Қуқық
«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды 19.11.2024
Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды,-деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына сілтеме жасап.Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 19 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Барлығы аудандық, облыстық деңгейде іріктеуден өткен. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің еңбегінің беделін арттыру.Байқау үш кезең бойынша өткізіледі:I тур – «Креативті педагог»;II тур – «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы»;III тур – «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара».Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1,5 млн теңге. Сондай-ақ, арнайы номинациялардың иегерлеріне 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/886120
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ӨНІМНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДЕ 19.11.2024
5 мың сынама өнімді бақылау сатып алу және жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексерілген өнімнің 35%-ы ЕАЭО бірыңғай санитариялық талаптарына және техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады.Республика аумағында таратылатын өнімнің қауіпсіздігіне жүргізген сараптама нәтижесінде 439 жедел ден қою шарасы қабылданды, халықтың денсаулығына ықтимал қатер төндіретін 2 тоннадан астам өнім сатылымнан алынды.Ауыл шаруашылығы министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.Сондай-ақ, техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл кезінде 2023 жылы сүт өнімдерінің, құс етінің және парфюмерлік-косметикалық өнімдердің сәйкестігі туралы 200 декларацияның қолданылуы тоқтатылды және күші жойылды.Уыттылық деңгейін, зиянды заттардың құрамын, микробиологиялық және басқа да сипаттамаларды анықтайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптама облыстық және аудандық деңгейдегі Ұлттық сараптама орталығының 84 аккредиттелген зертханасында жүргізіледі.Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған заңнама аясында жұмысын жалғастыруда және нарықтағы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/885940
КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ 19.11.2024
Шымкент қаласының креативті индустрия өкілдерін қолдау және дамыту мақсатында арнайы жәрмеңке өтті. Шара қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Жалпы жәрмеңке қолөнердің ежелгі түрін сақтауға, талантты жас шеберлерді қолдауға және Шымкент қаласында креативті индустрия саласын дамытуға өз ықпалын тигізеді. Жәрмеңкеге қаланың 14 креативті индустрия өкілдері қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына әр түрлі зергерлік, киіз, тоқыма, былғары және т.б. өнімдерін ұсынды. Көрменің басты мақсаты креативті индустрия кәсіпкерлеріне өз өнімдерін монетизациялауға қолдау көрсету, Шымкент қаласының креативті өнімдерін қалыптастыру және қолөнерді насихаттау болып. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/886042
Алматы облысы 2024 жылы туристер саны бойынша жаңа рекорд орнатты 19.11.2024
2024 жылы Алматы облысы туризмнің қарқынды дамуы бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Қаңтар мен қазан аралығында аймаққа 1,6 миллион турист келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық. Бұл көрсеткіштер Қазақстанның саяхатшылар үшін танымал бағытқа айналып келе жатқанын айқын көрсетеді.Ерекше назар аударатын жайт — шетелден келген туристер санының артуы. eQonaq жүйесінің мәліметінше, 2024 жылдың 10 айында Қазақстанға 111 352 шетелдік турист келген, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 73%-ға жоғары. Мұндай өсім елдің табиғи байлығы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтың артуымен түсіндіріледі.Алматы облысының ұлттық парктері саяхатшыларды өзіне баурайтын негізгі нысандар болып табылады:- Көлсай көлдері ұлттық паркі — әсем табиғат аясындағы керемет таулы көлдер.- Іле-Алатау ұлттық паркі — ерекше флорасы мен тау жорықтарына таптырмас орын.- Шарын шатқалы — көріністерімен тәнті ететін, шағын Гранд-Каньон атанған мекен.Бұл табиғи қазыналар тек қазақстандық туристерді ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларды да тартуда.2024 жылғы жетістіктер Алматы облысының Қазақстанның басты туристік орталықтарының бірі ретінде мәртебесін нығайта түсуде. Табиғаттың қайталанбас көріністері, жоғары деңгейлі қызмет көрсету және елді дұрыс таныту саяхатшылардың жүрегін жаулап алып, Қазақстанды ерекше сапардың мекені ретінде танытуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/885892
