Enbekshi QazaQ

Қуқық

ШҚО әкімі: Қуатты ел құру жолында ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбегі зор 22.11.2024
Ауыл еңбеккерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Ермек Көшербаев ел ырысын еселеп, еліміздің және өңіріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген азаматтарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, марапаттады.Бүгінде өңірдің ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды. Облыс әкімі салтанатты мерекелік шарада осындай жетістіктерге жетуге атсалысып, тер төгіп, табанды жұмыс жасап жатқан еңбек майталмандарына алғыс айтты.Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында еліміз ірі аргоөнеркәсіпті елге айналды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да атап айтып, алда атқарылар нақты істерді бағыттап берді. Біздің облыстың ауыл шаруашылығында саланы әртараптандыру шаралары жүргізіліп, жер-жерде ауыл шаруашылығы өнімдері өндірістері ашылып, күтілген нәтижені беріп жатыр. Аймақтағы танымал өндіріс орындары аудан кәсіпкерлерімен бірлесе өздерінің брендтік өнімдерін шығаруға күш салып, ауылдың жағдайын, әлеуетін арттыруға өз үлестерін қоса алуы керек, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.Марапатталғандар арасында жетістіктері бүкіл салаға үлгі болған табысты кәсіпкерлер де бар. «Еңбек Ардагері» медалімен марапатталған шаруа қожалығының басшысы Жеңісбек Қарыбаев «Байыс» қошқарын өсірудегі жетістіктеріне тоқталды.Ауыл шаруашылығында 30 жылдан астам жұмыс істеп келемін. «Байыс» тұқымы экспортқа сұранысқа ие, Біріккен Араб Әмірліктерімен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде мемлекет бізге айтарлықтай қолдау көрсетуде. «Еңбегіміздің марапатқа ие болғанына өте қуаныштымын», - деді Жеңісбек Қарыбаев.Мерекелік шарада «Ерен еңбегі үшін» медалімен Күршім ауданындағы «Ерасыл» ШҚ иесі Қатанов Достық, Алтай ауданындағы «Средигорное-2» ЖШС сауыншысы Сейлханова Гүлмира, «Шығыс-Сүт» корпорациясы» ЖШС бас технологы Сембаева Шынар, Кузнецов Федор «Ми-2» ұшағының командирі, «Құрмет» орденімен Зайсан ауданындағы «Сәтбай» ШҚ иесі Адиков Қайрат, «Парасат» орденімен «Aitas KZ» АҚ сыртқы байланыстар және GR жөніндегі вице-президенті Тоқсеитова Рабиға марапатталды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков бірқатар азаматтарды «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады. Мерекеге жиналған ауыл еңбеккерлеріне облыс өнерпаздары ән-жырын арнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887160
Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселесі бойынша семинар-кеңес 22.11.2024
2024 жылдың 20 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің және Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстың жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізді. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Амирханов Айдын Кумашкенұлы, ШҚО Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Сарбасова Гүлфара Сейітқамзақызы және ҚР ӘМ заңнама және құқықтық ақпарат институты Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының өкілдері аталған іс-шараға қатысты. ШҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары А.К. Амирханов өз сөзінде семинарға қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығымен бекітілген ҚР НҚА мемлекеттік тізілімін, ҚР НҚА эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерге аударды, сондай-ақ мемлекеттік органдар НҚА-ны эталондық бақылау банкіне жіберген кезде туындайтын негізгі мәселелерді түсіндірді. Семинар барысында Әділет департаментінің өкілдері қабылданатын актілердің сапасы мәселесін талқыланды. Өз кезегінде семинарға қатысушылар өз сұрақтары мен тілектерін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887478
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарлануда. 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7,22-тармақтарына сәйкес, 2024 жылғы 26 қарашада «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылау жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/887851
ШҚО-да «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысы 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер көрмесіне барды. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табысын арттыруға бағытталған бұл бастама ауыл шаруашылығы бизнесінің әртүрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік ашады.Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары қойылды. 2,5%-дық үстемемен қарыз алған азаматтар бағдарламаның өте тиімді екенін айтуда. Көрме «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ұйымдастырылды. Нысан құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, көлемі 18 мың тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қойма жұмыс істеуде. Жақын арада мұнда сауда және жәрмеңке алаңы іске қосылады.Вице-премьер орталықтың жұмысын оң бағалады, ал облыс әкімдігі жергілікті өндірушілерді кешенді қолдаудың маңызын атап өтті.Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін өндірілетін өнімді өткізудің жаңа мүмкіндігі пайда болды: өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Казцинк» жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден азық-түлік сатып алу көлемін ұлғайтатын болады. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен кәсіпорын арасында меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, «Казцинк» бұл мақсатқа еліміздегі барлық филиалдары үшін 800 млн теңге бөледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/888212
