Қуқық
Астанада батуттық гимнастикадан қалалық чемпионат өтіп жатыр 22.11.2024
Астанада батуттық гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жарыста Астана қаласы әкімдігінің №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері, жергілікті жеке клубтардың спортшылары және Петропавл қаласынан келген 170 қатысушы бақ сынап жатыр.«Астанада батуттық гимнастикамен 361 спортшы айналысады. Оның ішінде 124 спортшы №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде жаттығады. Бүгінгі ашық чемпионат қалада 2-3 жылда бір рет өтеді. Чемпионаттың нәтижесінде үздік спортшылар іріктеліп, Астана қаласының құрамасы жасақталады. Бұл жарыс жас спортшыларға жоғары жетістіктерге жетуге жаңа мүмкіндіктер ашып, қаланың спорттық өмірінде маңызды кезең болып саналады. Сонымен қатар елордада батуттық гимнастиканың дамуына үлкен серпін береді», – деді Астана қаласының Батуттық гимнастика федерациясының атқарушы директоры Нұрбол Тоқпанов.Айта кетейік, жарыс Қорғалжын тасжолы, 2А мекенжайында орналасқан Батуттық гимнастика орталығында өтіп жатыр. Чемпионат 23 қарашаға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888897
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Торлан су қоймасынан су жіберетін қашыртқыны қалпына келтірді. 22.11.2024
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Торлан су қоймасынан су жіберетін қашыртқыны қалпына келтірді. Нысан үй ауласындағы бау-бақшаларды сумен қамтамасыз етуге арналған. Су қоймасының жалпы сыйымдылығы 1.9 млн текше метр. Сондай-ақ, су қоймасынан Шолаққорған ауылына дейінгі жалпы ұзындығы 21 шақырым жерасты құбыры салынды. Қалпына келтіру тасқын суды қауіпсіз аймаққа бағыттауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/888969
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды 22.11.2024
✔️Заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.✔️Түзетулердің бірінші блогы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қоюды, есепке алуды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму және қолдау институтын құруды көздейді.✔️Сонымен қатар Отбасы банкі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруді жалғастырады.✔️Отбасы банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескереді. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.✔️Түзетулердің екінші блогында тұрғын үйге мұқтаж адамдар үшін қосымша кепілдіктер енгізу қарастырылған.✔️Түзетулердің үшінші блогы мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілген тұрғын үйді иелену және пайдалану тетігін регламенттейтін ережелерді толықтырып, нақтылайды.✔️Түзетулердің төртінші блогы жер заңнамасының жекелеген ережелерін, құрылыс, жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/888996
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі 22.11.2024
Қарулы күштер Тылы бастығының басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметтердің (жанар және жағармай материалдары қызметінің) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт ЖЖМ қызметінің жұмысын ұйымдастыру бөлігіндегі құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленді.Нұсқаулық жанар және жағармай материалдарымен, арнайы сұйықтықтармен, техникалық құралдармен жабдықтау және олардың сапасын қамтамасыз ету мәселелерін егжей-тегжейлі баяндайды. Сондай-ақ, құжатта улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу, қауіпсіздік шараларын сақтау және өрттен қорғау тәртібі анықталған.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15302943 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/888916
Өскемендегі әскери бөлімде ағайынды егіздер қызмет етеді 22.11.2024
