Қуқық
Қазақстандық дәрігерлер тобы және 319 тонна гуманитарлық көмек: Қазақстан делегациясы Ауғанстанға ауқымды миссиямен барды 06.07.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға гуманитарлық және іскерлік миссиямен барды. Қазақстан Ауғанстан халқына жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясын, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді.Делегация құрамына Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарынан тоғыз маман кірді. Ауғанстандағы қазақстандық медицина күндері шеңберінде олар бір апта бойы кеңес беріп, халыққа практикалық медициналық көмек көрсетіп, ауған әріптестері үшін шеберлік сыныптарын өткізеді.Серік Жұманғарин гуманитарлық көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдаудағы дәйекті саясатының бір бөлігі екенін атап өтті.Гуманитарлық жүктің жалпы салмағы – 318,8 тонна. Оның құрамына 1,867 тонна дәрілік препараттар (вирусқа қарсы, гипогликемиялық, гастроэнтерологиялық, жүрек-қан тамырлары, бронходилататорлар және басқа да препараттар) және медициналық бұйымдар, 300 тонна қант, 100 орындық жазғы шатырлар, төсек-орын жабдықтарын және басқа да қажетті заттар кіреді. Жүктің негізгі бөлігі, 8 вагон, Балх провинциясындағы Хайратон стансасына теміржол арқылы, кейбір дәрі-дәрмектер делегациямен бірге әуе көлігімен жеткізілді. Гуманитарлық көмек жеткізуді KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерімен бірлесіп ұйымдастырды. «Біз Ауғанстанды Оңтүстік және Орталық Азия аймағындағы басты стратегиялық маңызды әріптесіміздің бірі ретінде қарастырамыз. Тұрақты және гүлденген Ауғанстан бүкіл аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызы зор екеніне сенімдіміз. Еліміз жіберген гуманитарлық көмектің кезекті легі тек қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастық, құрмет пен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Бүгін бізбен бірге қазақстандық медициналық ұйымдардан жетекші тоғыз маман – педиатрлар, гастроэнтерологтер, хирургтар, травматологтер және басқа да маман дәрігерлер келді. Олар жергілікті тұрғындарға қажетті көмек көрсетіп, ауған мамандары үшін шеберлік сыныптарын өткізеді. Адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауда дәрігерлер үшін нақты шекара жоқ. Осылайша біз өткен жылы басталған медициналық миссияны жалғастырудамыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Аймақтық орталығы халықаралық және аймақтық өзара іс-қимылды үйлестіру үшін платформа болады. 2026 жылғы 17 маусымда Қазақстан Президенті Алматыда Орталық құру туралы заңға қол қойды. Аймақтық орталықтың негізгі мақсаты – халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайту, тұрақты дамудың 17 мақсатын жүзеге асыру жөніндегі халықаралық және өңірлік күш-жігерді үйлестіру, сауда-экономикалық байланысты дамыту және инвестиция тарту. Жалпы, Алматыдағы БҰҰ Орталығы ауғандықтардың қатысуымен Ауғанстанның тұрақты дамуының ұзақмерзімді стратегиясын қалыптастыру үшін халықаралық алаң бола алады.Анықтама:БҰҰ дерегі бойынша, бүгінде ауғандықтардың 45 млн тұрғынынан 30 млн-ға жуығы гуманитарлық көмекке мұқтаж. 5 жасқа дейінгі 1,3 млн–ға жуық бала дұрыс тамақтанбау салдарынан емге зәру.Қазақстан – Орталық Азия елдері арасындағы Ауғанстанға гуманитарлық көмектің ірі жеткізушісі. Біздің еліміз жиырма жылдан астам уақыт бойы Ауғанстанға 2021 жылдан бастап тұрақты негізде гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Кейінгі бес жылда елге ондаған мың тонна ұн мен азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар, шатырлар, тұрмыстық заттар, жылы киімдер және басқа да қажетті тауарлар жіберілді.Қазақстанның Ауғанстандағы алғашқы гуманитарлық миссиясы 2025 жылғы қарашада өтті. Сол кезде 13 қазақстандық дәрігер он күн ішінде 44 ота жасап, жүзден астам пациентке медициналық көмек көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1244637?lang=ru
Елімізде «Сарбаз 2.0» телесериалының түсірілімі басталды 06.07.2026
Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде көп сериялы «Сарбаз 2.0» телевизиялық фильмінің түсірілімі басталды. «Хабар» агенттігі АҚ-ның тапсырысы бойынша қолға алынған бұл жоба Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылмақ.Түсірілімнің басталуына арналған салтанатты рәсімге Қорғаныс министрінің кеңесшісі Әйгерім Ағылтаева, «Хабар» телеарнасының директоры Ерлан Атамбай, түсіру тобының мүшелері, актерлер, сондай-ақ, әскери бөлімнің қолбасшылығы мен жеке құрамы қатысты.Киногерлердің қалыптасқан дәстүрі бойынша жоба атауы мен түсіру тобы мүшелерінің есімдері жазылған тәрелке сындырылды. Бұл рәсім сериалдың сәтті өтуін білдіретін жақсы ырым саналады. Тәрелкені сындыру құрметін қоюшы режиссер Мақсат Оспанов иеленді. Іс-шара соңында тәрелке сынықтары қатысушыларға естелік ретінде таратылды. – Бұл біздің алғашқы жобамыз емес, бұған дейін де әскери тақырыпта телехикаялар түсірілген болатын. Қазақ әскерінің әлеуеті туралы жобаларға әрдайым қызығушылық бар. «Сарбаз 2.0» сериалы арқылы Қазақстан Қарулы күштерін, әскердің бүгінгі мүмкіндіктері мен жастарға тиімділігін көрсетуге мүмкіндік туады. Жоба көпшілік көрерменнің көңілінен шығып, әскери қызметке оң көзқарасты күшейтеді деген сенімдемін, – деді «Хабар» телеарнасының директоры Ерлан Атамбай.