Enbekshi QazaQ

Қуқық

СҚО-да шаңғы жарысынан спорттық челлендж басталды 24.12.2024
Айыртау ауданының Лобаново ауылында шамамен 300 қатысушыны жинаған ауқымды шаңғы жарысы өтті. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар белсенді демалысты ұнататын әуесқойлар да қатысты.Спорттық шараға облыстың түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар белсене атсалысты. Кейбіреулері алғаш рет шаңғыға тұрып, салауатты өмір салтына қадам жасау ешқашан кеш еместігін дәлелдеді.Жарыс барысында Қазақстан өңірлерін спорт арқылы біріктіруді мақсат еткен жаңа спорттық челлендждің бастауына куә болды. Эстафета Қостанай облысына тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/905859
Жыл қорытындысы. Жастар саясаты 24.12.2024
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі.Биылғы жылы «Ақтөбе жастары» тұрғын үй бағдарламасының екінші кезеңі бастау алып, оған 1 млрд. теңге бағытталды. Аталған қаражат аясында 70-тен астам жас отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлінді.Айта кету керек, Ақтөбе облысы «Жасыл Ел» жобасы аясында жастарды жұмыспен қамтуда республика бойынша көш бастап тұр. 2024 жылы 2 100 жас еңбекке тартылды. Келер жылы кемінде 3 500 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.Бұған қоса, «Таза Қазақстан» акциясына облыстың 418 мың тұрғыны қатысып, 106 мың аула, 1500 әлеуметтік нысан аумағы тазаланып, елді мекендерде 363 мың түп ағаш отырғызылды.Сонымен бірге, «ZHAS PROJECT» жобасы бойынша28 жастың әлеуметтік жобасын іске асыруға шағын гранттар берілді.Жастар бастамаларын қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына өтінімдер қабылданды, 200-ге жуық жасқа қолдау көрсетіледі деген жоспар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905864
Жыл қорытындысы. Автомобиль жолдары 24.12.2024
Ақтөбе облысы географиялық орналасуына байланысты мол транзиттік әлеуетке ие.Жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға биыл 64,5 млрд.теңгеге 193 жобаны іске асыру көзделді.Биылғы жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 78%-ға жетті (2023 ж. - 75%).Бүгінгі күні өңірде 500 шақырымнан астам жол жабындысы (асфальт және негіз) төселді.Облыс орталығы Ақтөбе қаласында 200-ден астам немесе 47 шақырым көшені нормативтік жағдайға келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Халықаралық «Самара-Шымкент» автожолының «Ақтөбе-Хромтау» бағытында бүгінде 2 учаске бойынша барлық қажетті құжаттама әзірленді. Ақтөбе қаласының Өлке тұрғын алабынан Хромтау ауданы Ақжар ауылына дейін учаскеде 4 жолақты тас жолдың негізін салу және коммуникацияларды қайта құру жұмыстары басталды.Сонымен қатар, республикалық «Орталық-Батыс» көлік дәлізінде орналасқан «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» (401 шақырым) республикалық автожолын орташа жөндеу жалғасуда. Қазіргі уақытта, 25 шақырым пайдалануға беріліп, «Қазавтожолмен» бірлесе жұмыс жүргізілуде.Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Атырау облысымен байланыстыратын 90 шақырымдық республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» автожолының құрылысы аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/905992
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров азаматтарды қабылдады 24.12.2024
Тұрғындардың мәселелерін сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, қала әкімі Азамат Бекет, «Amanat» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова, басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары тыңдады.Облыс әкімінің қабылдауына тіркелген азаматтар тұрғын үй беру, аулаларды абаттандыру, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға несие алу және басқа да мәселелерді қаузады. Мәселен, Қобда ауданының Ақсай ауылының тұрғындары фермерлік шаруашылықты электр энергиясымен қамтамасыз етуге көмек сұрап келді. Алға ауданының Бестамақ ауылының тұрғындары ауыл ортасынан өтетін жол бойында оқшаулау қалқандарын орнатуды сұрады. Ақтөбе қаласындағы тұрғын алаптардың бірінде тұратындар жолды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселесін көтерді.Облыс әкімі барлық өтініштерді тыңдап, жауапты органдарға жедел және заң аясында мәселелердің әрқайсысы бойынша шараларды қарастыру мен қабылдауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/906028
