«Бақылаудан дамуға: мектептің басқарушы командасының заманауи құралдары» тақырыбында республикалық онлайн-интенсив

«Бақылаудан дамуға: мектептің басқарушы командасының заманауи құралдары» тақырыбында республикалық онлайн-интенсив

15.05.2026 18:49:08 239

2026 жылғы 14 мамырда «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы бірлесіп «Бақылаудан дамуға: мектептің басқарушы командасының заманауи құралдары» тақырыбында республикалық онлайн-интенсив өткізді.

Онлайн-интенсив жұмысына Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Абай және Жетісу облыстарының білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың орынбасарлары, әдіскерлер мен педагогтері қатысты. Іс-шара заманауи басқару мәдениетін дамытуға, мектеп менеджменті жүйесін жетілдіруге және білім сапасын арттыруға мүдделі еліміздің түрлі өңірлеріндегі педагогикалық қауымдастық өкілдерінің басын қосты.

Интенсив спикерлері білім беру ұйымын басқарудың заманауи құралдарын, стратегиялық жоспарлау тәжірибелерін, педагогикалық ұжымның ынтасын арттыру әдістерін және педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту жолдарын ұсынды. Сонымен қатар инновациялық білім беру технологияларын енгізу, мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдау және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Онлайн-интенсив педагогтерді қолдауға, білім беру процесіне қатысушылардың әлеуетін ашуға және білім беру саласында тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған заманауи мектептің басқару мәдениетін дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1221155?lang=kk