Enbekshi QazaQ

Қуқық

Жамбыл облысында үшінші «Жайлы мектеп» ашылды 22.11.2024
Тараз қаласы «Ұлы дала» (15) шағынауданында №67 мектеп балалар игілігіне берілді. Бұл білім беру нысанының құрылысы Президенттің тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жүргізілді.Білім ошағы 1 200 орынды құрайды.Жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімінде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, балалардың алаңсыз білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау – негізгі міндет екенін атап өтті.– Білім – шамшырақ, ғылым мен ілімнің бастау көзі. Болашағын ойлаған кез келген мемлекет білім беру ісіне айрықша мән береді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында заманауи үлгіде жабдықталған тағы бір мектеп балаларды қабылдауға дайын. Бұған дейін Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында және Тараз қаласы «Бәйтерек» шағынауданында дәл осындай білім беру нысанының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді, – деген облыс әкімі оқу ордасынан білімді, болашағы жарқын азаматтар шығатынына сенім білдірді. Әлеуметтік нысанның салынуына, құрылыстың сапалы жүргізілуіне зор үлес қосқан «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен «Integra Construction KZ» ЖШС-не ризашылығын жеткізді.– Бүгін «Ұлы дала» шағынауданында мерейлі күн. Қуанышымызда шек жоқ. Жайлы мектептің бірінші кірпіші қаланған сәттен бастап бақыладым. Сапасы өте жақсы, көңілімізден шықты. Жаңа мектептің табалдырығын 4 немерем аттап отыр, – дейді зейнеткер Алмаш Ауғанбаева.Жайлы мектеп ең озық технологиялармен жарақтандырылған. Оқушылардың қауіпсіз білім алуына барлық мүмкіндіктер қарастырылып отыр.Ғимаратта интерактивті тақтасы бар 59 оқу кабинеті, 3 асхана, 2 спортзал, мәжіліс залы, кітапхана, 2 лингафон, 2 компьютер кабинеті бар, сондай-ақ 3 зертхана мен 3 шеберхана, 10 коворкинг-орталық қарастырылған.Айта кетейік, Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 12 мектеп салу жоспарланған. Бұл бастаманың арқасында оқушы орнының тапшылығын жоюға, үш ауысымды оқытуды және апатты мектептерді болдырмауға мүмкіндік туады.Сондай-ақ облыста ағымдағы жылы құрылысы басталған 36 білім беру нысанының 10-ы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.Келер жылы 26 білім ошағының құрылысы бастау алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/887637
Жамбыл облысында медицина мекемелеріне 20 жаңа автокөлік табысталды 22.11.2024
Жамбыл облысының 85 жылдық мейтойы қарсаңында өңірдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 20 санитарлық автокөлік табысталды. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 13 бірлік қызметтік көлік беріледі деп күтілуде.Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтап, саланың өркендеуіне жан-жақты қолдау көрсетіле беретінін айтты.Санитарлық жедел жәрдем көліктері Байзақ ауданына (2), Жамбыл (3), Жуалы (3), Қордай (2) Т.Рысқұлов (3), Меркі (2), Сарысу (3), Талас (3), Мойынқұм (3), Шу (3), Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік диагностикалық орталығы мен облыстық медициналық орталықтарға 1 данадан табыс етілді.Облыста бекітілген нормативке сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі 272 бірлікті құрайды. Аудандық медициналық ұйымдардың теңгерімінде 235 бірлік санитарлық автокөлік бар, оның 112 – сі 100% тозған. Осы мәселені ескере отырып, тозығы жеткен автокөліктерді кезең-кезеңімен жаңарту бағытында тиісті шаралар атқарылуда.Айта кетейік, биыл өңірдің медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда.Мәселен, өткен жылы 24 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 10-ы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асты. 11 нысан күрделі жөндеуден өтті.Сондай-ақ биыл Ұлттық жоба аясында 3 медициналық-санитарлық нысан пайдалануға берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/887904
Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл: Таразда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті 22.11.2024
