Enbekshi QazaQ

Қуқық

Жыл қорытындысы: шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту арқылы Қазақстан экономикасының өсуі 24.12.2024
`Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Отандық өндірушілерді қолдау құралдарын күшейту арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және іскерлік белсенділікті күшейту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.\n Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны\nАлдын ала бағалау бойынша осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4%-ды құрады, ол негізінен мұнайдан тыс секторды дамытумен қамтамасыз етілген. Экономика өсімінің 70%-дан астамы өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс есебінен қалыптасты. Салалар бөлінісінде келесідей динамика байқалады: ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығарудың 13,4%-ға өсуі байқалды, бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш саналады; құрылыста – 10,3%; саудада – 8,2%; көлік қызметтерінде – 8,1%; байланыста – 5,3%; өңдеу өнеркәсібінде –  5,3%. Жалпы, аталған кезеңде отандық тауарлар өндірісі 5%,-ға, көрсетілген қызметтер 4,5%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,1%-ға артып, 15,8 трлн теңгеге жетті.\nСыртқы сауда айналымы биылғы 10 айда $116,9 млрд-ты құрады. Қазақстандық тауарлардың экспорты 5,1%-ға өсті, ақшалай баламада көрсеткіш – $68,5 млрд. Бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 10,2%-ға ұлғайып, $23,3 млрд-қа жетті.  Шикізаттық емес экспорттың тұрақты өсуі көбінесе қазақстандық тауарларды Қытай мен Түркияға жеткізу көлемінің артуымен, сондай-ақ Еуропа нарықтарындағы қатысудың кеңеюімен байланысты. \nҚХР-ға экспорт көлемі 5,3%-ға өсіп, $12,3 млрд-ты құрады. Бұған мемлекет пен бизнестің бірлескен белсенді жұмысы ықпал етті. Қытай тұтынушылары арасында отандық өнімдердің танымалдылығын арттыру мақсатында қазақстандық компаниялардың CIFTIS, CIIE, Digital Expo сынды үлкен көрмелерге және басқа да шараларға қатысуы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ jd.com, Doiyin, Alibaba электронды платформаларындағы ұлттық павильондар арқылы  тауарларды ілгерілету жұмыстары жанданып, стримингтер ұйымдастырылды.\nИрландия, Швейцария және Франция сияқты ЕО елдеріне экспорттық ағындарды өсіру олардың диверсификацияланғанын көрсетеді. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты көршілес елдерге шикізаттық емес экспорттың өсуі Қазақстанның саудасы үшін Орталық Азия өңірінің маңыздылығын айғақтайды. \nБиылғы қызмет көрсету экспорты 10,5%-ға өсіп, $8,4 млрд деңгейінде тіркелді. Осы сектордың драйверлері болып  тасымалдау, ІТ, қаржы және басқа іскерлік қызметтер салалары аталды.  \nСонымен бірге есепті кезеңде импорт  3,3%.-ға қысқарды. Импорттың төмендеуімен қатар жүретін экспорт көлемінің ұлғаюының нәтижесі экономиканың оң сауда балансының 33,4%-ға өсуі болды. Аталған көрсеткіш  $20,1 млрд деңгейінде қалыптасты.\nҚабылданған шаралардың нәтижесінде биыл инфляция төмендеп, қараша айында жылдық мәнде 8,4%-ды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңінде инфляция 10,3% деңгейінде болды.\nҚазақстанның дербес несиелік рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде сақталды\n2024 жылдың 9 қыркүйегінде Moody's халықаралық рейтинг агенттігі несиелік рейтингті «Тұрақты» деген болжаммен «Ваа2»-ден «Ваа1»-ге дейін көтерді. \n2024 жылдың 15 қарашасында Fitch еліміздің несиелік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, сонымен қатар болжамды «Тұрақты» деңгейде ұстады. \n2024 жылдың 1 наурызында S&P болжамды «Тұрақты» деңгейде сақтап қалып, дербес несиелік рейтингті  «BBB-/А-3» деңгейінде растады. \nНесиелік рейтингтің жоғарылауы экономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, еліміздің халықаралық аренадағы беделін жақсартуға ықпал етеді, капитал нарықтарынан инвестициялар тартуға және экономикаға тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң әсер етеді. Айта кету керек, мемлекеттің рейтингі неғұрлым жоғары болса, сыртқы нарықта қарыз алу шарттары соғұрлым жақсы болады.\nБизнесті қолдаудың жаңа құралдары арқылы елішілік құндылықтың өсуі\nҮкімет осы жылы кәсіпорындарды одан әрі ірілендіруге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса назар аудара отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Осындай шаралардың бірі шетелдік әлеуетті өнім берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға және квазимемлекеттік компанияларды сатып алуға қатысуына қол жеткізуін шектеу болып саналады.  Биыл тізбе 3 еседен астамға – 4 536 атауға дейін кеңейтілді. Нәтижесінде, тек 2024 жылдың 9 айында мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 21,2 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылығы  11 трлн теңгеге немесе 51,8%-ға жетті. Жылдың 11 айында отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттардың сомасы 34,4%-ға өсіп,  372,9 млрд теңгені құрады. Офтейк-келісімшарттар бойынша көлемі 14 есеге, 134 млрд теңгеге дейін өсті. Қатты пайдалы қазбалар мен ОТӨ бойынша жер қойнауын пайдаланушылар арасында жалпы сомасы 111,1 млрд теңгеге 248 ұзақ мерзімді шарт және 27,8 млрд теңгеге 42 офтейк-келісімшарт жасалды. Салыстыру үшін: 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 47,5 млрд теңгеге 35 ұзақ мерзімді шарт және  4,8 млрд теңгеге 10 офтейк-келісімшарт жасалған болатын. 2024 жылдың қорытындысында қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысы мен қызметтерін сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша индикатор 81% деңгейінде айқындалды; 2025 жылға арналған жоспарда оны 82%-ға дейін жеткізу көзделген.\nБиыл мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа қағидалары бекітілді. 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, Қағидаларда жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу аясында орындалған шарттар бойынша және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтері бар басқа да шарттар бойынша есепке алынады. Тапсырысты орындаушы қосалқы мердігерлер атқаратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Заңнамалық өзгерістер конкурсты өткізу мерзімдері мен өтінімдерді беру рәсімдерін қамтиды. Өтінім беру мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қағидалар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.\nЭкономикадағы ШОБ үлесін арттыру\nОтандық тауар өндірушілерді қолдаудың қабылданған шаралары экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 1,8%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді және бүгінде ол 38,2%-ды құрайды. Осы жылдың 1 желтоқсанында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1,5%-ға артып, 2 млн кәсіпорыннан асты. Осы секторда барлығы 4,2 млн-нан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды. Бұл ретте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылдың 2 тоқсанында 19,1%-ға ұлғайып, 34,2 трлн теңгені құрады.