Қуқық
5-6 маусым күндері аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Арал ауданының тұрғындарымен кездеседі 30.06.2026
5-6 маусым күндері аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Арал ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235466?lang=ru
6 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданының тұрғындарымен кездеседі 30.06.2026
6 маусым күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235471?lang=ru
Дәстүрлі өнердің тарихы мен тағылымы терең 30.06.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, белгілі жырау, фольклортанушы ғалым Алмасбек Алматовпен кездесті.Кездесуде Сыр өңірінде атадан балаға мұра болып қалған жыраулық, жыршылық өнердің дамуы, жастарды ұлттық өнерге баулу жайы әңгіме өзегіне айналды.Аймақ басшысы қазақтың дәстүрлі өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің ұлттық мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерттеп, кәсіби білім беру жүйесіне енгізіп, шәкірт тәрбиелеген еңбегін ерекше атап өтті.Тәуелсіздік жылдарында жыраулық өнер академиялық білім беру жүйесіне енгізіліп, «Дәстүрлі өнер – жыр» мамандығы ашылды. Алмасбек Алматов тәрбиелеген шәкірттер Сыр өңіріндегі мақам-саз ерекшеліктеріне негізделген мектептерді бүкіл елімізге танытты.Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды отырысында: «Жалпы, «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған. Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды саңлақтар негізін қалаған жыршылық мектептерді бүкіл еліміз біледі» деп атап өткені белгілі.Ғалым ұстаз қазақтың дәстүрлі өнерін әлем жұртшылығына насихаттауда да жемісті еңбек етті. АҚШ, Франция, Италия, Швейцария, Ұлыбритания, Египет, Моңғолия және басқа да мемлекеттерде өнер көрсетіп, ұлттық мәдениетіміздің халықаралық деңгейде танылуына үлес қосты.Бүгінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, Қазақ ұлттық өнер университетінде және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде кәсіби жыршы-жыраулар даярланып келеді. Олар халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанған.Айта кетейік, өткен жылы «Өнер орталығында» Алмасбек Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Жыр керуен» шығармашылық кеші өтті. Кеште Нұрлыбек Машбекұлы жырауға Сыр жұртшылығы атынан құрмет көрсетіп, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен автокөлік кілтін табыстады.Анкара музыка және көркем өнер университеті «Дәстүрлі өнер» мамандығының докторанты Малика Алдамжароваға, К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Дәстүрлі музыкалық өнер: Дәстүрлі жыр» білім беру бағдарламасының докторанттары Күнсұлу Түрікпен мен Ақерке Дабыловаға айына 300 мың теңге стипендия тағайындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1235479?lang=ru
Әскери-техникалық мектептердің төртінші легінде 700-ден астам азамат даярлықтан өтеді 30.06.2026
Осы жылдың маусым–шілде айларында Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектептерінде әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша курсанттардың төртінші легін оқыту ұйымдастырылып отыр.Азаматтарды әскери-техникалық мектептерге жіберу жөніндегі іс-шараларды Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті генерал-майор Алмас Исабековтің басшылығымен үйлестірді. Жаңа курсанттар легін қабылдауға мекемелердің дайындығын Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің бас директоры отставкадағы генерал-майор Әділбек Алдабергенов тексерді.– Оқытуға 24 пен 27 жас аралығындағы азаматтар қатысады. Оқу курсы 42 күнге созылады. Осы уақыт ішінде олар әскери істің негіздерін, атыс қаруымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын, төтенше жағдайлардағы әрекеттерді меңгеріп, тактикалық дайындықтан өтеді, – деп нақтылады ол.Азаматтарды даярлау Әскери-техникалық мектептің 13 филиалында: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында жүргізіледі.Бұл орталықтарда атқыштар, пулеметшілер, гранатометшілер, мергендер, барлаушылар, саперлер және басқа да мамандар дайындалады. Қарулы күштердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін логистикалық орталық мамандары, автокөлік және бронетехниканы жөндеу мамандары, автоэлектриктер, аккумуляторшылар, газ және электр дәнекерлеушілер, аспаздар мен наубайшылар да даярланады. Сонымен қатар пилоттық жоба аясында ұшқышсыз авиациялық жүйелер операторларын дайындау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.Оқу аяқталғаннан кейін курсанттар емтихан тапсырып, әскери-техникалық мамандық бойынша сертификат иесі атанады. Салтанатты түрде әскери ант қабылдап, әскери билет алып, резервке тіркеледі.Қазақстан заңнамасына сәйкес, бұл бағдарлама азаматтарды әскери қызметке дайындауға және Қарулы күштердің әскери оқытылған резервін қалыптастыруға бағытталған. Оқу кезеңінде жұмыс берушілер қызметкерлерге жұмыс орнын сақтай отырып, оқу демалысын береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1235560?lang=ru
Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Roca Group компаниясының өкілдерімен кездесті.Компаниялар тобы санитарлық-техникалық өнімдерді өндірумен айналысады. Компания ванна, санитарлық керамика, душ науалары, крандар, аксессуарлар және жиһазды қоса алғанда, жуынатын бөлме өнімдерінің толық спектрін шығарады.Жоба сантехникалық бұйымдар мен жуынатын бөлме аксессуарларын шығаратын және құрастыратын елдегі алғашқы зауыт болмақ.Қызылорда қаласындағы зауыттың іргетасы жақында қаланды. Жоспарланған инвестиция көлемі 44,1 млрд теңгені құрайды, өндірістік қуаты 500 000 бірлікке жетеді. Шамамен 300 тұрақты жұмыс орны құрылады.Кездесу барысында тараптар жобаның ағымдағы жағдайы мен одан әрі жүзеге асыру жоспарларын талқылады.Ғабидулла Оспанқұлов салық жеңілдіктерін қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары және Қазақстанның инвестициялық ахуалының артықшылықтары туралы айтты.Келіссөздерден кейін қатысушылар диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты дамытуға деген міндеттемелерін растады.Бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметі, Roca Group және Қызылорда облысының әкімдігі Қазақстанда жобаны жүзеге асыру үшін инвестициялық келісімге қол қойылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1235535?lang=ru
Қазақстандағы май өндіру саласы төрт жыл ішінде экспорттық кірісті төрт есе – $963 млн-ға ұлғайтты 30.06.2026
Қазақстандық май саласының экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге өсіп, 963 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада өткен FОС 2026: Fats and Oils Conference V Халықаралық май конференциясының ашылуы кезінде хабарлады.Конференция жұмысына 18 мемлекеттің, халықаралық ұйымдардың, жетекші әлемдік компаниялардың, қаржы институттарының, салалық қауымдастықтар мен сараптамалық қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.Конференцияны ашқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин соңғы жылдары май өндіру саласы агроөнеркәсіптік кешен сегментінің бірінен ұлттық экономиканың стратегиялық маңызды бағытына, экономиканы әртараптандырудың, қайта өңдеуді дамыту мен қосылған құны жоғары өнім жасаудың табысты үлгісіне айналғанын атап өтті.«Небәрі төрт жылдың ішінде қазақстандық май өнімі экспортының валюталық түсімі төрт есеге, 240 млн-нан 963 млн АҚШ долларына дейін өсті. Өндіріс рекордтық 1,6 млн тоннаға, қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімі экспортындағы саланың үлесі 27%-ға жетті. Бұл отандық өндірушілерді қолдау, қайта өңдеуді дамыту мен инвестиция тартудағы дәйекті мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Қайта өңдеумен бірге ауыл шаруашылығы да дамып, майлы дақыл алқабы кеңеюде. Фермерлік шаруашылықтың табыстылығы артты. Жаңа жұмыс орындары ашылып, көлік және экспорттық инфрақұрылым дамуда», — деп атап өтті вице-премьер.Бүгінгі таңда Қазақстан күнбағыс майын экспорттау жөнінен әлемде алтыншы орында. Ол өнімді Қытай нарығына екінші ірі жеткізуші. Сондай-ақ, республика Еуропалық Одаққа күнбағыс ұнын басты жеткізушілер қатарына кіріп, Орталық Азия мемлекеттерінің қажеттілігін толықтай өтей алады.Серік Жұманғариннің айтуынша, саланың алдағы міндеті – ірі экспорттаушы мәртебесінен әлемдік көшбасшының біріне өту. Ол үшін 2026-2028 жылдарға арналған май өнімі экспортын дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда.«Біздің мақсатымыз – саланың валюталық түсімін жылына $1,5 млрд-тан аса ұлғайту. Қазақстанның күнбағыс майының ірі әлемдік экспорттаушылары арасындағы позициясын нығайтып, саланың әлемдік көшбасшыларының үштігіне кіру үшін негіз құру қажет», — деп атап өтті ол.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жоғары рентабельді майлы дақылдың егіс алқабын кеңейту, заманауи агротехнология есебінен өнімділікті арттыру, терең өңдеуге инвестиция тарту, сондай-ақ көлік-логистикалық инфрақұрылымды және халықаралық сауда бағыттарын дамыту жұмысы жалғасады.Қазақстан ұлттық қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Ядикар Ибрагимов сала экспорттық географияны белсенді түрде кеңейтіп, логистикалық шешімді жетілдіруде екенін жеткізді.Мәселен, 2026 жылы Ақтау портында алғаш рет теңіз кемесіне өсімдік майын ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қолдауымен Қытай бағытында Достық – Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы астық таситын көлікпен түйіршіктелген күнбағыс ұнын тәжірибелік жеткізу басталды.Сонымен қатар 2025 жылғы күзде Қазақстан тарихында алғаш рет Шығыс Қазақстан облысынан Қытайдың Цзянсу провинциясына флекситанктер арқылы күнбағыс майы 40 футтық контейнермен жөнелтілді. Жүк 12 күнде 4 700 шақырымды жүріп өтіп, контейнермен тасымалдаудың тиімділігі мен жоғары жылдамдығын көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1235697?lang=ru
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы 30.06.2026
Бүгін Атырау облысы бойынша Экология департаментінде 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күніне орай «Эколог сағаты» атты танымдық-тәжірибелік шара өтті.Іс-шараға өңірдің экобелсенділері, тәуелсіз экологтары, жас мамандар мен студенттер қатысып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзекті мәселелер мен оларды шешудің тиімді жолдарын талқылады.Жиын барысында өңірге белгілі экологиялық жоба авторлары мен тәуелсіз экологтар Күләш Амандықова, Сұлтан Ахмет, Дмитрий Ургачев және Жансая Нәкімжанова сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.Баяндамашылар қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау мәдениетін қалыптастыру, еріктілер қозғалысын дамыту, экологиялық жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыру, табиғатқа жанашырлық таныту, сондай-ақ күнделікті өмірдегі қарапайым экологиялық әдеттердің маңызы туралы мазмұнды баяндамалар жасады.Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау бағытындағы табысты жобалармен танысып, экологиялық бастамаларды жүзеге асырудағы тәжірибелер мен тың идеялар жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, табиғатты сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі екені және үлкен өзгерістердің шағын қадамдардан басталатыны ерекше атап өтілді.Экология сағатының басты мақсаты – жас сала мамандары мен студенттерге экобелсенділер мен тәуелсіз экологтардың тәжірибесін насихаттау, олардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларға қызығушылығын ояту және табиғатқа деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыру.«Эколог сағаты» қатысушылар үшін пайдалы ақпарат пен жаңа идеялар алаңына айналып, қоршаған ортаны қорғау ісіндегі өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.#ӨзіңненБаста #ТазаҚазақстан #Экологкүні #ДеньэкологаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1235720?lang=ru
Еуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумы жұмысы бес жылдан кейін қайта жанданды 30.06.2026
Еуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумы жұмысы бес жылдан кейін қайта жандандыЕуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумы (Eurasian Higher Education Leaders’ Forum, EHELF) Nazarbayev University-де өтіп, оқу орындары, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін қайтадан бір алаңға жинады.2011–2019 жылдар аралығында тұрақты түрде ұйымдастырылып келген форум осы кезеңде жоғары білімді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылайтын беделді халықаралық алаң ретінде танылып үлгерді. Бес жылдық үзілістен кейін EHELF Астанаға қайта оралып, кәсіби пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және Еуразия мен әлемнің өзге өңірлеріндегі білім беру жүйелеріне қатысты ортақ шешімдер іздеу дәстүрін жалғастырып отыр.Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек EHELF-тің жұмысын қайта бастауы Қазақстанның академиялық диалогтың өңірлік орталығы ретіндегі өсіп келе жатқан рөлін айқын көрсететінін атап өтті.«Қазақстан өзінің жоғары білім жүйесін жаһандық академиялық кеңістікке жүйелі түрде интеграциялап келеді. EHELF сияқты форумдар бізге әлемнің жетекші университеттерімен бағыт-бағдарымызды салыстыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті министр.Биылғы форумның тақырыбы – «Біз қалыптастыратын болашақ» (The Future We Shape). Бұл атау университеттердің орнықты, әділетті әрі болашақ сын-қатерлеріне төтеп бере алатын қоғам құрудағы белсенді рөлін айқындайды. Қатысушылар технологиялық өзгерістер, экономикалық тұрақсыздық, климаттық сын-қатерлер және өзгермелі геосаяси жағдай мәселелеріне ерекше назар аударды.«Осындай жағдайда университеттер өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, болашақты қалыптастыруға да үлес қосуы тиіс. Орталық Азияда жоғары оқу орындары қоғам мен экономиканың дамуына жауапты. Құрылған күннен бастап Nazarbayev University зерттеу, инновация және серіктестікке негізделген жаһандық академиялық экожүйені қалыптастырып келеді. Сондай-ақ университет Қазақстан мен өңірдегі жоғары білімді дамытуға деген ұстанымынан айнымай келеді», – деді NU президенті профессор Вакар Ахмад.Жұмыс сессиялары барысында қатысушылар тұрақтылық, тең мүмкіндіктер және қоғамдық игілік қағидаттарын университеттердің даму стратегияларына, басқару жүйелеріне және білім беру бағдарламаларына енгізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ цифрлық трансформацияның мүмкіндіктері мен тәуекелдері, жасанды интеллектіні білім беру мен ғылыми зерттеулерге енгізу, тұрақсыздық пен дағдарыс жағдайындағы тиімді көшбасшылық мәселелері кеңінен қарастырылды.Биылғы форумда жоғары білім, экономика, технология және мемлекеттік саясат салаларындағы беделді сарапшылар баяндама жасады. Олардың қатарында жаһандық экономикалық стратегия, геоэкономика және геосаясат мәселелерін зерттеуші Норберт Чизмадиа, белгілі малайзиялық ғалым, эконометрист әрі деректерді талдау маманы Махендхиран Санггаран Наир, жасанды интеллект саласының халықаралық сарапшысы, University College London Білім беру институтының Жасанды интеллект және білім беруді сыни зерттеу кафедрасының профессоры Уэйн Холмс, сондай-ақ әртүрлі салалар мен университеттер өкілдері болды.«Еуразияның болашағын айқындайтын жаңа академиялық әрі өркениетті диалог қалыптасып жатқан Қазақстанда «көгілдір ақық аймақтардың» келешегі туралы ой бөлісу мен үшін үлкен мәртебе. Бүгінде әлем бетпе-бет келіп отырған көптеген сын-қатер Орталық Азияда да байқалады. Алайда бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық дамуға жол ашып отыр», – деді Норберт Чизмадиа.Nazarbayev University жаһандану мен технологиялық прогресс жағдайында табысты еңбек етіп, жаңа шешімдер ұсына алатын мамандарды даярлауға басымдық береді. Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингіне сәйкес, NU әлемдегі үздік университеттердің үздік 23%-ның қатарына кіреді. Университет Кавказ бен Орталық Азия өңірінде 1-орында және THE Asia University Rankings 2025 рейтингінде 150-орында тұр. Ал жас университеттер арасында әлемнің үздік 106 жоғары оқу орнының қатарына кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1235753?lang=ru