Астанада электроэнергетика саласындағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды 24.12.2024
Бүгін Энергетика министрлігі «Қазақстан электр машина жасау кәсіпорындары қауымдастығы» және "Инфрақұрылымдық және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығы" ЗТБ-мен бірлесіп, жабдықтар мен технологияларды өндіретін отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары, салалық қауымдастықтардың басшылары, отандық өндірушілер мен халықаралық сарапшылар қатысты.Жиынды ашқан Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс кездесу маңыздылығын атап өтті.– Бүгінгі дөңгелек үстел – Үкімет, Парламент Мәжілісі, бизнес және сарапшылар қауымдастығы арасында сындарлы диалог орнатуға тамаша мүмкіндік. Біз күш-жігерімізді біріктіріп, энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді әзірлеуіміз қажет, – деді вице-министр.Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда электроэнергетика Қазақстан экономикасында маңызды орын алады. Бұл сала елдің жалпы ішкі өнімінің 8%-дан астамын құрайды, ал өткен жылы өндірілген электр энергиясының көлемі 110 млрд киловатт сағаттан асты. Сонымен қатар электр станциялары мен электр желілерінің шамамен 70 пайызы жаңғыртуды қажет етеді, бұл отандық тауар өндірушілер үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.– «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасы энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту, энергия тиімділігін арттыру және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында отандық тауар өндірушілердің қатысуына ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстандық компаниялар негізгі жабдық жеткізушілері болуы керек, және осыған орай Үкімет мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, жергілікті өндіріс жабдықтарын сатып алу тетіктерін енгізуді жалғастыруда, – деп атап өтті Бақытжан Ілияс.Вице-министр осы бағытта қазірдің өзінде жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Мысалы, биылғы жылдың 9 айында тауарлар мен қызметтерді сатып алу көлемі 21,2 трлн теңгені құрады. Ал 11 ай ішінде отандық тауар өндірушілермен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттардың сомасы 34 пайызға артып, 372 млрд теңгеге жетті.Сонымен қатар, іс-шара барысында халықаралық сарапшылар энергетикалық инфрақұрылымды дамыту және осы салада отандық өндірушілерді қолдау тәжірибесімен бөлісті.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға Ұлттық жобаны – «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын сапалы жүзеге асыруға және энергетикалық компаниялардың сатып алуларында қазақстандық үлесті арттыруға ықпал ететін ұсыныстар әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/905967
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті 24.12.2024
Бүгін аймақ басшысы Серік Шәпкенов Мақат ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму бағыты талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов Мақатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ауданда апатты үйді сүру мәселесі өзекті. Мұны шешу үшін биыл салынған екі пәтерлік 28 үй (56 пәтер) сатып алынды. Оның 14-не (28 пәтер) тұрғындар желтоқсанда көшірілді, келер жылы ақпанда тағы 20 отбасы қоныс той тойламақ.Сондай-ақ аймақ басшысы білім беру саласында қолға алынған істерге тоқталды.- Облыста орталығында заманауи екі Binom мектебі ашылып, тағы екеуінің құрылысы басталды. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Енді Құлсары және Мақат аудандарында осындай заманауи білім ордаларын салуды жоспарлап отырмыз. Балаларға сапалы білім беру үшін барлық жағдайды жасау керек. Бұл мектептер заманауи технологиялармен жабдықталған, қажетті мүмкіндіктің бәрі бар. Бұдан бөлек, «NCOC» компаниясының демеушілігімен Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне жапсарлас 250 орындық ғимарат құрылысын бастауға сараптаманың оң қорытындысы алынды. Құрылысты келер жылы бастау күтіліп отыр,-деді С.