Жамбыл облысында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рыcқұловтың 130 жылдығына орай «Ұлық тұлға» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Ауқымды шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, зиялы қауым өкілдері, шетелдік ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер қатысты.Іс-шараның шымылдығы Тұрар Рысқұловтың қайраткерлігі туралы бейнеүзікпен түрілді.Бұдан соң құрметті қонақтар президиумға жайғасып, жиынды бастады. Конференцияны ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебай жүргізіп отырды.Басқосуда алғаш болып Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз алып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.– Тұрар Рысқұлов – мемлекеттілігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Күрделі кезеңде ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп, талай игі бастамаға ұйытқы болды. Нәубет жылдары халықты аштықтан құтқаруға атсалысты. Қазақтың біртуар перзенті еліміздің егемендігі, түркі жұртының азаттығы жолында табанды күрес жүргізді.Бауырлас халықтардың ынтымағы мен ұлт мүддесі үшін аянбай еңбек еткен тұлғаларды ұлықтау және сол арқылы өскелең жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет, — делінген Президенттің құттықтау хатында.Облыс әкімі қасиетті Әулиеата топырағында Тұрар Рысқұлов табанының ізі қалғанын жоғары бағалап, жамбылдықтар ұлт қайраткерімен мақтанатынын айтты. Ардақты азаматтың жасампаз идеялары мен жарқын істері бүгінге дейін ел игілігіне қызмет етіп келе жатқанына назар аударды.– Өткен ғасырдың халық үшін қиын кезеңдерге толы болғаны белгілі. Қилы заман өз батырларын, тұғырлы тұлғаларын қалыптастырды. Сол дәуірден түлеп ұшқан асыл перзенттің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов болатын.Тұрар Рысқұлов есімінің ел тарихында алар орны ерекше. Оның қоғам өмірінде атқарған істері, күрескерлік рухы – көпке үлгі.Дана халқымыз «Өткенді білмей, келешекті болжау мүмкін емес» деген. Бұл ретте Тұрар Рысқұловтай қайраткердің ерлік істерін бүгінгі жас ұрпаққа таныту баршамыздың парызымыз деп санаймын.Өйткені, бүгінгі буын ел іргесінің берік болуына, халық бірлігінің сақталуына ықпал еткен ерен тұлғаларды білуге міндетті, – деп сөзін түйіндеген облыс әкімі Тұрар Рысқұловтың тарихтағы алар орнын айшықтауға бағытталған басқосуға қатысқан қонақтарға алғысын білдірді.Конференцияда зиялы қауым өкілдері мен тұрартанушылар келелі пікір мен ойлы ұсыныстарын мінберде тұрып жеткізді.– Рысқұлов – озық ойымен қыруар іс жасаған тарихта сирек кездесетін нағыз мемлекетшіл тұлға. Біз Тұрардың рухани мұрасын, оның шыққан биігі мен әлеуетін бағалап, насихаттауымыз керек. Ол туралы әлі айтылмаған ақиқат, жазылмаған дерек көп. Тұрар - болашақ ұрпақ үшін керек! – деп баяндамасын ұсынған белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбден Тұрартану ғылыми-зерттеу институтын құру идеясын ұсынды.– Тұрар Рысқұлов – қазақ елінің ғана емес, түбі бір түркі халықтарының қайраткері, – деген Қырғыз Республикасы білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Доолотбек Сапаралиев түркі тұтастығын армандаған тұлғаның маңызды қадамдарын жіпке тізді.Қоғам қайраткері, тұрартанушы ғалым Мұхтар Қазыбек Тұрар Рысқұловтың өмір жолын төрт кезеңге бөліп қарап, оның ерік-жігері, ойлау жүйесі, батылдығы мен басқару стилі дәл қазіргі алмағайып заманда өзекті әрі қажетті екенін алға тартты. «Тұрардың асыл мұралары өміршеңдігін ешқашан жоғалтпайды», – деді ол.Сондай-ақ конференцияда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы - ректор Мұхтар Байжұманов, ақын, жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Сұраған Рахметұлы, журналист, тұрартанушы Мейрамхан Жәпек, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Сейдехан Бақторазов сөз сөйледіСтудент жастар спикерлердің тың деректерінен тағылым алып, Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасына көз жүгіртті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/888176
Жамбыл облысында «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті 22.11.2024
Жамбыл мен Алматы облыстары бірлесе «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді.Оқу-жаттығу Қордай ауданы «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автожолдың 205 шақырымында (Қордай асуы) ұйымдастырылды.Шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Алдымен техникалардың жай-күйін тексеріп, бұдан соң жауыптылардың дайындық деңгейін бақылады.Командалық-штабтық оқу-жаттығу арнайы дайындалған сценарий бойынша жүргізілді.Оқу-жаттығу барында авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру, адамдарды іздеу және құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету, қауіпті аймақтардан жылыту пункттеріне, жақын елді мекендер мен емдеу мекемелеріне эвакуациялау шаралары іс жүзінде тексерілді.Іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары, азаматтық қорғау қызметтері, төтенше жағдайлар департаменті және оның бағынысты бөлімшелері, ҚР ТЖМ-нің «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облыстық филиалы,Полиция департаментінің құрылымдық және бағынысты бөлімшелері атсалысты.