\nҚазақстанда экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау жаңа деңгейге жетті: бизнеске 6,3 млрд теңге көлемінде шығындарды өтеу қамтамасыз етілді. Салалардың әртараптандырылуына ерекше назар аударылып отыр. Бұл елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді. Қабылданған өтінімдер саны бойынша көшбасшылар қатарында Қостанай облысы, Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары тұр. Биыл жалпы 500-ге жуық компания түрлі қолдау шараларын алды, оның ішінде экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу, Alibaba.com платформасына шығу, көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларға қатысу, шығындарды өтеу және басқа да шаралар бар. Олардың 90%-дан астамы азық-түлік саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері.\nПрезидент қол қойған Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң аясында биыл тексеруден профилактикалық іс-шараларға көшу арқылы мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі қайта қаралды. 66 саланың тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жүргізілді. Бизнес-ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Өңірлік маңызы бар актілер талданып, бизнеске 1 мыңға жуық негізсіз талаптар анықталды. Әкімдіктер оларды алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.\nСондай-ақ биыл кәсіпкерлікке арналған міндетті талаптар тізілімі іске қосылды, оның ерекшелігі кәсіпкерлерді тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату болып саналады.\nПрезиденттің бастамасымен «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» атты екі бағдарламаның құралдарын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны қабылдау маңызды қадам болды. Мықты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру мақсатында тиімді жобаларға қолдау көрсету көзделген. Сонымен қатар жаңа жобаларды субсидиялау үшін бюджетті бөлу негізінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар арасында жүзеге асырылады (шамамен 50%).\nШОБ жобаларын нарықтық жағдайларға кезең-кезеңімен көшумен субсидиялаудың сараланған әдісі көзделген.  Кредиттер бойынша кепілдік беру құралы кеңейтілді: кепілдіктер сомасы 3,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды және бизнес субъектілері үшін 1 млрд теңгеден астам несие сомасы бойынша нарықтық шарттарда кепілдік алуға мүмкіндік берілді. Биыл барлығы 840,5 млрд теңге кредиттердің жалпы сомасына 14,5  мың жоба субсидияланды, төленген субсидиялар сомасы 226,2 млрд теңгені құрады. 241,2 млрд теңгеге 7,3 мың жоба бойынша кепілдіктер берілді. ШОБ-ты қолдаудың тағы бір құралы синдикатталған кредиттеу болды, ол бір мезгілде бірнеше банктер 15 млрд теңгеге дейінгі ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.\nОблигациялық қарыздар беру шарттары кеңейтілді: эмитент-кәсіпкер облигация шығарылған кезде купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ала алады және 5 жылға дейінгі мерзімде 5 млрд теңгеге дейін 6%-бен қаржыландыруға қол жеткізе алады. \nӘлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін биыл 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар және салалық шектеулерсіз 7% мөлшерлеме бойынша 1,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау енгізілді.\nКәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру\nБизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылы саласындағы негізгі бағыттардың бірі цифрландыру болып саналады. Ыңғайлы цифрлық экожүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлердің бір порталда мемлекеттік қызметтерді, қолдау шараларын және мемлекетпен өзге де өзара іс-қимылды алуы үшін «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы әзірленуде. Азаматтардың жеке кабинеті секілді бизнестің жеке кабинеті енгізіледі, бұл әкімшілік рәсімдерді жеңілдетеді және процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Биыл Қазақстанда электрондық форматта барлығы 99,3% мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз құжат айналымын одан әрі оңтайландыру жүргізілуде.\nСондай-ақ бизнестің операциялық шығындарын төмендетуге бағытталған есеп-қисапты автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін барлық есеп-қисаптың 40%-ын оңтайландыру жоспарлануда. ШОБ-ты одан әрі өсірудің тағы бір құралы арнайы келісім болады, оның шеңберінде кәсіпкерге салалық отандық және шетелдік консультанттарды тарта отырып, атаулы консалтингтік көмек көрсетіледі.   \nЖалпы биыл ел экономикасы айтарлықтай тұрақты өсім көрсетті. Бұл өсім мұнайдан тыс сектордың қарқынды дамуының нәтижесінде жүзеге асып, әртараптандыру саясатының оң әсерін көрсетіп отыр. Несиелік рейтингтің жоғарылауы мен инвестициялардың артуы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің дамуына бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оңтайландыру арқылы бизнес климатқа және әрі қарай да инвестиция тартуға оң ықпал етуде. Экономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайту Үкіметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді.\n#Инвестициялар #Президенттің тапсырмасы #ШОБ #Экономика #Экспорт\n `Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/904703
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,4 трлн теңгеден астам сомасында зейнетақы төленді 24.12.2024
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 трлн 436,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 трлн 81,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 354,5 млрд теңге қарастырылды.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 428 мың адам.2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 556 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 967 теңге, базалық зейнетақы – 42 589 теңге.2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді.Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/904531
ТЖМ құтқарушылары Қазақстан Кубогында чемпион атанды 24.12.2024
Астанада бұл күндері армиялық қоян-қолтық ұрыстың баламасы болып табылатын нағыз жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Кубогы өткізілді. 13-15 желтоқсан аралығында Астанада жекпе-жектің осы түрі бойынша үздік командалар жиналды. Бұл турнир «Кимоносыз АҚҰ» бөлімінде өткізілді. Ақмола облысының құтқарушысы Диас Нұртаев 67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, кубоктың барлық кезеңдерінен өтіп, бірінші орынды иеленді. Сонымен қатар 2024 жылғы 12-17 желтоқсан аралығында Астана қаласында ересектер арасында өткен гір спорты бойынша Қазақстан чемпионаты еліміздің түкпір-түкпірінен мықты спортшыларды жинады. Қатысушылар арасында Алматы және Қарағанды облысы ТЖД өкілдері жоғары нәтиже көрсетті. Алматы облысы ТЖД Кеген ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Дәурен Қадыр 73 кг салмақ дәрежесінде бірінші орынды иеленді. Қарағанды облысы ТЖД №22 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Александр Комаров пен №28 өрт сөндіру бекеті өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі Роман Герасименко турнирдің күміс жүлдегерлері атанды. Қиын әрі шиеленіскен бәсекеде олар жоғары дайындық деңгейін және табандылық көрсетті. Бұл жетістік тек спортшылардың жеке жетістігі ғана емес, сондай-ақ бүкіл азаматтық қорғау қызметінің мақтанышы болып табылады. Мұндай турнирлер құтқарушылар үшін өте маңызды, өйткені олар физикалық төзімділікті, реакцияны және төтенше жағдайларда тиімді жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды дамытады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904772
