Қуқық
Еліміздің жетекші ғалымдары Қазақстанда асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту жолдарын талқылады 29.11.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде елімізде жылқы шаруашылығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкіметке қысқа мерзімде жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Мемлекет басшысының алға қойған міндетін орындау мақсатында қазақ жылқы шаруашылығы және жем өндіру ғылыми-зерттеу институты Ақтөбе облысындағы тәжірибе станциясының базасында құрылды.Бүгін Ақтөбеде Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту және ҒЗИ ашу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, Мәжіліс депутаттары, еліміздің жетекші ғалымдары мен мамандары қатысты.Іс-шараны облыс әкімі Асхат Шахаров ашты. Ол жергілікті атқарушы орган тарапынан жаңа ғылыми-зерттеу институтын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтіп, дөңгелек үстел мүдделі тараптар арасындағы диалогты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.Бұдан кейін облыс әкімі ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинге сөз беріп, вице-министр отандық жылқы шаруашылығындағы жағдай туралы айтып берді. Бүгінде Қазақстанда жылқылардың жалпы саны 4,1 миллион басты құрайды. Сонымен бірге асыл тұқымды жылқылардың саны 46 мың басты құрайды немесе барлық малдың бір пайызынан сәл ғана асады.«Мемлекет басшысы асыл тұқымды жылқыларды іріктеу мен өсіруге ерекше назар аудару, сол арқылы асыл тұқымды мал басының үлесін арттыру қажеттігін атап өтті. Жалпы, соңғы бес жылда саланы субсидиялауға 4,9 млрд. теңге бағытталды. Ағымдағы жылы атқа мінетін бағыттағы жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі арнайы заң қабылданды. Үкімет заңды жүзеге асыруға кірісті», - деді Аманғали Бердалин.Вице-министр 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде Адай және Қостанай жылқыларын жетілдіруге, сондай-ақ Жебе, Көшім және Мұғалжар сияқты бағыттарда өнімді жылқы шаруашылығын дамытуға бағытталған екі ғылыми-зерттеу бағдарламасы басталғанын атап өтті. Бұл мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді.Жаңа Жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институтының негізгі міндеті жылқылардың асыл тұқымды қасиеттерін жақсарту және отандық тұқымдарды халықаралық нарықтарда белсенді ілгерілету бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Институт алдағы бес жыл ішінде асыл тұқымды жылқылардың санын 6-7%-ға көбейтуді мақсат етіп отыр. Сонымен қатар, еліміздің аграрлық университеттерінде жылқы шаруашылығы бойынша тереңдетіп оқыту жоспарлануда.Кадр тапшылығы мәселесі дөңгелек үстелге қатысушылар арасында ең көп талқыланатын мәселелердің біріне айналды. Сондай-ақ бірқатар ұсыныстар айтылды, оның ішінде өңірлерде зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты комиссия құру, жоғары оқу орындарында жоғары білікті кадрларды даярлау жөніндегі жұмысты күшейту, жылқы шаруашылығымен айналысатын ғалымдардың ұрпақтары арасында сабақтастық байланыс орнату.Дөңгелек үстелге қатысушылар жүйелі көзқарас пен ғылыми-зерттеу институтын құру Қазақстанда жылқы шаруашылығын тұрақты дамыту үшін сенімді іргетас болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/893399
Қазақстандық делегация Гуандун провинциясының 10 ірі аграрлық және логистикалық компаниясымен дөңгелек үстел өткізді 29.11.2024
Қазақстан құрметті қонақ болып табылатын 21-ші қытайлық халықаралық ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесі аясында ҚР делегациясы Гуандун провинциясының жетекші ауыл шаруашылығы компанияларымен кездесу өткізді.ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қытай Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтті.«Ауыл шаруашылығы екіжақты қатынастардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. 2023 жылы Қытаймен агроөнеркәсіптік өнімнің тауар айналымы 1,7 есе өсіп,1,3 млрд.доллардан асты. Бұл біздің осы саланы дамытуға деген қызығушылығымызды көрсетеді.Қытайға ең көп дәнді және майлы дақылдарды, өсімдік майларын экспорттаймыз. ҚХР-дан жеміс-көкөніс өнімдері, цитрус жемістері, жаңғақтар импортталады.Бұл айналым динамикасының шегі емес. Біздің елдеріміз арасында үлкен іске асырылмаған әлеует бар»,-деді вице-министр.Қазақстанда жыл сайын шамамен 20 млрд. ауыл шаруашылығы өнімдері, қайта өңдеу өнімдері-6 млрд. өндіріледі.Соңғы 5 жылда АӨК өнімі экспортының жалпы көлемі 2 есеге артып, 5,4 млрд.долларға жетті. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 10 млрд.долларға жеткізу жоспарлануда.Қазақстан бидайдың әлемдегі жетекші 10 экспорттаушысының қатарына кіреді және ұн экспорты бойынша жетекші орынға ие. Өнімдер Қытайда да жақсы сұранысқа ие.Қазақстандық делегация мүшелері басым бағыттардың қатарында жоғары сапалы мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы өнімдерін және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттау бар екенін атап өтті.«Біз қытайлық инвесторлардың Қазақстанның АӨК секторына деген қызығушылығының айтарлықтай өскенін байқаймыз.Қытай инвесторларының қатысуымен Қазақстан аумағында АӨК саласындағы бірқатар маңызды жобалар сәтті іске асырылды, тағы 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.Бұл Қазақстанға деген үлкен сенімнің белгісі және біздің елімізде ауыл шаруашылығын дамытуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлінетіндігінің дәлелі», - деп атап өтті ҚХР жетекші компанияларын ынтымақтастыққа шақырған вице-министр.Тараптар тауар айналымын, инвестицияларды ұлғайту мәселелерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/893424