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде ағайынды егіздер мерзімді қызмет өткеруде.Түркістан облысының тумалары Нұрсұлтан мен Жансерік Жақсан бала күнінен бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Ағайынды егіздерде әскерге барамыз ба не ьармаймыз ба деген ой болған емес. Олар қолына шақырту алған күні-ақ жергілкті әскери басқару органының табалдырығын еш ойланбатан аттады.Алғашында жігіттер әртүрлі бөлімшелерге бөлінді. Командир ағайындылардың біріне тапсырма беріп, оны екіншісінен орындауды талап еткен күлкілі жағдайдан соң ғана бәрі жігіттердің егіз екенін білді.Олар одан әрі қызметін бір бөлімшеде жалғастырды. Полигондарда және кез келген күнделікті қызметте жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде Нұрсұлтан мен Жансері бір-біріне ғана емес, қолдауды қажет ететіндерге де үнемі көмектеседі. Жарты жылдан кейін әскери бөлімге Өскеменнен тағы да егіз ағайынды Мәди мен Әли Романовтар келді. Олардың тарихы көптеген әріптестердің қызығушылығын тудырды. Кейін белгілі болғандай, Мәдидің әскерге бара жатқанын білген Әли оқу орнынан академиялық демалыс алып, ағасының соңынан әскерге тартып отырған.Қазір Мәди мен Әли әскери өмірге бейімделіп, дайындықтан өтуде. Егіз бауырлармен Нұрсұлтан мен Жансерік те өз тәжірибелерін бөлісіп, оларға қамқорлық көрсетіп тұрады. – Басшылықтың, аға жолдастардың тұрақты қолдауының және күнделікті сабақтардың арқасында біз көп нәрсені үйрендік. Нұрсұлтан мен Жансерікке де ризамыз. Олар бізді өздері егіз болған соң бізді тезірек түсінеді, әрі осында игерген нәрселерін жеткізуге тырысады, – дейді ағайынды Романовтар.Осындайда ағайынды әрі әріптестер егіздерге қарап, кез келген қиындықты тек бірге жеңуге болатындығын түсінуге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/888933
Қазақстан СІМ-де еліміздің Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялағанына 30 жыл толуына арналған пошталық маркаға салтанатты мөр басу рәсімі өтті 22.11.2024
Астана, 2024 жылғы 22 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Бала құқықтары туралы конвенцияны (БҚК) Қазақстан Республикасының ратификациялағанына 30 жыл толуына және Бүкіләлемдік бала күніне арналған ескерткіш пошта блогына мөр басу салтанатты рәсімі өтті.БҚК Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ратификациялаған халықаралық келісімдердің бірі болды. Осы арқылы еліміз әр бала үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша жаһандық міндеттемелерді өз еркімен қабылдады. Конвенция балаларға қолайлы қоғам құрудың негізгі құжатына және Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының негізіне айналды.Рәсімге ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Рашед Мұстафа Сарвар және «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі Талғат Ғазизов қатысты. Шараға сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Өз сөзінде Д.Теменов Бала құқықтары туралы конвенцияның маңыздылығын тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін де ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында балалардың әл-ауқатын жақсартуды «Қазақстан мемлекеттік саясатының басты басымдығы» деп атағанын еске салды. Дипломат ұлттық деңгейде балалар құқықтарын жүзеге асыруға қолдау көрсеткен барлық серіктестерге алғысын білдіріп, болашақтағы тиімді ынтымақтастыққа сенімін жеткізді.Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі соңғы 30 жылда Қазақстан мен ЮНИСЕФ балалардың әл-ауқатын жақсарту бағытында бірлесіп жемісті жұмыс атқарғанын атап өтті. Бұл денсаулық сақтау, білім беру және балаларды қорғау салаларындағы айтарлықтай прогресті қамтиды. «Бұл мерейтой тек өткенді қорытындылауға ғана емес, жаңа сын-қатерлер мен басымдықтарды анықтауға да мүмкіндік береді. Әр балаға қолдау көрсету үшін тұрақты шешімдер әзірлеуді жалғастыру және олардың құқықтарын тұрақты даму мақсаттарына сәйкес қорғау өте маңызды», – деп атап өтті ЮНИСЕФ өкілі.Өз тарапынан Т. Ғазизов «Қазпошта» компаниясының СІМ және ЮНИСЕФ бастамасын мақтанышпен қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, «ескерткіш пошта блогы маңызды әлеуметтік мәселелерге назар аударып, балаларға Қазақстан бойынша тең мүмкіндіктер жасау жолындағы ортақ мақсатымызды білдіреді».Анықтама: Бала құқықтары туралы конвенция Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен ынтымақтастығының негізі болып саналады. 1994 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасында ынтымақтастық туралы Негізгі келісімге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/888953
