Қуқық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ 02.12.2024
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама басталғаннан бері сенбіліктер мен тазалық жұмыстарына 300 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 500-ден астам техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 1 милионға жуық ағаш отырғызылып, 3 389 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде мәлім болды.Аймақ басшысы тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырып, бұл бағыттағы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыра алмаған аудан, қала әкімдерін сынға алды. Тұрғындар арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Оның мәлімдеуінше, бағдарлама аясында сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып келеді. Арнайы бекітілген кестеге сәйкес аудан, қала аумағында сенбіліктер өткен. Жергілікті әкімдіктер, коммуналдық мекемелер мен өңір тұрғындары бірлесе отырып, өңірдің тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсаруына үлкен үлес қосты.Бүгінгі таңда осы бағдарламаның өңірдегі «телеграмм бот» платформасына 820 өтінім түскен. Оның ішінде, 800 өтінім орындалған. 13 өтінім орындалу барысында болса, 7 өтінім тестілеу режимінен өткен.Биыл қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, заң талаптарын бұзған тұлғаларға 26 мыңға жуық хаттама толтырылып, жалпы 305,7 млн теңге айыппұл салынды. Алдағы уақытта да экологиялық заңнамаларды сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін нығайту мақсатында жүйелі шаралар жалғасын табады.Сондай-ақ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сәуір айынан бастап жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижелерінде 2 880 қоқыс үйіндісі анықталып, толық ретке келтірілді. Дегенмен кейбір қоқыс жиналатын «ыстық нүктелерде» әлі де қоқыстар тасталуда. Бақылауға алынды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шаралардың ұйымдастыру деңгейі жөнінде аудан, қала әкімдерінің рейтингі жаңартылды. Атап айтқанда, Түркістан қаласы және Бәйдібек, Жетісай, Мақтаарал, аудандарының көрсеткіштері жоғары болса, Шардара, Отырар аудандары және Арыс, Кентау қалалары орта деңгейдегі көрсеткіштерге қол жеткізді. Ал, Сайрам, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Сарыағаш, Сауран, Қазығұрт, Келес, Ордабасы аудандарының көрсеткіштері төмен деңгейде.Қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру бойынша тиімді шаралар қолға алынып, өңірдің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жалғасады.Сондай-ақ мәжілісте 2024-2025 жылдарға қысқы күтіп ұстау жұмыстарына дайындық пысықталды. Қазіргі уақытта 6 400-ге жуық шақырым жолға 259 арнайы техника, 655 жұмысшы және 9 мың текше метрден астам құм мен 5 800 тонна тұз дайын. Қыс мезгілінде республикалық және облыстық маңызы бар жолдар мен аяқжолдарды қардан тазарту жұмыстарының орындалу барысы қатаң бақылауда болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894595
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ 02.12.2024
Түркістан облысында Оңтүстік Кореяның жетекші оқу орындарының бірі Woosong университетінің филиалын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақ-корей бірлескен білім ордасы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында орналасады. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жұмыстардың барысын бақылады. Өңір басшысы 18 қабатты ғимараттағы құрылыс жұмыстарының барысын пысықтап, нақты тапсырмалар берді. Жауапты басшылармен кездесіп, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ақпараттық технологиялар университетінің ашылуы келер жылдың қыркүйек айына жоспарланған.Жоба «Түркістан» ӘКК» АҚ мен серіктес «BOLD Construction Group» ЖШС арасындағы инвестициялық жобаны іске асыру бойынша бірлескен қызмет туралы шарт негізінде іске асырылады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде көптеп ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады.Айта кету керек, Woosong University – Оңтүстік Кореяда Теджон қаласында орналасқан және әйгілі WOOSONG білім беру қорына тиесілі университет. 70 жылдық тарихы бар ЖОО-да 12 000-нан астам студент білім алуда, 780 профессор біліктілігін арттыруда. Woosong кәсіби және оқу базасын дамыта отырып, әлемнің 67 еліндегі 430 білім беру мекемесімен ынтымақтасады.Жасанды интеллект, яғни адамның ойлау процесін компьютерлік жүйелермен модельдеу бойынша инновациялық зертханалар жұмыс істейді. Киберқауіпсіздік бойынша да мамандарға сұраныс артқан. Түлектер басқару мен өндіріс саласын бірге меңгереді. Осы бағытта Түркістан өңіріне ыңғайластырып, ауыл шаруашылығындағы ақпараттық жүйелер саласын жетілдіруге күш салынбақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894599