Астанада этножурналистика мен шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тарды қолдау жайы талқыланды 29.11.2024
Астанада этножурналистика мен қазақ тілді БАҚ-ты шетелде мемлекеттік қолдау тақырыбына арналған «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.Тақырыпты талқылауға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, этникалық БАҚ және «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері қатысты.Спикерлер этножурналистиканың азаматтық құндылықтарды қалыптастырудың, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудің және қазақстандық қоғамда этностық топтарды шоғырландырудың маңызды құралы ретіндегі шешуші рөлін атап өтті.Пікірталас барысында қатысушылар БАҚ арқылы этносаясатты ілгерілетудің, шетелде қазақ тілді медианы қолдаудың, этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.Этносаралық тұрақтылық үшін тәуекелдерді анықтауға және алдын алуға, әлеуметтік желілерде «араздық тілінің» таралуына қарсы тұруға және этникалық, тілдік белгілері бойынша кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеуге ерекше назар аударылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892671
Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтті 29.11.2024
Көкшетау қаласының Достық үйінде «Мемлекеттік тіл - этносаралдық қатынас тілі» жобасын іске асыру аясында этностар арасында мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумы өтті.Форум спикерлері қазақ тілін меңгерудің үздік тәжірибелерімен бөлісті.Іс-шара соңында форумға қатысушылар үшін Көкшетау қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892673
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының«Бір ел» жастар жобасы бастау алды 29.11.2024
Атырау қаласында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-ағартушылық жастар жобасы бастау алды.Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және ауыл жастары мен волонтерлер қатысты.Спикерлер мәдениетаралық диалогты дамыту, ортақ мәдени және тарихи құндылықтарды сақтау, азаматтар мен жастардың тарихи-мәдени мұраны зерделеуге қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақты қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға тарту, жалпыұлттық бірлік, сондай-ақ қасиетті орындарды танымал етудің маңыздылығын атап өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/892946
Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады 29.11.2024
Президентке 2024 жылы министрлік тарапынан мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қатынастар, жастар саясаты және креативті индустриялар, отбасы-демографиялық сала, архивтер мен кітапхана ісі бойынша жүзеге асырылған шаралар туралы, сондай-ақ 2025 жылға жоспарларға дайындық барысы жөнінде ақпарат берілді.Министр Аида Балаева биыл қазақ өнері әлемге әйгілі өнер алаңдарында алғаш рет ұсынылғанын атап өтті. Венеция биенналесінде және Гиме азиялық өнер музейіндегі қазақ өнер көрмелерін екі жүз мың адам тамашалады.Қазақстанның баспа өнімдері 153 елдің делегациясы қатысқан әлемдегі ең ірі кітап көрмесі – Frankfurter Buchmesse-де алғаш рет көрсетілді.Ел тарихы мен мәдениетін дәріптеуде маңызды жоба – сегіз тілде, соның ішінде халықаралық тілдерде, ақпараттық-ағартушылық «Qazaq Culture» платформасы іске қосылды.Сондай-ақ, Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты жарқын мәдени-көпшілік оқиға болды.Министрлік биыл заң шығару саласында ауқымды жұмыс атқарды.Атап айтқанда, 2024 жылы Қазақстанда журналист мәртебесін арттыруға бағытталған жаңа БАҚ туралы заң қабылданды. Сонымен қатар «EURONEWS» телекомпаниясының аймақтық кеңсесі ашылды. Ал, «Қазақфильм» киностудиясын тікелей қаржыландыруды қарастыратын заңнамаға өзгерістер Парламентте талқылануда.Сондай-ақ, министрлік қайырымдылық, креативті индустриялар саласындағы заңнамаларды жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.Еріктілер қозғалысын дамыту да министрліктің басты бағыттарының бірі болып отыр. 2022 жылмен салыстырғанда белсенді еріктілер саны 240 мың адамға дейін өсті. Жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жоба жүзеге асырылады, 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына жіберілді.Креативті индустрияларды қолдау шаралары әзірленді: Креативті индустриялар қоры құрылды, «Сәтті Жұлдыз» түсімінен 3% бөлінеді, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың құзыреті кеңейтілді, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылуда. Креативті индустрия субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Жыл басынан бері елде 10 креативті орталық пен хаб ашылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893100
