Enbekshi QazaQ

Қуқық

Бүгін СҚО-да еркін күрестен әлем чемпионы, жерлесіміз Нұрқожа Қайпановқа құрмет көрсетілді. 27.11.2024
🥇Спорттық жетістіктері үшін әлем чемпионына СҚО әкімінің құрмет грамотасы мен автокөліктің кілті табыс етілді. Жеке бапкері Сағындық Бейсембаевқа ақшалай сыйақы берілсе, Нұрқожаның ата-анасы Аралбек Қайпанұлы мен Перизат Қанатбайқызы СҚО әкімінің алғысына ие болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/890941
SUPER 10: Қарағандыда заманауи суретшілер көрмесі ашылады 27.11.2024
"Алтын ғасыр" галереясы 29 қарашада сағат 16:00-де заманауи өнер көрмесіне шақырады. "SUPER 10" жобасы Қарағандылық жеті суретшіні біріктірді.2014 жылы дарынды қарағандылықтар тобы Суретшілер одағына қабылданды. 10 жылдан кейін олар көрме жобасына қатысу үшін бірігу туралы шешім қабылдаған. Павел Боженков, Қуаныш Балабеков, Владимир Фатьянов, Галина Коломенская, Мариана Макеева, Сергей Шешенов және Евгений Ким өз жұмыстарын көрермен назарына ұсынбақ."Super 10" жобасы көрермендерді абстракция мен сюрреализмнен реализм мен минимализмге дейінгі әртүрлі стильдер мен әдістер бойынша қызықты саяхатқа шақырады. Көрмедегі әрбір жұмыс суретшінің жеке талантын ғана емес, сонымен қатар заманауи өнердегі жаңа идеялар мен өзекті тақырыптарды зерттеуге деген ұмтылысын көрсетеді", – дейді ұйымдастырушылар.Экспозиция 8 қаңтарға дейін жалғасады.Кіру тегін.Галереяның мекен-жайы: Комиссаров көшесі, 35а.Жұмыс уақыты: 10:00-ден 18:00-ге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890825
Қараша конференциясы: Қарағандыда бизнес өкілдері мен жоба әзірлеушілерге арналған кездесу өтеді 27.11.2024
"Террикон алқабы" it-хабы 29 қарашада өтетін кезекті конференцияға өтінімдерді қабылдауды бастады. Іс-шара айтишник пен digital-мамандарға бағытталған.Алты сарапшы әртүрлі саладағы білім және тәжірибесімен бөліседі. Спикерлердің әрқайсысы өз саласының маманы.Компанияның негізін қалаушы және коммерциялық директоры Hoster.KZ Виктория Бандельман "Компанияның түсінікті ұйымдық құрылымы – пайда мен өсудің негізі" атты дәріс оқиды.CEO Zima Blue, Sea ELDER Фарангиз Шукашева компанияларға стратегиялық шешімдер қабылдау үшін зерттеулер мен деректерді қалай тиімді пайдалану керектігін айтады.Тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботаревтің "Жеке Қаржы: қалай байып, жинаған қорды қалай жоғалтпау керек" тақырыбындағы дәрісі бюджеттеу, шығындарды басқару, тәуекелдерді басқару және салықтық жоспарлау тәрізді бағыттарды қамтиды.Aviata-дағы data engineer Ержан Кабыл "Data Science бойынша Kaggle-дегі міндеттерді шешу: Titanic кейсін талдау" тақырыбын таныстырады.Қазақстандағы Cloud mL СЭС Болат Қазкенов мансаптық жолды қалай құруға болатыны туралы құпиямен бөліседі.«Кotlin тілін қолдануға көшу және асинхронды кодтың артықшылықтары» тақырыбында неконференцияда NITEC компаниясының Staff Software Engineer-і Темірлан Аманбаев сөз сөйлейді. Формат: онлайн/офлайн. Басталуы: 18:30.Қатысушыларды сайтта тіркеу: terricon.kz."Террикон алқабы" it-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.Конференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архифтар басқармасының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890837
Қарағандыда шағын қалаларды дамытуға арналған "Қазақстан халқына" қорының тұжырымдамасы таныстырылды 27.11.2024
"Қазақстан халқына" Қоғамдық Қоры "Шағын қалалар – үлкен мүмкіндіктер" жаңа тұжырымдамасын әзірледі. Оны алғаш рет Қарағандыда таныстырып, бизнес-қоғамдастықты серіктестік құруға шақырды.Облыс әкімдігінде ірі компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесу өтті.– Бізде дайын бағдарламалар, бірқатар бағыттар бойынша сараптамалар бар. Бүгінгі кездесудің мақсаты – бірінші кезекте Қордың мүмкіндіктерін көрсету. Біз белгілі бір аймаққа назар аударуға дайынбыз. Қарағанды облысы – жаңа тұжырымдаманы ұсынып отырған бірінші аймақ. Біз өңірдің жергілікті атқарушы органдарымен жақсы қарым-қатынас жасаймыз. Облыс әкімдігімен бірлескен жобалар өте көп, – деп атап өтті "Қазақстан халқына" ҚҚ қайырымдылық бағдарламаларын үйлестіру және донорлармен өзара іс-қимыл орталығының басшысы Шыңғыс Шарапиев.Тұжырымдама шағын қалалардағы адамдардың өмірін жақсарту үшін үштік одақты қамтиды. Қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын нақты қажеттіліктерге бейімдей отырып, қордың, биліктің және жергілікті бизнестің өзара іс-қимылын кеңейту ұсынылады. Бұл тәсіл мәселелерді шұғыл шешуге мүмкіндік береді, дейді құжатты жасаушылар.Тұжырымдаманы іске асыру медицина және білім беру, әлеуметтік инфрақұрылым, мәдениет және спорт салаларын қамтиды.– "Қазақстан халқына" қоры бізге жаңа технологиялар, жаңа жабдықтар беріп қана қоймайды. Ол жаңа мүмкіндіктер береді. Бағдарламаларға сараптамалық сүйемелдеу, біздің мамандарды осы құрылғыларда жұмыс істей алатындай етіп оқыту кіреді. Өз кезегінде, біз жергілікті билік ретінде жабдықтарды орнатуға, кабинеттерді жөндеуге, инфрақұрылымға ақша бөлеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов. – Қор серіктестік қатынастарды ұсынады. Біз өз тарапымыздан көмектесуге дайынбыз. Облыс бюджеті әлеуметтік бағдарланған, шығыстардың жартысынан көбі әлеуметтік салаға тиесілі. Бірақ әлеуметтік жауапкершілік аясында бизнесті қолдау өте маңызды. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890833