Сериалдың негізгі желісі жастардың кәсіби және тұлғалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ұсынатын Қорғаныс министрлігі жүзеге асырып отырған «Сарбаз 2.0» бірегей бағдарламасына негізделген.78460 әскери бөлімі командирінің орынбасары подполковник Сейфулла Исаховтың айтуынша, мерзімді әскери қызметшілер жауынгерлік дайындықтан бөлек, заманауи бағыттар бойынша қосымша білім алады. Атап айтқанда, Astana Hub ұйымдастыруымен IT саласы, радиобайланыс және желілік технологиялар бойынша арнайы курстардан өтеді. Сондай-ақ сарбаздар ағылшын тілін меңгеріп, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік бағыттары бойынша білімін жетілдіреді. Бұдан бөлек, олар ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды пайдалану және басқару дағдыларын үйренеді.Сериалдың сюжетінде әскерде мінездері шыңдалып, тұлғалық қасиеті қалыптасқан қазақстандық сарбаздардың жаңа буыны бейнеленеді.Фильмнің басты кейіпкері – Әлихан есімді жас жігіт. Ұлттық бірыңғай тестілеуден қажетті ұпай жинай алмай, қаржылық қиындыққа тап болған ол әскер қатарына баруға шешім қабылдайды. Алғашында бұл қадамы амалсыз жасалғандай көрінгенімен, уақыт өте келе әскери орта өмірге деген көзқарасын өзгертіп, жауапкершілігін арттырып, көшбасшылық қасиетін қалыптастыруына ықпал етеді.Сериал әскери қызметтің жас адамның тұлға болып қалыптасуына қалай әсер ететінін көрсетеді. Кейіпкердің бейқам жастық шақтан жауапкершілігі мол кемелдікке, өмірдегі нақты мақсатқа, өзіне деген күмәннан өз күшіне деген сенімге қарай жасаған қадамын баяндайды.Бас кейіпкер Әлиханның рөлін Алмас Ақылбай, ал оның анасы Алтынның бейнесін Камалия Байтілеуова сомдайды. Сонымен қатар фильмде Әмина Есімхан (Әсел), Жалғас Толғанбай (подполковник Момбеков) және Кенжебек Башаров (Асқар) секілді актерлер де ойнайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244611?lang=ru
Бас штаб бастығы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріндегі жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуын тексерді 06.07.2026
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің жетекшілігімен инспекциялық топ Қызылорда, Тараз, Шымкент және Арыс гарнизондарындағы әскери бөлімдерде болды.Әскери бөлімдерде жұмыс тобы инфрақұрылым нысандарының жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайын тексерді. Бөлімшелердегі ахуалды зерделеген орталық аппарат офицерлері әскери бөлімдер қолбасшылығына жауынгерлік даярлықты және күнделікті қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетті.Бас штаб бастығы әскери қызметшілерді оқытудың жаңа жүйесін енгізуге және жас сарбаздардың әскери қызмет жағдайына бейімделуіне ерекше назар аударды. Сарбаздармен кездесу барысында олардың тұрмыс жағдайымен, тамақтандыруды ұйымдастырумен, жауынгерлік даярлық сабақтарының өту барысымен және жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалымен танысты.Түркістан қаласында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров облыс әкімінің орынбасары Зұлфұхар Жолдасовпен кездесті. Кездесу барысында әскери-оқытылған резервті даярлау, аумақтық әскерлер инфрақұрылымын дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ Бас штаб бастығы 99210 әскери бөлімінде, Қорғаныс істері жөніндегі департаментте және облыстық аумақтық қорғаныс бригадасында болды. Жауапты тұлғалар генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровке қазіргі ахуал, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бөлімшелерді жасақтау және жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру жөнінде баяндады.Бұдан бөлек, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша өткізілген «Бекет-2026» кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығуының барысын тексерді. Жаттығу қорытындысы бойынша қатысушылардың іс-қимылдары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл деңгейіне оң баға берілді.Жұмыс сапарының қорытындысын шығарған генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын одан әрі арттыру, әскери қызметшілерді даярлау жүйесін жетілдіру және жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайту жөніндегі басым міндеттерді айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244583?lang=ru
Fitch Ratings Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам - «Тұрақты» 06.07.2026
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның BBB деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтингін растады, болжам – «Тұрақты».Агенттіктің бағалауы бойынша Қазақстанның рейтингі елдің мықты сыртқы ұстанымымен, таза шетелдік активтердің едәуір көлемімен, сондай-ақ үкіметтік борыштың төмен деңгейімен қолдау табады.Fitch 2026 жылы мұнай бағасының жоғары болуы Қазақстанның сыртқы позициясын одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Ұлттық қордың валюталық активтері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда арта отырып, 2026 жылғы мамыр айының соңындағы жағдай бойынша 66,4 миллиард АҚШ долларына жетті. Агенттіктің болжамы бойынша таза шетелдік активтер бойынша Қазақстанның ұстанымы рейтингі сәйкесетін елдердің арасында ең мықты болып қалуда.Сыртқы орнықтылыққа қосымша қолдауды елдің халықаралық резервтері көрсетеді, олардың көлемі 2026 жылғы мамырда 67,6 млрд АҚШ долларына жетті. Әлемдік нарықтарда алтын құнының жоғары болуы резервтердің өсуіне елеулі әсер етеді.Агенттік үкіметтік борыштың төмен деңгейі 2026-2027 жылдары – ЖІӨ-нің шамамен 23% сақталуын болжайды.Сарапшылар Қазақстан экономикасы 2025 жылы 6,5% деңгейінде өскенін, бұл ретте өсу сипаты кең болғанын және көлік секторы көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуімен қатар жүргенін атап өтті. Fitch көлік, шикізаттық өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер салаларын қоса алғанда, орта мерзімді перспективада экономикалық белсенділікті жалғастырады деп күтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1244510?lang=ru