2024 жыл қорытындысы: Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері 29.11.2024
Биыл Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет пен өнер саласында айтарлықтай табысты еңбек етті. Бұл жыл ел үшін маңызды кезеңге айналып, қазақтың мәдени мұрасының байлығы мен алуан түрлілігін айқындайтын көптеген ірі іс-шаралармен есте қалды.Ұйымдастырылған көрмелер, фестивальдер мен гастрольдер ел ішіндегі мәдени байланыстарды нығайтып қана қоймай, қазақ мәдениетін шетелде белсенді түрде насихаттауға ықпал етті. Министрлік 2024 жылғы жұмысын қорытындылады. Қазақ мәдениеті шетелде: жетістіктер мен табыстарБиыл қазақ өнері алғаш рет әлемге әйгілі өнер алаңдарында: Венеция биенналесі мен Гиме – Азия өнер музейінде ұсынылды. Бұл көрмелерді шамамен екі жүз мың адам тамашалады.Сонымен қатар, Қазақстанның баспа өнімдері алғаш рет әлемнің басты кітап көрмесі – Frankfurter Buchmesse-де көрсетілді. Бұл шараға әлемнің 153 елінен делегация қатысты.Мәдениет бағыты бойынша білім алған 255 студент Қытай, Италия, Ұлыбритания, Австрия, АҚШ, Түркия, Чехия, Испания және басқа да елдерде өткен халықаралық байқауларда жеңімпаз атанды.Бұдан бөлек, биыл Қазақстанның шығармашылық ұжымдары 14 елге гастрольдік сапармен барды. Оның ішінде Франция, Вьетнам, Түркия және АҚШ елдерінде сәтті өнер көрсетті. Бұл іс-шаралар халықаралық байланыстарды нығайтып, қазақ мәдениетін шетелде танытуға ықпал етті.Тяньцзинь музейіндегі «Алтын адам және Ұлы дала» көрмесі де маңызды оқиғалардың бірі болды. Көрме ашылған сәттен бастап 400 мың адам тамашалады.Мәдени дипломатияның маңызды бөлігі ретінде Тәжікстан мен Түрікменстанда Қазақстанның Мәдениет күндері де табысты өтті.Айта кететін жетістіктердің бірі – «Qazaq Culture» ақпараттық-ағартушылық платформасының іске қосылуы. Бұл платформа сегіз тілде, соның ішінде БҰҰ-ның алты ресми тілі, қазақ және түрік тілдерінде ақпарат таратады. Аталған бастама Қазақстанның бай мәдени мұрасын әлемге танытуға бағытталған.2024 жылы қазақ қайраткерлерінің есімдері де ұлықталды. Құрманғазы, Абай сынды тұлғалардың ескерткіштері Түрікменстан, Тәжікстан және Татарстанда орнатылды. Бұл жетістіктер қазақ мәдениетінің халықаралық аренадағы беделін арттыру және оны әрі қарай дамыту бағытында министрліктің белсенді жұмыс атқарып жатқанын көрсетеді.Елдің мәдени келбеті2024 жылы Қазақстанда мәдени мұрасы мен байлығын көрсететін көптеген маңызды мәдени іс-шаралар өтті.Айтулы оқиғалардың бірі – 17 мыңнан астам көрермен жинаған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанаты. Ойындардың жабылу рәсімінде әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің керемет концерті ұйымдастырылды.Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» атты картинасының көрмесі өтті. Бұл көрмені 37,7 мыңнан астам көрермен тамашалады.Қараша айының соңында ХVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтті. Фестиваль аясында халықаралық байқау және Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің фильмдері бойынша байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Марокко, Ресей, Тәжікстан, Татарстан, Түркия, Өзбекстан, Филиппин және Франция сынды елдерден 50-ге жуық фильм ұсынылды, бұл кино өнерінің сан түрлі қырын айшықтай түсті.Жыл бойы өткен көптеген концерттердің ішінен 30 қазанда Астанада Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Марат Бисенғалиевтің қатысуымен өткен симфониялық концертті ерекше атап өтуге болады.16 қазанда Мәскеудегі Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда «Астана Опера» театрының гастрольдері өтті. Бұл іс-шара Қазақстанның мәдени дипломатиясын дамытуда маңызды қадамға айналды.Сонымен қатар, Қазақстанның халық әртісі Майра Мұхамедқызы мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмібай Сариевтің шығармашылығына арналған концерттер өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанның белгілі тұлғалары мен тарихи даталарына арналған мерейтойлық іс-шараларБиыл Қазақстанда елдің ұлы тұлғалары мен тарихи даталарына арналған ауқымды мерейтойлық іс-шаралар өтуде. Бұл іс-шаралар тек ұлы қайраткерлердің есімін ұлықтаумен шектелмей, сонымен қатар, елдің мәдени мұрасын дамытуға үлес қосуда.Маңызды мерейтойлар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің 90 жылдығы, Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығы, Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығы, Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығы, Герольд Бельгердің 90 жылдығы, Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығы, Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығы.Бұл іс-шаралар қазақ мәдениетінің маңызы мен оның халықаралық аренадағы рөлін ерекше көрсетеді. Мысалы, қараша айында Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің француз тіліне аударылған нұсқасының таныстырылымы өтті.Аталған мерейтойлар қазақ халқының рухани мұрасын жаңа деңгейге көтеріп, оның әлемдік мәдениеттегі орнын айшықтай түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893401
Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жыл қорытындысы: креаторларды қолдау және азаматтық қоғамды дамыту 29.11.2024
Мемлекет басшысының белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кешенді және жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қоғамның өзекті мәселелерін шешуге азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасалуда. Волонтерлер қозғалысы қарқын алуда. Министрлік 2024 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысын ұсынды. Креативті индустрияларМемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында креативті индустрияларды қолдау бойынша шаралар кешені әзірленді. Креативті индустриялар субъектілеріне арнайы салық режимі енгізілді. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Республика бойынша 10 креативті орталық пен хаб ашылды. Волонтерлер қозғалысын қолдауВолонтерлер қозғалысының дамуында оң динамика қалыптасты. Белсенді волонтерлер саны 200 мыңнан (2022) 240 мыңға (2024) дейін өсті. Волонтерлік қызметті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы жүзеге асырылуда.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 3-4 қазанда АӨСШК Жастар кеңесінің қамқорлығымен АӨСШК-ге мүше 14 мемлекеттен 450 адам қатысқан Волонтерлер слеті өтті.Жыл сайын волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға 50-ден астам волонтерлік жобалар жүзеге асырылып, 240 шағын гранттар. 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарына жіберілді. 2021-2023 жылдар аралығында 9 волонтер жіберілді. Қоғамдық кеңестер құрамындағы жастарҚоғамдық кеңестердегі жастардың үлесі 2022 жылғы 4,1%-дан 2024 жылы 12%-ға дейін өсті.Қазақстанда 262 қоғамдық кеңес жұмыс істейді (оның 36-сы орталық, 226-сы жергілікті деңгейде). Қоғамдық кеңестерде барлығы 4 мыңға жуық адам болса, оның 86%-ы азаматтық қоғам өкілдері. 63 қоғамдық кеңес 100% азаматтық қоғам өкілдерінен тұрады. Қайырымдылықты дамытуЗаңнамаларды жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік органдардың, қайырымдылық ұйымдарының, квазимемлекеттік және бизнес секторларының өкілдерінен жұмыс тобы құрылды.Ұсынылып отырған шаралар жеке тұлғалардың тек өздерінің немесе жақын туыстарының пайдасына қайырымдылық жинақтарын реттеуге, қайырымдылық ұйымдарының міндетті есептілігін енгізуге және бірыңғай цифрлық қайырымдылық платформасын құруға бағытталады. Жастар еңбек жасақтары қызметін трансформациялауЖастарды маусымдық жұмыспен қамтудың жаңа бағыттарын құру арқылы (инженерлік, ауылшаруашылық, педагогикалық, құрылыс және т.б.) жыл сайын кемінде 30 мың адам қамтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893609
Алматыда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті 29.11.2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің туындысы — «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті.Жаңа ұлттық опера Алтын Орданың құрылу тарихына негізделген.Қойылымды сахналауға әйгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор шақырылды.Театрдың жетекші әртістерінің, симфониялық оркестр мен хордың қатысуымен тарихи дәуір шынайы сахналанды.Операны дайындау барысында Алтын Орда тарихы бойынша белгілі ғалымдар — Ильнур Миргалиев, Ілияс Кемалоглу және Нұрлан Атығаевпен кеңестер өткізіліп, тақырып егжей-тегжейлі зерделенген. Тарихи нақтылық сақталған.2024 жылдың 29, 30 қарашасы және 1 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынады.Үш күн бойы көрермендер ортағасырлық ең ірі мемлекет — Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасап, маңызды тарихи сәттер мен ұмытылмас эмоцияларды сезінуге мүмкіндік алады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/893625
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы: ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша қорытындылар 29.11.2024
2024 жылдың 28 қарашасында сағат 16:00 бастап «КОREМ» АҚ сауда алаңында Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр тарату желісінің өткізу қабілеті ескеріле отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-на мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 441.9 МВт;ҚР БЭЖ Батыс Қазақстан энергия торабына қарай электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 180 МВт.Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметіне шекті тариф – айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз).Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 3 энергия өндіруші ұйым қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 412 МВт құрады. Сауда жүйесінде 3 мәміле жасалды. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 1 170 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда жүйесіне энергия өндіруші ұйымдардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 412 МВт құрады.ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында сатып алынған электр қуатының іске асырылмаған көлемі 29.9 МВт құрады.Электр қуатын әзірлікте ұстап тұру бойынша қызметтің іске асырылмаған көлемі 123.2 МВт құрады.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін мына сілтеме арқылы көре аласыз: https://www.korem.kz/rus/itogitorgov/rynok_moshnosti/.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/892734