Шығыстағы қыс қамы пысықталды 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Өңірдің авариялық-құтқару қызметтерінің қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындығын облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ТЖ департаментінің бастығы Рашид Блялов тексерді.Аймақ басшысы техника мен азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығымен танысты. Ол облыстың құтқару қызметтерінің қарамағында арнайы көліктер жеткілікті болуын назарға алып, қызметкерлермен қыста кездесетін проблемалық жайттарды талқылады.- Қысқы дауыл мен қар қалың кезде халықтың қауіпсіздігі – бірінші кезектегі міндет. Қазір барлыққұрылымдардың: ТЖ департаментінің, полицияның, Ұлттық ұланның, барлық аудандармен қалалар әкімдіктерінің, жол қызметтерініңдайындығын тексеру жүргізілуде. Қыста түрлітөтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Қазандықтардың жұмысындағы проблемалар, электр энергиясындағы іркілістер, жолдардағы авариялар. Әсіресе, біз жолдардағы апаттық-құтқару жұмыстарына дайын болуымыз керек, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.«Қыс-2024» РКШОЖ оқу-жаттығуының аңызы бойынша ШҚО-да боран толқып кетті, жолдардың бірінде қысқы қар құрсауында адамдар бар жолаушылар автобусы қалды. Құтқарушылар пайда болған қар құрсауынан көмекке тек қана «Шерп» өтімділігі жоғары жол жүретін көліктермен өтіп, зардап шеккендер болған азаматтарды эвакуациялады. Оларды жақын маңдағы медициналық мекемеге жедел жеткізу үшін «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды. Бортта Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетті.- Еліміздің шығысындағы суық қыстың ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайлар оқу-жаттығуларда шынайы жағдайға барынша жақындатты. Өткен қыс мезгілінің өзінде тас жолдан 90 адам құтқарылып, эвакуацияланды, 18 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, 70 дауылды ескерту жарияланды. Осы қыс мезгілінде ШҚО ТЖД-нің қарулануында 114 бірлік өтімділігі жоғары техника бар, олар қар басқан аудандарға таратылатын болады, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша облыс басшылығы құтқару бөлімшелері мен азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығына баға беріп, төтенше қызметтердің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын айқындады.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/888431
Бесқарағай ауданындағы әлеуметтік нысандар тексерілді 22.11.2024
Жұмыс сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев басқарма басшыларымен бірге Бесқарағай ауданында болды. Сапардың мақсаты – аудан активімен кездесіп, азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын қалай алуға болатынын түсіндіру, ономастика, жастар және гендерлік саясат саласындағы жұмыс туралы халықты ақпараттандыру.Делегация аудандағы бірқатар оқу орындарының жұмысымен танысты. Мектептердің инфрақұрылымын жақсартуға, білім сапасын арттыруға және оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға ерекше көңіл бөлінді. Ауданның әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесуде білім беру мекемелерінің даму келешегі және инфрақұрылымын жаңғырту қажеттігі айтылды.«Білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыруда және білім сапасын көтеруде маңызды рөл атқаратын ваучерлік қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажет. Біз әрбір адамның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан өз әлеуетін толық пайдалануға жағдай жасауымыз керек», – деді облыс әкімінің орынбасары.Ауыл шаруашылығы және басқа да салалар үшін мамандар даярлайтын Бесқарағай колледжі өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Қазір колледжде алты бағытта 221 студент білім алуда, жаңа мамандыққа лицензия алу жұмысы жалғасуда. Ауданда барлығы 21 мектеп болса, оның 16-сы шағын мектеп. Онда 3 мыңға жуық оқушы оқиды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында аудан орталығында 300 орындық мектеп салынып жатыр. Құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарланған.2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Достық үйінің аудан өмірінде алар орны ерекше. Мұнда төрт этномәдени бірлестік, Аналар және қоғамдық келісім кеңестері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен медиация бұрышы жұмыс істейді. 