Қауіпсіздік үшін цифрлық интеграция: ТЖМ Командалық орталығын жаңарту 24.12.2024
Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы базасында азаматтық қорғау саласындағы жаңғырту және цифрландыру мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты. Кеңестің негізгі мәселелерінің бірі ҚР ТЖМ Командалық орталығының IT-инфрақұрылымын жаңғырту болды. Төтенше жағдайлар вице-министр Батырбек Әбдішев төтенше жағдайлар кезінде неғұрлым тиімді мониторинг пен жедел басқару үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында командалық орталықты жаңартуға айтарлықтай күш жұмсалғанын атап өтті. «Әртүрлі мемлекеттік органдардың деректерін интеграциялау және олардың мамандарының үнемі қатысуы үйлесімді жұмыс пен жедел шешім қабылдауды қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Батырбек Әбдішев. ҚР ТЖМ Командалық орталығы азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқаруға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинауға және өңдеуге жауапты негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады. Орталықтың инфрақұрылымын жаңарту аясында биыл торлық жөндеу және ақпараттық-техникалық базаны жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл процеске «Қазавиалесохра» РМК, «Қазгидромет» РМК және «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ республикалық диспетчерлік қызметінің мамандары тартылды. ҚР ТЖМ Командалық орталығы азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқаруға, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау мен өңдеуге жауапты негізгі құрылымдық бөлімше болып табылады. Орталықтың инфрақұрылымын жаңарту аясында биыл үй-жайларды жаңғырту және ақпараттық-техникалық базаны жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл процеске «Қазавиаорманкүзеті» РМК, «Қазгидромет» РМК және «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ республикалық диспетчерлік қызметінің мамандары тартылды. Кеңесте цифрлық бастамаларға және мемлекеттік органдардың төтенше жағдайларға мониторинг жүргізу мен оларды жоюдағы бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударылды. Вице-министр Батырбек Әбдішев Tabigat.gov.kz табиғи ресурстардың интерактивті картасы сияқты ғарыштық технологиялар мен цифрлық құралдарды пайдалана отырып мониторинг жүргізілгенін хабарлады. «ҚҒС» ҰК» АҚ платформалық шешімдер департаментінің директоры Гүлнар Қабжанова Tabigat.gov.kz платформасының мүмкіндіктерін көрсетті, ал ҚР ЭТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Елемесов орман өрттерін ерте анықтау жүйесін және республикалық диспетчерлік қызметтің есептілігін автоматтандыруды ұсынды. Сонымен қатар кеңесте ТЖМ процестерін автоматтандыру шеңберінде жүргізілетін дала және орман өрттерінің таралуын модельдеу ұсынылды. ТЖМ геоақпараттық жүйелер жобасының жетекшісі Мұрат Әбдіхалықұлы өртті модельдеу бойынша жұмыстың барысын көрсетті, ал «ҚҒС» ҰК» АҚ платформалық шешімдер департаментінің инженерлері мен «Қазгидромет» РМК бас директоры су тасқынын болжау жүйесі туралы айтты. Кеңес соңында «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ төрағасы Қайратғали Хайрулла «Talsim» және «Delft-FEWS» су тасқынын болжау жүйелерін таныстырды, содан кейін төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесіндегі маңызды жаңарту көрсетілді. Оны ҚР ТЖМ байланыс және құлақтандыру басқармасының бастығы Саят Баталов ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу үдерістерін үйлестіруді және азаматтық қорғау саласындағы материалдық-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін бірыңғай ахуалдық орталық құру жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылады. Сонымен қатар осы жобаны іске асыру үшін ведомствоаралық техникалық тапсырма әзірлеу ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904817
Жетісуда Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары қар құрсауынан 136 адамды құтқарды. 24.12.2024
Ауа-райының нашарлауы, қатты дауыл мен көріну мүмкіндігі нөлдік боранның салдарынан Жетісу ауданындағы Үшарал-Достық тас жолында бірнеше төтенше жағдай орын алды. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға жедел көмек көрсетті. Соңғы тәулікте барлығы 136-дан астам адам құтқарылды. Қатты боран мен боран салдарынан Ырғайты тас жолының учаскесінде 30 жүк көлігі мен бір жолаушылар көлігі тұрып қалды. Құтқарушылар дереу көмекке аттанды. Құтқарушылар ауысымдық көлік пен Треколь автокөлігін қоса алғанда, арнайы барлық жерүсті көліктерін пайдалана отырып, 40-тан астам адамды Үшарал қаласына жеткізді. Құтқарылғандардың арасында 28 шетел азаматы бар - Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Әзірбайжан Республикасы және Ресей Федерациясының азаматтары. Бақытымызға орай, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмады. Жолдың Ырғайты мен Жалаңашкөл аралығындағы тағы бір бөлігінде тағы 26 жүк көлігі қар құрсауында қалды. Құтқарушылар жүргізушілерді жергілікті билік ыстық тамақ ұйымдастырған Көктұма ауылына көшірді. Осы шараның нәтижесінде 26 жүргізушіге көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Достық стансасының ПЧ-10 қызметкерлерімен эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Қалың қар көшкен аумақта 2 жеңіл және 19 жүк көлігі болды. 69 адам эвакуацияланды, оның ішінде «Алакөл» шекара бөлімінің 20 әскери қызметкері. Зардап шеккендердің барлығы Достық станциясына жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қыста сақтық шараларын сақтау керектігін еске салады. Дауыл туралы ескертулерді орындап, ауа-райы нашарласа, сапарға шықпау маңызды. Төтенше жағдай орын алған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін жедел жәрдем қызметінің 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз! < /p>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/904831