Теміртау және Қарағандыда өтетін балаларға арналған Жаңа жылдық ертеңгіліктер 27.11.2024
Жаңа жыл жақындап қалды. Демек, балаларға арналған ертеңгіліктер де дайындалуда. Қарағанды және Темуртауда жас көрермендер назарына ертегі кейіпкерлерімен кездесу, ән салып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын шаралар ұсынылады. Ертеңгіліктердің өтетін орын мен уақыты төменде келтірілген.Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінЖаңа жылдық қойылым және «Цветик-семицветик» мюзиклі, 5+.Жазушы Валентин Катаевтың осы аттас ертегісі негізінде қойылған спектакль. Женя есімді қыз бала сыйлық ретінде сиқырлы гүл алды. Егер арманыңызды айтып, оны жұлып алсаңыз, гүлдің әр жапырақшасы бір тілекті орындайды. Бас кейіпкер қандай тілектер айтып, соңғы жапырақшаны қалай қолданғанын көрермендер ертегіден біледі.20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін0-ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған «Кішкентай жыланның шытырман оқиғалары» Жаңа жылдық қойылым және интерактивті ертегі.Кішкентай жылан Жаңа Жылды қарсы алуды армандайды. Ол жылы үңгірінен шығып, ертегіге келген достары қоян мен балаларды табады. Айлакер Қарға достарын алдап, олардан сыйлықтар салынған дорба мен шырша ойыншықтары салынған сөмкені тартып алуға тырысады. Ертегі соңы немен аяқталады: жақсылық немесе жамандықпен?«Буратино» театр-студияся20 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінЖаңа жылдық қойылым және «Сиқырлы ойыншықтардың құпиясы» қуыршақ ертегісі, 3+.Ертегі кейіпкері ғажайыптарға сенбейді. Ол тіпті көп ойыншықтарға риза болмайды. Алайда олар сиқырлы болып шығады. С. Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театры21 желтоқсаннан бастапШырша айналасындағы Жаңа жылдық қойылым және қазақ халық ертегісі «Ұр, тоқпақ» пен орыс халық ертегісі «Теремок» негізінде қойылған қойылымдарды таңдауға болатын екі спектакль бар. Қойылымдардың басты тақырыбы – зұлымдыққа қарсы күрес, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру. Спектакльдерге театрдың қуыршақ труппасы да, әртістер де қатысады.Кеншілер мәдениет сарайы20-нан 30-шы желтоқсанға дейінЖаңа жылдық ертеңгілік. Бағдарламада ойындар, конкурстар, билер, тәтті сыйлықтар, Аяз Ата, Ақшақар және мультфильм кейіпкерлері бар.С. Сейфуллин атындағы қазақ академиялық драма театры21–27, 30 желтоқсан 11:00, 13:30, 16:0028, 29 желтоқсан 10:00, 12:30, 15:00, 17:30Шырша маңындағы Жаңа жылдық қойылым және «Кірпі мен теңіз» философиялық ертегісі. Басты кейіпкер теңізді көру үшін жердің шетіне аттанбақшы. Қысқы ормандағы бақыт, достық және ғажайыптар туралы қойылым.Жас көрермендер театры21, 22, 28, 29 желтоқсан 18:004, 5 қаңтар, 18:00«Детективы на страже» театр квесті, 9+.Жаңа жыл қарсаңында әлемдегі ең ерекше мұражайда батыл қылмыс жасалды – басты жәдігер жоғалып кетті. Егер сіз оны уақытында қайтармасаңыз, онда қатерлі жағдай орын алады: уақыт артқа жылжып, Жаңа 2025 жыл болмайды! Жаңа жыл галактикааралық мұражайы жоғалған артефактіні іздеу үшін құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін шұғыл түрде детективтер тобын жинайды.21, 22, 28, 29 желтоқсан 12:00, 14:004, 5 қаңтар 12:00, 14:00«The Grinch и сказочный патруль» жаңа жылдық ертегісі 3+.Мерекені ұрлайтын Гринч тағы бір зұлымдықты ойластыруда: ол қуанышты мерекенің ең маңызды себебі – Жаңа жылды ұрлап кетті. Аяз Ата мен Ақшақарға көмектесуге ертегі патрулі – Маша мен Снежок асығады. Сиқырдың көмегімен кейіпкерлер Гринчті жеңуге және сүйікті мерекені қайтаруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890079
WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты сәтті аяқталды! 27.11.2024
WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты еліміздің түкпір-түкпірінен келген жүздеген талантты жастарды, сарапшылар мен тәлімгерлерді бір алаңда тоғыстырды. Жас мамандар арасында кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған бұл дода Қазақстанның білім беру саласындағы жаңа жетістіктерді көрсетті.Көптеген күндер бойы қатысушылар 30-дан астам құзыреттілік бойынша өз білімдерін, дағдыларын және шеберліктерін көрсете отырып, жоғары дайындық деңгейін, кәсібилікті және жеңіске деген ұмтылысты дәлелдеді. Бұл чемпионат тек қана кәсіби мамандардың арасындағы бәсекелестік емес, сонымен қатар жастардың болашақта ел экономикасына қосар үлесін арттырудың маңызды кезеңі болды.Алматы облысының жеңімпаздарыАлматы облысының қатысушылары бұл додада жоғары нәтижелер көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс, 1 қола және 5 медальон иеленді. Бұл облыстың кәсіби білім беру жүйесінің дамып келе жатқанын, жастардың ерекше қабілеттері мен күш-жігерін білдіреді.Толыбек Нұрсултан – Алматы облыстық қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық колледжінің 3-курс студенті, «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша 1-орын жеңіп алды. Оның кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қиялы жоғары деңгейде бағаланды. Толыбек Нұрсултанның табысы – бұл бүкіл Қазақстан үшін үлкен мақтаныш.