Enbekshi QazaQ

Қуқық

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Алматы қаласы тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру 03.12.2024
2024 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж.Алиев Алматы қаласы тұрғындарымен кездесуі өтеді.📍Кездесудің мекен-жайы: Алматы қ., Байтұрсынұлы көшесі 126/1, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Д корпусы, акт залы.10:00 – 11:00 - азаматтарды жеке қабылдау;11:00 – 12:30 - халықпен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;12:30 – 13:00 - өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.📩Сіздердің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: +7 700 907 6615, және электрондық мекен-жайға: mendulla.diana@gmail.com. Жеке қабылдауларға жазылу үшін тел. +7 700 907 6615.Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар вице- министріне сұрақ қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/894929
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің БҰҰ тараптарының шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конференциясының он алтыншы сессиясына қатысуы (СОР16) 03.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев а.ж. 2-13 желтоқсан аралығында Эр-Рияд қаласында «Біздің жер. Біздің болашағымыз» ұранымен өтіп жатқан БҰҰ тараптарының шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Конференцияның он алтыншы сессиясына (СОР 16) қатысты.COP 16 Конференциясы аясында Министр Е.Нысанбаев сондай-ақ барлық деңгейлерде құрғақшылыққа төзімділікті жеделдету жолдарын талқылауға арналған «Женевадан Эр-Риядқа және одан әрі: құрғақшылықты белсенді басқару бойынша жаһандық және ұлттық саясатты жетілдіру» министрлер диалогына қатысты және сөз сөйледі.«Соңғы жылдары адамзат су тапшылығы мен жердің деградациясына тап болған аймақтардың көбеюіне куә болды, бұл ауыл шаруашылығы мен су ресурстарына қол жетімділікке айтарлықтай зиян келтірді. Шамамен 29 миллион га эрозиядан зардап шегеді, бұл олардың құнарлылығын төмендетеді және азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.Жаһандық өзгерістер жаһандық шешімдерді қажет етеді. Қазір мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен жұртшылықтың күш-жігерін біріктіру бұрынғыдан да маңызды. Тек бірлескен әрекеттермен шөлдердің таралуын тоқтатуға, биосфераны сақтауға және болашақ ұрпақ үшін болашақты қамтамасыз етуге болады.Қазақстан құрғақшылықпен күресуге бағытталған халықаралық және өңірлік бастамаларға қатысуын одан әрі нығайтуға дайын. Біз бірлескен күш-жігермен қоршаған ортаны сақтауға, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын арттыруға үлес қоса алатынымызға сенімдіміз.» - деп атап өтті өз сөзінде Ерлан Нысанбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/894958
Қарағанды облысының кәсіпкерлері Германияда бизнес-тағылымдамадан өте алады 03.12.2024
"Іскерлік байланыстар" бағдарламасы кәсіпкерлерге Германияда тегін оқуға және шетелдік серіктестер табуға мүмкіндік береді. Ол 2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда. "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы 2025 жылға арналған өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялады.Германияда бизнес-тағылымдамаға құжаттарды 2024 жылдың 17 желтоқсанына дейін тапсыруға болады, деп хабарлады Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы."Кандидаттар жұмыс тәжірибесі расталған және жылдық орташа табысы 10 мың айлық есептік көрсеткіштен басталатын шағын және орта бизнес басшылары болуға тиіс. Келіссөздер жүргізу және басқару шешімдерін қабылдау үшін өкілеттіктердің болуы да маңызды", - деп түсіндірді ӨКП.Тағылымдама қатысушыларға Германияның іскерлік ортасына енуге, бизнестің үздік тәжірибелерін үйренуге, озық зауыттарға баруға және неміс компанияларымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бірінші кезең – Германияның бизнесті дамыту орталықтары негізінде бес апталық онлайн оқыту. Екіншісі – Германияда үш апта тағылымдамадан өтуді қарастырады.Келесі жылы төрт негізгі бағыт анықталды:- жасыл технологиялар және өнеркәсіп;- денсаулық сақтау:- ақылды ауыл шаруашылығы.- әйелдер кәсіпкерлігін қолдау.Биыл бағдарламаны Қарағанды облысының төрт кәсіпкері пайдаланды: "Инкар 1", “Сompass Solutions ltd", "АЗИЯ-СМ", Q-Inspection фирмаларының басшылары.Өтінімді ӨКП кеңсесінде мына мекенжай бойынша беруге болады: Қарағанды, Тәттімбет көшесі, 709, немесе электрондық пошта арқылы: karaganda@atameken.kz.Бағдарламаға қатысу туралы толық ақпаратты ӨКП-дан алуға болады.Байланыс: Шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің сарапшысы Аянна Нұруллаева, тел.: (8-7212) 50-64-18.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894579
