Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қарағанды облысында NEET-жастардың үлесі қалай төмендетілмек 19.11.2024
Қарағанды облысында жастар жұмыссыздығын төмендету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері жұмыспен 13 мыңнан астам жас қамтылды. NEET-жастарға ерекше назар аударады. Бұл санатқа әрқайсысына жеке көзқарас принципі бойынша көмект беріледі.Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев кеңес өткізіп, басқарма басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері нәтижелер туралы баяндады.– Облыста NEET-жастармен атаулы жұмыс жүргізу үшін "Мүмкіндіктер марафоны" жобасы жүзеге асырылуда. 10 айда 39 мыңға жуық адам қамтылды, 297 түрлі іс-шара өткізілді: бос орындар жәрмеңкелері, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, жұмыс орындарына экскурсиялар және т. б., – деп хабарлады жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дүйсетаева.Жастар заңгерлер мен психологтардан тегін кеңес ала алады. Сондай-ақ білім алуда, жұмысқа орналасуда, өз ісін ашуда мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтылады. Мобильді топтар адамдар көп жиналатын жерлерге барады: базарларға, сауда-ойын-сауық орталықтарына, саябақтарға.Шығармашылық идеяларды іске асыруға және креативті индустрияны ілгерілетуге көмектесу үшін облыс орталығында жастар комунити-орталығы ашылды.Өңірлік жұмыспен қамту картасы өзінің тиімділігін көрсетеді, деп атап өтті кеңесте.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының жетекшісі Әсем Жүніспекова "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары жастарды жұмысқа орналастыруға қалай көмектесетінін нақты мысалдармен айтып берді.Сонымен қатар, облыста "JUMYS TAP" жобасы іске асырылуда, ол бойынша қысқа мерзімді курстарда кез келген адам жаңа мамандықты тегін меңгере алады.Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту "Бастау Бизнес" жобасы бойынша жүргізіледі. Биыл әлеуметтік осал санаттағы 67 жас өз ісін ашуға грант алды.Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбековтың айтуынша, моноқалада NEET-жастар санын екі есеге азайтуға мүмкіндік туды.– Бұған аула аралау, деректер базасын өзектендіру мақсатында қоңырау шалу, іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, Әлеуметтік және ақпараттық қолдау, оқыту және бос уақытты тиімді өткізу іс-шараларын ұйымдастыру ықпал етті, – деп атап өтті ол.Ермағанбет Бөлекпаев NEET-жастарға атаулы қолдауды жалғастыру жөнінде тапсырма берді. Бұл ретте ғылымды тарту қажет деп санайды. Ғалымдардың зерттеулері ықтимал олқылықтарды және қандай бағыттарда қолдау қажет екенін көрсетеді.– Бұл мәселемен белсенді айналысамыз. Белгілі бір нәтижелер бар. Кідіруге болмайды! Жергілікті жерлерде әкімдердің белсенді жұмысы қажет – сіздер қолдамасаңыздар, алға жылжу болмайды, – деп атап өтті облыс әкімі. – Мұны көріп, көмек сұрауы үшін жастарға табысты мысалдар көрсету, көбірек түсіндіру қажет. Ресурстар бар, мүмкіндіктер бар, жұмыс істеу керек!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885525
Қарағандылық колледж студенті Даниядағы EuroSkills байқауының әлемдік кезеңіне қатысады 19.11.2024
WorldSkills Kazakhstan – 2024 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Қарағанды облысының құрамасы сегіз медаль жеңіп алып, үшінші орынға ие болды. Команда қоржынында бір алтын, төрт күміс және үш қола бар. Сайысқа аймақтық кезеңдерден өткен 550-ден астам колледж студенттері қатысты. Олар 30 құзыреттілік бойынша жарысты, оның ішінде кондитерлік өнімдер, плиткалармен қаптау, кірпіш қалау, веб-дизайн және басқалар.Жұмысшы мамандықтарының студенттері арасындағы чемпионат Астанада өтті. Қарағанды облысының атынан 28 студент қатысты. Жоғары Теміртау политехникалық колледжінің үшінші курс студенті Евгений Евсеев аймақ құрамасы үшін "прототиптеу" құзыреттілігінде жалғыз алтын медальді жеңіп алды.– Байқауда біз дрондардың прототиптерін үш түрлі жолмен жасауымыз керек еді: 3D принтерде, ТПУ фрезерлік станокта және бұрғылау, жонғы, кескіштер сияқты қол құралдарының көмегімен. Бұл жағдайда прототипті құрастыру оңай болуы керек, ал бөлшектердің максималды қателігі 0,2 см-ден аспауы керек еді, – деді Евгений.