Норвегиялық Хельсинки комитеті Қазақстанның жаңа Конституциясын оң бағалады 30.06.2026
2026 жылғы 4 маусым, Астана – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надиркулова Норвегиялық Хельсинки комитетінің Бас хатшысы Берит Нисинг Линдеманмен кездесу өткізді.Келіссөз барысында А. Надиркулова адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған конституциялық реформалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді. Конституцияда еңбек ету мен бейбіт жиналыстар өткізу құқықтарына қатысты тұжырымдардың нақтыланғаны, сот арқылы қорғалу және тұрғын үйге қолсұғылмау кепілдіктері күшейтілгені, сондай-ақ алғаш рет дербес деректерді қорғау нормалары бекітілгені атап өтілді.Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін реформалау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан 2026–2030 жылдарға арналған Қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірлеуде екені туралы хабардар етті.Өз кезегінде Норвегиялық Хельсинки комитетінің Бас хатшысы Б.Линдеман комитеттің Алматыдағы Өңірлік өкілдігінің қызметіне көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдіріп, Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесін реформалау, азаптаулардың алдын алу, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдердің құқықтарын қорғау салаларындағы елеулі жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы азаматтық қоғамның белсенді рөлін ерекше атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар құқық үстемдігін нығайту, адам құқықтарын қорғау және Қазақстандағы реформаларды қолдау мәселелері бойынша ынтымақтастық пен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1235861?lang=ru
Шекарасыз ғылыми серіктестік: Астанадағы атом дипломатиясының күндері 30.06.2026
Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының Астана филиалының 20 жылдығына және Біріккен ядролық зерттеулер институтының (БЯЗИ) 70 жылдығына орайластырылған БЯЗИ Күндері аясында Астанада бірқатар халықаралық іс-шаралар мен екіжақты кездесулер өтті.Осы күндері Қазақстанға келген БЯЗИ делегациясын ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қабылдады, сондай-ақ ҚР Атом энергиясы агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінде кездесулер өттіАталған Күндердің басты іс-шарасы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған пленарлық отырыс болды. Іс-шарада сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев елімізді жаңғыртудың негізгі драйвері ретінде отандық ғылымды дамыту ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке назарында екенін атап өтті. Е.Ашықбаев әлем бойынша бейбіт ядролық энергетикаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын және өзара сенім, бақылау тетіктері мен халықаралық ынтымақтастық жаһандық тұрақтылықтың негізіне айналатынын атап өтті.Пленарлық отырыста БЯЗИ, Қазақстанның Ядролық физика институты, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы және Беларусь мемлекеттік институтының өкілдері іргелі ғылымды дамыту перспективалары бойынша баяндамалар жасады.Отырыс аясында Е.Ашықбаев БЯЗИ-дің Бас директоры Григорий Трубников бастаған делегациямен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен стратегиялық перспективаларын талқылап, бірлескен жобаларды іске асыруға және ядролық зерттеулер саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтуға деген өзара қызығушылықты растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1235905?lang=ru
Махамбет аудандық ауруханасы жаңа жабдықтармен толықты 30.06.2026
Атырау облысында медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыт әлеуметтік жауапкершілік аясындағы жобаларда да басымдыққа ие.Осы бағдарлама аясында Махамбет аудандық ауруханасына Теңізшевройл компаниясы жалпы құны 660 миллион теңге тұратын заманауи медициналық жабдықтар алып берді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.Қайырымдылық көмектің нәтижесінде ауданда алғаш рет компьютерлік томография жүйесі іске қосылған.-Құрылғы 24 сәуірден бастап пайдалануға берілді. Содан бері 160 науқас тексеруден өтіп, олардың арасынан бір онкологиялық ауру дерегі анықталды. КТ аппаратының орнатылуы тұрғындар үшін үлкен қуаныш болды. Әсіресе науқастардың диагнозын уақытылы әрі ерте анықтауға мүмкіндік беріп отыр, – деді аурухана дәрігері Айжан Романова.Бұдан бөлек, мекемеге науқас жағдайын бақылау аппараты, тіс емдеуге арналған рентген құрылғысы, операциялық шамдар, стоматологиялық қондырғы, ультрадыбыстық тексеру аппараты, көзді тексеру аппараты және өзге де медициналық техникалар берілген.Жаңа медициналық құрылғылар салтанатты түрде табысталды. Іс-шара барысында аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев демеуші компанияға алғыс айтып, бұл бастама тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қолдау екенін атап өтті.Айта кетейік, соңғы алты айда Теңізшевройл компаниясы Атырау облысындағы 14 медициналық ұйымға жалпы құны 4 миллиард теңгені құрайтын медициналық құрал-жабдық тарту еткен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1235926?lang=ru
Арман Шаққалиев көтерме сауда өкілдерімен азық-түлік нарығындағы делдалдарды қысқарту мәселесін талқылады 30.06.2026