Сұңғат Есімханов Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті 29.11.2024
Бүгін вице-министр Сұңғат ЕсімхановҚарағанды облысының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайына тоқталып өтті.Өз сөзінде вице-министра өңірді газдандыру бойынша жоспарларға ерекше тоқталып өтті.Бүгінгі таңда Қарағанды облысын газдандыру 80 млрд теңге сомасын құрайтын 24 іске қосу кешенін іске асыруды көздеп отыр, оның ішінде: Қарағанды қаласында 29 528 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 16 іске қосу кешені және Теміртау қаласындағы 6 357 үйді газдандыруға мүмкіндік беретін 8 іске қосу кешені. Сонымен қатар 2457 абонентке техникалық шарттар берілді (Қарағанды қ. – 1 742, Теміртау қ. – 715), 1823 абонент газға қосылды (Қарағанды қ. – 1 167, Теміртау қ. – 656).Бұған қоса газ желілерін салу бойынша 2024 жылға 11,1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның ішінде Қарағанды қаласының АГТС-«Қарағанды «САРЫ-Арқа» МГ газ тарату желілерін, Теміртау қаласының АГТС Теміртау МГ «САРЫ-Арқа» газ тарату желілерін салу және Қарағанды облысы Шахтинск қаласын газбен жабдықтаудың тарату желілері бар Шахтинск» АГТС және газ бұру құбырын салу.Өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жылумен қамтамасыз ету бойынша Сұңғат Есімханов бүгінгі таңда облыстың электр станцияларының белгіленген жылу қуаты 4416,3 Гкал / сағ. қолда бар жылу қуаты – 3220,2 Гкал/сағатты құрайды.Облыстың жылумен жабдықтаудың ірі көздері ЖЭО-3 және ЖЭО-2 болып табылады, олардың жиынтық белгіленген қуаты 2400 Гкал/сағ-тан асады, ал қолда бар қуаты 1800 Гкал/сағ-тан асады және ЖЭО-3 орташа тозуы 69 %, ал ЖЭО-2 72 %-ды құрайдыОсыған орай 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Қарағанды облысы бойынша 2025 жылға арналған 4 жобаны іске асыруға 8,6 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған.Атап айтсақ, Теміртау қаласындағы (Республика даңғылынан Ушинский көшесіндегі сорғы станциясына дейін Құрылысшылар даңғылы бойынша және Құрылысшылар даңғылынан ТК18-ге дейін (Мир даңғылы- Металлургтер даңғылы) Ушинский көшесі мен Мир даңғылындағы) жылу желілерін реконструкциялау және Қарағанды қаласының Октябрь ауданының БТ3-тен ТП1-ге дейінгі «Соединительная» жылу магистралін реконструкциялау, ЖЭО-3-тен Орталық жылу бөлу орталығы-1-ге дейінгі 1-кезектегі жылу магистралін реконструкциялау.Сондай-ақ, вице-министр Қарағанды облысында жалпы қуаты 272,5 МВт 8 ЖЭК объектісі бар,оның ішінде қуаты 270,8 МВт 6 күн электр станциясы, қуаты 1,1 МВт 1 электр станциясы және қуаты 0,6 МВт су электр станцияларының жұмысын және энергияны жинақтау жүйесімен қуаты 500 МВт ЖЭС ауқымды жобасын іске асыру жоспарын атап өтті.Есептік кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке қабылдады, оның аясында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/893224
Сұйытылған мұнай газы тауарына ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеу жөнінде 29.11.2024
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №619 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" сұйытылған мұнай газына қатысты ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу міндетті болып табылатын бұйрығы күшіне енетінін хабарлайды, бұл газды өндіру мен айналымы Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңымен реттеледі.Бұл бұйрық елдің ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында енгізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/893481
HR Enbek порталында жұмыс беруші және жұмыскер жөнінде ой-пікір қалдыру мүмкіндігі пайда болды 29.11.2024
HR Enbek еңбек ресурстары порталында пікірлерді орналастыру бойынша жаңа функционал пайда болды. Онда жұмыскерлер – қазіргі және бұрынғы жұмыс орындары туралы, ал жұмыс берушілер – жұмыс жасайтын және жұмыстан шыққан жұмыскерлері туралы пікір қалдыра алады.Пікірлер бес жұлдызды бағалау (өте нашардан өте жақсыға дейін) мен мәтіндік сипаттаманы қамтиды. Функционалдылық жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара әрекеттесуінің оң немесе теріс тәжірибесін бағалауға мүмкіндік береді, бірақ бұл міндетті емес.Пікір қалдырып, оның түпнұсқалығына кепілдік беру үшін оған электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою керек. Сіз өзіңіздің жазбаларыңызды «Менің пікірлерім» (пайдаланушы қалдырған) және «Мен туралы пікірлер» (пайдаланушы алған) салымдарындағы тиісті бөлімде көре аласыз. Жасалған және алынған пікірлер туралы барлық деректерді құжат форматында жүктеуге болады.