Іле ауданының әкімі тағайындалды 19.11.2024
ҚР Президенті Әкімшілігінің және Іле ауданы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша, Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов Іле ауданының әкімі болып тағайындалды.Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған.Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеді:Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының вице-президенті,Алматы қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында ғимараттарды реконструкциялауды және қайта жоспарлауды бақылау бөлімдерінің бас маманы мен басшысы,Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары,Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің бастығы,Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары,Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары,Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/885895
Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасының JJ Studio бағдарламасында спорт саласындағы өзгерістер туралы сұхбат берді 19.11.2024
Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасының JJ Studio бағдарламасында спорт саласындағы өзгерістер туралы сұхбат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/886004
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды тексеру мәселелері бойынша жиналыс өтті 19.11.2024
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі басшылығы тапсырмасымен Аппарат басшысы Е.Р. Мұқаевтың төрағалығымен оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруші өкілетті орган мен азаматтық авиация ұйымдарының өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өтті.Жиынға Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті, Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның Авиация әкімшілігі» АҚ, «Қазаэронавигация» ШЖҚ РМК, «Қазавиақұтқару» АҚ, отандық авиакомпаниялардың және Қазақстан Республикасы әуежайларының қызметкерлері қатысты.Департамент директоры Н.С. Малаев өткізілген мәжіліс шеңберінде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың саны, ұшулардың жиілігі мен мақсаты туралы статистикалық мәліметтерді ұсынды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 942 әуе кемесі тіркелген. Жылына орташа ұшу сағаты 250 000 сағатты қамтиды. Жалпы алғанда жыл сайын ұшақтардың саны да, ұшу сағаттары да өсу үстінде.Айта кететін жайт, 2022 жылдан бастап авиациялық оқиғалар саны азайып келеді. Екі жылда төмендеу көрсеткіші 34%-ды құрайды.Мәжілісте авиациялық оқиғалар туралы жедел хабарлауға, тергеу нәтижелері бойынша ұсынылатын түпкілікті есептердің сапасына, функционалдық жауапкершіліктер мен тергеуді ұйымдастыруға қажетті нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуге, авиациялық оқиғалардың қайталанатын себептерін жою жөніндегі кешенді шараларды әзірлеуге және авиациялық оқиғаларды қасақана жасыруға жол бермеудің алдын алу шараларын күшейтуге аса көңіл бөлінді.Отырысқа қатысушылар Департаменттің құрамына отандық және шетелдік авиакомпаниялардың, әуежайлардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өкілдік ететін халықаралық ұйымдардың өкілдері кіретін авиациялық оқиғалар мен оқыс-оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша сарапшылардан құралған Жұмыс тобын құру туралы бастамасын қолдады. Жұмыс тобының платформасы мемлекеттік органдар мен азаматтық авиация саласы арасындағы тергеп-тексеруді ұйымдастыру кезінде өзара іс-қимылды жақсартуға көмектеседі.Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Департамент Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенциясының 13-қосымшадағы авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша стандарттары мен ұсынылатын тәжірибелерін енгізу және қолдану міндетін алады, бұл өз кезегінде 2021 жылғы халықаралық ИКАО аудиторларының валидация миссиясының нәтижелері бойынша көрсетілген көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.Әлемдік тәжірибені зерделеу және авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Департамент 2025 жылдың шілдесінде ИКАО аясында өтетін авиациялық оқиғаны тергеу бойынша семинар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Семинарға МАК (РФ), NTSB (АҚШ), BEA (Франция), ATSB (Австралия), TSBC (Канада) және т.б. елдерінің авиациялық оқиғаларын тергеу бойынша жетекші халықаралық ұйымдары шақырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/885956
