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров, министрлік өкілдері, республиканың жетекші қайта өңдеу кәсіпорындарының басшылары, ауылдық кооперацияны дамыту жөніндегі мамандар мен ауыл шаруашылығының кәсіпкерлері бар.Үш күндік жұмыс сапарының аясында қонақтар Семей қаласы мен облыстағы бірнеше шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарда болып, жұмыс барысымен танысты.Сондай-ақ етті мал шаруашылығын дамытуда еңбек етіп жатқан кәсіпкерлермен кездесіп, тәжірибе алмасу жайын талқылады.Мәртебелі меймандарды Абай облысында көргеніне қуанышты екенін жеткізген аймақ басшысы өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы құлағдар етті.«Бүгінгі кездесу екі мемлекет, екі өңір арасындағы достық қарым-қатынастың жаңа бір деңгейге шыққанын көрсетеді. Әр кездесу тараптар үшін пайдалы әрі сапалы нәтиже беретініне күмәніміз жоқ. Бұл жолы ауыл шаруашылығы саласы бойынша еркін пікір алмасып, озық тәжірибелерімізді бөлісудің сәті түсті. Абай облысы – ертеден мал шаруашылығына ден қойған аймақ. Сіздердің республикадағы әсіресе өсімдік шаруашылығы саласынан үйренеріміз көп. Осы бағытта шаруаларыңыз табысты еңбек етуде. Оған сіздердегі жердің құнарлығы өз әсерін тигізеді. Қазір біздің облыста ауыл шаруашылығынан бөлек өзге де салаларда даму қарқыны бар. Өңірімізді жан-жақты дамыту үшін нақты жоспарларымыз бар», - деді облыс әкімі.Татарстандық шаруалар етті мал шаруашылығын дамытуда Абай облысының тәжірибесіне сүйенбек. Соның аясында малды асылдандыру жұмысын бірлесе жүргізуге мүдделі. Сондай-ақ жылқы шаруашылығын дамыту үшін біздің облыс кәсіпкерлерінен үлгі алуды жоспарлап отыр.Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес аймақтың ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорт көлемі алдағы 3 жылда 2 есеге артады. Бұл өңірімізде салынатын 2 ет комбинаты, 1 етті бағыттағы тауық фабрикасы мен 20 мың басқа арналған өндірістік бордақылау алаңы есебінен болмақ. Аталған кәсіпорындар өз өнімдерін республикамыздан бөлек алыс-жақын шет елдерге тасымалдауды жоспарлап отыр.Әкіммен кездесуде Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға жоғары баға беріп, делегация атынан жылы қабылдау үшін алғыс білдірді. Екі жақты қарым-қатынас одан әрі жандана беретіндігіне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/927702
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Қазақстандағы Пәкістан Ислам Республикасының Елшісімен кездесуі өтті 01.02.2025
Астанада Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесті.Кездесу барысында тараптар көлік және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін, соның ішінде теміржол және автомобиль қатынасын дамыту, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін ұлғайту перспективаларын талқылады. Екі ел арасындағы көлік дәліздерін кеңейту және транзиттік маршруттарды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) кезекті отырысын өткізуге дайындық мәселесі қарастырылды. Қазақстан тарапы іс-шараны екі жаққа қолайлы мерзімде өткізуді қолдайтынын және отырыстың күн тәртібін талқылауға дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендіктерін растады, бұл Қазақстан мен Пәкістан арасындағы экономикалық қатынастардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/927372
Әскери топографтар кәсіби мерекесін атап өтуде 01.02.2025
Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті деп аталатын Топографиялық қызмет Қорғаныс министрлігінің құрамында 1992 жылы 30 қаңтарда құрылды.Технологияның ілгерілеуі топогеодезиялық, навигациялық және гидрометеорологиялық қамтамасыз ету әдістерін айтарлықтай өзгертті. Десе де топографтардың қызметіне қойылатын негізгі талап – дәлдік, сенімділік және уақтылы орындау өзгерген жоқ.Әскерлер мен қару-жарақты тиімді қолдану үшін әскери топографтар армия бөлімшелерін аймақ туралы нақты және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олар топографиялық, теңіз, арнайы карталар мен қала жоспарларын аналогтық және цифрлық форматта дайындап, басып шығарады.Бұл міндеттер, атап айтқанда әскерлер мен қару-жарақты басқару жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Ұшқышсыз басқарылатын аппараттармен жылжымалы навигациялық кешендер оларды сапалы әрі қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік беріп отыр. Алынған ақпарат әскерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерімен біріктіріледі.