Дүкен сөрелерінде жергілікті өнімдер көп болуы тиіс – Ермағанбет Бөлекпаев 03.12.2024
Жергілікті өндірушілерді қолдау және халықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету – Қарағанды облысындағы басым міндеттердің бірі. Онлайн режимде өткен кеңесте облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев кейбір қазақстандық тауарлардың дүкен сөрелерінде жеткіліксіз болуына алаңдаушылық білдірді. Ол отандық өнімдерді тұтынушыларға қолжетімді әрі көрінетіндей етіп орналастыру қажеттігін атап өтті.Қарағанды облысында 150 өңдеуші кәсіпорын жұмыс істейді. Олар сүт, ет, астық және т. б. өңдеумен айналысады.– Өңір 100%-ға бес атау бойынша өз өндірісінің өнімдерімен қамтамасыз етілген: бірінші сұрыпты бидай ұны, макарон өнімдері, картоп, тауық жұмыртқасы, сиыр еті. Сондай-ақ, облыс 90,7%-ға 8 атау бойынша өз өндірісінің өнімімен қамтамасыз етілген. Бұл бірінші сұрыпты нан, құс еті, ашытылған сүт өнімдері, сүзбе, май, сәбіз, қырыққабат, пияз, – деді кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.Супермаркеттердің сөресін талдау нәтижесі Қарағанды мен жақын маңдағы өңірлердің сөрелерінде жергілікті өндірушілердің нан-тоқаш және ет өнімдерінің 100%-ы ұсынылғанын көрсетті. Сондай-ақ, отандық тауарларды сату үшін әлеуметтік сөрелер құрылды, ал өнімдерде арнайы логотиптер бар.Бірақ сонымен бірге бірқатар проблемалар да бар. Олардың ішінде өндірісті жаңғыртудың жеткіліксіздігі, жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі және логистика мен тасымалдау проблемалары бар.Жергілікті өндірушілердің маркетингтік мәселелеріне ерекше назар аудару керек – мысалы, шұжық сегментінде. Көптеген өндірушілер өз өнімдерін алға жылжытумен айналыспайды, бұл тұтынушылардың таңдауына әсер етеді, өйткені адамдар жиі жарнамаланатын нәрсені таңдауға бейім.– Қазақстандық өндірушілердің тауарлары неғұрлым қолжетімді және танымал болуы үшін логистика мен маркетингті жақсарту маңызды. Өндірісті субсидиялау және сату жағдайларын жақсарту қажет, бұл салауатты бәсекелестік құруға және тұтынушылар үшін тауарлардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894795
Бұқар Жырау ауданы Үміткер ауылында хоккей корты салынды 03.12.2024
Үміткер ауылында ауланы 20 да 40 метр жаңа хоккей корты салынды. Қазір мұз айдынына су құю ғана қалды.Алаңға арнайы жабын төселіп, хоккей қақпасы орнатылды.Көп ұзамай Үміткер ауылы жастары бос уақыттарын денсаулыққа пайдалы өткізе алады.Бұл жоба жергілікті билік пен ауыл тұрғындарының бірлескен жұмысы нәтижесінде жүзеге асты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894860
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросы ашылады 03.12.2024
Облыс әкімі Ермек Көшербаев өңірдің қоғам мүшелерімен бірге Қоғамдық кеңес жанынан тұрақты түрде жұмыс істейтін «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросын» құру туралы ұсынысты қолдады.Жаңа ұйымның мақсаты – ауа сапасына қатысты қордаланған мәселелердің шешімін іздеп, өскемендіктердің тұрмыс жағдайын жақсарту. Атап айтқанда, қаланың әр ауданында атмосфераға мониторинг жасайтын құрылғыларды орнату, оны калибрлеу, кәсіпорындардағы сүзгіні жақсарту, қолданыстағы шаралардың тиімділігін бағалау, жаңа ұсыныстар әзірлеу, тұрғындарға ауа ластануының қауіп-қатері мен оны азайтудың жолдарын түсіндіру үшін білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, экологиялық стандарттардың орындалуын бақылау.Аймақ басшысы «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының» жол картасын жасақтаудан бастап, қаланың экологиялық жобаларын жүзеге асыруды жеделдету жұмыстарымен айналысатынын алға тартты.- Қоғамның, жергілікті атқарушы органдардың және табиғатты пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасының тиімді тетіктері қажет екенін бұдан бұрын да айтқан едім. Экобелсенділер мемлекеттік органдар мен кәсіпорындармен диалог орнату арқылы мәселені шешу жолдарын қарастыратын болады. Ең бастысы, қоғамдық бақылау күшейтіледі. Қаланың әрбір тұрғыны осы ұйымның заңды өкілі деп айтуға негіз бар. Әрине бәрі бірден өзгеріп кетпейтіні анық. Бірақ бірлесе отырып, кезең-кезеңімен қалаған нәтижеге қол жеткізетін боламыз, - деді Ермек Көшербаев.Осы ретте қоғам белсенділері де бастаманы қолдап, өздерінің пікірін білдірді.