Шәпкенов.Мақаттықтардың жиі көтеретін мәселесі - автобус аялдамаларын салу. Келер жылы 54 автобус аялдамасын салу жоспарланды.Ал Доссор кентіндегі вокзал перронын күрделі жөндеуден өткізу үшін жасалған жобалық-сметалық құжаттамаға өзгеріс енуінен, құрылыс жұмыстары келесі жылға шегерілді. Серік Шәпкенов аудан әкіміне бұл мәселені қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.Кейін мақаттықтар жұмыспен қамту, баспана беру, таза ауыз сумен қамту сынды өзге де мәселелерді көтерді.Аймақ басшысы жиында көтерілген сауалдар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін айтты. Кейін жұртшылықты жеке мәселесі бойынша қабылдап, сала мамандарымен бірге сұрақтарға жауап берді.Облыс әкімінің Мақат ауданы тұрғындарымен кездесуі аудан әкімдігінің facebook, instagram желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.Кездесуден кейін Серік Шәпкенов әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты.Алдымен Мақат кентінде салынып жатқан үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйге барды. Қазір құрылыс 60%-ға аяқталған. Серік Шәпкенов жауапты басшыларға ЖСҚ-ға түзетулер енгізуді, инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.Кейін кенттегі күрделі жөндеуді қажет ететін аудандық қорғаныс бөлімінің ғимаратымен танысты. 1974 жылы салынған нысан әлі күнге дейін жөндеу көрмеген, жауын-шашын кезінде ескірген шатырдан су ағады. Жылыту қазандығы да ескірген. Серік Шәпкенов ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге немесе типтік үлгідегі жаңа ғимарат салуды айтты.Бұдан соң бос тұрған әкімшілік ғимаратына барды. Ғимарат ескі, күрделі жөндеуді қажет етеді. Жергілікті әкімдік әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айналдыруға ниетті. Бүгінде мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аймақ басшысы конкурстық рәсімдерді жеделдетуді жүктеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/906055
Астанада қар күреу жұмысына 2 600-ден астам жол жұмысшы тартылды 24.12.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері қар мен мұзды күреу бойынша тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бастап олардың күшімен қаладан миллион текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.19 желтоқсанда күндізгі ауысымға қала көшелерінің қарын күреуге 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1200-ге жуық арнайы техника шықты.19 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 639 ауыр жүк рейсімен 8,4 мың текше метрден астам қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 92 188 рейспен 1,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905472
«Таза Қазақстан»: елордада әкелер қар күреу челленджін бастады 24.12.2024
Астана мектептерінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «100 мектеп – 1000 әке» қар күреу челленджі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының №1 арнайы мектеп-интернатының әкелер кеңесінің өкілдері балалары оқитын білім беру мекемесінің қар күреу челленджін іске қосты.«Ұлы Абай айтқандай, «Мықты мемлекет құрғың келсе, отбасын тәрбиелеуден баста». Отбасы – жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі. Оның бірлігі әкенің рөліне тікелей байланысты. Біз әкелерді тәрбие процесіне белсенді араласуға тартуға тырысамыз. Оқу орындарындағы тазалық пен тәртіп – бұл әрбір азаматтың жауапкершілігі», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.Челленджді эстафета форматында Қазақстанның басқа қалаларына жолдай отырып, ұлттық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Осылайша, акцияға қатысушылар ұлттық бірлікті нығайтуға және жастардың патриоттық рухын нығайтуғп өз үлестерін қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905518
Елордада отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған ерекше байқау өтті 24.12.2024
