Қуқық
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қостанай облысы тұрғындарымен кездесу өткізді 04.01.2025
Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Рудный қаласында Қостанай облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді. Жиында заңсыз ойын бизнесімен күрес, лудоманияның алдын алу, сондай-ақ өңірдегі спорт пен туризмді дамыту мәселелері талқыланды.
Мирас Төлебаев кездесуде лудомания жүйелі көзқарас пен шараларды талап ететін күрделі әлеуметтік проблема екенін атап өтті. 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында мемлекет заңсыз құмар ойындарға қарсы күресті күшейтіп, жарнаманы шектеу, операторларды бақылауды қатаңдату және азаматтардың белгілі бір санаттары үшін ойындарға қатысуға тыйым салу шараларын енгізуде.
«Жыл басынан бері eGov қосымшасы арқылы 170 мыңнан астам адам өзін құмар ойындардан шектеді. Бұл шаралар тәуелділікті азайтуға және ең осал топтарды қорғауға көмектеседі», – деп атап өтті министрдің орынбасары.
Сондай-ақ ол өңір халқына жуырда ойын бизнесін реттеуді күшейтетін заңға қол қойылғанын жеткізді. Атап айтқанда, заңға мемлекеттік және әскери қызметкерлердің, борышкерлер тізіліміне енгізілген тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына тыйым салынып, интернет-казино ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік енгізілді. Мемлекет халықты лудоманияның қауіптері туралы ақпараттандыруды жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыруда және ойын тәуелділігімен бетпе-бет келгендер үшін білім беру бағдарламалары мен қолдау жүйелерін енгізуде.
Кездесу барысында министрдің орынбасары туризм саласындағы жетістіктерге де тоқталды. Оның айтуынша, өңірде туристік инфрақұрылымды жақсарту, инвесторларды тарту және ішкі туризмді дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Биыл облысқа келген ішкі туристер саны 25%-ға өскен.
«Біз заманауи туристік нысандарды салып, көлік инфрақұрылымын жақсарта отырып, Қазақстан бойынша саяхатты жайлы әрі қолжетімді етуге тырысамыз», - деді Мирас Төлебаев.
Өңір халқымен кездесуде спорт саласы туралы да сөз қозғалды. Бүгінде Қостанай облысында 32 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 18 мыңнан астам бала жаттығады. Биыл өңірде екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталса, 2025 жылы Рудныйда мамандандырылған спорт мектебін ашу жоспарланған. Бұл бастамалар жастарды спортқа баулуға және жоғары деңгейдегі спортшыларды даярлауға бағытталған.
Кездесу соңында облыс тұрғындары министрдің орынбасарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Іс-шара соңында Мирас Төлебаев жиынға белсенді қатысқаны үшін өңір тұрғындарына алғысын білдірді.
«Бірлескен күш-жігермен ғана біз күрделі әлеуметтік мәселелерді шешіп, өңірдің туризм мен спорт саласындағы орнын нығайта аламыз», – деді министрдің орынбасары.
Фото: alau.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910720
Өңірлік спорт басқармалары e-Sport платформасына көшу жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізуі керек 04.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген аппараттық кеңесінде e-Sport цифрлық платформасы таныстырылды. Аталған жоба деректер мен жүйені басқаруда ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз ете отырып, дене шынықтыру және спорт саласын цифрлық трансформациялауға бағытталған.
Платформаның негізгі мақсаты – еліміздің барлық аймағындағы спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және әдіскерлер туралы ақпаратты біріктіретін орталықтандырылған мәліметтер базасын құру. Сонымен қатар платформа спортшылар мен жаттықтырушылардың дене шынықтыру және спорт ұйымдарында жұмыс істейтінін және олардың біліктілігін растауға, электронды спорттық іс-шаралар күнтізбесін құруға және өңдеуге, сондай-ақ спорт нысандарын цифрландыруға мүмкіндік береді.
Пилоттық кезеңде платформаның негізгі модульдері іске асырылды. Атап айтқанда, алғашқы кезеңде спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер мен әдіскерлер паспорттарының бірыңғай деректер базасы, іс-шаралардың электронды күнтізбесі және нысандардың тізілімі енгізіледі. Қазіргі таңда платформамен жұмыс істеуге 81 спорт федерациясы мен 6 ұйым қосылды, ал деректер базасына 1700-ден астам спортшының мәліметі салынды.
