Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 150 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ОШАҒЫ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Арыс қаласына қарасты Онтам ауылында жеке инвестор есебінен 150 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұған дейін ауыл оқушылары көрші ауылдарға қатынап оқитын. Енді Онтамдық балалар заманауи білім ордасында білім алады.Мектептің ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов пен ардагерлер кеңесі төрағасы Тәңірберген Әсіл мен ардагерлер, ата-аналар және тұрғындар қатысты.Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген қала әкімі жаңа мектептің ауылға тек білім беріп қана қоймай, ауылдың әлеуметтік дамуына да серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ, мектеп салып, ауылды дамытуға өз үлесін қосқан жеке инвесторға алғысын білдірді.Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Онда кең әрі жарық оқу кабинеттері, спорт және мәжіліс залдары, кітапхана, пәндік сыныптар, асхана мен демалыс аймақтары қарастырылған. Мектептің қауіпсіздігі де ерекше назарға алынып, бейнебақылау камералары мен өрт қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Оқушылардың демалыс және спортпен айналысуы үшін ашық спорт алаңдары да бар.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877410
ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТ: КЕНТАУДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 16.11.2024
Кентауда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өткен жылы Құрманғазы көшесі № 60, 60а, 62, 64, Құралбаев №114, №116, №118, Әл-фараби №102 көпқабатты тұрғын үй аулаларына балалар ойын алаңшалары, «Стритбол и Воркаут» бұрынғы футбол алаңын күрделі жөндеуден өткізу, Ә.Бекенов көшесі №47,№47а, Ы.Алтынсарин №24 үй аулаларына балалар ойын алаңшалары, «Стритбол и Воркаут, Ромах 48/1 орналасқан Тәлімбақ аумағына футбол алаңы, балалар ойын алаңшаларын орналастыру жұмыстары жүргізілген.Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы жалғасып Шүлембаев №8, 10 және Т.Рысқұлов №5,7,9 үй аулаларына, Шахтерская аумағына балалар спорттық ойын алаңшалары орналастырылды.Сонымен қатар «Жасыл қала» КММ тарапынан қаладағы 13 қөпқабатты тұрғын үй аулаларындағы орналасқан ойын алаңшалары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстар келер жылыда жалғасатын болады.Жалпы, Кентау қаласында 56 көпқабатты тұрғын үй аулалары бар.Соның 33 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттантыру мақсатында жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылған. Қаржы қаралаған жағдайда аталған жұмыстар жүзеге асырылмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877413
РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ 16.11.2024
Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында жаңа қойылымның тұсауы кесілді. Премьераны тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.«Жан пида» қойылымын «Құрмет» орденінің иегері, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Атырау жастар театрының көркемдік жетекшісі Мұқанғали Томановтың сахналаған. Режиссердің айтуынша қойылымның басты мақсаты әр адамды табиғат әлемін сақтауды бүгіннен бастап қолға алуға және жер бетіндегі барлық тіршілік үшін тек өзі ғана жауапты екендігін есінен шығармай, осы парызын орындауға міндеттейді.Рухани әлемі мен мәдени өмірі таяқтың екі ұшындай егіз жаратылған қазақ-қырғыз халықтарының сабақтастығын нығайта түскендей XX ғасырдың орта шенінде «Адамзаттың Шыңғысы» атанған – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы Айтматовтың «Жан пида» романы әдебиет көгінде ерекше құбылыс боп бой көтерді. Шығармада Шыңғыстың стиль жаңғырығы алдымен табиғат пен адам баласының арақатынасынан байқалады. «Ақыл иесі» деп аталатын адам мен жабайы, ойлау жүйесі төмен деп бағаланатын аң-құс, жан-жануардың ара салмағы авторлық таразыға түседі. Романда адам мен табиғат арасындағы қатынас Аққұртқа мен Тасшайнарды төңіректеп суреттеледі. Мойынқұм даласынан жапа шегіп, Ала-Мөңгі баурайына ауып келген кірме қасқырлар бұл маңнан да опа таппады. Қиянат қияннан келген жоқ, адамның ізі қалай пайда болды, сол маңда зұлымдық шіркін салтанат құра бастады. Осы арқылы автор адамның табиғатқа жасайтын жауыздығы мен зор қиянатшылдығын әшкерелегендей болады.