6 маусым күні ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Астанадағы ірі сауда нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында министр «Алаш» және «Шарын» көтерме сауда базарларына, көкөніс қоймаларына және «Керуен жолы» базарындағы демалыс күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге барды.Сапар барысында министр ірі көтерме жеткізушілермен, кәсіпкерлермен және базар әкімшіліктерімен кездесті. Кездесуде сауда инфрақұрылымын дамыту, кедендік рәсімдерден өту, фитосанитариялық бақылауды жетілдіру және азық-түлік өнімдерінің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Премьер-Министрдің сауда саласында тәртіп орнату және өнімсіз делдалдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесіне ерекше назар аударылды.Бүгінде Үкімет тауар өткізу тізбектерінің ашықтығын арттыру және қосылған құн қалыптастырмайтын делдалдық схемаларды жою бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта өңірлердегі баға қалыптасуына елеулі ықпал ететін еліміздің 63 ірі базары айқындалды.«Негізсіз үстемеақының әрбір теңгесі азаматтардың отбасылық бюджетіне тікелей әсер етеді. Сондықтан тауар өткізу тізбектерінде тәртіп орнату тек экономикалық емес, әлеуметтік маңызы бар міндет. Базарлар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды буындардың бірі. Өйткені тұтынушылық сұраныстың едәуір бөлігі мен баға бағдарлары дәл осы жерде қалыптасады», – деді Арман Шаққалиев.Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта елордадағы баға тұрақты. Сонымен қатар жаз мезгілінде министрлік инфляциялық қысымды одан әрі төмендету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады.«Біз қала орталығында бірнеше жәрмеңке алаңын ашуды жоспарлап отырмыз. Онда қоймаларымыздағы өнімдер тұрғындарға тікелей сатылатын болады. Бұл тауардың көтерме жеткізушіден тұтынушыға дейінгі жолын қысқартып, делдалдық үстемеақыларды азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қала әкімдігімен бірлесіп мұндай сауда нүктелерін орналастыру орындары пысықталуда», – деді «Алаш» көтерме сауда базарының директоры Нұрлан Жұмеков.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын сауда үстемеақылары бойынша заңнама талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 76,8 млн теңгені құрайтын 2 463 әкімшілік қаулы шығарылды. Оның ішінде 1 628 қаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемеақысын асыру фактілеріне қатысты. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 52 млн теңгеден асты.Министр мемлекет адал бәсекелестікті дамытуға және нарық қатысушылары үшін тең жағдай жасауға мүдделі екенін атап өтті.«Біздің мақсатымыз – бизнес үшін қосымша кедергілер жасап, әкімшілік қысымды күшейту емес. Мемлекет адал кәсіпкерлерді қолдайды және барша нарық қатысушылары үшін ашық әрі түсінікті ойын ережелерін қалыптастыруға мүдделі. Алайда мұндай қолдау заң талаптары сақталған жағдайда ғана көрсетіледі. Егер жекелеген базар әкімшіліктері немесе сауда субъектілері жасырын схемаларды қолдануды, жеткізу тізбектерін жасыруды, негізсіз сауда үстемеақыларын белгілеуді немесе заң талаптарын елемеуді жалғастырса, мемлекет заңнамада көзделген барлық ықпал ету шараларын дәйекті түрде қолданатын болады», – деді Арман Шаққалиев.Министр сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидаты сауда саласын қоса алғанда, экономиканың барлық секторында мүлтіксіз сақталуы тиіс екенін еске салды. Барлық нарық қатысушылары үшін ортақ ережелер мен тең жауапкершілік әділ бәсекелестік ортаны қалыптастырудың және халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1235972?lang=ru
Қорғаныс министрі Бурабайда өтетін «Айбын» халықаралық жиынына дайындық барысын тексерді 30.06.2026
Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің «Амандық» полигонында қорғаныс ведомствосының басшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қатысушыларды қабылдау мен орналастыру, оған қоса жарыс алаңдарын жабдықтау мәселелерін жан-жақты зерделеді. Инспекциялық іс-шараларға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов та қатысты.Қатысушыларды қабылдау, полигонға апаратын жолдардың жағдайы, жүргізілген құрылыс жұмыстары және алдағы жиынға дайындық барысы туралы министрге әскери колледж бастығы баяндады.Авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов далалық инфрақұрылым нысандарымен танысып, жазғы амфитеатр құрылысының сапасын, сол секілді саптық алаң мен әскери-қолданбалы және спорттық жарыстар өтетін алаңдардың жабдықталуын бағалады.Ведомство басшысы қатысушыларды, команда жетекшілерін, спорт нұсқаушыларын және қазылар алқасының мүшелерін орналастыру, тамақтандыру және тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелеріне жіті назар аударды. Олардың полигонда жайлы әрі қауіпсіз тұруы үшін әртүрлі сыйымдылықтағы 74 шатыр орнатылғанын айта кетелік.Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қорғаныс министрі жиынға қатысушылар үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауды тапсырды. Бұдан бөлек ол тұрғын орындарды тиісті түрде жабдықтау, сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру және шатырлы қалашықта санитарлық-гигиеналық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуді міндеттеді.21–27 маусым аралығында Бурабай курорттық аймағында Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командаларының қатысуымен «Айбын» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтетінін естеріңізге сала кетейік.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1235995?lang=ru