Қазіргі таңда Ұлттық қорғаныс университетімен бірлесіп, әскерлердің жауынгерлік қызметіне виртуалды шындық технологиясын енгізу жобасы пысықталып жатыр. Олардың көмегімен жергілікті жер туралы ақпарат қабылдауға қолайлы форматта беріледі.Мәселен, өткен жылы «Бірлестік» және «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығуларында жер бедерінің моделін визуализациялау және ондағы әскерлердің ұрыс қимылдарының динамикасын көрсету үшін құм мен басқа материалдардан жасалған дәстүрлі макеттерді алмастыратын цифрлық технологиялар сәтті қолданылды.Осылайша, топографиялық қызмет бірыңғай басқару жүйесімен «цифрлық ұрыс алаңын» құру технологиясына көшу қадамдарын дәйекті түрде жүзеге асыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/927404
Digital Almaty 2025: Қазақстан Dealroom.co платформасы арқылы жаһандық IT-инновациялар картасынан орын тапты 01.02.2025
2025 жылдың 31 қаңтарында Digital Almaty 2025 форумы алаңында Dealroom.co негізін қалаушы әрі бас директоры Йорам Вийнгаарде (Yoram Wijngaarde) стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдайтын әлемдік жетекші платформада Қазақстан экожүйесін алғаш рет таныстырады.«Стартап-инвестициялардың жаһандық экожүйелері: Трендтер, инсайттар және жаңа мүмкіндіктер» сессиясы барысында Йорам Вийнгаарде әлемдік IT-экожүйелердің аналитикалық шолуын паш етіп, Қазақстанның негізгі жетістіктеріне назар аударады. Сондай-ақ 2 миллионнан астам стартап, инвестор мен корпорация туралы деректерді біріктіретін Dealroom.co платформасының мүмкіндіктерін толық көрсетеді. Платформа инвестициялық перспективаларды бағалау, экожүйелерді талдау және олардың өсуін болжау үшін озық құралдарды ұсынады.Dealroom.co – жай ғана платформа емес, инвесторлар, стартаптар мен корпорациялардың қозғаушы күші. 2013 жылы Амстердамда негізі қаланғаннан бері компания инновациялар әлемінде дерек пен талдаудың беделді көзі ретінде танылды. Қазақстандық IT-экожүйенің Dealroom.co платформасына енуі халықаралық инвестициялар мен жаңа серіктестіктерге жол ашып, Қазақстанда жасалған технологияларға жаһан назарын аударады.Digital Almaty 2025 форумы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде өтіп, жасанды интеллект пен оның жаңа индустриялық дәуірдегі рөлі талқыланатын алаңға айналады. «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты форумның стратегиялық маңызы аса жоғары. Қатысушылар жасанды интеллекттің өнеркәсіп, қаржы, медицина, білім беру мен ESG салаларына интеграциясын, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін талқылайды.Форумды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Astana Hub («Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры) ұйымдастырады.Digital Almaty 2025-ке қосылып, тарихи оқиғаның куәсі болыңыз! Толық ақпаратпен танысу үшін сайтқа өтіңіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/927398
Солтүстік Қазақстан облысында 2500 басқа арналған сүт-тауар фермасы іске қосылды 01.02.2025
Westfalia компаниясының қатысуымен «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС іске асырған жоба өңірдің сүт өндірісін дамытудағы маңызды қадам болды. 2500 бас ІҚМ СТФ жылдық қуаты 7500 тонна сүтті құрайды, бұл өндіріс көлемін едәуір ұлғайтуға және сүт өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жобаның құны 11,7 млрд теңгені құрады.Westfalia Қазақстан ферманы озық технологиялармен, соның ішінде жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін T8900 заманауи сауу каруселімен, жануарлардың жайлылығын арттыру үшін әзірленген инновациялық қора жабдықтарымен, сиырларды ұстау үшін оңтайлы жағдай жасайтын климаттық бақылау жүйесімен жабдықтады.Бұл ферманы іске қосу «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС-нің нарықтағы позициясын нығайтып қана қоймай, Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/926943
«Баян сұлу» 14,3 млрд теңгені құрайтын «Кондитерлік капитал» жобасын іске қосады 01.02.2025
