Қуқық
Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады 15.12.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады.Бұл жолы қабылдауға 10 азамат келді. Олар тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік көмек көрсету, аула спортын дамыту, аулалаларды абаттандыру мен жол салу, жаңа білім беру орталықтарын ашу бойынша мәселе көтерді.Ербол Қарашөкеев барлық өтініш-тілекке заң талаптарына сәйкес толыққанды жауап берді. Тұрғындардың кейбір өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеп, назарға алатынына сенім білдірді.Қабылдауға Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысып, келіп түскен өтініштерге түсініктеме берді.Облыс әкімі тұрғындардың мәселелерін шешу үшін жауаптылардың алдына нақты міндеттер қойды.Еске сала кетейік, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903279
Жамбыл облысында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 15.12.2024
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Ойық ауылында 400 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.Спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Ғимаратта спорттың 4 түрімен (бокс, күрес, волейбол, футбол) шұғылданып, бос уақытты тиімді өткізуге болады. Ауыл балалары мен жастарына бағыт-бағдар беру үшін тәжірибелі 4 жаттықтырушы қарастырылған.- Талас - ақындар мен батырлардың өлкесі. Ел намысын еселеп жүрген спортшыларда осы қасиетті топырақтан түлеп ұшқан. Жаңа спорт кешенінен де болашақ чемпиондар шығатынына сеніміміз зор! – деген аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков балаларға сыйлықтар табыстады.Айта кетейік, облыста 15 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін бес спорт кешені мен 103 спорт алаңшасы ашылды. Жыл соңына дейін тағы 5 спорт нысаны қолданысқа беріледі деп күтілуде.Бюджеттен тыс 880 млн. теңгеге 4 спорт нысаны бой көтерді, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 2 модульдік спорт залын ашу жоспарда бар.Биыл халықты спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі 68,3 пайызды (2023 ж. – 64,9%), денешынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 41,2 пайызды (2023 ж. - 40,2%) құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903284
Жамбыл облысындағы Тұрымқұл ауылы сапалы ауыз сумен қамтылды 15.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Талас ауданы Тұрымқұл ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды.Салатанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл халқы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Жалпы биыл ауданда 7 ауылдық елді мекенге ауыз су желісін тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін 5 елді мекенге ауыз су кезең-кезеңімен беріледі. Қалған екі жоба келесі жылға өтпелі, – деді аудан әкімі.Тұрымқұл ауылында 230-ға жуық халық тұрады.- Мерекеге орай таза ауыз суға қол жеткізіп, мерейіміз тасып отыр. Бұған дейін құдықтан су тартып, әбігерге түсетінбіз. Таза ауыз су – ұлт саулығының кепілі! Барша ауылдастарымды ортақ қуанышпен құттықтаймын! – деген ауыл қариясы Тұрсан Бастаубаев көпшілікке ақ батасын берді.Айта кетейік, биыл Жамбыл облысындағы 37 ауылдық елді мекенге (АЕМ) тіршілік нәрі тартылады. Оның ішінде 22 АЕМ-ге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, 15 АЕМ-ге кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызға (2023 ж. - 94,9%) жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/903350
Көкпекті ауданында 28 тұрғын үйдің кілті табысталды 15.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Үлкенбөкен және Үлгілімалшы ауылдарында жаңа үйлердің кілттері салтанатты түрде табысталды. Үлкенбөкен ауылында 20, Үлгілімалшы ауылында 8 тұрғын үй берілді. Ауданы 85 шаршы метрді құрайтын пәтерлер заманауи талаптарға сай салынған. Отбасылар үшін барлық жағдай жасалған.Бұл көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарды қолдауға бағытталған. Жергілікті билік бұл баспаналар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мен тұрғын үй мәселесін шешу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Ана ретінде көп балалы отбасымыздың нағыз жайлы ұясы болатын үйді армандайтынмын. Жаңа үй алу - үлкен қуаныш. Қазір балаларымның әрқайсысының ойынға, оқуға және демалуға арналған өз алаңы бар», – дейді Динара Кәрімова.Айта кетерлігі, Көкпекті ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында және меморандумдық келісіммен кезекте тұрғандар үшін 50 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903301
Ақсуат ауданында пәтер кілттері табыс етілді 15.12.2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсуат ауданының орталығында 14 жаңа пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ, Құмкөл ауылында 4 пәтер, Көкжыра ауылында 6 пәтерге жаңа тұрғындар қоныстанды. 2024 жылы ауданда екі пәтерлі 52 үйді аяқтау жоспарлануда. Бұл 104 отбасы өз баспанасына ие болады деген сөз.Тұрғын үй мәселесін шешуде жергілікті кәсіпкерлермен ынтымақтастықтың рөлі ерекше. Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақсуат ауылында ауданы 85 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 7 тұрғын үй салынды. Оның ішінде 4 үйді мердігер Ералы Социалов, 3 үйді Қайырлы Қасенов салған. Осылайша, жуырда 14 отбасы қоныс тойын тойламақ. Сонымен қатар, Екпін ауылында 8 отбасының жаңа баспанасына айналатын екі пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек 28 үйдің құрылысы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.Қоныстанушыларға кілт табыстаған аудан әкімі Ерсін Ескендіров азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екеніне тоқталды.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтуға көңіл бөліп отырмыз. Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының арқасында тұрғын үй мәселесін шешуде қосымша ресурстар тауып жатырмыз. Барша тұрғындарды осы қуанышты оқиғамен құттықтап, амандық пен бақыт тілеймін», - деді Ерсін Ескендіров.Биыл ауданда екі пәтерлі 52 тұрғын үй салынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903303
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді 15.12.2024