Қожамбердиев Ертас – Алматы экономикалық колледжінің 3-курс студенті, «Наубайхана ісі» құзыреттілігі бойынша 2-орын иеленді. Ертас өзінің кәсіби біліктілігін және наубайханашы ретіндегі шеберлігін ерекше деңгейде көрсетті.Аметов Таиржан – Талғар политехникалық колледжінің 3-курс студенті, «Веб технология» құзыреттілігі бойынша 3-орын алды. Ол веб-технологиялар саласында өз дағдыларын жоғары деңгейде дәлелдеп, болашақта бұл салада үлкен жетістіктерге жететініне сенімділік ұялатады.Толыбек Нұрсултан чемпионаттың жеңімпазы ретінде 2025 жылы Дания елінде өтетін EuroSkills халықаралық чемпионатында Қазақстанның намысын қорғауға аттанады. Бұл халықаралық деңгейде талантын көрсетуге үлкен мүмкіндік болып табылады. Ол елімізді әлемдік ареналарда жоғары дәрежеде танытуға зор үлес қосады деп сенеміз.WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионаты – бұл тек қана кәсіби шеберлік байқауы емес, жастардың өз болашағын қалыптастырудағы маңызды кезең. Қазақстанның болашақ мамандары мен кәсіпкерлері осы секілді шаралар арқылы өз білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік алады.WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионатының жеңімпаздары мен барлық қатысушыларға үлкен табыс тілейміз! Бұл доданың нәтижелері жастардың кәсіптік білімге деген қызығушылығын арттырып, еліміздің экономикалық дамуына зор үлес қосатыны сөзсіз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/891003
Таза Қазақстан: Алматыда су басуға бейім учаскелер жойылды 27.11.2024
Алматыда су басудың алдын алуға және қаладағы су бұруды жақсартуға бағытталған арық желісін ауқымды жаңғырту жалғасуда. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жүргізілуде.Ағымдағы жылы әкім Ерболат Досаевтың бастамасымен қаланың әртүрлі учаскелерінде жұмыстар аяқталды: Алматының шығыс бөлігінде 15 көшеде 7,4 км арық желісі қайта жаңартылды, орталық бөлігінде 67 көшеде ұзындығы 30,1 км арықтар мен нөсер кәрізі жаңартылды, батыс бөлігінде (Алатау, Наурызбай және Әуезов аудандарында) 20,5 км арықтар салынды. Шаралар гидрологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, әсіресе су басу қаупі жоғары аймақтарда.Қала тұрғындары жасалған жұмыстар үшін алғыс білдіруде.«Полежаев көшесіндегі су басу мәселесі ақыры шешілгеніне өте қуаныштымыз. Бұрын қатты жаңбырда су тротуар деңгейіне көтеріліп, аулаларымызды су басып, үлкен қолайсыздықтар тудыратын. Бірақ жұмысты аяқтағаннан кейін жолға су жиналмайды және біз де жаңбырлы ауа-райында да алаңсыз жүре аламыз. Осы маңызды іске қатысқандардың барлығына рақмет!»,- дейді аудан тұрғыны Галина. «Мақатаев пен Жұмалиев көшелерінің қиылысын су басу барлық жергілікті тұрғындар үшін нағыз бас ауруы болды. Қатты жаңбырда су жолдарды басып қана қоймай, үйлердің жертөлелеріне дейін кіріп, күрделі мәселелер туғызатын. Қазір бұл жағдайдың өзгергеніне өте қуаныштымын-жасалған жұмыстардан кейін су жиналмайды. Енді біз жаңбыр жауып, бәрін қайтадан су басып кетеді деп қорықпай, көшеде емін-еркін жүре аламыз», - дейді көше тұрғыны Жұмалиева Ерлан.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда қыс мезгілі қарсаңында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында көше-жол желісін, қоғамдық орындарды, өзен арналарын, көше урналарын және арық желісін ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/890994
Үржар ауданында әлеуметтік нысандардың жағдайы тексерілді 27.11.2024
Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев басқарма басшыларымен бірге Үржар ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол негізгі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, оларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Науалы орта мектебі шатырының ағымдағы жөндеу жұмыстары тексеріліп, Көлденең орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарын жеделдету қажеттігі анықталды. Бауыржан Момышұлы атындағы мектебінде болған делегация қалпына келтірілген қазандық жұмысын көріп, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына назар аударды. Сондай-ақ мектеп асханаларының санитарлық жағдайы да назардан тыс қалмады.«Әлеуметтік нысандар заманауи талаптарға сай болуы керек. Біз үшін балалар мен қызметкерлердің қауіпсіз және жайлы жағдайда болуы маңызды. Ол үшін жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізіп, материалдық-техникалық базаны нығайту қажет», - деді облыс әкімінің орынбасары.Білім ошақтарынан бөлек, Науалы ауылындағы 250 орындық, Көкөзек ауылындағы 150 орындық ауылдық клубтардың қазіргі жай-күйі бақыланды. Ауылдық клубтардың қызметі тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға, халықтық ұжымдардың шығармашылығын дамытуға және жергілікті таланттарды тануға бағытталған. Екі жоба да Үржар ауданының 2025 жылға арналған кешенді даму жоспарына енгізілген.