Агроөнеркәсіп кешенінің даму қарқыны тұрақты бақылауда 30.06.2026
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егін егу жұмыстарының қорытындысы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына бірқатар маңызды тапсырма жүктеді.–Соңғы жылдары аймағымызда вегетациялық кезең күрделі су тапшылығы жағдайында өтуде. Мемлекет басшысының суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл күріш егісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10 900 гектарға қысқартылып, 70 мың гектарға егілді. Қысқартылған күріш алқаптарының орнына суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары дақылдар егу қолға алынды.Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларын енгізу үшін алдағы үш жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның 10 млрд теңгеге жуығы биыл бөлінді. Осыған байланысты 2028 жылға дейін егіс алқаптарын әртараптандырудың Жол картасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Биыл облыста 185 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары, оның ішінде 70 мың гектарға күріш егіліп, суға бастырылды. Сондай-ақ 10 мың гектарға жүгері, 9,7 мың гектарға басқа да дәнді дақылдар себілді.Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында ылғал үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 14 200 гектарға жетті. Егістіктердегі су шығынын азайту үшін 65 мың гектар күріш алқабы лазерьмен тегістелді.Облыстың мал шаруашылығы саласында да тұрақты өсім қалыптасып, өндірілген өнім көлемі артып келеді. Қазір агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнімнің 30 пайыздан астамы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі.Жыл басынан бері өңірде 11,7 мың тонна ет және 13,4 мың тонна сүт өндірілді. Бұл көрсеткіштерді одан әрі арттыру мақсатында екі жобаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтқанда, жылына 3 500 тонна ет өндіретін құс фермасы мен сүт өндіретін ферма пайдалануға беріледі.Жалпы, аймақта асыл тұқымды ірі қара саны 18,1 мың, асыл тұқымды қой саны 252, 7 мың, жылқы саны 3,3 мың, ал түйе саны 700 басқа жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236050?lang=ru
Аманөткел ауылында 150 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Арал ауданына жұмыс сапары барысында Аманөткел ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің ашылу рәсіміне қатысып, ауыл ақсақалдарымен кездесті.Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары, ардагерлер, ауыл тұрғындары қатысты.Өңірде 2022-2026 жылдары 200-ден астам әлеуметтік нысан салынып пайдалануға берілді. Оның ішінде 22 мәдениет нысаны ел игілігіне қызмет етуде.Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бүгінде Арал ауданында тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Ертең Сексеуіл кентінде «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының демеушілігімен «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» іргетасы қаланады. Сонымен қатар, Шижаға ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілмек. Абай елді мекені орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады.Аймақ басшысы мәдениет ел руханиятының тірегі екенін атап өтіп, жаңа мәдениет үйі ауылдың тыныс-тіршілігіне серпін беретініне тоқталды.«Мемлекет басшысы «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі», – деген болатын. Мәдениет – елдің рухани тірегі, ұлттың ұлы мұрасы. Жаңа мәдениет үйінде дәріптелген ұлттық құндылықтарымыз арқылы рухани қазынамызтолығады деп сенемін. Жаңа нысан жастарымыздың талантын ұштауға қызмет ете берсін! Ауыл тұрғындарына жаңа тыныс сыйлап, мәдени жаңғырудың орталығына айналсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Рәсімде ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен жаңа нысанды салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов сөз сөйлеп, ауыл ақсақалы Шыңдалы Әбдіраманов батасын берді.Кейінгі жылдары Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен мәдениет саласында ауқымды жұмыс атқарылды. Жаңашылдықтар ауыл клубтарын, облыс орталығындағы мәдениет мекемелерін түгел қамтыды. Төрт жылда 55 млрд. теңгеге жуық, биыл 6 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлық ауданда «Руханият орталықтары» бой көтерді.Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Тарихи-өлкетану музейі, «Достық үйі» пайдалануға берілді. Балалардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында «Оқушылар сарайы», «Сыр жұлдыздары» академиясы ашылды.Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес жаңа драма театрдың, Президенттік кітапхананың құрылысы басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236062?lang=ru
Еуропалық қайта құру және даму банкінің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы 30.06.2026