Қойылымда жабайы түз тағысы мен өркениетті дәуірдегі адамзаттың ойлау жүйесі, мейірім-шапағаты қос тізгінге қатар жегіледі. Көрермен мисыз мақұлықтар бұзбаған табиғат заңдылығын екі аяқты, жұмыр басты пенденің аштықтан емес, тоқтықтан, адами құндылықтардың құлдырап, төменшік тартқанынан бұзып отырғанына көз жеткізді.Режиссер Мұқанғали Томанов аталған театрда бұған дейін «Болмаған оқиға», «Жалғыздық» қойылымдарын сахналаған болатын. Басты рөлдерді Аяз Ильясов, Шәкен Амантұров, Гүлзада Айтбаева, Нұржан Ізтаев, Кәмшат Әштекова, Бағлан Төлендиев, Жасұлан Тұрғанбаев, Жадыра Сейдахметова сынды театрдың белді әртістері мен көпшілік сахнаны бір топ шығармашылық топ сомдады. «Жан пида» спектаклін қоюға көптеген тәжірибелі мамандар атсалысты. Жарық жөніндегі суретшісі – Жанболат Рсимбетов, қоюшы суретші – Қанат Шериев, композиторы – Қанат Жұмабаев, костюм жөніндегі суретші – Меруерт Сейсембекова, грим бойынша суретші – Қарлығаш Сапарханова. Театрдың көркемдік жетекшісі – Айдар Наурызбаев.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877417
Жастардың денсаулығын бұзатын тәуелділіктер: Астанада күрес шаралары талқыланды 16.11.2024
Жасөспірімдердің денсаулығына төнген заманауи қатерлер Астанада өткен дөңгелек үстелдегі талқылаудың басты тақырыбына айналды. Жиынның қатысушылары жастардың психикалық денсаулығын бұзуы мүмкін лудомания, ішімдік, нашақорлық және цифрлық тәуелділіктер туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Дөңгелек үстелде қатысушылар жасөспірімдердің когнитивті дамуына тәуелділіктің салдарын талқылады. Олар зейінді төмендетеді, ұйқының сапасын төмендетеді, депрессия мен мазасыздыққа әкеледі.Шындықты қабылдауды бұзатын және тұрақты әлеуметтік байланыстардың қалыптасуына кедергі келтіретін интернетке тәуелділікке ерекше назар аударылды."Әртүрлі тәуелділіктердің жасөспірімдердің психикалық денсаулығына әсері барған сайын байқалады. Лудомания, ішімдік, нашақорлық, әлеуметтік желілерге тәуелділік және порнография - осы факторлардың әрқайсысы жастардың эмоционалды тұрақтылығы мен танымдық дамуын бұзады. Біз мұндай проблемалары бар жасөспірімдерден мазасыздық пен депрессиялық бұзылуларды, ұйқының бұзылуын, өзін-өзі бағалаудың төмендеуін және қарым-қатынас қиындықтарын жиі байқаймыз. Бұл тәуелділіктер шындықты қабылдауда бұрмалануды қалыптастырады және салауатты әдеттер мен өмірлік дағдылардың дамуына кедергі келтіреді. Нашақорлықты жеңуге және психологиялық денсаулықты қалпына келтіруге көмектесу үшін тәуелді мінез-құлықтың алғашқы белгілерін уақытында анықтап, жасөспірімдерге де, олардың отбасыларына да қолдау көрсету маңызды", - деп атап өтті Қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатры Күнсая Әріпбаева.Жиынға қатысушылар жасөспірімдерді қолдаудың кешенді тәсілінің қажеттілігін, білім беру мекемелерінің, медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылының және ата-аналардың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Мұндай бағдарламалар жастардың тұрақтылығын қалыптастыруға, эмоционалды және әлеуметтік тұрақтылықты қолдайтын күйзелісті басқару дағдылары мен салауатты әдеттерді дамытуға ықпал етуі керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877409
АҚШ-тан жүлдемен оралған боксшы Даниял Райымбековты жанкүйерлер Астана әуежайында қарсы алды 16.11.2024
26 қазан мен 2 қараша аралығында бокстан АҚШ-тың Колорадо штатында алғаш рет өткен 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жүлдегерін жанкүйерлер Астана әуежайында қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.2023 жылы жаңадан құрылған World Boxing ұйымы биыл АҚШ елінде 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатын ұйымдастырып, әлемнің 30 елінен 178 боксшының басын қосты.Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 4 боксшы сынға түсіп, 2 күміс жүлдені иеленді. Оның арасында 85 келіде жұдырықтасқан елордалық Даниял Райымбеков бар. Ол финалдық жекпе-жекте Уэльс өкілі Дэниэл Питке есе жіберді.«Бұл - менің халықаралық деңгейдегі екінші жарысым. Бұған дейін Сербия еліне барған едім. 19 жасқа дейінгі әлем чемпионатына іріктеу оқу-жаттығу жиыны жүргізіліп, нәтижесінде АҚШ-қа бару бақыты бұйырды. Эмоциямды айтып жеткізе алмаймын. Психологиялық, тәжірибе жағынан үлкен сабақ болды. Енді қателіктермен жұмыс істеп, Ақтау қаласында өтетін ел чемпионатына дайындығымды пысықтаймын», - деді Даниял Райымбеков.Айта кетейік, Қазақстанның бокс федерациясы күні кеше ғана ресми түрде World Boxing-тің толыққанды мүшесі атанған болатын.Енді Қазақстанның бокс федерациясы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі ретінде 2027 жылғы бокс бойынша әлем чемпионатын өткізуге ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877416