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясында жаңа казарма ашылды 19.11.2024
Жаңа казарманың ашылу салтанатында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков құттықтау сөз сөйледі.Аталған іс-шараға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары Бауыржан Әбжанов пен Еркебұлан Хамидуллин, сондай-ақ “Орталық” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Шекарбеков және өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.Дәстүрге сәйкес казарманың қызыл лентасын аймақ басшысы мен Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы кесті.– Казарманың жаңа түрі жайлы, заманауи, ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Бұл жай ғана ғимарат емес, оқу уақытына арналған жаңа үй. Мұның бәрі ізгі қамқорлықпен жасалды. Сіздерге өз ісіңіздің нағыз кәсіпқойы болу үшін оқуда сәттілік тілеймін. Біздің ел сіздерге сенім артады, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.– Біз еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі болып табылатын болашақ офицерлер үшін жаңа казарманың ашылғанына куә болдық. Мұнда оқыту мен қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Академия курсанттары осы мүмкіндіктерді пайдалана алатынына және білімді тәртіппен үйлестіре отырып, Отанға адал қызмет ететініне сенімдімін, – деді Аңсаған Балтабеков.Осыдан кейін облыс әкімі мен Ішкі істер министрінің орынбасары бастаған құрметті қонақтар 27 жыл ішінде 4 мыңнан астам офицер дайындаған академияның казармалары мен оқу корпустарын аралады. Олар қолбасшылық және басқару кабинеттерінде, оқу орнының кафедраларында болды. Магистратура және қосымша білім беру факультетіне барып, білімдерін тереңдету, жаңа кәсіби дағдыларды алу және әскери мамандардың іскерлік қасиеттерін дамыту жөніндегі міндеттерді білді.Делегацияны ҚР ІІМ Ұлттық ұланы академиясының бастығы Артур Токушев алып жүрді.Айта кетсек, казармада жатын бөлмелері, жаттығу залдары, тұрмыстық бөлмелер, демалыс бөлмелері, киім ауыстыратын бөлмелер, заманауи жуынатын бөлмелер, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау бөлмелері және оқу сыныптары бар. Барлық үй-жай бірыңғай стильде салынған және барлық заманауи техникалық жабдықпен жабдықталған.Сондай-ақ қонақтар академия мұражайына барды, онда оның тарихы мен күнделікті өмірін бейнелейтін экспозицияларды тамашалады. Содан кейін қонақтар академияның басқа нысандарының құрылыс барысымен танысты.Ал әскери оқу орнының клубында Ансаған Балтабеков академияның қолбасшылығымен, профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесу өткізді.Іс-шара соңында Бас қолбасшы академияның Ұлттық ұлан үшін маңыздылығын атап өтіп, еліміздің болашақ қорғаушыларын тәрбиелеуге қосқан үлесі және олардың білім беру міндетін абыроймен атқарып жүргені үшін жеке құрамға алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/885961
Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіне үш мыңға жуық мұрағат ісі сақтауға берілді 19.11.2024
Қорғаныс ведомствосының мекемесі Қарулы күштердің қызметіне қатысты мұрағаттық құжаттарды іздеу және сақтауға қабылдау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.Мемлекеттік және ведомстволық мекемелермен байланыстарды кеңейтудің арқасында Қорғаныс министрлігінің Орталық архивіне Маңғыстау облысының мемлекеттік архивінен 1952-1996 жылдар кезеңіндегі 2866 іс келіп түсті. Астанаға 21 әскери бөлім мен мекемеге қатысты құжаттар Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық көлігімен жеткізілді.Бұл материалдардың тарихи, ғылыми және әлеуметтік маңызы бар. Архив мамандары өтініштер санының артқанын атап өтті. Олар тек қазақстандықтардан ғана емес, сондай-ақ зейнетақыны ресімдеу үшін КСРО кезеңінде Қазақстан аумағында орналасқан әскери бөлімдерде қызмет өткергенін немесе еңбек қызметін растауы қажет жақын және алыс шетелдердің азаматтарынан келіп түседі.Мәселенің өзектілігін ескере отырып, қорғаныс ведомствосының Орталық мұрағаты Қарулы күштерге байланысты құжаттардың орналасқан жерін белгілеу және оларды мұрағаттық сақтауға қабылдау жөніндегі қызметті жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886013