2026 жылғы 5–6 маусымда Рига қаласында Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ) Басқарушылар кеңесіндегі Қазақстан атынан Баламалы басқарушы Дәурен Кеңбеил бастаған қазақстандық делегация ЕҚДБ Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы мен Бизнес-форумына қатысты.Іс-шара аясында Қаржы вице-министрі Д. Кеңбеилдің, Ұлттық экономика вице-министрі А. Дарбаевтың және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы М. Елібаевтың қатысуымен «Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі» тақырыбында Қазақстан бойынша инвестициялық сессия өтті.Д. Кеңбеил өз баяндамасында мемлекеттік борышты басқару саясаты, Қазақстанның қор нарығына шетелдік қатысушыларды тарту тетіктері, сондай-ақ жүргізіліп жатқан бюджет-салық саясатының негізгі басымдықтары туралы айтты.Сессияға трансұлттық корпорациялардың, халықаралық қаржы институттары мен банктердің өкілдері, экономика, инвестициялар, қаржы және технологиялар саласындағы сарапшыларды қоса алғанда, 200-ден астам қатысушы қатысты.Жыл сайынғы отырыс алаңында ЕҚДБ-ның Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Өзханмен, Австрия/Израиль/Кипр/Мальта/Қазақстан/Босния және Герцеговина бойынша директоры Элизабет Вихтуммен, сондай-ақ ЕҚДБ-ның Еуразия елдері бойынша инфрақұрылым департаментінің директоры Екатерина Мирошникпен екіжақты кездесулер өтті. Кездесулер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен экономикалық өсіміне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Негіздемелік әріптестік туралы келісімге, сондай-ақ 2013 жылғы 1 шілдедегі Техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЕҚДБ арасындағы техникалық ынтымақтастық шоты туралы келісімге Қосымша келісімге қол қойылды.Аталған құжаттар жобаларды қаржыландыру, техникалық көмек көрсету, талдамалық зерттеулер жүргізу, мемлекеттік органдардың институционалдық әлеуетін нығайту, озық халықаралық тәжірибені енгізу, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға, цифрландыруға, жеке сектор мен «жасыл» экономиканы қолдауға жәрдемдесу арқылы құрылымдық реформалар мен мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын іске асыруды қолдауды көздейді. Бұл шаралар ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1236065?lang=ru
Аралдың туристік әлеуетін және жол инфрақұрылымын дамытудың маңызды жобалары таныстырылды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Арал ауданындағы жұмыс сапары кезінде Қамыстыбас ауылдық округіне барып, ондағы «Аққұмшық» жағажайының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірдегі туризмді дамытуда ерекше маңызға ие демалыс аймағы «Арал геопаркі» жобасына енгізілген. Соның нәтижесінде өткен жылы бұл аймаққа 100 мыңға жуық адам қызығушылық танытып келген. Аумағы екі гектар демалыс аймағында бүгінде 21 кәсіпкер келушілерге сапалы қызмет көрсетуде, 110 демалыс үйі қамтылған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы салынған, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бейнекамералар орнатылған. Демалушыларға арнайы орындар мен үш волейбол алаңы да жасалған. Облыс әкімі келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қызмет көрсету сапасын жақсарта түсуді тапсырды.Бұдан кейін Мұрат Нәлқожаұлы «Самара-Шымкент» тас жолындағы орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Өткен жылы «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Әйтеке би кенті мен Арал қаласы аралығындағы учаскесін орташа жөндеу қажеттігі туындаған болатын. Осыған байланысты биыл «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 9,5 шақырым жолды қолға алды. Жауапты мердігер – «Арал Құрылыс» ЖШС, жұмыс жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, «Қызылорда – Сексеуіл» автомобиль жолын реконструкциялау жобасы аясында қайта жаңғырту көзделген. Аталған жоба бойынша техника-экономикалық негіздемеге оң қорытынды алынған.Жөндеу барысымен танысқан аймақ басшысы жол сапасына қатысты жауапты сала жетекшілері мен мердігер мекеме жұмысын қатаң сынға алды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на тез арада жол-көлік қозғалысын ретке келтіруді, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды, жұмысшылар санын көбейтуді қатаң тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236076?lang=ru
«Арал теңізі» теміржол вокзалы жолаушылар үшін жайлы нысанға айналады 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Арал қаласында салынып жатқан жаңа теміржол вокзалының құрылыс алаңына барды.Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңғыртудан өтіп жатқан еліміздегі 124 вокзалдың қатарында Қызылорда облысының барлық аудан орталықтарындағы және Төретам, Сексеуіл станцияларындағы вокзалдар, Жаңақорған ауданындағы Талап бекетінің платформасы бар. Былтыр сол кезде аймақты басқарған Нұрлыбек Машбекұлы бұл тізімге облыстағы барлық вокзалды енгізу үшін тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар беріп, ескі ғимараттардың уақыт күттірмей жаңғыртылу керектігін дәлелдеді. Өйткені өңірдегі вокзалдардың ең ескілерінің салынғанына бір ғасырдан астам уақыт болған.«Арал теңізі» теміржол вокзалының құрылысы өткен жылы басталып, жобаға 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Құрылыстың бас мердігері – «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС. Жаңа ғимараттың жалпы ауданы 459,47 шаршы метр, ал биіктігі 4,2 метр.Қазір мұнда металл конструкцияларын монтаждау, ішкі бөлігін сылау және әрлеу, сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс алаңында 25 жұмысшы еңбек етеді.Жаңа теміржол вокзалы аудан тұрғындары мен жолаушыларға сапалы, қолайлы қызмет көрсететін, Арал қаласының сәулеттік келбетін айшықтайтын көрікті ғимараттың біріне айналмақ.Нысанды аралаған кезде облыс әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс сапасына қатысты міндеттер жүктеп, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды, уақытылы пайдалануға беруді ескертті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236080?lang=ru
Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдары пысықталды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапары аясында «Руханият орталығында» аудан активімен кездесті. Онда өңірдің, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдары мен алдағы міндеттер талқыланды.Мемлекет басшысы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда жылдар бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде Кіші Арал теңізінің қалпына келе бастағанын айрықша атап өтті. Сонымен бірге «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бойынша жол құрылысының биыл басталатынын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы бөлігін төрт жолаққа кеңейту жобасы қолға алынатынын айтты.Ерекше атап өту қажет, «Бейнеу – Сексеуіл» автожолының жалпы ұзындығы 559 шақырым, оның 189 шақырымы Арал ауданының Сексеуіл, Қосаман, Ақеспе, Ақбасты және Құланды елді мекендері арқылы өтеді.Аймақ басшысы ауданның туристік әлеуетін тиімді пайдалану және оны нақты жобаға айналдыру қажеттігіне тоқталды. Туристерге қолайлы орта қалыптастыру, сервистік қызмет сапасын арттыру, кәсіпкерлерді осы салаға тарту және қызмет көрсету мәдениетін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек.Соңғы төрт жылда барлық ауданда жаңадан 1 800-ге жуық, Арал ауданында 310 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы биыл да жалғасады. Осыған байланысты құрылыс сапасына қатаң бақылау жүргізу және дайындықты уақытылы ұйымдастыру тапсырылды.Ауданды газдандыру деңгейі 72 пайыз, Арал қаласы, Сексеуіл және Жақсықылыш кенттері, Қамыстыбас және Аққұм ауылдық округтеріне табиғи газ қосылған. Қалған елді мекендерге газ жеткізуді кезең-кезеңімен жалғастырып, тиісті шаралар қабылдау міндеттелді.Аймақ басшысы актив отырысынан кейін аудан тұрғындарын жеке қабылдады.Қабылдауда Арал қаласында ақпан айынан бері табиғи газ төлемінің артық есептелуіне қатысты мәселе көтерілді. Бұл тұтынушылар наразылығын туғызған.Аталған мәселеге қатысты Арал ауданының әкімдігі мен «РЦКУ-Қызылорда» ЖШС өкілдері түсіндірме берді. Олардың айтуынша, газ төлемі есептегіш құралдардың нақты көрсеткіштері негізінде есептеледі. Ал көрсеткіштер уақытылы ұсынылмаған немесе есептегіштің тексеру мерзімі өтіп кеткен жағдайда, төлем қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүргізіледі.Сондай-ақ тұрғындарға есептегіш құралдарының тексеру мерзімін бақылауда ұстап, көрсеткіштерді уақытылы жолдау қажеттігі түсіндірілді. Есептегіш тексеріліп, нәтижесі дұрыс болса заңнамаға сәйкес қайта есептелуі мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236094?lang=ru
Сексеуілде «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» іргетасы қаланды 30.06.2026
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Сексеуіл кентіндегі 100 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» іргетасын қалау рәсіміне қатысып, тұрғындармен кездесті.Аймақта 2022-2026 жылдары 200-ден астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Білім беру саласында, жеткіншектерге қосымша білім беру инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмысатқарылып, 46 заманауи білім беру нысаны ел игілігіне табысталды.Бүгін іргетасы қаланған «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебінің» құрылысына «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы демеушілік етеді.Еске салайық, жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға маманданған мұндай орталықтар кейінгі жылдары Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандарында салынып, жас ұрпақ игілігіне айналған болатын. Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игілікті істің басталуымен құттықтады.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы:«Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау –мемлекетіміздің басты міндеті», – деп атап өтті.Бүгін іргетасы қаланатын жаңа білім ордасынан алдыңғы буынның жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол.Бұл – балаларымызға заманға сай жаңа дағдыларды үйрететін, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыратын, асқақ армандарға қанат қақтыратын бірегей нысан болмақ. Санасы сергек, ұшқыр ойлы, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болсын! Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Шарада ел ағасы Имамадин Оңғарбаев сөз сөйлеп, ардагер Қази Әйімбетов батасын берді.Президент бастамасымен өңірде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 10 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы пайдалануға берілді.«Оқушылар сарайы» мен «Сыр жұлдыздары» академиясы бой көтерді. Қызылорда қаласында жыл бойы жұмыс істейтін заманауи лагерь,Ботаникалық білім беру орталығы ашылды.Рәсімнен кейін облыс әкімі тұрғындармен кездесті.Онда өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жобаның бірі – «Сексеуіл–Бейнеу» автомобиль жолының құрылысы басталатындығы айтылды. Жол Бейнеуден емес, Сексеуілден басталады.Бұдан бөлек, тұрғындар ұзақ уақыттан бері көтеріп келе жатқан Сексеуіл кентіне кіреберіс автомобиль жолының жай-күйі де сөз болды. Халықтың ұсыныс-тілегіне сәйкес, бұл жолға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралып, тиісті шара қабылданатын болды.Кездесуде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1236110?lang=ru