Шетелде жұмыс істеуге ниетті тұрғындарды қолдау шаралары талқыланды 24.12.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Швейцария конфедерациясы елшісінің орынбасары Тобиас Вердер және халықаралық көші-қон ұйымы БҰҰ Көші-қон агенттігінің Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орта Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопракпен кездесті.Қос тарап жиында басқа мемлекетте жұмыс істегісі келетіндерге қызмет көрсетуге бағытталған ХКҚҰ-ның «Алдын ала даярлық орталығы» жобасын талқылады.ХКҚҰ Қазақстандағы Миссиясының басшысы Серхан Актопрак бұл жобаның жұмыссыздықты азайтуға, серіктестікті нығайтуға және дүниежүзілік миграциялық қозғалыстарға септігі мол екенін атап өтті.Серік Шәпкенов ХКҚҰ-мен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты. Осы ретте өңірде халықты жұмыспен қамту мәселесі өзекті екенін айтып, жобаны Атырауда пилоттық негізде бастауға мүдделі екенін жеткізді.- Өңірімізде ірі мұнай-газ компаниялары орналасқандықтан, мамандарды жұмыспен қамту мәселесі өзекті. Бізде үлкен тәжірибесі бар білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың бұл тәжірибесі өзге елде де сұранысқа ие. Сондықтан, қызметкерлердің әлеуетін халықаралық деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беруіміз қажет. Бұл ретте, алдын ала даярлық орталығы үлкен қолдау болмақ. Ол азаматтарымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ғана емес, қажетті ақпарат алуға, тағылымдамадан өтуге, шетелде жұмыс істеу шарттарымен, талаптарымен танысуға мүмкіндік береді. Мұндай жобаны Атырауда пилоттық негізде іске қосу – стратегиялық тұрғыдан маңызды қадам. Алдын ала дайындық орталығы азаматтарымыздың шетелде табысты жұмысқа орналасуына, серіктестік байланыстарды нығайтуға және жаһандық көші-қонның дамуына серпін береді деп сенемін,-деді С.Шәпкенов.Анықтама үшін: Атырау облысының 1000-нан астам азаматы Ресей, Катар, БАӘ, Оңтүстік Корея, Венгрия, Чехия сынды өзге мемлекеттерде еңбек етіп жүр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/904664
Астанада тегін заң көмегін кім ала алады 24.12.2024
Қазақстанда мемлекет мұқтаж азаматтарға тегін заң көмегін көрсетеді. Елорданың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Айдос Шамбулов бұл көмекті кімдер ала алатынын айтып, 2024 жылғы осы жүйенің жұмысын қорытындылады.Айдос Шамбулов атап өткендей, білікті заң көмегіне құқық Қазақстан Конституциясында бекітілген. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі. Бұл қағида МЖМБС көрсету тәртібін реттейтін «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң арқылы іске асырылады. Мемлекет азаматтарға құқықтық ақпараттандыруды, заңгерлік кеңес беруді және сотта өкілдік етуді қамтитын тегін заң көмегін ұсынады.Оның айтуынша, көпбалалы отбасыларды, мүгедектерді, соғыс ардагерлерін, зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарын, қамқорлықсыз кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ өндірістік жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерді есепке алғанда, халықтың осал топтары тегін заң көмегін ала алады.«Бұл санаттар заңмен анықталған және біз көмекке мұқтаж әрбір адамға сапалы қолдау көрсетуге тырысамыз», — деп атап өтті Айдос Шамбулов.Осылайша, 2024 жылдың 11 айында 17 500-ден астам азамат кепілдендірілген заң көмегін пайдаланды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 21%-ға артық.Құқықтық мәселелер бойынша 9 800-ден астам кеңес берілді, қылмыстық істер бойынша 7 300-ге жуық қызмет көрсетілді, сондай-ақ 431 жағдайда азаматтық және әкімшілік істер бойынша заң көмегі көрсетілді.Шамбулов сондай-ақ құқықтық кеңес беру мәселелері бойынша өтініштердің өскенін атап өтті, бұл халықтың құқықтық хабардарлығының артқанын көрсетеді.«Қазіргі уақытта Астана қаласының Әділет департаменті кепілдендірілген заң көмегі бойынша қызмет көрсететін 195 адвокатпен және 90 заң кеңесшісімен келісімшарттар жасасты. Жүйе сонымен қатар көмек көрсетуден бас тартудың дұрыстығын қатаң бақылауды қарастырады. Өтініштің құқықтық сипатының болмауы немесе өтініш берушінің заңда қамтылмаған санаттарға жатуы бас тартуға негіз бола алады. Барлық бас тарту дәлелді түрде ресімделеді және сотқа шағымдануға болады», - деді Айдос Шамбулов.Негізінен алимент өндіріп алу және зейнетақы тағайындау, қылмыс құрбандарын қолдау, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге және мүгедек адамдарға көмек көрсету мәселелерінде көмек көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/904620
Шай беріп, қар күреуге көмектесті: астаналық спортшылар коммуналдық қызметкерлерді қолдау акциясын өткізді 24.12.2024
18 желтоқсанда Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында танымал спортшылар коммуналдық қызметкерлерге қолдау көрсетіп, алғыс білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қыстыгүні қаланы күн сайын қар мен мұздан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге қолдау көрсету үшін Астананың танымал спортшылары таңертең ерте Емен аллеясына жиналды. Акцияны ұйымдастырушылар қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ ұсынып, қаланың тазалығына қамқорлық танытқандары үшін алғыстарын білдірді.Іс-шараға Мақсат Сайлау, Мерей Мәулітқанов, Айбек Айтбеков, Нұрлан Қарабалин, Мәди Амангелді, Нұржан Батырбеков, Нұрбек Талбудин, Нұрсұлтан Дүйсенқұлов, Зере Сарбалина, Айза Мамбекова, Нариман Секен сынды елордалық танымал спортшылар қатысты.«Бүгін мен коммуналдық қызметкерлер үшін қаншалықты қиын екенін, ерте тұру, қар күреу және қаланы тазалау қандай екенін өз басым сезіндім. Бұл өте қиын жұмыс, әсіресе дала аяз болып тұрған кезде. Мен қала тазалығын сақтауға атсалысқан жандарды құрметтеймін. Коммуналдық қызметкерлердің еңбегі қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет түсіндім. Ең алдымен өскелең ұрпаққа үлгі болсын деп акция өткізіп жатырмыз. Жастар әрқашан үлкендерге, БАҚ өкілдеріне, атақты спортшыларға қарап бой түзейді. Егер мен жас күнімде әлем чемпионының таңертең қар тазалап, қызметкерлерге шай ұсынып жатқанын көргенімде игі істерге түрткі болатыны сөзсіз. Елордамыздың және бүкіл еліміздің тазалығы өзімізге байланысты екенін есте ұстаған жөн, біз бір-бірімізге көмектесуіміз керек», - деді Астана қаласының ММА бойынша аға жаттықтырушысы Нұрлан Қарабалин.Бұдан бөлек, спортшылар қала тазалығына атсалысып жүрген жандарға көрсетілетін құрметтің үлгісін білдіріп, жұмысшыларға қар күреуге көмектесті.Айта кетейік, мұндай шаралар Астанада тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Олардың мақсаты – ауызбіршілікті нығайтып, халықты бір-біріне қолдау көрсетуге баулып, игі істердің маңыздылығын еске түсіру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/904649
Астанада «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды 24.12.2024