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Семей қаласына келіп, облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесуде министр өңір экономикасындағы оң серпінді атап өтіп, өнеркәсіп өнімі экспортының өткен жылмен салыстырғанда 46% - ға өскенін атап өтті.Сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Биыл қалалық 8 жобаны жүзеге асыруға 2,3 млрд теңге, ал ауылдық жерлердегі 16 жобаға – 3,8 млрд теңге бөлінді.Министр сондай-ақ өнеркәсіпті білікті кадрлармен қамтамасыз ету жайында да айтты. Ағымдағы жылы машина жасау, металлургия, химия өндірісі және құрылыс индустриясы сияқты салалар үшін 13 кәсіби стандарт әзірленді. Алдағы екі жылда тағы 141 стандартты әзірлеу жоспарлануда.Жұмыс сапары барысында министр бірқатар өнеркәсіп және құрылыс нысандарын аралады. Қарағайлы шағын ауданында силикат кірпіштен салынған 9 қабатты тұрғын үйлерді көрді. Биыл облыста 404,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 3,8 мың отбасын тұрғын үймен қамтуға мүмкіндік береді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға 12,5 млрд теңге қарастырылған.Бұдан әрі Қанат Шарлапаев Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС, «ЭЙКОС» ЖШС, «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС, «Семей тігін фабрикасы» ЖШС, сондай-ақ «Қазполиграф» ЖШС және «Семей машина жасау зауыты» АҚ-да болды.Облыс аграрлық аймақ саналғанымен өнеркәсіптік әлеует жоғары. Өңірде өнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Осы жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,6 трлн теңгені құрады. Тек тау-кен өнеркәсібі 1,1 трлн теңге көлемінде қамтамасыз етіп, өсім өткен кезеңмен салыстырғанда 1,4% құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903317
Мемлекет пен қоғамның күшін біріктіріп 15.12.2024
Экономиканы дамытып, азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартумен қатар біздің мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Бұл әлеуметтік кесел адамдардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына зиян келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп төндіріп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейді. Сондықтан, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті көріністерінде мемлекеттің одан әрі дамуының басымдығы деп санайды.Бүгінгі таңда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты отандық және шет елдердің озық тәжірибесін ескере отырып, әрі қоғамның сұранысына орай үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл жұмысқа жаңа дәйекті және кешенді көзқараспен келу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басты стратегиялық құжатта – «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында» анық көрсетілген.Осы тұжырымдаманы іске асыру үшін облысымыздың мемлекеттік органдары сыбайлас жемқорлықтың жүйелі алғы шарттарын жойып, қоғамдық сананы түбегейлі өзгерту үшін түрлі шаралар қабылдай отырып, алдын ала жұмыс істейді. Мұның бәрі мемлекеттік аппараттың алдында тұрған басты міндет –азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруі тиіс.Тоқсан сайын менің төрағалығыммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстары өткізіледі. Мысалы, өткен жылдың қазан айында комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Асхат Жұмағалимен бірлесіп білім беру мекемелерінде бірыңғай цифрлық есепке алу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен шешім қабылданды. Пилоттық жобаның басты міндеті – бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау.Өңірдің аграрлық аймақ екенін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу саласында АӨК қаражатын мақсатты пайдалану үшін әлеуметтік маңызы бар «Цифрлық теңге» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл «Ауыл Аманаты» ауыл тұрғындарына кредит беру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне бөлінетін ақшаны бояумен байланысты. «Ақшаны бояу» қарыз қаражатын мақсатсыз пайдалануды есепке алмағанда, жеке нөмірлері ақпараттық жүйеде тіркелетін жануарларды нақты сатып алуды қамтамасыз етеді.Екінші жоба – ауыл шаруашылығы министрлігінен кәсіпкерлерге бөлінетін инвестициялық субсидиялар қаражатын қадағалауға бағытталған. Цифрлық теңге лизинг нысанасының нақты құнына сәйкес субсидияларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етеді, қаржы ұйымдарының шоттарында болған кезеңде ақшаны жұмсау тәуекелдерін жояды.«Цифрлық теңге» пилоттық жобасының іске асырылуы ағымдағы жылдың соңына дейін жопарланған.Облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген, оның ішінде жер заңнамасы, Мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы проблемаларына байланысты өзекті мәселелер үнемі қаралады. Отырыстардың қорытындысы бойынша оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсетілген 45 ұсыным әзірленді.Биылғы жылы қарастырылған мәселелердің қатарында – білім беру, спорт, денсаулық сақтау, жол құрылысы және жөндеу, ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау, азық-түлік бағасын тұрақтандыру сияқты салалардың проблемалары бар. Су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу, «сақалды құрылыстарды» сүйемелдеу, бизнесті қорғау, мемлекеттік сатып алу және бюджет қаражатын жұмсау, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мәселелері де талқыланды.Қазір жобалық тәсіл аясында облыстық басқармалар мен облыстың аудан, қала әкімдіктері №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» негізгі бағытын жүзеге асыруда. Бұл жұмысқа 90-нан астам мемлекеттік қызметші жұмылдырылған. Бағыт бірнеше жобалар блогын қамтиды, олардың бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау болып табылады. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары 257-ге жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дербес анықтап отыр. Бұл көрсеткіш жобалық менеджментті енгізу арқылы мемлекеттік органдардың профилактикалық жұмысты күшейтіп, өз қызметіндегі олқылықтар мен бұзушылықтарды анықтауға, кейіннен жоюға мүдделі екенін көрсетеді. Мысалы, ішкі тәуекелді талдау шеңберінде облыс аудандарының біріндегі әкім аппаратының басшысы тарапынан мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша аталмыш дерек расталып, нәтижесінде лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Мемлекеттік басқарудың түрлі салаларына қатысты ішкі талдаулар барысында анықталған кемшіліктер бойынша берілген ұсыныстардың орындалуы облыс әкімдігінің бақылауында. Жалпы, базалық бағыт бойынша облыс жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгендігін атап өткім келеді. Жобалық тәсілдің нәтижесінде басшылардың жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды оңтайландыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру мүмкін болып отыр. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мен нығайтуға әдеп жөніндегі уәкілдер институты үлкен үлес қосып, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға бағытталған 345 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл мәселелерінде тек мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар, қоғамның барлық секторларының арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл маңызды рөл атқарады.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Әділ Қазақстанды құру үшін тек саяси және экономикалық реформалар жеткіліксіз. Біріншіден, біз азаматтардың қоғамдық санасы мен ұмтылысын өзгертуіміз керек, онсыз барлық басқа күш-жігер пайдасыз болады», – деп атап өткен болатын. Өңірімізде өткен жылдың тамыз айынан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасы жүзеге асырылып, оған сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын 120-дан астам ақмолалық қатысуда. Осы орайда, облыстың азаматтары мен ұйымдары әлеуметтік нысандарды қадағалап, мемлекеттік сатып алуларды зерттеп, тегін заңгерлік көмек көрсетіп, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруға атсалысуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің белсенді азаматтық ұстанымы өз жемісін беруде – мемлекеттік органдар анықталған сын-ескертпелерге ден қойып, оларды жойып, кінәлілерді жауапкершілікке тартуда, халық білікті заң көмегін алуда, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысушы азаматтардың саны артып келеді. Облыстың барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар арқылы да жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, биылғы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта байқаулар өткізіліп, бейнероликтер әзірленді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру мақсатында ақпараттық баспа материалдары таратылды. Өңірде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені, өмірлік ұстанымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оған жол бермейтін өскелең ұрпақты тәрбиелеу, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда іргелі рөл атқарады.Осы ретте, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың тікелей қатысуынсыз облыста жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардан тиісті нәтиже болмайтынын тағы бір атап өткім келеді. Алда мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен жүзеге асырылуы тиіс орасан жұмыс күтіп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902397
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 15.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды.Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды.Басым бағыттардың бірі – оң нәтижелерге қол жеткізіліп отырған машина жасау саласы. Әрі қарай өсу үшін қазіргі қарқынды сақтау және өндірісті оқшаулау деңгейін дәйекті түрде арттыру маңызды. Ұзақмерзімді перспективада автомобиль өнеркәсібін мемлекеттік қолдау толыққанды кластер құруға алып келуі тиіс.Тағы бір маңызды міндет – мұнай-газ химиясы саласын одан әрі дамыту. Қазіргі уақытта полипропилен мен полиэтилен өндіретін ірі жобалар жүзеге асырылып келеді. Бутадиен, карбамид және терефтал қышқылын өндіруге арналған болашағы зор жаңа жобалар әзірленуде. Аталған бастамалардың барлығы аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталуы маңызды.Жоспарланған жобаларды іске асыру 25 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды. Барлық жоба тұрақты экономикалық өсудің маңызды қадамы болатын жоғары өнімді және инновациялық өндірістерді дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ экспорт пен импортты алмастыруға бағытталған.2024 жылы құны 1,3 трлн теңгеге жуық 180 инвестициялық жобаны енгізу жоспарланған, оның 164-і өңдеу секторына тиесілі. Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберіндегі нысандар саны бойынша бүгінде Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыстары, инвестиция көлемі бойынша Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.Өңдеу өнеркәсібі: негізгі көрсеткіштерСтатистикалық мәліметтерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібі көлемі жағынан 48%-дық көрсеткішпен 45% деңгейіндегі шикізат секторынан асып түсті. Ондағы негізгі өсім бірден бірнеше секторда байқалады:Машина жасау: 6,9% өсім, бұған компьютерлік жабдықтар, электр аспаптары, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасы өндірісінің ұлғаюы ықпал етті.Қара металлургия: өсім 10,8%-ды құрады. Бұл ферроқорытпа, болат, шойын және жалпақ прокат өндірісі көбеюінің нәтижесі.Түсті металлургия: мыс, мырыш, қорғасын және алюминий өндірісінің өсуіне байланысты өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті.Химия өнеркәсібі: 8,4% өсім тіркелді, полипропилен және натрий бихроматы өндірісінің ұлғаюы айтарлықтай үлес қосты.Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің жиынтық көрсеткіші 5%-ға жуық оң динамика көрсетті. Осылайша, Мемлекет басшысының экономиканың өңдеуші секторын дамыту арқылы еліміздің өнеркәсіптік негізін нығайту жөніндегі тапсырмалары дәйекті жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар оның одан әрі өсуі мақсатында саланы тиісті бағамен, қажетті шикізатпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Бұл алюминий мен мыс өңдеуді бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Бұл кабель, алюминий сым және басқа да өндірістің өсуіне де әсер етті.Шикізат экспортын азайту үшін өңдеу өнеркәсібінде ірі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Мәселен, темір рудасы бойынша Қостанай облысында («ССКӨБ» АҚ) және Павлодар облысындағы металлургиялық кластер («Mineral Product International» ЖШС, ферроқорытпа, ыстық брикеттелген темір және болат өнімдері) ыстық брикеттелген темір өндіру жоспарланып отыр. Мыс кені бойынша Абай облысында мыс балқыту зауытын салу ( «KAZ Minerals Smelting» ЖШС ҚАЗ Минералс Смэлтинг/NFC), сондай-ақ Қазақмыс кәсіпорындары (Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттары) базасында Айдарлы және Көксай кен орындарынан шикізатты қайта өңдеу жоспарланған.Геология саласын дамыту перспективаларыҚазақстан перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестиция тарту бойынша шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтіп келеді. Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасы қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орнын қамтиды және оларды барлау динамикасы оң күйінде қалып отыр. 2024 жылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды:алтын – қоры 107,5 тонна, ресурстары 337,04 тонна,күміс – қоры 1904,5 тонна, ресурстары 172087,2 тонна,мыс – қоры 4916,7 мың тонна, ресурстары 7796,9 мың тонна,мырыш – қоры 2549,6 мың тонна, ресурстары 338,9 мың тонна,темір кендері – қоры 128 млн тонна, ресурстары 162 млн тонна,қорғасын – қоры 1319,5 мың тонна, ресурстары 64,1 мың тонна,вольфрам – қоры 409,9 мың тонна, ресурстары 743 мың тонна,хром – ресурстары 464,1 мың тонна,молибден – қоры 14 т, ресурстары 39 тонна,марганец – қоры 794 мың тонна, ресурстары 1137,3 мың тонна.