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша семинар өтті 22.11.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының өзекті міндеттері мен алгоритмдерін түсіндіруге арналған онлайн-семинар өткізді.Семинар аясында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мәселелері қаралды. Этностардың қоғамдық келісімі мен интеграциясын нығайту үшін этносаралық коммуникацияларды дамыту, жастар арасында патриотизм мен жалпыазаматтық құндылықтарды қалыптастыру, этносаралық инциденттердің уақтылы алдын алу және этномедиация институтын дамыту жайы талқыланды.Қатысушылар профилактикалық жұмысты күшейту және мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара байланысты нығайту бойынша практикалық ұсыныстармен алмасты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888923
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды 22.11.2024
«Бауырына салу» фильмінің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде «Үздік операторлық жұмыс» жүлдесін еншіледі.Асхат Кучинчирековтің «Бауырына салу» фильмі Қазақстан атынан ресми түрде «Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясында 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына ұсынылды.Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.Айта кетейік, «Бауырына салу» фильмінің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті. Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888988
«Қорғаныс министрінің кубогы» қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы: біздің чемпиондардың жеңісі 22.11.2024
20-22 қараша аралығында Астанада Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы өтті, оған 15 елден (Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Испания, Италия, Швейцария, Марокко, Үндістан және т.б.) 200-ден астам спортшы қатысты.Осы жарыстың қорытындысы бойынша ТЖМ құрамасының мүшелері құрамында 1 ер адам және 9 әйел мынадай тәртіпте 6 қола, 2 күміс және 2 алтын медаль жеңіп алды:«Өзін-өзі қорғау» тәртібі бойынша:50 кг салмақ санатында 2-орынды Жұмадиева Ақерке (Қызылорда облысы ТЖД);50 кг салмақ санатында 3-орынды Асылбекова Сағыныш (Астана қаласы ТЖД);70 кг салмақ санатында 3-орынды Чеботарева Мария (Қарағанды облысы ТЖД);90 кг салмақ санатында 3-орынды Ілияс Сарғазин (Ақмола облысы ТЖД) иеленді.«Сайыс» тәртібі бойынша:Супер абсолютті салмақ дәрежесінде 1-орын Абай облысы ТЖД Жұматаева Талшын (Абай облысы ТЖД);53 кг салмақ санатында 1-орынды Ларионова Эмилия (Атырау қаласы ТЖД);+70 кг салмақ санатында 2-орынды Беркинбаева Аружан (Түркістан облысы ТЖД);48 кг салмақ санатында 3-орынды Асылбекова Сағыныш (Астана қаласы ТЖД);64 кг салмақ санатында 3-орынды Чеботарева Мария (Қарағанды облысы ТЖД);70 кг дейін салмақ санатында 3-орынДЫ Жұматаева Талшын (Абай облысы ТЖД) иеленді.Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлері Қазақстан Қорғаныс министрінің кубоктары мен сыйлықтарымен марапатталды. ТЖМ қызметкерлері «Batyr team» ведомстволық спорт клубының құрама командасының құрамында бүгін министрлікті халықаралық турнирлерде табысты таныстыруда.Біздің спортшыларды әлемдік жарыстардағы жетістіктерімен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888981
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҮШІН ЖАҢА САНИТАРИЯЛЫҚ АВТОКӨЛІК БЕРІЛДІ 22.11.2024
Жамбыл облысының медициналық ұйымдарына 4-санаттағы жедел жәрдемді қоса алғанда, 33 жаңа санитариялық автокөлік берілді.Бекітілген нормаларға сәйкес облыста медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету үшін санитариялық автомобилдерге қажеттілік 272 бірлікті құрайды.Облыстың аудандық медициналық ұйымдарында 235 санитариялық автокөлік бар, оның 112-сі толығымен тозған. Сондықтан әкімдік ескірген автомобилдерді жоспарлы кезең-кезеңімен ауыстыруды жүзеге асырады.Жыл басында жергілікті бюджеттен 40 санитариялық автокөлік берілді. Қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен тағы 33 автокөлік сатып алуға қаржы көзделген. Оның ішінде 20 автокөлік медициналық мекемелерге салтанатты түрде берілді, қалған 13 көлік жыл соңына дейін жеткізіледі.Жаңа көліктер ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға және төртінші санаттағы шақыртулар үшін жедел жәрдем жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/888919
ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ЕКІНШІ ФОРУМЫНДА ЭКОЛОГИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ТӘСІЛДЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ 22.11.2024
Астанада ДДҰ, БҰҰ, ЕО-дан жоғары деңгейдегі негізгі халықаралық әріптестердің, жетекші сарапшылардың, дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-әрекеті арқылы мүмкін болатын шешімдер» атты денсаулық сақтау бойынша әріптестердің екінші форумы өтті.Денсаулық сақтау министрлігі ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисімен бірлесе отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі ұлттық басымдықтарды талқылау және экологиялық факторлардың адам денсаулығына теріс әсерін азайту бойынша бірлескен күш-жігерге шақыру үшін барлық мүдделі тараптардың екінші кездесуін ұйымдастырды.«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында экологияны жақсартуды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды біздің Үкімет үшін басым бағыт ретінде белгіледі. Біздің өңірдегі ең маңызды экологиялық дағдарыстардың бірі болып табылатын Арал теңізінің проблемасы өзекті болып қала береді. Осы жылдың көктемінде Қазақстан еліміздің көптеген өңірлеріне айтарлықтай залал келтірген елеулі су тасқынына тап болды. Біздің Форумды өткізу экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдаудың өзекті қажеттілігін көрсетеді», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі форумға қатысушыларға арналған кіріспе сөзінде.Әріптестер форумының екінші отырысының мақсаты денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелерін, жалпы ел бойынша да, жекелеген өңірлерде де экологиялық апаттардың туындауына неғұрлым осал экологиялық фон мен қоршаған ортаны нығайтуға бағытталған жақсарту саясаты мен стратегияларды талқылау болды, атап айтқанда дөңгелек үстелде Арал өңірі проблемасы көтерілді.«ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының атынан денсаулық үшін II әріптестер форумына шақырғаны үшін мен шын жүректен алғысымды білдіремін. Бүгін біз Қызылорда, Ұлытау және Атырау сияқты облыстарда қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсерін талқыладық. Бұл Форум донорлар мен әріптестерді ынтымақтастыққа және бірлескен шаралар қабылдауға шақырудың тамаша платформасы болды. Мен сондай-ақ Қазақстан Үкіметіне қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін зерттеуде маңызды рөл атқаратын «Бірыңғай денсаулық» тәсілін іске асырудағы елеулі ілгерілеуі үшін ризашылығымды білдіремін», - деп атап өтті ДДҰ-ның инфекциялық аурулар, қоршаған орта және денсаулық жөніндегі Еуропалық бюросының бөлім директоры Робб Баттлер.ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі, доктор Скендер Сыланың айтуынша, қоршаған орта және төтенше жағдайларға ден қою саласындағы күш-жігерді біріктіре отырып, біз денсаулық сақтау жүйесін айтарлықтай нығайта аламыз.«Қазақстан жаһандық және өңірлік экологиялық сын-қатерлерді талқылау үшін диалог алаңына айналуға дайын. Күш - жігерімізді біріктіре отырып, біз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қоса алатынымызға сенімдімін", - деп атап өтті А.Әлназарова.Өткізілетін кездесу нәтижесінде адам, жануарлар мен қоршаған ортаның өзара іс-қимылының қиылысында туындайтын проблемаларды шешу үшін форумға қатысушылар өткізетін іс-шаралар туралы есеп, сондай-ақ сектораралық және ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту жөніндегі ұсынымдар дайындалатынын атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/888998
«Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу жоспарлы түрде жалғасуда 22.11.2024