Жамбыл мен Алматы облысынан барлығы 150 адам, 42 бірлік техника жұмылдырылды.Өз кезегінде қос өңірдің әкімі оқу-жаттығу жинына атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, төтенше жағдайдың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты мақсат екенін жеткізді.Айта кетейік, Жамбыл облысының барлық аудандарында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындық бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Оған 850-ден астам адам мен 200 техника тартылды.Ағымдағы жылдың 10 айында төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы орган және азаматтық қорғау құрылымдарымен бірлесіп 7 933 оқу-жаттығу өткізді.Облыс құтқарушылары 344 адамды құтқарып, 600 адамды эвакуациялады, зардап шеккен 47 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/888332
СҚО мен Шэньси провинциясы 93 млрд.теңгеге меморандумдар мен контракт жасасты 22.11.2024
Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Қытайдың Шэньси провинциясында ресми сапармен болды. Бұл сапар Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған СҚО мен Шэньси провинциясы арасында бауырлас қатынастарды орнату туралы келісімнің аясында өтті. Сапарды Бас консул Жошыхан Қыраубаев бастаған Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы ұйымдастырды. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Идэмен ресми кездесу өткізді. Жиында өзара серіктестікті дамыту мәселелерін талқылап, Солтүстік Қазақстан мен Шэньси провинциясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспары мен "Чан-Ба" халықаралық портымен сауда байланысын кеңейту бойынша меморандум жасалды. Ресми және іскер делегация Сиань қаласындағы бірқатар өндірістік нысандарды аралады. Делегация сауда-логистикалық компания мен халықаралық порттың қызметімен танысты. Сонымен қатар, өңір басшысы Aiju компаниясының өндірістік кешенінің жұмысымен танысып, компания басшысы Цзя Хэй кездесу өткізді. Сонымен қатар, Сиань қаласында СҚО өнімдерінің орталығы ашылды. Aiju компаниясы СҚО-ның бұрынғы серіктесі, облыста майлы дақылдарды өңдейтін және ұн-тарту кешені кіретін үлкен агроөнеркәсіптік кластер құрды. Бұл компания облыс аумағында агропарк жасамақ, оның құрамына жел электр станциясы, ең өндеу зауыты, азық-түлік өндірісі мен логистикалық орталық кіреді. Бұл жобалар бойынша 93.5 млрд теңгеге меморандумдарға қол қойылды, оның ішінде 5.5 млрд.тг "Атамекен-Агро" мен "ФамСам" компаниясы арасында элеватор қондырғысын жасауға бағытталған контракт. Бөлек кездесуде облыс әкімі инвесторлармен жобаларды жүзеге асыру бойынша мәселелерді талқылады. Сапар барысында делегация Янлин қаласындағы Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің заманауи жылыжайы және жетістіктерімен танысты. Ғауез Нұрмұхамбетов ссы университетте білім алып жатқан қазақстандық докторанттармен кездесті. Университетте ғылыми жобаларды зерттеп, әзірлейтін бірлескен қазақ-қытай мал шаруашылығы зертханасының ашылу салтанаты өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/887828
Облыс әкімінің жеке қабылдауына келген Қарақия тұрғындары мұнай компанияларына жұмысқа орналастыруды сұрады 22.11.2024
20 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданында тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.Жеке қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі мұнай компанияларына жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді сұрады. Оларға аудан аумағындағы шекара қызметі, өрт сөндіру бөлімі, полиция және басқа да мекемелерден бос жұмыс орындарын ұсынды. Алайда ұсынылған жұмыс орындарын қабылдамағандар болды, тек 3-4 азамат қана келісімін берді.Мұнайшы ауылынан бір топ азамат келіп, әкімнің қабылдауында өз өтініштерін жеткізді. Олар ауылға спорт зал салуды, Мұнайшы мен Жетібай елді мекендері арасындағы жолдың жарығын жақсартуды сұрады.Сонымен қатар, егін шаруашылығымен айналысуға ниетті тұрғындар су жеткізу мәселесіне жәрдемдесуді және мемлекеттік қолдау алу жолдары бойынша көмек көрсетуді өтінді.Айта кетейік, қабылдау барысында 150-ден астам азамат облыс әкіміне түрлі мәселелер бойынша жүгінді. Тұрғындар тұрғын үймен қамту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, сондай-ақ қоқыс мәселесін шешу туралы өз өтініштерін айтты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/887503
Ақтауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды 22.11.2024
