Enbekshi QazaQ

Қуқық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ «КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТУ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 300-ДЕН АСТАМ КІТАП СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ 22.11.2024
Түркістан облысындағы Сарыағаш медресе-колледжінде «Кітапты сыйға тарту» акциясы өтті. Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев , «FARAB» облыстық әмбебап кітапханасының бөлім меңгерушісі Дана Таженова, Облыстық дін істері басқармасы басшысы Рүстем Сабыржанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкілі Ержан Төлепов, «Сарыағаш медресе-колледжінің» директоры Дінмұхамед Сманов қатысып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.Түркістан облысының дін істері басқармасы және Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен акция аясында Сарыағаш медресе-колледжіне 300-ден аса кітап сыйға берілді. Атап айтсақ, «FARAB» облыстық кітапханасынан 100 кітап, Сарыағаш ауданының кітапханасы атынан 100 кітап, Қазығұрт және Келес ауданының кітапханаларынан 60 кітап, Мақтаарал және Жетісай ауданының кітапханаларынан 100 кітап, Түркістан облысының бас имамының атынан 3 кітап сыйға тартылды.Айта кетейік, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың ұсынысымен, облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара мақсаты – кітап мәртебесін көтеру, жастарды патриотизмге, еңбекті сүюге, жалпыұлттық құндылықты әрбір жастың бойына сіңіріп, білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, кітап оқуды насихаттап, ұлттық ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын толықтыру.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888144
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТҮЙЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 22.11.2024
Отырар ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 66,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 300 млн теңгеге артық орындалған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы - 33,3 млрд теңге, тартылған инвестиция - 23,6 млрд теңге, сауда - 2,8 млрд теңге, өнеркәсіп - 22 млрд теңге, құрылыс көлемі - 8,2 млрд теңгені құраған. Бұл жайында Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Биыл Отырар ауданында 35 000 гектарға егін егіліп, егістік алқабынан 395 993 тонна өнім жиналды. Одан бөлек, ауданда 2024 жылдың ІІ тоқсанында бірнеше инвестициялық жоба іске асырылды. Мәселен, «Баржоу Хинкай Трейд гоу» ЛТД компаниясымен бірлесіп 500 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен мақта дақылын егу жұмыстары жүргізіліп, 1 200 тонна мақта өнімі алынды. Сонымен қатар, ауданда жыл соңына дейін 800 млн теңгеге сауда саласы бойынша екі шағын инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 2025 жылы құны 360 млн теңгені құрайтын түйе сүтін өңдеп, ұнтақ шығаратын кәсіпорын құру көзделген. Бүгінде Қытай мемлекетімен келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, 2025-2030 жылдары құны 145 млрд 625 млн теңгені құрайтын 157 ірі және шағын инвестициялық жобалар жүзеге асып, 1 790 адам жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, келесі жылы ауданда «Nomad» ЖШС-ң демалыс аймағы іске қосылады. Ал, 2026 жылы «Жанұя» ЖШС-ң емдік балшық пен жылы сумен емдеу орталығын іске қосу көзделген»,- деді аудан басшысы.Бұдан бөлек, аудандағы Шәуілдір ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Нысан 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Аққұм ауылынан дәрігерлік амбулатория құрылысы мен Шытты ауылынан фельдшерлік-акушерлік нысанның құрылысы жүргізілуде. Ғимараттар 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін ел игілігіне беріледі.Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы 37 елді мекеннің 35-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Қалған екі елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. 2018-2023 жылдар аралығында 21 елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылып, жалпы аудан халқының газбен қамтылу деңгейі 71,4 %-ға жеткен. 2024 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 13,7 шақырымдық 7 ішкі көшеге, жергілікті бюджет қаржысы есебінен 34,8 шақырымдық 29 көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп, қанағаттанарлық дәрежедегі жолдар үлесі 80,1%-ды құрап отыр.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888146
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 22.11.2024