- Атмосфераның ластану деңгейін анықтайтын датчиктердің санын көбейтіп, оларды қала бойынша біркелкі орнату керек. Тұрғындар да қандай көмір жағатынымызды білуі қажет. Бұл бағыттағы жұмысты жер үйлер орналасқан аудандарда қарастырған жөн. Оң өзгерістер үшін бюро жұмысында әр қадам маңызды, - деді сала маманы Виталий Чернецкий.Облыс әкімі жаңа кеңесті ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі, «ECOJER» Ассоциациясы ШҚО бойынша филиалының жетекшісі Елена Березинская-Әбіловаға басқаруды ұсынды.- Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет қоршаған ортаның жағдайын талқылап, экологиялық қорғау бюросын құру жөнінде шешім қабылдау үшін экологтар мен тәуелсіз сарапшылар шақырылды. Экологиялық мәселелерді шешуде қоғаммен белсенді қарым-қатынас орнату қажет. Атқарылып жатқан жұмыстар жұртшылыққа ашық түрде көрсетілуі керек, - дейді Елена Березинская-Әбілова.Экологиялық қорғау бюросының құрамына экологиялық, әлеуметтік және денсаулық сақтау мәселелерін шешуге көмектесетін түрлі сала мамандарын қосу жоспарланып отырғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, аталған бюро азаматтар, кәсіп пен билік арасындағы өзара әрекеттесу алаңына айналады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/894835
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының м.а. Рауан Хусаинов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтып берді 03.12.2024
Суару кезеңі аяқталғаннан кейін Шаған су қоймасы мен Шолақанқата, Сұлусай және Ембулатовка су қоймалары қысқы жұмыс режиміне көшті. Су тасқынын қауіпсіз өткізу және бос сыйымдылықты қамтамасыз ету үшін аталған су қоймаларынан су жіберілді.Сондай-ақ, филиал 73,6 шақырым каналды механикалық тазалау және 8 гидротехникалық құрылысты жөндеуді аяқтады, 6 гидротехникалық нысан қалпына келтірілді. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.«Барлық су шаруашылығы нысандарында көзбен шолып тексеріс жүргізілді. Олар бойынша күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспорттары жасалды»,- деді БҚО бойынша «Қазсушар» филиалы директорының м.а. Рауан Хусаинов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/894863
Петропавлда «Серпін» республикалық жобалау кеңсесінің алғашқы көшпелі отырысы өтті 03.12.2024
Петропавлда «Серпін» республикалық жобалау кеңсесінің алғашқы көшпелі отырысы өттіСолтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында вице-премьер Тамара Дүйсенова М.Қозыбаев атындағы университетке барып, өңір әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбеновтің, студенттердің, түлектердің және «Серпін» бағдарламасына қатысатын жұмыс берушілердің қатысуымен кеңес өткізді.«Серпін» республикалық жобалау кеңсесінің жетекшісі Мұрат Әбенов бағдарлама жаңа серпіліс алып жатқанын айтып, «Серпін түлектері» қауымдастығын құру туралы бастаманы қолдады. Бұл ұйым абитуриенттер мен студенттерге қолдау көрсетеді.Солтүстік өңірде аталған бағдарлама бойынша 1350 адам білім алып, оқуын жалғастыруда. Көптеген түлек осы өңірде жұмыс істеуді таңдаған. Отбасын құрып, облыстың дамуына үлес қосуда. Солардың бірі – Нұрсейт Әбдіразақов. Ол 2016 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан келіп, университетке түскен, қазір өзі оқу орнында қызмет етіп жүр.«Бағдарлама шынымен де тиімді. Мен болашағымды осы өңірмен және өз университетіммен байланыстырамын», — деді Нұрсейт Әбдіразақов.Премьер-министрдің орынбасары жоғары оқу орындары мен колледждердің кәсіпорындармен ынтымақтастығын нығайтудың маңызын атап өтті. Ол жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес мамандар даярлау бағдарламаның табысты жүзеге асырылуының кепілі екеніне мән берді.Өңірде 300-ден астам жұмыс берушімен меморандум жасалған. Биыл оқуын бітіретін 68 түлекке арналған жеке іс-шаралар ұйымдастырылды. Өңірдегі ірі компания өкілдері жас мамандарға сұраныстың жоғары екенін айтып, «Серпін» бағдарламасына белсене қатысуға дайын екенін білдірді.Қазіргі уақытта кадр тапшылығы сезіліп отырған 8 өңір анықталды. Бағдарлама түлектерін осы өңірлерде жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылуда.«Бағдарламаның әлеуметтік маңызы жоғары. Ол болашақ түлектерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді және нақты кәсіпорындардың сұранысына сай кадрлар даярлайды. Келесі жылы бағдарламаға колледждердің қатысуы жоспарланып отыр. Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін барлық мүдделі министрліктер, облыс әкімдіктері мен жұмыс берушілер тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Бұл процесте аймақтық жобалық кеңселердің рөлі маңызды», — деді Тамара Дүйсенова.Вице-премьер М.Козыбаев атындағы университеттің зертханаларымен танысып, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түскен студенттердің ғылыми зерттеулерін көрді. Мұндай заманауи зертханалар халықаралық сарапшылармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Мысалы, Қытайдың Солтүстік-батыс ауылшаруашылық университетінің ғалымдары Козыбаев университетінің студенттерімен бірлесе ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласындағы жобалар бойынша жұмыс істеп жатыр.Айта кетейік, Манаш Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті АҚШ-тың Аризона университетімен серіктес. Ынтымақтастық бағдарламасы қос диплом алу, ғалымдар арасында ғылыми алмасу, оқытушылар үшін бірлескен тағылымдамалар, сондай-ақ академиялық стратегия мен корпоративтік басқаруды жетілдіруге арналған ұсыныстарды қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/894852
Ғалымдар жаңа сын-қатерлер мен қауіптер аясында Қарулы күштерді жетілдіру мәселелерін талқылады 03.12.2024
ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде «Қазіргі заманғы соғыстар: әскери қатерлерді трансформациялау контекстіндегі теория мен практика мәселелері» тақырыбында IV ғылыми-теориялық конференция өтті.Оның жұмысына Бас штаб пен Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери басқару органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің офицерлері, «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ, R&D Centr Kazakhstan Engineering, «Әскери ғылымдар академиясы» РҚБ, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері, ғалымдар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері қатысты. Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков өз сөзінде «Тәжірибесіз теория өлі, ал теориясыз практика соқыр», – деген тәмсілді алға тартты.Форумға бастамашы болған философия докторы, қауымдастырылған профессор генерал-майор Асқар Мұстабеков жиналғандар қазіргі заманғы әскери қақтығыстардың әртүрлі аспектілерін қарастырғанын атап өтті. Қатысушылар әскер түрлері мен тектерін қолданудың практикалық және теориялық мәселелерін, оларды қарулы күштер құрылысын жетілдірудің жаңа тәсілдерін іздеу контекстінде жан-жақты қамтамасыз етуді талқылады. Қауіптердің жаңа түрлері, технологияларды дамыту және қазіргі жағдайда жұмыс істеу үшін әскери кадрларды даярлау туралы әңгімелесті.Конференция екі пленарлық отырыс форматында және факультеттер мен кафедралардағы секцияларда жұмыс істеді. Қарар әзірленіп, басқару органдары мен әскерлерге жіберілетін материалдар жинағы дайындалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894868
Қарулы күштердегі таудағы даярлық жөніндегі нұсқаулық дайындалды 03.12.2024
Қорғаныс ведомствосы «Қарулы күштердегі таудағы даярлық жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.Аталған нормативтік құқықтық акт Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 278-тармақшасына сәйкес әзірленіп отыр.Құжатта еліміздің Қарулы күштері бөлімшелерінің таудағы даярлығын ұйымдастыру мен өткізу егжей-тегжейлі көрсетілген. Оны қабылдау әскери қызметшілерге таудағы даярлықты ұйымдастыруды ретке келтіруге мүмкіндік береді.Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 17 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322593Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894869
Әскери мүлікті сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітіледі 03.12.2024
ҚР Қарулы күштері Тылы бастығының басқармасы Қорғаныс министрінің «Қарулы күштердің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (киім-кешек қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 281) тармақшасына сәйкес әзірленіп отыр. Онда киім-кешек қызметінің материалдық құралдарын сақтауды ұйымдастыру тәртібі анықталған.Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 17 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322686Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894878
Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтық қысқара бастады – оқу-ағарту министрі PISA халықаралық зерттеулері туралы 03.12.2024
Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың қорытындысы туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндады.Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 8 мыңға жуық мектеп жұмыс жасауда, оның ішінде 67%-ы ауыл мектебі. Айта кету керек, ауыл мектебінің әрбір екіншісі шағын жинақты болып табылады.Оқушылардың 40% ауыл мектебінде білім алады. Сондықтан үкімет ауыл мектептерін дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту және қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайтуға аса мән беруде.«Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың азайғанын PISA халықаралық зерттеулері айқындап отыр. Дегенмен PISA-2018 нәтижелерімен салыстырғанда, 2022 жылғы математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша айырмашылық көрсеткіші 4-5 балға дейін қысқарды, ал оқу сауаттылығы өзгеріссіз қалды», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Естеріңізге сала кетейік, математикалық сауаттылық бойынша PISA-2018-де қала мектептері мен ауыл мектептері арасындағы білімдегі алшақтық – 22 балды құраса, PISA-2022-де алшақтық 18 балға төмендетілді. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 2018 жылы алшақтық 31 балды құрады, ал 2022 жылы ол 26 балға дейін азайтылды. Осылайша, халықаралық зерттеулер ауыл мектептерінде білім беру сапасының артып келе жатқанын айғақтайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/894881
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еңбек адамы» айдарын іске қосады 03.12.2024
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еңбек адамы» жаңа айдарының іске қосылғаны туралы хабарлайды, онда біз еңбегінің арқасында аграрлық салада жоғары нәтижелерге қол жеткізетін кейіпкерлеріміз туралы айтатын боламыз.Бірінші басылымда Қармақшы ауданынан «Тұрмағамбет» ЖШС күріш өсірушісі Оразбек Бисембаевты таныстырамыз.Ол өзінің мансабын механизатор ретінде бастады және 27 жыл ішінде өзін озық тракторшы, орақ машинисі және күріш өсіруші ретінде көрсетті. Ағымдағы жылы егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша Оразбек Бисембаев «Үздік күріш өсіруші» атағына ие болды. Ол жетістіктері үшін осындай марапатқа ие болды: ағымдағы жылы ол 43 га күріш алқабында агротехнологияны қолданды және гектарына 96,5 центнер алды.Оразбек Бисембаев үш бала тәрбиеледі, алты немересі бар. Ол өз ауылының өміріне белсенді қатысады, жас фермерлермен тәжірибе бөліседі және оларға заманауи ауылшаруашылық тәжірибелерін үйретеді.Біз ол сияқты адамдарды мақтан тұтамыз және «Еңбек адамы» айдары көптеген адамдарды еңбек жетістіктеріне шабыттандырады деп үміттенеміз. Әр шығарылымда біз сіздерді еңбегімен және адалдығымен Қазақстанның аграрлық секторының дамуына елеулі үлес қосатын жаңа кейіпкерлермен таныстыратын боламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/894778
Атырауда «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты республикалық семинар өтті 03.12.2024
Атырау қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Атырау облысының әкімдігімен және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» тақырыбында республикалық семинар өтті.Семинар өңірдің өзекті мәселелерін (мұнай-газ секторы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым және т.б.) жариялау кезінде журналистердің біліктілігін жақсартуға, БАҚ пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған.БАҚ өкілдері мұнай-газ саласының негіздері және қалыптасу тарихы, энергостатистикамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысып, мұнай-газ өнеркәсібіндегі оқиғаларды талдау дағдыларын меңгерді.Іс-шараның ашылуында Министрліктің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов сөз сөйледі.Қайнар Ахетов журналистерді аккредиттеудің жаңа қағидалары, БАҚ-тың жазбаша сұрауларына жауап беру мерзімдері, гранттық қаржыландыру бойынша «Масс-медиа туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндірді.Семинар Салалық журналистиканы дамытудың 2024 жылға арналған жол картасы аясында өткізілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894801
Отбасының цифрлық картасы арқылы жыл басынан бастап 210 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді 03.12.2024
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 482,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 210 мың адам пайдаланды.Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі күнде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік төлем немесе жәрдемақы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз. Қоңырау шалу тегін. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/894796
Азық-түлік қызметінің мүлкін сақтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық әзірленді 03.12.2024