Бүгін, 21 қараша күні Ақтауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығудың саптық көрсетіліміне облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлігімен танысты.21-22 қараша аралығында өтетін оқу-жаттығуға азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 1002 адам, 337 бірлік техника мен арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, 2925 тонна тұз бен 4604 текшеметр құм қоры дайындалды.Оқу-жаттығу аясында қысқы кезеңде орын алуы ықтимал төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету үшін жанар-жағармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек, электр және дизель генераторлары, жылу зеңбіректері, құм-қиыршық, тұз қоспалары дайындыққа келтірілді.Облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау мақсатында 152 бірлік техника мен 398 адам жұмылдырылды.Саптық көрсетілім барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай азаматтық қорғау қызметтері мен техникалардың кез келген төтенше жағдайға дайын болуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты органдардың бірлескен жұмысы қажеттігін айтты.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/887658
Қостанай облысы әкімдігінің отырысы: түйінді мәселелер мен шешімдер 22.11.2024
Бүгін Қостанай облысы әкімдігінің кезекті отырысы өтті, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелері қаралды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аграршыларды қолдау, өнеркәсіпті дамыту, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жылу беру маусымындағы тұрақтылық сияқты бірқатар өзекті тақырыптарды қозғады.Диқаншыларды қолдау және ауыл шаруашылығын дамытуОблыс әкімі агроөнеркәсіп кешенінің өңірдің экономикалық өсуінің басты қозғалтқыштарының бірі ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Биыл ауыл шаруашылығын қаржыландыру үш есеге ұлғайды, ал келесі жылы 2,6 есеге ұлғайту жоспарлануда. АӨК-те қайта өңделген тауарлардың үлесін 70%-ке дейін ұлғайту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу басты міндеттердің бірі болып қала береді.«Ауыл шаруашылығы тиімді және орнықты болу үшін өңдеуді дамыту және түпкілікті өнім шығару қажет. Нәтижесінде қосымша құн артып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады», - деді Құмар Ақсақалов.Алдағы жылдары облыста сүт фермаларын, ет кешендерін және бидай өңдеу зауыттарын салуды қоса алғанда, 30-дан астам ірі жобаны іске асыру жоспарлануда. Ең ірі жобалардың бірі – глютен, крахмал және биоэтанол зауыты.Өнеркәсіпті дамыту және өндіріс көлемін ұлғайтуОтырыста қаралған екінші мәселе өңірдің өнеркәсіп жағдайына қатысты болды. Өңір басшысы атап өткендей, Қостанай облысында көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады. Алайда, жеңіл автомобильдер өндірісі сияқты кейбір салаларда шамалы төмендеу тіркелді. Бұл шығындарды металлургия және ауылшаруашылық техникасы сияқты басқа салалардағы өндірісті ұлғайту арқылы өтеу маңызды.Атап айтқанда, тракторлар мен болат прокатының өндірісі ұлғайтылады, сондай-ақ шойын құю және автомобильдерге арналған шанақтарды шығару бойынша жаңа жобалар іске қосылады.Жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігіТөтенше жағдайлар департаментінің бастығы Дамир Мақсұтұлы Ермағамбетов жылу беру маусымында өрт қаупінің жоғары болуына қатысты проблемалар туралы айтты. Биыл өңірде жылу беру жүйелерін пайдалану ережелерін бұзумен байланысты бірнеше қайғылы жағдай орын алды. «Биыл облыста бірнеше қайғылы жағдай тіркелді, жылыту жабдықтарының ақаулығы салдарынан балалар қаза тапты», — деді ол.Облыс әкімі жылу беру жүйелерінің жай-күйін және пештер мен түтін мұржаларын үнемі тексеріп, алдын алу шараларын жүргізуді қатаң бақылау қажеттігін атап өтті. Бұл мәселеде азаматтардың жауапкершілігі де маңызды, өйткені олар жылыту жабдықтарындағы кез келген ақаулар туралы уақтылы хабарлауға тиіс.Әкімдіктің кезекті отырысында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамытуға, сондай-ақ жылу беру кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінді. Құмар Ақсақалов мемлекеттік құрылымдар мен бизнестің бірлескен күш-жігері өңірдің экономикалық және әлеуметтік дамуында елеулі нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/887156
Атырауда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды 22.11.2024
