Enbekshi QazaQ

Қуқық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛДАРДЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 19.11.2024
Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков Сарыағаш, Келес аудандарына іс-сапармен барды. Алдымен Сарыағаш ауданына қарасты Тың елді мекенінде орнатылған «Билайн» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясының жұмысымен танысты. Бүгінде станциядағы интернет желісінің жылдамдығы 106 мбит/с құрайды. Сонымен қатар, аудандағы Сіргелі елді мекенінде «Кселл» ұялы байланыс операторының орнатқан базалық станциясымен танысты. Онда интернет желісінің жылдамдығы 30 мбит/с. Бұдан бөлек, Алғабас елді мекенінде орнатылған «Кселл», «Билайн» байланыс операторларының орнатқан базалық станцияларының жұмысы таныстырылды. Онда интернет желісінің жылдамдығы 100 мбит/с құрайды.Сонымен қатар, басқарма басшысы Келес ауданына қарасты Абай ауылында орнатылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейнебақылау камераларын орнату барысымен танысты. Одан бөлек, аудандағы «Кселл» және «Билайн» ұялы байланыс операторларының тарапынан орнатылған базалық станцияларға барып, интернет желісінің жылдамдығының артқанына көз жеткізді. Айта кетейік, өңірдегі аудан-қалаларда жалпы бейнебақылау жүйесін арттыру жұмыстарын жүргізу негізінде биыл 200 дана бейнебақылау камерасын орнату жоспарлауда.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885667
ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ 19.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша, өңірдегі ауылдардың экономикасын өркендетіп, тұрғындар үшiн қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытында «Үлгілі ауыл» байқауы қолға алынған болатын. Осы орайда, «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазын анықтау мақсатында облыстық конкурстық комиссияның отырысы өтті.Салалық басқармалар басшылығы, облыстық мәслихат, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысқан жиында қорытынды жасалып, аталған байқаудың жеңімпаздары анықталды. Нақтырақ айтқанда, Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылы бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі І орын Шардара ауданы, Көксу ауылына бұйырса, ІІ орын Сарыағаш ауданы, Мәдениет ауылына, ІІІ орын Созақ ауданы, Жартытөбе ауылына бұйырды. Байқау ережесіне сәйкес, бас жүлде иегеріне, яғни Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы үшін қажетті әлеуметтік нысан анықталып, 2025 жылға аталған нысанның құрылысы үшін облыстық бюджеттен тисті қаражатты бөлінеді деп жоспарланған.Естеріңізде болса, ережеге сәйкес байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңі – сәуір мен тамыз аралығында аудан көлемінде ұйымдастырылса, ал екінші кезең – облыстық деңгейде қыркүйек пен қараша аралығында жалғасын тапты. Байқаудың аудандық кезеңіне 16 аудан, қаладан жалпы 75 ауыл қатысқан. Нәтижесінде, облыстық кезеңге 16 ауыл (әр аудан, қаладан – 1-ден) жолдама алып, бақ сынады.Айта кетейік, арнайы құрылған жұмысшы топ барлық ауданды аралап, жеңімпаз ауылды анықтады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/885671
Су сөздігі. «Өзендерді санациялау» 19.11.2024
Су сөздігіӨзендерді санациялау – өзендерді тазалау және тереңдету, олардың өткізу қабілетін арттыру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл су тасқыны кезінде су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885643
Су тасқынына дайындық: Қазақстанда 1500-ден аса гидротехникалық құрылыс тексеруден өтті 19.11.2024
Су және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары Төтенше жағдайлар министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еліміздегі 1502 гидротехникалық құрылысқа зерделеу жүргізді.Зерделеу су тасқыны кезеңіне дайындық аясында жүргізілді. Тексеру нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.Айта кетейік, елімізде 8 бассейндік инспекция бар. Ол Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас бассейндік инспекциялары.«Барлық су қоймалары бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді, жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін елдің солтүстік, батыс, шығыс және орталық су қоймаларынан су жіберілді. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмысын жалғастыруда»,- деп мәлімдеді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/885659
Алматыда өтетін XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне 15-тен астам ел қатысады 19.11.2024
