Қуқық
Астанада оқушылар парламенті жетекшілерінің қатысуымен мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері талқыланды 22.11.2024
Астанада мектеп парламенттерінің жетекшілері мен елордалық жастар мәслихаты өкілдері арасында қаланың білім беру ұйымдарында өзін-өзі басқаруды дамыту тақырыбына арналған кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Кездесу «Мектептің әлеуметтік кодексі: қазіргі жағдайдағы интеграция тәжірибесі» V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті. Конференцияның қорытынды күнінде елорданың Сарыарқа ауданы мектеп парламенттерінің жетекшілері Астана қаласы жастар мәслихатының өкілдерімен қала мектептеріндегі оқушылардың өзін-өзі басқаруын қолдау арқылы азаматтық қоғамды дамыту қажеттігін талқылады.Жас белсенділер өз жобаларын ұсынып, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және балалар мен жастардың қаланың қоғамдық өміріне араласуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді әдістеріне қатысты ұсыныстарын білдірді.«Бұл бүгінгі кездесуге қатысқан әрбір адам үшін жаңа білім алып, ой-өрісін кеңейтуге берілген тамаша мүмкіндік деп ойлаймын. Біз мемлекетіміз бен білім беру жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білдік. Өз ісімізбен елімізге көмектесіп жатқанымызға қуанамыз және жұмысымызды тек мектеп жылдарында ғана емес, студент болған кезде де жалғастырамыз», - деді қатысушылардың бірі Надира Рысқұлова.Отырысты ұйымдастырушы, Астана қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Ольга Тодераш азаматтық ұстаным мектеп жасында қалыптасатынын және студенттік өзін-өзі басқару өскелең ұрпаққа тәуелсіздік пен бастамашылдық танытуға көмектесетінін айтты.«Бүгін біз азаматтық белсенділікті дамыту құралдарының бірі ретінде мектептің өзін-өзі басқаруы тақырыбын талқыладық. Біз жастардың саналы, белсенді болуы үшін белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғамды тәрбиелегіміз келеді. Көшбасшылық пен топта жұмыс істей білудің негізі мектептен қаланады. Жас белсенділерге мәслихат пен қоғамдық кеңестің қалай жұмыс істейтінін де көрсеткіміз келді. Бұл өскелең ұрпаққа үлгі», - деді ол. Болгария, Әзербайжан және Қырғызстан елдерінен келген қонақтардың қатысуымен «Мектептің өзін-өзі басқаруы – қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың негізі» тақырыбындағы кездесу өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886748
«Jeniske birge jugir»: елордалықтар арасында түнгі жүгіріс өтеді 22.11.2024
Астана қаласында 22 қарашада «Jeniske birge jugir» атты түнгі жүгіріс өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Өтетін орны – Ботаникалық саябақ (арка жағы). Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу жарыс күні болады, сағат – 19:00-20:30 дейін. Жарыстың басталуы: 21:00. Тіркелу тегін.Қатысушылардың лимиті – 1000 адам. Олардың саны 1000 адамға жеткен уақытта, тіркеу жабылады.Финиш жолында қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі.Сол сияқты қатысушылар арасында IPhone 15 Pro және 5 велосипед ойнатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886861
«АИТВ-ге қарсы 5 минут уақытыңды бөл»: елордада өскелең ұрпақ арасында спорттан жарыс өтті 22.11.2024
ASPAN спорт кешенінде 9-11-сынып оқушылары мен ЖОО, колледж студенттері 4 спорт түрінен өзара сайысқа түсті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Бұл іс-шара АИТВ инфекциясына қарсы күресті насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.Осы мақсатта ASPAN спорт кешенінде алғаш рет 200-ден астам 9-11-сынып оқушылары мен ЖОО, колледж студенттері волейбол, арқан тартыс, асық ату, ләңгі тебу спорттарынан сынға түсті.«АИТВ жұқтырғандардың басым бөлігі – 20-39 жас аралығында. Себебі көпшілік азамат қарапайым сақтану қағидаттарын білмейді. Интернетте осыған байланысты ақпараттар самсап тұрса да, оқи бермейді. Бүгінгі шарадағы біздің девизіміз – АИТВ-ге қарсы 5 минут уақытыңды бөл. Бұл ақпаратты білу арқылы болашағыңды да сақтай аласың. Оқушылар мен студенттердің көпшілігі спортқа жақын болғандықтан, осы жерді таңдауды жөн көрдік. Бүгінгі насихатымыз өз жемісін беріп, қатысушылар АИТВ-ге қарсы ақпаратты терең түсінеді деп ойлаймыз», - деді Астана қаласы «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК басшысы Канат Аскаров.