Ол байқауға екі айдан астам уақыт дайындалды. Алда оны одан да мұқият дайындық күтіп тұр: 2025 жылы Евгений Даниядағы EuroSkills байқауының әлемдік кезеңіне қатысады.– Әрине, мен үшін жаңа әлеует ашылды. Мен өзімді көрсеттім, үлкен тәжірибе алдым, ең бастысы әлі алда. Әзірге жұмыс туралы нақты ұсыныстар жоқ, өйткені мен кеше ғана жеңдім. Жалпы, мен конструкторлық бюрода немесе өз мамандығым бойынша өндірісте жұмыс істегім келеді, – дейді студент.WorldSkills байқауы жыл сайын өтеді. Ол жұмысшы мамандықтарын насихаттауға және оқытуда жоғары стандарттарды қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885726
Қарағанды облысында шұғыл хабарландыру жүйесінің жұмысы тексеріледі 19.11.2024
Қарағанды облысында 21 қарашада сағат 11:00-де хабарландыру жүйелерін жоспарлы тексеру өтеді. "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде бүкіл өңір бойынша сиреналар іске қосылатын болады."Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар департаменті аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде 2024 жылдың 21 қарашасында сағат 11:00-де "Баршаның назарына!" барлық қол жетімді дыбыстық электр сиреналары іске қосылады", – делінген хабарламада.Аймақтың ТЖД тыныштық сақтауды және дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрайды.@112_krg Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885724
Qarmet меткомбинатында күрделі жөндеуден кейін тағы бір конвертер іске қосылды 19.11.2024
Qarmet металлургиялық комбинатында жабдықтарды жаңғырту жалғасуда. Кәсіпорын тарихында алғаш рет бір жыл ішінде екі конвертер корпусы ауыстырылды, бұл өте қиын және уақытты қажет ететін міндет. Қазір үш қондырғы жұмыс істейді.Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады."Біз №1 конвертерді күрделі жөндеуді аяқтадық және оны сәтті іске қостық. Бұл жаңарту конвертер цехының, әсіресе балқыту учаскесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттырады. 11 ай бұрын біздің жұмысымызда бір ғана толық жұмыс істейтін №3 конвертер болған, ал қалған екеуінің әбден тозығы жеткен еді. Енді қазір үш конвертер жұмыс істеп тұр, олардың екеуі биыл жөнделді", – деп түсіндірді болат департаментінің директоры Андрей Берг.№1 конвертердің жаңа корпусының көлемі ұлғайып, балқыту салмағын арттыруға және техникалық-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сондай-ақ, конвертерде газ тазарту жүйесінің бөлігі болып табылатын жаңа кессон бар. Бұл экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға және өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.11 айда 3 млн тонна болат өндірілді, деп хабарлайды компания. Бұл 2023 жылдың қорытынды көрсеткішімен бірдей.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/885819
СИМ бір уақыт белдеуінің артықшылықтары туралы баяндады. Үкімет UTC+5 қолдайды 19.11.2024
Бесінші уақыт белдеуі географиялық тұрғыдан еліміздің көп бөлігін қамтиды. Олжас Бектенов СИМ мен МАМ-ға неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырдыҮкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның 5-ші уақыт белдеуіне көшуінің артықшылықтары туралы баяндады.Министр шешім қабылдау кезінде Парламент депутаттары, мемлекеттік және жергілікті органдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, институттар мен қоғамдық бірлестіктер кіретін уақытты есептеу тәртібі бойынша арнайы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының есебінде көрсетілген ғылыми негізделген дәлелдер пайдаланылғанын атап өтті. Табиғи уақыт жақтаушыларының халықаралық альянсы (IANT) Үкіметтің Қазақстанның орталық және шығыс облыстары үшін географиялық бойлыққа сәйкес келетін және халық үшін оңтайлы шешім болып табылатын UTC+5 уақыт белдеуін белгілеу туралы шешіміне оң қорытынды берді.