Сапар барысында «Үржар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығы» ғимаратының екі қабатты қосымша құрылысының жобасы қаралды. Қосымша ғимраттың жалпы ауданы 2083,8 шаршы метрді құрайды. Мұнда сегіз бағытта қызмет көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық және т.б. Мекеме жүйке-психикалық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға көмек көрсетеді.Жанай ауылында болған делегация күрес және бокс залы, дене шынықтыру залы, 40х20 метрлік шағын футбол алаңы орналасқан спорт модулін аралады. Жасұлан Сәрсебаев спорт инфрақұрылымының сапасын және оның жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді болу қажеттігін баса айтты.Іссапар барысында әкім орынбасары білім және мәдениет нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарын жеделдету, мектептерде санитарлық-техникалық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту, әлеуметтік және спорттық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту бойынша қосымша бағдарламалар әзірлеу, сондай-ақ білім беру және мәдениет саласының нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге назар аударуды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/890917
СПЕКА-ның сауданы дамытудағы және орнықты экономикалық өсудегі рөлі 27.11.2024
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда және сауда рәсімдерін оңайлатуға жәрдемдесу мәселелері бойынша уәкілетті орган ретінде көлік дәліздерінің тиімділігін арттыру, саудадағы кедергілерді азайту және сауда байланыстарын дамыту үшін халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Осы тұрғыда 2024 жылғы 26-28 қарашада Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан СПЕКА Экономикалық Форумы орнықты экономикалық өсімді қолдау мен өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды рөл атқарады.СПЕКА форумы Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуы мен әлемдік экономикаға ықпалдасуы мәселелерін талқылау үшін маңызды тұғырнама болып табылады. Форумның негізгі мақсаты 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы Күн тәртібін іске асыруды қолдау және «жасыл» экономика, энергетикалық тиімділікті арттыру және орнықты көлік желілерін дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін өңірлік бастамаларды ілгерілету болып табылады. 2024 жылғы СПЕКА экономикалық форумының мақсаттары:СПЕКА аймағындағы «жасыл» дамуды қолдау үшін өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетті мүмкіндіктерін талқылау.Мемлекеттік қызметшілері мен тиісті мүдделі тараптар арасында: әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік пен орнықтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; орнықты экономикалық қайта құрулар мен «жасыл» дамуға жәрдемдесуге, сондай-ақ «жасыл» технологияларды дамытуға бағытталған саясат пен стратегиялар саласында білім және тәжірибе алмасу.Жаңартылатын энергия көздерін дамыту және энергия тиімділігін арттыру, бұл сауда үшін жағдайларды жақсартуға және энергетика секторындағы шығындарды төмендетуге тікелей әсер етеді.СПЕКА-ға қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы сауда ынтымақтастығын нығайту, бұл саудадағы кедергілерді азайтуға және өңірдегі бизнес-орта үшін жағдайларды жақсартуға ықпал етеді.Форумның маңызды аспектілерінің бірі 2030 жылға дейінгі орнықты даму саласындағы күн тәртібі және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған Вена іс-қимыл бағдарламасы сияқты халықаралық күн тәртібіне сәйкес келетін ұлттық даму стратегияларын әзірлеу мүмкіндіктерін талқылау болады. Бұл стратегиялар көлік ағындарын жақсартуға, олардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға көмектеседі, бұл өңір елдерінің саудасы мен экономикалық интеграциясын дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/890999
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрығы 27.11.2024
Құрметті салық төлеушілер! ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 619 бұйрықпен ТІЖ ресімдеу және ЭШФ үзіндісі Қағидаларында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды: - тауар кодтарын ерікті қолдану (GTIN немесе басқалары); - 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде ТІЖ-ді міндетті ресімдеу; - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкелу/әкету кезінде килограммен «Нетто салмағы» міндетті түрде толтыру (көрсетілген мерзімге дейін ерікті түрде); ТІЖ бланкісін оңтайландыру: К, К1,К2, К3, К4 кіші бөлімдерінен тұратын К бөлімі жаңа бөлімге ауыстырылды (29 бағанға қысқартылды). Сондай-ақ, өзге де нақтылаулар мен редакциялық түзетулер енгізілді. ЭШФ АЖ веб-порталында ТІЖ бланкісін өзгерту 2024 жылдың желтоқсан айына жоспарлануда. Осыған байланысты ЭШФ АЖ сынақ серверінде https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда осы өзгерістерді өз есеп жүйелерінде ескеруге мүмкіндік бар. Әзірлеуші жинағы (SDK ТІЖ бланкі бойынша жаңартулармен) МКК сайтында жүктеп алуға болады https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1. Пайдаланушы нұсқаулығымен https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме бойынша танысуға болады. ТІЖ бланкілеріндегі өзгерістер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық поштаға хабарласуыңызды сұраймыз немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі бойынша.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/852688