Астана қаласының «Көпбалалы отбасылар» мен «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаттары үшін «Жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасының нәтижелері жарияланды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Тұрғын үй орталығына сілтеме жасап хабарлайды.Бағдарламаның нәтижесі төмендегі тізіммен берілген:«Көпбалалы отбасылар» санаты:- Өткен;- Өткен жоқ.«Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты:- Өткен;- Өткен жоқ.«Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты:- Өткен;- Өткен жоқ.Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен Тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.«Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты, өте сақ болу қажет. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан тұрғын үй беру үшін несиелерді, қарыздарды өтеуді және шотты бұғаттаудан шешуді сұрамайды», - делінген орталық хабарламасында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/904708
Семей қаласының тұрғындарымен кездесу өтті 24.12.2024
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде өңірдің негізгі жетістіктері мен қолға алынған жобалары атап өтілді. Сонымен бірге азаматтарды жеке қабылдау өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.«Семей – көптеген тарихи оқиғалардың куәсі, еліміздің рухани және мәдени орталығы. Сүйікті қаламыздың дамуына ерекше көңіл бөлінетінін білесіздер. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Барлық салада оң өзгерістер болып, әлеуметтік-экономикалық даму нық қадаммен алға баса бастады. Мұның бәріне, әрине, сіздер, құрметті жерлестер, өз бағасын берерсіздер! Біздің мақсатымыз – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және жайлы өмір сүру ортасын құру. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Ең бастысы, бірігіп, «ынтымақ пен бірлік» қағидасынан ауытқымай, берілген мүмкіндіктерді тиімді пайдалану», - деді облыс әкімі.Осы жылы облыстың барлық негізгі салаларында тұрақты өсім байқалды. Мәселен, құрылыс саласында бұл көрсеткіш 22,8%-ға, көлік саласында – 6,4%-ға, байланыс саласында – 15,8%-ға өсті. Тартылған инвестиция көлемі 471,6 млрд теңгені құрады. Оның 154,2 млрд теңгесі Семей қаласына тиесілі.Тұрғын үй мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінуде. Биылғы жылдың 11 айында облыста 306,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызға артық. Жалпы көлемнің басым бөлігі – 74,8 пайызы Семей қаласына тиесілі. Ауданы 57,7 мың шаршы метр болатын 832 отбасын баспанамен қамтамасыз ететін несиелік және жеке 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.Халықтың түрлі топтарын қолдау үшін биыл 12,2 млрд теңгеге 911 пәтер сатып алынды. Сонымен қатар, 4 млрд теңгеге тағы 115 пәтер сатып алу жоспарлануда.Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табуда. 2026 жылға дейін облыста жалпы құны 20,6 млрд теңгені құрайтын 46 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, оның 33 жобасы биыл іске асырылды. Облыс орталығында 4 су құбыры нысаны іске қосылып, соның арқасында таза сумен қамтамасыз ету деңгейі 91,4 пайызға жетті. 100% жету үшін қосымша шаралар қабылдау қажет.Ағымдағы жылы жалпы құны 18,5 млрд теңгені құрайтын 28 жоба аясында 17 жылу көзі мен 27,5 шақырым жылу желілері ауыстырылып, жұмыстар аяқталды. Осы шаралардың арқасында жылу желілерінің тозуы 64,2%-дан 59,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, қаланың оң жағалау бөлігін қажетті жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жаңа ЖЭО-3 құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.Көлік-логистикалық инфрақұрылымды жақсартуға 15,1 млрд теңге бөлінді. Биыл облыста 241 шақырым жол жөнделді. Семейде құны 47,3 млрд теңгені құрайтын автокөлік көпірі қайта жөндеуден өтуде.Цифрлық форматта әзірленген Семей қаласын дамытудың бас жоспары бекітілді. Облыс орталығын абаттандыруға 5,6 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың ішінде 62 аула және 4 қоғамдық орын қалпына келтірілді. Соның ішінде Бейбітшілік аралындағы балалар темір жолы бар. Сонымен қатар жоспарға жеке инвестиция есебінен аквапаркті қайта жаңғырту кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/904740
Қызылордада бюджет ақшасын игеру мәселелері талқыланды 24.12.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен бюджет қаржысын игеру, құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқыны, жылу маусымының барысы, коммуналдық қызметтердің көрсетілуі талқыланған жиын өтті. Басқосуға қала, аудан әкімдері, жауапты сала басшылары қатысты.Аймақ басшысы осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуына тоқталып, межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатынын ескертті.«Жыл соңына дейін бюджет қаражатын тиімді игеріп, нақты бағыттарға жұмсау қажет.Биыл аяқталатын құрылыс нысандарындағы жұмысты бақылауға алыңыздар. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Бірінші әрі басты талап - сапа, сосын жұмысты мерзімінде аяқтау керек.Жылу беруде ешқандай кедергі туындамауы тиіс. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлерді қамтамасыз етіңіздер. Аудан, ауылдарда көмір тапшылығы болмасын.Мереке күндері коммуналдық қызметтердің жұмысы үздіксіз болуы қажет», - деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/904557
Алматыда Digital Almaty Халықаралық цифрлық форумы жетінші мәрте өтеді 24.12.2024
Алматыда 2025 жылдың 31 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Digital Almaty 2025: «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты халықаралық цифрлық форумы өтеді.Жетекші халықаралық алаңда ЕАЭО елдерінің инновациялық даму келешегі мен цифрлық күн тәртібін талқылау үшін ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қайраткерлері, жетекші сарапшылар мен кәсіпкерлер бас қосады. VII форум аясында Industry 4.0 AI Battle – жасанды интеллект саласында үздік стартап үшін ауқымды сайыс, ІТ-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе алмасып, ақпаратты бөлісетін ірі қазақстандық жер қойнауын пайдаланушылар, өнеркәсіптік стартаптар, технопарктер, технологиялық компаниялардың көрмесі жоспарланған.Digital Almaty-2025 өнеркәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектің жаһандық индустрия келешегіне ықпалына арналады. Қазіргі кезде АІ технологиялары өндірістік процестердің тиімділігі, қауіпсіздігі және тұрақтылығының негізгі драйверіне айналып келеді. Industrial AI әлеуетін күрделі өндірістік тізбектерді автоматтандыру, болжау және оңтайландыру үшін қолдану өнеркәсіп секторын интеллектуалды басқаруда жаңа мүмкіндіктерді ашады. Цифрлық әлеммен таныстыратын екікүндік шараға 40 мыңнан аса адам қатысады деп күтілуде.«VII Digital Almaty жасанды интеллектті өнеркәсіптік экожүйелерге; экономика мен қаржыға; ESG-ге; медицинаға, білімге және киберқауіпсіздікке интеграциялау тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады. Яғни, форум алаңында «ақылды» фабрикаларды дамытуды, Industry 4.0 шеңберінде жаңғырту мен автоматтандыруды қоса алғанда, өндірістерді трансформациялауға болатын AI-шешімдер ұсынылатын болады», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.