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам ауылында заманауи спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Нысанның ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, тұрғындарды құттықтады.– Өңірімізде ауылды елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр. Білім, медицина, спорт, мәдениет нысандары салынуда. Бүгін спорт кешенін ашқалы тұрмыз. Бұның бәрі сіздер үшін, жастар үшін үлкен қолдау деп ойлаймын. Осында жаттыққан спортшы жастарымыз әлемдік деңгейде Қазақстанның атын шығара берсін! – деген Дархан Сатыбалды спорт кешенін аралап көріп, спортшылармен, бапкерлермен жүздесті.Жобаның құны – 1 132 223,6 мың теңге. Жер телімінің ауданы – 1,5 гектар болса, құрылыстың ауданы – 2488,59 шаршы метр. Нысанның құрылысын «Қаратау ЛТД» ЖШС жүргізген.Заманауи спорттық-сауықтыру кешенінде грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, дзюдо және бокспен шұғылдануға жағдай жасалған. Сонымен қатар баскетбол, волейбол, гандбол секілді командалық спорт түрлерімен де айналысуға болады. Залға 210 көрермен сияды.Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары спорт кешенінің салынғанына ризашылықтарын білдіріп, өңір басшысымен еркін пікір алмасты. Ұсыныстар айтылып, аймақты дамыту жолдары сөз болды. Аталған спорт кешенінде Қажымұқан атындағы №1 облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі орналасады. Бұл спорт мектебінде 1000-ға жуық бала жаттығып жүр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888147
ТҮРКІСТАН: «БАБАЛАР ДӘСТҮРІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ 22.11.2024
Түркістанда «Бабалар дәстүрі – тәрбиенің бастауы» атты байқауы өтті. Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауда байқаудың маңызы жоғары екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.– Өздеріңізге белгілі, қазақ халқы әлемдегі салт-дәстүрге бай халықтардың бірі. Тәрбиелік маңызға ие бұл байқауды, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді қолға алдық. Облыстың барлық аудан, қаласында жалғасын тауып, жастарға үлгі-өнеге көрсететін ұлттық патриоттық іс-шараға айналып отыр. Халық арасында бабалар тәрбиесінің ізгі мұрасын бүгінгі өскелең жастарға насихаттау әрбіріміздің өшпес парызымыз. Осыған орай, бүгінгі байқау үлкен мәнге ие. Әдет-ғұрыпымызды дәріптейтін осындай жобалар көп болып, ұрпақ санасы серпіле берсін, – деді Ертай Кенжебекұлы.Шараға аудан, қалалардан жалпы саны 20 команда қатысып, бақ сынады. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері халықтың рухани өзегі, мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Осы құндылықтарды кеңінен дәріптеу мақсатында қолға алынған шарада қазылар алқасы 20 топтың дайындығын 2 кезең бойынша байқады. Алғашқы кезең ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр бойынша, бүгінгі ұрпақ тәрбиесі мен ел бірлігіне өте қажет деген отау көтеру, тәрбие, отбасы, тұрмыс дәстүрлері, еңбек дәстүрлері сахналық қойылымдар үйлесімін тауып көрермен назарына ұсынылды.Ұлтымыздың дәстүрлерін әділ қазылар алқасына тереңінен жеткізіп, көрерменге көрініс барысында толыққанды сипаттап берді. Ал екінші кезеңде ұлттық қадір-қасиеттерді дәріптеді. Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Арыс қаласына бұйырды. Жүлделі 1-орынды Қазығұрт пен Төлеби ауданы, жүлделі 2-орынды Түркістан қаласы, Шардара мен Сарыағаш ауданы, жүлделі 3-орынды Жетісай, Созақ, Түлкібас аудандары иеленді. Байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар табысталды.Айта кетейік, облыс әкімдігінің қолдауымен өткен байқаудың мақсаты – ұмыт қалған салт-дәстүрді қайта жаңғыртып, шешендік сөздердің қуатын ұрпақтың бойына сіңіру. Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының бастамасымен, байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушы – «Серпіліс» қоғамдық қоры.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888447
ТҮРКІСТАН: БАЗАРДАҒЫ КІТАПХАНАҒА 10 МЫҢДАЙ ОҚЫРМАН КЕЛГЕН 22.11.2024
Түркістан облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен вице-министрлер жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Базардағы кітапхана» жобасы шеңберінде «Қуаныш» сауда орталығында кітапхана пунктіне ат басын бұрып, сондағы жұмыстармен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бұл жобаның негізгі мақсаты кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға, тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосып, креативті идеялардың тууына мүмкіндік беретінін жеткізді. Сондай-ақ аудан, қалаларда жалғасып жатқанын атап өтті.ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеу барысына тоқталды. Содан соң елімізде алғаш қолға алынған жобаның өзге өңірлерге де үлгі боларын айтты. Сауда орталығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева тұтыншулар мен жеке кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие болып, келушілердің артып келе жатқанын жеткізді. Облыстық кітапхана басшысы Жанат Шардарбекованың айтуынша қазірге дейін 10-мыңға жуық адам кітапхана қызметтерін пайдаланған. Мәдени ошаққа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев, Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы да қатысып, кітапхана жұмысын жоғары бағалады.Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес ашылған кітапхана пунктінде көркем әдебиет пен кәсіпті нығайтуға бағытталған және әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар. Балаларға арналған туындыларды да табуға болады. Оқырман сұранысына сай кітап сөрелері мен мерзімді басылымдар тұрақты түрде жаңартылады. Кітапхана қызметі білімге қолжетімділікті, мәдени құндылықтармен алмасуды көздейді.Айта кетейік, өңірде «Ашық әкімдіктегі – ашық кітапхана» жобасы да іске асырылып, облыстағы барлық әкімдікте ашылған болатын. Бұдан бөлек мешіт-медреселерде де кітапхана бұрыштары әзірленуде. Мұндай кітапхана оқуға жайлы орта жасап, оқырманмен тығыз байланыс орнатып, келушілердің уақытын тиімді өткізуіне ықпал етеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888453