2024 жылы Достық үйінде 228 іс-шара ұйымдастырылып, оған 4200-ден астам адам қатысты. Өңірде 28 ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл этносаралық келісімді, тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.Ауданның мәдениет саласында 31 мекеме бар. Олардың көпшілігі жөндеуді қажет етеді. Соңғы екі жылда Бозтай, Кіші-Владимировка, Қоянбай, Өндіріс, Долон, Бөкебай, Бөдене ауылдарында жаңа ауылдық клубтар пайдалануға берілді. Дегенмен, көптеген мәдени нысан жөндеуді қажет етеді. 2024 жылдың 10 айында халық шығармашылығын дамытуға және жастармен жұмыс жасауға бағытталған 450-ге жуық мәдени іс-шара өткізілді. Осы жылдың 10 айында мұнда халық шығармашылығын дамытуға және жастармен жұмыс жасауға бағытталған 450-ге жуық мәдени іс-шара өткізілді.Бесқарағай ауданында 42 спорт нысаны жұмыс істейді. 2024 жылы Бозтал және Канонерка ауылдарында шағын футбол алаңдары, Кіші-Владимировка ауылында футбол алаңы салынды. Алдағы жылдарға ауқымды жұмыс жоспарлануда. Оның ішінде модульдік спорт залдарын салу, оқу-жаттығу базаларын құру, жастар мен ересектерге арналған спорт секцияларының қолжетімділігін кеңейту, оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу және жаттықтырушылар біліктілігін арттыру жоспары бар. Қазір ауданда жүзу бассейнінің құрылысы басталып кетті. Құрылыс жұмысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/887837
Жаңа Су кодексінің жобасына елді мекендерді су тасқынынан қорғау жөнінде нормалар қосылды 22.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына тасқын және еріген қар суының алдын алу және қорғау іс-шаралары енгізілді. Су ресурстары және ирригация министрлігі, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен сарапшылар құжатты пысықтауды жалғастыруда. Су кодексінің жобасына сәйкес, елді мекендер мен нысандарды қорғау үшін жергілікті атқарушы органдар бөгеттер, мобильді қоршаулар, айналма арналар мен уақытша су қоймаларын салу жұмыстарын жүргізуі керек. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар су тасқыны мен еріген судан қорғау үшін орман екпелерін отырғызуды жүзеге асыруы тиіс. Өз кезегінде, бассейндік жоспарлар еліміздегі 8 су шаруашылығы бассейнінің әрқайсысына қажетті іс-шараларды анықтайды. Сондай-ақ, жаңа Су кодексінің жобасы құрғақшылыққа қарсы іс-шараларды, соның ішінде жауын-шашын мен топырақ ылғалдылығының деңгейін бақылауды, құрғақшылық кезеңі үшін тасқын суды жинау мен сақтау, су үнемдейтін технологияларды енгізуді және құрғақшылыққа төзімді дақылдарды пайдалану арқылы ауыл шаруашылығын бейімдеуді көздейді. «Құжат мемлекеттік органдардың су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіндегі өкілеттіктерін нақты айқындайды. Енгізілген түзетулер су секторының климаттың өзгеруіне бейімделуіне, судың зиянды әсерінің қаупін азайтуға және гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін арттыруға жағдай жасайды», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаментінің директоры Серікжан Бекетаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/887336
Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті 22.11.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды. Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне және Қазақстан дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.Мемлекет басшысы тараптардың мәдени-гуманитарлық байланысты нақты іс-шаралар арқылы күшейту жөнінде уағдаласқанын жеткізді.– Биыл Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Мажар құрама командасы белсене қатысты. Қолдауларыңызға рақмет айтамын. Мұндай іс-шаралар өркениетіміздің, тарихымыздың тамыры ортақ екенін көрсетеді. Бауырлас халықтарды жақындата түседі. Мажар үкіметінің қолдауымен соңғы 10 жылда Қазақстан студенттеріне оқу гранттары бөлініп жатыр. Соның нәтижесінде бірнеше мың жастарымыз Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алды, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, екі елдің көпжақты ынтымақтастығы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты құрылымдар аясында табысты дамып келе жатқанына назар аударды. Әсіресе, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанның Түркі мемлекеттері ұйымының жұмысына белсене атсалысып, түркі интеграциясының өрісін кеңейтуге елеулі үлес қосып жүргенін ерекше бағалайтынын жеткізді.t.me/aqorda_resmi Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/887282
Ақ Азиада-2025: Хоккей 22.11.2024
Сіздердің назарларыңызға Қытайдың Харбин қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына қатысушылар туралы бағдарламалар циклын ұсынамыз.«Ақ Азиада» шығарылымының алғашқы түсірілімінде қысқы Азия ойындарының 4 дүркін чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері - хоккейден ерлер ұлттық құрамасы жайлы айтатын боламыз.Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 23 хоккейшіміз Харбин төрінде жүлдеге талас жүргізеді.Команданың негізгі ойыншылары елордалық «Барыс» клубынан жасақталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/887847