Елордадан әскерге шақырылғандар Ақтөбедегі кіші авиация мамандарын даярлайтын орталықта оқиды 19.11.2024
Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті 40 әскерге шақырылушыны Әуе қорғанысы күштеріне мерзімді әскери қызметін атқаруға салтанатты түрде шығарып салды.Жас астаналықтар Қазақстанның бүкіл өңірінде орналасқан авиациялық бригадаларда әскери борышын өтеуі тиіс. Алайда бұған дейін олар Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты жанындағы кіші авиация мамандары орталығында жарты жылдық оқудан өтеді. Оқу орталығында полковник Жәнібек Қабдуәлиевтің басшылығымен 12 бағыт бойынша ұшуды жерүсті және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының 200-ден астам кіші маманы және басқалары білім алуда. – Бір ай бойы әскерге шақырылғандар жас жауынгер курсынан өтуі керек. Қызметтің негіздерін игергеннен кейін алты ай ішінде сарбаздар шектес мамандықтарды үйренетін болады. Бұл жерүсті қамтамасыз ету құралдарын пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі мамандар, электр және газ жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарьлар, жанар-жағармай материалдарының зертханашылары, радиоэлектрондық жабдықтарды монтаждаушылар, жол-құрылыс машиналарының машинистері, – деді кіші авиация мамандарын даярлау орталығының бастығы полковник Жәнібек Қабдуәлиев.Орталықта жарты жыл оқығаннан кейін оның түлектері Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде меңгерген әскери-есептік мамандығы бойынша тәжірибе жинайтын болады. Офицер бұл мамандықтар экономиканың азаматтық секторында сұранысқа ие екенін айтты. Белгіленген мерзімде қызмет етіп, таңдалған мамандыққа сәйкес сертификаттар алғаннан кейін жастар азаматтық авиация секторында жұмысқа орналаса алады. Қызметті аяқтағаннан кейін азаматтар осы алған мамандықтарын өзін дамытуға жан-жақты жүзеге асыра алады. Оларға келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына түсуге немесе азаматтық жоғары оқу орнына түсу үшін білім грантын пайдалануға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886027
Қарулы күштерде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қорытындыланды 19.11.2024
Елордадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтердің басшылары ағымдағы кезең үшін есеп беріп, 2025 жылға арналған жоспарды бекітті.Іс-шараға Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің өкілдері, Қарулы күштер түрлерінің, әскер тектері мен гарнизондар қызметінің басшылары қатысты.– Әскери отбасылар жиі қоныс аударады, әскери қызметшілер ұзақ мерзімді іссапарларға шығады. Мұның бәрі бірлескен уақыт пен отбасылық қарым-қатынас мүмкіндігін шектейді. Біздің міндетіміз – отбасына қиындықтарды жеңуге және жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесу. Біз балаларды білім беру мекемелеріне, әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесеміз, тұрмыс пен бос уақытқа байланысты басқа да мәселелерді шешеміз, – деп атап өтті Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәттігүл Смағұлова.Т. Смағұлова атап өткендей, қызметтердің назарында көп балалы және жас отбасылар, сондай-ақ әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары бар. Оларға құқықтық, психологиялық және басқа да көмек көрсетіледі.Биыл қорғаныс және оқу-ағарту министрліктері арасындағы бірлескен жоспардың арқасында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында шалғайдағы гарнизондардағы әскери қызметшілердің 1100 баласы демалды.Отбасы мүшелері үшін театрларға, мұражайларға бару, жорықтар мен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Гарнизондарда жергілікті атқарушы органдардың, аналардың өңірлік кеңестерінің, отбасын қолдау орталықтарының өкілдерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Кездесулерге белгілі адамдар, тыл еңбеккерлері, еңбек ерлері және Қарулы күштердің ардагерлері шақырылды.Отырысқа қатысушылар есепті кезеңде әйелдер кеңесі жүргізген жұмыс әскери қызметшілердің отбасыларында салауатты моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға ықпал еткенін атап өтті. Жыл қорытындысы бойынша қызметтердің үздік басшылары Қорғаныс министрлігі қолбасшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/886041