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ӘУЛЕТІМЕН ТРАНСФОРМАТОР ЖӨНДЕУДІ КӘСІП ЕТКЕН ОТБАСЫ ТҰРАДЫ 22.11.2024
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласы мен Сауран ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.Сапар аясында журналистер Жаңа Иқан ауыл округінде ашылған «Рамазан» ЖК трансформаторларды жөндеу цехының жұмысымен танысты.Энергетикалық қуатты нығайту – мемлекетіміздің экономика саласының басым бөлігі. Оның ішінде трансформатор – электр-техникалық бұйымдар рыногының ең талапты және бәсекелі бөлігі. Кентау қаласындағы транформатор зауытының өнімдері өңірдің ғана емес елдің мәртебесін көтеріп, өңір тұрғындарын өмір сапасын жақсартып жатқаны баршаға мәлім.Осы орайда, Сауран ауданындағы шағын ғана ауылдан трансформатор жөндеп, адал еңбегімен отбасын асырап отырған Ибата елді мекенінің тұрғыны, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, жеке кәсіпкер Махсұд Тажибаев қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Балаларының осы салаға бейімділігін байқап, өзінің білгенін үйреткен әкесі Дадахан Тажибайұлы да көп жылдар бойы Ибатада электрик болып еңбек еткен. Енді балалары Махсұд, Махмұд, Мұхаммед әке жолымен электрик болып жұмыс істеп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуде.2016 жылы ашылған цехта жұмыс өнімділігі мен тапсырысқа қарай ауыл тұрғындары еңбек етіп келеді. Кәсіпорында қуатты кернеу диапазонындағы трансформаторлардың қорабы құрастырылады. Жылына 60-тан аса трансформатор қалпына келтіріліп, қайта жасақталады. Сонымен қатар кәсіпорын жөндеуді қажет ететін, тозығы жеткен трансформаторларды жөндеумен айналысады. Бүгінде кәсіпорын өз өнімін өзге аудандар мен қалаларға шығара бастаған.«Айына кемі 4-5 транформатор жөндейтін «Рамазан» ЖК-не тапсырыс берушілер көп. Елімізден бөлек, Ресейден де іздеп келетіндер бар. Олар негізінен Қазақстан электр желілері орталығының істен шыққан транформаторларға жаңа серпін береді. Әсіресе, өндіріс орындары шағын трансформаторларға қызығушылық танытады. Зауыттан әлдеқайда арзан өнімдерге сұраныс жоғары» - дейді Махсұд Дадаханұлы.Кәсіпкердің айтуынша, аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпорын жұмысымен арнайы танысып, кәсіпкерге қолдау білдіретінін жеткізген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888455
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР 22.11.2024
Түркістанда халықаралық деңгейдегі ескек есу каналының құрылысы жалғасып жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аталған нысанға барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшыларына жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.– Бұл – ауқымды жоба. Жұмыс сапалы атқарылуы тиіс. Қаржыны тиімді жұмсап, халықаралық жарыстар өтетін нысанды өз мерзімінде ел игілігіне тапсыру керек, – деді Дархан Сатыбалды.Ескек есу каналының жалпы аумағы 100 гектарға жуық, су сыйымдылығы – 2 млн текше метр. Жобаның бірінші кезеңі аяқталған. Бүгінде үшінші кезеңі бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қазір трибуна мен мұнара бетондалуда. Спорт кешенінің қасбетін бояу және нысанды абаттандыру жүргізілуде. Ол жұмысқа 75 адам, 15 техника тартылған. Каналда 800 мың текше метр су бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/888456
Атырауда Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай поэзия кеші өтті 22.11.2024
М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов пен ұрпақтары қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Шара шымылдығы «Фариза -рух жанартауы» атты театрландырылған музыкалық-поэтикалық-мультимедиалық қойылыммен түрілді. Кейін аймақ басшысы Серік Шәпкенов құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.- Фариза Оңғарсынова - ұлт мәдениетін дамытуға зор үлес қосқан қарымды қаламгер. Ол төл әдебиетімізге жаңа леп әкеліп, қайталанбас қолтаңбасын қалдырды. Халқының ыстық ықыласына бөленіп, поэзия падишасы атанды. Қайсарлық пен қайраткерліктің символына айналған сыршыл ақын ер мінезімен, ершіл жырларымен дараланды. Теңдессіз туындылары арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеді. Теңдессіз туындылары арқылы адам бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеді. Қазақ аруының биік болмысын, қоғамдағы рөлін шеберлікпен суреттей білді. Фариза Оңғарсынованың шоқтығы биік шығармалары мен өнегелі өмірі әлі талай ұрпаққа тағылым берері анық. Оның есімін ел жадында сақтау - бәріміздің ортақ міндетіміз. Сөз зергерінің соңынан қалған мол мұрасы алдағы уақытта да терең зерделеніп, кеңінен насихатталады деп сенемін,-делінген құттықтау хатта.