2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді. Биылғы фестивальге 15-тен астам ел қатысады.Кинофестивальді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастыруда.Биылғы конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм көрсетіледі. Қатысушылары саналуан, ауқымы кең фестивальде ұсынылған фильмдер түрлі мәдениеттер мен көзқарастардың бай палитрасын көрсетеді. Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ.2024 жылы «Еуразия» тек фильмдер фестивалі ғана емес, кино әлеміне саяхат болмақ. Іс-шара көрермендер мен қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, жаңа мүмкіндіктер ашады.Фестиваль демеушілері: Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы, KAZ Minerals тау-кен компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors.Кинофестивальдің толық бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885656
Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті 19.11.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVІІІ сессиясы өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы жиында өңірлік Ассамблея жұмысының маңызына тоқталып, этносаралық тұрақтылықты сақтауда бірлескен жұмыстар жалғаса беретінін айтты.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет екенін баса айтты. Бұл айналамыздағы геосаяси ахуал күрделеніп тұрған қазіргідей сын сағатта аса маңызды. Елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – бізге жүктелген ең басты міндет. Бұл тұрғыда баршаңыз татулық жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін. Тәуелсіздік пен отаншылдық бірлік пен ынтымақтың негізін қаласа, әділдік пен жауапкершілік заң мен тәртіпті қамтиды. Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік - жасампаздық пен жаңашылдықтың кілті. Еліміздің жаңа буыны арасында осы құндылықтарды насихаттау ХХІ ғасырдың жаһандық қауіп-қатерлерін еңсеруге сенімді негіз болады,-деді С.Шәпкенов.Сессия отырысында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету, тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту туралы бірқатар мәселе талқыланды.Сессия қорытындысында ҚР-ның ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес ҚосыбаевҚазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Ал аналар кенесінің мүшесі Сара Ізмұханбетоваға ел бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет грамотасы» табыс етілді.Оған қоса, өңірлік Ассамблея өкілдеріне Атырау облысы әкімінің Алғыс хаты мен Құттықтау хаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/885559
«WorldSkills Kazakhstan-2024»: Астана құрамасы lX республикалық чемпионатта көш бастады 19.11.2024
Астаналық колледж студенттері «Worldskills-2024» чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.14-18 қараша күндері өткен республикалық чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 550-ден астам студент 30 құзіреттілік бойынша өзара сайысып, біліміділігі мен тәжірибелерін ортаға салды. Олардың арасында электромонтаж, энергетика, кірпіш қалау, шанақты жөндеу, аспаздық және мейрамхана ісі, IT шешімдері, WEB-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу сияқты құзыреттіліктер болды.Барлық командалық есеп бойынша Астана қаласының студенттері 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальды, сондай-ақ кәсіпқойлық үшін 6 медальон алып, еліміз бойынша командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.Республикалық байқаудың қорытынды кешіне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, барлық студентті жарқын белесімен құттықтады.Айта кетейік, жеңімпаздар келесі жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/885571
Көкшетауда реновация бағдарламасы бойынша бірінші учаскедегі ескі тұрғын үйді бұзу аяқталды 19.11.2024
Көкшетау қаласында тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында Уәлиханов – Гоголь, Саин-Быковский көшелерінің учаскесіндегі ескі 8 пәтерлі алты үйді бұзу сәтті аяқталды. Бұл кезең қалалық инфрақұрылымды жаңартудағы және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам болды.Бұзылған үйлер техникалық жағынан қанағаттанарлықсыз жағдайда болды, бұл адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Оның орнына осы аумақта абаттандырылған аула аумақтарын, көгалдандыруды және сапалы инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, өмір сүру жағдайлары жақсартылған заманауи тұрғын үй кешендері салынатын болады.Жаңғырту бағдарламасы тұрғын үй қорын жаңартып қана қоймай, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыруды бастау үшін бұрынғы меншік иелерінен 6 үйде 48 пәтер сатып алынды. Тұрғындар ақша алды немесе жаңа үйдегі тиісті алаңдағы пәтерлерді алады.Жоба Ақмола облысының әкімінің тапсырмасы бойынша уәкілетті ұйым – «Kokshe» ӘКК» АҚ іске асырылуда. «KOKSHETAU ENGINEERING» ЖШС еншілес компаниясы жақын арада инвесторлар мен құрылысты ұйымдастыру арасында конкурс өткізетін болады.