Enbekshi QazaQ

Қуқық

ШҚО-да израильдік компаниялармен ынтымақтастық сұрақтары талқыланды 18.11.2024
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Израильдің Қазақстан мен Қырғызстан Республикасындағы елшісі Эдвин Натан Ябо Глусманмен кездесті.Айта кетейік, ол Еуропа, Латын Америка және БҰҰ бас ассамблеясында елшілік қызметті абыроймен атқарған. Шығыс Қазақстан облысы мен Израиль мемлекеті арасындағы өткен жылдың тауар айналымы 16,6 миллион АҚШ долларын құрап отыр. Импорттық тауарлардың дені химиялық өнеркәсіп өнімдерінен құралған. Оның ішінде каучук пен пластмасса бар. Облыс аумағында Израильдің екі кәсіпорны жұмыс істейді. Аймақ басшысы елшіні Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарымен таныстырды. Кездесу барысында қос тарап медицина, туризм, инновациялық технологияларды дамыту бағыттарын кеңінен талқылады. Өскеменге жұмыс сапарымен келген Эдвин Натан Ябо Глусман бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырмақ. Бұдан бөлек, Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттеріне инновациялық білім беру бойынша лекция оқуды жоспарлап отыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/885249
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ 18.11.2024
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ Бүгін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 23 қарашаға дейін жалғасады. Естеріңізге сала кетсек, Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау 28 қазан мен 10 қараша аралығында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 11 мыңға жуық өтініш қабылданды. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіледі және үш бөлімнен тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Барлығына 3 сағат 55 минут беріледі. Шекті балл – 75 балл. Естеріңізге сала кетсек, биыл бейінді магистратураға түсу форматына өзгерістер енгізілді. Бейінді магистратураға түсуге ниетті үміткерлер «Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест» бөлімінен босатылды. Осылайша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. Шекті балл кемінде 30 балл, оның ішінде әрбір бейінді пән бойынша кемінде 7 балды құрайды. Тестіленуші апелляцияға техникалық себептер бойынша тестілеу барысында, тестілеу тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде өтініш бере алады. Апелляция бес күн ішінде қарастырылады, одан соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Магистратурада оқу үшін қысқы қабылдауға 4 мыңнан астам грант бөлінген. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/885226
ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы: Ақтау қаласы «Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» болып жарияланды 18.11.2024
Ашхабадта Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы өтті.Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласының өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары және басқа да құрметті қонақтар қатысты.Кездесу барысында түркі мәдениетін дамыту және түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттау бойынша бірлескен күш-жігерді жандандыру туралы шешімдер қабылдады.2025 жылы Ақтаудың Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына арналған іс-шаралардың жоспарлары, түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын насихаттау және тұрақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі мүше мемлекеттерден түскен барлық ұсыныстар мен ұсынымдарды қарастырып, 2025 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметінің бағдарламасын бекітті. Қабылданған шешімдер Түркі әлемі халықтарының ортақ тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ мәдени және мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі ТҮРКСОЙ министрлерінің 42-отырысын үйлестіруші болып тағайындалды. Келесі отырыс Қазақстанда өтеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885209
Маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеев "Еңбек Даңқы" орденімен марапатталды 18.11.2024
Президент Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында маңғыстаулық шопан Дәлубай Төлеевті "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады.Бұл мерекеде елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегімен отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі зор бір топ сала өкілдеріне наградалар табысталып, еңбек адамдарының еңбегі еленіп, құрметке бөленді.Ауыл шаруашылығын дамытып, орден таққан ауыл адамдарының қатарында Бейнеу ауданының шопаны Дәлубай Төлеев те бар. Бейнеу ауданының Тұрыш ауылында "Дәлубай" шаруа қожалығын басқарып отырған Дәлубайға ауыл шаруашылығы саласының III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені табысталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885128