Бұл Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бірінші шарасы емес. Қараша айынан бастап орталықтың қызметкерлері Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт, Білім басқармалары және т.б. ұйымдармен бірлесе отырып, елордада консультация, экспресс-тест өткізуде.Жарысқа оралатын болсақ, бүгін волейболда 9 команда, асық атуда 16 команда, ләңгі тебуде 10 команда, арқан тартыста 7 команда жүлдеге таласты. Әсіресе, ұлттық ойынымыз – ләңгі тебуде Тәжікстаннан қоныс аударған 10-сынып оқушысы Әли Кәрімов өз шеберлігімен көпшілікті таңғалдырып, 300 ұпаймен қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.Жарыс жеңімпаздары бүгін анықталып, жүлдегерлерге арнайы кубок пен медаль табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/886870
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Ақанова тағайындалды 22.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Әсия Айқанқызы Ақанова тағайындалды.Әсия Ақанова дәрігерлер отбасында туып-өскен. «Болашақ» бағдарламасының түлегі бола отырып, University College London (2013 және Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін (2015), «Жалпы Медицина» мамандығы бойынша докторантураны (2016) бітірген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша оқуын аяқтады (2024). Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.Әсия Ақанова еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰМУ отбасылық медицина кафедрасының зертханашысы және әдіскері, доценті, кейін кафедра меңгерушісі болып бастаған. 2018-2020 жылдар аралығында Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашумен және оған басшылық жасаумен айналысты. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық медицина кафедрасының доценті ретінде ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886842
Алматы әкімі Ерболат Досаев Германияның Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті 22.11.2024
Ерболат Досаев осы жылдың тамыз айында қызметіне кіріскен Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы жаңа Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті.Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібіне, денсаулық сақтау, экология және цифрландыру салаларына инвестиция мен технология тарту жайы талқыланды. Атап айтқанда, Алматының индустриялық аймағында Германияның инвесторы жүзеге асыратын жалпы құны 75 млрд теңге болатын және 300 жұмыс орнын ашатын жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауыт құрылысы жөніндегі мәселелер қаралды. Сонымен қатар, энергетика саласына арналған жабдықтар мен компоненттер өндірумен айналысатын жетекші трансұлттық компаниялардың бірінің аймақтық сервис хабын орналастыру мүмкіндігі талқыланды. Бұл хаб Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі салалық компанияларға сервистік қолдау көрсетеді деп болжануда.Жалпы, екі ел арасындағы тауар айналымы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде сақталып келеді: биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінде Алматыда неміс капиталының қатысуымен 396 кәсіпорын немесе Қазақстанда орналасқан барлық кәсіпорынның үштен бірі жұмыс істейді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қарым-қатынасты нығайтуға уағдаласты және бірқатар бірлескен жобаны іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/886873
2024 жылдың 27 қарашасында облыс әкімдігінің келесі отырысы өтеді 22.11.2024
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!2024 жылғы 20 қарашада өткізуге жоспарланған әкімдік отырысы 27 қарашаға сағат 10-00-ге ауысты. Отырысқа Шығыс Қазақстан облысы әкімі төрағалық етеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 25 қарашаға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.Қаралатын мәселелер:1. Шығыс Қазақстан облысының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы Баяндамашылар:Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, ветеринария басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпараттар: 1. Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру туралыБаяндамашылар:Ажар Елемесқызы Каджибекова, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы Баяндамашылар:Серік Жеңісұлы Жеңісов, ішкі саясат басқармасының басшысы Қалалар мен аудандар әкімдері Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/886877
Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы ПК1210 каналынан бастап ПК1311 каналына дейін жалпы ұзындығы 10 шақырым учаскеде механикалық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр 22.11.2024
Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы ПК1210 каналынан бастап ПК1311 каналына дейін жалпы ұзындығы 10 шақырым учаскеде механикалық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, тасқын суын апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітіледі. Тасқын суды жинау үшін су қоймаларында қажетті көлемде бос орын дайындалды.Бұдан бөлек, Үлкен Алматы каналының 1,53 шақырым магистралі реконструкциядан өтіп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/886883
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы биыл суару кезеңінде 332,5 мың га егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті 22.11.2024
2024 жылдың суару кезеңінде Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы 332,5 мың га егіс алқабын сумен қамтамасыз етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында филиал директоры Қазыбек Бедебаев мәлімдеді.Филиал өңірдің 8170 шаруа қожалығымен суармалы су беру жөнінде келісімшарттар жасасты. Егіс алқабына берілген судың негізгі көлемі «Достық» және «Қызылқұм» магистральдық каналдары арқылы жіберілді.Суару маусымына дайындық аясында ұзындығы 560,96 шақырым болатын 265 арна механикалық тазартудан өтті.«Суару маусымында шаруалардан су тапшылығы жөнінде шағым түскен жоқ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су қажетті көлемде берілді. Сонымен қатар, шаруа қожалықтары субсидиялардың ұлғаюы туралы жаңалықты қуана қабыл алды. Биыл Түркістан облысының диханы Жамантай Бейсенбаев 10 гектар мақта алқабына тамшылатып суару жүйесін орнатты»,- деді Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/886887
«Субконтракт биржасы-2024»: тау-кен металлургия машина жасау орталығын құру туралы меморандумға қол қойылды 22.11.2024
Астанада «Субконтракт биржасы – 2024» іс-шарасы өтті. Биржа алаңында ірі жер қойнауын пайдаланушылар, отандық тауар өндірушілер, жүйе құраушы кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды.Іс-шара ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ұйымдастыруымен өтті. Биржаның басты мақсаты – шағын және орта бизнес өкілдерінің ірі отандық компаниялармен тиімді байланыс орнатуына арналған B2B алаңын құру болып табылады. Мұндай ынтымақтастық өнім өндіру мен жеткізу саласында кооперациялық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.Биржаның ашылуына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, «QazIndustry» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов, Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Ермек Маканов және ТМК саласының ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты.Вице-министр Олжас Сапарбеков өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік сатып алуда жергілікті үлесті арттыру мен оффтейк келісімшарттарын толыққанды іске қосу маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, елде ірі бизнес төңірегінде шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға зор әлеует бар. Ұзақ мерзімді келісімшарттар жергілікті тауар өндірушілерге өндірісін жоспарлауға, жаңғыртуға инвестиция салуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, О.Сапарбекова министрлік тарапынан жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Мәселен, жергілікті үлесті дамыту бағдарламаларын әзірлеуді және отандық өнеркәсіпті қолдауға бағытталған келісімшарттар жасауды қарастыратын түзетулер дайындалған. Бұл қазақстандық кәсіпорындардың дайын өнімдерін кепілдендірілген түрде сатуға және ішкі нарықтағы тұрақты сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Өз кезегінде, отандық өндірушілерге өндіріс көлемін ұлғайту, жоғары сапалы және нарық талаптарына сай өнім шығару міндеттері қойылады.Субконтрактілер биржасының негізгі тақырыбы – ірі тау-кен өндіру кәсіпорындары мен қазақстандық тауар өндірушілер арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мәселелері болды. Мұндай ынтымақтастық металлургия, машина жасау, химия, құрылыс және жеңіл өнеркәсіп сияқты өңдеу салаларының жүктемесін арттыруға көмектеседі.