«Конкурстық рәсімдер шеңберінде таңдалған инвестор құрылысты қаржыландыруды өз мойнына алады және болашақта басқа да қайта құру жобалары үшін пайдаланылатын көші-қон қоры үшін 48 пәтерді қайтаруға міндеттенеді. Қалған пәтерлер жобаның өтелуін қамтамасыз ету үшін нарықта іске асырылатын болады. Нысандардың құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың қараша айына жоспарланған», - деп атап өтті «KOKSHE» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әли Әлиев.Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша тозығы жеткен үйлер жинақы орналасқан 11 жергілікті аймақты жаңғырту жоспарланған. Барлығы 800-ге жуық патер бұзылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885575
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты ашылды 19.11.2024
15 қарашада Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды. Айта кетейік, мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында.Жаңа құрылған институттың жұмысы – асыл тұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көделіп отыр.Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек. Ол үшін жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпаратты сақтайтын деректер қорын және ұрықтар мен эмбриондар банкі құрылмақ. Сондай-ақ, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пунктін салып, арнайы жылқы өсіруші мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Арнайы жылқы ветеринарлық клиникасын ашу арқылы ветеринариялық қызмет көрсету деңгейінің сапасы жақсарады - дейді мамандар.2035 жылға дейін жылқы шаруашылығында ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының бірі отандық популяциядағы жылқылардың генетикалық әлеуетін селекциялық, технологиялық әдістермен арттырып, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің тауар шаруашылықтарына кеңінен енгізу. Мұның бәрі өсірілетін тұқымдардың өнімділігінің 20-25%-ға өсуін қамтамасыз етеді.Белгіленген жоспарларды іске асырудың негізгі шарттарының бірі шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарымен, университеттермен және халықаралық стандартқа сай зертханаларымен бірлесе жұмыс істеу. Бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру және шетелдік әріптестермен ақпарат алмасу арқылы еліміздің жылқы шаруашылығына озық тәжірибелерді енгізуге және оны халықаралық аренада бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885568
2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 390 млрд теңгеге жуық сомаға жәрдемақы алды 19.11.2024
Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 575,8 мың отбасы жалпы сомасы 389,8 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қазан айында 570 мың отбасына 41 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.Бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әрбір балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 млрд теңге қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/885600
Климаттың өзгеруі жағдайында Каспий теңізі деңгейінің төмендеуін мәселесін талқылау 19.11.2024
2024 жылғы 18 қарашада СОР29 алаңында «Климаттың өзгеруі жағдайында Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі» тақырыбында жоғары деңгейде сайд-ивент өтті.Іс-шараға қоршаған орта және экология, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері мен вице-министрлері, ЮНЕП, БҰҰ-Хабитат және Дүниежүзілік банк өкілдері қатысты.Іс-шараның мақсаты аймақтағы экологиялық жағдайға, сондай-ақ жағалаудағы мемлекеттердің экономикасы мен әл-ауқатына айтарлықтай әсер ететін Каспий теңізінің деңгейін төмендетуді талқылау болды.Қатысушылар трансшекаралық климаттық тәуекелдер проблемасын шешу және Каспий маңы елдерінің теңіз деңгейінің төмендеуіне бірлескен жауабын қамтамасыз ету үшін өңірлік өзара іс-қимылды нығайту қажеттігін, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу және оның Каспий теңізінің экожүйесіне әсерін барынша азайту жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу және іске асыру үшін ұжымдық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.Талқылау барысында вице-министр М. Ошурбаев Каспий теңізін сақтаудың және су деңгейінің одан әрі төмендеуіне жол бермеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін су деңгейінің төмендеуін зерделеудің маңыздылығын атап өтті.Осы проблеманы зерделеу мақсатында қазақстандық тарап Каспий маңы елдерінің теңіз деңгейін жүйелі мониторингілеу және зерттеу саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды, өзгерістерді болжау және бейімделудің тиімді шараларын әзірлеу үшін бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ климаттың өзгеруінің Каспий теңізінің теңіз ортасына және жағалау аймақтарына теріс әсерін азайту жөніндегі кешенді стратегияны әзірлеуді ұсынды.Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар Әзірбайжан тарапының Каспий теңізі деңгейінің төмендеу себептерін анықтау бойынша сараптамалық топ құру туралы бастамасын қолдады.Сайд-ивент қорытындысы бойынша Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне қарсы күресте ынтымақтастықты нығайту туралы Декларация қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885578
Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказдағы және Каспий өңіріндегі адамдардың ұтқырлығы мен климаттың өзгеруі мәселелері 19.11.2024
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті басқармасының басшысы Ш. Тастемирова Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказдағы және Каспий өңіріндегі адамдардың ұтқырлығы мен климаттың өзгеруі мәселелеріне арналған жоғары деңгейдегі панельдік сессия шеңберінде талқылауға қатысты.Сессияға табиғат қорғау ведомстволарының өкілдері қатысты, онда қатысушылар ағымдағы сын-қатерлерді, ұлттық саясатты, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Өңір елдері, халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы әріптестіктің маңыздылығы атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/885596
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астықты тікелей сатып алуы шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдауға бағытталған 19.11.2024
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылғы 18 қарашадан бастап тікелей астықты сатып алу бағдарламасына қатысуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдерді қабылдауды бастайды. Бұл мақсаттарға 10 млрд теңге бөлінеді.Ең алдымен, астық сатып алу шағын шаруа қожалықтарының өз өнімдерін әділ бағамен өткізуін қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Бағдарламаның нәтижесінде шағын және орта ауыл шаруашылығы субъектілері мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады. Сондай-ақ, артық астықты сатып алу тетігі ішкі нарықтағы баға конъюнктурасына делдалдардың ықпалын барынша азайтады.Азық-түлік келісімшарт корпорациясы белгіленген стандарттар мен сапа талаптарын сақтай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің астығын бәсекелестік шарттарда сатып алады.Тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша алдын ала бағалар:3-сыныпты бидай (желімтегі 27%+) – 90 000 теңге ҚҚС-пен;3-сыныпты бидай (желімтегі 25%+) – 80 000 теңге ҚҚС-пен;3-сыныпты бидай (желімтегі 23%+) – 75 000 теңге ҚҚС-пен;4-сыныпты бидай (желімтегі 21%+) – 65 000 теңге ҚҚС-пен;4-сыныпты бидай (желімтегі 18%+) – 55 000 теңге ҚҚС-пен;5-сыныпты бидай (желімтегі 18%+) – 50 000 теңге ҚҚС-пен;2-сыныпты арпа (натурасы 630 г/л) – 50 000 теңге ҚҚС-пен.Бір агроөнеркәсіп кешенінен сатып алудың жиынтық көлемін көбірек фермерлік шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеу жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің мәртебесін растау және өтінім бойынша астық сатып алу көлемін айқындау үшін әлеуетті өнім беруші 2024 жылғы "Барлық жерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы" анықтаманы және мемлекеттік уәкілетті орган растаған аттас есепті ұсынуға тиіс.Барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында фермерлердің өтінімдерін қарау облыстардың Үйлестіру кеңестерінің қатысуымен жүргізілетін болады.Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ақшалай қаражатын бөлгеннен кейін фермерлер астық жеткізгені үшін ақы ала алады. Қазіргі уақытта астық операторының ақша алуына қаржы-экономикалық негіздемені мақұлдау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.Тікелей сатып алу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ өңірлік өкілдіктері қабылдайды. Астықты қабылдаумен оператор айқындаған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары айналысады.Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі 2375), 59-12-61 (ішкі 2261), 55-11-60 (ішкі 2476);Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.«Азық - түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ - мемлекеттік астық операторы. Азық-түлік қауіпсіздігін және астықтың ішкі нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау көрсетеді, сондай-ақ астықты экспортқа жеткізумен айналысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/885534
Облыс әкімінің қабылдауына келген Түпқараған ауданының тұрғындары туристік орындарды абаттандыруды сұрады 19.11.2024