Әлемдік сарапшылар мойындаған Digital Almaty өткен жылы өз алаңында 300-ден астам спикердің басын қосты. Басқа мемлекеттер тарапынан еліміздің цифрлық шешімдеріне айтарлықтай қызығушылық бар. Бұған шет елдерден 70-ке жуық сарапшының, оның ішінде бірқатар мемлекеттің цифрландыру министрлері келіп, панельдік пікірталастарға қатысуы дәлел. Іс-шара қонақтарына арналған пікірталас алаңдарымен қатар 230-ға жуық отандық және халықаралық IT-компаниялардың, сондай-ақ цифрландыру бойынша жетекші халықаралық сарапшылардың цифрлық жобалары ұсынылған көрме жұмыс істеді.Digital Almaty-2024 алаңы серіктестікті алға қою және цифрландыру саласында тәжірибе алмасу үшін зор мүмкіндік болды. Мұнда B2B форматында 60-қа жуық кездесу және жер қойнауын пайдаланушылар мен стартаптар арасында 50-ден астам питчинг өтті.Форумның үш күнінде бары 30-ға жуық меморандумға қол қойылды. Freedom Holding Corp. Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен меморандумға қол қойды. Форум барысында Тимур Турлов «Арал теңізін қолдауға арналған Эко-карта» жобасын ұсынды. Жобаның негізгі идеясы - жойылып бара жатқан теңізді құтқару қорына 10 пайыздық кэшбек аударып отыру.Форумның соңғы күні Digital Almaty-2024 алаңында жалпы жүлде қоры $180 000 болатын ең ауқымды Industry 4.0 Startup Battle өтті. Финалға 200 өтінім ішінен 30 стартап өтті. Олар баттл серіктестерінің жүлделі марапаттары үшін бақ сынасты. Үздік жобаларды мемлекеттік органдар, венчурлік инвесторлар, трекерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (KazPetrol, Kusto Group, KazMinerals, Karachaganak Petroleum) арасынан кәсіби мамандар таңдап, қазылық етті.Еске сала кетейік, Digital Almaty ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры.Толық ақпарат алу және тіркелу үшін DigitalAlmaty.kz ресми сайтын бақылап, жаңалықтарды қарай отырыңыз. Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығыӨтетін күні: 31 қаңтар - 1 ақпан, 2025 жылБАҚ өкілдерін аккредиттеу: Ләззат Сағындықова +77017776917, media@almatydigital.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/904548
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Ақмарал Серікбаева. 24.12.2024
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Ақмарал Серікбаева.Ақмарал Қабылбекқызы – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Экология және геология» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты.1996 жылы Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ «Экология» мамандығын, 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Химия» мамандығы магистратурасын, ал 2003 жылы ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық Орталығында аспирантураны аяқтаған.Ол ғылыми мансабын ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығында 1997 жылы инженер лауазымынан бастады, ғылыми мектептің кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер кәсіби сатылары бойынша өтті. 2008 жылы Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының доценті лауазымына қабылданды. 2015 жылдан 2020 жылға дейін «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.Ғылыми-педагогикалық өтілі 23 жылды құрайды. А.Серікбаева 120-дан астам мақаланың, 9 - ҚР патентінің авторы, 7 - ғылыми туындыға авторлық құқық; Web of Science және Scopus базаларына жататын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 24 мақала, Хирш индексі екі базада да 5, БҒСБК тізбесіндегі журналдарда 60-тан астам мақала жариялаған. Шығармашылық еңбектер – 15 (5 - оқу құралы, 2- ҚР БҒМ РОӘК грифімен және 10 монография, оның 3-і ағылшын тілінде) жарық көрген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/903883
ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ 20 ЖЕЛТОҚСАНДА БАСТАЛАДЫ 24.12.2024
ҚАҢТАР АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ 20 ЖЕЛТОҚСАНДА БАСТАЛАДЫҚаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 20 желтоқсанда басталып, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.ҰБТ-ға дайындықты жақсарту мақсатында жаттықтандыру тесті іске қосылды. Оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды. Сондай-ақ, барлық талапкерлер үшін тестілеу бағдарламасында калькулятор, периодтық кесте және ерігіштік кестесі қолжетімді болады.Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/904194
ICPC World Finals 2025 байқауында Қазақстан атынан Astana IT University командасы шығады 24.12.2024
ICPC World Finals 2025 байқауында Қазақстан атынан Astana IT University командасы шығады2024 жылғы 14-15 желтоқсан күндері Astana IT University қабырғасында ICPC халықаралық студенттік спорттық бағдарламалау олимпиадасының жартылай финалы өтті. Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен келген 270 студент қатысты.Турнир Астана, Санкт-Петербург, Новосибирск және Тбилиси қалаларында бір уақытта өтіп, Солтүстік Еуразия аймағының ең үздік командаларын жинады. Біртұтас рейтингтік жүйенің арқасында студенттер халықаралық деңгейде жарысып, өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетті.«ICPC — бұл жай ғана олимпиада емес, Қазақстанда техно-цифрлық қоғамды қалыптасуына мен дамуына ықпал ететін маңызды алаң. Бүгінде біз еліміздегі IT-саласында білім беруді сапалы дамытуға ерекше назар аударып отырмыз. Министрлік әлемнің жетекші университеттерімен бірлесіп жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуде. Мысалы, Қызылорда қаласында Сеул ғылыми-техникалық университетімен серіктестік аясында жасанды интеллект мектебі ашылды. Сонымен қатар, Мичиган университеті, Гонконгтың Қалалық университеті, Аризона университеті, КАИСТ және Мәскеудің бірқатар жоғары оқу орындарымен бірлесіп жаңа оқу бағдарламалары әзірленді. Биыл бұл бағдарламалар бойынша 2000-нан астам студент оқуын бастады», — деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.Жеңімпаздар қатарында үздік нәтижелерді келесі командалар көрсетті:"Sorry, who are you?" (Astana IT University) — жартылай финалдың жеңімпаздары, олар Қазақстанның атынан ICPC World Finals 2025 байқауына қатысады."1 Natural Intelligence" (International IT University, Алматы) — күміс жүлдегерлер."Jasdauren Street" (Nazarbayev University, Астана) — қола жүлдегерлер.«Astana IT University командасының жеңіске жетіп, ICPC World Finals 2025 байқауында Қазақстан атынан шығатынын мақтан етеміз. Сондай-ақ, осы беделді контесттің тең ұйымдастырушысы ретінде, Орталық Азияның интеллектуалды дарындарының Астанаға, біздің университетке жиналып жатқанына қуаныштымыз. Бұл біздің аймақта IT-білім беруді дамытудағы маңызды орталық екенімізді тағы да дәлелдейді», — деп атап өтті Astana IT University ректоры Асқар Хикметов.ICPC — әлемдегі ең ірі және ең беделді бағдарламалау олимпиадаларының бірі. Ол 1977 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл чемпионат студенттерге өз білімдерін дәлелдеуге және командада жұмыс істеу дағдыларын нығайтуға мүмкіндік береді, ал бұл халықаралық технологиялық компанияларда жоғары бағаланады.Орталық Азиядағы ICPC жарысын ұйымдастырушылары — Спорттық бағдарламалау федерациясы мен Astana IT University. Турнир Freedom Holding Corp., "Freedom Шапағат" қоры және Kcell/activ қолдауымен өтті. Қазақстанда ICPC жартылай финалының өтуі елдің Орталық Азиядағы IT-хаб ретіндегі позициясын нығайтып, технология саласындағы таланттарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/904398