Қазақстан мен Грекия сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегін талқылады 06.07.2026
Астана, 2026 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Грекия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антония Кацурумен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан-Грекия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.А.Кацуру Министр орынбасарының а.ж. сәуір айында Грекияға сапарының негізгі нәтижелерінің бірі – Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысын (ҚГҮК) ұйымдастырудың маңыздылығын көрсету болғанын атап өтті.Ә.Қуантыров Министр орынбасары осы жылдың екінші жартысында Афины қаласында өтетін Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысының сәтті өтетініне сенім білдірді.Министр орынбасары Қазақстанның Грекиямен серіктестікті одан әрі дамытуға және жаңартылатын энергия көздері, көлік пен логистика, металлургия, агроөнеркәсіп, қалдықтарды қайта өңдеу, фармацевтика, туризм және цифрлық технологиялар сияқты экономиканың басым секторларына грек инвестициясын тартуға мүдделі екенін атап өтті. Осы орайда екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандырып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.Ә.Қуантыров Грекияның Сыртқы істер министрлігінің, грек мекемелерінің, қаржы ұйымдарының және елдегі жетекші компаниялардың өкілдерімен жүргізілген келіссөздердің оң нәтижелерін атап өтті.«Талқылау барысында бірқатар басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақтың мүдделілігі байқалып, елдеріміз арасындағы практикалық бастамаларды ілгерілету үшін берік негіз жасалды», – деп қосты ол.Өткен жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі 2,4 млрд долларды құрағанын атап өткен жөн. Сауда-экономикалық қатынастар Қазақстаннан шикі мұнай, полипропилен, ферроқорытпа және жасымық сияқты тауарларды, Грекиядан дәрілік заттарды, топырақты сұрыптауға және ұнтақтауға арналған құрал-жабдықтарды, аминоальдегидті, фенол-альдегидті шайырлар мен полиуретанды, сүтті өңдеуге арналған жабдықтарды және т.б. экспорттауға негізделген.А.Кацуру грек тарапының Қазақстанмен экономикалық өзара әрекеттесуді нығайтуға және өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты экономикалық күн тәртібін ілгерілету және инвестициялық ынтымақтастық бойынша тұрақты диалогты қолдау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1244465?lang=ru
Ташкентте Қазақстанның шетелдік серіктестермен инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары қаралды 06.07.2026
Өзбекстан Республикасына бесінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу аясындағы сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шет мемлекеттердің өкілдерімен және іскер топтармен бірқатар кездесулер өткізді.Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрлігі мен Қазынашылықтың инвестициялар жөніндегі министрінің орынбасары Лорд Джейсон Стоквудпен өткен кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Ағымдағы жылдың маусым айында ратификациялау рәсімі аяқталған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар энергетика, аса маңызды минералдар, көлік және логистика, қаржы, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қарастырылды.Ә.Қуантыров Ұлыбританияның Қазақстанның негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі әрі ел экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың қатарында екенін атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан экономикасының басым секторларына британдық инвестициялар мен технологияларды тартуға қызығушылық білдірілді.Сапар аясында сондай-ақ өзбекстандық «BMB Holding» холдингі Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Бекзод Маматқұловпен кездесу өтті.Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, туризм, тамақ өнеркәсібі, логистика және өзара сауда салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген қазақ-өзбек қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын жеткізді.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ орнықты дамуға және өңірлік экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1244443?lang=ru
Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі өңдейтін зауыт ашылды 06.07.2026
Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі қайта өңдейтін «Qazaq Global Food JV» зауыты іске қосылды. Мұндай кәсіпорынның елімізде өзге баламасы жоқ. Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылында салынған жобаға 9,5 млрд теңге инвестиция салынды. Агроөнеркәсіп кешенінде жылына 70 мың тонна өнім өңделеді. Бүгін өндірістің бірінші зауыты пайдалануға беріліп, екіншісінің іргетасы қаланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жобаны «Alpecon Group» ЖШС іске асыруда. Алғашқы кезеңінде өңделген 70 мың тонна өнімнен 13 мың тонна жеміс-жидек пен көкөніс шырынының концентраты, пюре мен паста әзірленеді. Мұның бәрі толығымен Түркия еліне экспортқа шығарылады. Ал екінші кезеңде алма қалдығынан пектин дайындалмақ. Бұл көрші елдерде әлі қолға алынбаған. Тек Германия, Қытай, АҚШ сияқты мемлекеттерде жақсы дамыған. Жоспар бойынша 1000 тонна пектин және 3000 тонна алма талшығы дайындалып, Корея мен Жапония елдеріне жіберіледі. Жобаның басты серіктесі Түркияның бұл саладағы жетекші компаниясы – «Göknur Gıda». Ал «Байтерек» ҰИХ еншілес ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі мен «Даму» қоры қаржылық қолдау көрсетті.Ауқымды жобаның салтанатты ашылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жаңа зауыттың іске қосылуымен құттықтады.