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов және «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылыс барысымен танысты.«Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу» инвестициялық жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асыруда. Жоба Үкіметтің 2024 жылғы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына кіреді.Жаңа газ құбырының құрылысы осы жылдың тамыз айында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары кезінде басталған болатын.Бүгінгі таңда 100 шақырымнан астам құбыр дәнекерленген. Құрылысқа 90-нан аса арнайы техника мен 128 жұмысшы персонал жұмылдырылды. Құрылыс жұмыстары ерекше бақылауда және қатаң түрде кестеге сәйкес жүргізілуде.Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов атап өткендей, бұл нысанның өңір үшін экономикалық маңызы зор. Осы маңыздылықты, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының орындалу жылдамдығын ескере отырып, құрылыс бір жылға жуық мерзімге ертерек аяқталады деп күтілуде.Осыған байланысты 2025 жылдың соңына қарай 124 мың тұрғыны бар Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекені табиғи газға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл іскерлік белсенділіктің артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, шағын және орта бизнестің дамуына қосымша оң әсерін тигізбек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/888837
ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БЕС ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛАДЫ 22.11.2024
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен көшпелі есеп беру кездесуінде спорт және денсаулық сақтау салаларындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қала тұрғындарының 42%-ы бұқаралық спортпен айналысады. Биыл Шымкент спортшылары Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, жалпы 768 алтын, 642 күміс және 724 қола медаль жеңіп алды. - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз халықаралық деңгейдегі 35 мың орындық жаңа заманауи стадионның құрылысын бастадық. Қазіргі уақытта стадион аумағында жер жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 1 000 адамға арналған «Еламан» спорт кешені пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалада 500 адамға арналған «SPORT LIFE» шағын футбол орталығының құрылысы аяқталады», – деді Ғабит Сыздықбеков. Сонымен қатар, әкім денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Қазіргі уақытта медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасының жаңарту деңгейі 86,5%-ды құрайды. Биыл 46 дәрігер Ресей мен Түркия клиникаларында біліктілігін арттырды, жыл соңына дейін тағы 29 дәрігер біліктілігін жетілдіреді. Бұдан бөлек, алғаш рет балалар ауруханасы мен перинаталдық орталықта госпитальдық фармация бөлімшелері ашылды. Жыл соңына дейін тағы бес осындай бөлімше, сондай-ақ балалар кардиохирургиялық орталығы ашылады. Жедел жәрдем қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында 23 арнайы көлік сатып алынды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/888803
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетті 22.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Құрманбек Бәкірұлын және Ауыл шаруашылығы саласының үздігі Керімхан Егізбаевты мерейтойымен құттықтады.«Бүгін ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі, жетекші селекционер, Шиелі ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Құрманбек Бәкірұлының 80 жас, сала үздігі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Керімхан Егізбайұлының 75 жас мерейтойына арналған жиында бас қостық. Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлы – ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан өз ісінің білікті мамандары.Жуырда Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Президентіміз: «Қазір жаһандық азық-түлік нарығында бәсеке күшейіп келеді. Оған төтеп беру үшін ғылымды дамытуға баса мән беру керек. Соның ішінде тұқым шаруашылығын жандандыру – стратегиялық міндеттің бірі» деген болатын. Бұл ретте, өңірдегі тұқым шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Құрманбек Бәкірұлы мен Керімхан Егізбайұлының еңбегін ерекше атап өтуіміз қажет»,– деді аймақ басшысы.Құрманбек Бәкірұлы 1944 жылы Шиелi ауданының Бала би ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында білім алып, 1967 жылдан бері Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етуде. Ғалым Қазақстанда бірінші болып күріш мутагенезімен айналысты. Осы әдіспен күріштің 130 түрін шығарды. Ақ күріштің бірнеше сортының, оның ішінде «Маржан» және ерте пісетін «Ару» сортының негізгі авторы атанды. 