Астанада «Әже, келін, немере. Ата, бала, немере» атты отбасыаралық байқау өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Ұрпақтар сабақтастығы жобасы аясындағы іс-шараға елорданың бес ауданының ең үздік әулеттері қатысты. Оның мақсаты да сол, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ағайындар арасындағы береке-бірлікті паш ету.Байқауды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Үш жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан бұл бағдарлама отбасы институтын дамытуды көздейді.Байқауға қатысқан барлық отбасы ұлағатты ата, ардақты әже, үлгілі әке, ибалы келін, үкілі қыз, мейірімді бала тақырыбын ашып, өз отбасындағы жетістіктер туралы таныстырды.Есіл ауданынан шыққан ұшқыштар династиясы – Хамзиндер отбасы бір әулетте авиация саласында 28 адамның жұмыс істейтінін мақтанышпен таныта білді. Әулет анасы Марал Хамзина қазақтан шыққан тұңғыш бортсерік қыз болса, бүгінде немере сүйіп отырған ақ жаулықты әже.Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов мұндай байқау балаларды еңбекқорлыққа, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, жалпы адамгершіліктің барлық ережесін үйренуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, оны бағалай білуге тәрбиелейтінін айтты.Байқау соңында өнер көрсеткен барлық отбасыға арнайы сыйлықтар табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905519
Астанада мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру енгізіліп жатыр 24.12.2024
Астана қаласындағы мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында ваучерлік қаржыландыру жобасы енгізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жүйеде ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығы көзделген, мұнда «ақша мекемеге емес, балаға жұмсалады» қағидасы жүзеге асырылады. Қаражатты есептеу және аудару ата-аналар баланың қатысу табеліндегі мәліметтерді растағаннан кейін ғана жүргізіледі.2024 жылдың 17 желтоқсанынан бастап «Астанадағы мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесіне көшу» тақырыбында қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесіп, түсіндірме жүргізіліп жатыр.Белгіленген кестеге сәйкес, қазіргі уақытта қаланың бес ауданындағы жекеменшік және мемлекеттік балабақшалардың бірінші басшылары оқытылды. Жалпы қатысушылар саны 600 адамды құрайды. Кездесулерге «Қаржы орталығы» АҚ мен «Индиго» ақпараттық жүйесінің өкілдері қатысты.Мектепке дейінгі ұйымдардың бірінші басшылары мен қызметкерлері оқытылған соң ата-аналарға да бұл жүйе түсіндіріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905616
Астанада бұқаралық спортты дамыту мақсатында скандинавиялық жүріс өтті 24.12.2024
Елорданың Байқоңыр ауданындағы Ататүрк саябағында ерекше спорт түрі – скандинавиялық жүріс өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Бұл шараның мақсаты – «Таза Қазақстан» акциясы тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.Ашық аспан астында ұйымдастырылған шараға Байқоңыр ауданының ардагерлер қауымы бастаған барлығы 50-ге жуық адам қатысты.«Бүгін ерекше спорт түріне қатысып отырмыз. Ауданымыздың зейнеткерлеріне ешқандай ауа райы кедергі емес. Қариялар ерекше қуанышты. Таза ауада мұндай шараның өткені біздің денсаулығымызға да өте пайдалы. Тағы болса қатысуға дайынбыз. Ардагерлер атынан алғыс айтамыз» - деді іс-шараға қатысушы, Байқоңыр ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Намазшамов.Алдағы уақытта да аталған спорт түрін жыл сайын тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905771
Астанада энергетика саласының үздік қызметкерлері марапатталды 24.12.2024