ҚР ЭМ Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті 27.11.2024
2024 жылғы 26 қарашада ҚР Энергетика министрлігінде энергетикавице-министрі Бакытжан Ильястің қатысуымен Отын-энергетикалық кешен мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.Қоғамдық кеңестің мүшелеріне «СУНП» мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алудың ақпараттық жүйесін мемлекеттік меншікке беру туралы, ҚР Энергетика министрлігінің 2023 жылға және 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған бюджетін атқару туралы, зияткерлік жүйелерді енгізу үшін жалпы бірыңғай техникалық талаптардың болмауы туралы және елімізде «Энергия интернетін» енгізу бөлігінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ қызметі туралы есебі тыңдалды.Сонымен қатар отырысқа «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ өкілдері де қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/891004
Отандастарымыздың зейнетақы активтерінің 10 айдағы өсімі 3,7 трлн теңгеден асты 27.11.2024
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы активтері 21,6 трлн теңге болды. 10 ай ішінде 3,7 трлн теңгеден аса мөлшерге (20,8% жетті) өсті. Зейнетақы активтерінің жылдық өсімі – шамамен 4,4 трлн теңге (немесе 25,3%).Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қарашасына 20,7 трлн теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 24,5%, жыл басынан бері - 19,9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – шамамен 633,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 15,3% ағымдағы жылдың басынан бергі өсім – 11,5%. Ең үлкен өсімді (бір жылға – 47,3%, жыл басынан бері - 39,2%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,3 млрд теңгеден асады.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 10 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 194,9 млрд теңгеден асты.ТүсімдерЗейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кірістер есебінен ұлғаяды. 2024 жылдың 10 айындағы салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,2 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,7% немесе 514,6 млрд теңгеге артық).Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.11.2024 жылға дейін шамамен 2 трлн теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 94,5 млрд теңге (өсім 19,8%), ЕЗЖ – 2,6 млрд теңге (өсім 38,0%) жиналды.БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.11.2024 ж. шамамен 2,4 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 1,1 трлн теңгеге (немесе 92,8%) артық.Төлемдер мен аударымдар2024 жылдың 10 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 990 млрд теңге болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есеге жуық мөлшерге көп.429,1 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 171,6 млрд аса теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,8% жоғары.Сондай-ақ, жыл басынан бергі 10 ай ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 50,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 33,9 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 2,5 млрд теңгеден аса, жерлеуге төлемдер – шамамен 8,4 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 294,1 млрд теңгеден астам сома аударылды.Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 865 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды. ЖЗШ саны2024 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 16,9 млн бірлік (шоттар саны жыл басынан бері 4,6 млн аса бірлікке немесе 37,5%-ға, бір жылда – 37,9%-ға өсті). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 қарашасына шамамен 12,5 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11,1 млн - МЗЖ бойынша, 705,8 мың - МКЗЖ бойынша, шамамен 433,5 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЖМЗЖ ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - шамамен 4,5 млн бірлік. Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/890847
4 млн-нан астам қазақстандық жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен қамтылған 27.11.2024
2024 жылдың тоғыз айындағы жұмыс берушілер 4 млн 363,2 мың жұмыскердің пайдасына 170 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарналарын аударды.Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда өз жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі – ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен, биыл 1,5 %-дан 2028 жылға қарай 5%-ға дейін енгізу басталды.Жұмыс берушілердің ЖМЗЖ аударуы жұмыскерлерді қартайған шағында өмір бойы қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Аталған шара қазақстандықтардың жас ұрпағын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады. Олардың зейнетақысы үш компоненттен құралады: мемлекеттен базалық зейнетақы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы аударымдар есебінен – жинақтаушы жұмыс берушілердің жарналары есебінен – зейнетақы және шартты-жинақтаушы зейнетақы.ЖМЗЖ төлеуді жұмыс берушілер 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туылған адамдар үшін ғана жүзеге асырады.ҚР Салық кодексіне сәйкес ЖМЗЖ төлеу бойынша жұмыс берушінің шығыстары салық салынатын табыстан шегерімге жатқызылғанын атап өту қажет. Тиісінше, жұмыс берушіге жүктеме қолайлы деңгейде қалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/890882