160-тан астам ғылыми еңбек жазды.Қазіргі таңда Ресейдің ядролық зерттеулер институтымен бірлесіп күріштің тұзға, қуаңшылыққа төзімді формаларын алу бойынша жұмыс жасауда. Ол 1997 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік ғылыми стипендиясын иеленді.Керімхан Егізбайұлы 1949 жылы Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын 1977 жылы туған жерінде бастаған. 1994 жылдан бері «Агротехнология» ғылыми-өндірістік шаруашылығын құрып, ғылым мен өндірісті ұштастырып еңбек етіп келеді. Күріштің «Авангард» сортын, «Венгрия» жүгерісін, Польшадан шыққан гибридтерді, өзбектің ақ жүгерісін, жоңышқаның жетісулық жергілікті сорттарын аудандастырып, егу тәсілін меңгерді. Мұны дүние жүзінде бірінші болып ғылыми зерттеп, дәлелдеп, өндіріске енгізді. Қазіргі таңда бұл әдісті әлемдегі күріш егетін елдің барлығы пайдаланады.Мал шаруашылығында америкалық «Санта-Гертруда» асылтұқымды ірі қараны алғаш рет облысқа жерсіндіріп, оның басын 400-ге жеткізді. Күріштің «Айкерім» жаңа сортының авторы, күздік бидай, арпаның жаңа сорттарының қосымша авторы атанды.Актив отырысында Құрманбек Бәкірұлына және Керімхан Егізбайұлына Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды. Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Абзал Ералиев ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғалиолла Мейірман мерейтой иелерін құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/888608
Алматы келесі жылыту маусымына дайындалуда: қазандықты ауқымды реконструкциялау және жылу желілерін жаңарту 22.11.2024
Алматыдағы Южный аудандық қазандығы 1972 жылы салынған. Содан бері жабдықты тек күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, 2003 және 2015 жылдары төрт су жылыту қазандығының екеуі ауыстырылды.Өткен жылы қала әкімі Ерболат Досаев сол кездегі тозығы жеткен Южный қазандығын тексеру кезінде оны модернизациялауды тапсырды. Осылайша, ағымдағы жобада алғаш рет барлық төрт қазандықты, сондай-ақ қолданыстағы қосалқы жабдықты ауыстыру және қайта құру қарастырылған.Жобалық шешімдерге сәйкес мердігерлік ұйым 1972, 1982 және 2003 жылдардағы үш қазандықты ауыстырды, төртінші су қазандығында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңде сорғы агрегаттары, автоматика орнатылды, газ және қосалқы жабдықтар орнатылды, сондай-ақ іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде қазандық қуатының өсуі сағатына 55 Гкал құрады. Реконструкция толық аяқталғаннан кейін қазандықтың жалпы қуаты сағатына 190 Гкал құрайды.Реконструкцияны аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.Қала басшысы Алматыда коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту басым міндеттердің бірі екенін атап өтті.«Біз жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестиция көлемін едәуір арттырдық, бұл болашақта тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазір ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жылуды тұрақты түрде жеткізеді, бірақ біз жаңа магистральдық желілерді салу қажеттілігін барынша азайтуға тырысамыз. 2025 жылдан бастап біз шағын аудандар мен кварталдардың қажеттіліктерін тиімді жабуға мүмкіндік беретін жергілікті қазандықтарды дамытуға ниеттіміз. Бұл тиімдірек және техникалық қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай азайтады, өйткені тарату желілерін жөндеу үлкен диаметрлі магистральдық құбырларды ауыстырудан әлдеқайда үнемді. Биылғы жылы жүргізілген жұмыстар 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық болып табылады», - деді Ерболат Досаев.Мысалы, 2023 жылы Наурызбай ауданында жергілікті қазандық салынды, сондай-ақ Түрксіб ауданында құрылыс жоспарлануда.Бұдан басқа, Алматы әкіміне нормативтік қызмет мерзімі 25 жыл болған кезде 39-48 жыл бұрын пайдалануға берілген тозған жылу желілерінің Бостандық ауданында жүргізілген жаңғырту туралы баяндалды. Жалпы ұзындығы шамамен 5 км болатын Южный қазандығын қоректенетін төрт учаскеде жұмыстар толық аяқталды. қабылданған шаралармен 328 көппәтерлі үйдің, 30 жеке үйдің, 11 балабақшаның, 4 мектептің, 4 денсаулық сақтау объектісінің және 103 өзге де объектінің тұрғындары сапалы жылумен қамтамасыз етілді.