Қостанайдағы ауыл әкімдерінің форумы: ауылдық аумақтарды дамытудағы жаңа қадамдар 02.12.2024
Бүгін Қостанайда ауыл әкімдерінің бірінші өңірлік форумы аясында 300-ден астам адам, оның ішінде ауылдық елді мекендердің әкімдері, «AMANAT» партиясының өкілдері, сондай-ақ облыстық департаменттер мен кәсіпорындардың басшылары жиналды. Форумды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмат Кәкімжанұлы Досмұхамедов ашты.Форум аясында ауылдық аумақтарды дамытуға, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсартуға және сайлау алдындағы уәделерді орындауға қатысты маңызды тақырыптар көтерілді. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ауылдық аумақтардың орнықты әлеуметтік-экономикалық өсуінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау мен инфрақұрылымды жақсартудың маңыздылығын атап өтті.«Азаматтарымыздың әл-ауқаты мен олардың өмір сүру сапасы – басым міндеттер. Биыл жол, коммуналдық инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтік саланы дамытуға қомақты қаржы жұмсалды. Барлық бастамалар жергілікті тұрғындардың мүдделерін ескере отырып іске асырылуы тиіс», - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.Сумен жабдықтауды, газдандыру мен абаттандыруды жақсартуға бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды. 2024 жылы 15 ауылды орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосуды және газбен жабдықтау бойынша ірі жобаларды іске асыруды аяқтау жоспарлануда.Маңызды аспектілердің бірі – ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту. Облыстың оңтүстік өңірлерінің кәсіпкерлері экономиканың нақты секторын дамыту үшін «Бизнес-Көмек» бағдарламасы бойынша қаржы ала алады.Форум Қостанай облысының даму стратегиясындағы маңызды кезең болды, онда жергілікті атқарушы органдар ауылдық елді мекендердегі өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін бизнеспен және жергілікті тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/894555
Esirtkisiz elorda: deni sau urpaq: елордалық жастарға нашақорлықтың себептері мен салдары туралы ескертіледі 02.12.2024
Астана қаласының мектептерінде, колледждерінде және ЖОО-ларында жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған Esirtkisiz Elorda: deni sau urpaq жобасы аясында сарапшылармен кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шаралардың мақсаты – жастардың тәуелділіктің себептері мен салдары туралы хабардарлығын арттыру, заманауи синтетикалық есірткілерді қолданумен байланысты қауіптер туралы ескерту.Жастармен кездесулерде нашақорлықтың пайда болу себептері мен тетіктері, есірткі қылмысының құқықтық және әлеуметтік салдары, қазіргі заманғы синтетикалық есірткінің қауіптілігі, сондай-ақ медиада есірткі заттарын қолдануды романтизациялау талқыланады.Қатысушылармен психолог-аддиктолог Инна Мальцева диалог жүргізеді, ол тәуелділік және алдын алу әдістерімен жұмыс істеу тәжірибесі туралы ой бөліседі. Химиялық және ойынға тәуелділік жөніндегі маман Данат Байсмаков тәуелділікті қалыптастыру механизмдері туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Астана қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы есірткі қылмысына қарсы күрестің аспектілерін және олардың жастар үшін салдарын ашып айтады.Оқушылар мен студенттер нашақорларды оңалту процесі, алдын алу әдістері және есірткі қылмысына қарсы күресте құқық қорғау органдарының жұмысы туралы сұрақтар қоя отырып, талқылауға белсенді қатысады.Жоба аясында барлығы 10 000-нан астам адамды қамтитын 80-нен астам түрлі кездесу өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/894606
Ауыл мектептерін дамыту: өңірде 226 ауыл мектебін қайта жаңартуға 8,2 млрд. теңге жұмсалды 02.12.2024
Ауыл мектептерін дамыту мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан ауылдық мектептердің әлеуетін жақсартуда қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты. Ақтөбе облысындағы 434 мектептің 280-і (немесе 70%) – ауыл мектебі болса, оның 201-і (46%) – шағын жинақты.Жайық Сұлтан ауыл мектептерінің негізгі проблемаларын тоқталып өтті. Олардың ішінде кадр тапшылығы және педагогтердің сапалық құрамының төмендігі, сондай-ақ инфрақұрылымдық проблемалар бар.Аталған мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізілген. Соңғы үш жылда 1030 орындық 8 ауылдық мектеп пайдалануға берілді. 