Сондай-ақ, қызметкер мен жұмыс беруші бір пікір қалдыра алады, бұл ынтымақтастық туралы ақпаратты толықтыруға немесе нақтылауға мүмкіндік береді.Қазіргі уақытта жұмыс берушілер жұмысқа орналасуға үміткерлерді іріктеу кезінде «Жұмыскерлер» бөлімінде олар бойынша бұрынғы жұмыс орындарынан кері байланыс сұрай алады. Бұл ретте кандидатқа 1414 нөмірінен SMS арқылы немесе порталдағы жеке кабинетке, сондай-ақ HR Enbek мобильдік қосымшасында келісуге сұрау салу жіберіледі. Жұмыс беруші ақпаратқа келісім алғаннан кейін ғана қол жеткізе алады.Enbek.kz электрондық еңбек биржасының порталында жұмыс берушілер туралы пікірлерді көру мүмкіндігі барлық ізденушілер үшін 2025 жылы қолжетімді болады.Бұл функционал жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы қарым-қатынастардың ашықтығын арттыруға, жұмыс іздеу және қызметкерлерді жұмысқа алу процесін жеңілдетуге бағытталған.Пайдаланушы берілген ақпарат үшін толық жауап беретінін ескеру маңызды. Осы онлайн-платформаларда дәйексіз ақпарат қалдырған жағдайда заңдық тұрғыдан жауапкершілік қарастырылған. Жалған ақпаратты тарату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/892779
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан 29.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылуда. Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан кезекті 36-шы мектеп есігін айқара ашты.1500 оқушыға арналған мектеп заманауи стандарттар бойынша жабдықталған және қалалық мектептерден кем түспейді. Аталған мектеп 68 оқу кабинетімен, STEM-зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореографиялық залмен, спорт залдарымен, демалыс және нетворкинг орталықтарамен жабдықталған.Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдай қарастырылған, әр оқушы үшін жеке шкафтары бар. Сонымен қатар барлық оқу кабинеттері жаңа технологиялармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.Айта кетейік, бұл - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының ауылдық жерлерінде салынған бесінші мектеп. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері елімізде 36 жайлы мектеп пайдалануға берілді, оның 15-і ауылдық елді мекендерде орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/892798
80 000-нан астам педагог тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті 29.11.2024
Педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған тегін курстар аяқталды. Биылғы жылы 80 мыңнан астам педагог пен білім беру ұйымдарының басшылары оқудан өтіп, біліктілігін арттырды.Курсқа қатысушылардың жартысынан көбі ауыл мектептерінің мұғалімдері, олардың саны - 46 074 педагог. Сондай-ақ 62 мың педагог мемлекеттік тілде білім алды.Оқыту 56 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілді. Олардың ішінде құндылыққа бағдарланған тәсілді қолдану, арт-педагогикалық технологиялар және пәндік құзыреттілікті дамыту бойынша бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдер теориялық материалдармен ғана жұмыс жасамай, сондай-ақ практикалық тапсырмаларды да орындады. Курстарды аяқтағаннан кейін оларға курстан кейінгі қолдау көрсетіледі.«Білім сапасын арттыруда мұғалімдердің үздіксіз дамуы басты рөл атқарады. Заманауи әлем мұғалімдерден білім беруді ғана емес, сонымен бірге шабыттандыруды, бағыт беруді және өзгермелі жағдайларға бейімделуді талап етеді. Біздің орталықтың оқытушылары 3 160 курс өткізді, онда 81 803 педагог, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 11 965 педагогі, мектептердің 68 458 педагогі және колледждердің 1380 педагогі оқытылды», – деді «Өрлеу» Басқарма Төрағасы Айдана Шилибекова.Естеріңізге сала кетейік, курстар биыл ақпан айында басталған болатын, ол мұғалімдерді қолдау мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді. Мұндай курстар білім сапасын арттырып, мұғалімдердің кәсіби өсуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ ол педагогиканың қазіргі тенденцияларын, білім берудің заманауи технологиялары мен әдістерін меңгеру арқылы оқушыларға сапалы, қазіргі талапқа сай білім беру мүмкіндігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/893201
Елімізде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою-тазалық пен экологиялық қауіпсіздікке жасалған маңызды қадам 29.11.2024