«Қазақстанда уақыт есептеу жүйесінің қалыптасу тарихы алдыңғы уақыт белдеуі UTC+6 алғаш рет 1930-1931 жылдары декреттік, яғни “бұйрықтық” уақытты ("уақыт белдеуі+бір сағат") қолдану арқылы енгізілгенін көрсетеді. Аумақтардың көп бөлігі іс жүзінде 5-ші уақыт белдеуінде жатқанына қарамастан. Жалпы, советтік кезеңде Қазақстанда командалық-жоспарлы экономика мүддесі үшін табиғи уақыт белдеуі бұйрық тәртібімен 8 рет өзгерді. Нәтижесінде Қазақстан табиғи циклге сәйкес келмейтін уақыт белдеулерінде тұрды. Осылайша, UTC+5 біздің еліміз үшін жаңа белдеу емес, тарихи негізделген уақытқа оралу болып саналады», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.UTC+5 уақыт белдеуі еліміздің халқының 76%-дан астамы тұратын (15 млн 240 мың адам) Астана, Алматы, Петропавл, Өскемен, Шымкент, Семей және Павлодар қалаларын қоса алғанда, 67,5-тен 82,5 градусқа дейінгі бойлықтарды қамтиды. Бүгінгі таңда әлемнің 195 елінің 117-сі географиялық уақытты стандартты уақыт белдеуіне мүмкіндігінше жақын етіп таңдады, өйткені адамның циркадты ырғағы табиғи күндізгі кезеңмен синхрондалады. Осылайша, уақыт белдеуін өзгерту туралы қабылданған шешім ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан орынды саналады, деді министр.Премьер-министр сауда және интеграция министрі қолданыстағы уақыт белдеуінің пайдасына барлық жан-жақты дәлелдер келтіргеніне тоқталды.«Үкімет бұл шешімді қолдайды. Еліміздің аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан, сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Дереккөз: https://primeminister.kz/ru/news/mti-dolozhilo-o-preimushchestvakh-edinogo-chasovogo-poyasa-pravitelstvo-podderzhivaet-utc5-29342 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/885829
Ақтөбе облысында 800 басқа арналған СТФ құрылысы аяқталды 19.11.2024
«АЙС» ЖШС 800 бас ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыруды жалғастыруда. Жобаның қуаттылығы жылына 9,6 мың тонна сүтті құрайды. Жобаның құны-5,1 млрд. теңге.Жобаны іске асыру кезінде ЖШС мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолдануда: 3,2 млрд. теңге. «Ақтөбе» ӘКК арқылы 2,5% мөлшерлеме бойынша қарыз қаражаты түрінде алынды.Қазіргі уақытта компания құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, 2025 жылдың сәуір айының басында ірі қара малды әкелуге кіріседі.Мәртөк ауданы Саржансай ауылында орналасқан «АЙС» ЖШС сүт фермасы 2010 жылы ашылып, 1100 ірі қара малға есептелген. Қуаты-күніне 36,5 тонна сүт.Жемшөп дайындау мақсатында 2024 жылы 100 га құмай-суданка, 230 га күздік қара бидай шөп пен пішенге, 285 га жүгері егілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885848
Астанада жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған кезекті 8 тұрғын үй кешені аяқталады 19.11.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жыл соңына дейін аяқталатын құрылыс кешендері туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған тағы 9 тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олардың арасында 13 жылдан бері баспанасының құрылысы аяқталғанын күтіп жүргендер де бар!«Араби 2 - Гранитный 2» тұрғын үй кешенінің құрылысымен таныстым. Бұл тұрғын үй кешені 11 жыл бұрын проблемалы деп танылған. «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-ға тапсырар кезде тұрғын үй кешенінің тіпті жер учаскесі де болмаған. Жер телімін бөлу, барлық қажетті рәсімнен өту бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі уақытта Б блогы бойынша құрылыс-монтаж жұмысы жүріп жатыр.«Садовые кварталы» тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталған. ЕҚК-ге тапсырар алдында қадалары мен шұңқыры ғана болған. Қазіргі уақытта екінші белгі бойынша бесінші-алтыншы блоктарда пәтерлердің ақауларын жою және оларды абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Төртінші белгі бойынша жалпы пайдалану орындарын әрлеу, еден төсеніштерін құю, әлсіз желілерді монтаждау және т.б. бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.Соңғы жылдары құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды. 15,5 мыңға тарта үлескер отбасы көптен күткен пәтерінің кілтін алды.Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885669
Астанада қар тазалауға 2 600-ден астам жол жұмысшысы мен 1300-ден астам арнайы техника шығарылды 19.11.2024