Энергетика күніне орайластырылған салтанатты іс-шара елорданы тұрақты энергиямен қамтамасыз ететін мамандар еңбегінің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Астана әкімінің орынбасары Еркін Өтебаев марапаттау рәсімін ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Ол энергетика - қала шаруашылығының жүрегі, ал энергетика - елорданың әрбір үйінде жайлылықты қамтамасыз ететін адамдар екенін атап өтті."Сіздер жылумен және электрмен тұрақты қамтамасыз ете отырып, қаланың дамуына баға жетпес үлес қосасыздар. Сіздердің еңбекқорлығыңыз бен кәсібилігіңіздің арқасында тұрғындар жылу мен жарықпен қамтылады, ал әлеуметтік нысандар үзіліссіз жұмыс істейді. Сіздердің жұмыстарыңыз бен адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан абыроймен бағалансын, ал энергияларңыз ешқашан таусылмасын", - деп атап өтті Ерсін Өтебаев.Елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов құттықтап, ол сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін энергетика саласының маңыздылығын атап өтті."Энергетика - елорда мен бүкіл елдің тұрақтылығы мен дамуының негізі. Сіздің жұмысыңыз жоғары жауапкершілікті, еңбекқорлықты және үздіксіз біліктілікті арттыруды талап етеді. Сіз тұрғын үйлерді, әлеуметтік және өндірістік нысандарды үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету үшін күндіз-түні жұмыс істейсіздер. Сіздердің еңбектеріңіз экономиканың барлық саласының тұрақты жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Сіздерге қаланың және бүкіл елдің игілігі үшін жұмыс істейтін мамандыққа берілгендіктеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді ол.Энергетиктер жоғары кәсібилігі, жанқиярлығы және осы іске адал қызмет еткен жылдары үшін алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.Айта кетейік, қаланың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға және жаңғыртуға бағытталған жобалар елорданың тұрақты жұмыс істеуінің негізі болып саналады. "Оңтүстік-Шығыс", "Тұран" және ЖЭО-3 газ жылу станциялары сияқты жылу энергетикасының жаңа нысандарын пайдалануға беру қалаға жылу профицитіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. "Тұран" МТК екінші кезегінің аяқталуы және алдағы жылдары "Тельман" жаңа станциясының іске қосылуы белсенді тұрғын үй құрылысы бар аудандарды сенімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бұл жобалар Астананың тұрақты дамуына, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және жұмыс пен демалыс үшін қолайлы жағдайларды қолдауға маңызды үлес қосады.Ресми бөлім аяқталғаннан кейін елорданың жетекші шығармашылық ұжымдары сахнаға шығып, іс-шараға қатысушыларды музыкалық нөмірлермен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905914
«Заң және тәртіп»: Астанада қойылымдар байқауы қорытындыланды 24.12.2024
Елордадағы Сарыарқа ауданында «Заң және балалар: Қатесіз болашақ» қойылымдар байқауының финалы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Оған ауданның 27 мектебі қатысты. Финалға шыққан үздік бес команда құқық, әділдік және қатесіз болашақ тақырыптарын қамтыған өздерінің ерекше қойылымдарын ұсынды. Осылайша, олар қойылым арқылы қатарластарын заңдылықты сақтауға, адал азамат болуға шақырды.«Байқаудың мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, шығармашылық әлеуетін ашу және дамыту, заңға құрмет сезімін қалыптастыру. Бұл қойылымдар оқушыларға заңдылық пен заңның үстемділігін сақтау маңыздылығын түсінуге көмектеседі», - деді Сарыарқа аудандық прокурорының орынбасары Дарын Дүйсенғалиев.Финалға өткен қойылымдардың ұзақтығы 10-15 минутты құрады. Әрбір қойылым мазмұнды сюжетімен және эмоциялық тереңдігімен ерекшеленді.«Біз қазірден бастап тұлға ретінде қалыптасып жатырмыз. Бүгіннен әр бала «Қайда?», «Не істеп жүрмін?» деген сияқты сұрақтардың жауаптарын біліп жүруі керек. Біз байқауда қойған көрінісімізде қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғадық», - деді қатысушы Жанерке Қуандықова.I орын Жансүгіров атындағы №58 гимназиясына бұйырды. Бұл команда көрерменді терең ой салатын әрі шебер қойылған сахналық өнерімен баурап алды. II орын Есенберлин атындағы №67 лицейге, ІІІ орын Қайырбеков атындағы №2 гимназия оқушыларына берілді.Одан бөлек, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық мәселелерді терең ашқаны үшін» №6 гимназия оқушылары, «Ең үздік сценарий» Сәтпаев атындағы №61 лицей марапатталды.