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Гарыш Сапары" Ұлттық компаниясымен серіктестікте еліміздің барлық жеріндегі рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс істеп келеді. Құқық қорғау органдарымен және әкімдіктермен бірлескен күш-жігердің нәтижесінде соңғы үш жылда қоқыс үйінділерінің саны айтарлықтай азайды.Мәселен, 2024 жылы экологиялық инспекторлар рұқсат етілмеген полигондарды анықтау бойынша 4496 шығу жүргізді.Бүгінгі таңда Қазақстанда 4896 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, оның 3887-сі жойылды, бұл жалпы санның 81% құрайды.Экологиялық нормаларды бұзғаны үшін 9,5 млн теңгеге 159 лауазымды тұлға, оның ішінде 2,6 млн теңгеге 60 аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасары жауапкершілікке тартылды. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне қарсы күрес аясында әкімдіктермен және полиция департаменттерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізуді қамтитын іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, белсенді іске асырылуда. Биыл республика бойынша барлығы 120 рейд жүргізілді. Қалдықтарды басқару жауапкершілігін арттыру мақсатында айыппұл санкцияларын қатаңдатуды көздейтін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде:▪️Кәсіпкерлік субъектілерінің санатына қарай-200-ден 1000 АЕК-ке дейін. Қайта бұзылған жағдайда-көлік құралдары тәркіленіп, 750-ден 2000 АЕК-ке дейін.▪️Жеке тұлғаларға — 100 АЕК, қайталанған жағдайда-200 АЕК.Тарату деңгейі 70% - дан аз жергілікті атқарушы органдармен осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттігі туралы кеңес өткізілді.Рұқсат етілмеген полигондарды жою және одан әрі іс-қимылдар жөніндегі келесі кеңес 2024 жылғы желтоқсанға жоспарланған.Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоршаған ортаны жақсарту мақстаныда кешенді шаралар қолдана отырып, рұқсат етілмеген полигондар мәселесін шешу үшін белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/893462
Халықпен кездесу. Жезқазған 29.11.2024
Бүгін Ұлытау облысы Жезқазған қаласында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаеваның халықпен, қоғам өкілдерімен және аймақтың үкіметтік емес ұйымдарымен кездесуі өтті.Кездесу барысында облыс белсенділері экология мәселелерін көтерді (атмосфераға зиянды қалдықтар шығару, өнеркәсіптік қалдықтар, ТЭЦ, қоқыс шығарудың уақытында жүргізілмеуі және т.б.), Жезқазған қаласындағы Ботаникалық бақ мәселесі және басқа да мәселелер талқыланды.Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауының аясында экология мен тұрақты даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Құжатта автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату мәселесі басты назарға алынды.Ұлытау облысында 5 кәсіпорын автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатуы тиіс («Kazakhmys Smelting», «Жайрем тау-кен байыту комбинаты», «Kazakhmys Energy», «Жезқазған жылу және су кәсіпорны») және «Kazakhmys Distribution»), оның 4-і бұл жүйені орнатқан. Қазіргі уақытта 4 кәсіпорынның екеуі ақпараттық жүйеге қосылған («Kazakhmys Smelting», «Жайрем тау-кен байыту комбинаты»), ал «Kazakhmys Distribution» кәсіпорны толық іске қосылады жылдың соңына дейін. Ал «Kazakhmys Energy» (Қазақмыс Энерджи) кәсіпорны қазіргі уақытта тестілеу режимінде жұмыс істейді.2021-2023 жылдар аралығында және ағымдағы жылдың көктемінде республика бойынша 970,8 миллион көшет отырғызылды, соның ішінде Ұлытау облысында жоспар бойынша 3,1 миллион көшет отырғызылды.Жаңаарқа орман шаруашылығында жылына шамамен 1 миллион 300 мың көшет өсіруге арналған 70 гектарлық тұрақты питомник салынып жатыр.Экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау мақсатында тексеру қызметі 2023 жылы 11 тексеріс жүргізді. Тексеріс нәтижесінде 26 құқық бұзушылық анықталып, оларды жою жөнінде 26 нұсқама берілді. 28 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 24 миллион теңге.2024 жылдың алғашқы 10 айында 11 тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде 58 әкімшілік айыппұл салынды, жалпы сомасы 3,3 миллиард теңге, 62 айыппұл 66 миллион теңге көлемінде ерікті түрде өндірілді.Министр халықпен кездесу барысында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ірі кәсіпорындарға кешенді экологиялық рұқсаттарды енгізу міндетті екенін атап өтті. Бұл шара жаңа ірі кәсіпорындарға ең жақсы қолжетімді технологияларды (НДТ) қолдануды талап етеді. Аймақта «Қазақмыс Корпорациясы» мен «Kazakhmys Smelting» (Қазақмыс Смэлтинг) сияқты екі ірі кәсіпорын НДТ-ны белгіленген мерзімде енгізуі қажет.НДТ енгізу қоршаған ортаға оң әсер ететіні анықталды.Қоқыс пен қалдықтармен күресудің негізгі проблемасы - қоқыс басқару инфрақұрылымының әлсіздігі, қоқыс полигонының стандарттарға сәйкес келмеуі және заңсыз қоқыс қалдықтарының көп болуы.Қазіргі уақытта аймақтағы қалдықтарды басқару бағдарламалары толық бекітілмеген. Жалпы 5 қала мен аудандардың 3-де бекітілген, қалған 2 аудан бойынша жұмыстар жалғасуда.2024 жылдың бірінші жартысында Ұлытау облысында тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі 60 мың тоннаға жетті, ал қазіргі кезде облыста қайта өңделген немесе сұрыпталған қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесі 0 пайызды құрайды.34 қалдықтарды орналастыру объектісінің тек 2-і экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.Облыста 133 заңсыз қоқыс орны анықталды, бірақ олардың ешқайсысы жойылмаған. Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысына заңсыз қоқыс орындарын уақытында жоймағаны үшін 369 200 теңге айыппұл салынды.Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдау және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/893551