Алматыда автомобиль шығарындыларының улы деңгейі бойынша 400-ге жуық бұзушы анықталды 18.11.2024
Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру бойынша «Таза ауа» акциясы жалғасуда. Бұл бастама мегаполистердегі улы шығарындылардың негізгі көздерінің бірі болып табылатын автокөлікпен ауаның ластануымен күресуге бағытталған.Акция аясында ағымдағы жылдың 30 қазаны мен 8 қарашасы аралығында Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп қала орталығында да, оның шетінде де орналасқан жылжымалы экологиялық бекеттерде 882 автокөлікке тексеру жүргізілді. Негізгі мақсат-көлік құралдарының пайдаланылған газдарының залалы мен түтінінің деңгейін бақылау. Бұл әсіресе Алматыда маңызды, онда автокөлік ластаушы факторлардың едәуір бөлігін құрайды.Мониторинг нәтижелері тексерілген автомобильдердің 45% - ы, атап айтқанда 398-і экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтінін, олардың шығарындылары рұқсат етілген нормалардан асып түсетінін көрсетті. Бұл автокөлік иелерінің экологиялық жауапкершілігін арттыру және бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді.Осыған байланысты құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Ал қайталама бұзушылықтар анықталған 11 автокөліктен әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес ақаулар жойылғанға дейін мемлекеттік нөмірлік белгілер тәркіленді. Олар пайдаланылған газ проблемаларын жойғанға дейін жұмысын жалғастыра алмайды.Бұл шаралар Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартудағы маңызды қадам болып табылады және ауаның ластану деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Бақылауды күшейту жүргізушілердің жауапкершілік деңгейін арттырады және қаладағы ауа сапасын жақсартуға ықпал етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/885121
Абай ауданында тұрғындарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды 18.11.2024
Абай ауданына қарасты Саржал және Медеу ауылдық округтерінде жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды. Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған он азамат баспаналы болды.Бұл өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі. Биыл облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен аудандағы сегіз ауылдық округ пен бір елді мекенде 70 жаңа жалдамалы пәтер кезең-кезеңімен беріліп жатыр.Кілт табыстау рәсімінде аудан әкімі Мейіржан Смағұлов тұрғындарды көптен күткен қоныс тоймен құттықтады.«Тұрғындардың жағдайын жақсарту – жергілікті атқарушы орган жұмысының басым бағыттарының бірі. Біз ауылдық елді мекендерде тұрғын үй салу және тұрғын үймен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды жалғастырудамыз», - деді Мейіржан Смағұлов.Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, халық жүрегінен орын тапқан әндер орындалып, қойылымдар қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/885140
Министрлік жыл басынан Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28-ге жуық отырыс өткізді 18.11.2024
Министрлік жыл басынан Қытай, Ресей және Орталық Азия мемлекеттерімен трансшекаралық өзендер бойынша 28-ге жуық отырыс өткізді. Су дипломатиясының нәтижесінде суару кезеңінде Шардара су қоймасына 4,8 млрд текше метр су түсті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе және келісілген көлемнен 1,1 млрд текше метрге артық. Мемлекетаралық «Достық» каналы арқылы келісілген көлемнен 41 млн текше метрге артық, 532,4 млн текше метр су келді. Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды.Соңғы 5 жылда алғаш рет вегетация кезінде Аралға 977 млн текше метр су жіберіліп, жоспар 100%-ға жуық орындалды. Ал, жыл басынан бері теңізге 2 млрд текше метрден астам су түсті. Осының нәтижесінде, бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың су көлемі 22 млрд текше метрге жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885047
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 18.11.2024