«Министрлік 2025 жылы платформаның функционалдығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жарыс хаттамаларын электронды форматта жүргізу, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және статистикалық деректерді проактивті форматта есепке алу енгізіледі. Бұдан басқа, e-Sport платформасын өндірістік пайдалануға енгізу күтіліп отыр. Бұл спорт саласын цифрландыруды дамытудағы маңызды қадам болмақ. Әсіресе, өңірлік спорт басқармалары e-Sport платформасына көшу жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізуі керек», – деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, e-Sport цифрлық платформасы спорт саласын тиімді басқаруға жаңа мүмкіндіктерді ашып, спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру және сапасын көтеру үшін маңызды құралға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911254
Харбин-2025: Қазақстан Ұлттық құрамасының спорттық формасы таныстырылды 04.01.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құраманың IX Қысқы Азия ойындарына арналған ресми спорттық формасын таныстырды. Ақ Азиада 2025 жылдың 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді.Жаңа форма халықаралық стандарттарға сай әзірленіп, ұлттық талаптар толық ескерілді. Негізгі түстер – қою көк пен ашық көк. Бұл түстер тұрақтылықты, тәуелсіздікті және жаңа белестерге ұмтылысты бейнелейді. Ақ түсті элементтер тазалықты және спорттағы әділдік қағидаттарын айқындайды.Дизайн мемлекеттік рәміздермен: елтаңба және тумен толықтырылған. Сонымен қатар форманың безендірілуінде QAZAQSTAN жазуы, 2025 жылғы IX Қысқы Азия ойындарының логотипі және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің эмблемасы бар.Форма заманауи технологиялармен жасалған жоғары сапалы материалдардан дайындалған. Спортшылардың жайлылығы үшін табиғи термореттеу қасиетіне ие маталар қолданылды. Сыртқы киім табиғи мамықпен жылытып, жеңіл әрі жылуды сақтайтын етіп жасалған. Спорттық костюмдерде суық жағдайларда да жылу сақтайтын жоғары технологиялық флис пайдаланылды.Форма жиынтығына жылы куртка, желден қорғайтын костюм, жилет, спорттық және жаттығу киімдері, футболка, шорты, бас киімдер, спорттық аяқ киім және әртүрлі аксессуарлар кіреді.IX Қысқы Азия ойындарына Азияның 32 елінен 1147 спортшы қатысады. Жарыс бағдарламасы аясында 6 спорт түрі және 11 дисциплина бойынша 196 медаль жиынтығы сарапқа салынады.Жаңа спорттық форманың жасалуы демеушілер қолдауының арқасында жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911258
2024 жылдың жарқын жеңістері 04.01.2025
2024 жылдың жарқын жеңістеріАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912675
CNN Travel нұсқасы бойынша Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық ең үздік орындар тізіміне енді 04.01.2025
CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды. Атап айтқанда, Алматы қаласы саяхаттауға тиіс ең үздік бағыттардың қатарына енді. Қала кең табиғи ландшафттар мен дамып келе жатқан урбанистік мәдениетті біріктіретін ерекше атмосферасының нәтижесінде Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды.
🔹CNN Travel атап өткендей, Алматы — дәмі тіл үйіретін тағамдардан бастап, түнгі өмір, заманауи өнер мен мәдениеті өркендеп келе жатқан әлемдегі сирек қалалардың бірі. Сонымен қатар Тянь-Шань тауларының етегінде орналасуы саяхатшыларға табиғаттың таза сұлулығына оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
🔹Қаланың басты көрікті жерлеріне метрополитен станциялары, Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі мен 2025 жылы жаңа ғимаратқа көшетін «Целинный» заманауи мәдениет орталығы жатады. Сондай-ақ Алматы Neo Nomad асханасының отаны болып саналады. CNN Travel Медеу аңғарындағы AUYL мейрамханасын ерекше ұсынып, гастрономиялық саяхатты дәл осы жерден бастауға кеңес береді.
✈️ Редакторлар Алматыға жету бұрынғыдан да оңай бола түскенін атап өткен. Қала Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерімен тікелей әуе рейстерімен байланысады. Сонымен қатар Қазақстан көптеген ел, соның ішінде АҚШ, Канада, Аустралия және Ұлыбритания азаматтары үшін визасыз режим ұсынады.
🔹Алматы өзінің бірегей мәдениеті, табиғи байлығы және заманауи ерекшеліктерімен Орталық Азияның жетекші туристік орталығы мәртебесін нығайта түсуде.
🔗 Толық тізімді мына сілтеме арқылы көре аласыз:
https://edition.cnn.com/travel/best-destinations-to-visit-2025/index.html Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912743
Jibek Joly туристік пойызы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кезекті сапарына аттанды 04.01.2025
Jibek Joly туристік пойызы екінші сапарына шықты. Бұл жолы теміржол саяхатының аясы кеңейіп, Қазақстанның Шымкент және Өзбекстанның Самарқанд қалалары қосылды.
Бүгін Jibek Joly туристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша сапарын бастады. Тур 2-7 қаңтар аралығында 5 күнге жалғасады. Екінші сапарға 100-ден астам жолаушы аттанды.
Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды. Маршрутқа қалалардың негізгі көрнекі орындары енгізілген. Туристердің жайлылығы үшін тур бағдарламасына гид қызметі, тамақтану, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кіреді.
Айта кетейік, бұл жолғы теміржол саяхатының басты ерекшелігі – туристер пойызда түнейді. Пойыз сол уақытта белгіленген бағыт бойынша қозғалысын жалғастырады.