10 ауылда 2350 орындық жаңа мектептер салынуда, олардың үшеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Білім сапасы да айтарлықтай жақсарған.«Мемлекет басшысының «Шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектепті жаңғырту» тапсырмасына сәйкес өңірде 226 ауыл мектебі 8,2 млрд. теңгеге жаңғыртылды. Қалғаны 2025 жылдың соңына дейін толықтай қамтылады. 2023-2024 оқу жылында өңірде «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы іске асырылды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен пилоттық жобаға кірген шағын жинақты мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Бұған дейін интернет жылдамдығын арттырудың техникалық мүмкіндігі болмаған 46 мектеп Starlink жүйесіне қосылды. Жергілікті бюджеттен жобаға қатысқан 165 педагогтің қосалқы жұмысын ынталандыруға 54,4 млн. теңге үстеме ақы төленді. 1068 мұғалім мен 204 мектеп директоры біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оқыту семинарлары мен вебинарлар өткізілді, әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Нәтижесінде шағын жинақты мектептердегі білім сапасы 4-11%-ға артқан. Онлайн оқытуды интеграциялау арқылы шағын мектептердегі кадр тапшылығы мәселесі шешілді. Ауыл мектептерін дамыту жұмыстары жалғасады», - деді Жайық Сұлтан.«Өңірдің басым міндеттерінің бірі – барлық баланың қай жерде тұратындығына қарамастан, қалада немесе ауылдық жерде сапалы білім алуы үшін жағдай жасау. Біз қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім алшақтығы бар екенін көріп келеміз, мәселені шешу – мақсатымыз. Ол үшін ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жоспарлы түрде нығайтып, мұғалімдердің біліктілігін арттырып, заманауи технологияларға қолжеткізуді қамтамасыз етуіміз керек. Ауыл мектептерін дамыту – өңірдің және бүкіл елдің болашағына салынған инвестиция», - деді әкім кеңес барысында.Асхат Шахаров сонымен қатар ауыл мектептерінің мәселелерін шешуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/894559
Бесқарағай ауданында 19 адам шағын несиеге қол жеткізді 02.12.2024
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау мақсатында облыстың 238 тұрғынына 2,5 пайыздық несие берілген. Шағын несиенің жалпы құны 1055 млн теңге. Несиеге қол жеткізгендердің арасында Бесқарағай ауданының 19 тұрғыны бар.«Шағын несие жылжымалы және жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде пайдалану мүмкіндігімен тиімді шарттармен беріледі. Кепіл мүлкі болмаған жағдайда кепіл беруші туыстарын тартуға болады. Сонымен қатар, негізгі қарыз бен пайыздарды өтеу үшін жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол несиенің жалпы мерзімінің үштен бірінен аспауы керек», - дейді Абай облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек.Сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтар санатындағы тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Биыл облыс бойынша 203 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Оның ішінде Бесқарағай ауданының алты тұрғыны бар.Қазіргі уақытта грант беру процесі электрондық форматқа ауыстырылып, бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.Ресми түрде тіркелген жұмыссыздар, жеке кәсіпкерлер 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантты алуға үміткер бола алады. Бірақ тіркеу мерзімі үш жылдан кем болмауы керек.Сондай-ақ, үміткерде мерзімі үш жылдан аспаған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.Облыс бойынша ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан 1132 адам өтті. Оның 54-і Бесқарағай ауданының тұрғындары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/894539
Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды 02.12.2024
Биылдан бастап және бұдан кейінгі жылдары да әскер мен халықтың Отанды қорғаудағы бірлігі мен дайындығын бейнелейтін «Біртұтас ел – біртұтас жер» идеологемасы бөлімшелердің жауынгерлік жарысын ұйымдастыруда айқындаушы боламақ.Әскери қызметшілермен мемлекеттік-құқықтық дайындық шеңберінде өткізілген сабақтарда жыл қорытындысы шығарылып, жаңа оқу кезеңіне тапсырмалар қойылды. Жеке құрамға Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары түсіндірілді.Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, күш-жігер жауынгерлік дайындықты жетілдіруге, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдауға, бөлімшелерді, ресурстар мен қаруды басқарудың цифрлық технологияларын енгізуге бағытталатын болады. Барлық құрамаларда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде жауынгерлік дайындық бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар ұйымдастырылды. Әскери қызметшілерге, экипаждар мен есептоптарға штаттық қаруды, қару-жарақ пен әскери техниканы бекіту рәсімдері салтанатты жағдайда өтті.Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шаралары жүргізілуде. Практикалық сабақтарда әскери қызметшілер әскери техниканы жүргізу және оған қызмет көрсету ережелерін, қару-жарақ, оқ-дәрілер, электр жабдықтары, улы және техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу талаптарын, шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібін зерделейді.Айта кету керек, әскерлердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін және бұған дейінгі қол жеткізілген жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жасалған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894550
Әскерге шақыруды және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығаруды ұйымдастыру жөніндегі құжат бекітілмек 02.12.2024
Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару мәселелеріне қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірледі.ҚР Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» және «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызмет және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Үкімет қаулысының жобасы» қаралуға жатады.Президенттің Жарлығы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді. Нормативтік құқықтық актілер Қарулы Күштердің, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамын жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады. Жобада жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың әскерге шақыруды және мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығаруды ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруы көзделеді. Президент Жарлығы мен Үкімет қаулыларының жобаларының толық мәтіндерімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 13 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319525; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319534; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319544 сілтемелер бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894586
Семей, Приозерск қалаларында жас жауынгерлер Отанына адал болуға ант берді 02.12.2024
Абай және Приозерск гарнизондарының әскери бөлімдерінде әскери ант беруге арналған салтанатты рәсімдер өтті. Абай гарнизонында Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстары мен Қарағанды, Шымкент қалаларынан шақырылған 300-ден астам сарбаз командирлердің, Қарулы күштер ардагерлерінің және туыстарының қатысуымен Отанға адал болуға ант берді.«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Азамат Кәкімжанов, 28738, 30217 әскери бөлімдерінің командирлері полковник Ермек Жұмағазин, подполковник Еркін Жоламанов жас сарбаздарды айтулы күнмен құттықтады. – Отанға қызмет етуге, оның мүдделерін қорғауға дайын болу – нағыз патриоттың басты қасиеті. Сіздер – елдің мақтанышы мен тірегісіздер, аға буынның жауынгерлік дәстүрлеріне лайықты болыңыздар. Әскери қызмет нағыз өмір мектебі болсын, – деді полковник Азамат Кәкімжанов. Еліміздің әр аймағынан келген жауынгерлердің туыстары мен жақындары салтанатты рәсімді мақтанышпен әрі толқумен тамашалады.– Бүгін біздің балаларымыз Отанның нағыз қорғаушысы болуға ант берді. Олардың өмір мектебінен лайықты өтіп, аман-сау үйге оралуын тілеймін. Әрдайым аспанымыз ашық болсын, – деді сарбаз анасы Райхан Жұмабекова. «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты Приозерск қаласының 06708 әскери бөлімінде 30 сарбаз әскери ант берді. Оларды әскерлер қолбасшысының орынбасары – «Астана» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы полковник Аслан Кітапбаев құттықтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894601
Аида Балаева «Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады 02.12.2024
Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған байқау биыл үшінші рет өткізілді.Лауреаттарды құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлестері үшін жазушыларға ризашылығын білдірді.– «Айбоз» әдеби сыйлығы – сөз өнерінің майталмандарын дәріптейтін, олардың шығармашылығын елге танытатын ерекше сыйлық, – деді министр.Сондай-ақ, ол мемлекет тарапынан руханият саласына ерекше мән беріліп, ұдайы қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.