11.11.АШХАБАДҚазақстан 2025 жылдың сәуір айына дейін Сырдария өзені арқылы шамамен 11 млрд текше метр су алады. Орталық Азия елдерінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге қол жеткізді. Министр Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 87-ші отырысына еліміздің атынан қатысты.НӘТИЖЕСІНДЕ: 1 сәуірге дейін еліміздегі Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су келеді деп күтілуде. Бұл 2025 жылғы суару маусымында еліміздің оңтүстік аймақтарына қажет су көлемін жинақтауға мүмкіндік береді.11.11.БҚОБатыс Қазақстан өңірінде вегетациялық кезең сәтті өтті. Суармалы судың жылдық жоспары 20,6 млн.м3 құраса, шаруаларға толық көлемде су беріліп, жоспарға сәйкес жұмыс атқарылды.12.11.ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫШардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына вегетациялық кезеңде жоспар бойынша келетін су көлемі 500-550 м³/с болып белгіленсе, нақты 600-650 м³/с-қа дейін артық су түсті.13.11.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫҚарағанды облысының шаруалары су шығынын 1,5 есе азайтуға мүмкіндік беретін заманауи су үнемдеу технологияларын енгізуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының міндетін атқарушы Ерғали Омаров айтып өтті.МАҢЫЗДЫ: Келесі жылы филиал Жартас су қоймасындағы каналдарды күрделі жөндеуді жалғастырады. Биыл Жартас су қоймасының Жартас және Малокомспай магистральдық арналары учаскелерінің бетон беткейлері мен түбіне жөндеу жүргізілді.14.11.АСТАНАМинистрліктің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті бассейндік инспекцияларды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда бассейндік инспекцияларға 18 жеңіл автокөлік, көп функциялы құрылғылар, судың жылдамдығы мен шығынын өлшеуге арналған датчиктер берілді. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.МАҢЫЗДЫ: Бүгінгі таңда бассейндік инспекциялардың жалпы штаты 241 адам. Министрлік құрылғаннан бері штат саны 1,5 есе ұлғайды. Бұл республиканың әрбір облыс орталығында бассейндік инспекция бөлімдерін ашуға мүмкіндік берді.14.11.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі Үкімет, министрлік, өзге де мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті уәкілетті органдардың құзыреттерін мұқият реттейді. Бұл су ресурстарын басқару ісін үйлестіруді жақсартуға ықпал етеді.МАҢЫЗДЫ: Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін суды пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады.15.11.АСТАНАСу ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз жаңа Су кодексінің жобасы туралы айтып берді. Жаңа Су кодексі жобасының негізгі мақсаты − экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік беретін су пайдаланудың қауіпсіз деңгейіне қол жеткізу мен оны қолдау болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885051
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларға жөндеу жүргізді 18.11.2024
Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларға жөндеу жүргізді. Сондай-ақ, Кеңбидай гидроторабындағы қақпаларды жөндеу және Шағалалы су қоймасындағы төменгі бьефті жөндеу жұмыстары аяқталды.Сонымен бірге, Подлесный және Қоянды су қоймалары мен «Айдабұлақ», «Щучье саяжайлары» және «Алексеевка» бөгеттеріне көп факторлы тексеру жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885065
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына бағытталған инвестиция көлемі 5 есеге артты 18.11.2024
Ағымдағы жылдың тоғыз айында ауылшаруашылығы машиналарын жасау секторындағы кәсіпорындардың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 есе артып, шамамен 5,5 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.Инвестициялардың негізгі бөлігі Түркістан облысына (2,3 млрд теңге немесе жалпы республикалық деңгейдің 42%) және Қостанай облысына (1,9 млрд теңге, 35%) тиесілі болды.Биыл Түркістан облысында «BNK Group Ltd» ЖШС-нің 1 450 млн теңге инвестиция көлемімен және 20 жаңа жұмыс орнын құра отырып жаңбырлату жабдықтарын өндіру (екінші кезең) жобасы іске асырылды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 960 машинаны құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/885060
Үкіметтің резервінен жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуға 10 млрд теңге бөлінеді 18.11.2024