Халықаралық турды «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы «Kazakh Tourism ҰК» АҚ және ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912744
Өнеркәсіп саласындағы жыл көрсеткіші 04.01.2025
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ағымдағы жылдың 11 айындағы жетекшілік ететін салалардағы негізгі көрсеткіштер бойынша мәліметтерді ұсынды.Қазақстанның өнеркәсіп саласы негізгі өңдеуші өнеркәсіп салалары бойынша 5,3% жиынтық көрсеткішпен оң динамика көрсетіп отыр. Оның ішінде машина жасау, қара және түсті металлургия, химияялық өнеркәсіп салалары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/908893
Жаңа 2025 жыл: Алматы – мыңдаған шам қаласы 03.01.2025
Белгілі фотограф Дмитрий Доценко әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жылдық Алматының керемет және әсем суреттерімен бөлісті. Оның объективіне түрлі-түсті Арбат, Панфилов көшесі, Абай, Астана және Республика алаңдары, сондай-ақ жарқыраған Тұңғыш Президент саябағының көріністері түскен.Жаңа жыл қарсаңында Алматы ерекше безендірілді. Әуежайдан бастап орталық алаңдарға дейін қала толығымен мерекелік кейіпке енді. Қалада 300-ге жуық жарқыраған құрылым орнатылды, олардың арасында ертегі кейіпкерлері мен мерекелік әшекейлер бейнеленген. Сонымен қатар, былтыр жөндеуден өткен 120 шағын сәулет нысандары қайта пайдаланылды. Магистраль бойындағы ағаштар жарықдиодты шамдар мен гирляндалармен безендірілген. Жалпы, қала бойынша 1500 жарық элементі орнатылды, оның ішінде 350-і – қалпына келтірілген өткен жылғы кронштейн.Айта кету керек, Абай алаңында биіктігі 25 метр болатын мегаполистің басты жаңа жылдық шыршасы орнатылды. Биылғы жылы шырша алғаш рет қаңқалы емес, табиғи діңді классикалық стильде жасалды. Оны безендіру үшін алты шақырым гирлянда, түрлі-түсті шарлар және шырша ойыншықтары қолданылды.Сонымен қатар, Абай алаңында 5 қаңтарға дейін жұмыс істейтін жаңа жылдық жәрмеңке ұйымдастырылды. Мұнда кәдесыйлар, қолөнершілердің бұйымдары және мерекелік әшекейлерді табуға болады.Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда эстрада жұлдыздарының қатысуымен 3 ауқымды концерт өтеді: Абай алаңында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Бүркіт, Ақбота-Нұр, Ғазизхан Шекербек, Диана Исмаил, Кенжебек Жанәбілов және басқа да артистердің қатысуымен концерт өтеді.Сондай-ақ, «Нұрлы Тау» бизнес орталығының алдында сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін жастар концерті ұйымдастырылады. Онда DJ Slim, Altair&ABBi, 2RAR, Dakelot және «Аll Давай» бойз-бендінің солисті әрі продюсері Шоқан Маратұлы өнер көрсетеді.Астана алаңында жаңа жылдық концерт сағат 21:00-де басталып, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жалғасады. Сағат түнгі 00:00-де мерекелік отшашу ұйымдастырылады.Жаңа 2025 жылды тойлау құрметіне ҚБТУ ғимаратының алдында Ерсейіт Әлиев, Елбол Қуанбек, Ұлжан Ағлақова, Chingiz Typhoon, Makvin, Орынхан, 6ellucci, Мархаба Сәби, Moldanazar және RaiM өнер көрсетеді.https://www.instagram.com/p/DEPNU7gofog/?igsh=MTM4bzlqcG85eDR3Yw== Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/912694
Ұлытау облысында туризм мен спортты дамыту: Ержан Еркінбаев өңір тұрғындарымен кездесті 03.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Ұлытау облысы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, министрліктің қазіргі қызметі, туризм және спорт саласындағы реформалар туралы айтты. Іс-шараға спорт және туризм саласының өкілдері, өңір тұрғындары қатысты.Кездесуде Ержан Еркінбаев Қазақстан туризмінің тұрақты өсіп келе жатқанын, биыл сала үшін табысты жыл болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 562 мың адамға өсіп, жалпы 6 миллионға жеткенін мәлімдеді. Ұлытау облысында осы кезеңде 21 мың туристке қызмет көрсетілген. Ал орналастыру орындары 498 миллион теңге табыс тапқан.Сонымен қатар өңірде туристік инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылады. Себебі аймақта «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық музейі мен «Жошы хан» тарихи-мәдени кешені сияқты маңызды туристік нысандар бар.Ержан Еркінбаев экотуризм мен глэмпинг сияқты экологиялық тұрғыдан таза және қолжетімді демалыс орындарының маңызын атап өтті. Экотуризмнің дамуы Қазақстандағы ұлттық парктерге келушілердің санын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 14 ұлттық парк бар.Кездесу барысында өңірдегі спорттың дамуы да талқыланды. Қазіргі таңда облыста 77 943 адам спортпен шұғылданады, оның ішінде 16 809-ы ауыл тұрғындары. 36 спорт түрін дамытатын 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Биыл Жезқазғанда 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Жезді кентіндегі спорт кешені мен Қаражал қаласындағы жабық бассейн пайдалануға беріледі деп жоспарланған.Есеп беру жиынының соңында министрдің орынбасары азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/910116
Өңірлердегі спорттың дамуы мен жай-күйін айқындау үшін құрылған мониторингтік жұмыс тобының есебі тыңдалды 03.01.2025