Қостанайда қуаттылығы жылына 13 мың тонна тәттілер болатын «Кондитерлік астана» өндірістік кешенінің құрылысы басталды.Жобаны «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік өнімдерінің ірі өндірушісі жүзеге асыруда және кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 100 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Екі ауысымдық режимде жаңа нысанда 260 адам жұмыс істейтін болады.Негізгі мақсаты инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жаңа жабдықты іске қосу, өнім ассортиментін кеңейту, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу болып табылатын жобаның құны - 14,3 млрд.теңге.Сондай-ақ, жоба импортты алмастыруды, шығарылатын өнім сапасының жоғары деңгейін, оның өзіндік құнын төмендетуді, еңбек өнімділігін арттыруды, жаңа нарықтарға шығуды көздейді.Оны іске асыру Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді, кәсіпорын маңында тұратын азаматтарды сапалы инфрақұрылыммен, сумен, газбен және электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.Бүгінгі таңда «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік өнімдердің 300-ден астам түрін шығарады. Кәсіпорын үшін негізгі өткізу нарығы Қазақстанда жалпы сату көлемінің 55% үлесін алады. Экспорттық өнімнің негізгі тұтынушысы- Ресей, экспорттың жалпы көлемінің 78% үлесін құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/927178
21 учаске бойынша аукционның жазылу бонусы 20 млрд теңгеден астам соманы құрады 01.02.2025
Бүгін «minerals.e-qazyna.kz» Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы қатты пайдалы қазбалар қоры бар жер қойнауының 24 учаскесі бойынша электрондық аукцион өтті.Аукционға барлығы 50-ден астам компания қатысты. Қол қою бонусының жалпы сомасы 20 млрд 69 млн теңге құрайды.Аукционға шығарылған 3 учаске бойынша өтінімдердің болмауына байланысты аукцион өткізілмеді. Осы учаскелер бойынша аукцион қайта жарияланатынын хабарлаймыз.Қол қою бонусының расталған мөлшері қорытындылар хаттамасына қол қойылған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде төленуге тиіс. Жеңімпаз қол қою бонусының түпкілікті мөлшерін төлемеген жағдайда, қатысушы растаған қол қою бонусын төлеу жөніндегі басымдық пен міндеттемелер қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған келесі аукцион қатысушысына ауысады.Жер қойнауын пайдаланушылар үшін өңірлерді әлеуметтік-экономикалық қолдау, жоғары қосылған құны жоғары өнім алу (көмір химиясы), Қазақстанда қайта өңдеу кәсіпорындарын салу және т.б. секілді қосымша міндеттемелер белгіленгенін айта кеткен жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/927303
Қордай ауданында жаңа саябақ ашылды 01.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жамбыл облысы Қордай ауданында демалыс орны ел игілігіне берілді. Аумағы 2,57 гектарды құрайтын аллеяның маңайына қиыршық тас төселіп, жарықтандыру тіректері орнатылған. Сонымен бірге тұрғындарға демалатын арнайы орындықтар да бар. Мұнда қырық түп шырша және отыздан аса «катальпа» сәндік ағаш көшеттері отырғызылған. Бұдан бөлек, айналасын көгалдандыру жұмыстары назардан тыс қалмаған. Су қойманың жағажайына пирс жасалып, серуендеуге ерекше көңіл бөлінген. Кішкентай балақайларға арналып ойын алаңшасы да салынды. Саябақтың ашылуына қатысқан аудан әкімі Бегзат Болатбеков аудан тұрғындарын жаңа демалыс орнының ашылуымен құттықтап, тұрғындардың денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауда саябақтың атқарар рөлі орасан зор екенін алға тартты. Ашылу салтанатына қатысқан тұрғындар аудандық өнер мектептерінің суретші, шахматшы, әнші, күйшілердің өнерін тамашалап, алған әсерімен бөлісті. - Міне, бүгін ауыл тұрғындарының тілегі ескеріліп, Қордай ауылында ерекше мәні бар жаңа аллеяның ашылу рәсіміне жиналып отырмыз. Ауданымыз соңғы жылдары күннен-күнге көркейіп келеді. Біз өте қуаныштымыз. Бұл демалыс орнының қызығын ұрпағымыз көрсін! Баршаңызға тек жақсылық тілеймін,-деп Жамбыл облысының және Қордай ауданының Құрметті азаматы Сүгірбай Төле өзінің қуанышын жеткізді. Айта кету керек, жобаға аудандық бюджеттен 100 млн теңге бөлінген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/927299
ВИЦЕ-МИНИСТРМЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 01.02.2025
Шымкентте ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Сабырұлы Оспанмен жиын өтті. Жиында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек төрағалық етті. Кездесуге Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы 160-қа жуық жекеменшік мектеп басшылары қатыстыВице-министрмен өткен жиында жекеменшік мектептерді одан әрі дамыту және оларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.Жиынға қатысқандар оқу үдерісінің сапасын арттыру, қаржылық қолдау шараларын кеңейту және жекеменшік білім беру саласының даму перспективалары туралы сұрақтар қойды. Және министрлік өкілдерінен нақты жауаптар алды.Жиын соңында Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы жекеменшік мектептердің өкілдері мен министрлік өкілдері өзара ұсыныстар мен пікір алмасып, алдағы уақыттағы жұмыс бағыттарын анықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/927309