Аграрлық мәселелер жөніндегі Комитеттің «Биылғы егінді сақтау, өткізу мәселелері және оларды шешу бойынша Үкіметтің жоспары» тақырыбындағы кеңейтілген отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ведомство шағын шаруашылықтардан сатып алудың басымдылығын белгілей отырып, жаңа егіннің астығын тікелей сатып алуды ұйымдастыру туралы мәселені пысықтап жатқанын хабарлады.«Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл шара нарықты тұрақтандыруға және нарықтық құны бойынша 155 мың тонна астық сатып алуға мүмкіндік береді. 1 млн тоннаға жуық ауқымды сатып алу үшін 75 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру қажет», - деді министр.Астықтың ішкі бағасының төмендеуі кезеңінде азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерге астықты интервенциялық сатып алу арқылы тиімді бағамен сатуға көмектеседі, осылайша фермерлердің шығындарын азайтады. Жоғары баға кезеңінде мемлекеттік оператор астықты ұн тарту, мал және құс шаруашылықтарына нарықтық бағадан төмен бағамен өткізеді, осылайша түпкілікті өнім бағасының өсуін тежейді.Осылайша, азық-түлік корпорациясы өз қызметі шеңберінде форвардтық келісімшарттар мен тауарлық кредиттер беру, ұн тартатын, мал және құс шаруашылықтарына арзандатылған бидайды өткізу арқылы нарыққа жүйелі қолдау көрсетеді.Бұл тетік АӨК дамуын ынталандыра отырып, экономикаға мультипликативті әсер етеді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру түріндегі нүктелік әлеуметтік әсер етеді.Астықты үздіксіз экспорттау бойынша шаралар қабылданды: астықты тасымалдауға шамамен 11,8 мың бірлік астық тасушы және 16 мың бірлік жабық вагон тартылды.Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында ҚТЖ 7,9 млн тонна астық жүктерін тасымалдады, оның ішінде ішкі қатынастар бойынша 1,9 млн тонна және экспортқа 6 млн тонна жөнелтілді.Айта кетейік, бұл мәселелер кешенді тәсілді талап етеді, осыған байланысты тиімді шаралар қабылдау үшін министрлік барлық мүдделі тараптармен пысықтау жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885135
«Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы 18.11.2024
Өткен демалыс күндері «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясына арналды, оның шеңберінде жалпы саны 2 мыңға жуық адамдардың санынан құрылған мобильді топтар елдің су айдындарында рейдтер мен патрульдер жүргізді.Қазақстанның солтүстігінде мұздың қалыңдығы 10-15 сантиметрге жеткен кезде, оңтүстігінде – су қоймалары енді ғана салқындай бастайды.ТЖМ құтқарушылары мұзда қауіпсіз болу және мұз астында балық аулау ережелерін түсіндіреді, құтқару кеудешелерінің жоқтығы үшін 8 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Мұздағы балаларға ерекше көңіл бөлінеді, олардың ата-аналары шақырылады, қосымша нұсқаулар мен түсіндірме әңгімелер өткізіледі. Барлығы 3 972 адамға нұсқау берілді, оның 1 060–ы балық аулауды ұнататындар.ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұз қату және мұз еру кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, және мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін тынымсыз ескереді.Мұзда болған кезде:1) мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға, ойықтарға жақындау;4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;5) от жағуға;6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді.«Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы жалғасуда! ТЖМ-нің негізгі міндеті – адам өлімінің алдын алу және су айдындарындағы (мұздағы) қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға (соның ішінде жұқа мұзға) жедел ден қою! ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/885057
Елордада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті 18.11.2024
Іс-шара ESG (экологиялық, әлеуметтік және басқару) тәсілдерін қоса алғанда, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы инновацияларды талқылауға, байланыстарды нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған.Форум барысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қатысушыларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті.«Біз азаматтарымыздың әлеуметтік аспектілерін жақсарту бойынша жобалар мен бастамаларды іске асыратын, ортақ әлеуметтік жауапкершілігі бар кәсіпкерлерге толықтай қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті Б. Құдайбергенов.Оның айтуынша, инвестициялық мақсаттар үшін – 1,5 млрд теңгеге дейінгі және айналым қаражатын толықтыруға – 500 млн теңгеге дейінгі кредит сомасына 7%-дан сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру енгізілді.Бұған қоса, мемлекет тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлердің микрокредиттерін 7% мөлшерлеме бойынша 20 млн теңгеге дейінгі микрокредит сомасына яғни инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңгеге дейін субсидиялау мүмкіндігі атап өтілді.«Биыл біз мемлекеттік гранттарды тек әлеуметтік кәсіпкерлікке беру саясатын қайта бағдарладық. Мемлекеттік гранттың көлемі бір кәсіпкерге 5 млн теңгеге дейін жетеді», - деді вице-министр.Сөзінің соңында Б.Құдайбергенов Құрылтайға қатысушыларға алғысын білдіріп,«Үздік әлеуметтік кәсіпкер – 2024» байқауының «Әлеуметтік инновациялық шешім», «Тұрақты даму» және «Ең жас әлеуметтік кәсіпкер» номинацияларының жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/885106