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен министрліктің кеңейтілген аппараттық кеңесі өтті. Оған министрлік өкілдерімен қатар, өңірлік спорт басқармаларының және ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.Кеңесте өңірлердегі спорттың дамуы мен жай-күйін айқындау үшін құрылған мониторингтік жұмыс тобының есебі тыңдалды.Мониторинг барысында өңірлерде біршама мәселе анықталған. Атап айтқанда, жарыстарға қатысатын спортшыларды анықтау кезінде өңірдегі басым спорт түрлеріне басымдық берілмейтіні, қаржы бөлу кезінде олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері арасында теңсіздік байқалатыны айтылды. Сонымен қатар спорттық резервті дайындау мен спорт түрлерін дамытуда теңсіздік бар екені, балалар мен жасөспірімдерді спорттық мекемелерге қабылдау жүйесінде бірізділіктің болмауы, дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары мен федерацияларда медициналық қызметкерлердің тапшылығы анықталған.«Өңірлердегі спорт инфрақұрылымын жақсартып, кадр тапшылығы мен қаржыландыру мәселелерін шешу қажет. Спорт басқармалары мен бағынысты ұйымдарда ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жүрген басшыларды өзара ауыстыру тәртібімен ротация жасау мәселесін пысықтау маңызды. Тізілімге енбеген спорт түрлеріне қаржы бөлу, қаржылық ресурстарды тиімсіз пайдалану мәселесі де үнемі назарда болуға тиіс. Сондай-ақ спорттық мекемелер мен аймақтардың статистикалық деректерін жинақтау мен бақылауда да проблемалар бар. Мұны да бір ізге түсіру керек. Спорт саласындағы реформалар мен жаңа бастамаларды іске асыру үшін барлық тараптармен тығыз жұмыс істеуі маңызды», – деді Ербол Мырзабосынов.Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік басқармаларға нақты тапсырмалар берілді. Өңірлік спортқа жүйелі түрде бақылау жүргізіп, мониторинг жасауды күшейту қажеттігі айтылды.Әр аймақта спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, кадр мәселесін шешу және балалардың спортқа қатысуын арттыру үшін кешенді шаралар қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/911076
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 02.01.2025
31 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылының тұрғындарымен кездеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/911523
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі 01.01.2025
Қымбатты отандастар!Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Бүгін бәріміз жүзжылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады. Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді.Ұлу жылы ұлтымыз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Түрлі саладағы реформалар жемісін бере бастады. Экономиканың жаңа бағдарын белгілеп, нақты шараларды қолға алдық. Өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамуда. Бірқатар ірі өндіріс орны ашылды. Инвестициялық ахуал жақсарды. Мыңдаған шақырым жол салынып, жөнделді. Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді.Диқандарымыз мол астық жинап, қамбаны дәнге толтырды. «Таза Қазақстан» акциясының аясында қалалар мен ауылдар жаңаша келбетке ие бола бастады. Алғаш рет азаматтарымыздың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті.Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсті. Жүзден астам жаңа мектеп ашылды. Көптеген әлеуметтік нысан салынды.Парламент депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша заңдар қабылдады. Сондай-ақ биыл біз еліміздің келешегіне айрықша әсер ететін өте маңызды шешім қабылдадық. Атом электр станциясына қатысты референдум өткіздік. Көпшілік бұл бастамаға қолдау білдірді.Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы арта түсті. Астанада беделді халықаралық ұйымдардың маңызды саммиттері өтті.Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына мыңдаған спортшылар мен меймандар келді. Байрақты бәсекені табысты ұйымдастырып, төл өркениетімізді жер жүзіне таныттық. Спортшыларымыз Олимпиада және Паралимпиада ойындарында көк туымызды биікте желбіретті. Оқушыларымыз түрлі білім сайыстарынан жүлделі оралды. Басқа да көптеген табыс бар.Биыл көктемде бірқатар аймақта алапат тасқын болғанын білесіздер. Табиғаттың тосын сынағы бәрімізге ауыр тигені сөзсіз. Соған қарамастан, қиын күндерде халқымыз бір-біріне жанашыр болып, мызғымас бірлігін көрсетті. Зардап шеккен барша азаматқа жан-жақты көмек берілді. Мемлекет ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Барлық міндеттемесін толық орындады. Жүздеген отбасы Жаңа жылды жаңа шаңырақта қарсы алып жатыр. Біз осылайша ырысты ынтымағымыздың арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Алға сеніммен қадам басамыз. Жүйелі реформалар одан әрі жалғасады. Жоспарымыздың бәрі ойдағыдай орындалады. Алдағы жыл бұдан да табысты болады. Мен Президент ретінде бұған бар күш-жігерімді саламын.Үкімет тиімді жұмыс атқарып, экономиканың қарқынды өсімін қамтамасыз етуге тиіс. Жаңа өндіріс орындарын ашып, бизнеске қолайлы жағдай жасау қажет. Жол салуды жалғастырып, коммуналдық саладағы түйткілді мәселелерді шешу керек. Цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану аясын кеңейткен жөн. Ауыл еңбеккерлерін барынша қолдау маңызды. Басты мақсатымыз – азаматтардың әл-ауқатын арттыру.Мемлекет білім беру және денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларын дамытуға баса мән береді.