«Өңіріміз әлемдегі алма ағаштарының түпкі отаны екені баршаға белгілі. Ғасырлар бойы бұл аймақ жеміс-жидек өсірудің басты орталығы болып келді. Бүгін осы үрдіс жаңа сатыға көтеріліп, өндірістік экожүйе тағы бір игі жобамен толығып отыр. Кәсіпорынның іске қосылуы жергілікті шаруалар үшін тұрақты нарық алаңын қалыптастырып, шетелдік тұтынушыларға дайын өнім жеткізетін экспорт тізбегін құруға мүмкіндік береді. Бұл – елімізді шикізатқа тәуелділіктен арылтып, дайын өнім шығаруға бағытталған индустриялық саясаттың нақты жемісі. 30 гектар аумақты алып жатқан өндіріс кешенінің техникалық мүмкіндіктері өте жоғары. Маңыздысы сол, бұл жобаның халыққа әкелетін әлеуметтік пайдасы орасан зор. Жаңа зауыттың іске қосылуы арқылы өңірде 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Болашақта олардың саны бірнеше есе артады», – деген аймақ басшысы осынау игі іске үлес қосқан барша маманға, инженерлер мен құрылысшыларға, инвесторларға және серіктестерге алғыс айтты.«Alpecon Group» ЖШС-ның бас директоры Самат Балабеков кәсіпорынның ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту, экспорт әлеуетін арттыру бойынша берген стратегиялық тапсырмасына сәйкес келетінін атап өтті.«Басты мақсатымыз – 2028 жылға қарай шикізат өндірісін, цифрлық технологияларды, маман даярлауды, ғылыми зерттеулер мен экспортты біріктіретін алғашқы толық циклді агроөнеркәсіп кластерін қалыптастыру.Бүкіл экожүйені құрған кезде Жетісу өңірінен Түркістан облысына дейін қабылдау пункттері болады. Оған 10 000-ға дейін фермер мен 500 мыңға жуық ауыл шаруашылығы саласының қызметкері тартылады. Бірлескен жұмыстың арқасында еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынымызға сенімдімін», – деді Самат Жұмабайұлы.Шара барысында жаңа нысанның лентасы қиылып, тұрғындар мен қонақтар зауыттың өндіріс цехтарын аралап көріп, технологиялық қуатымен танысты.Аймақ басшысы Марат Елеусізұлы компания басшылығымен және жоба серіктестерімен бірге екінші зауыттың іргетасына уақыт капсуласын салды. Болашақта жеміс сақтау қоймаларынан бастап, цифрлық басқару платформасы мен маман даярлау академиясы бар толық циклді агроөнеркәсіп кластері бой көтереді.Бұл жоба тек Алматы облысының ғана емес, еліміздің өңдеу өнеркәсібін ілгерілетуге, экспорт әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді. Ең бастысы, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етіп, ел игілігіне қызмет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1244415?lang=ru
«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті 06.07.2026
Бүгін «Достық үйінде» ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. Іс-шарада депутаттар сөз сөйлеп, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының өкілі Қаршыға Есімсейітова кітаптың көркемдік және тағылымдық мәніне тоқталды.Сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жыр шумақтарын оқып, кеш мазмұнын аша түсті.Кездесуде Нұртөре Жүсіп оқырманмен пікір алмасып, жаңа туындының жазылу тарихы, ерекшеліктері мен қамтылған тақырыптары туралы айтты. Қатысушыларға кітапты сыйға тартты.«Жүректегі жапырақта» қоғам, адам тағдыры, ұлттық құндылықтар мен өмір туралы толғаныстар топтастырылған. Автордың өмірден түйген ойлары, замандастары туралы жазбалары мен рухани тақырыптағы эсселері қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1244348?lang=ru
Қарағанды облысында Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің Battle of Bars жарысы аяқталды 06.07.2026
«Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығының полигонында Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің Battle of Bars жарысы өтті. Үздіктерді анықтау үшін сегіз команда бақ сынасты. Жарыс бағдарламасы нақты жауынгерлік міндеттер мен әртүрлі жедел жағдайларды модельдейтін 12 кезеңнен тұрды. Әскери қызметшілер штаттық қарудан біліктілік ату жаттығуларын орындап, тапсырма орындалатын ауданға десантталды. Қашықтығы 30 шақырымдық марш барысында олар байланыс ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерін пысықтап, таулы учаскелерден, су кедергілерінен және миналанған жерлерден өтті. Жекелеген сынақтар бөлімше құрамындағы іс-қимылдарға арналды. Қатысушылар «Түнгі тазарту», «Квест» және «Шабуылдағы топ» кезеңдерінде жоғары үйлесімділік пен тактикалық дайындық деңгейін көрсетті. Сонымен қатар марш-жүгіру кезінде «Қарсыластан озып кету» жаттығуын орындады.Турнирдің ерекшелігі – мерзімді әскери қызметшілер командасының қатысуы болды. Әрбір кезең сарбаздардан жоғары деңгейдегі шоғырлануды, төзімділікті және бар күш-жігерін жұмсауды талап етті. Жас жауынгерлер тәжірибелі әскери қызметшілермен тең дәрежеде барлық сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің жоғары дайындық деңгейі мен мықты ынтасын дәлелдеді.– Бұл жарыс өз мүмкіндіктерімізді сынауға, мықты тәжірибе жинауға және нағыз команданың бір бөлігі екенімізді сезінуге мүмкіндік берді. Кезеңдер оңай болған жоқ, алайда дәл осындай сынақтар адамды шыңдап, өзіне деген сенімділігін арттырады, – деді қатардағы жауынгер Бірлік Берікұлы. Төрешілер барлық команда жоғары кәсіби даярлықты, дене төзімділігін және үйлесімді іс-қимылды көрсеткенін атап өтті. Мұндай жарыстар жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін арттырып, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244340?lang=ru
Пирамида тәсілі ауыл шаруашылығы өнімінен алынатын ҚҚС-ты алмастырады 05.07.2026