«Қойылым біздің болашақ ұрпақ үшін үлкен тәрбие береді. Ол мәнді де мағыналы болды. Осылайша, балалардың жарқын болашағына қадам жасалды деп есептеймін. Жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймын», - деді «Жастар» театрының директоры Ғани Каримов.Сонымен қатар финалда «Ең үздік актер/актриса», «Екінші пландағы үздік рөл», «Көрермен көзайымы», «Үздік костюм», «Актерлік шеберлігі үшін», «Үздік сценарий», «Заңдылық тақырыбына айқын көзқарас», Үздік қосалқы рөл», «Құқықтық тақырыптағы үздік комедиялық қойылым», «Жасөспірімдер қылмысы мәселесін терең ашқаны үшін» секілді номинациялар бойынша марапаттар табыс етілді.Айта кетейік, байқау Астана қаласы прокуратурасының, аудан әкімдігінің, сондай-ақ Білім және Мәдениет басқармаларының қолдауымен ұйымдастырылды. Қатысушыларды іріктеу 6-25 қараша аралығында өтті. Қазылар алқасының құрамына мәдениет өкілдері, полиция, прокуратура және аудан әкімдігінің өкілдері кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905954
Астанада құрылысы ұзаққа созылған кезекті екі тұрғын үй кешені аяқталды 24.12.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған кезекті үйлер аяқталып, пәтер кілті табыс етілгенін жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Құрылысы ұзаққа созылған екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерінің мәселесін шештік. Олар – «Территория комфорта-1» (екінші кезек) және «Жағалау 4» полигон 3 көппәтерлі тұрғын үй кешендері. Екі үй де басынан бастап қайта салынды.Мәселен, «Территория комфорта» тұрғын үй кешенінің құрылысы 20 жыл бұрын басталған. Үйді техникалық тексеру кезінде нысанның апатты жағдайда екені анықталды. Апатты тұрғын үй кешенінің блоктарын толықтай бұзу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Осыған дейін 1-кезектің құрылысы аяқталған болатын. Ол кезде 100-ден астам үлескер отбасы пәтер кілтін алған.Биыл екінші кезектің құрылысын аяқтадық. Осылайша, 20 жылға созылған ең проблемалы тұрғын үй кешенінің тарихы аяқталды.Ал «Жағалау 4» полигон 3 құрылысы 10 жыл бұрын басталған. Жосықсыз әрекет салдарынан мердігерлер ауысып, үйдің аяқталу мерзімі өзгерді. Тұрғындардың жалпы жиналысында үлескерлерді жаңа «Е16, Е17, Е32» ТК-ға көшіру туралы шешім қабылданған. Осылайша, үлескерлер көптен күткен баспаналарының кілтін алды. Аумақты абаттандыру көктемде жалғасады.Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында. Соңғы жылдары құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешенін аяқтадық. Көптен күткен пәтер кілтін 15,5 мыңнан аса үлескер отбасы алды.Қалған бірнеше үйді жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905966
Соғым FEST және ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: демалыс күндері қалай қуантады 24.12.2024
Астанада 21-22 желтоқсанда Ақмола, Абай және Павлодар облыстарының фермерлері қатысатын кезекті Соғым FEST өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шаралар Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО тұрағында өтеді.Сондай-ақ сауда-ойын-сауық орталығында осы күндері қала тұрғындарының сүйікті қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Мұнда Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді, джемдерді және т.б. сатып ала алады.Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Соғым FEST - әр демалыс күндері сағат 07:00-ден 17:00-ге дейін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/905977
Бостандық ауданы: көркейтудің жаңа көкжиегі – жаяу жүргіншілер аймақтары, балалар алаңдары, техникалық тротуарлар және жасыл аллеялар 24.12.2024