– Жыл сайын Жазушылар одағы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп алматылық 400 қаламгерге, Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп астаналық 80 қаламгерге қала әкімдерінің гранттары табысталуда. Министрлік кітап саласында да жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Мәселен, биыл қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді сатып алу бағдарламасына бойынша 52 авторға қаламақы төленді. Жаңа кітаптар алдағы жылы көпшілік оқырманға жол тартады. Ал қайта басып шығару бағдарламасы бойынша 2023 жыл 134 кітап жарық көрсе, биыл жыл соңына дейін 189 жаңа кітап ел кітапханаларына таратылмақ, – деді Аида Балаева.Биыл министрлік Қазақстан Жазушылар одағымен «Стратегиялық әріптeстік» орнату бойынша үш жаңа жобаны жүзге асырды:Жас қаламгерлер «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы негізінде еліміздің өңірлеріне барып, жаңа шығармалар жазды. Жыл соңына дейін қазақ әдебиетіне жиырма жаңа туынды қосылып, әр жас қаламгер 4 млн теңге көлемінде қаламақы алады;Жас қаламгерлерге арналған «Жазушылардың шеберлік мектебі» ұйымдастырылып, отандық және шетелдік беделді қаламгерлердің дәрістері мен шеберлік сыныптары өтті;«ТМД елдерінің архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» жобасы ұйымдастырылды.2024 жылы Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Герольд Бельгер секілді бірқатар қаламгерлердің мерейтойлық даталары кең көлемде атап өтілді.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жаңа мереке – 23 сәуір Ұлттық кітап күні белгіленді. Осыған орай министрлік «Ұлттық кітап» байқауын жариялады.Министр әдебиет саласын қолдауға арналған бірқатар маңызды бастамаларға назар аударды. «Айбоз» сыйлығынан бөлек, жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық, Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға арналған әдебиет саласындағы сыйлық, «Дарын» секілді бірқатар сылықтар мен байқаулар ұйымдастырылып келеді.Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан жас жазушыларға арналған «Алқа» әдеби клубы құрылды. Жас жазушылар Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығы және Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби тур өткізді.– Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны белгілі. Осы орайда, дарынды авторларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы еңбек мамандықтарының маңызын ашу мақсаттында жас қаламгерлерге арналған «Ерлік пен еңбек дастаны» байқауы жарияланғанын да айта кеткім келеді. Мұның бәрі ұлт әдебиетін, қаламгерлер қауымын қолдауға бағытталған кешенді жұмыстардың айқын көрінісі деп білеміз, – деп түйіндеді Аида Балаева.2024 жылы «Айбоз» сыйлығына 7 номинация бойынша 176 шығарма авторлары өтінім берді: «Үздік проза» – 57, «Үздік поэзия» – 37, «Үздік драматургия» – 16, «Үздік әдеби сын» – 13, «Үздік әдеби аударма» – 14, «Үздік балалар әдебиеті» – 31 және «Үздік комикс» – 8 өтінім.Жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша, тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен «Махамбеттің өлім жазасы» романының авторы Бекет Қарашин «Үздік проза» номинациясының жеңімпазы атанды, «Үздік поэзия» номинациясында – «Айкөркем» балладасының авторы Маралтай Райымбекұлы жеңімпаз болды. «Үздік драматургия» номинациясында ең көп дауыс Думан Рамазанның «Әзірет Сұлтан» пьесасына берілді. «Үздік әдеби аударма» номинациясы бойынша Рауза Мұсабаева «Таң жұлдызы» жұмысымен жеңімпаз атанды. «Үздік балалар әдебиеті» номинациясында Төкен Әлжантегінің «Қызықтың бәрі ауылда» шығармасы үздік деп танылды. Ал «Үздік әдеби сын» номинациясында Жүсіпбек Қорғасбектің «Сайтанның ойыны» еңбегі марапатқа ие болды. «Үздік комикс» авторы болып Жақсылық Сабитов «Жошы хан» жұмысымен танылды.Ұлттық әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрады.«Айбоз» – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық, ол отандық жазушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында беріледі. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894536
Қазақстандық өнерпаз Мәскеуде өткен Халықаралық байқауда бірінші орынды иеленді 02.12.2024
Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының 4-курс студенті Нұрсұлтан Әнуарбек Мәскеуде өткен XXVIII Халықаралық «Романсиада-2024» орыс романсы байқауында бірінші орынды иеленді.«Романсиада» – Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің қолдауымен өткізілетін маңызды байқау.Биыл бұл байқау 28-рет өтіп, ТМД елдері мен Еуропада аймақтық кезеңдері ұйымдастырылды.Осы кезеңдердің жеңімпаздары Мәскеуде өтетін финалға жолдама алды.Қазақстанда бұл байқау «Қазақ романсиадасы» атауымен Түркістан қаласында өтеді. Онда да Нұрсұлтан Әнуарбек жеңіске жеткен болатын.Нұрсұлтан Әнуарбек Италияда өткен «Caruso - De Curtis» халықаралық байқауында бірінші орын, сондай-ақ «Қазақ романсиадасы» байқауында Гран-при иегері. Басқа да көптеген беделді байқаулардың лауреаты.Сонымен қатар, ол бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/894597