12,8 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды 27.11.2024
2024 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша 12 835 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (бұдан әрі – АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 13 673 адам өтініш білдірген.Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 151 адам жүгінді, оның ішінде 3 037 адамға тағайындалды.Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 10 522 адам өтініш білдіріп, оның 9 798-іне тағайындалған.Сондай-ақ, 351 азамат сақтандыру компаниясымен зейнеткерлік аннуитет шартының жасалуын күтуде, 119 азамат СМС хабарламаға жауап бермеген. Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 368 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылды.Өңірлер бойынша арнаулы әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш білдіргендердің ең көп саны Қарағанды (2 көзден – 538 адам, 4 көзден – 1 835 адам), Қостанай (2 көзден – 340 адам, ал 4 көзден – 1 151 адам) және Шығыс Қазақстан (2 көзден – 283 адам, ал 4 көзден – 1 173 адам) облыстарында тіркелген.Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.БЖЗҚ деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілер кәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады, олардың 2,3 мыңнан астам позициясы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемді экономиканың 17 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде және өзге де салаларда жұмыс істейтін қазақстандықтар ала алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/890915
Астанада кейбір учаскелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі 27.11.2024
Елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде 2024 жылғы 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Сонымен Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі: Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін) және Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін.Дайындық іс-шараларына ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстарын пайдалану көзделген.27 қарашада ҚР ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған.Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/890794
Жамбыл облысында 1 400-ге жуық мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыспен қамтылды 26.11.2024
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің баяндамасы тыңдалды.Жамбыл облысында 45 571 адамның мүгедектігі бар.Биыл осы санаттағы азаматтарды әлеуметтік-психологиялық, медициналық оңалтуға 4,3 млрд. теңге бөлініп, жоспар 93,9 пайызға орындалды. Сонымен бірге әлеуметтік қызметтерге 2,6 млрд. теңге қаралды.18 медициналық-әлеуметтік мекемеде мүгедектігі бар 944 адам мен 415 балаға арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.Биыл 259 нысанды ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеу жоспарланып, 189 ғимаратта жұмыстар аяқталды.Инватакси қызметін 2300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат пайдаланады. Ол үшін арнайы жабдықталған 32 арнайы автокөлік қарастырылған.Ағымдағы жылдың 1 қарашасындағы мәліметке сәйкес мүгедектігі бар 2 150 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Оның ішінде 679 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, 102 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 715 азамат тұрақты жұмыс тапты.Аппараттық кеңесте Тараз қаласы мен аудан әкімдері әлеуметтік нысандарды бейімдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамту бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді.Облыс әкімі мүгедектігі бар азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауды, тұрақты жұмыспен қамтуды, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін мамандардың біліктілігін арттыруды назардан тыс қалдырмауды талап етті.Ербол Қарашөкеев кейбір жекеменшік нысандардағы пандустың стандартқа сай келмейтінін, тіпті қарапайым адамның мініп-түсуі мүмкін емес екенін айта келе, бұл бойынша облыстық әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Аслан Оразбековке қатаң шаралар қабылдауды ескертті.Бұдан бөлек, мүгедектікті тағайындау бойынша халықтың арыз-шағымына назар аударды. Жауаптыларға заң аясында медициналық-әлеуметтік сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін ұсыныс әзірлеуге 1 ай уақыт берді.- Науқастарды әуре-сарсаңға салуды тоқтату қажет, — деген облыс әкімі мүгедектігі бар азаматтардың мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.Аппараттық кеңесте мүгедектігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлішер Әзімбай баяндама жасады.Облыста ерекше білім беруді қажет ететін 9 468 бала бар, оның 7 120-на білім мен тәрбие берілуде.447 жалпы білім беретін мектептің 89 пайызы, 224 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің 81 пайызы инклюзивті білім беруге лайықталған.Ербол Қарашөкеев мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы инклюзивті біліммен қамту жұмыстарын одан әрі жандандыруды, Тараз қаласынан қосымша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орталығын ашу бойынша нақты ұсыныс әзірлеуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/890812