Елорданың коммуналдық қызметтері қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы атқарып жатыр. Өткен түнде олардың күшімен полигондарға 21 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.19 қарашадағы күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарына 1 300-ден астам арнайы техника және 2 600-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.18-19 қараша аралығында қар полигондарына 21 мың текше метрден астам қар 1 615 ауыр жүк көлігімен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 463 мың текше метрден астам, 37 мыңға жуық рейс қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885716
«Заң керуені» акциясы: Астанада Мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтарды қабылдайды 19.11.2024
22 қараша күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында "Заң керуені" акциясы өтеді. Іс-шара аясында прокуратура, полиция және қала әкімдігінің қызметкерлері азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты."Заң керуені" акциясы аясында Астана тұрғындары елорданың мемлекеттік органдарының уәкілетті тұлғаларына сұрақтар қоя алады.Іс-шара 22 қараша күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Момышұлы даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ғимаратында өтеді.Жеке қабылдау кезек тәртібімен жүргізіледі, өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885796
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Ерейментау ауданы әкімдігіндегі лауазымға тағайындалды 19.11.2024
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Еркенов Жанұзақ Талғатұлы Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.Жанұзақ Еркенов 1998 жылғы 28 сәуірде Ақмола облысы Ерейментау ауданында дүниеге келген.2019 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын жастар практикасынан бастап, Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде келісімшарт бойынша маман қызметін атқарды. 2020 – 2022 жж. аралығында осы бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.Осыған дейін Ақмола облысы Ерейментау ауданының Мансап орталығының маманы болып істеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885737
Макинск қаласының су құбыры желілерін қайта құру жобасының бірінші кезеңі аяқталды 19.11.2024
Бұланды ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілетін су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту шеңберінде тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.«Ағымдағы жылдың маусым айында Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталған болатын. Бүгінгі таңда жұмыс қаланың 33 көшесінде аяқталды, ұзындығы 45,012 метр су құбырлары төселді, 524 құдық орнатылды. Келесі жылы қаланың екінші бөлігі темір жолдың арғы бетінде жұмыстар жалғасады. Жоба аяқталғаннан кейін Макинск қаласының тұрғындары таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті Бұланды ауданының құрылыс бөлімі басшысының м.а. Гүлнар Жақыпова.«Жұмыс кезінде келтірілген қолайсыздықтарға қарамастан, біздің қоршауларымызға дейін су құбыры тартылғанына өте қуаныштымын. Бізде 4 кішкентай бала бар, біз суды құдықтардан, кейде бұлақтан алып келетінбіз. Бұл біз үшін өте қиын болатын. Мен мемлекетке көмек көрсеткені үшін, ел тұрғындарына қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын», - деп бөлісті Макинск қаласының тұрғыны Жазира Балтабаева.Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Тастыөзек, Айнакөл, Қараөзек және Новодонецк сияқты 4 ауылда жүргізілді. 3 ауылда су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары келесі жылы аяқталады. Сондай-ақ, ауданның Шұбарағаш, Мат, Иванковка және Аққайн ауылдарында суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдері орнатылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885791
Ақтөбеде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты өз мәресіне жетті 19.11.2024