Салтанат сарайы ғимаратының тұрағында облыстағы төтенше жағдайда шұғыл әрекет ету мекемелерінің қысқа дайындығы тексерілді,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Дәстүрлі жиынға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, авариялық құтқару мекемелеріне жеке-жеке барып, құрал-саймандармен, арнайы техникалармен танысты.Күрделі метрологиялық жағдай туралы Атырау қаласы мен барлық ауданда сағат 11:00-де сирена ойнап, төтенше жағдайлар департаментінде оқу-жаттығудың жедел штабы құрылды. Қазір «Дабыл-1001», «Қарғын-2002», «Үзіліс-3003» сигналы бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда.Оқу-жаттығудың практикалық бөлімі 22 қарашада «Атырау облысы Су Арнасы» КМК аумағында және республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолы бойында өтеді.Жалпы оқу-жаттығуға барлығы 252 жеке құрам және 131 бірлік техника қатысып жатыр. Облыста қысқы мезгілге 281 техника мен 14 968 тонна инертті материал дайын.Екі күндік оқу-жаттығуға қатысушылар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында қысқы мезгілде төтенше жағдайды жою үшін арнайы-тактикалық жаттығулар өткізіледі. Жедел-құтқару қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру, тез әрекет ету жұмыстары пысықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/887825
Атырауда өтіп жатқан «Zhaiyk brаnd fest» көрмесіне 250-ге жуық қолөнершінің бұйымы қойылды 22.11.2024
Аймақта алғаш рет ұйымдастырылған көрмеге өңір басшысы Серік Шәпкенов қатысып, шеберлермен тілдесті. Атырау тұрғындарына ағаштан, табиғи былғарыдан, киізден жасалған бұйымдар, тігін және тоқыма өнімдері, түрлі пішіндегі мүсіндер ұсынылды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Шарада сөз алған облыс әкімі Серік Шәпкенов ұлттық өнерді дамытуға әрқашан қолдау көрсететінін айтып, дәстүрлі түрде өткізуді тапсырды.- Атадан қалған қолөнерді сақтау - басты мақсат. Заман ағымына қарай түрлі техникалар мен материалдар шығарылса да, дәстүрлі өнерді жалғастырып, көз майын тауысар еңбектен қол үзбей келе жатқан шеберлерге алғыс білдіремін. «Әке көрген оқ жонар» демекші, көненің көзін келешек ұрпаққа насихаттап жүрген сіздердің еңбегіңіз ерлікпен пара-пар. Әр қолөнершінің саусағынан туған дүние «қазақ» деген аты мәшһүр халық екенімізді танытып, ұлттық рухты оятады. Осы құндылығымыз жоғалмаса деймін. Мұндай фестивальдің аясын кеңітіп, жыл сайын ұйымдастыруды, әр сала бойынша шеберлік сабағын өткізуді тапсырамын,-деді С.Шәпкенов.«Zhaiyk brаnd fest» қолөнерді дамыту, өңірдің туристік әлеуетін арттырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырылды. Әбілхайыр хан даңғылындағы Көрме залында өтіп жатқан шара 23 қарашаға дейінсозылып, бұйымдар ертеңнен бастап сатылымға шығарылады.Жиын соңында шеберлер келесі бағыттар бойынша марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды:- Ағаштан жасалған бұйымдар;- Табиғи былғарыдан жасалған бұйымдар;- Ұлттық тоқу өнімдері;- Ұлттық киізден жасалған бұйымдар;- Тігін өнімдері;- Ұлттық тоқыма және кесте өнері;- Мүсін бұйымдары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/888314
Астанада «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті 22.11.2024
Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті 21 қараша күні «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.«Қыс-2024» оқу-жаттығуы қысқы кезеңге дайындық аясында ұйымдастырылды.Елорда ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, іс-шара барысында қыс жағдайында іс-қимылдарды пысықтады. Сонымен қатар ведомство қызметкерлері кинологиялық есептеуді тарта отырып, авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын пысықтады.Оқу-жаттығу барысында шұғыл ден қою жасағы мен қыс мезгілінде қолданылатын техниканың дайындығына тексеру жүргізілді. Жоспарлы жаттығулар бірнеше сценарий бойынша өткізілді: жылу трассасы мен электр желілеріндегі апаттар, адамдарды автобустан қарлы боранда эвакуациялау.Ауқымды оқу-жаттығу барысында 33 бірлік инженерлік техника мен жеке құрамның 107 қызметкері жұмылдырылды.«Қойылған мақсаттар бойынша барлық нәтижелерге қол жеткізілді, қажетті практикалық іс-шаралар пысықталды. Оқу-жаттығу нәтижелері Астананың азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қысқы кезеңде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін тұрақты негізде екенін көрсетті», - деді Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ТЖ жою басқармасының бастығы Еркін Қашқанов.Астана ТЖД тұрақты негізде маусымдық оқу-жаттығулар өткізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887667