Біз жаңа мектептер мен ауруханалар салып, педагогтердің, дәрігерлердің, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің мәртебесін көтере береміз. Жастарға да міндетті түрде қолдау көрсетеміз.Келесі жылы елімізде бірнеше айтулы оқиға болады. Біз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын лайықты атап өтеміз. Ата Заңымыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде өткіземіз. Сондай-ақ ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек.Мен алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияладым. Бұл – еңбек адамдарына деген ерекше құрметтің белгісі. Біз отаншылдық, еңбекқорлық және біліктілікке айрықша мән береміз. Дәл қазір мерекеге қарамастан мыңдаған отандасымыз жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында шекарашылар, дәрігерлер, тәртіп сақшылары, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, өндіріс басындағы мамандар және басқа да азаматтар бар. Мұны өз ісіне деген адалдықтың нағыз үлгісі деуге болады. Мен бүкіл халқымыздың атынан Сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Шетелде білім алып жатқан немесе жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға амандық тілеймін!Қадірлі ағайын!Осы мерекелік сәтте мен әр шаңыраққа шаттық тілеймін! Жаңа жыл әр азаматқа жақсылық әкелсін! Төрт құбыламыз түгел болсын! Ардақты аналарымыз бен ардагерлеріміз аман болсын! Жас ұрпақтың жолы ашық, болашағы жарқын болсын! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Жаңа жылда баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін!Әр үйде қуаныш көп болсын! Сіздерге мықты денсаулық тілеймін! Ырыс-несібелеріңіз арта берсін!Жаңа жыл құтты болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/912706
Атырау қаласында білім беру сапасын арттыруға бағытталған «Nazar» жобасы іске қосылды 30.12.2024
Жобаның ресми ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов пен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.«Nazar» – «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп әзірленген білім беру сапасын жақсартуға бағытталған пилоттық жоба. Жоба аясында қаладағы 64 мектепке 2 426 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жоба мұғалімдердің сабақ беру сапасын әділ бағалау және оларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жасалды.Білім беру процесіне мониторинг жүргізуді облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинеті жүзеге асырады. Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, камералар арқылы негізгі критерийлер тіркеледі. Бағалау сабақтың мақсаты, оқыту әдістері, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара әрекеттестік, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану, сабақ құрылымы және уақытты тиімді пайдалану аспектісі арқылы жүзеге асырылады.Әдістемелік орталықтың қызметкерлері сабақтарды нақты уақыт режимінде қадағалап, талдау мүмкіндігіне ие. Мұғалімдерге кері байланыс пен әдістемелік қолдау «kundelik.kz» платформасы арқылы беріледі.Бұрын әдіскерлер жылына шамамен 1 500 сабақты бағалады, себебі әр кабинетке барып-қайту көп уақытты алды. «Nazar» жобасының іске қосылуымен бұл процесс тиімдірек болмақ. Яғни мамандар бір компьютермен барлық сабақты қашықтықтан талдай алады. Бұл жылына 5 100 сабаққа дейін бағалауға мүмкіндік беріп, мұғалімдердің жұмысын жан-жақты талдау мен қолдауға жағдай жасайды.Жаңа жүйе әдіскерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, кабинеттерді физикалық тұрғыда араламайды және жалпы білім беру мен оқыту сапасының артуына ықпал етеді.«Nazar» жобасын алдағы уақытта қала мектептерінен бөлек, аудандық білім орадаларында іске асыру жоспарланған, бұл облыс оқушыларының білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/911276
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды 30.12.2024
Қыс басынан бері Астанадан 79 881 ауыр жүк көлігі рейсімен миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.14 желтоқсаннан бастап түнгі ауысымда. 15-іне дейін қала көшелерін қар мен мұздан тазартуға 160-тан астам адам жол қызметкерлері мен 600-ден астам арнайы техника шықты.14 желтоқсанда Ауыр жүк көлігінің 803 рейсінде 10 152 мың текше метр қар жауды.Ережеге сәйкес, көлік кептелісі болмас үшін бірінші кезекте қалада көлік қозғалысы өте көп аумақтар тазартылады. Сондай-ақ қар орташа қарқындылықтағы аумақтардан – алаңдардан, вокзал аумақтарынан, тротуарлардан, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдардан және т.б. тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі бағыттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалауға басымдық беріледі.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар самосвалдардың нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарын жолда сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және жол жүруден бас тартуды сұраймыз. дауылды ескерту кезінде ұзақ сапарлар.Төтенше жағдай кезінде 112 қоңырауы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/903314
«ҮЗДІК АУЫЛ ДӘРІГЕРІ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ СҮЛЕЙМАН ГАНДАЛИЕВ БОЛДЫ 30.12.2024
Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Сүлейман Керімұлы Гандалиев «Үздік ауыл дәрігері» номинациясының жеңімпазы болып анықталды.