Биылғы жылы ТМК кәсіпорындары мен отандық өндірушілер арасында 108 миллиард теңгеден астам сомаға 246 ұзақ мерзімді келісімшарт және 25 миллиард теңгеге жуық 39 оффтейк келісімшарт жасалған. Бұл көрсеткіштер негізінен ГМК кәсіпорындарының есебінен қалыптасқан.«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының басқарма төрағасы Берік Бекенов мұндай іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, олардың отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін таныстыруға және тиімді өндірістік байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.«Субконтрактілер биржасы отандық өндірушілердің ірі тапсырыс берушілермен байланысын нығайтуға, тұрақты және ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға мүмкіндік береді», – деді орталық басшысы.Іс-шара барысында QazIndustry мен жер қойнауын пайдаланушылар («Қазақмыс», «Қазцинк» және ERG) арасында өңдеу өнеркәсібін дамыту және жергілікті үлесті арттыру жөнінде меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, бұл құжат QazIndustry базасында бірыңғай аналитикалық орталық құруды көздейді. Орталық жүйелі шараларды әзірлеп, барлық жер қойнауын пайдаланушыларды осы жұмысқа жұмылдырумен айналысады.Биржа барысында жалпы сомасы 5 миллиард теңгеден асатын ұзақ мерзімді және оффтейк келісімшарттарға қол қойылды. Олар тау-кен техникасына қосалқы бөлшектер, панельдер, түрлі құбырлар, сондай-ақ тоқыма бұйымдары, төсек-жабдықтар мен эмаль сымдарын жеткізуді қамтиды.Сондай-ақ, Биржаның іскерлік алаңында B2B-кездесулер ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде шағын және орта бизнес өкілдері тапсырыс берушілермен өнім өндіру және жеткізу мәселелерін талқылап, байланыстар орнатып, өзара ақпарат алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/886805
Қазақстандық әскери қызметшілер ГФР әскери бөлімдерінде инспекция жүргізді 22.11.2024
Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекциялауды қамтамасыз ету орталығының тобы Германия Федеративтік Республикасының аумағында инспекция жүргізді.Сарапшылар 2024 жылға ГФР мәлімдеген жеке құрамның саны, негізгі қару-жарақ жүйесі мен әскери техниканың саны туралы ақпараттың сәйкестігін тексерді.Орталық мамандары Бад Зальцунген қаласындағы 391-ші мотоатқыштар батальонында және Франкенберг қаласында орналасқан Бундесвердің «Саксония» 37-ші мото теңіз жаяу әскерінің бригадасында болды. Брифингте бригада басшылығы инспекторларды оның функциялары мен міндеттері, ұйымдық-штаттық құрылымы, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникасы жайлы хабардар етті.ҚР Қорғаныс министрлігінің инспекторлары жауынгерлік машиналар паркіне және жеке құраммен тактикалық дайындық бойынша сабақтар өткізілетін орындарға барды. Оларға Marder бронды жаяу әскер көлігі, Fuchs, Boxer БТР үлгілері, сондай-ақ Puma БЖМ оқу тренажері көрсетілді.Іс-шаралар өзара түсіністік пен бүкпесіз жағдайда өтті. Бағалау қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің инспекциялық тобы бұрын берілген ақпараттың толық сәйкестігін және 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде ГФР халықаралық міндеттемелерді орындағанын атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886825
Қазақстан елдің мәдени және табиғи мұрасын сақтауға бейілді 22.11.2024
Шымкент-Түркістан, 2024 жылғы 16-19 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және Халықаралық Орталық Азия зерттеулер институтымен бірлесе отырып, қазақстандық дипломаттардың мәдени және табиғи мұраны сақтау саласындағы әлеуетін арттыруға бағытталған жыл сайынғы курстарды өткізді.2022 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан бағдарлама дипломаттардың кәсіби даярлығын арттыру және әлемдік аренада мәдени және табиғи құндылықтарды ілгерілету мақсатында әлемдік мұраны сақтау жөніндегі халықаралық құралдарды қолдану туралы теориялық және тәжірибелік білім береді.Бұл курстар Қазақстан аумағында алғаш рет ұйымдастырылды. Жетекші өңірлік және халықаралық сарапшылармен бірге курс қатысушылары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраның негізгі нысандары – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Ақсу-Жабағлы табиғи қорығын, сондай-ақ Түркістан, Отырар, Сауран, Күлтөбе ежелгі қалашықтарды қоса алғанда, «Ұлы Жібек жолы» трансұлттық номинациясының әлеуетті ескерткіштерін аралап көрді.