«Jastar Jalyny-2024»: Астанада студенттік фестиваль өтіп жатыр 16.11.2024
Халықаралық студенттер күніне орай Астанада Жастар саясаты мәселелері басқармасы жыл сайынғы «Jastar Jalyny-2024» студенттік фестивалін ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бүгінгі іс-шараның ашылу салтанатында студенттер өз оқу орынын таныстырды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жылғы фестивальдің ерекшелігі – спорттық номинациялардың қосылуы.Аталған фестиваль елордада 5-14 қараша аралығында өтеді. Әр күн белгілі бір номинацияға арналған: футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, эстрада, ұлттық би, заманауи би, ұлттық аспаптар (домбыра), театр, мобилография. Ал 14 қарашада гала-концерт өтеді деп жоспарланған.Әр номинация бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушыларға қаржылай сыйлықтар қарастырылған: 1-орынға 100 мың теңге; 2-орынға 70 мың теңге; 3-орынға 50 мың теңге. Ал жоғарыда аталған 10 номинация бойынша ең үздік атанған жоғары оқу орнына бас жүлде – 500 000 теңге беріледі.«JASTAR JALYNY» фестивалі жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды жастарды анықтау, дарынды балалар мен ұжымдардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жағдай жасау, рухани әрі мәдени әлеуетін дамыту, студенттерге эстетикалық және этикалық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, азаматтық, әлеуметтік жауапкершілік, патриоттық сезім, адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қасиеттерді арттыру мақсатында өткізіліп келеді», - деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз хатшысы Әнел Мансұрова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877422
Алматыда шайбалы хоккейден тарихи Азия чемпионаты өтеді 16.11.2024
Ертең Алматыда шайбалы хоккейден тарихтаалғаш рет ұйымдастырылып жатқан Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ұйымдастыруымен өтетін сары құрлық додасынаҚазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытайқұрамалары қатысады. Чемпионат 6-9 қарашакүндері Halyk Arena мұзсарайында өтеді.Бұл турнир құрлықтың алғашқы чемпионаты ретінде еліміз үшін тарихи маңызға ие. Соныменқатар шайбалы хоккейден Қазақстан ерлерқұрамасы алғаш рет Алматыда өнер көрсетпек.2016 жылы пайдалануға берілген Halyk Arenaкешеніндегі ең кейінгі халықаралық шайбалы хоккей жарысы 2017 жылғы қысқы Универсиада аясында өткен еді. Сол жылы еліміздің студенттерқұрамасы турнирдің күміс жүлдегері атанды.Сонымен қатар Алматы 2003 жылы біріншідивизиондағы жастар арасындағы әлемчемпионатының А тобының ойындарынқабылдаған. Шешуші матчта біздің жастарЖапония құрамасына есе жіберген еді.Айта кетейік, Алматыдағы Азия чемпионаты 2025 жылдың 7-14 ақпан күндері ҚытайдыңХарбин қаласында өтетін Азия ойындарынадайындық жарысы болмақ.🔺Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанерлер құрамасының құрамы:▫️Қақпашылар: Джелал-ад-дин Әмірбеков(«Магнитка», Магнитогорск), Жәкен Ибрагимов («Сарыарқа», Қарағанды), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», Рязань).▪️Қорғаушылар: Степан Александров, Владимир Гребенщиков («Қазцинк-Торпедо», Өскемен), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, ҚХЛ), Хақназар Кеңесбай, Кирилл Никитин («Номад», Астана), Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Егор Наместников («Сарыарқа», Қарағанды), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент).▫️Шабуылшылар: Александр Борисевич, Руслан Демин, Евгений Королинский («Сарыарқа», Қарағанды), Андрей Буяльский (еркін агент), Владимир Волков, Дмитрий Преснов, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников («Хумо», Ташкент), Алексей Зубов, Захар Пархоменко, Ян Тютюньков(«Қазцинк-Торпедо», Өскемен), Саян Данияр(«Номад», Астана), Евгений Рымарев («Юнисон-Мәскеу»).🔺Азия чемпионатының жарыс кестесі:🗓️6 қараша16:00 – Жапония – Қытай19:30 – Қазақстан – Оңтүстік Корея🗓️8 қараша16:00 – Жапония – Оңтүстік Корея19:30 – Қазақстан – Қытай🗓️9 қараша16:00 – Қытай – Оңтүстік Корея19:30 – Қазақстан – Жапония.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/877421