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 18-ші отырысында құжаттағы ең көп талқыланатын нормалардың бірі – нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және кәсіпшілік балық аулау өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды.Бұл жерде әңгіме экспорт кезінде осындай өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80%-ға азайтуды көздейтін Салық кодексінің 484-бабының нормасы туралы болып отыр. Салалық қауымдастықтармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және экспорттаушылармен талқылау барысында экспорттық жеткізілімдер бойынша ҚҚС-ты толық өтеу мүмкіндігін сақтау отандық аграрийлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды деген шешім қабылданды. Яғни, Салық кодексінің 484-бабының осы нормасы жойылады. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі «пирамида әдісі» деп аталатын салықтық тексерумен расталады. Бұл тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтара алады.Бұл ұсыныс Салық кодексіне түзетулердің жалпы пакетіне енгізіліп, Құрылтайдың қарауына жіберілетін болады. Ол қабылданған жағдайда аталған өзгерістер жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап ретроспективті түрде қолданылмақ.Есепке алу ҚҚС түзету жөніндегі норманы енгізу кезінде бір мезгілде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдік кеңейтілді: бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын азайту мөлшері 70% - дан 80% - ға дейін ұлғайтылды. Экспорттық ҚҚС-ты қайтарудың бұрын қолданыста болған тетігін сақтау туралы шешім қабылданғандықтан, жеңілдіктің бұрынғы мөлшері - 70%-ды қалпына келтіру ұсынылады.Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп ҚҚС қайтару кезінде цифрлық теңгені пайдалану тетігін пысықтауда. Оны енгізу бойынша жұмысты биыл аяқтау жоспарлануда. Бұл құрал ең алдымен экспорттаушыларға бағытталған және ҚҚС қайтару мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте оны қолдану тек ерікті сипатқа ие: бизнес ҚҚС қайтарудың қолданыстағы тәртібі мен цифрлық теңгені пайдалану тетігі арасында таңдау жасай алады. Серік Жұманғарин атап өткендей, шешім қабылдау кезінде салалық қауымдастықтардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен экспорттаушылардың ұсыныстары ескерілді. Таңдалған тәсіл аграрлық секторды қолдаудың қолданыстағы шараларын сақтауға, экспорттаушылар үшін тұрақты және болжамды жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін қолдауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1243989?lang=ru
Үш бөлмелі пәтер еңбегімен үлгі болған әкеге табысталды 05.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Әке тәрбиесі – ұлттың рухани діңгегі» атты облыстық әкелер форумы өтті. Оған «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, аудандардан келген, түрлі салада табысқа жетіп, кәсібі мен еңбегі арқылы елге үлгі болып жүрген азаматтар қатысты.Биыл әкелер форумы төртінші мәрте ұйымдастырылуда. Бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ер азаматтың отбасы мен қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды алаң.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әке жауапкершілігі – отбасының беріктігі мен ұрпақ тәрбиесінің негізі. Біздің қоғамда әкенің рөлін арттыру, оның отбасындағы беделін нығайту – өте маңызды міндет» деген болатын.Ұлттың сапасы, болашақ ұрпақтың азаматтық болмысы әкенің берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Жаңа Конституциямызда «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп нақты көрсетілген. Бұл отбасы құндылықтары мемлекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналғанын айқын дәлелдейді. Әке – тек отбасын асыраушы емес, баланы жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және Отанға деген сүйіспеншілікке баулитын алғашқы мектеп.Баланың болашағына әсер ететін ең қуатты күш – отбасындағы тәрбие, әкенің өнегесі. Сондықтан, «Адал адам», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» секілді мемлекеттік бастамаларды қоғамда орнықтыру ең алдымен отбасынан басталуы тиіс. Баршаңызды ел мүддесіне адал қызмет етуге және ұрпақ тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Іс-шарада отбасы құндылықтарын насихаттап, өскелең ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып жүрген әкелер облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Нығметұлы, ішкі істер органдарының ардагері Әмірбек Бердібекұлы, жас ақын, республикалық Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының иегері Ақжол Ғабитұлы, өнегелі әке Дәулет Амангелдіұлы, «Бақытты әйел» жобасының спикері Нұрсәуле Дүйсембайқызы тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады. «Қазақстан дауысы – 2023» жобасының финалисі Нұрислам Тілеухан әсем ән орындап, оған қоғамдық бірлестік атынан смарт-теледидар сыйға берілді.Форумда «Қызылорда» супермаркетінің жұмысшысы Камалов Жандос Құдайбергенұлына үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Жандос Құдайбергенұлы – мүмкіндігі шектеулі жұбайына және екі баласына қамқор болып отырған ардақты әке.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1243950?lang=ru
Қорғаныс министрлігі әскери жоғары оқу орнының курсанты ТМД-ның үздік студенті атанды 05.07.2026