Сондай ақ биыл алғаш рет мемлекеттік есепке көмірсутек шикізатының 6 кен орны қойылды:газ – 1776,5 млн м3.Мемлекет басшысының 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың соңына қарай Қазақстан аумағын 2,2 млн шаршы шақырымға дейін геологиялық-геофизикалық зерттеумен қамтуға қол жеткізуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. 3 жыл ішінде қаржыландырудың жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асады.Сонымен қатар аудандарды геологиялық жете зерттеу, геологиялық-минерагендік картаға түсіру және терең геологиялық картаға түсіру жұмыстарының нәтижелер де бар. Аталған жұмыстар нәтижелеріне сәйкес, бағалы, түсті және қара металдар бойынша болжамды ресурстары бар перспективалы 60 учаске анықталды. Бұл учаскелерді барлауға арналған лицензия шеңберінде одан әрі зерделеу үшін жер қойнауын пайдалануға беру жоспарланып отыр.Сирек жер металдары саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасуда.Бүгінгі күні қорлары шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесінің перспективалылығы туралы деректер бар, ал сирек кездесетін металдардың, оның ішінде церий мен лантанидтердің 935,4 мың тонна мөлшеріндегі болжамды ресурстары бар.Сонымен қатар салаға инвестиция тарту және сирек кездесетін металдар әлеуетін арттыру мақсатында осмий мен ренийді қоспағанда, сирек кездесетін металдар баланстық қорлары туралы деректерді құпиясыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Қазақстанда көмірсутектердің жаңа кен орындарын ашу үшін айтарлықтай перспективалар бар.Қазіргі уақытта геологтар шамамен 76 млрд тонна болжамды шартты отын ресурстары бар 15 шөгінді бассейн бөледі. Бүгінгі таңда мұнай-газ өндірудің барлық көлемі игерілген 5 бассейнге тиесілі. Олардың ішіндегі ең ірісі – Каспий маңы, ол елдің ресурстық базасының шамамен 80%-ын құрайды.Сонымен қатар қосымша аз зерттелген 5 шөгінді бассейннің айтарлықтай келешегі бар. Бұлар Солтүстік Торғай, Арал, Сырдария, Шу-Сарысу және Ертіс маңы шөгінді бассейндері. Бұл бассейндердің іске асырылмаған көмірсутек әлеуеті әлі де айтарлықтай.Ағымдағы жылы геологиялық-геофизикалық әдістер кешенін, оның ішінде Арал аз зерттелген бассейні шегінде Шығыс және Батыс учаскелерінде 2Д сейсмикалық барлауды қолдана отырып, өңірлік зерттеулер аяқталуда, оның зерттеу алаңы 56 мың шаршы км.жұмыс нәтижелері бойынша "Батыс" учаскесінің болжамды ресурстары 0,8 млрд тоннаға бағаланады, алынатын қорлар 0,3 млрд тоннаға бағаланады. Болашақта осы учаскелерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерттеу үшін іздеу жұмыстарын қою жоспарланып отыр.Нәтижелер геологиялық барлау жұмыстарының жоғары деңгейін және Қазақстанның минералды-шикізат базасын дамытуға елеулі үлесін көрсетеді. Бұл саланың бәсекеге қабілеттілігін және оның одан әрі өсуге дайындығын көрсетеді.Отандық өндірісті қолдауЭкономика құрылымын өзгерту аясындағы негізгі міндеттердің бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау. Осы мақсатта Үкімет отандық өндіріс тауарларын тұтынуды ынталандыруға бағытталған экономикалық патриотизм қағидатын енгізді. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен сатып алынатын отандық өндірістің 4 543 тауарына алып қою белгіленді. Мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық өнімдер тізбесінің кеңеюі отандық кәсіпорындармен жасалған келісімшарттар санының 1,4 есеге артуына, ал олардың жалпы сомасының 40%-ға өсуіне алып келді. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобы, сондай-ақ басқа да ірі жер қойнауын пайдаланушы субъектілер отандық өндірушілермен жасалған ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар сомасы 622,3 млрд теңгеден 765 млрд теңгеге дейін ұлғайды.Мұнай-газ саласында барлық сатып алудың негізгі көлемі (65%) үш ірі операторға (Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, NCOC) тиесілі. Осыған байланысты, олардың барлық сатып алуларының 75%-ын құрайтын 16 тауар тобы бойынша елішілік құндылықты дамытудың ұзақмерзімді бағдарламаларын қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет қаражаты есебінен нысандарды салу кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтары барынша қолданылады.Мемлекеттік қолдау шаралары жаңа бірыңғай тізілімге енгізілген тексерілген отандық тауар өндірушілерге ғана көрсетіледі.Іскерлік белсенділікті арттыру және бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау жұмысы шеңберінде Үкімет «таза парақтан» қағидатын енгізді. Бұл шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне қойылатын 10 мыңнан астам талаптарды жоюға мүмкіндік берді. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 37%-ға дейін өсті. Тұрғын үй құрылысыТұрғын үй құрылысы – азаматтардың өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды аспект. Осыған орай елімізде бағдарлама қабылданды, оның шеңберінде 7 жыл ішінде 111 млн м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осылайша, 1 млн-ға жуық отбасы баспаналы болды.Сонымен қатар 2024 жылы даму жоспары түзетілді, нәтижесінде 15,5 млн м2 тұрғын үйдің орнына 18 млн м2 баспана тапсырылады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың мамыр айында «Отбасы Банкі» «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Оның аясында 188,3 млрд теңгеден астам сомаға 7217 мың несие берілді.Жыл басынан бері цифрландыру және қала құрылысы сараптамасын енгізу арқылы нақты заңсыз құрылысты іске асыру мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл шара Мемлекет басшысы бірнеше рет белгілеген нақты құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Кешенді шаралар саябақтар мен әлеуметтік нысандарға арналған аумақтарда көппәтерлі үйлер салу мүмкіндігін жояды, бұл экологиялық тепе-теңдікті сақтауға және қалалық инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді.#Геология #Машина жасау #Өнеркәсіп #Өңдеу өнеркәсібі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902405