Қазақстанның климаттық сын-тегеуріндері жағдайындағы ғылыми коммуникация 18.11.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Потсдам Климаттық зерттеулер институтымен (PIK) бірлесіп CОР29 шеңберінде Қазақстан павильонына іс-шара өткізді. Сессияның тақырыбы «Қазақстанның климаттық сын-қатерлері жағдайындағы ғылыми коммуникация» болды.Сессия Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Потсдам Климаттық зерттеулер институты (PIK) арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандум алмасудан басталды. Вице-министр М.Ошурбаев пен PІK директоры, профессор Оттмар Эденхофер бұл келісім климаттық зерттеулер, бейімделу және ғылыми коммуникация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз болатынын атап өтті.Қазақстанда өткен су тасқынының климаттық тұрақтылығы мен сабақтары бойынша панельдік пікірталас барысында сарапшылар ғылыми ақпаратты жұртшылыққа тиімді жеткізу тәсілдерін талқылады. Климаттық өзгерістер туралы диалогқа ауылдық өңірлерді енгізу, экологиялық проблемаларды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері қозғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885112
СҚО-да курсанттарға арналған жаңа казарма ашылды 18.11.2024
Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының жаңа казармасы ашылды. Оның ашылуына СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков пен ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Шекарбеков қатысты. Бұл маңызды шара әскерилеріміздің қызметі мен өміріне қолайлы жағдай жасауға деген жоғары деңгейдегі қамқорлықтың белгісі болып табылады. Заманауи казарма ғимараты жеке құрамның жайлы орналасуына бар жағдай жасалған. Кең жатын бөлмелер, жаттығу залдары мен демалыс бөлмелері ең жоғары стандарттарға сай жасақталған. "Мұның бәрі ұлан сарбаздарының жауынгерлік дайындығын және рухын нығайтуға бағытталған. Жаңа казарманың ашылуы – ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш құрылымдарының инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды қадам", - деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/885041
Қазақстан - BTR бойынша әлем чемпионы 18.11.2024
Қазақстан СОР29 аясында БҰҰ РКИК құрамына кіретін 197 елдің ішінен тек 9-ы ғана ұсынған Транспаренттілік бойынша екі жылдық есепті (Biennial Transparency report-BTR1) ұсынған ел болды.Осындай ауқымды жұмысты Жапония, Испания, Түркия, Сингапур және Нидерланды Республикасынан басқа аяқтағандардың қатарында. Мұны БҰҰ РКИК атқарушы хатшысы – Саймон Стил атап өтті.Бұл Париж келісімінде қойылған Климаттық мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көшбасшылығын растайды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде транспаренттілік бойынша екі жылдық баяндаманы (Biennial Transparency report – BTR1) ұсынуға міндетті.BTR1 парниктік газдарды түгендеу және ОНУВ орындалуын бақылау туралы міндетті ақпаратты қамтиды. Сондай-ақ, BTR 1 климаттың өзгеруінің әсері және технологияларды әзірлеу және беру және әлеуетті арттыру саласындағы бейімделу және қаржылық қолдау туралы ақпаратты қамтиды.BTR1 әзірлеуді БҰҰДБ «Жасыл даму» АҚ-мен ынтымақтастықта «9-шы Ұлттық хабарлама мен бірінші және екінші BTR дайындау» ЖЭҚ халықаралық жобасы шеңберінде іске асырды.BTR1 негізгі бөлігі «Жасыл даму»АҚ дайындаған парниктік газдар көздерінен антропогендік шығарындылар және сіңіргіштердің сіңірілуі туралы Ұлттық баяндама болып табылады.БҰҰ РКИК Хатшылығының сайтында https://unfccc.int/first-biennial-transparency-reports толығырақ танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885027
ҚАЗАҚСТАНДА АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ 18.11.2024