Сондай-ақ салтанатты жиынға ҚР Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, көрнекті әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сауытбек Әбдірахманұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева, ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Светқали Нұржан, белгілі Мемлекет және қоғам қайраткері Ирак Елекеев, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықова, қазақтың белгілі ақындары Оңайгүл Тұржан, Жанат Әскербекқызы, Танагөз Ильясова, Маржан Ершу қатысты.Кеште поэзия падишасының сөзіне жазылған әндер айтылып, театр фойесіне Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық баннер, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының және облыстық тарихи-өлкетану музейінің тақырыптық көрмесі қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/888484
Атбасарда орталық қазандық реконструкциялануда 22.11.2024
Атбасар облыстың қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі болып табылады, бүгінгі таңда қала халқы 30 815 адамды құрайды.Атбасарлықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға көп көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда орталық қазандықты жаңғырту мәселесі ерекше өзекті. Жоба үш жылға есептелген, жұмыс өткен жылдан бері жүргізілуде, қазіргі уақытта қала тұрғындарына басталған жылыту маусымында жылумен жабдықтау қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін бірқатар жұмыстар жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдардың айтуынша, ауқымды жоба қаланың экологиялық құрамдас бөлігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.«Орталық қазандықты жөндеу аяқталғаннан кейін экологиялық компонент жақсарады, біз барлық сорғы станцияларын бір орталықтандырылған қазандыққа ауыстырамыз, түтін мен көмірқышқыл газының шығуы азаяды. Маңызды факт: қазандықтың қуаты артады, бүгінгі күні қазандықтың қуаты 23 гигакалорияны құрайды, реконструкциялаудан кейін 120 Гкал болады. Қазір біздің қалада 17 қазандық жұмыс істейді, жақын арада бірыңғай жүйе болады, бұл процесті оңтайландыруға және орталықтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұтынушылар үшін температура режимі жақсарады, жылу энергиясының сапасында оң өзгерістер күтіледі. Ағымдағы жылы мердігер ұйыммен №3, №4 қазандықтардың іргетастарын бөлшектеу; ғимарат ішіндегі ауа өткізгіштердің газ жолдарын жөндеу; № 3, №4 қазандықтардың күлді кетіру қожының кірпіш қалқанын реконструкциялау; тарату торабының үй-жайын жаңарту; қолданыстағы кәріз құдықтары мен желілерін бөлшектеу; №3, № 4қазандықтардың металынан жасалған циклондарды, бұру газ жолдарын, алаңдарды, эстакадаларды күрделі жөндеу; су жинағын кеңейтуді жөндеу; үрлемелі желдеткіштер мен газ құбырлары үшін іргетасты монтаждау және №3 қазандық үшін іргетасын қалау орындалды. Сонымен қатар, химиялық су өңдеу ғимаратына арналған шұңқыр жабдықталды, химиялық су өңдеуге арналған үй-жайларды монтаждау, түтін сорғыштардың іргетастарына механикаландырылған тәсілмен топырақ әзірлеу жүргізілді және №3 қазандықтың қиыршық тас негізін тығыздау жүзеге асырылды», - деп хабарлады Атбасар ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ермек Бибеков.Ермек Серікұлының мәліметінше, қазіргі уақытта циклондарға арналған тірек конструкцияларын монтаждау, қазандықтарға арналған циклондарды құрастыру, химиялық су өңдеу ғимаратының тұрмыстық үй-жайларының едендерін орнату және қабырғаларын әрлеу, химиялық су өңдеу ғимаратының фасонды бұйымдарын монтаждау жұмыстары жүргізілуде.«Жобаны аяқтау үшін №3 қазандықтың жану камерасының құрылысын орындау, редуктор мен электр қозғалтқышы бар скрепер-шөміш көтергішін монтаждау қажет. Біздің жоспарларымыз бойынша барлық жұмыстар 2026 жылы аяқталады. Келесі жылы қарқынды жұмысты жалғастыратын боламыз, бірнеше қазандықтарды орнату, іргетастарды бөлшектеу, түтін мұржаларының негізі, отын беруді реттеу, түтін құбырларын салу, суды химиялық тазартуды орнату және ауыстыру жоспарлануда. Өткен жылы қазандықтарды күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілді, атап айтқанда: оттық ауыстырылды, қазандықтарды қаптау жүргізілді, 1 және 2-қазандық тиісінше жұмыс істейді, жылу беру тұрақты жүріп жатыр», – деп атап өтті Атбасар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде.Ведомствоның ақпараты бойынша, Атбасар қаласының орталық қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 3693 абонентті жылумен қамтамасыз ету жақсарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/888479
Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда 22.11.2024