Бұл бағдарлама Қазақстанның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес өзінің бірегей мұрасын сақтап қалуға деген бейілділігін көрсетеді.ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне Қазақстаннан алты номинация шеңберінде он жеті нысан енгізілген, бұл ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенциясына сәйкес олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі бола отырып, ЮНЕСКО-ның осы беделді тізіміне жаңа нысандарды енгізу жөніндегі шешімдерді қабылдауда және оларды қорғау жөнінде ұсыныстар береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/886814
Адами капитал және тұрақты болашақ: климаттың тұрақтылығын арттырудағы білім, жастар және инновацияның рөлі 22.11.2024
Qazaqstan павильонында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP29) тараптарының 29-шы конференциясында «Адами капитал және тұрақты болашақ: білім берудің, жастардың және климаттық тұрақтылықты арттыру үшін инновациялардың рөлі» атты тақырыптық іс-шара өтті.Іс-шараның негізгі мақсаты тұрақты даму үшін білім берудің маңыздылығын атап өту, сондай-ақ жастардың, ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның климаттық сын-қатерлерді шешудегі рөлін ашу болды.Қатысушылар жоғары білім беру саласындағы ағымдағы жұмысты, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың бастамаларын талқылады.LCOY Qazaqstan ұлттық жастар конференциясының қорытындылары және Қазақстан жастарының халықаралық аренадағы іс-қимылдың негізі ретінде мәлімдемесінің мәтіні қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/886857
Жетісуда әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстары 93 пайызға аяқталды 22.11.2024
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнату жұмысы аяқталуға таяды. Жалпы өңірде әлеуметтік әлжуаз санатындағы 5787 отбасы болса, бүгінде соның 5619-ына аталған құрылғылар қойылды. Бұл іс осы қараша айының соңына дейін толық атқарылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Датчиктер орнатуды жергілікті аудан-қала әкімдері, Төтенше жағдайлар департаменті және осы іске жауапты мердігер компания өкілдері бірлесіп қолға алған.- Мұндай датчиктерді орнату өз тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, 2022-2023 жылғы жылыту маусымына қарағанда өткен 2023-2024 жылғы жылыту маусымында жеке сектордағы өрт оқиғасы облыста 27% азайды. Бұған дейін 4919 тұрғын үй осындай құрылғылармен қамтылса, қалған 868 үйге датчик орнату осы жылыту маусымына межеленген болатын. Қазіргі таңда аудан-қала әкімдіктері датчиктерді толық көлемде сатып алды, бүгінгі күнге соның 699-ы орнатылды, қалған 169-ы қараша айының соңына дейін орнатылып бітеді. Тұрғын үйлерде оқыс жағдайды болдырмау үшін жетісулықтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, - дейді Жетісу облысы бойынша ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Еламан Аубакиров.Жалпы ыстан уланудың, өрт қаупінің алдын алу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар қызметі үйлердегі датчиктерді тексеріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын күшейтуде. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/886798
Neo Nomad Visa-ны қалай алуға болады? 22.11.2024
Neo Nomad Visa әлемнің әртүрлі елінен келген саяхатшыларға көптеген мүмкіндік береді. Бұл виза шетелдік туристерге Қазақстанда бір жылға дейін тұруға және өздерінің шетелдегі компанияларында қашықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жаңа В12-1 визасын алу үшін Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне жүгіну қажет.✅ Қазақстанда саяхаттап жүріп, жұмысын жалғастырғысы келетін шетелдіктер Neo Nomad Visa-ға өтініш бере алады. Ол үшін жақын маңда орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне бірнеше құжатты ұсыну қажет:☑️ Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат☑️ Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы☑️ Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама☑️ Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру☑️ Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді)🔷 Neo Nomad Visa-ны рәсімдеу 5 жұмыс күнінен аспайды. Виза бір жылға дейінгі мерзімге беріледі және оны ұзарту қарастырылған. Негізгі өтініш берушінің отбасы мүшелері де виза ала алады.