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанты Даниял Құрманқұлов «ТМД-ның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.Байқау қорытындысы бойынша ғылыми жұмысының жоғары деңгейі, белсенді қоғамдық қызметі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін жас зерттеуші I дәрежелі дипломмен марапатталды.Қазылар алқасы оның күштік құрылымдар үшін байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористік қауіптердің алдын алу саласындағы ғылыми әзірлемесін жоғары бағалады. Қазақстандық курсант байланыс сигналдарын басатын көпфункционалды «ақылды» құрылғы жобасын әзірледі.Әзірлеменің басты артықшылығы - таңдамалылығы. Құрылғы «хирургиялық пышақ» сияқты жұмыс істейді: ол қарсыластың сигналдарын (Wi-Fi, спутниктік байланыс, ұялы байланыс, дрондардың радиожиіліктері) нүктелі түрде бұғаттайды, алайда арнайы қызметтер мен әскерилер үшін қорғалған өзінің байланыс «дәлізін» сақтап қалады.Зерттеу қазіргі жағдайдағы аса маңызды нысандарды қорғау және қауіпсіздік технологияларын жетілдіру мәселелеріне арналған. Құрылғы тек дрондардың жұмысын тоқтатып қана қоймай, олардың орнын анықтайтын локаторларға жалған координаттар жібереді. Сонымен қатар, ол 2GIS платформасының жұмысына әсер етіп, нысанның нақты орнын ауыстырып, 2,5–3 шақырым радиустағы жалған координаттарды көрсетеді.– Үлкен теракт немесе арнайы операцияны елестетіп көріңіз. Құқық қорғау органдары құрылғыны іске қосады. Оның әсер ету аймағында ешбір террорист телефон қоңырауы арқылы жарылғыш затты іске қоса алмайды, ал қарсылас дрон басқарудан айырылып, құлап қалады. Ал командирлер, полицейлер мен дәрігерлер рация арқылы кедергісіз байланысып, адамдарды құтқару жұмыстарын үйлестіре алады, – деп бөлісті Д. Құрманқұлов.Технология құпия сызбалармен жабдықталған, 3,5 сағатқа дейін автономды жұмыс істей алатын мобильді немесе стационарлық құрылғы ретінде ұсынылған.Даниял Құрманқұловтың бұл әзірлемесі Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігіне жол ашып, құпия деректердің ел ішінде сақталуын қамтамасыз етіп, әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін арттырады.Қазіргі уақытта Даниял ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға арналған интеллектуалды жүйе жасау бойынша жаңа перспективалы жобамен айналысуда. Бұл жүйе әуе кеңістігіндегі бөгде дрондарды ажыратуға мүмкіндік беріп, дрон технологияларын тиімді қолдану аясын арттырады және нысандарды қате сәйкестендіру қаупінен сақтайды.Даниял Құрманқұлов бұған дейін де республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған, соның ішінде Беларусь елі де бар. Ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық қызметке қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының ғылыми-практикалық конференциясы қорытындысы бойынша оған «Үздік өнертапқыш» атағы берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1243923?lang=ru
Бүгін – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні 05.07.2026
1992 жылғы 19 маусымда Қорғаныс министрінің директивасы негізінде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері құрылды.Бұл әскерлер елдің әкімшілік-саяси, өнеркәсіптік-экономикалық орталықтарын, Қарулы күштердің топтарын, маңызды әскери және стратегиялық нысандарды авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққыларынан қорғауға арналған.Бөлімшелер заманауи зениттік-зымыран кешендерімен және радиолокациялық станциялармен жабдықталған. Бұл әуе кеңістігін бақылауды және ықтимал қауіптерді анықтауды қамтамасыз етеді.Әскерлер үшін офицер кадрларды даярлау Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жүзеге асырылады. Әскери қызметшілердің жоғары кәсіби дайындығы халықаралық оқу-жаттығулар барысында бірнеше рет дәлелденді.Қазірде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері цифрлық технологиялар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін белсенді енгізіп келеді. Бұл шешім қабылдау жылдамдығын арттырып, бөлімшелердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіруге және жауынгерлік міндеттерді орындау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.2025 жылы Қарағанды облысындағы «Сарышаған» полигонында өткен «Жауынгерлік достастық» халықаралық тактикалық оқу-жаттығуы барысында автоматтандырылған басқару жүйесі алғаш рет сынақтан өткізіліп, өзінің тиімділігін көрсетті. Оқу барысында әуе нысандарын анықтау және жою алгоритмдері пысықталды.Жоғары жауынгерлік дайындық, әскери қызметшілердің кәсібилігі және заманауи технологияларды енгізу – мемлекет қорғаныс қабілетінің негізгі тіректері. Әуе шекараларын тәулік бойы күзететін әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері ел мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1243710?lang=ru
Тұрғын үй құрылысы және әлеуметтік даму: «Астана» шағын ауданы қарқынды дамуда 05.07.2026
Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Соның ішінде Тобыл қаласындағы «Астана» шағын ауданы ерекше маңызға ие.Жоба аясында жалпы 23 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 1000-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда тұрғын үйлердің бір бөлігі пайдалануға берілген, қалған нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Жалпы құрылыс аумағы 10 мың шаршы метрден асады, ал тұрғын үйлер заманауи инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуда.Шағын ауданда жол, жарықтандыру, инженерлік желілер және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жұмыстары қатар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және қалалық ортаның тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.Жоба өңірдегі тұрғын үй саясатының тиімді жүзеге асырылып жатқанын көрсетіп, әлеуметтік тұрақтылық пен урбанистикалық дамуға серпін беруде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1243693?lang=ru
Қазақстан мен Беларусь Бас штаб бастықтары екіжақты кездесу өткізді 05.07.2026