ҚР АШМ COP29-да халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда 19.11.2024
2024 жылғы 19 қарашада БҰҰ-ның Бакудегі климаттың өзгеруі жөніндегі 29-шы конференциясы (COP29) шеңберінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі климатқа тұрақты Ауыл шаруашылығын ілгерілетуге және азық-түлік жүйелерін климаттық сын-тегеуріндерге бейімдеуге өзінің міндеттемесін растады.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шараларға қатысып, онда негізгі бастамаларды көтеріп, елдің тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін таныстырды.Министрлік азық-түлік секторын трансформациялау үшін климаттық қаржыландыруды тартуға бағытталған Fast (Food and agriculture for Sustainable Transformation) серіктестігінің ресми қатысушысы болды.Сонымен қатар, министрлік Бакудегі «Гармония» бастамасына қолдау білдірді, бұл фермерлердің, соның ішінде әйелдер мен жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.COP29 алаңында АШМ түркі мемлекеттері ұйымының климатқа төзімді ауылдары форумын құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл форум тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды енгізу және климаттың өзгеруінің салдарын азайту бойынша бірлескен стратегияларды әзірлеу үшін платформа болады.Вице-министр FAST, «Гармония» және климатқа төзімді ауылдар форумы сияқты бастамалар, ең алдымен, халықаралық қаржыландыруды тарту арқылы климаттық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың маңызды құралы болып табылатынын атап өтті.АШМ агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуға және ауылдық аумақтардың климаттық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885969
Абай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық тексерілді 19.11.2024
ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы У.С. Тналиев ТЖ және су ресурстар министрліктерінің өкілдерімен бірлесіп 2025 жылдың алдағы су тасқыны кезеңінде өңірдің халқы мен аумағын қорғауға бағытталған іс-шаралардың іске асырылуын қарады. Тексеру Бородулиха, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында жүргізілді.Абай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар елді мекендерді инженерлік қорғаудың әзірленген жоспары шеңберінде жүргізілуде. Жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу, өзен арналарын тазарту және түбін тереңдету, бөгеттер салу, көпірлерді жөндеу, су өткізу арналарын, қосымша су өткізу құрылыстарын орнату облыстың 6 ауданының 40 елді мекенінде тасқын судан қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Бұдан басқа жүргізіліп жатқан іс-шараның маңызды бөлігі облыс аудандарындағы су тасқынынан халықты және инфрақұрылымды қорғауда шешуші рөл атқаратын гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885967
ТЖМ құрама командасы «Қорғаныс министрінің кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының Финалына дайындалуда 19.11.2024
ТЖМ құрама командасы «Қорғаныс министрі Кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының Финалына қатысу алдындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Турнир 2024 жылғы 21-23 қараша аралығында елордада Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтеді.Жиындарда спортшылар дене шынықтыруға ғана емес, командалық өзара іс-қимылды дамытуға да назар аудара отырып, қоян-қолтық ұрысы техникасын белсенді түрде жетілдіруде. Жаттығулар бірлік пен өзара көмек рухын нығайтуға бағытталған, бұл қатаң бәсекелестік жағдайында сәтті өнер көрсету үшін өте маңызды.ТЖМ құрамасы лайықты өнер көрсетуге, біздің қызметіміздің негізі болып табылатын ерік-жігерді, адалдық пен әділдікті көрсетуге дайын. Табандылық пен жеңіске деген ұмтылыс турнирде жоғары нәтиже беретініне сенімдіміз.Спортшыларымызға сәтті өнер көрсетулерін тілейміз! ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885978
Қазақстанның Канада бастамасына қатысуы 19.11.2024