Олжас Бектенов: Үкімет Президенттің экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асырады 01.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының биылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен бірқатар ұйым басшылығы экономика салаларының өсуін қамтамасыз ету, инвесторлар үшін заңнамалық жағдайларды жетілдіру, сирек жер металдары өндірісін дамыту, ядролық кластер құру, жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, жол және көлік-логистикалық, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізу, білім беру және медициналық қызметтер сапасын одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлар туралы баяндады.Премьер-министр алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыты азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған экономиканың өсуін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Үкімет барлық бағыт бойынша жедел шешімдер қабылдап, Президент тапсырмаларының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етеді.«Біз инвестицияларды тарту, салық-бюджет саясатын және жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, іскерлік ахуалды жақсарту, инфрақұрылымдық және энергетикалық даму, цифрландырудың тұтас жүйесін және халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қайта қарау бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек. Ол үшін Үкіметте өкілеттіктер жеткілікті. Министрлер мен әкімдер жедел шешімдер қабылдауға және қойылған міндеттерді іске асыруға толық жауапты болуға тиіс. Мемлекет басшысы кеше айтқан әрбір бағыт бойынша нақты нәтиже, орталықта да, жергілікті жерлерде де әрбір басшының тиімді жұмысы қажет. Инвесторлардың нақты мәселелерін шешумен айналысып, әуре-сарсаңға салмай, керісінше – кәсіпкерлердің келуіне, дамуына, зауыттар, кәсіпорындар, өндірістер салуына көмектесу керек. Әрбір басшы мұны өз жұмысының басты қағидаты деп білуі тиіс. Тек нақты жұмыс қажет. Ескі, бюрократиялық жұмыс әдістерін, формализмді қолдана отырып, жаңа жағдайларда оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындауға көңіл бөлуді, басы артық қазағазбастылықсыз және көпке созбай батыл шаралар қабылдауды тапсырамын. Біздің бәрімізден нақты нәтиже күтіп отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Премьер-министр бюджеттік тәртіпті қатаң нығайтуға және мемлекеттік бюджетті басым бағыттар бойынша теңгерімді бөлуге баса назар аудара отырып, жұмыстың бірінші кезектегі бірқатар бағытына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927259
5 266 зейнеткер тегін жол жүру карталарын алды 01.02.2025
Көкшетау қаласының әкімдігі зейнеткерлік жастағы адамдарға анықтамалар беру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.Еске сала кетейік, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау қаласының зейнеткерлері қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін алды. Бұл жоба зейнеткерлерге қажетті орындарға, медициналық мекемелерге, дүкендерге немесе әлеуметтік мекемелерге оңай және тегін баруға мүмкіндік береді.Жыл басынан бері 10 847 анықтама берілді, оның ішінде 5 266 зейнеткер «Көкше Bus Tөlem» жүйесінде өз карталарын алып, тегін жол жүру құқығын пайдалана алады.Әлеуметтік қызметкерлер мен қалалық еріктілер ұйымдастырған көшпелі іс-шаралардың маңызы зор. Олар зейнеткерлік жастағы адамдардың кең ауқымын қамтиды, бұл анықтамалар мен жол жүру карталарын мұқтаж адамдарға тиімді және жедел түрде беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер 27 зейнеткерге анықтама алуына көмек көрсетті.«Бүгін тегін жол жүру картасы үшін анықтама алуға келдім. Бізге осындай қолдау көрсетіп жатқандығына қуаныштымын. Әкімдікке осындай бастамасы үшін алғыс айтамын» – деп атап өтті Көкшетау қаласының тұрғыны.Кеңес алу үшін 8 716 2 29-81-00, 8 716 2 29 81 08 нөмірлеріне хабарласа аласыздар немесе Шалқар көшесі 9 А, операциялық зал, 1, 2, 3 терезелеріне жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927291