Тамара Дүйсенова Риддер қаласының негізгі әлеуметтік нысандарына барды 22.11.2024
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Риддер қаласының негізгі әлеуметтік нысандарына барды. Денсаулық сақтауды жаңғырту және спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне басты назар аударылды. Вице-премьер Риддер қаласының тұрғындары үшін көптен күткен жоба – көпсалалы аурухана кешенінің құрылыс барысымен танысты. Құрылысты қаржыландыру толығымен қамтамасыз етілді: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан 28,2 млрд теңге бөлінді. Бұл шешім жергілікті тұрғындарды ерекше қуантуда.Сапар аясында Премьер-министрдің орынбасары тағы бір маңызды нысан – еліміздегі қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтің жалғыз республикалық мамандандырылған мектеп-интернатына барды. Бұл 250 оқушыға арналған бірегей оқу орны. Мұнда спортшыларды даярлаумен 179 білікті маман айналысады. Мектеп-интернаттың жұмысымен танысқан Тамара Дүйсенова спорт ұйымдарының өңірлік басшыларымен кеңес өткізді.Жұмыс сапары барысында вице-премьер «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер көрмесіне барды. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен табысын арттыруға бағытталған бұл бастама ауыл шаруашылығы бизнесінің әртүрлі бағыттарын дамытуға мүмкіндік ашады.Көрмеде азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары қойылды. 2,5%-дық үстемемен қарыз алған азаматтар бағдарламаның өте тиімді екенін айтуда. Көрме «Алтай» көтерме-тарату орталығының аумағында ұйымдастырылды. Нысан құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, көлемі 18 мың тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қойма жұмыс істеуде. Жақын арада мұнда сауда және жәрмеңке алаңы іске қосылады.Толығырақ primeminister.kz сайтында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/888071
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында «KAZ» және «KZ» жаңа индекстері бекітілді 22.11.2024
Халықаралық стандарттау ұйымының ISO 3166-2 стандартына сәйкес «KAZ» және «KZ» геокодтары ресми түрде Қазақстан Республикасын белгілейді. Бұл кодтар интернет домендерінде, мемлекеттік құжаттарда, есеп беру құжаттарында және нөмірлерде кеңінен қолданылады. Олар ел ішінде де, шетелде де танымал. Осыған байланысты Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары үшін «KAZ» және «KZ» индекстері бекітілді.«KAZ» индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына берілген. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғап, Қарағанды арқылы өтетін жол KAZ01 индексін еншілесе, «Астана – Көкшетау (айналма жолмен) – Петропавл – РФ шекарасы («Жаңа жол» өткізу пункті)» бағыты KAZ02 болып белгіленді.«KZ» индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген «04» нөмірі – өңірді, ал «02» нөмірі – облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы «08» – өңірді, ал «04» — облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.«E» және «АН» сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалатын болады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді. Автомобиль жолдарының тізімі, атаулары және индекстерімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011402.Жаңа индекстеу жүйесін әзірлеуді «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жүзеге асырды.Жаңа индекстерді ескере отырып, жол белгілерін жаңарту жоспарлы жұмыстардың орындалуына және тозған элементтердің ауыстырылуына қарай біртіндеп атқарылады. Бұл үшін қосымша қаражат талап етілмейді, жұмыстар жолдарды күтіп ұстау шеңберінде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/888471
RUSSELL GROUP ҚҰРАМЫНА КІРЕТІН ҰЛЫБРИТАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ АСТАНАДА ФИЛИАЛ АШАДЫ 22.11.2024
RUSSELL GROUP ҚҰРАМЫНА КІРЕТІНҰЛЫБРИТАНИЯ УНИВЕРСИТЕТІ АСТАНАДА ФИЛИАЛ АШАДЫҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Лич, Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі лорд Майкл Германмен, Кардифф университетінің Президенті Венди Ларнермен және «Qualified Centre of Education» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында Саясат Нұрбек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азиядағы жоғары білім берудің негізгі орталығына айналатын Қазақстанда білім беру хабын құру туралы тапсырмасын іске асыру бойынша Министрліктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.Қазіргі уақытта 34 шетелдік университеттермен Қазақстанда олардың филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстандық университеттермен бірлесіп олар экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті мамандар даярлайды.