Әзірбайжанның Баку қаласында СОР29 конференциясы аясында туризмдегі климаттық шараларды кеңейтуге арналған кездесу өтті. Жиын барысында Қазақстан тұрақты туризм саласындағы жетістіктері мен болашақ жоспарларын таныстырды.Іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы Фуад Нағиев, сондай-ақ 20-дан астам елдің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.«Қазақстанда ұлттық парктер мен қорықтар құрамында қорғалатын бірегей табиғи экожүйелер бар. Біздің міндетіміз – қоршаған ортаға зиян келтірместен экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Біз туризм саласында көмірқышқыл көлемін азайтуға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік беретін «Жасыл стандарттарды» енгізуді жалғастырамыз», – деді Ержан Еркінбаев.Кездесу барысында туризм саласындағы климаттық әрекеттерді күшейтуге бағытталған Баку декларациясының негізгі бағыттары талқыланды. Қазақстан туризмнің климатқа әсерін азайтуға және тұрақты тәжірибелерді халықаралық аренада ілгерілетуге бағытталған барлық бастаны қолдайтынын білдірді.Сонымен қатар Ержан Еркінбаев Қазақстанның экологиялық туризм саласындағы жетістіктерін, соның ішінде Саты ауылының Best Tourism Villages конкурсында үздік шыққанын және ITB Berlin халықаралық көрмесінде «Гүлденген қауымдастықтар» атылымындағы жетістігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/888482
Алматыда Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды 22.11.2024
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, Қазақстанның көрнекті суретшісі Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Көрме автордың 50-ге жуық цифрлық кескіндеме және графикадағы шығармаларынан тұрады. Ұсынылған ерекше туындылардың бірі – цифрлық кескіндеме. Бұл суретшінің өнерге заманауи технологияларды енгізуге деген ұмтылысын білдіреді және Қазақстанның жас суретшілеріне маңызды бағдар болары анық. Экспозиция көрермендерді шығармашылықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға шабыттандырып, XXI ғасыр өнерінде цифрлық технологиялардың бірегейлігін айқындауға және әрбір адамға шебердің туындыларынан «Уақыт резонансын» табуға мүмкіндік беруді көздейді.Көрме 2024 жылдың 4 желтоқсанына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887231
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі umarovnews.kz интернет-басылымының журналисіне құқықтарын қорғауда қолдау көрсетуге дайын 22.11.2024
Орал қаласында сот отырысы кезінде адам өлтіру ісі бойынша айыпталушының әкесі сот залында umarovnews.kz интернет-басылымының журналисі Талғат Омаровқа қол жұмсаған. Болған оқиғаға байланысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Талғат Омаровтың құқықтарын қорғауда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдейді. Бұл көмек адвокат ұсынуды және қажетті құқықтық қолдау көрсетуді де қамтиды. Сондай-ақ, Министрлік заңды журналистік қызметке кедергі келтірудің қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.Бұл жағдай журналистің заңды кәсіби қызметін шектеу және қоғам мүддесі үшін жұмыс істейтін журналистердің құқықтарын өрескел бұзу саналады. Сот процестеріне қатысушылардың барлығы заң талаптарын сақтап, журналистердің құқықтарын құрметтеуі тиіс. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887232
Ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті 22.11.2024
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын Әбубәкір Смайыловтың «Құс жолында біреу жүр жоқ қараған» атты кітабының тұсаукесері өтті.Жинаққа ақынның кейінгі жылдары жазған азаматтық поэзиясы мен лирикалық өлеңдері енген.Кітаптағы туындылар өткен ғасырдың аяғы мен жаңа ғасырдың басындағы қоғамның тыныс-тіршілігін суреттейді.Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар мен оқырмандар қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887635
«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі 22.11.2024
24-30 қарашасы аралығында Алматы XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің орталығына айналады. Биылғы фестиваль қазақстандық киноның айтулы мерейтойларымен ерекшеленеді. Қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойы, сондай-ақ «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының 90 жылдығы және киностудияға Айманов есімінің берілгеніне 40 жыл толды.«Бұл жыл біз үшін ерекше маңызға ие. «Еуразия» кинофестивалі ұзақ үзілістен кейін қайта жанданып, жаңа белеске қадам басып отыр. Сонымен қатар, біз биыл Шәкен Аймановтың мәдени мұрасын дәріптеп, қазақ киносының байлығын әлемге танытуды көздейміз. Оның фильмдері көптеген буындарға шабыт берді. «Қазақфильм» киностудиясының қайта жаңғыруы да осыны айқындай түседі», – деді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы президентінің міндетін атқарушы, фестиваль директоры Айдар Омаров.Фестивальдің ең басты шаралараның бірі – Шәкен Аймановтың 1964 жылы түсірілген «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі. Бұл туынды ұлттық мәдениетке деген құрметтің ерекше белгісі ретінде ұсынылады. Фестивальдің бағдарламалық директоры Диана Әшімова картинаның реставрацияланған нұсқасын көрермен назарына ұсыну арқылы қазақ кинематографиясының байлығын жаңа сапада көрсетуді мақсат еткенін жеткізді.