Қазақстан ЕАЭО шеңберінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады 01.02.2025
2025 жылдың 24 қаңтарда Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.Келісім банк кепілдіктерін өзара тануды белгілейді, бұл мүше мемлекеттердің өнім берушілерінің ЕАЭО-ның басқа елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатысу мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік береді.Қазақстандық кәсіпкерлер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде тең шарттарда қазақстандық қаржы мекемелері берген банк кепілдіктерімен ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады.Бұл ұлттық кәсіпорындарға ЕАЭО-ның басқа елдерінде жаңа банк кепілдіктерін ресімдеу қажеттілігін қысқартады.Айта кету керек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу нарығы 100 млрд.АҚШ құрайды. Қабылданған келісім ұлттық кәсіпорындар үшін шектеуді алып тастайды.Келісімді ратификациялау рәсімі ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттерінде аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/926944
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Gateway Ventures C.A.» компаниясының басшысымен кездесті 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Gateway Ventures C.A.» компаниясының басқарушы директоры Айотхи Даниэль Гунасиланды қабылдады.Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін және серіктес қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Қазақстандағы инвестициялық жобаларға ерекше назар аударылды.Компания басшысы елімізде мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне арналған жабдықтар шығаратын зауыт салуды қоса алғанда, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту жоспарларымен бөлісті.Табысты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерінің бірі – білім беру жобаларына инвестициялар. Бүгінгі таңда «Gateway Ventures C.A.» Қазақстанда үш халықаралық мектеп салды.Сұхбат соңында компанияның одан әрі инвестициялық қызметін іске асыруға қажетті көмек көрсетуге дайындығы расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/927270
Қазақстан мен БАӘ көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті 01.02.2025
Астана, 2025 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Әл-Арикимен кездесті. Кездесуде тараптар Қазақстан-Әмірлік ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, атап айтқанда сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды қарқынды дамыту мәселелерін талқылады. Сыртқы істер министрлігінің басшысы БАӘ Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, мемлекет басшылары арасында қалыптасқан сенімді диалогты атап өтті.Әңгімелесушілер жақында өткен жұмыс сапарының нәтижелеріне оң баға берді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидегі «Тұрақты даму апталығына» қатысу үшін БАӘ-ге барды. және көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту. Осы тұрғыда елдер арасындағы жолаушылар ағынының артуы және туристік сапарлар санының өсуі қанағаттанарлықпен атап өтілді.Сонымен қатар, әңгімелесушілер жаһандық күн тәртібін талқылап, халықаралық ұйымдар аясындағы белсенді жұмысты жалғастыруға келісті. .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/927285
Қ.ТОҚАЕВ: ӘКІМДІК ЗАҢҒА СӘЙКЕС ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР 01.02.2025
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласы әкімінің мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есебін тыңдады. Сондай-ақ заңсыз салынған құрылыстарды бұзу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте айтарлықтай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, бірақ қалада жер телімдеріне қатысты өткір мәселе тұрғанын атап өтті."Заң алдында бәрі бірдей. Сондықтан былтырдан бастап заңсыз салынған нысандар сүріле бастады. Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеті сынға ұшырап жатыр. Бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Себебі әкімдік заңға сәйкес жұмыс істеп жатыр” - деді. деді Қ.Тоқаев.Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықпен диалогты күшейтіп, түсіндіру жұмыстарын тиімді жүргізу қажеттігін айтты.«Қазір елімізде өзін қоғам белсендісі санайтын топтар пайда болды. Олар көп жағдайда әлеуметтік желіні пайдаланып, биліктің түпкі мәні дұрыс, бірақ бәріне бірдей ұнай бермейтін шешімдері туралы орынсыз дау көтеріп, елді дүрліктіреді. Сондықтан барлық шешімді халыққа жақсылап, мұқият түсіндіру маңызды. Бұл мәселе бүкіл аймаққа қатысты. Кез келген жұмыс барынша ашық әрі түсінікті болғаны жөн, - деді Мемлекет басшысы. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/927308