Қарулы күштердің Тыл бастығы басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің орталық, өңірлік, флоттық және әскери қоймаларында әскери мүлікті (азық-түлік қызметінің мүлкін) сақтауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қорғаныс министрі бұйрығының жобасын әзірледі.Бұл нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 281) тармақшасына сәйкес әзірленді. Құжатта азық-түлік қызметінің материалдық құралдарын сақтауды ұйымдастыру тәртібі айқындалады.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 17 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322230 сілтеме бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894752
Қарағанды хайуанаттар бағына Бразза маймылдары жеткізілді 03.12.2024
Қарағанды хайуанаттар бағы жаңа жануарлармен толықты – екі жаңа қоршауда енді бразза маймылдар тұрады. Бұл Хлебы қаласы (Чехия) зоологиялық саябағының сыйы. Сондай-ақ, Чехия хайуанаттар бағынан валлаби жұбы сатып алынды. Бұл кенгуру тұқымдастары, бірақ олардан сәл кішірек. Жануарлар табиғатта сирек кездесетін альбиностар.Бразза маймылдар біздің хайуанаттар бағына қазан айының соңында келді. Онда бір аталық және екі ұрғашы, сондай-ақ сәби маймыл бар. Осы тұқымдас маймылдар патриархат жүйесін ұстанады.– Қарағанды хайуанаттар бағында мұндай маймылдар ешқашан болған емес. Қазір олар арнайы дайындалған екі қоршауда тұрады. Түрлі сөрелер, баспалдақтар, әткеншектер бар. Біз оларға үй салдық, енді гамак жасағымыз келеді, – дейді хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекова. – Бұл қорек талғамайтын маймылдар. Олар тұқымдар, жаңғақтар, маусымдық жемістер, банан, апельсин жейді. Оларға біздің хайуанаттар бағында өсірілген асқабақ пен цуккини ұнайды. Сондай-ақ қайнатылған ет пен балық береміз. Олар айран ішіп, сүзбе жегенді ұнатады.Бразза маймылдары 1876 жылы сипаттаған француз зерттеушісі Пьер Саворнян де Браззаның құрметіне аталған. Маймылдар басқа жануарлардың дыбыстарына еліктей алады. Ұрғашылары екі-үш жылда бір күшіктейді.Бразза маймылдары ойнақы және алаңсыз өмір сүреді, олардың осы мінезі зообаққа келушілерді қызықтырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/894587
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында 03.12.2024
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Порт құралдарын күзетуге бағалау жүргізу және порт құралдарын күзету жоспарын әзірлеу үшін уәкілетті ұйымды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319192 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894747
Көпшілік назарына Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында 03.12.2024
Көпшілік назарынаҚазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрі бұйрығының жобасы орналасқаны туралы хабарлайды.Сіздерді осы бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.Толығырақ: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15321949Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894748
Қазақстан СІМ басшысы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысымен кездесті 03.12.2024
Мешхед, 2024 жылғы 2 желтоқсан – Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысы қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесті.Тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейту, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты күшейту сияқты мәселелерді талқылады.Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ҚР-дың 2025 жылы ЭЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде төрағалық етуінің негізгі басымдықтарын егжей-тегжейлі талқылап, өңір үшін үлкен әлеуеті бар ұйыммен стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.Өз кезегінде Бас хатшы А. Хан күн тәртібін нақты мазмұнмен толықтыратын ұйымдағы Қазақстанның белсенді рөлі мен бастамаларын атап өтті.Кездесу барысында мәдени және білім беру байланыстарын нығайту, экологиялық тұрақтылықты дамыту, климаттың өзгеруі және энергетикалық қауіпсіздік сияқты жаһандық сын-қатерлерді еңсеру бойынша бірлескен күш-жігер мәселелері де талқыланды.Экономикалық ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. Мүше мемлекеттер – Орталық Азияның, Таяу Шығыстың және Оңтүстік Кавказдың 10 елі. Ұйымның мақсаты – экономика, сауда, көлік, экология және гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы күш-жігерді үйлестіру арқылы аймақтағы экономикалық дамуға ықпал ету.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/894743