ТЖМ қызметкерлері джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды 02.12.2024
27 қараша және 2 желтоқсан аралығында Польша Республикасы Миколув қаласында СOMBAT JU-JITsu бойынша әлем чемпионаты өтті. Бұл халықаралық жарысқа 32 елден 860 спортшы қатысып, өзара шеберлік көрсетті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болды.Қазақстан атынан сынға түскендердің қатарында Шымкент қаласы ТЖД жүргізушісі Акбар Елубайұлы, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №2 өрт сөндіру бөлімінің технигі Талант Тоқтыбаев және ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсету бөлімінің технигі Олжас Батырхан да болды. Жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметімен қатар, спортта да табысқа жеткен спортшыларымыз бұл жолы да үздік екендіктерін дәлелдеп, жүлделі орын алды. Акбар Елубайұлы 93 кг салмақта бірінші орынды алып, әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Ал Талант Тоқтыбаев 85 кг салмақта бірінші орын алып, алтын медальді иеленді және әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Олжас Батырхан 63 кг салмақта екінші орынды алып, күміс жүлдеге ие болды. «Әлемдік аренадағы жеңіс біз үшін жеке жетістік қана емес, еліміздің барлық құтқарушыларының жеңісі. Бірінші кезекте біз ТЖМ мен министрге қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Ең бастысы біздің бүгінгі жеңісіміз ғана емес, кез келген төтенше жағдайда біз қай жерде болмасын көмекке келуге дайынбыз», - деп атап өтті чемпиондар.Бұл жеңіс – спортшыларымыздың спорттық мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу спортының беделін халықаралық деңгейде көтеруге қосқан маңызды үлесі.Спортшыларымыздың жеңісі – ел мақтанышы, олардың табандылығы мен еңбекқорлығы жас ұрпаққа үлгі. Осы жеңістерімен спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және спорттық мансабында әрі қарай да табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/894611
ЖАМБЫЛ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМІ 460 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Жамбыл жедел медициналық жәрдем станциясына ағымдағы жылдың 10 айында 481 627 өтініш келіп түсті, оның ішінде 459 405 шақыртуға қызмет көрсетілді.Емханалардың жанындағы «жедел жәрдем» бригадалары 4-санат бойынша 167 519 шақыртуға, 1-санат бойынша 27 мыңнан астам шақыртуға, 2 -анат бойынша 156 778 шақыртуға және 3-санат бойынша 103 943 шақыртуға шықты.9 880 жағдайда телефон арқылы консультация берілді. Облыстың стационарларына 89 944 пациент жеткізілді. Есепті кезеңде 21 сәтті реанимациялық іс-шара өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894538
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БРИГАДАЛАРЫ 7 МЛН АСТАМ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем (ЖМЖ) бригадалары 7 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті.Өткен жылмен салыстырғанда шақыртулар санының артуына қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1%-ға артып, барлық жағдайлардың 51,7%-на жетті.«103»- ке шақырту түскен сәттен бастап пациентке жеткенге дейінгі ЖМЖ бригадасына жетудің орташа уақыты мынадай нормативке сәйкес келеді: жеделдіктің 1-санаты бойынша – 9 минут, жеделдіктің 2-санаты бойынша – 12,3 минут, жеделдіктің 3-санаты бойынша – 17,9 минут, 4-санат бойынша – 24,3 минут.ЖМЖ қызметі ел бойынша 20 дербес станциядан, 98 қалалық кіші станциядан және 232 аудандық бөлімшеден тұрады.Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі бригада жұмыс істейді, республика бойынша шұғылдықтың 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсету үшін МСАК ұйымдарының жанындағы ЖМЖ бөлімшелерінде 446 бригада жұмыс істейді.Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және 17 облыста шақыртуларды автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтандыру деңгейі 100%-ды құрайды.Бүгінгі таңда «жедел жәрдем» қызметінің теңгерімінде 2 355 бірлік, оның ішінде 1 482 бірлік қалада және 873 бірлік ауылдық жерде санитариялық автокөлік бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894541
ҚАЗАҚСТАНДА ТРАНСПЛАНТАТТАУ МАҚСАТЫНДА АҒЗАЛАРДЫ САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫ ӘЗІРЛЕНДІ 02.12.2024