ТМД-ға мүше мемлекеттердің Қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің Астанада өткен отырысы аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров пен Беларусь Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-майор Павел Муравейконың кездесуі өтті.Тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады. Әскери білім беру, кадрлар даярлау, екіжақты және көпжақты оқу-жаттығулар өткізу, сондай-ақ әскери-патриоттық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Сонымен қатар 21–27 маусым аралығында Қазақстанда өтетін «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына Беларусь Республикасы командасының қатысу мәселесі қаралды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және серіктестік қатынастарды нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1243600?lang=ru
Адам өмірінің арашасы: Қостанай облысында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді 05.07.2026
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.Мемлекет Басшысы: «Денсаулық сақтау саласы – еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі», – деп атап өтті.Биыл облыстың денсаулық сақтау саласына 133,2 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге жоғары.Қазіргі таңда облыста 438 медициналық ұйым жұмыс істейді. Оларда 13 мыңнан астам маман, соның ішінде 1,8 мыңға жуық дәрігер еңбек етуде. Соңғы 3 жылда 34 медициналық нысан бой көтерді: 2 емхана, 5 дәрігерлік амбулатория, 23 ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт) және 4 медпункт. Олар бұрын ауыл деңгейінде болмаған УДЗ (УЗИ) аппараттарымен, зертханалармен, оңалту жабдықтарымен және физиоаппараттармен жабдықталған.«Жеке инвестициялар есебінен «LifeClinic» медициналық орталығы, Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында және Қостанай ауданының Тобыл қаласында емханалар ашылды. Жақын арада Қостанай ауданының Заречный кентінде аудандық емхана өз есігін ашады. Жітіқара ауданындағы емхананы қайта құру жұмыстары аяқталды. Арқалық пен Жітіқарадағы аудандық ауруханалар қайта құрудан өткеннен кейін, ағымдағы жылы Арқалық медициналық колледжін қайта құру жұмыстары мен Амангелді және Жангелді аудандарында ФАП-тардың құрылысы басталады», – деді аймақ басшысы.Облыста 2 балалар орталығы ашылды. Оның бірі – республикадағы аутизммен ауыратын балаларға арналған ең ірі орталық, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы.Денсаулық сақтаудың 34 нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстың медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 13,4 млрд теңге қарастырылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.Онкологиялық ауруханаға алғаш рет сызықтық үдеткіш орнатылды. Жедел жәрдем қызметінің автопаркі 50 жаңа реанимобильмен толықты. Медициналық техникамен жабдықталу деңгейі 90%-ды құрады.Тек 2025 жылдың өзінде облысқа 300-ден астам дәрігер келді. Облыстың медициналық колледж түлектерінің саны 376-дан 620 адамға дейін өсті. Соңғы 3 жылда дәрігер кадрлардың тапшылығын 67%-ға – 312-ден 101 маманға дейін қысқартуға қол жеткізілді.Ақ халаттылардың еңбегінің арқасында соңғы 3 жылда өлім-жітім көрсеткіштері азайды. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 72,67-ден 74,94 жасқа дейін артты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1243588?lang=ru
70 жедел жәрдем көлігі табысталды 05.07.2026
Алматы облысында медицина қызметкерлері күні мерекеленді. Іле ауданында өткен салтанатты іс-шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақтағы медициналық мекемелерге 70 санитарлық жедел жәрдем көлігін табыстап, өңірдің денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарды марапаттады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Алматы облысында денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 38 медициналық нысан пайдалануға берілген. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Сонымен қоса медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, 347 бірлік заманауи медициналық техника сатып алынған. Соның нәтижесінде өңірдегі медициналық ұйымдардың жабдықталуы 93 пайызға жеткен.«Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесінде өңірдің денсаулық сақтау саласы нақты нәтижелерге қол жеткізді. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 2022 жылғы 73 жастан 75 жасқа дейін ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша нәресте шетінеуі 25,5%-ке төмендеді. Бұл көрсеткіштердің барлығы өздеріңіздің кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Сіздерге халық денсаулығын сақтау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.Атаулы күн аясында денсаулық сақтау саласының үздік мамандарына құрмет көрсетілді. Айталық, Балқаш аудандық орталық ауруханасының неонатолог дәрігері Қарылғаш Тәжібаева мен Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының педиатр дәрігері Зорям Юсуповаға «Құрмет» ордені табысталды. Сонымен қоса, елеулі еңбек еткен емдеу қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілеріне, ҚР Денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталарына ие болды. Жиын барысында «Үздік стационар дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік жедел медициналық көмек дәрігері» сынды 12 номинация бойынша осы жылдың ең үздік медицина қызметкерлері марапатталды. Осылайша, «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» деп бағаланды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.Жедел-жәрдем стансасына берілген сі жаңа көліктер лизинг шартымен сатып алынған. Оның отызы “С” санатындағы реанимобиль, ал қырық көлік “В”санатына жатады. Барлығы заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және шұғыл көмек көрсетуге бейімделген. Осылайша, биыл Алматы облысының жедел медициналық жәрдем қызметі үшін сатып алынған 90 санитариялық автокөліктің барлығы пайдалануға берілді. Оның 20-сы жыл басында медициналық ұйымдарға тапсырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1243559?lang=ru