Кездесуде білім сапасын арттыру мақсатында шетелдік университет филиалдарын ашуға ерекше көңіл бөлінді. Министр мұндай жобалар озық тәжірибені, заманауи әдістер мен халықаралық стандарттарды енгізуге ықпал ететінін және Қазақстанның білім беру жүйесін айтарлықтай жаңғыртып, жетілдіретінін атап өтті.Биыл тамыз айында Кардифф университетінің басшылығымен алғашқы кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Кардифф университеті және «Qualified Centre of Education» қоғамдық қоры арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Министр Саясат Нұрбек Қазақстанда мықты зерттеу әлеуеті бар британдық университет филиалын құрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жергілікті студенттерге инженерияда, медицинада, биотехнологияда халықаралық стандарттарға сай білім алуға мүмкіндік береді. Үш айлық бірлескен жұмыс нәтижесінде тараптар келісімге келіп, кеше Кардифф университеті Қазақстанда филиал ашу жөнінде келісімшартқа қол қойды.Елші ханым Қазақстанда соңғы екі жылда білім беру хабын құру жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын және бұл бастаманың еліміздің білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталғанын атап өтті. Ол бұл процестің халықаралық серіктестерді тарту және әлемнің жетекші оқу орындарымен тәжірибе алмасуды қамтитынын айтты. «Бүгінгі келісім Ұлыбританияның үздік университеттерінің қатарына кіретін Кардифф университетімен жасалған, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың сәтті нәтижесі екені сөзсіз. Бұл маңызды қадам білім беру жүйесін халықаралық қауымдастыққа интеграциялауға, сапалы білім беру деңгейін арттыруға және елдер арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталғанын көрсетеді», - деді Кэтрин Лич.Лорд Майкл Майкл Герман өз кезегінде кездесу үшін алғысын білдіріп, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытудағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.Кардифф университетінің Президенті және вице-канцлері Венди Ларнер Кардифф университеті 1883 жылы негізі қаланған және Russell Group тобына кіретін университет ретінде халықаралық рейтингтерде алдыңғы қатарда тұрғанын атап өтті. Мысалы, QS World University Rankings 2025 бойынша университет әлемде 186-орынды, Times Higher Education World University Rankings 2024 бойынша 201-250 орындар аралығында, академиялық рейтингте 151-200 орындар арасында, ал US News Best Global Universities 2024 бойынша 184-орында тұр. Бұл рейтингтер Кардифф университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары нәтижелерін, академиялық репутациясын және халықаралық перспективасын көрсетеді.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі интернационалдандыру, білім беру сапасын қамтамасыз ету және Қазақстан мен Ұлыбритания университеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту процестерін белсенді түрде қолдап келеді.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігініңбаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/887540
ҰЛЫБРИТАНИЯ ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІ ЕҰУ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ 22.11.2024
ҰЛЫБРИТАНИЯ ЛОРДТАР ПАЛАТАСЫНЫҢ МҮШЕСІЕҰУ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫҰлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, оңалту және пробация жөніндегі лордтар спикері Майк Герман Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне дәріс оқыды.Лорд Майк Герман өзінің саясаткер ретінде қалыптасу жолына тоқталып, Қазақстан туралы әсерімен, білім берудің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.«Саясаткердің міндеті – қоғам өмірін жақсарту. Менің міндетім – заңдарды құру және өзгерту, азаматтардың салықтары есебінен қалыптасатын еліміздің бюджеті қалай жұмсалатынын шешу және сайып келгенде, халықтың өмірін қалай жақсарту керегін шешу», - деп атап өтті спикер.Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі Қазақстанға сапары кезінде алған әсерлерімен бөлісті.«Дүниежүзілік тарихта Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстар Жібек жолы арқылы жүзеге асқаны белгілі. Сіздердің елдеріңіздің тарихы адамдардың, тауарлар мен қызметтердің Шығыс пен Батыс арасындағы қозғалысына негізделген. Жібек жолы бүгінде де өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Бұл тұрғыда сіздердің артықшылықтарыңыз – екі жақты байланыстыру қабілетіңізде жатыр. Біздің қарым-қатынасымызды нығайту аса маңызды деп санаймын», - деді.Лорд Майк Герман жастарға арнаған сөзінде оларды тек білімді меңгеріп қана қоймай, стратегиялық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыта отырып, оны қолдана білуге шақырды. Ол сондай-ақ Қазақстан жастарының ел болашағын айқындайтын шешімдер қабылдау үшін көзқарасы мен қажетті дағдылары болуы тиіс екенін айтты.Сонымен қатар қонақ студенттердің пробация қызметі, Орталық Азия елдерінің әлеуеті, Ұлыбританияның ғылыми басымдықтары туралы сұрақтарына жауап беріп, табысты саясаткер болу туралы кеңестермен бөлісті.Жиын соңында ЕҰУ-дың стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі Майк Германға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Құрметті профессоры атағын беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/887571