1996 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген сәттен бастап Сүлейман Керімұлы өзін ауыл медицинасына арнады. Бүгінде ол Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Қарағанды дәрігерлік амбулаториясының дәрігері болып жұмыс істейді.
Ондаған жылдар бойы жұмыс істеген ауыл дәрігері өз ауылдастарының үлкен құрметіне ие болды және өз ауданында өмірді сақтайтын нағыз қаһарманға айналды. 2021 жылы Сүлейман Гандалиев жоғары біліктілігі мен медицина ісіне адалдығы үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.
Денсаулық сақтау министрлігі биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізуде және әрбір жеңімпазға өз номинациялары бойынша материалдық көтермелеу ретінде 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/903326
Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллектке арналған AI-Sana инновациялық бағдарламасын ұсынды. 30.12.2024
Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бойынша инновациялық AI-Sana бағдарламасын таныстырдыКеше, 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек AI-Sana бағдарламасын таныстырды. Мемлекет басшысына жасанды интеллект бағдарламасы. Бұл бастама білікті кадрларды даярлау және жасанды интеллект (AI) технологияларын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, елдің ғылыми-техникалық дамуына жаңа серпін беруге бағытталған.AI-Sana – бағытталған бірегей бағдарлама. студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын жан-жақты дамытуда. Ол ұлттық экономикалардағы AI әлеуетін ашуға және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған 100 000 мүшені қамтиды. Қазақстандағы технологиялық және экономикалық өсудің драйвері бола алатын DeepTech стартаптарын құруға ерекше назар аударылады.Бағдарлама халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленді. Оның қалыптасуында жетекші рөлді Стэнфорд жоғары білім беру мектебінің бас технологиялық директоры және деканның орынбасары Пол Ким атқарды. Әзірлеу сонымен қатар Стэнфорд университетінің, Лондонның Императорлық колледжінің, Лондонның Корольдік колледжінің, Корольдік инженерлік академиясының, сондай-ақ SETsquared және UKSPA инновациялық платформаларының сарапшыларының тәжірибесіне сүйенеді.Бұл серіктестер озық білім мен озық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. , бағдарламаға жаһандық тәжірибе мен жергілікті қажеттіліктерді біріктіруге мүмкіндік береді.AI-Sana келесі мақсаттарға бағытталған білім беру, зерттеу және қолданбалы тәсілдерді біріктіруді қамтиды:AI саласындағы іргелі білім мен дағдыларды қалыптастыру.Оқыту экономиканың негізгі секторларында АИ енгізу үшін мамандар.Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары негізінде DeepTech стартаптарын генерациялауға ықпал ететін тұрақты экожүйені құру.Бағдарлама оқыту мен ғылыми зерттеулерге көзқарастарды өзгертуге бағытталған, университеттерге дәстүрлі білім беру форматынан ғылыми-зерттеу форматына көшуге мүмкіндік береді.AI-Sana стартап-ұлттық идеологияны қалыптастырудың негізгі драйверлерінің бірі және іргелі болады. Бағдарлама адам капиталын дамытуға, жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауға, болашақтың білімге негізделген экономикасын қалыптастырудың платформалық экожүйесін құруға ықпал етеді.t.me/agorda_resmi> Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/901457
Марқакөл көлінде бірегей халықаралық туристік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда 30.12.2024
Туризм саласы Шығыс Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Дәл бүгінде шағын және орта бизнесті дамытудың ұйытқысы және оны одан әрі дамытудың драйвері болып отыр.➤ Марқакөл көлінде бірегей халықаралық туристік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Шыңжаңдағы Қанас және Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл көлдерін бір туристік бағытпен байланыстыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қанас көліне жыл сайын 10 миллионға жуық отандық туристер келеді.➤ Бұл жерлердің бедері мен табиғаты Марқакөл көліне ұқсайды, ал Шығыс Қазақстандағы көл. бірнеше есе үлкен, сондықтан оның туристік әлеуеті орасан зор. Өкінішке орай, көлде әлі қажетті инфрақұрылым жоқ, бірақ қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған табысты туристік жобамен мұндай байланыс Марқакөлге саяхатшыларды тартуға жаңа серпін береді.- Бұл жоба мыңдаған туристерді тартады, өйткені ол толығымен бірегей. Қазір Теректі ауылының ауданында жаңа шекара өткелін ашу және тікелей көлге жол салу мәселелері пысықталуда, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. .➤ Айта кетейік, соңғы бірнеше жылда өңірде туризмді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Инфрақұрылымды дамытумен қатар қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер үшін туристерді қарсы алу және ас мәзірін жасау бойынша курстар ұйымдастырылады.➤ «Шығыс салбурыны», «Altay Fest» брендтік іс-шаралары Шығыс Қазақстанның туризм индустриясының белгісіне айналуда.< br>➤ Шығыс Қазақстанның бірнеше өңірлерінде бірден туризмді дамытуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз, Катонқарағай мен Зайсандағы әуежайлардың салынуы өз әсерін тигізері сөзсіз. Келесі жылы әуе айлақтарын салу жұмыстары басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/898848