15 қараша басталған республикалық біріншілік Ақтөбе қаласында «Қоныс» спорт кешенінде өтті. Чемпионаттың жекелей сынына барлығы Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 510 дзюдошы қатысты. Жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпы медаль кестесінде 3 алтын, 1 қола жүлдемен Ақтөбе облысының спортшылары көш бастады.Қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қоласы бар Абай облысы медаль кестесінде екінші орынға жайғасса, 2 алтын, 1 қола жүлдемен Астана қаласының құрама командасы үздік үштікті түйіндеді.Сондай-ақ, ел чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар бойынша үздіктер анықталды. Өте тартысты өткен финалдық кездесуде Алматы қаласының спортшылары Алматы облысының дзюдошыларын 4:2 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Финалист Алматы облысы екінші күміске қол жеткізсе, Атырау және Қарағанды облысының дзюдошылары командалық жарыстың қола жүлдегері атанды.Айта кетерлігі, Чемпионатта барлығы 12 IJF Халықаралық дәрежедегі төреші төрелік етті. Жарыстың әділ әрі жоғары дәрежеде өтуіне шетелдік мамандар, халықаралық дәрежедегі төрешілер Владимир Востриков, Евгений Рахлин мен Владимир Нутсубидзе бақылаушы-төреші қызметін атқарды.Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы спорт маусымына дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы жасақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/885729
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты 2025 жылы іске қосылады 19.11.2024
Үкімет отырысында Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аграрлық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет шаралар кешенін іске асыруда. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Ақтөбе филиалы базасында Жылқы шаруашылығы институты құрылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдына Институттың биыл толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті рәсімдердің барлығын осы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды. Инновациялық технологияларды енгізу және агроөнеркәсіптік секторды қарқынды дамыту үшін әлемдік тәжірибені қолдануға ерекше назар аударылады.«Мемлекет басшысы 2028 жылы отандық тұқым қорының көлемін 80%-ға, оның ішінде элиталық тұқым көлемін кемінде 15%-ға дейін жеткізуді тапсырды. Бізде әлеует жеткілікті. Ғылыми институттар қазірдің өзінде астықтың өнімділігін арттыратын тұқым сорттарын шығарып жатыр. Біз үздік әлемдік практикаларды қолдана отырып, агрономия ғылымын одан әрі дамытатын боламыз. Ауыл шаруашылығы және Ғылым және жоғары білім министрліктері аталған мәселе бойынша жүйелі шешімдер дайындауы керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.https://t.me/KZgovernment Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/885758
QYZPU 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ 19.11.2024
QYZPU 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ Алматыда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойы атап өтілді. Университетте «Білімді қыздар – білімді ұлт» халықаралық форумы өтіп, мерейтой аясында еліміздің білім және ғылым саласына еңбегі сіңген тұлғалар, университет түлектері және профессорлық-оқытушылық құрамы марапатталды. Мерейтой барысында университет тарихындағы айтулы оқиға – QyzPU жаңа оқу ғимаратының ашылу рәсімі өтті. Жаңа корпустың лентасын ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, университет түлегі Орынша Қарабалина, және Университеттің Директорлар Кеңесінің Төрағасы Омархан Өксікбаев кесті. Министр Саясат Нұрбек университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына ғылым мен білім саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, марапаттар табыстады. Ведомство басшысы университеттің тек білім беру ордасы ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамға жеткізетін маңызды орталық екенін ерекше атап өтті. Министр өз сөзінде педагогикалық университеттің 80 жылдық тарихына тоқталып, осы уақыт ішінде оқу орнын тәмамдаған түлектердің еліміздің түкпір-түкпірінде ұстаздық қызметте, қоғамдық жұмыстарда, сондай-ақ өнер мен мәдениет салаларында жемісті еңбек етіп жүргенін атап өтті. Университеттің жетістіктері мен қоғамға қосқан үлесі оның