Бостандық ауданында тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асырылған нысандарға арналған баспасөз туры өтті. Іс-шараға Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин қатысып, журналистерді көркейту жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.Баспасөз туры барысында қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген бес негізгі нысанға барды:Алғашқы нысан Орбита-4 шағын ауданындағы (№6 және №7 үйлер арасындағы) жаяу жүргіншілер аймағы болды. Мұнда кеспе тас төсеу, асфальт және резеңке жабын салу, габиондар орнату, көше жарықтандыру жүйесі мен перголаларды орнату, тренажер, воркаут және балалар алаңдарын салу, сондай-ақ автосуару жүйесі мен бақша қоршауларын орнатып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Жергілікті тұрғындар жаңа алаңды көркейткені үшін алғыс білдірді. «Бастама көтерген тұрғындарға көп рақмет. Бұл біздің соңғы жобамыз емес, жұмыс жалғасады, көркейту үшін аумақтарды іздеп жатырмыз», – деді Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин.Екінші жоба Орбита-3 шағын ауданындағы 52-үйдің жанындағы жаяу жүргіншілер аймағы еді. Мұнда кеспе тас, геотекстиль және асфальт жабындары төселді, көшенің жарықтандыру жүйесі мен перголалар орнатылды, балалар алаңы мен орындықтар қойылды.Турға қатысушылар Жандосов көшесі, 34а мекенжайындағы балалар алаңына да ат басын бұрды.Бұл жерде футбол алаңы жаңартылып, стритбол алаңы салынды, екі пергола, тренажер, воркаут және балалар алаңы орнатылды. Асфальт жабыны ауыстырылып, алты орындық пен алты қоқыс жәшігі қойылды.Сондай-ақ, тұрғындар шахмат үстелі мен 250 метрлік көгал қоршауы үшін ерекше ризашылық білдірді.Келесі нүкте әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысындағы техникалық тротуарларды көркейту еді.Техникалық тротуарлар магистральды көшелерде орналасып, жердің сырғып кетуіне жол бермейді және қарды сапалы тазартуға көмектеседі. Сондай-ақ, бұл тротуарлар су бұру мәселесін шешіп, нөсер жауын кезінде тротуарлардың су басуына жол бермейді. Алматының құбылмалы климатында бұл аса маңызды.Баспасөз турының соңғы аялдамасы Абай даңғылының бойындағы (Тұрғыт Озал мен Мұқанов көшелерінің аралығы) бөлінген жасыл аймақты көркейту жұмыстары жүргізілген нысан болды.Аумағы 5,2 га болатын бұл аймақта соңғы рет көркейту жұмыстары 15 жыл бұрын жүргізілген.Бұл жерде 120 жарық бағанын жаңарту, 110 орындық пен қоқыс жәшігін ауыстыру, 7020 м асфальт жабындысын алып тастап, 8000 м² кеспе тас төсеу, 10 шақырымдық суару жүйесін салу, жасыл желектерді санитарлық мақсатта кесу және көгалдандыру (1000 м қына ағаш, 2500 гүлдейтін бұта, 41 000 м² көгал) сияқты ауқымды жұмыстар жүргізілді.«Бұл жобалар тұрғындардың ұсынысы мен идеясының арқасында жүзеге асты. Біз ауданымыздағы өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз», – деді Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин.Алматыда қалалық инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған жобалар қарқынды түрде дамып келеді. Бұл үдерісте «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Оның көмегімен әр тұрғын ауданын жақсарту жұмыстарына тікелей қатыса алады. Бұл өз кезегінде қаланы өмір сүруге қолайлы әрі жайлы етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/906098
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы бөгеттерге, су өткізетін құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде 24.12.2024
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы бөгеттерге, су өткізетін құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Шідерті лиманды суару жүйесінде төрт гидротехникалық құрылыстың бөгеттері жөнделді. Сондай-ақ, балшықтан, қамыс және бұталардан тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/905268
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 274 мың гектар жерді суармалы сумен қамтамасыз етті 24.12.2024
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Жетісай қаласында өңірдің шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.Кездесуде Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазбек Бедебаев өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады. Биыл шаруалар сұранысы бойынша суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз етілді. Суару маусымы тұрақты өтіп, филиал облыстың 274 мың гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз етті.2024 жылы филиал ұзындығы 640 шақырым болатын 278 арнаны механикалық әдіспен тазартты.