Астана әкімі қаланың кәсіпкерлерімен кездесті 22.11.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаулар туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Ашық микрофон» форматында «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталовпен бірге қала кәсіпкерлерімен кездесу өткіздік. Олардың қызықтырған сұрақтарына жауап бердік. Қазіргі уақытта елордада жарты миллион адам жұмыс істейтін 240 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар. Бұл жұмыс істейтін адамдардың 70% құрайды.Бүгінде инвестициялар көлемі 1,4 трлн теңгені құрайды, оның ішінде жеке инвестициялар үлесі 70%-дан асады.ШОБ-қа жүйелі қолдау көрсетіледі: АЭА және Индустриялық парк аумағындағы преференциялар, түрлі бағдарламалар бойынша гранттар мен жеңілдетілген несиелер, қажетті инфрақұрылым құру және т.б.Елордада №1 индустриялық парк жұмыс істейді. Ол бүгінге дейін өндіріс көлемінде 8,1 трлн теңгеге жетіп, еліміздегі индустриялық парктер арасында жалпы республикалық көрсеткіш бойынша көшбасшы болып саналады.Индустриялық парк аумағында инвестиция көлемі шамамен 317 млрд теңгені құрайтын 118 жоба бар. Оның ішінде 60 өнеркәсіптік нысан іске қосылып, толық жұмыс істеп тұр. Бұл 5700 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Сол сияқты тағы 58 жоба – іске асырылу сатысында.№1 Индустриялық парктің табысты тәжірибесі біз үшін екінші индустриялық паркті іске қосуға түрткі болды. Жаңа саябақтың аумағы 409 гектарды құрайды, ал оның әлеуеті 2042 жылға дейін есептелген.Индустриялық парктің басты артықшылығы – арнайы экономикалық аймақ аумағының статусы. Қазіргі уақытта инвесторлар тарапынан қызығушылықтың бар екенін байқап отырмыз.Сол сияқты біз Social Innovation Hub жобасын іске қосамыз. Бұл – әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдауға арналған бірегей орталық.Мұнда білім, кеңес және менторлық көмек алуға болады. Біз бұл хаб әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелерді шешуге септігін тигізетін инновациялық идеялар алаңы болатынына сенімдіміз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887838
Астана емханаларында Face ID көмегімен пациенттерді қабылдау жүргізіліп жатыр 22.11.2024
Елордалық емханаларда пациенттерді қабылдауды сәйкестендіру – «Face ID» технологиясы бойынша тексеру немесе E-gov mobile арқылы 6 таңбалы нөмірді растау бойынша цифрлық тетіктерді енгізу арқылы пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жобаға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан қалалық ұйымдар да, жеке клиникалар да қатысады.Осы жылдың соңына дейін пилоттық жоба Астанада өз нәтижесін береді, ал 1 қаңтардан бастап оны республика бойынша кезең-кезеңімен кеңейту жоспарлануда. Бұл қайта жазуды азайтатын тиімді құрал болады. Биометриялық сәйкестендіру жүйесі көрсетілетін қызметтерді нақты есепке алуды қамтамасыз етеді, бұл пациенттердің баруы туралы жалған есеп беруді мүмкін емес етеді, тиісінше, бюджет қаражатын да, сақтандырылған азаматтардың жарналарын да мақсатсыз пайдаланудың алдын алады.Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова атап өткендей, жаңашылдықтың негізгі мақсаты медициналық ақпараттық жүйелерге медициналық қызметтерді қосуды жою болып саналады.«Астанадағы МСАК ұйымдарына бір жарым миллионнан астам адам тіркелген. Пациенттердің дербес деректерінің сақталу қауіпсіздігі үшін оларға қолжетімділігі бар барлық мүдделі тұлға жауапты болады. Айта кету керек, пациенттің тіркелген фотосуреті сәйкестендірілгеннен кейін автоматты түрде жойылады және медициналық ақпараттық жүйеде сақталмайды. Осыған байланысты пациенттердің деректерін тарату мүмкін болмайды», - деп түсіндірді ол.Жоба барлық деңгейде медициналық көмек көрсетудің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.Бірінші кезеңде пилоттық жоба Астананы цифрландыру аясында 47 ұйымды қамтыды. Пациенттер арасында ақпараттық науқанды өткізуді медициналық мекемелер ұйымдастырады.Сондай-ақ, осы пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында медициналық ұйымдар пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастырды, мұнда мамандар барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде пилоттық бойынша түсініктемелерді және туындаған сұрақтарға жауаптарды беруге дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887903
Jeniske birge jugir: Астанада отбасылық жүгіру іс-шарасы өтеді 22.11.2024