ұлттық білім беру жүйесіндегі ерекше рөлін көрсетеді. Уиверситетте Пәнаралық ғылыми зертхананың ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхамедқали Матаев және Университеттің Директорлар Кеңесінің Төрағасы Омархан Өксікбаев қатысып, лентасын қиды. «Университет жас мамандарды тәрбиелеп қана қоймай, ғылым саласын дамытуға да ден қойып отыр. Үлкен ғылыми ордаға айналуына көңіл бөліп, зертханалар ашып жатырмыз. Зертханадағы оқудың 30%-ы оқу-әдістемелік болса, 70%-ы ғылыми тәжірибе жинақтауға бағытталған. Ғалымдардың осы зертханалардағы тәжірибесінің арқасында елімізде ғылыми жаңалықтар болады сенімдемін. Сондықтан бұл университет тек мұғалім даярлауға ғана емес, ғылымды дамытуға да үлес қосады», - деді Омархан Өксікбаев. Зертханалық орталық «химия-биология-физика» бағытындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге негізделген, болашақта басқа да бағыттарды қамтиды деп жоспарлануда. Ол әртүрлі салаларда зерттеулер жүргізуге арналған заманауи құрылғылармен жабдықталған. Орталықта түрлі бағыттағы зертханалар бар: спектрлік талдау зертханасы, рентгендік фазалық талдау зертханасы, жаңа материалдарды синтездеу зертханасы, кванттық магнитометриялық зерттеулер зертханасы, электрондық құрылымдық зерттеулер зертханасы, табиғи қосылыстар химиясы зертханасы, креативті идеялар және ынтымақтастық зертханасы, биомедициналық зерттеулермен айналысатын биомедициналық зерттеулер зертханасы және жаңа биологиялық өнімдер мен технологияларды жасау үшін биотехнология және гендік инженерия бойынша зерттеулер жүргізілетін биотехнологиялық зерттеулер жасайтын зертхана. Сондай-ақ жаңа идеялар мен креативті бастамаларға арналған «QyzPU Unispace» коворкинг орталығы ашылды. Мерейтой аясында өткен маңызды оқиғалардың бірі QyzPU мен әлемнің жетекші университеттері арасындағы стратегиялық келісімге қол қою болды. QyzPU Michigan State University, Sussex University арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар QyzPU, Education University of Hong Kong және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында ұстаздар біліктілігін арттыру академиясын құру туралы шартқа қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/885732
Күштік құрылымдар «Тұран» университетімен ынтымақтастық орнатпақ 19.11.2024
Алматыда Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері, Ұлттық ұлан және «Тұран» университеті арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ғылыми және қолданбалы психология бағыты бойынша білім беру қызметінде күштік құрылымдар мен жоғары оқу орны арасындағы байланыстарды дамытудың бастамашысы болып отыр.Іс-шараға «Тұран» университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, бас әскери клиникалық госпитальдің өкілдері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің, әскери оқу орындарының психологтары қатысты.Құжатқа Қорғаныс министрлігінің атынан Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин, Ұлттық ұланнан Бас қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов, Төтенше жағдайлар министрлігі атынан Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев, «Тұран» университетінен оқу орнының ректоры Рахман Алшанов қол қойды. – Бүгін Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің арқасында біз психологиялық жұмыс сияқты күрделі және жауапты бағытты дамытуда тағы бір қадам жасадық. Келісім қолданбалы және ғылыми отандық психологияны дамытуға, күштік құрылымдар мен «Тұран» университеті арасында білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған ведомствоаралық жұмысты тиімді құруға мүмкіндік береді деп санаймын, – деп түсіндірді Құрлық әскерлері әскери институтының бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулин.Меморандум бірлескен оқу-білім беру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруды, жоғары оқу орны студенттерінің тәжірибе мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды, ғылыми-әдістемелік семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар және басқа да іс-шаралар шеңберінде тәжірибе алмасуды көздейді. Мұның бәрі білім беруді тереңдетуге және зерделейтін мамандық бойынша практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жұмыс істейтін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/885751