University Medical Center-дегі қазақстандық кардиохирургтар командасы организмнен тыс ағзаларды сақтау үшін бірегей құрылғы жасау үстінде. Бұл трансплантатттау нәтижелерін айтарлықтай жақсарта алады, деп хабарлайды UMC.Жобаның шеңберінде мамандар соғып тұрған жүректі, сондай-ақ «тыныс алатын» өкпені және жұмыс істейтін бауырды сақтау үшін технологияларды әзірлеуде. Болашақта бүйрекке кеңейту жоспарлануда. Ағзаны өміршең күйінде кем дегенде 24 сағат сақтауға болады.Организмнен тыс жүрек қызметі 29 сағат бойы сақталуы мүмкін екендігі, кейін сәтті трансплантатталатыны ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда тек бір құрылғы - Transmedics компаниясының американдық OCS жүйесі ағзалардың өміршеңдігін қауіпсіз және тиімді сақтауға мүмкіндік береді.«Біздің құрылғымыздың американдықтан басты айырмашылығы - бұл оқшауланған ағзаға ұзақ қолдауды білдіреді және американдық аналогтан айырмашылығы, біздің жүйеде ағзадан тыс тіршілік ету кезеңінде ағзаны емдеу көзделген және біз бұл ағзаны ультрадыбыстық, тамырішілік артериялық зерттеу арқылы емдей аламыз, бағалай аламыз, бұл жүректі нәрлендіреді және осылайша реципиенттің ағзаға ие болуын және трансплантаттаудан бас тарту немесе дисфункция қаупінің болмауын және ең бастысы қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді», — деді «University Medical Center» корпоративтік қорының «кардиохирургия» клиникалық академиялық департаментінің директоры Тимур Лесбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/894543
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ұлытау облысына келді 02.12.2024
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ұлытау облысына келді. Жұмыс сапарының аясында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесуге қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар өңірдегі экология мәселесін көтерді. Кездесуден кейін Экология және табиғи ресурстар министрі мен Ұлытау облысының әкімі Жезқазған мыс қорыту зауытында болып, күкірт қышқыл цехын жаңғырту үшін қолға алынған жобамен танысты. Ол ауаға таралатын залалды қышқылдың көлемін азайтуға ықпал етпек. Келесі кезекте министр Ұлытау облысының орталығындағы ботаникалық бақтың жайын бақылады. Бақылау барысында аумағы 70 га-ға жуық орынды тиімді пайдалану, жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру жолдары талқыланды. Мақсат – облыс орталығын көгалдандыру жобасын қолға алу. Жұмыс сапарының соңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков аталған салада жұмыс атқаратын мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне жиын өткізді. Кездесу барысында өңір басшысы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының облыста жалғасып жатқанын және келер жылы облыстың абаттандырылу мен көгалдандырылуына арналатын жобаларға басымдық берілетінін жеткізді. Экология және табиғи ресурстар министрі өз кезегінде полигондардың жұмысын реттеу, өндіріс орындарындағы зиянды қалдықтардың ауаға таралуымен күресу, контейнерлер мен техникалар санын көбейту және Жезқазғанда жасыл белдеу қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Айта кетейік, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлытау облысының әкімдігі арасында өңірдегі экологиялық ахуалды қалыпқа келтіру үшін Жол картасы әзірленіп, бекітілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/894500
СҚО әкімі депутаттар алдында есеп берді 02.12.2024
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің дамуы туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Қатты су тасқынының зардабына қарамастан экономикада тұрақты өсім байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай тасқында бұзылған инфрақұрылымды қалпына келтіру және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Өңір басшысы аймақтың негізгі жетістіктеріне де тоқталып өтті. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте көптеген жобалар іске асуда. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа үйлер салынып, жолдар жөнделуде, су жүйелері жаңартылуда. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы да басты назарда. Ғауез Нұрмұхамбетов жылыту маусымының өтуі туралы да айтты.Депутаттар өңірдің өзекті әлеуметтік мәселелерін көтеріп, сауалдарын қойды. Бұл талқылаулар алдағы жұмыстың басымдықтарын нақтылауға көмектеседі. Сондай-ақ, ҚР мәслихаттарының 30 жылдығына орай облыс дамуына үлес қосқан депутаттар марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/894480
«Көркемсөз шебері»: Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті 02.12.2024