Елорданың Триатлон саябағында 24 қараша күні Jeniske birge jugir отбасылық жарысы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Әрбір қатысушы отбасы жүгіретін жалпы қашықтық үш деңгей бойынша өтеді: 2 км 300 м – әкесі, 0,5 км – анасы, 0,2 км – балалар.Жарысқа ата-анасының біреуі болмаған жағдайда жақын туыстары қатыса алады.Алғашқы үш орын үшін әкелер сыйлық ретінде теледидар алады. Аналар арасында бірінші орын үшін микротолқынды пеш, екінші орын үшін – шаңсорғыш, үшінші орын үшін – термопот беріледі.Балалар арасында бірінші болып жеткенге – планшет, екінші орынға – смартфон, үшінші орынға ақылды сағат беріледі.Жас санаттары (балалар):- 8-9 жас;- 10-11 жас;- 12-13 жас.Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 21-24 қараша аралығында онлайн режимінде өтеді.Жарыс күні басталғанға дейін тіркелуге болады. Жарыстың басталуы 24 қараша күні сағат 13:00-де.Мәреде қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі. Іс-шара соңында 10 велосипед ойналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887907
Лудоманияға қарсы күрес: елордада медициналық көмек көрсету бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр 22.11.2024
Лудоманияға әуестік, әсіресе жастар арасында кеңінен тарап, өткір әлеуметтік мәселеге айналып барады. Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова елордада осы мәселе бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Спикердің айтуынша, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қалалық психикалық денсаулық орталығында «Құмар ойындарға патологиялық әуестік» диагнозымен тек екі пациент тіркелген. Ал жалпы Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 12 адамды құрайды.«Негізгі қиындықтардың бірі – стигматизация. Адамдар жұмысынан айырылып қалу немесе есепке алыну қаупінен қорқып, көмекке жүгінуге батылы бармайды. Сондықтан көптеген азаматтар жеке клиникаларда жасырын түрде емделеді», – деп атап өтті Айнұр Төлеуова.Оның айтуынша, лудоманиямен күрес барысында тәрбие мен түсіндіру шараларына ерекше назар аудару керек.«Лудомания – жеке адамның ғана емес, қоғамның да мәселесі. Біз алдын алу және емдеу бойынша тұрақты жүйені қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамның күш-жігерін біріктіруіміз керек. Әсіресе, құмар ойындарға бейім жастарға ерекше назар аудару қажет», – деп атап өтті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.Сөз арасында медициналық ұйымдар лудомания диагнозын қою және медициналық көмек көрсету жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын айтты. Дегенмен, құмар ойындармен психологиялық және медициналық мәселелер бойынша азаматтар аз жүгінеді. Лудоманияға қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін диагноз қою мен емдеудің клиникалық хаттамалары әзірленіп, медициналық мекемелер мен қоғамға арналған профилактикалық шаралар енгізілді.Лудоманияның негізгі белгілері:* Отбасымен уақыт өткізуді азайту, жақындарымен қарым-қатынастың нашарлауы;* Жұмысқа немқұрайлы қарау, еңбек өнімділігінің төмендеуі;* Үйде ақшаның жиі жоғалуы, қаржылық түсініксіздіктердің туындауы;* Қарыздар мен несиелердің көбеюі, ойынға ақша табу үшін заттарды сату немесе достарынан қарыз сұрау;* Эмоционалдық өзгерістер. ашушаңдық, шыдамсыздық немесе керісінше селқостық:* Бұрынғы хоббилер мен қызығушылықтарды ұмыту;* Ұйқысыздық, шаршау, дене және психологиялық күйзеліс.«Астана қаласындағы №2, 4, 6, 8, 9, 10, 14 емханалар мен Қалалық психикалық денсаулық орталығының (психоблок және наркоблок) базасында 9 Бастапқы психикалық денсаулық орталығында учаскелік дәрігер-психиатрлар мен наркологтар қабылдау жүргізеді. Ем алушылардың жеке деректері мен ақпараттары құпиялылық талаптарына сай қатаң түрде сақталады. Азаматтар анонимді түрде көмек ала алады.Сондай-ақ, сенім телефоны арқылы қажетті ақпараттар мен кеңестер алуға болады. Телефон: 547603», - деді спикер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887971
Астанада балаларды спорт секцияларына қабылдау басталады 22.11.2024
Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ балаларды спорт секциясына қабылдау кезегінің ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Сонымен қабылдау 28 қараша күні сағат 15.00-де басталып, 30 қараша күні сағат 00.00 дейін жалғасады.Сонымен қатар, 2021 жылғы 27 сәуірдегі №120 бұйрықтың 2 Параграфы 10 тармақшасына сәйкес, баланың заңды өкілінің өтініш беруі оның жеке өзі немесе баланың заңды өкілдеріне берілген сенімхат бойынша жүзеге асырылатынына назар аударған жөн. Осы талаптың бұзылуы анықталған кезде ақпараттық жүйе кезектегі өтінішті және ол бойынша берілген ваучерді жояды.Кезекті бөлу 2021 жылғы 27сәуірдегі №120 бұйрықтың 12-тармағына сәйкес тоқтатылады. 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ақпараттық жүйенің ваучерлерін беру тоқтатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/887973