Естеріңізге сала кетейік, Алматыда инженерлік желілер белсенді түрде модернизациялануда. Ағымдағы жылы 20 км желі қайта жаңартылды. «АТКЭ» ЖШС-нің 4 қазандығын қайта жаңарту және 81 қазандығын жөндеу аяқталды. Бұл желілердің тозуын 57,9% - дан 56,1% - ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2024 жылы жылыту маусымы 7 қазаннан басталды, 100% дайындық қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылыту маусымы үшін 140% көмір және 100% мазут жинақталған. Барлығы 404 білім беру нысаны, 128 денсаулық сақтау нысаны және 8 863 тұрғын үй қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/888817
ШҚО әкімі: «Әрбір қызметкердің рөлін айқындап, жасаған еңбектеріне құрмет көрсетуіміз керек» 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев құқық қорғау органдары қызметкерлерімен арнайы кеңесте бас қосты. Кездесу барысында өңір басшысы жазатайым оқиғаларда немесе шұғыл жағдайларда дер кезінде көмек қолын созатын учаскелік инспекторлардың ерен еңбегін атап өтті.- Мемлекет басшысы айтқан жалпы қағиданы еске салғым келеді: «Біз саяси плюрализмді қолдасақ, ал экстремизм, бандитизм, бұзақылыққа әрқашанда жол жоқ». Сондықтан әрбір полиция қызметкерінің халықтың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуде алар орыны орасан зор. Азаматтармен жекелей жұмыс жасау және қылмысқа қарсы күрес әуелі тәртіп сақшыларының қызметінен басталады. Құқық қорғау органдарыны қызметкерлерінің рөлі артып, еңбектеріне деген құрмет күшейе түсуі керек. Мен облысымызда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін азаматттардың барлығына ризамын, - деді өңір басшысы.Сондай-ақ кеңес барысында учаскелік инспектор Бақытжан Өтеулин мен жүргізуші Алтынбек Мязев ерлік жасағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.- Жақында Ұлан ауданындағы екі әріптесіміз бүтін бір отбасыны түтін жалмаған үйден аман алып қалды. Сондықтан біз оларға кәсібилігі мен жеделдігі үшін алғыс хаттар бергіміз келеді, — деді полиция генерал-майоры, ШҚО ПД бастығы Оман Омарбеков.Кеңесте облыс әкімі өңірде «Дауыл» жобасы мен көшедегі бейнебақылауларды жаңартуды қоса алғанда, бейнебақылау жүйелерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл шаралар қылмысты дер кезінде анықтауға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі. Қазіргі таңда материалдық-техникалық базаны нығайтуға және заманауи технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/888848
Өнеркәсіп комитеті өзінің 20 жылдығын атап өтуде 22.11.2024
Бүгін Өнеркәсіп комитеті өзінің 20 жылдығын атап өтуіне орай ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.Іс-шара барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қызметкерлерді мерейтойлық күнмен құттықтады. Сондай-ақ ол өнеркәсіп секторының отандық экономиканы дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.Әрмен қарай Қанат Шарлапаев адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін өнеркәсіп комитетінің бірқатар қызметкерлері мен ардагерлерін мерейтойлық медальдармен және наградалармен марапаттады.Содан кейін Өнеркәсіп комитетінің бірінші төрағасы Азамат Панбаев және оның басшысы Мейрам Қажыкен құттықтау сөз сөйледі. Олар Қазақстандағы өнеркәсіп саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, осы салада жұмыс істейтін барлық мамандарға алғыстарын білдірді.Мерекелік көңіл-күйді орындаушылардың вокалдық қойылымдары күшейтті, сахнада патриоттық әндер шырқалды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/888857
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады 22.11.2024