БҰҰ-ның климат жөніндегі өткен конференциясының (СОР29) қорытындысы айтылды 26.11.2024
Бүгін Әзербайжан астанасында өткен БҰҰ-ның басты Климаттық саммиті - COP29 қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.Спикерлер ретінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрілігі Климаттық саясат департаментінің басқарма басшысы Ш.Тастемірова, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері, халықаралық сарапшылар сөз сөйледі.Естеріңізге сала кетейік, Баку қаласында БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясы аяқталды, оған 200-ге жуық елдің өкілдері қатысты. Бұл іс-шара климаттық өзгерістермен күресуге бағытталған ұжымдық шешімдер қабылдаудың және компромистерді іздеудің маңызды құралы болды.Панельдік сессиялар аясында Қазақстан өкілдері проблемалық мәселелерді белгілеп қана қоймай, елімізде белсенді дамып келе жатқан бірқатар бастамаларды таныстырды. Атап айтқанда, аграрлық сектор үшін тиімді шешім - топырақтың құнарлылығын қалпына келтіретін Ecosystemic Regenerative Agriculture (ERA) әдіснамасы ұсынылды. Сондай-ақ халықаралық жұртшылыққа Қазақстанның жаңартылған ұлттық белгіленген үлесі шеңберінде іске асырылатын Қазақстандағы көміртекті жою саласындағы алғашқылардың бірі болып табылатын жоба таныстырылды (NDC 3.0).Сонымен қатар, Қазақстан инновацияларды, экологияны және экономикалық пайданы табысты үйлестіре отырып, регенеративті шешімдер саласында өңірлік көшбасшы болуға сенімді түрде бара жатқаны атап өтілді. Бұл мәлімдеме транспаренттілік туралы екі баяндамамен бекітілді. БҰҰ КӨНК талаптарына сәйкес, әрбір қатысушы ел екі жылда бір рет парниктік газдардың жыл сайынғы шығарындыларын тіркейтін климаттық есептерді ұсынуы керек. Біздің елден басқа Жапония, Испания, Түркия, Сингапур және Нидерландыда да осындай ауқымды жұмыстар атқарылды.Конференцияның маңызды қорытындыларының бірі, 2026 жылы Қазақстанда климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі бірлескен стратегиялар мен шешімдерді әзірлеу үшін платформа болатын келесі өңірлік Климаттық саммитті өткізу туралы оң шешімді атап өтуге болады.Біздің еліміз ашық және сындарлы диалогқа жағдай жасауға, сондай-ақ үздік тәжірибелер мен инновациялармен алмасуға жәрдемдесуге ұмтылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/890796
Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (ЖЭҚ ШГБ) 26.11.2024
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі және БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) аясында жұмыс істейтін Қазақстандағы Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (ЖЭҚ ШГБ) жұмыстың жетінші операциялық кезеңін іске асыру шеңберінде гранттық конкурсқа қатысу үшін жобалық өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.Өтінімдер тек тіркелген қазақстандық коммерциялық емес үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан (ҮЕҰ) қабылданады. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан, коммерциялық құрылымдардан (ЖШСжәне т.б.) және ғылыми-зерттеу ұйымдарынан жобалық ұсыныстар қарастыру үшін қабылданбайды.Жобалық ұсыныстар 2 тақырыптық саланың бірінде іс-шараларды іске асыруға бағытталуы тиіс, олар:Климаттың өзгеруінің салдарын азайту;Жердің тозуы процестерін төмендету (климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелерін ескере отырып).Жобалық іс-шаралар дала, шөлейт немесе шөлейтті экожүйелерге теріс әсерді азайтатын шараларды енгізуге бағытталуы тиіс. Географиялық тұрғыдан жобалау жұмыстары келесі облыстардың: Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Алматы, Жетісу, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының ауылдық және қала маңындағы аймақтарында шоғырлануы керек. Облыс орталықтары, сондай-ақ Шымкент, Астана және Алматы қалалары мәлімделген жобаларды жүзеге асыру орны бола алмайды.Жобалар жергілікті қоғамдастықтардың (оның ішінде әйелдер, жастар, халықтың осал топтары сияқты топтардың) әл-ауқатын арттыру жөніндегі тетіктер мен іс-шараларды және оларды жобаны іске асыруға белсенді тартуды қамтуы тиіс. Желілік серіктестікке және бірнеше ҮЕҰ-ның жобалық іс-шараларын бірлесіп жүзеге асыруға негізделген жобалар құпталады.Гранттық қаржыландыру мөлшері 50,000 АҚШ долларынан аспауы керек. Жобаны іске асыру мерзімі:12 айдан аспайды.Жобаларды таңдау кезіндегі қосымша басымдықтар[i]Осы конкурс аясында жобаларды іріктеу кезінде келесі басым бағыттар ескеріледі:Жобаның инновациясы мен күрделілігі: жаңа технологиялар мен ресурстарды ұйымдастыру әдістерін енгізуді, қоғамдастық ішіндегі өзара іс-қимылды жақсартуды, сондай-ақ түпнұсқа өнімдер мен қызметтерді құруды қоса алғанда, аймақ үшін жобаның жаңашылдық дәрежесі.Жобаның тұрақтылығы: көрсетуге ұсынылатын технологиялар мен тәсілдер ауқымды болуы керек.