Облыс әкімдігінің келесі отырысы 2024 жылдың 18 желтоқсанында өтеді 30.12.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2024 жылғы 18 желтоқсанда сағат 10-00-де облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалығы.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, мәжіліс залы. № 108.Жиналыс тікелей эфирде өтеді, оны YouTube арнасынан онлайн көре аласыз.Ашық отырысқа қатысқысы келетіндер үшін хабарлаймыз.Кездесуге қатысуға өтініш ашық мәжіліс оффлайн режимінде Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40-кабинет мекенжайы бойынша жиналыс өткізілетін күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей (мереке күндерін қоса алғанда, 17 желтоқсанға дейін) қағаз түрінде қабылданады. № 414 немесе электронды түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz мекенжайы бойынша. Өтініште жиналысқа қатысуға ниет білдірген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған жылы көрсетіледі. , сондай-ақ кері байланыс үшін байланыс ақпараты. Отырысқа жіберілгендер ғимарат ішіндегі және ғимараттарға кіруді бақылаудың белгіленген тәртібін сақтайды.Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ашық отырысының күн тәртібі 1. Шығыс Қазақстан облысындағы фитосанитариялық қауіпсіздік туралы Баяндамашы: Ажар Елемесқызы Қажыбекова, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысыТең баяндамашылар:1) Эпизоотиялық қауіпсіздік туралы облыс Сағандықов Рамиль Нығметчанұлы, ветеринария басқармасының басшысы2) Облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы Қанат Абдусалимұлы Тұрдиев, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы (келісім бойынша) Ақпарат: 2. Шығыс Қазақстан облысының балық шаруашылығын дамытудың ағымдағы жағдайы туралыСөйлеушілер: Есентаев Арман Нағашыбайұлы, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қала және аудан әкімдері3. Қатерлі ісікпен күресудің кешенді жоспарын іске асыру қорытындысыБаяндамашы: Жігітаев Төлеген Хайроллаұлы, денсаулық сақтау басқармасының басшысыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/899202
Азат Сұлтанов алматылық процессорлармен кездесті 30.12.2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Алматы қаласының тұрғындарымен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуінде өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады.Азат Сұлтанов қайта өңдеудің жоғары шоғырлануына байланысты екенін атап өтті. кәсіпорындар, Алматы халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және оның үлесін өндірілетін шикізаттың 70%-ға дейін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Қайта өңдеуді қолдаудың жаңа шараларын, жаңа нарықтарды ашуды, сондай-ақ қазақстандық өңдеушілерді қолдаудың қорғау шараларын қолдануды көздейтін 2028 жылға дейінгі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың кешенді жоспары қабылданды.Жоспарланған. 5 жыл ішінде жоспарды жүзеге асыруға 372 млрд теңге, оның ішінде инвестициялық мақсатқа 150 млрд теңге және ағымдағы мақсаттарға – 222 млрд теңге бөлуге», – деді. Вице-министр.Азат Сұлтанов сонымен қатар ағымдағы жылы іске қосылған өңдеуші кәсіпорындарды айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасына тоқталды. Бағдарлама отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыру мәселесін шешеді.2025 жылы АКК бойынша пайыздық мөлшерлемелерді тікелей субсидиялау және тартылған қаражатты өңдеу кәсіпорындары үшін айналым қаражатын сатып алуға пайдалану арқылы жаңа механизмді сынақтан өткізу жоспарлануда. 48,5 млрд.теңге сомасында шикізат мәселесін жүйелі шешу мақсатында ОҚО-ның агроөнеркәсіптік кешендегі ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы қайталау шаралары жүргізілуде. Биыл қуаттылығы 373 мың тонна сүтті құрайтын 65 МТФ пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 100 миллиард теңге бөлінді.«Кешенді жоспардың негізгі блогы ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сатуды кеңейту мәселесі болып табылады. Жоспардың орындалуы қайта өңдеу өнімдерінің жалпы өндірісін 1,4 есеге арттыруға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Азат Сұлтанов. шаруаларға жағдай жасау. Осылайша, биылғы жылы егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу көлемі алғаш рет 580 миллиард теңгеге жеткізілді, бұл заманауи агротехнологияларды енгізуге және фермерлеріміздің техникалық паркін айтарлықтай жаңартуға мүмкіндік берді. кепілі жетіспейтін шаруаларды қаржыландыруды жабу, несие сомасының 85% дейін кепілдік беру. «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша отандық өндірістің ең қажетті жабдықтарының кең ассортиментін сатып алуға «таза» жылдық 5 пайызбен 120 миллиард теңге бөлінді.