18 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданы тұрғындарымен кездескеннен кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға 100-ден астам азамат қатысып, өз өтініштерін білдірді.Азаматтардың басым бөлігі облыс әкіміне жұмыссыздық, тұрғын үйге қатысты мәселелермен келді. Сонымен бірге, іс-түссіз жоғалып кеткен балықшының отбасы іздеу жұмыстарын жалғастыруды сұрап, көмекке жүгінді.Сондай-ақ, тұрғындар ауданның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстарды ортаға салды. Атап айтқанда, Тамшалы, Жығылған сияқты көрнекті туристік орындарды абаттандыру мен инфрақұрылымын жақсарту мәселелері көтерілді. Тұрғындар бұл аймақтардың табиғи сұлулығы мен ерекше келбеті туристерді тартуға үлкен мүмкіндіктер беретінін, бірақ абаттандыру жұмыстарының қажеттілігін атап өтті.Қабылдау кезінде ауданның медициналық қызметіне қатысты шағымдар да айтылды. Ерекше балалардың денсаулығына алаңдаған ата-аналар медициналық көмекке мұқтаждық мәселесін көтерді.Қабылдау нәтижесінде тұрғындармен талқыланған сұрақтардың барлығы бақылауға алынып, облыс басшысы Нұрдәулет Қилыбай әрбір өтінішті мұқият тыңдап, мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/885517
Ақмола студенттері ұлттық кәсіби шеберлік чемпионатында 7 жүлделі орын мен 11 кемелдік медальонына ие болды 18.11.2024
«WorldSkills Kazakhstan 2024» жұмысшы кәсіптерінің ІХ чемпионатында Ақмолалық команда 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медальдарын жеңіп алды.Үш конкурстық күн ішінде, 14-16 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында еліміздің колледж студенттері мәлімделген құзыреттіліктерде өздерінің дағдылары мен машықтарын көрсетті. 32 студенттен құрылған ақмолалықтар командасы барлық ұсынылған 30 құзырет бойынша қатысты.Бүгін Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» концерт залында Ұлттық жұмысшылар чемпионатының салтанатты жабылуы өтті.Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжінің екі өкілі Қожахмет Әділет пен Мацегора Сергей «Мобильді робототехника», сондай-ақ Степногорск қ. жоғары колледжінің Меруерт Хамзина «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттері бойынша чемпионаттың жеңімпаздары атанды.2 орын - Ильяс Гатин, «Мобильдік қосымшаларды әзірлеу» құзыреті Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын – Қабибола Еламан, «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреті, Шағалалы а. жоғары агротехникалық колледжі;3 орын – Беленец Каролина, «Кондитерлік іс» құзыреті, Щучинск қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын – Червоняк Нина, «кескіндеме және сәндік жұмыстар» құзыреті, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі;3 орын - Абраев Артур және Дьяченко Олег, «Мехатроника» құзыреті, Көкшетау қ. жоғары техникалық колледжі.Сонымен қатар, біздің қатысушылар 11 медальонмен марапатталды. Мұндай марапат өз құзыретінде халықаралық стандартқа қол жеткізген, бірақ жүлделі орынға дейін балдары сәл жетпеген мамандарға беріледі.Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы чемпионатқа 22 жасқа дейінгі 555 жас маман - WorldSkills өңірлік чемпионаттарының жеңімпаздары жиналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/885493
Абай облысы «WorldSkills-2024» чемпионатында үздік нәтиже көрсетті 18.11.2024
Елордада «WorldSkills Kazakhstan-2024» IX республикалық чемпионаты өтті. Бес күнге созылған сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 400 жас маман 30 құзыреттілік бойынша өз дағдылары мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Абай облысынан сегіз колледжден 32 студент пен 30 сарапшы қатысты.Облыс командасы былтырғы жетістігін қайталап, 39 ұпаймен бірінші орынға ие болды. Республикалық чемпионатта облыс командасы 30 құзыреттілік бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 2 алтын, 6 күміс, 4 қола, 7 медальон иеленді. «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша екі студент, ал қалған 29 құзыреттілік бойынша бір-бір студенттен сынға түсті.Республикалық кезең жеңімпаздары келесі жылдың 9-13 қыркүйегі аралығында Данияда өтетін EuroSkills-2025 халықаралық чемпионатында ел намысын қорғайды.Айта кетейік, өткен жылы да Абай облысының командасы «WorldSkills Kazakhstan-2023» чемпионатында 30 құзырет бойынша 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль және 12 медальон жеңіп алып, командалық есепте үздік атанған.Бұл көрсеткіштер облыс студенттері мен колледждерінің кәсіби шеберлік деңгейінің жоғары екенін тағы да дәлелдеді. Өңірлік билік пен оқу орындары жастардың кәсіби дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауда. Бұл аймағымыздың Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде дәлелдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/885504
Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын көрді 18.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, алдымен кварталаралық жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын көрді.Аталған жоба бойынша 2,97 шақырым желі жаңғыртылуда. Бас мердігер «Механизатор-К», қосалқы мердігер «Асанас-Дар», жобалаушы КБ «МұнайГаз Инжиниринг», техникалық қадағалаушы «Актаустройэксперт серіктестіктері жұмыс атқаруда.Айта кетейік, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау. Аяқталмаған құрылыс» жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазандықтың жұмысына биыл облыстық бюджеттен 300 млн.теңге қаржы қаралып, №2 қазандықтың оттығы, отын сақтау резурвуары, суды химиялық тазалау және автоматтандыру жүйесі жаңғыртылды. Қазір қазандықтар толығымен іске қосылған.Әрі қарай аймақ басшысы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 300 орындық жатаханасы бар, 400 орындық физика-математика мектеп-интернатының құрылыс алаңына барды. Нысанда бас мердігер «Промстройсервис», техникалық қадағалаушы «Стройэксперт» серіктестіктері жұмыс жүргізуде.Аймақ басшысы сол жағалаудағы жеті қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысын, бас мердігерлер «Аман құрылыс», «Орион ЛТД», «Риголит», «Промстройсервис», «Е Абу-Сер», авторлық қадағалаушы «Қазақ Жоба Құрылыс» серіктестіктері атқарған жұмыстарды да көрді.Мемлекеттік қолдаудың арқасында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қаржыландырудың барлық көзінен 864 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.Биыл бюджеттен тұрғын үй құрылысына және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 39,1 млрд теңге қаралып, жыл қорытындысымен 2,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға беріледі.Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 1 819 пәтер, апатты үйлер орнына 135 пәтер сатып алу жоспарланған. Бүгінде аталған топтарға 780 пәтер сатып алынды. Соңғы екі жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.Тұрғын үй құрылысының көлемі 126 пайызға өсті, 2022 жылы 683 мың шаршы метрден 2023 жылы 741 мың шаршы метрге жетсе, жыл соңына дейін 864 мың шаршы метрге ұлғайту жоспарланған.Облыс әкімі жұмысқа қойылатын басты талап сапа мен мерзім екенін айтты.–Жаңа, жаңғыртылған нысандардың барлығына қойылатын басты талап – сапа. Нысандар қолданысқа берілгеннен кейін халыққа кедергісіз, ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетуі тиіс. Сосын құрылысты аяқтау мерзімін қадағалаңыздар. Қолға алынған жұмыстың нәтижесін жұртшылық көруі уақытында керек. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі тиіс, – деді аймақ басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/885386
Сенат спикерінің Қостанай облысына жұмыс сапары: машина жасау саласын дамыту және әлеуметтік-экономикалық бастамаларды қолдау 18.11.2024
Бүгін, 18 қарашада, Қостанай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев келді. Оны облыс әкімі Құмар Ақсақалов қарсы алды. Сапар барысында облыстың негізгі даму бағыттары талқыланды, оның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік инфрақұрылым және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері басты назарда болды.Машина жасау саласын дамыту және инвестициялық жобаларды қолдауҚұмар Ақсақалов атап өткендей, Қостанай облысы машина жасау саласын белсенді дамытуда. Бұл сала өңірдің өнеркәсіптік өсімінің қозғаушы күші болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда шығарылатын барлық автокөліктердің 60%-дан астамы облыстағы зауыттарда құрастырылады. Атап айтқанда, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС кәсіпорнында биылғы жылдың 10 айында 66 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Бұл сала қарқынды дамып келеді, алдағы уақытта өндіріс көлемін 270%-ға арттыру жоспарланған.Сонымен қатар, өңірде автомобиль жасау саласындағы ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында KIA автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы бар. Кәсіпорынды іске қосу 2025 жылға жоспарланған, бұл 1,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, мұндай жобалар өңір экономикасы үшін ғана емес, жоғары білікті мамандар даярлау үшін де маңызды. Dong-Eui оңтүстіккореялық университетімен бірлесіп Қостанай өңірлік университетінің студенттеріне арналған оқу және тәжірибе алмасу бағдарламалары әзірленуде.«Өнеркәсіптің, оның ішінде машина жасау саласының дамуы – бұл өңір экономикасына ғана емес, Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндетті жүзеге асыруға, яғни экономиканы әртараптандыру мен жастар мен жергілікті тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ашуға қосқан маңызды үлес», – деді Мәулен Әшімбаев.Инфрақұрылымды дамыту және ауылдық аймақтарды қолдауСапар барысында қозғалған басты тақырыптардың бірі – инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау болды. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биыл облыста сумен жабдықтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сумен жабдықтау және су тарту бойынша 81 жобаны жүзеге асыруға 21 миллиард теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 15 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады, бұл ауылдық жерлерде ауыз суға қолжетімділікті 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 379 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ал жыл соңына дейін 5 мың пәтердің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. «Қостанай жастары» бағдарламасы аясында жастарға арналған тұрғын үй құрылысына ерекше көңіл бөлініп отыр. Бағдарлама арқасында шамамен 140 отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарта алады. Бұл бағытта Сенат спикері өңір басшылығының ұстанымын қолдады.«Ауылдық аймақтар – бұл тек еңбек ететін орын ғана емес, сонымен бірге лайықты өмір сүру кеңістігі. Мемлекет басшысы ауылдық жерлердегі азаматтардың қала тұрғындарымен тең өмір сүру жағдайларын жасау қажеттігін нақты атап өтті», – деді облыс әкімі.Салық саясаты және бизнесті қолдауСапар барысында салық саясаты және жергілікті өндірушілерді қолдау мәселелері де талқыланды. Құмар Ақсақалов өңірдің машина жасаушылары атынан депутаттарға импортталатын жабдықтарға қосылған құн салығын төлеу жеңілдігін ұзарту туралы өтініш білдірді. Бұл қадам кәсіпорындардың қаржылық жүктемесін азайтуға және машина жасау мен ауыл шаруашылығы өндірісін одан әрі дамытуға ынталандыру болмақ.Инвестициялық климат және экономикалық өсімӨңір басшысының айтуынша, соңғы екі жылда облысқа 1 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тартылған. Алдағы жылдары шамамен 1,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Құмар Ақсақаловтың пікірінше, машина жасау, металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты негізгі салаларды дамыту Қостанай облысының елдегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша үздік үштікке енуіне мүмкіндік береді.Мәулен Әшімбаевтың жұмыс сапары Сенат пен жергілікті билік органдары және мәслихат депутаттары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды оқиға болды. Өнеркәсіп, әлеуметтік инфрақұрылым және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерінде бірлескен жұмыс қажеттілігі облыс әкімі мен Сенат спикері тарапынан ерекше атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/885503
Астанада кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті 18.11.2024
Астанада кемсітушілікке қарсы заңнама мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үстіміздегі жылғы қорытынды отырысы өтті.Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты.Күн тәртібінің негізгі тақырыбы жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Атап айтқанда, жұмыс тобы мүшелерінің адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі қорытынды ұсыныстары талқыланды.Отырыста мемлекеттік органдар, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар Қазақстанда кемсітушілікке қарсы нормаларды қолданудың тұжырымдамалық тәсілдерін, халықаралық тәжірибесін және практикалық аспектілерін егжей-тегжейлі талқылады.Жиналыс қорытындысымен жұмыс тобы ҚР Үкіметіне кемсітушіліктің терминдері мен түрлерін нақты айқындауды енгізіп, шағымдарды беру және қарау тетіктерін жасап, сондай-ақ ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз ететін кемсітушілікке қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды жолдауға келісті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885484
Солтүстік аймақ үшін ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы 18.11.2024
2024 жылғы 18 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукцион өткізілді.Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 34 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 600 МВт құрады. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.Сауда-саттық барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 11.83 теңге/кВт/сағ-қа (ҚҚС-сыз) дейін құрады.Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компания жеңімпаз деп танылды:«Kaindy Energy» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 11.83 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарланған.Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҚР ҰКП, Азия даму банкі және USAID өкілдері бақылаушылар ретінде қатысты.Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын растайды.ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 19 қарашаға жоспарланған.Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/885485