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды 24.12.2024
Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Салтанатты рәсім қала әкімі Ерболат Досаевтың, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.Іс-шараға қатысушылар метрономның үнімен Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірлерін қиып,қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.Рәсім Алматы өңірлік гарнизоны әскери-үрлемелі оркестрінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауымен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/903974
Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының атынан Бибігүл Төлегенованы 95 жылдығымен құттықтады 24.12.2024
16 желтоқсанда туған күнін аты аңызға айналған опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Төлегенова атап өтеді. Биыл КСРО халық әртісі, «Отан» орденінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы және академик 95 жасқа толады.Бибігүл Ахметқызын осындай айтулы күнмен құттықтауға Алматы әкімі Ерболат Досаев келді. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хатты оқыды. Онда ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерінің еңбегі атап өтілген.«Ұзақ жылғы жемісті шығармашылық жолыңыз Сізді абырой биігіне көтерді. Еліміздің алтын қорына мол мұра қалдырдыңыз. Өнегелі де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Ерен еңбегіңіздің жоғары мемлекеттік наградалармен, мәртебелі атақтармен және айрықша сыйлықтармен аталып өтуі-зор мерей», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.Өз кезегінде Бибігүл Ахметқызы жылы лебіздер үшін алғысын білдіріп, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.21 желтоқсан күні сағат 15:00-де Республика Сарайында Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған салтанатты концерт өтеді. Бағдарламада Бибігүл Ахметқызының шығармашылығы шабыт берген, өздері де жетекші жұлдызға айналған көрнекті әртістердің орындауындағы классикалық және қазақ музыкасының ұлы туындылары орындалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/903975
Тәулігіне 22 см қар: Алматы коммуналдық қызметтері үлкен қардың салдарын жоюда 24.12.2024
15-16 желтоқсанда Алматы қаласында қар көп жауды, желтоқсандағы жауын-шашынның орташа айлық мөлшерінің үштен бірі. Қалада 22 см қар жауды, Каменск үстіртінде – 40 см, Шымбұлақта – 42 см.Қардың салдарын жоюға тәулік бойы 600-ден астам арнайы техника мен 1080 жол жұмысшысы жұмылдырылды.Қар жауып бастағаннан бері қала көшелерінен 6 520 м3 қар шығарылды.Қарды шығару жол жиектерінде қар үйінділерін қалыптастыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуді талап етеді.Үйінділерді қалыптастыру ірі габаритті техникамен (автогрейдерлер, фронтальды тиегіштер) жүргізілетіндігіне байланысты оларды орындау тәуліктің түнгі уақытында жүзеге асырылады.Жоғарыда айтылғандарға байланысты таңертеңгі уақытта жолдардың жүріс бөлігінде қар үйінділерінің болуы жұмыс жүргізу кезінде технологиялық қажеттілік болып табылады.Айта кету керек, біліктерді шығару келесі жұмыс ауысымы ішінде жүзеге асырылады.Әрі қарай, шекара бөлігін алып тастағаннан кейін оны тазарту, мұзды ұсақтау және қар-мұз түзілімдерін жою жүзеге асырылады.Қарды уақтылы шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында автокөлік жүргізушілерінен автокөлікті жол жиектеріне, әсіресе түнгі уақытта қоймауын сұраймыз.Бір тәулікте жауған қардың мөлшері онкүндік норманы құрағанына байланысты, қаланың негізгі магистраль көшелерінен қар шығару ағымдағы түнде аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/903976
Алмалы ауданы қалай өзгеруде? Жаңартылған скверлер, қоғамдық кеңістіктер және мектептер 24.12.2024
Алматының Алмалы ауданында тұрғындардың өтінішімен жүзеге асырылған нысандарға арналған бойынша баспасөз туры өтті.Алғашқы нысан – қаланың негізгі жаяу жүргіншілер көшелерінің бірі Панфилов көшесі болды. Күн сайын бұл көшеден 10-15 мың адам өтеді, демалыс және мереке күндері бұл көрсеткіш бірнеше есеге артады. Аудан әкімі Арман Шамшиннің айтуынша, көшенің жоғары жүктемесі мен дәмханалар мен мейрамханаларға тауар жеткізетін автокөліктер көптігі жол төсеміне және декоративті элементтерге үлкен салмақ түсіреді. Осыған байланысты тұрғындар көшені жаңартуды өтінген.2017 жылдан бері алғаш рет жол төсемін жөндеу туралы шешім қабылданды. Қыркүйек айында басталған жұмыстар аясында 2 мың шаршы метр кеспе тас жаңартылды, 130 жаңа орындық және 2 балалар алаңы орнатылды, субұрқақ жөнделді. Жасыл аймақ 20%-ға кеңейтіліп, жаңа бұталар отырғызылды және көгал егілді. Қолөнершілерге арналған модульді үйлер, стационарлық полиция бекеті және заманауи «Сапар орталығы» орнатылды. Алматылықтар жаңартылған көшенің қолайлы әрі жайлы болғанын атап өтті.Келесі нысан №136 жалпы білім беретін мектеп болды. Мұнда 35 жылдан бері алғаш рет сейсмикалық нығайту арқылы күрделі жөндеу жүргізілді. Заманауи талаптарға сай робототехника, химия, биология, физика, информатика кабинеттері жаңартылды, сондай-ақ ұлдар мен қыздарға арналған технология кабинеттері мен шеберханалар жабдықталды. Барлық пән кабинеттері интерактивті панельдермен және жаңа жиһаздармен жабдықталған.Баспасөз турының қатысушылары 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жаңартылған «Шығыс АЗТМ» скверіне де барды. Бұл скверді көркейтуді жаңа «Номад» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ұсынған.Скверде тренажерлер, жаяу жүргіншілер жолдары, шамамен 10 мың шаршы метр көгал, гүлдер мен ағаштар отырғызылып, жаңа жарықтандыру орнатылды. Бұл шағын, бірақ өте жайлы алматылық скверге айналды.Қала тұрғыны әрі «ХҚБ» жобасының тең авторы Алена Шин мұның аудан мен алматылықтардың мақтанышы екенін жеткізді. «Бұл тек сквер ғана емес, жалғыз жасанды тоғаны бар сквер біздің ауданда. Жоспарымызды әкімдік мамандарымен бөлістік, олар бізге оны жүзеге асыруға көмектесті. Балаларым үнемі осы жерде ойнайды, волейбол алаңы да керемет. Барлық жағдай отбасылық демалыс үшін жасалған».Тур барысындағы соңғы нысан Розыбакиев көшесінің бойында Дүйсенов көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан, аумағы 0,49 га болатын жаңа сквер еді. Бұрын бұл жерде бейберекет сауда орындары болған, бұл жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына қолайсыздық тудыратын. Осыған байланысты тұрғындар бірнеше рет базарды алып тастап, оның орнына жасыл аймақ құруды сұраған. Ақыры, бұрынғы базардың орнына шамамен 2 мың шаршы метр көгалды жасыл аймақ, гүлдер мен ағаштар отырғызылды.