Қабылданған шаралардың нәтижесінде егіс алқаптарын жоғары рентабельді дақылдар пайдасына әртараптандыру сәтті жүзеге асырылды, 1,2 миллион тоннадан астам минералды тыңайтқыштар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 еседен астам жоғары, элиталық тұқымдардың үлесі 2009 жылдан ұлғайды. 7,1%-дан 9,5%-ға, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4,5%-дан 5,3%-ға дейін.Қарашаның аяғында 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын мерзімінен бұрын қаржыландыру басталды.Орындау шеңберінде Мемлекет басшысы 2025 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 700 миллиард теңгеге дейін қаражат бөледі, оның 560 миллиард теңгеге жуығы нарықтық көздерден тартылады капитал.Кездесу қатысушылары Қытайға ет экспорттау, GISS порталының жұмысы, тауарларды сату және т.б. қатысты сыйақы мөлшерлемелері мен инвестициялық субсидияларды субсидиялау туралы сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/899293
Жетісу өңірінде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңарту пайызы 50 пайызға жетті. 30.12.2024
Жетісу өңірі құрылғаннан бері жөндеу және жаңа құрылыстарды қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту пайызы 50%-ды құрады. Ал биыл да ерекшелік болған жоқ. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау салаларында жаңа заманауи нысандар іске қосылды, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Сонымен, білім беру саласында биыл Жетісуда Облыста 1055 орындық 13 балабақша мен 1461 қосымша орын ашу жоспарлануда. Оның ішінде жыл басынан бері 914 орындық 12 балабақша, 150 орындық 5 шағын орталық, қосымша 594 орын ашылды. 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 94,4 пайызды, 3-6 жас аралығындағы балаларды – 98,8 пайызды құрады.Облыстағы бірінші жайлы 1200 орындық мектеп қалада пайдалануға берілді. Жаркент, Панфилов ауданы, сонымен қатар ауылдағы 120 орындық мектеп. Қаратал Көксу ауданы. Сонымен қатар, Көксу ауданы, Балпық би кентіндегі балабақшаға арналған бұрынғы спорт мектебінің ғимаратын қайта жөндеу және 4 мектепті күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.Облыстағы денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы да айтарлықтай жақсарды. жыл.Атап айтқанда, ағымдағы жылы 16 нысанның құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде Панфилов ауданы Шежін ауылында фельдшерлік-фельдшерлік пункт құрылысы және 3 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары. Жыл соңына дейін Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында 250 келушіге арналған емхана ашу және Қаратал аудандық орталық ауруханасының А блогын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.17 блок-модульдік медициналық Кешендер Бибақан, Қоңыр, Алакөлдің Архарлы, Екпенді, Ескелдідегі Жаңалық, Оңжас, Көксай, Қазан ауылдарында орнатылды. Тастыбастау, Қарлығаш, Рудник-Архарлы, Жоламан стансасында, Кербұлақ, Черкаск, Абай, Аманбөктер Сарқан ауылдары, Көксу ауданының ПЧ-45 және Текелі қаласыСонымен қатар, республикалық жоба аясында « Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша облыста 59 нысанның, оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 нысанның құрылысы жүргізілуде. фельдшерлер мен фельдшерлер мен 5 медициналық пункт, оның ішінде жыл соңына дейін 33 нысан пайдалануға беріледі.Облыстағы спорт саласында Текелі қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, а. Сарқан ауданы, Алмалы ауылындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталды, қаладағы орталық стадион қайта жаңғыртылды .Талдықорған. Сондай-ақ Көпбірлік, Тастөбе, Ескелді би атындағы Қаратал, Қызылжар Кербұлақ ауылдарында 3 блок-модульдік кешендерді орнату жұмыстары аяқталды.Сонымен қатар Талдықорған қаласында «Жетісу» кәсіби волейбол клубы үшін волейбол орталығы ашылды. Қазақстанда баламасы жоқ, сондай-ақ инвестордың қаражатына салынған спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үй. Сондай-ақ, жуырда ғана инвестициялық қаражат есебінен облыста алғашқы Үстел теннисі орталығы ашылды.Жалпы, 1000 адамға шаққанда халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету 64,0 пайызды құраса, жүйелі түрде тұрғындардың үлесі. дене шынықтыру және спортпен айналысатындар облыс халқының 42 пайызын құрайды.Мәдениет саласы да назардан тыс қалған жоқ.Сонымен, биыл облыста ауылдарда 5 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде. Есеболатовтың, Матайдың, Ақсу ауданының Арасан, Ескелді ауданының Қаратал, Көксу ауданының Жарлыөзек. Оның ішінде Ескелді ауданы, Қаратал ауылындағы мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, қалған нысандар 2025 жылға көшуде.Сонымен қатар Қоңыр, Жалғызағаш ауылдарында 3 блок-модульдік мәдениет нысаны орнатылды. , Ескелді ауданы және Ескелді би, Қаратал ауданы. Жыл соңына дейін Көшкентал, Ақсу, Қоғалы және Қарашоқы, Кербұлақ аудандарындағы 3 ауылдық мәдениет ошағында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Тағы 5 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.Жетісу ауданы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/899236