🔺 Neo Nomad Visa арқылы Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылмағанын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 216-бабына сәйкес Neo Nomad Visa иесінің Қазақстанда салық төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, өйткені оның табыс көзі елден тыс жерде орналасқан.📑 Neo Nomad Visa және шақыруды қажет етпейтін 48 елдің тізімі туралы толық ақпарат:https://kazakhstan.travel/ru/publications/172/neo-nomad-visa-instructions-for-obtaining-a-visa-for-digital-nomadsАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886775
Қазақстан мен Сербия ғарыш және IT-салалардағы ынтымақтастық туралы келісті 22.11.2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары аясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы бірқатар маңызды кездесулер өткізді.Цифрлық министрлік басшысы Сербияның ғылым, Технологиялық даму және инновациялар министрі Елена Беговичпен кездесті. Келіссөздер барысында ғарыштағы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық және экономиканың түрлі салаларында ғарыштық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мен Сербияның ғылым министрлігі арасында ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат Жерді қашықтықтан зондтау, спутниктерді әзірлеу, сынау және ғарыштық технологияларды қолдану сияқты бағыттардағы ынтымақтастықты қарастырады.«Біз бұл бастамаларды іске асыру елдерімізге өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Ғарыштық технологиялар агробизнестегі, су және жер ресурстарын басқарудағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудағы мониторингті қоса алғанда, экономиканы цифрландыру үшін маңызды құралға айналуда», - деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.Сондай-ақ, Қазақстанның цифрлық даму министрлігі мен Сербияның Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат IT-саланы дамытуға және екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/886783
Қазақстан мен Моңғолия өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін талқылады 22.11.2024
Ағымдағы жылдың 20 қарашасында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде вице-министр Н.Шәрбиев Моңғолия Парламентінің өкілдерімен кездесті.Кездесу барысында тараптар экологиялық заңнаманы іске асыру, табиғатты тұрақты пайдалану және биологиялық ресурстарды пайдалану мәселелерін талқылады.Вице-министр экологиялық рұқсаттар мен лицензияларды беру процесі туралы хабардар етті. Ол аталған рәсімнің ашықтығын және рұқсат беру жүйесі экологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.Сонымен қатар, Н. Шәрбиев экологиялық стандарттарды міндетті сақтауды, қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізуді және табиғатты пайдалану қызметін қауіпсіз жүргізу үшін қажетті инфрақұрылымның болуын растауды қамтитын лицензиялар алу үшін негізгі талаптарды белгіледі.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан мен Моңғолияның халықаралық аренада қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларын қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/886784
Каспий маңындағы төрт елдің азаматтық қоғамы жасыл экономиканы ілгерілету үшін бірігеді 22.11.2024
19 қарашада БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-шы конференциясының алаңында, СОР29, қазақстан қоғам өкілдері Каспий үйі диалог алаңына қатысты.Қазақстан экофорумы үш елдің (Әзірбайжан, Ресей және Түрікменстан) қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен "Каспий үйі"платформасын құру туралы Меморандумға қол қойды.Платформа Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан жұртшылығының Каспийдің экологиялық жағдайы туралы адамдардың хабардарлығын арттырудағы күш-жігерін біріктіруге қызмет етеді. Платформаның күш-жігері Каспий теңізі бассейнінің экологиялық проблемаларына кеңірек назар аударуға бағытталатын болады.Осы ынтымақтастық шеңберінде Каспий маңы елдерінің экологиялық басымдықтарын көрсететін портал базасында виртуалды кеңістік құрылады. Порталда «Каспий маңы елдерінің жасыл экономикасы» виртуалды мұражайы ұсынылады, онда осы бағыттағы елдердің жетістіктері мен перспективалары көрсетіледі.Мұражайдың мақсаты келушілерді Каспий маңы елдерінде жүзеге асырылған жобалармен, сондай-ақ Каспий бассейнінің бірегей табиғатымен, флорасымен және фаунасымен таныстыру болады. Бұл сонымен қатар экотуризм мүмкіндіктерін ілгерілетудің және осы саладағы мәселелерге назар аударудың тиімді құралы болады деп күтілуде.Қазақстан экофорумы мен басқа серіктестердің «Каспий үйі» платформасы шеңберіндегі ынтымақтастығы виртуалды форматта және бірлескен іс-шаралар форматында жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/886793