Қазақстанның Канада бастамасына қатысуы СОР29-ның екінші аптасында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен қазақстандық делегация өкілдері Канаданың «Көміртекті шығарындыларына баға белгілеудің жаһандық проблемасы және климаттық амбициялар» тақырыбындағы іс-шараға қатысты.Атап айтқанда, Қазақстан көміртегі шығарындыларына баға белгілеуге және оның дамушы нарықтардағы құндылықтарына қатысты мәселелерді атап өтті.Бұл жоғары деңгейдегі пікірталасқа Global carbon pricing challenge (GCPC) жаңа және қолданыстағы серіктестері, министрлері мен аға шенеуніктері, сондай-ақ көміртегі бағасын белгілеуге мүдделі әртүрлі елдер қатысты. Жоғары деңгейдегі өкілдер көміртегі бағасының дамушы экономикалардағы рөлін және GCPC көміртегі бағасының қалыптасып келе жатқан саясатын қалай қолдайтынын талқылады.Естеріңізге сала кетейік, биыл өткен жылдағы СОР28 қорытындысы бойынша Қазақстан Канаданың GCPC бастамасына қосылды.Бастама туралы толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша білуге болады https://www.globalcarbonpricingchallenge.org/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885968
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Сербияда кездесулер өткізді 19.11.2024
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Сербияға жасаған жұмыс сапары барысында ақпараттық технологиялар, цифрландыру және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді.Маңызды кездесулердің бірі Сербияның ақпарат және телекоммуникациялар министрі Деян Ристичпен өтті. Тараптар GovTech саласындағы бірлескен жобаларды дамыту, жасанды интеллект, телекоммуникациялар және инновациялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Astana Hub-пен бірлесе жұмыс істеу, Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) артықшылықтарын таныстыру және Сербияның IT қызметтер экспортындағы тәжірибесін зерттеу бойынша келісімге қол жеткізілді.Министр Крагуевац қаласындағы Мемлекеттік деректерді өңдеу орталығына (МДӨО) барды, ол тиімді цифрлық инфрақұрылымның жарқын үлгісі болып табылады. МДӨО Еуропалық Tier IV стандарты бойынша сертификатталған, бұл оның сенімділігі мен қауіпсіздігін көрсетеді. Орталық мемлекеттік басқару үшін ғана емес, Oracle, IBM және Huawei сияқты ірі IT-компаниялар үшін де қызметтер ұсынады, бұл Сербияның технологиялық беделін нығайтады.Сондай-ақ, Сербияның CERN ғаламдық есептеу желісіне интеграциялау тәжірибесі талқыланды. Сербия Еуропада жетінші және әлемде оныншы болып бұл желіге қосылды. МДӨО өңдеген деректер халықаралық ғылыми зерттеулер үшін қолданылады, бұл Қазақстан үшін де қызықты бағыт болуы мүмкін.Сербия тарапы Қазақстанның цифрлық жетістіктерін, атап айтқанда, жасанды интеллектті дамыту бойынша делегация ұсынған ауқымды жоспарларды жоғары бағалады.IT саласының өсуін (2024 жылы IT-қызметтер экспорты шамамен 4 миллиард еуроны құраған) көрсеткен Сербия Қазақстан үшін перспективалы серіктеске айналды. Цифрландыру, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы байланыстарды нығайтып, екі жаққа да жаңа технологиялық даму мүмкіндіктерін ашады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/885887
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 19.11.2024
Бүгін қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппараттық мәжілісте күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. Мегаполис басшысы ең алдымен жылыту маусымында тұрғындардан келіп түскен проблемаларға тез арада кері байланыс орнату керек екенін айтты. Сондай-ақ азаматтарға құбырларды тазалау бойынша түсіндірме жұмысын тұрақты жүргізу қажет деді. Күн тәртібіне сәйкес кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев өнеркәсіп саласының дамуына қатысты баяндама жасады. Айтуынша, жыл басынан бері кәсіпорындар 913,9 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұдан бөлек жыл соңына дейін 78,2 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 1 693 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Биыл 1 шілдеде ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына қол қойды. Жиында Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқарма басшысы А.Абаев аталған заңдағы өзгерістер туралы баяндады. Қазіргі таңда жаңа Заңға сәйкес жұмыс жүргізу үшін басқарманың құрылымына өзгерістер енгізілген. Шағымдарды қарау мақсатында жаңа бөлім ашылды және 1 штаттық бірлікте басшы орынбасары лауазымымен толықтырылды. Өйткені, басқармаға жыл басынан бері 2430 шағым келіп түскен. «Мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар заңсыздықтар бар екенін рас. Мұны тоқтату керек. Біз мемлекеттің ақшасын жымқыратындар үшін емес, халық үшін жұмыс істейміз. Сондықтан, барлық басқармаларды қатаң тексеріп, тиісті шара қолданыңыздар. Өнім берушілерден келіп түскен шағымдарды да ескеру керек. Қабылданған заң ашықтықты қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған»,-деді қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/885845