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ерекше сайыс өткізді. Бибігүл Төлегенова атындағы «Creative» мектебінде мемлекеттік және мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтарына арналған «Көркемсөз шебері» қалалық мәнерлеп оқу байқауының қалалық кезеңін өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Байқаудың мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балаларды көркем әдебиетпен таныстыру, тілін мәнерлі, бейнелі етуге машықтандыру, балалардың байланыстырып сөйлеу және мазмұндылығын, тілдің шығармашылығы мен мәнерлілігін, сөйлеу әрекеттеріндегі жеке қабілеттерін дамыту.Байқауға 68 балабақшадан 68 қатысушы (мемлекеттік балабақша – 39, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналасқан жекеменшік балабақшасы – 29) өз бақтарын сынады. №37 балабақшаның тәрбиеленушісі Айбегім Абітжан, «Алпамыс» балабақшаның тәрбиеленушісі Айсара Ескенова үздік танылып, «Астана дарыны» орталығының кубогын иеленді.І орын – 15 (№16 «Шағала» бб, №78 «Асыл» бб, №8 «Думан» бб, №67 «Шұғыла» бб, №9 «Нұршашу» бб, №18 «Аяжан» бб, №49 «Алтынай» бб, «Алпамыс» бб 5 тәрбиеленуші, «BI-BALA 2» бб 2 тәрбиеленуші, «Ақжол-РА» бб);ІІ орын – 21 (№52 «Еркетай» бб, №14 «Ақбөпе» бб, №86 «Зияткер» бб, №91 «Еңлік» бб, №23 «Алтын бесік» бб, №26 «Үміт» бб, №50 «Жұлдыз» бб, №51 «Алтын сандық» бб, №66 «Толағай» бб, «Бақытты бала IQ» бб, «Алпамыс» бб 5 тәрбиеленуші, ИРСУ «Аруана» бб 3 тәрбиеленуші, «Asyl besik» бб, «Kidz n Totz» бб, «Тәй тәй star» бб);ІІІ орын – 18 (№79 «Шабыт» бб, №31 «Ақ сұңқар» бб, №76 «Әдемі» бб, №54 «Нұр-Ай» бб, №35 «Ертегі» бб, №98 «Мирас» бб, №28 «Жұлдыз» санаториялық бб, №32 «Балдәурен» бб, №65 «Бал бала» бб, №68 «Балбұлақ» бб, «Ерке 2020» бб, «Исмар-К» бб, «Kidz n Totz» бб, «Asyl besik» бб 2 тәрбиеленуші, «Алпамыс» бб 3 тәрбиеленуші).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/894505
Алматы Катардағы халықаралық туристік көрмеде үздік дестинация деп танылды 02.12.2024
Катар астанасы Дохада өткен Qatar Travel Mart (QTM 2024) халықаралық туристік көрмеде Алматының стенді ұсынылды. Үш күндік көрмеге 60-қа жуық ел қатысып, іс-шараны 12 мыңнан астам адам тамашалады.Алматы стендінде өңірдің табиғи сұлулығы мен мәдени мұрасы таныстырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, дәстүрлі қазақ киімдерін киіп көруге және т.б. жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды. Көрме қорытындысы бойынша Алматы «Ең үздік туристік бағыт» номинациясында жеңімпаз атанды.Алматыны Visit Almaty орталығы, 6 қазақстандық туроператор және «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты таныстырды. Қазақстандық және шетелдік туроператорлар арасында 100-ден астам B2B кездесу өткізіліп, қалаға 13 мыңнан астам шетелдік туристің келуін көздейтін 44 келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер іскерлік байланыстарды нығайтуға және Алматыдағы туристік лекті арттыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.«Біздің мақсатымыз – Алматының бай туристік әлеуетін, оның табиғи ландшафттарын, мәдени және тарихи орындарын халықаралық серіктестерге, инвесторларға және туристерге таныстыру. Көрмеде Парсы шығанағы елдерінің тұрғындары үшін негізгі туристік бағыт ретінде қаланың позициясын нығайтуға ерекше назар аударылды, себебі бұл аймақ қалаға тұрақты жоғары қызығушылық танытып отыр», – деді Алматы қаласы Туризм басқармасының бас маманы Алмас Ақпаев.«Бүгінгі таңда Доха мен Алматы арасында тікелей әуе рейстері бар, бұл Қазақстанмен танысқысы келетін туристер үшін сапарды айтарлықтай жеңілдетеді. Кездесулер нәтижесінде Алматыға деген қызығушылықтың арта түсетініне сенімдіміз», – деп туристік компания өкілі Айша Шәкенова мұндай іс-шараларға қатысу халықаралық серіктестік орнатуға және Алматының әлемдік аренадағы орнын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.Көрмеге келген қонақтар Алматыны туристік бағыт ретінде жоғары бағалады.«Алматы – міндетті түрде барғым келетін қала. Ол туралы көптеген жақсы пікір естідім. Шамасы, бұл іскерлік туризмді, демалысты және экотуризмді тамаша үйлестіретін орын», – деді Катар азаматы Тарик әл-Кубайси.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/894509
Марат Қарабаев тұрғындарды онлайн форматта жеке қабылдады 02.12.2024
Көлік министрлігінің басшысымен ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн форматтағы қабылдауға Астана қаласы, Абай, Қарағанды, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының 12 тұрғыны жазылды.Жеке қабылдауда тұрғындар жол жөндеу мен қаржыландыру, жеке тасымалдаушыларға субсидия беру, елорданың айналма темір жолын салу, сондай-ақ Абай өңіріндегі көліктік бақылау инспекциясының жұмысы туралы сауалдар қойды.Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/894485