Қонаев гарнизоны 32363 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен секіру элементтерін үйренуде. Бұл әуе-десанттық дайындықтың аса күрделі әрі жауапты кезеңдерінің бірі.800 метрлік биіктіктен төменге құлдилау – бұл ұмытылмас эмоцияны сезіну ғана емес, батылдықты шыңдау. Парашютпен секіру кезінде қажет шымырлық, табандылық, шапшаң бағдарлау және кез-келген жағдайда әрекет ету қабілетіне жердегі жан-жақты дайындық кезінде қол жеткізіледі. – Десант түсіру алдында мұқият дайындық жүреді. Жас сарбаздар парашютті орауды жетік меңгереді. Секіру алдындағы курс әуе-десанттық кешеннің тренажерларындағы сабақтарда өтеді, онда әскери қызметшілер әуеде, оның ішінде орын алуы мүмкін жағдайлардағы іс-әрекеттерді де пысықтайды, – деді 32363 әскери бөлімі әуе-десанттық дайындық бөлімінің аға офицері гвардия капитаны Амантай Жалтырбай.Әуе-десанттық кешеніндегі сабақтар қарапайымнан күрделіге дейінгіні қамтиды. Алдымен олар секірудің жеке элементтерін меңгереді, содан кейін дағдыларды қозғалыста шыңдай отырып, кешенді тренажерлерде орындайды. Жердегі дайындық бағдарламасынан өткен әскери қызметшілер әскери бөлім командирінің бұйрығымен арнайы тағайындалған комиссияға сынақтар тапсырады. Парашютпен секіруді орындауға сынақтан өткенде «жақсы» дегеннен төмен емес баға алғандар және бекітілген парашюттерді жеке өздері жинап, ораған сарбаздар жіберіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/888909
«Бізге дәрігер керек» фильмі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің шымылдығын ашады 22.11.2024
2024 жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы мәдениет пен кино өнерінің орталығына айналады. Жылдың ең маңызды мәдени шараларының бірі – XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз шымылдығы қазақстандық «Бізге дәрігер керек» фильмінің көрсетілімімен ашылады.Бұл отбасыға арналған туынды адамгершілік, кәсіби шеберлік және өмірде орын алатын күтпеген оқиғалар жайлы сыр шертеді. Ол көрермендерді терең сезім, әсерлі әзіл және өмірлік философияға толы ерекше әлемге жетелейді. Картина сюжеті Алматыдағы ауруханалардың бірінде өрбиді. Онда білікті дәрігер Николай Анатольевич Грачевтің 70 жылдық мерейтойы тойланбақ. Туған күн салтанатты түрде басталғанымен, оқиға күтпеген арнаға түсіп, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастарды ашады.Көрермендер үшін «Бізге дәрігер керек» фильмі тек оқиға желісін ғана емес, сонымен қатар дәрігерлердің адал еңбегін, өмірлік құндылықтар мен үмітке толы терең эмоцияларды жеткізеді. Аталмыш фильм «Еуразия» кинофестивалінің айрықша туындысы болмақ.«Бұл музыкалық комедия бродвейлік стильдегі мюзикл жанрында түсірілген. Біз тек ән айтумен шектелмейміз. Әрбір ән сюжеттің өрбуіне үлес қосады. Осындай фильмді Қазақстанда бұрын-соңды көрген емеспін», – дейді фильм режиссері Равиль Трумов.Бұл туынды қазақстандық кино шеберлерінің нәтижелі жұмысының жемісі. Фильмнің сценариін Асқар Бисембин, Сәкен Токтағұлов, Мейірман Әбдіраимов және Равиль Трумов жазған. Композитор Алексей Маклайдың музыкасы оқиғалардың шынайылығын әсерлі етіп, әркімнің сезімін тербетеді. Қоюшы операторлар Евгений Махметов пен Қазбек Әміржановтың шеберлігі әр көріністі көркемдей түсті.Көрермендер фильмдегі кейіпкерлердің жан дүниесімен актерлердің шынайы ойыны арқылы танысады. Әсіресе, Серік Шәріп пен Қарақат Башанова өз рөлдерін шеберлікпен сомдап, фильмге ерекше жылулық сыйлады. Актерлік ансамбль қазақстандық кинематографтың жоғары деңгейін кезекті рет дәлелдейді.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Бас демеуші: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Eurasian Resources Group (ERG), Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Astana Motors, «Қазақтелеком» АҚ және A-Event KZ демеушілік етті.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz, BaigeNews. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888864
Астанада азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс бойынша семинар өтті 22.11.2024
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін «Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері» тақырыбында семинар өтті.Қатысушылар азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс пен конструктивті диалогтың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру тетіктері, қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау жұмыстарын, ҮЕҰ-мен өзара байланыс, ҮЕҰ дерекқорын енгізу секілді өзекті мәселелерді талқылады.Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға талқыланған мәселелерді шешу бойынша ұсынымдар беріліп, одан әрі жұмыс үшін кеңестер берілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888912