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Айта кетейік, іс-шараның басты серіктесі Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы. Сондай-ақ, KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Eurasian Resources Group (ERG), Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors демеушілік етті.Фестиваль бағдарламсында халықаралық байқау, Орталық Азия мен түркі әлемі елдерінің фильмдер байқауы өтеді. Сонымен қатар іскерлік алаңдардың жұмысы да қыза түспек.«Фестиваль тек байқаулық көрсетілімдермен шектелмейді. Байқаудан тыс бағдарламалар, шеберлік сабақтары, премьералар және киноиндустрия мамандары үшін ерекше тәжірибе мен білім алмасу мүмкіндігін беретін іскерлік алаңдар ұйымдастырылады. Барлық іс-шаралар Алматының заманауи кинотеатрларының бірі – Kinopark 11 IMAX Esentai-де өтеді, ал іскерлік кездесулер Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткізіледі», – деп атап өтті кинофестивальдің іскерлік алаңының жетекшісі Кәрім Қадырбаев.Фестивальдің негізгі мақсаты – мәдени байланысты дамыту, қазақ киносының жаңа есімдерін ашу және ұлттық мұраны дәріптеу болып табылады. Бұл орайда ақпараттық серіктестер өз үлесін қосуда Олардың қатарында «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887742
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті 22.11.2024
Атырау облысында жұмысшы жастар слеті өтті. Жиынға өңірдегі өндірістік, көлік-логистикалық, мұнай-газ компанияларының 100 қызметкері, бизнесмендер, ұлттық компаниялар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты. Кездесу жастарды қолдауға және олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Айта кетейік, Мемлекет басшысы бұл міндеттерді өз Жолдауында сөз етіп, алдағы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.Слет аясында өндіріс саласында табысқа жеткен жандармен және компания басшыларымен мотивациялық кездесу өтті. Сонымен коучпен қатар қатысушыларға арналған стратегиялық сессия ұйымдастырылды.Жастар өз ісінің мамандарымен байланыс орнатуға, өзекті тақырыптарды талқылауға және бастамаларын іске асыру үшін қажетті ақпарат алуға мүмкіндік алды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887872
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы шетелдік сарапшылардан тұрады 22.11.2024
«Еуразия» кинофестивалі кезекті рет өзінің Орталық Азиядағы ең ауқымды және беделді мәдени іс-шара екенін дәлелдеп отыр. Биыл қазылар алқасының 70%-ын Түркия, Қытай, Франция, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Швеция, Марокко сияқты елдерден келген шетелдік сарапшылар толықтырды. Бұл фестивальдің халықаралық деңгейде мойындалғанын және оған деген қызығушылықты айқындайды.Мәдени шара 24-30 қараша аралығында Алматыда өтеді. Кино әлемінің үздік мамандары – режиссерлер, актерлер, сценаристер мен көрермендер бір алаңда тоғысады. Олар өзара пікір алмасып, заманауи киноның дамуындағы жаңа әдістерді талқылап, өз тәжірибесімен бөлісе алады.Фестивальдің негізгі байқаулары да ерекше назарда. Халықаралық байқауға әлем кинематографиясының аңызы, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» иегері Нури Бильге Джейлан төрағалық етелі. Қазылар алқасының құрамына сондай-ақ Рано Шодиева, Нада Ажари Гиллон, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов және қырғыз режиссері Артықпай Сүйіндіков бар. Ал Орталық Азия және түркі әлемі елдері байқауында бақ сынасатын туындылардың ең үздігін басқа топ анықтайды. Қазылар алқасының төрағасы Ли Баохуа. Оның шығармашылығы негізінен мәдени мұра тақырыбына арналған және киносүйер қауымның көңілінен шығады. Қытайлық режиссермен бірге фильмдерді марокколық Абделила Эль Джаухари, ресейлік Алексей Тельнов және қазақстандық продюсер Жанна Қуанышева бағалайды. Фестивальге сондай-ақ Азия елдерінің кинематографиясына ерекше көзқарас ұсынатын NETPAC қазылар алқасы қатысады. Олардың қатарында Нина Кочеляева, Гүлбара Толомушова және Андре Рафаэль Иванов бар. Кинофестивальдің жүлде қоры да көңіл қуантарлық. Ол 20 миллион теңгеден асады. Байқаудың бас жүлдесін жеңген фильм 4 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Бұл отандық және шетелдік кинематографистерді шабыттандыратыны сөзсіз.Фестиваль аясындағы көрсетілімдер 25-30 қараша аралығында Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында өтеді. Ең бастысы мәдени шараның кең аудиторияға қолжетімді болуы үшін барлық көрсетілімдер тегін болмақ.Дәстүрлі фестивальдің негізін қалаушы және ұйымдастырушы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Кинофестивальді тікелей ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына жүктелген.Айта кетейік, іс-шараға KAZ Minerals кен өндіру компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі, Eurasian Resources Group (ERG), Astana Motors демеушілік етті.Бас демеуші: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы.Ақпараттық серіктестер: «Хабар» АҚ, Qazaqstan телеарнасы, «НТК» телеарнасы, «Европа плюс Казахстан», «Эльдорадио», Qazaq Gazetteri, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новое поколение», ORDA, «ҚазАқпарат» ХАА, ArbatMedia, El.kz, Baq.kz. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/887908