Қызылордада ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда 01.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасап, өңірдегі инвестициялық жобалар туралы айтты.Экономиканы әртараптандыруда 2024 жылы аймақта 37 млрд. теңгенің 21 инвестициялық жобасы іске қосылды.Негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайызды құрады (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылып, өсім 16,6 пайызға жеткен.2025-2029 жылдары аймақта құны 1 трлн. 900 млрд. теңге болатын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Ел Президентінің тікелей қолдауының арқасында және Қатар мемлекетіне жасаған іссапары қорытындысымен өңірде 800 млрд. теңгенің, қуаттылығы 1 100 мегаваттық бу-газ қондырғысының жобасы қолға алынады. Қазіргі таңда жер беріліп, техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.Биыл «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішін қайта жаңғырту үшін құны 215 млрд. теңге болатын жаңа кен байыту комбинатының, 147 млрд. теңгеге жылына 300 мың тонна кальцийленген сода шығаратын зауыт құрылысы басталады. Сондай-ақ, 62 млрд. теңгеге қуаттылығы 201 мегаваттық 5 күн және 1 жел электр станциясы іске қосылады.Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстан – Германия, Қазақстан – Корея форумдарында қол қойылған меморандумдарға сәйкес, 31 млрд. теңгеге «Хорн» неміс технологиясы бойынша жылына 220 млн. дана шыны бөтелке шығаратын, 19 млрд. теңгеге кореялық «With You E&C Kyzylorda» компаниясының тұрмыстық қатты қалдықтар өңдейтін зауыттарының құрылысы басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926503
Сыр елінің экономикасы қарқынды дамып келеді 01.02.2025
Қызылорда облысында жыл қорытындысымен барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.«Аймақтың экономикалық өсімі 7 пайызды құрады (2023 жылы – 107,3%). Өзіңіздің, Үкіметтің қолдауымен облысымыздың бюджеті 750 млрд. теңгеден асты.Экономиканың негізгі үлесін алатын мұнай қорының 15 жылдан астам уақыттан бергі төмендеу тенденциясын ескеріп, өңдеу өнеркәсібі мен аграрлық саланы жедел дамытумен қатар, мұнай-газ өңдеу саласын да өркендетудеміз.Жаңа кен орындарын ашу үшін геологиялық зерттеулер жүргізіліп, мұнайдың төменгі қабаттары игерілуде. Кен орындарында 5 500 метр тереңдікке дейін (скважина) бұрғылау, дәстүрлі емес (қара тақтатас мұнай) көмірсутекті игеру басталды», – деді Н.Нәлібаев.Өңірде негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды (республиканың орташа көрсеткішінен 14 пайызға жоғары, ҚР – 107,5%). Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен нәтижелі жұмыстың арқасында 9 ай қорытындысымен 171 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Өсім – 16,6 пайыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926522
Облыс орталығы ыстық сумен қамтамасыз етіледі 01.02.2025
Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде 187 үй ыстық суға қосылды. Келесі жылу беру маусымына дейін облыс орталығының көпқабатты тұрғын үйлерінің барлығына ыстық су беріледі.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.Мемлекет басшысының қолдауымен аймақта маңызды жобалар жүзеге асуда. Түркиялық инвестор «Акса Энерджи» компаниясы қолға алған қуаты 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы құрылысының 70 пайызы аяқталды. Нысан қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Жаңа станция облыс орталығын жылумен, аймақты электр энергиясымен толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының артылған бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді.«Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары 2022 жылы бастау алғаны белгілі. Республикалық маңызы бар жолдың облыс аумағындағы 216 шақырымының 151 шақырымы пайдалануға берілді. Жоба биыл толық аяқталады.Сондай-ақ, Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 566 шақырым жолды І санатқа ауыстыру осы жылы басталады. Қазіргі таңда, демеушілікпен 350 млн теңгеге техника-экономикалық негіздемесі әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/926706