Қостанай облысының әкімдігі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды қайта әлеуметтендіру және қайталама қылмыстың алдын алуды күшейту жөніндегі шаралар, сондай-ақ мал ұрлығына байланысты мәселелерді талқылады 05.07.2026
Облыс әкімінің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алдын алу жұмыстарын үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюктің, мемлекеттік органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста екі мәселе, қайталанған қылмыстың алдын алу және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ мал ұрлығына қарсы іс-қимыл және ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз жаюдың алдын алу мәселелері қаралды.Бірінші мәселе бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға азаматтардың осы санатын атаулы сүйемелдеуді қамтамасыз ету, олардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту тапсырылды.Екінші мәселе бойынша жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты күшейту, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру және жол жүрісі қауіпсіздігіне, ауыл шаруашылығы алқаптарының сақталуына және қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін малдың бақылаусыз жайылуына жол бермеу жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігі көрсетілген.Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі ведомствоаралық жұмыстың басым бағыттары айқындалды, құқық бұзушылықтар профилактикасының тиімділігін арттыруға және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1243489?lang=ru
Құрылыс сапасына қатысты мәселелер талқыланды 05.07.2026
ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасына қатысты мәселелер талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Мемлекет басшысының құрылыс сапасын арттыру, нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану тапсырмасы бар. Жиында құрылысқа бақылауды күшейту, техникалық және авторлық қадағалау институттарының жауапкершілігін арттыру, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою мәселелері қаралды.Премьер-министрдің бірінші орынбасары ақауларды жою барысында көзбояушылыққа жол берілмейтінін атап өтті. Құрылыс сапасы жобалау кезеңінен бастап құрылыс-монтаждау, пайдалануға қабылдау, техникалық және авторлық қадағалау, кепілдік міндеттемелердің толық орындалуына дейінгі барлық кезеңде қамтамасыз етілуі тиіс.Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым, автомобиль жолдары, абаттандыру объектілері, аула аумақтары, сыртқы жарықтандыру жүйелері, теміржол вокзалдары мен автовокзалдар құрылысына бақылауды күшейту қажет.Кемшіліктер мердігер ұйымдар қаражаты есебінен, кепілдік міндеттемелер шеңберінде, бюджет қаражатын жұмсамай жойылуы керек.Мәжілісте бақылауды күшейту және тапсырыс берушілердің, мердігер ұйымдардың, техникалық және авторлық қадағалаудың жауапкершілігін арттыру шаралары талқыланды.Кейінгі үш жылда аймақта құрылыс саласына бөлінген қаржы тұрақты өсіп, 2023-2025 жылдар аралығында 349,9 млрд. теңгеге жетті. Құрылысы жүріп жатқан нысандардың сәулеттік келбеті мен ішкі дизайны алдын-ала келісіліп, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарының үйлесімділігі қамтамасыз етілуде.Жұмыстың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы үшін барлық нысан тұрақты бақылауға алынған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1243282?lang=ru
Астанада ТМД елдерінің қарулы күштері штаб бастықтары ынтымақтастық көкжиектерін талқылады 05.07.2026
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қарулы күштері штаб бастықтары комитетінің отырысына Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан әскери ведомстволарының өкілдері қатысты.Пленарлық отырыс басталмас бұрын әскери делегациялар басшыларының екіжақты кездесулері өтті. Сондай-ақ қатысушылар «Отан қорғаушылар» алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Отырыста тараптар әлемдегі және Орталық Азия өңіріндегі әскери-саяси ахуалды, көпжақты әскери ынтымақтастықты дамыту және Достастық елдерінің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтың айтуынша, Қазақстан әскер құрылымын дамытудағы тәжірибесімен және әскердің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдерімен бөлісті.Кездесу барысында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты дамыту, әскери авиация ұшуларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де қаралды.Сонымен қатар жоғары технологиялық қару-жарақ пен әскери техниканы қолданудың заманауи тәжірибесін зерделеу жайы сөз болды. Қатысушылар әскери зымырандар мен артиллерияны жауынгерлік қолдану, сондай-ақ нысандар мен аумақтарды минадан тазарту міндеттеріне ерекше назар аударды.– Әскери саладағы ынтымақтастығымыздың деңгейі тұрақты түрде кеңейіп келеді. Бұл ұлттық қарулы күштердің әлеуетін нығайтуға және Достастық мемлекеттерінің қауіпсіз дамуын қамтамасыз етуге ықпал етеді, – деп қорытындылады сөзін генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров.Кездесу қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің хатшысы генерал-лейтенант Юрий Дашкин Достастық кеңістігіндегі әскери өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ынтымақтастық қарулы күштер арасындағы үйлестіруді күшейтуге және өңірлік қауіпсіздікті сақтауға бағытталған.Іс-шара соңында тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту жөніндегі келісімдерді бекітетін қорытынды құжаттарға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1243174?lang=ru