Географиялық көлемі: Қостанай облысында жүзеге асырылатын жобалар.Климаттың өзгеруін азайту: Жаңартылатын энергия көздерін ынталандыру, энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, терможаңғырту және т.б.Серіктестік және ынтымақтастық: Басқа донорлармен, даму ұйымдарымен және бағдарламаларымен, жеке сектормен және т.б. серіктестікте жүзеге асырылатын жобалар.Әлеуметтік инклюзия: әйелдерге, жастарға және басқа да әлеуметтік осал топтарға бағытталған жобалар.Гранттық конкурсты өткізу мерзімі: 2024 жылғы 26 қарашадан 9 желтоқсанға дейін.ЖЭҚ ШГБ-ның жетінші операциялық кезеңі шеңберінде грант алушылардың әлеуетін арттыру және консультациялық қолдау жөніндегі компонент көзделген. Осы компонент шеңберінде оқыту конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады. Толығырақ ақпаратты 1-қосымшадан таба аласыз.Қосымша ақпарат алу үшін Сіз ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасына sgp.kz@undp.org электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз.Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер өздерінің жобалық ұсыныстарын қоса берілген форматқа сәйкес, sgp.kz@undp.org электрондық поштасына жіберулері тиіс.Оқыту, жобалар санаттары, әр тақырып бойынша мүмкін болатын қызмет түрлері, жобаларды іріктеу өлшемшарттары, жобалық ұсыныс форматы және т.б. бойынша толығырақ ақпаратпен, конкурсқа қатысты материалдармен осы хабарландыруға қосымшаларда танысуға болады:1- қосымша. Онлайн оқыту және консультациялық қолдау;2-қосымша: Ықтимал қызмет түрлері және жобаларды іріктеу өлшемшарттары;3-қосымша: Жобалық ұсыныс форматы.[i] Жобалар қосымша басымдықтарға сәйкес келетін жобаларға артықшылық бере отырып, Шағын гранттар бағдарламасының шарттарына сәйкес келуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/890802
Бесқарағай ауданының шалғай ауылдары интернет желісіне қосылады 26.11.2024
Бесқарағай ауданының Ерназар, Қоянбай ауылдары мен «Морозов» орман шаруашылығында интернет желісін орнату жұмыстары басталды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін маңызды оқиға. Өйткені, бұл мәселенің шешімін тұрғындар жылдар бойы күткен.Интернетке қосылу жайы аудан әкімі Талғат Мұратовтың өткен жылы халықпен кездесуінде көтерілген болатын. Мәселе егжей-тегжейлі зерттеліп, қажетті мақұлдаулардан кейін жұмыс басталды.Жоспар бойынша монтаждау жұмыстары желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аяқталады. Осыдан кейін интернет барлық ауыл тұрғындарына қолжетімді болмақ.«Бұл көптен күткен қуаныш. 2019 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе көңіл қуантарлық нәтижемен аяқталмақ. Ғаламтор жастарымыздың білім алуына, еңбек етуіне жаңа мүмкіндіктер ашады», – дейді Қоянбай ауылының тұрғыны Медет Ахметжанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/890797
Таразда Д.И. Менделеев атындағы РХТУ филиалы ашылды 26.11.2024
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің базасында Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті филиалының салтанатты ашылуы өтті.Салтанатты рәсімге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Евгений Пак, Д.И. Менделеев атындағы РХТУ ректорының міндетін атқарушы Евгений Румянцев қатысты.Мемлекет басшысының беделді шетелдік жоғарғы оқу орындарының филиалалын ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті – РХТУ – «Қазфосфат» ЖШС білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық пен қос диплом бағдарламасын іске асыру туралы үшжақты келісімге қол қойған болатын.-Президент білімге деген көзқарасты өзгерту қажет екенін, әсіресе техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін қадап айтты. Бізге инженер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыру қажет.Жамбыл облысы – химия өнеркәсібінің отаны! Өндіріс өлкесіндегі ірі зауыттар саланың айнасы әрі бастауы десек қателеспейміз. Облыс орталығында аталған филиалдың ашылуы – химия индустриясын одан әрі дамытудағы маңызды қадамның бірі, — деді Ербол Қарашөкеев.Сондай-ақ ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен РФ ғылым және жоғары білім министрі Валерий Фальковтің құттықтау хаттары оқылды.Жаңа оқу жылынан бастап РХТУ филиалында алғашқы топ құрылып, 30 жамбылдық студент «бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша білім алуда.Филиал ғимаратында 4 зертхана, 2 компьютерлік сынып, конференц-зал және аудитория қарастырылған.Жоғары білім беру нысанын күрделі жөндеуге және жабдықтарды жеткізуге «Қазфосфат» ЖШС қаражат бөлді.Өткен жылдың мамыр айында химия өнеркәсібі саласы бойынша ТМД-да тұңғыш жүзеге асырылған желілік кампус жобасы іске қосылды. «2+1+1» бірлескен білім беру бағдарламасы аясында болашақ химик-технологтар алғашқы екі курсты М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде, ал үшінші курсты Д.И. Менделеев атындағы РХТУ-де оқиды. Төртінші курстыТаразда жалғастырып, білім алумен қатар «Қазфосфат» ЖШС-де тәжірибесін шыңдайды.Өңір мектептерінде жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін тереңдетіп оқыту жүйесін ұйымдастыру үшін Менделеев сыныптары ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/890803