Жыл сайын елімізде АИТВ-ның байланысқа дейінгі профилактикасын жақтаушылардың саны артып келеді, ол өткен жылы бес мыңнан биылғы жылы 11 мың адамға дейін болды. БДП немесе PrEP - АИТВ-сыз адамдар оны үнемі қолданған жағдайда АИТВ-ның берілуін болдырмаудың тиімді әдісі.«БДП тенофовир/эмтрицитабин препаратын күнделікті қабылдаудан тұрады. Әлемдік зерттеулер PrEP препараттары АИТВ жұқтыру қаупін 99% төмендететінін көрсетеді. Препараттарды АИТВ-ның профилактикасы жөніндегі өңірлік орталықтардан, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардан тегін және құпия түрде алуға болады.Мигранттар дәріханаларда АИТВ инфекциясының профилактикасы орталықтары немесе жеке медициналық орталықтар дәрігерлерінің рецепті бойынша сатып ала алады», – деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) директорының міндетін атқарушы Ұлықбек Медеубеков.Өздеріңіз білетіндей, елде АИТВ негізінен халықтың негізгі топтарында таралады. Сондықтан БДП ең алдымен қауіп топтары үшін, соның ішінде есірткі қолданушылар, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар, секс жұмысшылар, транс адамдар, дискордантты жұптар (АИТВ-мен серіктестердің бірі) үшін маңызды.БДП 2023 жылдан бастап дәрі-дәрмектерді медицина қызметкерлері арқылы ұсынатын бірқатар достық ҮЕҰ арқылы қолжетімді, олардың екеуі медициналық лицензия алды. ҮЕҰ қатарындағы дәрігерлер мен тең навигаторлардың бірлескен қызметі чат-боттар, сайттар, әлеуметтік желілер және аутрич жұмысы арқылы белсенді түрде жүргізілуде.Өткен жылдан бастап елде БДП қабылдағысы келетіндерді тіркеу жеңілдетілді: тек АИТВ-ға теріс тест нәтижесі және АИТВ симптомдарының скринингі қажет. Бұл PrEP қабылдау туралы шешім қабылдамағандардың мотивациясын арттыру үшін маңызды.20 қарашадан 1 желтоқсанға дейін (Дүниежүзілік ЖИТС – ке қарсы күрес күні) елде ЮНЭЙДС «дұрыс жолды таңдаңыз - адам құқықтары жолы» ұранымен науқан өтеді. Әр адамның құқықтарын сақтау АИТВ-ға тиімді жауап берудің негізі болып табылады. Бұл Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні - әркімнің құқығын қорғау арқылы әркімнің денсаулығын сақтауға шақыру күні.Қазақстанда АИТВ-инфекциясының профилактикасы, диагностикалау және емдеу жөніндегі ұлттық заңнама үнемі жетілдіріліп отырады. Антиретровирустық терапия мемлекет есебінен беріледі. АИТВ-ға тестті тіркелген жері бойынша емханада немесе АИТВ-ның профилактикасы жөніндегі өңірлік орталықта құпия, тегін және қалауы бойынша жасырын түрде тапсыруға болады.Науқан өткізілетін күндері 1 желтоқсанға қарай еліміздің барлық өңірлерінде АИТВ-ның профилактикасы, АИТВ-ға шалдыққан адамдарға стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы білімді насихаттау бойынша акциялар, дөңгелек үстелдер, флешмобтар және басқа да іс-шаралар өтеді. АИТВ-ның профилактикасы жөніндегі өңірлік орталықтарда халық үшін Ашық есік күндері өтеді. Әрбір ниет білдіруші мамандардан кеңес алып, АИТВ-ға тексеруден өте алады.26 қарашада Алматыда «АИТВ-ның профилактикасы және емдеу бойынша инновациялық шаралар: саясат, зерттеулер, практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Белгілі әлемдік және отандық сарапшылардың қатысуымен өтетін бұл оқиға санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды нығайту және АИТВ-ның, қосалқы аурулардың, сондай-ақ дерматовенерологиялық аурулар профилактикасының заманауи тәсілдерін жетілдіру жөніндегі маңызды қадам болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/885012
Бакуде COP29 аясында «Жасыл энергетика және инновация: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» панельдік сессиясы өтті 18.11.2024
Баку қаласында СОР29 Энергетика күні аясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Жасыл энергетика және инновациялар: Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері» панельдік сессиясын өткізді.ҚР Энергетика вице-министрі С.Есімхановтың төрағалығымен іс-шараға қатысушылар Қазақстанның жасыл энергетиканы дамыту, елдің энергетикалық балансындағы жаңартылатын энергия көздерінің, атом және сутегі энергетикасының үлесін арттыру жөніндегі мақсаттары мен перспективаларын, сондай-ақ метанның антропогендік шығарындыларын азайтуға бағытталған мемлекет қабылдайтын шараларды талқылады. Үкіметтің «жасыл қаржыландыруды» тарту үшін қабылданып жатқан шаралары талқыланды. Панельдік сессияға «Masdar», «ЕҚДБ» және «Азия даму банкі» компаниялардың өкілдері қатысты.Бұдан басқа, ҚР Энергетика вице-министрі Қазақстанның сутегі бастамасына (Hydrogen Breakthrough Agenda) қосылуы туралы жариялады, бұл биылғы жылы қабылданған Сутегі энергетикасын дамыту тұжырымдамасын және Қазақстанның батысында «Svevind» неміс компаниясымен сутегі бойынша бірлескен жобаны іске асыру жөніндегі жоспарларды ескере отырып, елдегі сутегі энергетикасының дамуына ықпал ететін болады. С. Есімханов жасыл энергетика саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның тұрақты дамуға бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Энергетика вице-министрі Б.Ілиястың төрағалығымен Әзірбайжан, ЖЭК жөніндегі халықаралық агенттік (Irena), Азия Даму Банкі және АҚШ сауда министрлігі ұйымдастырған сессияларға қатысты, сессия барысында инновацияларды енгізу және «жасыл» энергетика секторына инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі энергияға өту және метан жөніндегі мақсаттарды ұйымдастыруды қолдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/884987