ТЖМ қызметкерлері «Қорғаныс министрінің кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының финалына шықты 22.11.2024
ТЖМ құрама командасы Астана қаласы Ж. Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан «Қорғаныс министрі Кубогы» қоян-қолтық ұрысы бойынша Әлем кубогының финалына екінші күн қатысуда.Біздің спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» тәртібінде 48-ден +70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.Талшын Жұмабаева абсолютті салмақ дәрежесінде қоян-қолтық жекпе-жектен әлем кубогының чемпионы атанды. Сағыныш Асылбекова мен Мария Чеботарева «Өзін-өзі қорғау» тәртібінде қола жүлдегері атанды.Эмилия Ларионова 53 кг салмақ дәрежесінде, Аружан Беркинбаева +70 кг салмақ дәрежесінде финалдық турнирге қатысуда.Бүгін ТЖМ қызметкерлері «Batyr team» ведомстволық спорт клубының құрама командасының құрамында халықаралық турнирлерде министрліктің намысын қорғауда.Табысты өнер көрсеткен спортшыларымызды құттықтаймыз! ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888470
Өңірлердегі «Мұз-2024» республикалық акциясы 22.11.2024
«Мұз-2024» акциясы аясында Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізді, оның мақсаты жазатайым оқиғалардың, қысқы балық аулау кезінде жарақат алу мен адам өлімінің алдын алу болып табылады. Күзгі-қысқы балық аулаудың басынан бастапқысқыкезеңде(мұзда) су айдындарында жүріс-тұрысережелерінсақтау бойынша ТЖ департаментінің, полиция және орман шаруашылығымен жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері 780 дана үгіт материалдарын тарата отырып 300-ден астам патрульдеу мен рейдтер және 250 нұсқама жүргізді.Қалыңдығы 25 см-ден аз мұз астында балық аулауға жеке құтқару құралдары (ысқырық, құтқару шильці, құтқару кеудешесі, диаметрі 11 миллиметрден кем емес, ұзындығы 12 метрден кем емес арқан, ұзындығы 2 метрден кем емес таяқ, су өткізбейтін пакеттегі ұялы телефон) болған кезде жол беріледі, сондай-ақ қараңғыда, нашар көріну кезінде және мұз қату мен мұз еру кезінде мұз үстіне шығуға жол берілмейді. Мұзда болған кезде тыйым салынады:- мұздың жұқа және нәзік жерлеріне шығуға;- мұздың жекелеген учаскелерінде топтармен жиналуға;- мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға;- автомобильдермен өткелден тыс шығуға;- қараңғыда және нашар көрінген кезде мұзға шығуға;- шектеулі аумақта екіден көп тесік тесу;-от жағуға.Осықағидалар орындалмаған кезде,ҚазақстанРеспубликасыныңӘкімшілік құқық бұзушылықтуралыКодексінің412-бабы «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау» бойынша бұзушыларға қатысты әкімшілік шара қолданылатынын ұмытпаған жөн. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/888492
Қазақстан мен Иран зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 22.11.2024
2024 жылғы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Ш.Т. Әбдіреева мен Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джоукар Али Акбар мырзаның кездесуі өтті. Тараптар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылап, осы бағыттың инновациялық және экономикалық даму үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.Иран тарапы бизнес мүддесі үшін зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал ететін заңнамалық актілер мен тәжірибе алмасу арқылы неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнатуға терең қызығушылық танытты. Иран елшісі мұндай ынтымақтастық екі елдің стартаптарын, инновациялық компанияларын және жоғары технологиялық салаларын қолдау үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ Иран тарапынан осы саладағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісім жасасу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Қазақстандық тарап ДЗМҰ мен ДСҰ келісімдерін қоса алғанда, зияткерлік меншік саласындағы халықаралық келісімдерге өзінің бейілділігін растады, сондай-ақ зияткерлік меншік мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы екіжақты келісімнің жобасын әзірлеуге дайын екенін білдірді.Сондай-ақ Иран тарапы Ираннан келген мамандар үшін пайдалы болуы мүмкін зияткерлік меншік мәселелері бойынша қазақстандық білім беру бағдарламаларына қызығушылық танытты. Бұған жауап ретінде Қазақстан ДЗМҰ-мен бірлескен жобаны атап өтті, оның шеңберінде Maqsut Narikbayev University-де ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап зияткерлік меншік құқықтары және бизнес бойынша магистрлік бағдарламада оқыту басталғаны айтылды. Сонымен қатар, Ираннан келген мамандардың Қазақстанда жыл сайынғы негізде өткізілетін ДЗМҰ жазғы мектебіне қатысу мүмкіндігі атап өтілді.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті мен Иран Ислам Республикасының Елшілігі диалогты жалғастыруға уағдаласты және одан әрі бірлескен іс-қимыл жоспарын белгіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/888513
Жетісулық кәсіпкерлер «Бір ауыл – бір өнім» жобасында белсенділік танытуда 22.11.2024