Көлікті төмпештеп, әйнегін сындырған: Астанада вандалдарды жазалау жалғасып жатыр 22.11.2024
Астанада вандализм актілері мен қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Полицейлер кезекті вандалдарды тауып, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Сонымен, 12 қараша кешкісін университет ғимаратында ашуға булыққан 32 жастағы ер адам ағаш есікті ұрып, зақымдаған.17 қарашаға қараған түні 37 жастағы азамат полиция ғимаратында кезекші бөлімде қолымен терезені сындырған.18 қараша кешкісін 42 жастағы азамат біреудің көлігіне зақым келтірген. Бірнеше сағаттан кейін 36 жастағы басқа адам мас күйінде басқа ауданда да көлікті зақымдаған.Олардың барлығы бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы), ондағы залал 200 АЕК немесе 690 мың теңге сомасынан аспайды.Жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 270-тен астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888063
Тәулік бойы қар тазалау: 900-ден астам техника түнгі ауысымға шығарылды 22.11.2024
Қаланың коммуналдық қызметтері жолдарды, орталық көшелерді, тротуарлар мен аялдамаларды тәулік бойы екі ауысымда тазартады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Мәселен, 21 қарашадағы түнгі ауысымда 900-ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшылары қар тазалау жұмыстарына тартылды.Бір күнде полигондарға 1408 рейспен 18 мың текше метрден астам қар жеткізілді.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 43 832-ден астам рейспен 556 мың текше метр қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888095
Астананың білім беру ұйымдарында қауіпсіздік және қолдау шаралары күшейтіліп жатыр 22.11.2024
Елорданың білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, мемлекеттік органдардың, оның ішінде білім және денсаулық сақтау басқармаларының, прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменттері мен ішкі істер органдарының өкілдері, сондай-ақ психикалық аурулар саласындағы мамандар қатысты.Жиын барысында 2024 жылы балалар мен мұғалімдерге көмек көрсету мақсатында құрылған Психологиялық қолдау орталығының (ПСҚО) қызметі де талқыланды. Орталық жұмысының бір бағыты мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған «STOP Буллинг» бағдарламасы болып саналады. Орталық білім беру ұйымдарының қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын белсенді түрде әзірлеуде, оның ішінде семинарлар өткізіліп жатыр.Мектеп психологтары жүйесі де дамып келеді.Биыл қаланың жалпы білім беретін мектептеріне қосымша 200 штаттық психолог енгізілді, бұл 500-600 оқушыға бір психолог нормасына сәйкес келеді. Студенттерді қорқыту мен зорлық-зомбылық бойынша тестілеу, сондай-ақ балаларға шұғыл көмек көрсету үшін «жасыл дәліз» құру, оның ішінде психиатрлармен бірлесе отырып, әрекет ету маңызды қадам болды.Жиында қаралған маңызды мәселелердің бірі білім беру ұйымдарындағы санитарлық нормалардың сақталуы болды. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылығы білім беру ұйымдарында улану және тамақтануға байланысты басқа да заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.Жиын соңында қатысушылар алдағы жұмыс бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар әзірледі. Бірінші кезектегі міндеттерге оқушылармен және олардың отбасыларымен профилактикалық жұмыстарды жандандыру, ішкі істер органдары мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қаладағы барлық мемлекеттік мектептегі тамақ сапасын қадағалау кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888207
Астанада 2 600-ден астам жұмысшы мен 1 200 бірлік арнайы техника қар тазалауға шығарылды 22.11.2024
Елордалық коммуналдық қызметтер жолдарды, көшелерді, тротуарларды және аялдамаларды қар мен мұздан тазарту бойынша тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Бір түнде олар жуық жүк көлігімен қаладан мыңға жуық рейс қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.22 қараша күндізгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 1 200-ден астам арнайы техника және 2 600-ден астам жол жұмысшысы жұмыс істейді.Өткен түні 21-22 қарашада қар полигондарына 997 ауыр жүк рейсімен шамамен 13 мың текше метр қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 44 829 рейспен 570 мың текше метр қар шығарылды.Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. қардан тазартылады.Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888345