ТҮРКІСТАНДА ХХVI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ 18.11.2024
Түркістанда халықаралық ХХVI «Қазақ романсиадасы» жас орындаушыларының байқауы өз мәресіне жетті. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мұндай халықаралық байқаулардың маңызы жоғары екеніне тоқталып, желтоқсан айында Мәскеу қаласында өтетін халықаралық романс орындаушыларының қорытынды байқауына жолдама алған Гран-при иегеріне табыс тіледі.Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының ауызбіршілікті сақтау, ұлтаралық достықты нығайту мақсатындағы бастамалары аясында ұйымдастырылып отыр.Түркістан облыстық әкімдігі мен «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елінен 60 үміткер қатысып, байқау ережесіне сәйкес екі кезең бойынша бақ сынады. Қазақ және орыс тілінде романс орындаған үміткерлердің өнеріне Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Романсиада» халықаралық байқауы идеясының авторы және ұйымдастырушысы Галина Преображенская, Өзбекстанның халық әртісі, Науаи атындағы мемлекеттік академиялық үлкен театрдың жетекші солисі Аваз Раджабов, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Игорь Воронцов, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, Қазақтың кәсіптік өнері кафедрасының доценті Гүлзат Бейсенқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана опера» жетекші солисі Талғат Мұсабаев, сонымен қатар гала-концерт қонағы «Романсиада-2018» орыс романсиадасы жас орындаушылар байқауының бірінші сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Николай Землянских төрелік етті.Қазылар алқасының шешімімен Гран-при Нұрсұлтан Ануарбекке (Астана) бұйырды. Сондай-ақ «Қазақ романсы» бағытында 1-орынды Алижан Қазбеков (Павлодар), Саят Сақитжан (Астана), 2-орынды Ораз Мұхамедияр (Шымкент), 3-орынды Акобиржон Собиржонов (Наманған), Назым Дәулетқызы (Алматы), «Орыс романсы» бағытында бойынша 1-орынды Асқат Байышов (Бішкек), Алтынбек Арыстанбек (Астана), 2-орынды Ахрорбек Абдукаххоров (Ташкент), Жаннұр Бердібекова (Астана), Роман Чеснов (Бішкек) 3-орынды Симак Сатыбалдиев (Бішкек), Данияр Айткужинов (Алматы) иеленді.«Романсиада аруы» номинациясымен Жанель Мұратбек (Шымкент), «Романсиада үміті» номинациясымен Нұрсәндібек Жақсылық (Қызылорда), Аружан Ишанбек (Қызылорда), Айжан Пернехан (Шымкент), Мағжан Өмірбеков (Алматы), «Әртістік шеберлігі мен жарқындығы» номинациясымен Ұлан Асеков (Бішкек), «Романтикаға адалдығы үшін» номинацисымен Жәнібек Болатов, (Астана), Бақыт Қыдырбаев (Нүкіс), Әзизбек Усмонов (Ташкент) марапатталды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/884979
Қарағанды облысының ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету көлемі артып келеді 18.11.2024
Қарағанды облысының ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жалғасуда. Бүгінгі таңда ауылдықтардың 93,6% орталық сумен жабдықталған. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр.– Биыл 38 жоба жүзеге асты. Жыл қорытындысына сай, "құрылыс" бағыты бойынша 14 нысанды және 26 кешенді блок-модульді пайдалануға береміз. Бұл 95,8%-ға жетеді. Барлық ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобаны аяқтау келесі жылға жоспарланған, – деп хабарлады облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Арман Саттыбаев.Халықтың 100% ауыз сумен қамтамасыз етілуі келесі жылдың соңына дейін ерекше бақылауда болады, деп атап өтті облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.– Алда азаматтардың, әсіресе ауылдық жерлерде өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін су құбыры желілерін салу және қайта құру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Мақсаты айқын, міндеттері анықталған, қаржыландыру мәселесі шешілуде. Бұл бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілуі тиіс басым міндет. Жұмысты дұрыс ұйымдастыру және жауапкершілігімізді есте сақтауымыз маңызды, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884916