МИНИСТРЛІК ПЕН ХУБЭЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 22.11.2024
МИНИСТРЛІК ПЕН ХУБЭЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒАҚОЛ ҚОЙДЫҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Хубэй провинциясы (ҚХР) кәсіпорындарының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығы өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында тараптар ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Министр ведомствоның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді Орталық Азияның білім беру және ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру туралы тапсырмасын белсенді іске асырып жатқанын атап өтті.Бүгінде Қазақстанда 34 шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары мен өкілдіктерін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілген. Шетелдік университеттердің филиалдарын ашу елдегі білім беру сапасын жақсартуға бағытталған. Олар озық тәжірибе, заманауи әдістемелер мен оқытудың халықаралық стандарттарын енгізіп, Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал етеді.Сонымен қатар шетелдік университеттердің филиалдары түрлі елдерден студенттерді тартуға да ықпал ететін болады. Шетелдік серіктестермен ынтымақтастық аясында Министрлік өңірлік мемлекеттік жоғары оқу орындарын халықаралық зерттеу университеттеріне айналдыруды көздеп отыр.Министр Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатқан Қытай жоғары оқу орындарының филиалдарын атап өтті. Олар: Пекин Тіл және мәдениет университеті, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті, сондай-ақ Лу Бан шеберханалары.Сондай-ақ заманауи академиялық инфрақұрылым құру мақсатында оқу ғимараттарын, зертханалар мен студенттік жатақханаларды салу және жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.Хубэй провинциясы кәсіпорындарының халықаралық ынтымақтастық қауымдастығының атқарушы президенті және Бас хатшысы Лисия Хуан кездесуге ризашылығын білдірді. Ол ғылым, білім және ауыл шаруашылығы сияқты салаларды қоса алғанда, ынтымақтастықтың үлкен перспективаларын көретінін атап өтті. Сонымен қатар ол инфрақұрылымды дамытумен қатар, Қазақстанда оқу орындарының кампустары мен филиалдарын ашу мүмкіндіктері туралы есту ерекше жағымды екенін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/887781
ВИЦЕ-МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ 22.11.2024
ВИЦЕ-МИНИСТР АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке қабылдады. Кездесу барысында вице-министр ғылым мен жоғары білім саласындағы негізгі мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстарды тыңдады.Қабылдауға Астана және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысты. Азаматтар негізінен жоғары оқу орындары, жоғары білім алу және білімдерін тәжірибеде қолдану мәселелері бойынша сұрақтар қойды.Вице-министр әрбір мәселе бойынша толық түсініктеме беріп, министрлік жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында белсенді жұмыстар атқарып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол осы саладағы мәселелерді шешуде халықпен өзара әрекеттестіктің маңызды рөлін ерекше атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр тиісті департаменттерге түскен ұсыныстар мен шағымдарды қарап, оларды шешу мақсатында министрлік жұмысына енгізуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/887898
ҚарИУ-да қазақстандық болат өндірісінің 80 жылдығы атап өтілді 22.11.2024
ҚарИУ-да қазақстандық болат өндірісінің80 жылдығы атап өтілдіҚазақстандағы алғашқы болат балқымасының 80 жылдығы – Теміртау қаласы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін тарихи маңызы зор оқиға. Осы айтулы күнге орай Қарағанды индустриялық университетінде тақырыптық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шараға «Qarmet» АҚ-ның еңбек ардагерлері мен қазіргі қызметкерлері, сондай-ақ «Металлургия» мамандығының студенттері қатысты. Кездесуде Теміртаудағы металлургия зауытынан Қазақстанда заманауи қара металлургияның дамуы бастау алғаны атап өтілді.Қарағанды индустриялық университетінің ректоры Бақыт Жәутіков өз сөзінде: «Зауыттың құрылысындағы алғашқы қиындықтар артта қалған кезде инженерлік-техникалық кадрларға деген қажеттілік артты. Сол себепті Теміртауда жеке жоғары оқу орнын ашу туралы шешім қабылданды. Біздің университетіміз 60 жылдан бері жергілікті металлургиялық комбинатқа білікті мамандар даярлап келеді. Бұл жетістіктер университет пен өнеркәсіптік кәсіпорын арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі», - деді.Дөңгелек үстелде металлургия зауытының ардагерлері Ермек Төлебаев, Владимир Лаукарт және Әбу Әменов өз еңбек жолдары туралы әсерлі естеліктерімен бөлісіп, студенттерге жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара аясында студенттер мен қонақтар арасында еркін диалог орнатылып, жастар толғандырған сұрақтарын қойды. Дөңгелек үстелден кейін университеттің зертханалары мен ғылыми орталықтарына экскурсия ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/888117