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 16 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДЕ 28 ЖЕДЕЛ САТЫ (ЛИФТ) ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ АУЫСТЫРЫЛАДЫ 19.11.2024
Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша 16 көпқабатты тұрғын үйде, 29 жедел саты (лифт) қондырғылары ауыстыру жоспарланға. Қазіргі таңда, 12 көпқабатты тұрғын үйдің 22 жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін қосымша 4 көпқабатты тұрғын үйге 6 жедел сатыны (лифт) ауыстыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Нұрсат шағын ауданындағы № 128, 132, 135В, 135Б, 135А тұрғын үйлердің пәтер иелері жедел саты (лифт) қондырғыларын ауыстырылуы қажет екендігі туралы өтініш білдірген болатын. Осыған орай, көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелерімен жалпы жиналыс өткізіліп, заңнама талаптары толық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттама берілді. Айта кетейік Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау, жедел саты (лифт) туралы шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста қабылданады. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен жағдайда қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/885852
ШЫМКЕНТ: «ЖАСТАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ 19.11.2024
Шымкент қаласы бойынша 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға өтінім қабылдау 2024 жылдың 27 қараша күні сағат 9:00-ден 29 қараша сағат 19:00 аралығында жүргізіледі. «Жастар» бағдарламасына қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: -Жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген 35 жасқа толмаған (34 жасқа дейін) Қазақстан Республикасының азаматы; − ай сайынғы табысы 40 айлық есептік көрсеткіштен (147 680) кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі); − өтініш берушінің Шымкент қаласында өтінім берер алдында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы; − өтініш берушінің отбасы мүшелерінің Шымкент қаласында тұрақты тіркеуінің болуы; − өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), балалары (бар болса) апатты жағдайда тұрған, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы; − тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінде жинақ шотының (депозиттің) болуы. Пәтер саны – 900.1 бөлмелі – 2382 бөлмелі – 4123 бөлмелі – 250 Пәтерлер Шымкент қаласы, Абай және Қаратау аудандарында орналасқан. Жастар бағдарламасына қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/885856
Қарағандының Бейнелеу өнері музейінде суретші әрі педагог Бекен Мұқышевтің көрмесі ашылады 19.11.2024
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 20 қараша күні сағат 16:00-де қарағандылық суретші және педагог Бекен Мұқышевтің жеке көрмесі ашылады. "Мәңгілік туралы ойлар" деп аталатын экспозицияда шебердің философиялық ізденістері мен шығармашылық көзқарасын бейнелейтін 70-тен астам кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылады.Бекен Мұқышев 1978 жылы Алматыдағы Н. В. Гоголь атындағы өнер училищесін бітірген. Дария теміржол станциясында жалпы орта білім беретін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.Шығармашылық жол 1991 жылы Қарағанды кафелері мен мейрамханаларының интерьер дизайны жобаларынан басталды. Қалалық және облыстық көрмелерге қатысқан.2016 жылы суретші Қайрат Кэй-Кэйдің тәуелсіз MonARBAT өнер галереясымен ынтымақтастықта болды. Галереямен бірлесіп қала мен республиканың салтанатты және мерекелік іс-шараларына қатысты. Осы уақыт ішінде ол балалар мен ересектерге сурет салуды үйретті.Көрме 30 қарашаға дейін жалғасады.Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.Анықтама телефоны (8-7212) 475-475.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884983