Алматыдағы әскери жоғары оқу орнында жас офицерлермен кездесу өтті 19.11.2024
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында соңғы екі жылда білім ордасын аяқтап, рота командиріне дейін өскен жас офицерлермен кездесу өтті. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, жоғары оқу орнының курсанттары, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери мектептердің тәрбиеленушілері мен жас офицерлердің туған-туыстары қатысты.Қарулы күштердің сапалы жаңа офицерлер корпусын қалыптастыру жөніндегі Қорғаныс министрлігінің 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бағдарламасын басшылыққа ала отырып, жоғары оқу орындары өз түлектерінің келешегін қадағалайды. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары полковник Бауыржан Әбіров 14 үздік жас офицерге «Үздік маман» белгісін және бағалы сыйлықтар табыс етті.Қарулы күштердің ардагері генерал-полковник Әлібек Қасымов түлектерді айтулы күнмен құттықтады. – Әрбір офицер мәдениеті жоғары және өз ісінің майталманы болып қана қоймай, оны жеке құрамнан талап етуі маңызды. Барлық жағынан салмақты болуға тырысып, әсіресе қол астындағылардың әрекеттерін бағалауға қатысты мәселелерді қарастырған кезде асығыс шешім қабылдамау керек. Сонда ғана сендерге сеніп тапсырылған бөлімшелер жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, әскери тәртіптің қажетті деңгейін сақтай алады, – деді ол.Жас офицерлердің кәсіби қалыптасуы жеке өміріндегі маңызды оқиғалармен қатар жүретіні анық. Іс шара барысында аға лейтенант Дмитрий Фоменко өзінің сүйіктісі Аринаға отау құруға ұсыныс жасады. Демек, отбасын құру арқылы Дмитрийдің сенімді тылы пайда болады да, қызметке деген ынтасы арта түседі.Салтанатты шара Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының шығармашылық тобы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/885784
Өңірлерде «Мұз-2024» республикалық акциясы өткізілуде 19.11.2024
«Мұз-2024» республикалық үгіт-насихаттық-профилактикалық іс-шарасы аясында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың барлық аймақтарында ауқымды рейдтер мен үгіт-насихаттық іс-шаралар кешені жүргізді. Іс-шараларға ауқымды патрульдеу, халықты түсіндіру және ақпараттық материалдарды тарату кіреді. Оларды жүзеге асыруға волонтерлер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері, полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі құрылымдар тартылды.«Жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған: негізгі тәуекел аймақтары қамтылған, мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы халықтың барынша хабардар болуы қамтамасыз етілген, барлық тартылған қызметтер арасында тығыз өзара іс-қимыл орнатылған. Соның арқасында қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жедел әрекет ету деңгейін арттыруға мүмкіндік туды», - Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Роллан Есмағанбетов деп атап өтті.Департамент бұл бағыттағы жұмысты белсенді түрде жалғастырып, облыстың су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885727
Қазақстан ТЖМ делегациясы Халықаралық спорт конференциясына қатысуда 19.11.2024
17-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының XXV халықаралық конференциясы өтуде. Конференцияға 19 елден өрт–құтқару қызметтерінің, өрт–құтқару спорты қауымдастықтары мен федерацияларының басшылары қатысуда.Қазақстан ТЖМ атынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов және Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры Дәурен Данаев қатысуда.Конференцияда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясын одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастық, 2025 жылы өрт–құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқылануда. Конференцияны Сауд Арабиясы Корольдігі ІІМ Азаматтық қорғаныс Бас басқармасы ұйымдастырды.Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының директоры Андрей Калинин Қазақстан ТЖ министрі Шыңғыс Әріновке және Қазақстан спорт федерациясының атқарушы директоры Дәурен Данаевқа Алматы қаласындағы әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ол кәсіби дайындық пен іс-шараларды ұйымдастырудың жоғары деңгейінің арқасында Қазақстан басқа елдер үшін үлгі болғанын атап өтті. Директордың сөзінде мұндай іс–шаралар түрлі елдердің құтқарушылары арасындағы бауырластықты нығайтуға, өрт қауіпсіздігі саласындағы практикалық дағдыларды жақсартуға және балалар мен жастар арасында өрт-құтқару спортын танымал етуге ықпал ететіні туралы айтылды.ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибе алмасу үшін жаңа көкжиектер ашатынын және қазақстандық құтқарушылардың кәсібилік деңгейін арттыратынын атап өтті. Біздің команданың халықаралық аренадағы жетістігі қызмет қызметкерлерінің жоғары дайындығы мен жауапкершілігін растайды. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885777
Қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілді 19.11.2024
Қазақстандық білім беру ұйымдарында тамақтандыру сапасына күнделікті мониторинг жүргізу енгізілдіБұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында баяндама жасаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Министрдің айтуынша, биылғы жылы тиісті нормативтік құқықтық талаптар күшейтілді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру стандарттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес қайта қаралды.«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасын арттыру мақсатында күнделікті мониторинг енгізілді. Мектеп аспаздарының біліктілігіне, олардың білімі мен еңбек өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Өнім берушілердің қызметін бастамас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы туралы шарт бекітілді. Сондай-ақ ас блогына бейнебақылау орнату міндеттелді», - деді министр.Сонымен қатар Ғани Бейсембаев «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында тегін тамақ алатын балаларды автоматтандырылған түрде есепке алу жұмыстары жүргізілуде екенін атап өтті.Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты әзірленді, оны 2025 жылдан бастап қолданысқа енгізу жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын екі ведомство басшысы мұндай шешімді білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру сапасына бірлесіп бақылау жүргізу барысында қабылдаған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/885721
Оқу-ағарту министрлігі мектепте тамақтандыру қызметін көрсетушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мүмкіндігін қарастыруда 19.11.2024
ҚР Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп еліміздегі мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Республикалық мониторингтің қорытындылары туралы Ғани Бейсембаев баяндады.Оқу-ағарту министрі республикалық мониторинг қорытындысында мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылу сапасына қатысты сұрақтардың туындауы атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсеткенін, сондай-ақ мұны заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де анық аңғаруға болатынын атап өтті. Мониторинг тобы заң талаптарын бұзылуы бойынша 771 фактіні анықтаған.Сондай-ақ Министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша кешенді бағалау жүргізді. Бағалау кезінде тамақтандыру сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері, асханалардың қажетті материалдық-техникалық жабдықталуы, 1 оқушыға шаққандағы өңірлердегі тамақтану құны, ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері ескерілді. Оның нәтижесінде Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығы анықталды.«Қазіргі таңда Министрлік мектепте тамақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтауда», - деп қорытындылады Ғани Бейсембаев.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік талаптарды күшейтіп, білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қараған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/885752