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды 22.11.2024
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылдыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қара шаңырақ ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Тұрақты болашақ-2024: биотехнология, экология, энергетика» атты халықаралық конференция өтті. Шара аясында Қазақстан-Германия-Қытай серіктестігі негізінде құрылған Халықаралық қолданбалы микробиология зертханасының ашылу рәсімі өтті.Шараға университет басшылығының өкілдері, ғалымдар, профессорлар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Германия, Қытай, Пәкістан және Қазақстанның жетекші университеттерінің ғалымдары баяндама жасады. Орталық Азияның әртүрлі елдерінен келген 60-тан астам студент және жас ғалымдар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы баяндамаларын ұсынды.Пленарлық отырыста Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Жәмила Айтжанова ҚазҰУ-дағы Экология және биоресурстардың тұрақтылығы ғылыми-зерттеу институты, биология және биотехнология, география және табиғатты пайдалану факультеттері білім беру, ғылыми-зерттеу, серіктестік және әлеуметтік бастамалар арқылы тұрақты дамуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.«ҚазҰУ факультеттерінің білім беру бағдарламалары экологиялық таза өнім алудың, ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаға қажетті шикізатты өңдеудің маңыздылығын түсінетін мамандарды даярлауға бағытталған. Ғылыми зерттеулер, далалық тәжірибелер және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық арқылы біздің студенттер мен оқытушылар экологиялық тұрақтылық пен биоресурстарға бағдарланған саланың болашағын қалыптастыруда», - деді проректор.Пленарлық отырыста баяндама жасағандар: профессор Илья Дигель-Аахенский (Қолданбалы ғылымдар университеті, Германия), профессор Нұршат Нұражи (Жаңартылатын энергия көздері зертханасы, Назарбаев университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің химия және материалтану кафедрасы (Астана), профессор, доктор Зульфихар Али-IOFS, Пәкістанның бағдарламалар мен жобалар бөлімінің директоры (Пәкістан) және т.б. Конференцияда азық-түлік және ауылшаруашылық биотехнологиясындағы алдыңғы қатарлы жетістіктер, биоәртүрлілікті сақтау стратегиялары және көмір қалдықтарын өңдеудегі инновациялық биотехнологиялық тәсілдер қарастырылды.Шара аясында Қазақстан-Германия-Қытай серіктестігі негізінде Халықаралық қолданбалы микробиология зертханасының ашылу салтанаты өтті. Шараға неміс, қытай және отандық ғалымдар қатысты. Профессор Илья Дигель-Аахенский (Қолданбалы ғылымдар университеті, Германия) «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Конференция барысында үздік деп танылған 40 мақала Scopus ғылыми деректер базасында индекстелген журналдарда жарияланды.Зертхана қызметі биотехнология саласындағы ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде дамытуға, инновациялық биотехнологияларды енгізуге және Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған. Ғылыми орталық микробиологияның қолданбалы салалары – ауыл шаруашылығы, экология, медицина және өнеркәсіпке ерекше көңіл бөлген қазақстандық, неміс және қытай ғалымдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/888373
Сауда және интеграция вице-министрі Абай облысына барып, бизнес өкілдерімен кездесті 22.11.2024
Абай облысына жұмыс сапары барысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында вице-министр министрліктің негізгі қызмет бағыттарын, оның ішінде ішкі және сыртқы сауданы дамыту, шикізаттық емес экспортты ілгерілету, техникалық реттеу, метрология және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін түсіндірді.«Министрліктің басты міндеттерінің бірі – қазақстандық өнімдерді халықаралық нарықтарға экспорттауды дамыту. Президент 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспорт көлемін 41 млрд долларға жеткізу міндетін қойды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 35,6 млрд долларды құрап, жоспарланған көлемнен 2,3%-ға артық болды», – деп атап өтті Қайрат Төребаев.Бүгінде қазақстандық өнімдердің экспорты 135-тен астам елді қамтиды және бұл тауар ағынын арттырудың маңызды драйвері болып табылады. Қазіргі уақытта перспективалы бағыттар ретінде БАӘ (Дубай), Катар (Доха), Вьетнам (Нячанг), Қытай (Сиань), Иран (Тегеран) белгіленген.Министрлік экспортты дамыту және ілгерілету үшін операторларды анықтады. Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі бойынша, қазақстандық экспорттаушылар Экспорттық-несиелік агенттік арқылы қолдаудың кең ауқымын, оның ішінде сақтандыру және қаржылық шараларды ала алады. Сонымен қатар, QazTrade аясында экспорттаушыларға арналған 20-дан астам қолдау құралын қамтитын сервистік қолдау шоғырландырылған. Қайрат Төребаевтың айтуынша, бұл құралдардың ішінде көлік және маркетинг шығындарының, сондай-ақ шетелдегі көрмелер мен форумдарға қатысу шығындарының бір бөлігін өтеу қарастырылған.Соңғы үш жылдағы орташа жылдық қолдау көлемі 2,3 млрд теңгені құрады. 2020 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан экспорттық акселерация бағдарламасы шағын және орта бизнеске жаңа өткізу нарықтарына шығуға тиімді көмек көрсетуде.Кездесу барысында аймақ бизнес өкілдерін толғандыратын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, экспорт және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.«Қаражыра» АҚ бас директоры Ильяр Низаманов көмір экспортын жүзеге асыру мәселелерін талқылау үшін диалог алаңын құруды ұсынды. Вице-министр бұл мәселені Сауда және интеграция министрлігінің жедел экспорт штабының отырысында салалық министрліктер, бизнес, қауымдастықтар және «ҚТЖ» АҚ өкілдерінің қатысуымен қарауға болатынын атап өтті.Сапар аясында вице-министр сондай-ақ экспорттық әлеуеті жоғары аймақтың ірі кәсіпорындарына барды.Алғашқы нысан ретінде «Qazaq Astyq Group» ЖШС-ға барды. Бұл – күнбағыс тұқымын тәулігіне 1200 тоннаға дейін өңдейтін Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын. Компанияның өнімдері Қазақстанның ішкі нарығында сатылады, сондай-ақ Қытайға, Еуропа мен Орталық Азия елдеріне экспортталады.Кейін вице-министр қаптама материалдарын өндіру бойынша жетекші кәсіпорын – «Казполиграф» өндірісіне барды. Бұл кәсіпорын өнімдерін Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне экспорттайды.Жұмыс сапары барысында аймақ кәсіпкерлерінің негізгі мәселелері анықталып, оларды мемлекеттік органдармен бірлесіп шешудің келесі қадамдары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/887275
Павлодарда бағаны тұрақтандыру бойынша меморандум жасалды 22.11.2024
Павлодар облысының әкімдігінде өңірдегі 22 шаруа 2024-2025 жылдардың қыс-көктем мерзіміне қажетті картоп пен сәбіз көлемін егу және бағаны тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойды. Шаруалар әлеуметтік дүкендерде, фермерлік базарларда және аймақтың апталық ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде картоптың келісін 110-120 теңгеден, сәбіздің келісін 90-100 теңгеден сатуға міндеттеме алды.Сондай-ақ, облыс нарығын көкөніспен қамтамасыз ету үшін маусымаралық кезеңде 10 000 тонна картоп, 3 000 тонна сәбіз егу жоспарлануда, ай сайын 1 290 тонна картоп және 433 тонна сәбіз сатуға шығарылады. Шаруалар көкөністердің сапасына кепілдік беріп отыр.Меморандумның мерзімі биылғы жылдың 19 қарашасынан 2025 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықты қамтиды.Меморандумға қол қойған барлық шаруа мемлекеттік қолдау алады. Олар ауылшаруашылық техникасын, тыңайтқыштарды, тұқым сатып алуға инвестициялық субсидиялар алған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/888428
Қазақстан мен Швейцария: ақ сутекті іздеудегі ынтымақтастық мүмкіндіктері 22.11.2024
Астана қ. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев швейцариялық «TERRA-A AG» компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар Қазақстан аумағында жер астындағы ресурстарды іздеуде инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктері талқылады.«TERRA-A AG» компаниясы электромагниттік барлау және спутниктік суреттер арқылы жер қойнауын қашықтықтан зерттеуге маманданған. Олардың технологиялары тұщы су көздерін, алтын мен гауһар сияқты асыл металдарды, литий мен мыс секілді сирек материалдарды анықтау, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын бағалау және климаттың өзгеруін бақылау үшін қолданылады.Кездесу барысында қатысушылар ақ сутекті іздеуде бірлесіп жұмыс істеуге дайындықтарын жеткізді. Бұл суттегі түрі табиғатта газ түрінде кездеседі, ол табиғи түрде жер асты кен орындарында кездесетін газ түрінде кездеседі. Химиялық процестер арқылы өндірілетін синтетикалық сутегінен айырмашылығы – ақ сутегі табиғи көздерден алынады, бұл оны болашақ үшін әлеуетті жасыл энергия көзі етеді.Келесі кезекте «TERRA-A AG» жерасты ресурстарын барлауға мүмкіндік беретін геофизикалық спектрлік талдауға арналған платформасын ұсынды. Талқылау барысында жаңа энергия көздерін іздеу үшін осы технологияларды пайдалану перспективалары да қарастырылды.Министр пайдалы қазбаларды тиімді іздеу және барлау үшін озық технологияларды пайдалануға қызығушылық танытып, болашақта Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі бола алатын сутегі энергетикасы саласындағы зерттеулердің маңыздылығын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/887566