Балабақша, мектеп, колледждер: осы жыл немен есте қалады? 15.12.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімді ұрпақ қалыптастыруда берген тапсырмасы абыроймен атқарылуда.Президенттің бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылуда. Осы жоба аясында биыл 12 200 орындық 9 білім нысаны салыну жоспарланған, барлық заманауи талаптарға сай салынған оның 6-ы іске қосылды. Қалған үшеуі аяқталуға жақын. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығын шешуге ғана емес, сонымен қатар қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Сонымен қатар биыл облыстық бюджеттен 1200 орындық мектеп ашылды.Жыл басынан бері 1527 орындық 13 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Оның ішінде 2 балабақша салынды, оның біреуі дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған өңірдегі алғашқы арнайы «Аяла» балабақшасы.2024 жылы 28 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Бүгінгі таңда облыста 1500 балаға арналған 84 кабинет жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 2 кабинет ашылады.Оқушылардың білім сапасы өте маңызды. Өткен оқу жылында жас ақмолалықтар республикалық олимпиадаларда 130-дан астам түрлі медаль жеңіп алды.Біздің оқушылар ғылыми-техникалық шығармашылыққа да белсенді қызығушылық танытады. Мәселен, ақмолалықтар Түркиядағы Халықаралық кезеңде ел намысын қорғап, жыл соңында Римдегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.Республикалық және халықаралық кәсіби конкурстарда жоғары нәтиже көрсетіп жүрген ұстаздарымыз да аз емес. Әлияш Ахетова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағына ие болды. Өңіріміздің 3 мұғалімі республикада «Үздік педагог» атанды: Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Данагүл Ілияс, Таиндык Жоламанова және Көкшетаудағы «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Жумадулла Абдулхаков.Қазан айының басында Державинск қаласы мектебінің педагог-психологы Аслан Манатов Ереван қаласында өткен үшінші Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінде үшінші орын иегері атанды.Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесі «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Балалар мен жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеу, олардың дене қабілеттерін дамыту мақсатын алға қойып Ж. Мусин ат. жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің командасы маусым айында «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынында 1-орынды иеленді.Биылғы жылы жоғары техникалық колледжде электромобильдер мен гибридті автомобильдерді диагностикалау және оларға қызмет көрсету бойынша еліміздегі алғашқы тренинг – орталықтың ашылуы жобасы іске асырылды.Және студенттерге арналған әрқайсысы 300 орындық 2 жатақхана ашылды.«WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында колледж студенттерінің Ақмола командасы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды.Бұл биылғы жылғы жетістіктер. Жақын арада білім беру жүйесін дамыту бойынша жұмыс жалғасады, біз жаңа шыңдарды бағындыруға дайынбыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902419
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты 15.12.2024
Бүгін елордадан еліміздің ең танымал курортты аймақтарының бірі – Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты.Жаңа пойыздың вагондарына елорданың бірегей көрнекі жерлері, атап айтқанда, Бәйтерек, Қазақ елі монументі, Нұр-Әлем және басқа да нысандары бейнеленген. Сондай-ақ вагондарда Visit Astana және Visit Aqmola өңірлерінің туристік брендтері орналастырылған. Вагондардың ішкі безендірілуінен Астана қаласының мәдени ерекшеліктерін және Бурабай курортты аймағының табиғи сұлулығын көруге болады. Пойыздың тағы бір ерекшелігі – эксклюзивті аудио тур. Сапар барысында жолаушылар Астана мен Бурабайдың тарихы, мәдениеті мен табиғи байлығы туралы қызықты деректермен таныса алады.«Жаңа туристік пойызды іске қосу – ішкі туризмді дамыту және Қазақстан бойынша саяхаттауға жаңа мүмкіндіктер ашу жолындағы маңызды қадам. Бұл жоба ел тұрғындары мен қонақтары үшін ең әдемі курортты аймаққа еркін жетуге мүмкіндік береді», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.Пойыз Нұрлы Жол (Астана) станциясы мен Бурабай курорты арасында тоқтаусыз жүреді. Жол жүру уақыты – 2 сағат 26 минут.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/902905
Аманғали Бердалин Алматы облысына іссапармен барды 15.12.2024
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Кеген Мяспром» ет комбинатына барды.Ет комбинатында іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталуда. Толық қуаттылыққа шыққан кезде кәсіпорын жылына 3000 тонна ірі және ұсақ қара мал мен жылқы етін өңдеуге, 331,5 тонна шұжық пен 66 тонна ет консервісін өндіруге қабілетті болады. Бұл өндіріс көлемі жергілікті нарық сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді Қазақстанның басқа аймақтарына экспорттауға мүмкіндік береді.Содан кейін вице-министр «КазМясо» ЖШС-нің жұмысымен танысты.Кәсіпорын ірі қара мал өсірумен және ет консервілеумен айналысады.Шаруашылықта ангус тұқымды 3000 бас ірі қара бар. Өндірістің толық циклі жолға қойылған: өз жем-шөп базасынан бастап дайын өнімнің қаптама желілеріне дейін – мәрмәр сиыр етін салқындату түрінде. Компания ірі қараны өсіру, бордақылау және сою бойынша австралиялық технологияны қолданады, сондай-ақ шетелдік кеңесшілерді тартады.Вице-министр кәсіпорын инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар тапсырма берді. «КазМясо» басшылығы жұмыс жоспарларымен бөлісті.Сонымен қатар Аманғали Бердалин «Ospanova development» ЖШС-нің балық шаруашылығы кешенін іске асыру барысымен танысты.2023 жылдың қазан айында үш бассейнге 25,0 мың дана форель және баррамунди шабағын сынақ ретінде жіберу жұмыстары жүргізілді. Алғашқы шабақ партиясы алынған. Биыл мұнда 1000 тонна баррамунди мен форель өсіру жоспарланып отыр, ал 2031 жылға қарай питомниктердің кезең-кезеңімен құрылысы арқылы балық көлемін 10 000 тоннаға дейін арттыру көзделуде.Қазіргі уақытта объектіде УЗВ өндірістік жүйесінің және әкімшілік-шаруашылық корпусының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу үстінде.Вице-министр құрылыс барысын бағалап, компания құрылтайшыларымен әңгімелесті және Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту мәселелерін түсіндірді. Әр объектіде кеңестер өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/903336
«ҮЗДІК АКУШЕР» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АЙГЕРІМ ЕНСЕПБАЕВА БОЛДЫ 15.12.2024
Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады.«Үздік акушер» номинациясында Енсепбаева Айгерім Қуантқанқызы жеңімпаз атанғанын мақтанышпен хабарлаймыз.Айгерім Қуантқанқызы 15 жылдан бері Қызылорда қаласының Облыстық перинаталдық орталығында перзентхана блогының бірінші санатты акушері болып жұмыс істейді. Оның қамқор қолдары арқылы мыңдаған сәбилер дүниеге келді.Акушер - бұл жаңа өмірдің қуанышын сыйлайтын және қиын сәтте әйелге осындай маңызды қолдау көрсететін ең маңызды маман. Босанудың сәтті нәтижесі, ана мен баланың өмірінің қауіпсіздігі акушердің біліктілігі мен сезімталдығына байланысты.Біздің дәрігер өзінің біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады, сондай-ақ жас мамандармен білімдерін белсенді түрде бөліседі. Ол өз әріптестеріне босандыруды қадағалап-қарауды және еркін түрде қабылдауды, қиын жағдайларда шұғыл көмек көрсетуді үйретеді.Айгерім Енсепбаева «Ана болу қауіпсіздігі», «Тиімді перинаталдық технологиялар» және «Омырау сүтімен қоректендіру практикасын қорғау, қолдау және көтермелеу» бағдарламаларын іске асыруға, сондай-ақ Орталыққа «Балаға достық қарым-қатынас ауруханасы» атағын қайта беруге үлкен үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/903325
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛДАРЫНДА БІРДЕН 15 ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ 15.12.2024
Қостанай облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында ауыл тұрғындары үшін бірден 15 жаңа медициналық нысан ашылды.Олардың бірі Қостанай ауданы Московское ауылында орналасқан - бұл ең заманауи стандарттар бойынша жабдықталған дәрігерлік амбулатория, онда пациенттер үшін де, медицина қызметкерлері үшін де қолайлы жағдайлар жасалған.Жаңа медициналық орталық келесі медициналық қызметтерді көрсетуге дайын:- үшінші кезеңдегі оңалту кабинеті;- ультрадыбыстық диагностика кабинеті;- зертханалық зерттеулер кабинеті;- облыстық білім беру кабинеті: АҚТМ, холтер, ЭКГ;- емдеу кабинеті;- вакцинациялау және медициналық қарап-тексерулерге арналған; кабинеттер.Амбулатория 2000-нан астам ауыл тұрғындарына сапалы медициналық алғашқы көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Енді ауыл тұрғындарына ультрадыбыстық зерттеу, скринингтер, сынақтар, вакцинация алу, ерте диагноз қою және ең көп таралған ауруларды емдеу үшін ауданнан тыс жерлерге барудың қажеті жоқ.Биыл өңірге жүзден астам дәрігер тартылды, сондай-ақ ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандар үшін көтерме жәрдемақылар ұлғайтылды.Қостанай облысында ауылдық денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде белсенді құрылыс және медициналық инфрақұрылымды жаңарту жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/903354
Инженерияның болашағы: ШҚТУ-да «Лу Бань шеберханасы» жобасының бірінші жылы 14.12.2024
Инженерияның болашағы: ШҚТУ-да «Лу Бань шеберханасы» жобасының бірінші жылыД. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Тяньцзинь кәсіптік институтымен (ҚХР) серіктестікте іске қосылған бірегей халықаралық «Лу Бань Шеберханасы» жобасының алғашқы жылы аяқталды.Қысқа уақыт ішінде жоба елдегі инженерлік-техникалық білім беруді дамыту үшін негізгі трамплиндердің біріне айналып, әсерлі нәтижелерге қол жеткізді.«Лу Бань Шеберханасы» жобасын жүзеге асыру 2023 жылы білім және технологиялар саласындағы Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық ынтымақтастығының бір бөлігі ретінде басталды. Жоба инженерия, смарт-технологиялар және көлік саласы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау алаңын құруды көздеді.Бірінші кезең аясында университеттің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды: әлемдік деңгейдегі технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заманауи қытайлық жабдықтар орнатылып, ШҚТУ оқытушылары Тяньцзинь кәсіптік институтының базасында біліктілігін арттырды.Жобаның бірінші жылында инженерия және көлік саласымен байланысты білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің саны екі есе артты. Сонымен қатар, университеттің білім беру бағдарламалары жаңа инновациялық бағдарламамен толықты, ал қолданыстағы бағдарламалар озық технологиялар мен тұрақты дамуға баса назар аудара отырып жаңғыртылды.Шеберхананың сәтті жүзеге асуы жаңа серіктестерді – Allur, QazTehna және Astana Motors сияқты ірі автомобиль зауыттарын тартуға ықпал етті. Олардың қолдауымен студенттерге тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу, сондай-ақ нақты өндірістік жобаларға қатысу мүмкіндігі ашылды.ШҚТУ-да «Лу Бань Шеберханасы: нәтижелер, міндеттер, перспективалар» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде шеберхананың алғашқы жылына арналған қорытындылар жасалып, болашақ жоспарлар талқыланды. Алдағы уақытта білім беру бағдарламаларын кеңейту және серіктестермен, соның ішінде халықаралық деңгейде ынтымақтастықты тереңдету жоспарланып отыр. Ерекше назар ғылыми зерттеулерді дамытуға және автомобиль зауыттары мен технологиялық компаниялармен бірлескен жобаларға аударылатын болады.Жобаны жүзеге асыру инженерлік-техникалық білім беруді және өңір мен елдің экономикалық өркендеуін дамытуға айтарлықтай үлес қосуда. Шеберхана жаңа буын инженерлерін, кез келген өзгерістерге дайын жоғары білікті мамандарды даярлау үшін тиімді платформа ретінде өзін танытты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/902372
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: МИНИСТР ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ПӘТЕР СЕРТИФИКАТТАРЫН ТАБЫС ЕТТІ 14.12.2024
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: МИНИСТР ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ПӘТЕР СЕРТИФИКАТТАРЫН ТАБЫС ЕТТІБүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жас ғалымдарға 10 пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады.Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда Ғылым ордасында жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қолдау көрсету, сондай-ақ ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру үшін Республикалық комиссия Алматы қаласында баспана беру үшін мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарының кезекті тізімін айқындады.Министр Саясат Нұрбек жас ғалымдармен кездесу барысында ғылым мен инновацияны дамыту – ел дамуының экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі екенін айта отырып, Мемлекет басшысының қолдауымен ғылым саласында айтарлықтай өзгерістер болғанына тоқталды.«Мемлекет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қол қойды. Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың нәтижесінде 1500 жоба іске асырылуда. Жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 қазақстандық ғалым тағылымдамадан өтуде. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Ғылыми кадрларды әлеуметтік қолдау тек бар мамандарды қолдап қана қоймай, ғылыми-техникалық прогреске үлес қосуға дайын жас ғалымдардың жаңа буынын тартуға мүмкіндік береді. Жас ғалымдардың көбеюі өз кезегінде ғылымды дамытуға, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға және жаңа экономикалық кластерлер құруға ықпал етеді», - деді Саясат Нұрбек.Кездесу барысында жас ғалымдардың атынан сөз сөйлеген Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығының материалтану зертханасының меңгерушісі Лаура Мұстафа елімізде жас ғалымдарға көрсетіліп жатқан қолдау жайлы, ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыруда жас мамандарға арналған бағдарламалар мен мүмкіндіктердің кеңейтіліп жатқандығын атап өтіп, алғысын білдірді.Бүгін көптен күткен жаңа пәтер сертификатын алғандар қатарында ғалымдар отбасысы да болды. Жас ғалымдар Айдар Молдажанов пен Ақмарал Құлмахамбетова – философия докторлары, PhD. «Біздің қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу қиын. Жас ғалымдарға осындай беріліп жатқан мүмкіндік үшін алғыс білдіреміз! Енді ғалымдар өз пәтерлерінде тұрып, тұрғын үй мәселесін шешуге алаңдамай, ғылымға көбірек уақыт бөле алады», - деп бөлісті олар.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың (40 жасқа дейін қоса алғанда) тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік органдарға ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан 300-ге жуық өтінім келіп түсті.Кездесу соңында, министр жас ғалымдарды қолдау мақсатында ведомство бұл жұмысты кезең-кезеңімен жүзеге асыратынын, осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.Атап өтейік, Мемлекет басшысы 2024 жылғы 31 мамырда Алматы қаласының 10 жас ғалымына тұрғын үй сертификаттары табыстады. Сонымен қатар 2023 жылғы 19 қазанда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта аталған бағдарлама бойынша 290 жас ғалым жеңілдікпен баспана алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/903168
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары 14.12.2024
2024 жылы Қазақстан ТЖМ қызметкерлері өздерінің жоғары кәсіби дайындығы мен адалдығын тағы бір мәрте растады. Еліміздің әртүрлі өңірлерінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға белсенді қатысқан және айрықша батылдық пен жанқиярлық танытқан құтқарушылар беделді наградаларға ие болды. Шығыс Қазақстан облысында ТЖД Шемонаиха қаласының №28 ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Думан Кенжебеков «Жыл батыры» номинациясын жеңіп алды. Ол көптеген құтқару жұмыстарына қатысты. 1 қазанда Усть-Таловка ауылында көпқабатты үйдің үшінші қабатында өрт шықты. Думан қарауылмен бірлесіп 10 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Абай облысында азаматтық қорғау капитаны Ерасыл Қадырбеков «Жылдың жас батыры» номинациясы бойынша «Жыл таңдауы–2024» сыйлығының лауреаты атанды. Ол өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық науқандарды ұйымдастыруда үлкен жұмыс атқарды. Өз іс-әрекеттерімен Ерасыл халықтың сақтық шаралары мен жауапкершілік туралы хабардарлығын арттырды, бұл әсіресе жоғары тәуекел маусымында маңызды. Жамбыл облысында «TARAZ AWARDS» қала әкімінің жастар сыйлығында Тараз қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Бостанбай Абдуллаев «Төтенше жағдайлар қызметінің үздік жас қызметкері» наградасын алды. Оның еңбегі жоғары кәсіби дайындықпен және қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесімен ерекшеленеді. Маңғыстау облысы да өз батырларын атап өтті. Ақтау қаласының №2 МӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Азамат Садақбаев «Үздік жас құтқарушы» номинациясымен наградталды. Ол қауіпті жағдайға тап болған адамды құтқарған көпқабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде батылдығымен көзге түсті. Ақтау қаласының № 1 МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Жақсыбек Сақтапов ТҚО-дағы өртті жою кезіндегі ерлігі үшін көзге түсіп, әріптестерімен бірге 18 газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алғаны үшін «Үздік жас өрт сөндіруші» номинациясымен наградталды. Мұнайлы ауданының №5 ӨСБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Мүслім Құдайберген авариялық-құтқару жұмыстарына қатысқан кезде батылдық пен кәсібилік танытқаны үшін «Үздік төтенше жағдай қызметі» номинациясына ие болды. Батырлығы мен кәсібилігі лайықты болған ведомствоның үздік жас қызметкерлері дипломдармен және ақшалай сертификаттармен наградталды. Бұл наградалар - олардың жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігін сақтайтын болашақ құтқарушыларды да шабыттандырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/903077
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері 14.12.2024
Төтенше жағдайлар министрлігі ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою жүйесіндегі тиімділікті арттыру үшін цифрлық және инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл бағыттағы маңызды қадам ТЖ-ның алдын алу және оларды жою жөніндегі барлық іс-қимылдарды үйлестірудің негізгі элементіне айналған командалық орталықтың жедел штабының жұмысы үшін жаңартылған ахуалдық залды енгізу болды. Мұнда ықтимал техногендік және табиғи апаттарды болжау, модельдеу және талдау, сондай-ақ олардың салдарын бағалау құралдары бар цифрлық сервистер шоғырланған. ТЖМ цифрлық сервистерінің негізін «ТЖ ГАЖ» геоақпараттық жүйесі құрайды, ол өрт, технологиялық авариялар, метеорологиялық апаттар және мұнайдың төгілуі сияқты түрлі ТЖ мониторингі мен болжауға арналған кіші жүйелерді қамтиды. Сонымен қатар жүйеде өңірлердің цифрлық қауіпсіздік паспорттары және тарихи деректерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және техногендік ТЖ атласын көрсететін интерактивті карталар пайдаланылады. Жүйенің маңызды құрамдас бөлігі сел жағдайын бақылау болып табылады. Ол үшін сел қаупі бар кезеңде Түрген көлдері мен Талғар өзенінің бөгетінде PTZ-камералар, сондай-ақ датчиктер мен автоматтандырылған ҰҰА-ны пайдалана отырып, мұздақ көлдердің мониторингі автоматтандырылған жүйесі пайдаланылады. Өрт қауіпсіздігі саласында «Сергек» камералары, сондай-ақ орман шаруашылықтарындағы өрттерді анықтауға арналған камералар сияқты бейнебақылау жүйелері енгізілді. Қазіргі уақытта «Ертіс Орманы», «Бурабай», «Семей орманы» МОТР, «Медеу» РМК және еліміздің барлық аумағындағы басқа да объектілердің жүйелері іске қосылған. Халықты жедел хабардар ету үшін ТЖМ-де бүкіл еліміздегі сирена-сөйлеу қондырғыларын басқаруға мүмкіндік