Жергілікті ресурстардан тауар өндіретін негізінен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында іске асырыла бастаған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы Жетісуда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, 2023 жылы аталған жоба аясындағы облыстық көрмеде үш адам жеңімпаз атанса, биылғы жобада тоғыз жетісулық кәсіпкер үздік ден танылды. Соның ішінде ауылдарда сабын және косметика, сол сияқты азық-түлік өндірісімен, ағаш, гипс, киіз тәрізді түрлі материалдардан бұйым жасау ісімен айналысатындар бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Соңғы екі жылда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпазы болғандардың үшеуі – Сарқан ауданынан кәсіпкерлері. Сабын өндірісімен айналысатын Юлия Фисюкова, жеміс-жидек өңдеу және өндіріс саласында белсенді Светлана Мұқашева, қазақтың дәстүрлі қолөнері мен этнодизайн бағытында еңбектеніп жүрген шебер Эльмира Ақпанова облыстық деңгейде жеңімпаз атанып, гранттарға ие болғандар қатарында.Солардың бірі Қойлық ауылының тұрғыны Светлана Мұқашева 33 жыл бойы сауда саласында жұмыс істеді. Кейіннен бау-бақшамен айналысып, он жылдан астам уақыт бойы жеміс-жидек дақылдарын өсіріп, өңдеп, тұтынушыларға табиғи өнімдерін ұсынып келеді. Оның қызметі дақылдарды отырғызу мен күтуден бастап оларды өңдеуге және түпкілікті өнімді сатуға дейінгі өндірістің толық цикліне бағытталған.- Қарап отырсам, немерелеріміздің жейтін тағамдарында қоспа көп. Ең алдымен соларға табиғи таза өнімдер берсем екен деген оймен осы істі бастап кеттім. Жеміс-жидектерден джем, компот дайындадым. Бірте-бірте ауылдастарымнан тапсырыстар түсе бастады. 2013 жылы жеке кәсіпкерлігімді ашып, өз учаскемде өнім өсіріп, оны өңдеумен шұғылдандым. Кәсібім алма, таңқурай, қаражидек, мүкжидек сынды бау-бақша дақылдарын өсіруден басталды. Бәрін өзіміз егеміз, өзіміз өсіреміз, өзіміз өңдейміз. Қазір білесіздер, нарықта тағамға неше түрлі қоспа қосылады, ал біздікі түгелдей табиғи экологиялық таза өнім. Қолдағы барды ұқсата білсе, адал еңбекпен мол табыс табуға болады. Біздің ең үлкен тұтынушымыз - «Алматықалабазендіру» ұжымы. Солардың тапсырысына сәйкес бір айда 100 келі тосап дайындалады. Кептірілген алманы ауылдағы, Сарқан қаласындағы балабақшаларға жеткіземін, - дейді кәсіпкер. Алдымен істі жалғыз өзі бастаған С. Мұқашеваға кейін отбасы мүшелері көмекке жұмылған. Дегенмен бизнес тұрақты табыс әкеле бастағанда, кәсіп иесі жұмысшылар алуды жөн көрген. Бүгінде «Мұқашева» жеке кәсіпкерлігінде 3 адам еңбек етеді, ал жұмыс көлемі көбейетін маусымдық кезеңде жұмысшылар саны жиырма-жиырма бес адамға дейін жетеді. Кәсіпкер бірте-бірте қол жұмысын механикаландырып, цех ашып, 10 гектар алма бағы, 1 гектар таңқурай, қара қарақаттан тұратын жеміс-жидек дақылдарын өңдеу желісін іске қосуды жоспарлап отыр. Қойлықтың тағы бір тұрғыны Юлия Николаевна Фисюкова сабын жасайды, мамандығы - фармацевт. Сабын жасаумен 10 жыл бойы хобби ретінде айналысқан ол кейінгі 5 жыл бойы осы кәсібінен нәсіп көріп келе жатыр. Өйткені оның сабынына деген сұраныс жоғары. Өнімі сан алуан - сыйлыққа лайықталған сабын, эксклюзивті сабын, шөптен жасалған сабын т.б.- Біз табиғаты экологиялық таза Жетісу өңірінде тұратындықтан, сабындардың бәріне шөптердің сығындыларын қосамыз. Өсімдіктерден сығынды жасаймыз, оны жазда, күзде алдын ала дайындаймыз. Дәрілік шөптерден сабынның 40-тан аса түрі өндіріледі. «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысудың арқасында кәсібімді ілгерілетуге айқын жол ашылды. Біріншіден, жаңа клиенттер пайда болды, өнімімнің жарнамасы жасалды. Өнімді ресімдеуге, ісімді одан ары дамытуға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жәрдемдесті, демек бұдан әрі де жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар, - дейді кәсіпкер Ю. Фисюкова.Осы орайда Сарқан ауданы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Кенжетай Тазабекова әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау арқылы олардың экономикалық белсенділігін арттырудың маңызы мен отбасылық кәсіптің балаларды еңбекке тәрбиелеудегі рөліне ерекше мән берілетінін айтады. - 2015 жылы құрылған Сарқан ауданының іскер әйелдер кеңесі бүгінде 40-қа жуық мүшені біріктіріп отыр. Оның ішінде 20-дан астам белсенді кәсіпкер өз ісін сәтті жүргізіп келеді. Кеңестің негізгі мақсаты — әйелдердің жаңа бизнес бастамаларын қолдау, олардың қаржылық сауаттылығын арттыру, бухгалтерлік есеп-қисапты жүргізу дағдыларын дамыту және жеңілдетілген несиелер мен гранттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету,-дейді ол.Жалпы 2023-2024 жылдары «Бір ауыл – бір өнім» жобасына жетісулық 70-тен астам кәсіпкер қатысты. Соның 20-сы жартылай финалға өтсе, 12-сі жеңімпаз атанды. Оларға кәсіпкерлікті дамытуға арналған 5 млн. теңге грантының конкурсына қатысуға, сол сияқты түрлі республикалық және халықаралық көрмелерге қатысуға мүмкіндіктер жасалды. Сол сияқты тауарын брендтеу, сатылымын ілгерілету бойынша көмек көрсетілді. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/888075