Тұрғындар үшін заманауи әрі сапалы материалдардан жасалған орындықтар, тренажерлер, перголалар, балалар алаңдары мен жүгіру жолдары орнатылған. Сондай-ақ, автоматты суару және жарықтандыру жүйесі орнатылды.«Кешкісін мұнда өте әдемі, жарық жақсы. Біз өтініш беріп, жұмыстарды бақылап жүрдік, сондықтан осында келіп, таңданамыз. Бұл жерде ересектер мен балалардың жайлы уақыт өткізуіне барлық жағдай жасалған. Бұрын терезені ашу мүмкін емес еді, себебі бейберекет базар болды, шу мен жағымсыз иіс болатын. Енді бұл мүлде басқа орынға айналды. Үлкен жасыл аймақтар мен перголалар бәрін әсемдеп тұр. Жай ғана ыңғайлы емес, әдемі орын болды», – дейді тұрғынның бірі Әсем Нұрғазина.2023 жылы Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 34 жоба жүзеге асырылса, 2024 жылы 52 жоба жоспарланған.«Соңғы жылдары Алматының көркеюіне «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы оң әсерін тигізіп келеді. Жасыл демалыс аймақтары қоғамдық кеңістіктерді жақсартуда және қаланың экологиялық жағдайын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біз әрқашан аудан тұрғындарының бастамаларын қолдаймыз», – дейді аудан әкімі Арман Шамшин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/903977
«Таза Қазақстан»: Алматыда пластикалық қақпақтарды жинау бойынша экологиялық акцияның алғашқы маусымы қорытындыланды 24.12.2024
Алматыда 15-16 желтоқсан күндері қалың қар жауып, қаланың жағдайына елеулі әсер етті. Желтоқсан айындағы айлық норманың үштен бір бөлігі болатын бұл жауын-шашынның нәтижесінде Алматы көшелерінде қар қалыңдығы 22 см-ге жетті, ал тау бөктерлерінде, атап айтқанда Каменск үстірті мен Шымбұлақта қардың қалыңдығы 40 см және 42 см болды. Мұндай қолайсыз ауа райы жағдайында қаладағы коммуналдық қызметтер көшелерді қауіпсіз әрі жүруге қолайлы күйге келтіру үшін қар тазалау жұмыстарына белсенді кірісті.Алматыда қардың салдарын жою үшін тәулік бойы 600-ден астам арнайы техника мен 1080 жұмысшы жұмылдырылған. Қар жауа бастаған сәттен бастап қала көшелерінен 6 520 м³ қар шығарылды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында журналистерге қаланың көлік көп жүретін көшесінің бірі – Абылай хан даңғылында таңғы қар тазалау жұмыстары көрсетілді. Бұл жұмыстарға сыпырушы арнайы техникалар, көпфункционалды жол машиналары, Pony 4, КамАЗ көліктері және жұмысшылар атсалысты. Бұл техникалар көшелерді қар мен мұздан жедел тазартып, тұрғындар үшін қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жанат Жақыпбектің айтуынша, қарды шығару үшін алдымен жол жиектерінде қар үйінділерін жинау бойынша дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар ірі габаритті техниканың (автогрейдерлер, жүк тиегіштер) көмегімен түнгі уақытта жүзеге асады. Таңертеңгі уақытта жол бойында қар үйінділерінің болуы – жұмыс процесінің технологиялық қажеттілігі. Қар үйінділері келесі жұмыс ауысымында шығарылады. Кейін қарды тазартқаннан кейін жиектастар маңын мұздан тазарту және мұзды ою, қар аралас түзілімдерді жою жұмыстары қолға алынады.Қаланың негізгі көшелерінен қар шығару жұмыстары 17-18 желтоқсанға қараған түні аяқталады деп жоспарланған, бірақ қар күреу жұмыстары қыс мезгілі аяқталғанға дейін жалғасады.Қыста қар тазалау жұмыстары Алматыдағы жалпы аумағы 25,1 млн м² болатын 2 300-ден астам көшені, ұзындығы 2 777 км жолды қамтиды. Бұл жұмыстарды 10 мердігерлік ұйым атқарады, ал аумақтың 70%-ын «Алматы тазалық» МКК күшімен тазаланады. Қала коммуналдық қызметтерінің қолында 1 084 арнайы техника және 1 240 жұмысшытбар, бұл оларға ауа райы өзгерістеріне сай тез қимылдап, қардың салдарын тиімді жоюға мүмкіндік береді.Қорытындылай келе, коммуналдық қызметтер қала тұрғындарынан қарды уақытылы шығару жұмыстарын ұйымдастыру үшін түнгі уақытта көлік құралдарын жол жиектеріне қоймауды өтінді.Сонымен қатар, Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында іске қосылған пластикалық қақпақтарды жинау бойынша экологиялық акцияның алғашқы маусымы аяқталды. Акцияға мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері қатысып, бірлескен күш-жігердің арқасында 1,26 миллионнан астам қақпақ жиналды. Экологиялық мәселелерге назар аудару және өскелең ұрпақта экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастама жастар мен олардың ата-аналарының тарапынан үлкен қолдау тапты. Акцияға қаланың 200-ден астам мектебі мен балабақшасының оқушылары қатысты.Акция қорытындысы бойынша ең көп үлес қосқан үш аудан:Жетісу ауданы – 570 кг қақпақ (жалпы көлемнің 22,7%-ы);Алмалы ауданы – 484 кг (19,3%);Әуезов ауданы – 328 кг (13,0%).16 желтоқсанда акцияның алғашқы маусымы қорытындыланып, ал 21 желтоқсан күні Молл Апорт East сауда орталығында жеңімпаздар мен қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара бағдарламасында эко-жәрмеңке, шеберлік дәрістері және қалдықтарды қайта өңдеу мен экологиялық тәжірибелерге арналған оқыту сессиялары жоспарланған.Пластикалық қақпақтарды жинау акциясымен қатар KSC PLAST компаниясы мен Эко-Хабтың қолдауымен қайта өңделген пластиктен бірегей жаңа жылдық шырша жасалды. Бұл ерекше туындының авторы – белгілі мүсінші Талғат Жұмағұл. Шырша экологиялық мәселелерді шешуге үміттің символы ретінде қарастырылып, Жаңа жыл қарсаңында қаланың сәнін келтірмек.«Біз достарымызбен бірнеше апта бойы қақпақ жинадық. Бұл экология үшін пайдалы ғана емес, өте қызықты іс болды. Енді жинаған қақпақтарымыз қаламызда әдемі шыршалардың жасалуына көмектесетінін білгенде, осы жобаның бір бөлігі болғаныма мақтанамын», – дейді №147 мектеп-гимназиясының оқушысы Томирис Намазбекова.Сонымен қатар, «Мейірімділік» ерікті қоғамы», «Мейірім» қоры, «Аутизмді жеңеміз» жобасы мен «Инсайт» мектебінің ерекше балалары Эко-Хаб эко-жаттықтырушыларының жетекшілігімен қайта өңделген материалдардан мерекелік жаңа жылдық ойыншықтар жасады.Бұл бұйымдарды Болат Өтемұратов қоры, RAMS, Еуразиялық банк, Алмалы холдингі, ZanHub секілді ірі компаниялар сатып алды. Акцияның маңызды бөлігі қаланың түрлі ауданында уақытша қақпақтарды қабылдау пунктіне айналған комьюнити-орталықтар болды.«Бұл жоба – экологиялық тәрбиені шығармашылық тәсілмен үйлестірудің тамаша үлгісі. Балаларды табиғатты аялауға үйрету ғана емес, шағын әрекеттің үлкен нәтижеге әкелетінін көрсету де маңызды», – деді №147 мектеп-гимназиясы тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Раиса Сахиева.Ұйымдастырушылар 2025 жылы пластикалық қақпақтарды жинау акциясы Алматының экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тұрақты науқанға айналатынын айтты. Мұндай бастамалар қаланы безендіріп қана қоймай, қайта өңдеудің маңыздылығын еске салып, қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілік қалыптастырады.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы елді мекендердің аумағын көркейтуге және көгалдандыруға бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/903999