Жетісу облысының Ескелді ауданында шағын, орта бизнесте 7 мың адам жұмыс істейді

Жетісу облысының Ескелді ауданында шағын, орта бизнесте 7 мың адам жұмыс істейді

04.12.2024 20:22:59 1489

Жетісу облысының Ескелді ауданында 10 айдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 мыңға жуықтады, онда 7 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл жайында бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Ескелді ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аудандағы бизнес субъектілерінен бюджетке 1,4 млрд. теңге салық жиналып, бұл көрсеткіш былтырғыдан 30%-ға артқан. Ал өткен 10 айда мұндағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7,6 млрд. теңгені құрады, жыл соңына 3% өсіммен 8,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осы орайда саланы мемлекеттік қолдау аясында биыл ауданда 653 млн. теңгеге 16 жоба субсидияланып, 10 жобаға кепілдік берілді.
Жыл басынан ауданға 25,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 1,8 есеге артық, тартылған инвестициялардың
20,4 млрд. теңгесі немесе 80%-ы бюджеттен тыс көздерге тиесілі. Биыл ауданда 10,3 млрд. теңгеге жоспарланған, 5 жобаның 3-еуі жүзеге асырылды.
- Қалған 2 жобаны жылдың аяғына дейін іске асыру көзделген. Олардың ішіндегі ірісі – құны 10,2 млрд. теңгені құрайтын Қора су электр станциясы. Сонымен қатар 2025-2027 жылдары Қора өзенінде қуаттылығы жылына 18,5 млн. кВт/сағ болатын тағы бір ГЭС құрылысы жоспарланып отыр, - деді Б. Исабаев.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/896007