Ақтөбеден Атырауға күн сайын ұшақ қатынайтын болды 22.11.2024
QAZAR AIR әуекомпаниясы 1 желтоқсаннан бастап Ақтөбеден Атырауға күнделікті тұрақты рейстерді келесі кесте бойынша орындайтын болады: Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері: IQ 395 Ақтөбе (17:50) – Атырау (19:10)IQ 396 Атырау (19:50) – Ақтөбе (21:10) Сейсенбі, бейсенбі сенбі және жексенбі күндері: IQ 395 Ақтөбе (09:10) – Атырау (10:40)IQ 396 Атырау (14:50) – Ақтөбе (15:50) Әуебилеттің құны бір бағытқа 13 000 теңгеден басталадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/886754
Заң және тәртіп: Қазақстанның екі мегаполисінде бет-әлпетті тану жүйесі жұмысын бастады 22.11.2024
Ұлттық бейнемониторинг жүйесі Қазақстанның екі қаласында іске қосылды.Инновациялық жоба Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ынтымақтастығымен әзірленді.Ұлттық бейнемониторинг жүйесі жасанды интеллект технологияларының қолданылуымен іздеудегі адамдарды тануға, қоғамдық орындарда қалдырылған заттар туралы сигнал беруге, құқық бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ компьютерлік бағдарлама көлікті маркасы, моделі және түсі бойынша сәйкестендіре алады.“Ақылды” камералардың назарында теміржол вокзалдары, әуежайлар, қонақ үйлер, көшелер және сауда ойын-сауық орталықтары сияқты нысандар бар.Жүйе өз тиімділігін көрсетті. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезінде елорданың қоғамдық орындарында жоғалған балаларды, сондай-ақ есепте тұрғандар мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды жедел табуға мүмкіндік туды.Бейне-талдау жүйесінің көмегімен Астанада іздеуде жүрген 46 құқық бұзушы жедел түрде анықталып ұсталды. Осыған ұқсас жұмыс Алматыда жүргізіліп жатыр. Онда осындай 30 адам анықталып құрықталды.Енгізілген технологиялар – ақылды қалаларды құруға жасалған қадам. Олар қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттырып, қылмысты азайтуға көмектеседі. Мұндай жүйелер Қытайда, Ресейде және Еуропа елдерінде белсенді қолданылады. Қазақстан үздік тәжірибелерді игеріп, осы әлемдік үрдістің бір бөлігіне айналуда. Алдағы уақытта камералар санын ұлғайта отырып, бейнемониторингті кеңейту жоспарланып отыр. Бұл кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.Айта кетейік, бүгінгі таңда меншік түріне қарамастан елімізде 1 млн 359 мың бейнекамера бар, оның 310 мыңы жедел басқару орталықтары және полицияның кезекші бөлімдеріне шығарылған.Инновациялық жобалардың қылмысқа қарсы іс-қимылда және адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде көмегі зор. Іске қосылған жүйелердің басты мақсаты – әрбір азаматтың заң мен тәртіп орнаған қоғамда өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/886756
Алматыда «Граждане крыши» фильмінің алдың ала көрсетілімі өтті 22.11.2024
21 қарашада «Граждане крыши» фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Туындыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген. Фильм қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.«Граждане крыши» – Гүлшат Смағұлованың режиссерлік дебюті. 15 жылдан астам продюсерлік тәжірибесі бар автор бұл фильмде ерекше достық оқиғасын баяндайды.Туындының бас кейіпкерлері – қиын тағдырды бастан өткерген Дамир мен аутизм диагнозы бар жасөспірім Костя. Бұл – қоғамға бейімделу, инклюзия, мейірімділік пен түсіністіктің құндылығы туралы әсерлі хикая.Сценарий авторы – Жанна Тимофеева (дебют), ал қоюшы-суретші – Елена Айтова (дебют). Қоюшы оператор – Александр Плотников. Фильм түсірілімі 2024 жылдың көктемінде Алматы мен Алматы облысының Талғар ауданында өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/886753