Жезқазған қаласындағы нысандарға бару, жұмыс кеңесі 29.11.2024
Бүгін Ұлытау облысындағы іс сапар аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады.Министр Ботаникалық баққа барды, Жезқазған ботаникалық бағы ҚР ЭБЖМ ОШЖӘК "Ботаника және фитоинтродукция институты" РМК филиалы болып табылады. Ботаникалық саябақтың проблемалық мәселелерінің бірі-оның техногендік қолайсыз аймағында орналасуы. Министр Ботаникалық бақ қызметкерлерімен кездесіп, олардың жұмысымен танысып, жұмыс кеңесін өткізді.Е. Нысанбаев "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС, Жезқазған мыс балқыту зауытының өндірістік нысандарын аралады. Кәсіпорындардың жұмысымен танысып, АМЖ қосу мәселелерін, Ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу мәселелерін қарастырды.Облыс әкімдігінде Ұлытау облысының әкімі Д. Рысбековтың төрағалығымен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың қатысуымен облыстық құрылымдық бөлімшелер, департаменттер мен құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында Министр ҚР Үкіметі қабылдаған Ұлытау облысының экологиялық ахуалын жақсарту бойынша Жол картасына тоқталып, әр тармақтың маңыздылығын айта отырып, іске асырушы әр мемлекеттік органның жауапкершілігін атап өтті. Кездесу барысында ҚТҚ, қоқыс полигондары, қоқысты қайта өңдеу мәселелері көтерілді. Кездесуге қатысушы, "Таза қала-Жезқазған" өкілі қоқыс жинау бойынша презентация ұсынды.Астана қаласының үлгісі бойынша Жезқазған төңірегінде "жасыл белдеу" құру бойынша ұсыныстар да қызықты болды. Министр өз сөзінде, Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын "жасыл белдеу" жобасын әзірлеуге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.Кеңес қорытындысы бойынша Экология министрлігінің аумақтық құрылымдық бөлімшелеріне, Жезқазған қаласының әкімдігіне ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/893626
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Францияның Қазақстандағы елшісі Гиоге Сильванмен кездесті 29.11.2024
ҚР Әділет министрлігінде Әділет министрі Азамат Есқараев пен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гиоге Сильванның кездесуі өтті.Азамат Есқараев Сильван мырзаны жақында Францияның Қазақстандағы Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, оның негізгі дипломатиялық міндеттерді шешудегі кәсіби тәжірибесін атап өтті. Министр Қазақстан мен Франция арасындағы заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарына негізделген әріптестік қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.Әділет министрі Сильван мырзаға сапары үшін алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін нәтижелі диалогтың жалғасын табатынын айтып өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар осы бағытта әрі қарай өзара іс-қимыл жасауға және құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/892765
Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.П. Тұрсынбекованың тең төрағалықтарымен № 5 және № 6 баламалы баяндамаларын талқылау бойынша отырыс өткізілді 29.11.2024
2024 жылғы 28 қарашада Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы С.П. Тұрсынбекованың тең төрағалықтарымен мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен ҚР Үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы дайындаған № 5 және № 6 баламалы баяндамаларын талқылау бойынша отырыс өткізілді, олардың тақырыптары құлдықтан, мәжбүрлі еңбектен, адам саудасынан бостандық құқығын, әйелдер және балалар құқығын, мүгедектігі бар адамдардың, мигранттар мен босқындардың, азаматтағы жоқ адамдардың құқығын, сондай ақ құқық қорғаушылардың қауіпсіздігі туралы мәселелерді қозғайды.Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) төрт жылда бір рет жүзеге асырылатын БҰҰ-ға мүше барлық 193 мемлекеттегі адам құқықтары туралы ақпаратты шолудың бірегей механизмі болып табылады. ӘКШ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің құрылымына кіреді және әрбір елге адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту мақсатында қабылдаған шаралары туралы хабарлауға, сондай-ақ осы саладағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.Өздеріңіз білетіндей, ӘКШ шеңберінде Қазақстанның қорғауының үшінші циклі 2019 жылы өтті, оның қорытындысы бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің 245 ұсынымы алынды. Қазақстан Республикасы Үкіметі жоғарыда аталған құқықтар ішінен 63 ұсынысты қолдады және жүзеге асырады.«Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросы» ҚБ директоры Денис Андреевич Дживагоның үйлестіруімен баламалы баяндамаларды әзірлеуге тікелей қатысқан ҚР ҮЕҰ Коалициясының сарапшылары Айгуль Шакибаева, Жанар Нурмаханова, Анара Ибраева, Александр Муха сөз сөйледі.Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар адамның әмбебап құқықтарын қорғауды нығайту бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа, оның ішінде ҚР ҮЕҰ Коалициясының балама баяндамасын талқылауды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/892782