беретін отандық аппараттық-бағдарламалық кешен белсенді әзірленуде. Пайдаланушының орналасқан жерін анықтауға, төтенше жағдайлар бойынша іс-қимылдар нұсқаулықтар беруге, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мобильді қосымшаны құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жаңғыртудағы маңызды қадам ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, ҚАЖК сияқты басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орман шаруашылықтарымен және «Qarmet» ұйымдарымен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін бірыңғай радио желісін салу болып табылады. Сонымен қатар цифрландыру аясында қауіпсіздік паспорттарын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Қазірдің өзінде «цифрлық қауіпсіздік паспорты» ішкі жүйесі, сондай-ақ «интерактивті карта» енгізілген, бұл деректерді өзектендіру және оларды күнделікті қызметте пайдалану бойынша аумақтық бөлімшелердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Қазіргі уақытта ТЖМ қызметкерлерінің 20 мыңнан астам жеке ісі цифрландырылды, бұл кадр жұмысын одан әрі автоматтандыру үшін негіз болып табылады. Ақпараттық жүйеде есептілікті автоматтандырылған қалыптастыру да жүзеге асырылады, бұл персоналмен жұмыс тиімділігін арттыруға, бюрократияны төмендетуге және кадр қызметіне жүктемені азайтуға ықпал етеді. ТЖМ цифрлық технологияларды интеграциялау бойынша жұмысты жалғастыруда, бұл төтенше жағдайларда іс-қимылдардың жеделдігін, тиімділігі мен дәлдігін едәуір арттыруға, сондай-ақ барлық тартылған құрылымдар мен органдардың өзара іс-қимылын жақсартуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/903154
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты 14.12.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі мен спорт кешенінің ғимараттарын аралап көрді.Жергілікті бюджет есебінен бой көтерген 150 орындық мәдениет үйінде кітапхана, әжелер мен домбырашылар ансамбльдері, би үйірмесі секілді ұжымдар орналасқан.Мемлекет басшысы ауыл кітапханасымен танысты. Сондай-ақ өнерпаз балалармен жүздесіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне тілектестік білдірді.Президент мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар мен суретші Ә.Баяндиннің картинасын тарту етті.Биыл облыстың шалғай ауылдарындағы бес мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, сегіз клуб жаңадан салынған.Сонымен қатар бұқаралық спортты дамыту мақсатында елді мекендерде 15 шағын спорт нысаны ашылды.Соның бірі – Ескелді би ауылындағы спорт кешені. Ауыл тұрғындары мұнда тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы үйірмелеріне, бокс, күрес, волейбол, баскетбол секцияларына қатысады.Президент ауыл балаларымен әңгімелесіп, мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың алаңсыз білім алуына, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалатынын жеткізді.Бұдан кейін Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп директоры Ләззат Испанова оқушылардың жетістіктері туралы айтып, жазушы мұражайымен таныстырды. 1997 жылы құрылған музейге қаламгердің тұтынған заттары, фотосуреттері, құжаттары мен кітаптары қойылған. Президентке жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған зияткерлік ойын және повестерінің желісі бойынша шағын қойылым көрсетілді.Мемлекет басшысына «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры» атқарған жұмыстар жөнінде баяндалды. Биыл Қордың құрылғанына 15 жыл толып отыр.Дереккөз: ҚР Президентінің ресми сайтыМемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/902645
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды 14.12.2024
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Қаратал ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратын аралап көрді. 1983 жылдан бері қолданыстағы нысан биыл күрделі жөндеуден өтіп, қазан айында аталған мекемеге берілген.Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысына Smart-әскери комиссариат жобасы туралы баяндады. Жаңа бастамаға сәйкес азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады.Министрдің айтуынша, жыл сайын 17 жастағы 160 мыңнан аса жасөспірім автоматты түрде әскери есепке тұрғызылады. Сондай-ақ министрлік жұмылдыру ресурстарының ақпараттық жүйесін құрған. Цифрлық трансформация Қазақстандағы 16 мен 60 жас аралығындағы барлық ер азаматты қамтиды. Бұл жұмыс қағаз нұсқада жүргізілген кезде есепте 2,5 миллион азамат болған. Ал цифрлық форматқа көшкеннен кейін олардың саны 6,8 миллионға жеткен.Бұдан бөлек, IT саласы бойынша білімі бар сарбаздар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес Armia.kz ақпараттық қызметін жасап шыққан. Аталған жоба тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында жасанды интеллект арқылы әзірленген. Ата-аналармен кері байланысқа ыңғайлы бұл қызметтің мобильді нұсқасы да бар.Қасым-Жомарт Тоқаев әскерге шақырылған азаматтармен әңгімелесіп, оларға Отан алдындағы борышын өтеуде сәттілік тіледі.– Елге қызмет ету – азаматтық борыш. Бұл – өте маңызды жұмыс, қасиетті парыз. Үлкен әскери мансаптарға жетіп, генерал атаныңыздар. Азаматтық міндетті абыроймен атқарыңыздар. Антқа адал болыңыздар! – деді Мемлекет басшысы.Дереккөз: ҚР Президентінің ресми сайтыПрезидент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/902819
Қазақстанда JCM механизмын іске асыру 14.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі бірлесіп, Қазақстанда Бірлескен кредиттеу механизмі (JCM) бойынша семинар ұйымдастырды.Бұл семинар мемлекеттік қызметшілерге, жергілікті жеке компанияларға және Қазақстандағы жапон филиалдарына климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуға арналған шараларға қатысты мәселелер мен қажеттіліктерді зерделеу мақсатында өткізілді.Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі атынан ашылу сөзін және «2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы және JCM механизмінен күтілетін нәтижелер» тақырыбында баяндама Климаттық саясат департаментінің директоры Сауле Сабиева жасады.Семинарда JCM механизмінің негізгі аспектілері, Жапония үкіметі ұсынатын JCM қолдау бағдарламалары қарастырылып, JCM аясында Қазақстан мен Жапония арасындағы декарбонизация саласындағы ынтымақтастыққа қатысты тақырыптық талқылаулар ұйымдастырылды.Семинар қорытындысы бойынша JCM Бірлескен комитеті аясында жобаларды іріктеу өткізу жоспарлануда.Семинар материалдары осы сілтеме бойынша қолжетімді: https://pckk.ent.box.com/s/ex086fja7ayupkt8lg2o5vuufci9bd6bАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/901503