«Суару арналары үнемі жөндеуден өтеді. Бұдан бөлек, шаруаларға су үнемдейтін технологияларды енгізгендері үшін субсидия беріледі. Су үнемдейтін технологияларға көшкен дихандарға субсидиядан бөлек жеке тариф көзделген. Бұл шаруалар үшін өте тиімді», — деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.Өз кезегінде шаруалар толғандырған сұрақтарын қойып, суармалы сумен жабдықтауға қатысты өзгерістер бойынша ақпарат алды.Кездесуден кейін Су ресурстары және ирригация вице-министрі мен облыс әкімінің орынбасары азаматтарды жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелерді шешу бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/905408
СКРИНИНГТЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ГИПЕРТЕНЗИЯ, ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖӘНЕ ГЛАУКОМАНЫҢ 120 МЫҢ ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ 24.12.2024
Скринингтік зерттеп-қараулардың ауқымды бағдарламасының шеңберінде Қазақстанда 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1,7 миллионнан астам азамат зерттеліп-қаралды.Нәтижелер аурулардың 120 мыңнан астам жағдайы ерте кезеңде анықталғанын көрсетті, бұл ерте диагностика жүйесін жақсарту бойынша ағымдағы шаралардың тиімділігін растайды.Скринингтердің барысында мыналар анықталды:* Артериялық гипертензияның 100 мың жағдайы - егер уақтылы анықталмаса және бақыланбаса, инсульт пен инфарктқа әкелуі мүмкін ең көп таралған аурулардың бірі.* 20,2 мың қант диабетінің диагнозы — бұл соңғы жылдары елдегі өзекті мәселеге айналып келе жатқан ауру.* Глаукоманың 5 мың жағдайы - емделмеген жағдайда соқырлыққа әкелуі мүмкін аурулар.Сонымен қатар, 2024 жылы анықталған аурулардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өсті. Бұл пациенттің бағытын тиімді оңтайландыру, скринингтер жүргізуде бірыңғай тәсілді енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан азаматтар үшін медициналық зерттеп-қарауларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің арқасында мүмкін болды.Скринингтік жүйеде не өзгерді?Кейбір ескірген және ақпаратсыз зертханалық-аспаптық әдістер дәлелденген дәлдікпен заманауи және жоғары тиімді әдістерге ауыстырылды.- қант диабетін диагностикалау үшін гликирленген гемоглобин (HbA1c), (бұрын қандағы глюкозаны анықтау жүргізілген ) ;- бүйрек ауруларын ерте анықтауға арналған шумақтық сүзілу жылдамдығы;- жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін бағалау үшін қан сарысуындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтер.- жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған сұйық ПАП тестті.Бұл тәсілдер:- асқынулардың санын азайту, мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алу;- скринингті қолжетімді ету (нысаналы топтарды кеңейту).Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап 50-70 жастан асқан ер адамдар үшін 2 жылда 1 рет ми қан айналымы бұзылыстарының даму қаупін ертерек анықтауға арналған скрининг енгізіледі.15-17 жас аралығындағы қыздар үшін жұлын-бұлшықет атрофиясының болуына молекулалық-генетикалық тестілеу енгізіледі.Қазақстанда мынадай ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер жүргізілуде: артериялық гипертензия (2 жылда 1 рет) жүректің ишемиялық ауруы (2 жылда 1 рет) қант диабеті (2 жылда 1 рет) глаукома (2 жылда 1 рет) жатыр мойны обыры (4 жылда 1 рет) сүт безінің обыры (2 жылда 1 рет) колоректалдық обыр (2 жылда 1 рет) вирустық гепатиттер (3-6 айда 1 реттен жиі емес).Денсаулық сақтау министрлігі барлық азаматтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және үнемі тегін скринингтерден өтуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/906006
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысының халқымен кездесу өткізеді 24.12.2024
2024 жылғы 20 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ұлытау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 10:00-де Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Алаш даңғылы 1, Ұлытау облысы әкімдігі ғимаратында өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/905963