«Көмек қолы»: жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі 16.11.2024
Жылыту маусымының қауіпсіз өту мақсатында ТЖМ «Көмек қолы» акциясын өткізуде, оның барысында аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға атаулы өрт-профилактикалық көмек көрсетіледі.ТЖМ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесіп түтін мұржаларын күйеден тазарту, жылыту пештерін жөндеу, пештің алдындағы қаңылтырды орнату, аула аумағын жанғыш қоқыстардан тазарту, электр жүйелерін жөндеу және т. б. жұмыстараң жүргізуде.Сондай-ақ мұқтаж отбасыларға отын мен көмір жеткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.Акциямен бір ай ішінде 2450 үй және қарттарға арналған пансионат қамтылды.Сонымен қатар, жылу беру маусымына дайындық және қауіпсіз өту шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 15 668 үйінде улы газ, табиғи газ және түтін датчиктері орнатылды.Акция аясында түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде, азаматтарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері жеткізіледі.ТЖМ еске салады:- тек жұмыс істейтін пештерді қолданыңыз;- пештің қызып кетуіне жол бермеңіз;- мұржаны күйеден уақытында тазалаңыз;- пеш пен мұржаны үнемі тексеріп отырыңыз;- балаларға пешті жағуға тапсырмаңыз;- жиһазды пештен алыстатыңыз;- пештің жанында ағаш, киім және басқа жанғыш заттарды кептірмеңіз;- пешті жағу үшін оңай жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.Әркім өз үйін қауіпсіз ете алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/876928
Жетісудың шекаралық Панфилов ауданында 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді 16.11.2024
Бүгін Жетісу облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мектептің ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар, аудан жұртшылығы қатысты.- Бұл – Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған облысымыздағы алғашқы білім ошағы. Панфилов ауданы – облыстағы оқушы саны көп аудандардың бірі. Жаңадан пайдалануға беріліп отырған бұл мектепке Жаркент қаласының бала саны көп 9 мектебінен 1100 жуық бала қабылданып отыр. Осындай замануи мектепте біліммен сусындайтын оқушылар облысымыздан топ жарып шығатынына сенімім зор. Мектеп ұстаздарына еліміздің болашақ білімді, еңбекқор патриоттарын тәрбиелеу жолында сәттілік тілеймін! - деді Д. Есдәулетов.Жаңа да жайлы мектептің ашылғанына ата-аналар да қуанышты.- Біздің Жаркент қаласына осындай жайлы мектеп салып бергендеріңіз үшін барша ата-аналардың атынан алғыс айтамыз. Менің қызым қазір 11 сыныпта оқиды. Балалардың ҰБТ-ға, емтихандарға сапалы дайындалуына мұнда барлық мүмкіндіктер жасалған, оқу залдары бар кітапханасы, материалдық базасы мықты пән кабинеттері – бәрі де оқушылардың сапалы білім алуына өзінің үлкен ықпалын тигізеді деп ойлаймын, - деді ата-аналар комитетінің төрағасы Айдар Бектемірұлы.Мұнан соң мектептің лентасы қиылып, жиналған көпшілік жаңа ғимараттың ішін аралап көрді.Мектеп заманауи талапқа сай жабдықталған. Мұнда 64 кабинет болса, оның 6-ы жаңа модификациялық кабинет, соның ішінде химия, физика, биология, робототехника, STEAM кабинеттері, нано технология т.б. бар. Жалпы барлық пән кабинеттері қажетті әдістемелік, техникалық құралдармен жабықталған. Сонымен қатар ағаш, металл, тігін және басқа да шеберханалар қарастырылған. Акт залы, 2 оқу залы бар кітапхана, 230 орынды асхана, 2 спорт залы, 1 би залы оқушылардың игілігіне қызмет етеді. Оған қоса оқушылардың оқу құралдарына, киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына коворкинг аймақтар қарастырылған.Мектеп директорының міндетін атқарушы Айгүл Дарубаеваның айтуынша, қазіргі кезде мектепте 46 жиынтық класс ашылған. Жаркент қаласындағы бала саны көп тоғыз мектептен сыныптар жетекшілерімен бірге ауысып келген. Бүгінгі күні педагогтер үшін 30 бос орын, техникалық қызметкерлерге 20 орынға конкурс жарияланып, жұмысқа қабылдану үстінде.- Мектептегі физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттерде touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалған. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Ғимаратта балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларына арналған жабдықтар орнатылған, - дейді А. Дарубаева.Жалпы биыл облыста 5 мектептің құрылысы жүрді. Бұған дейін осы оқу жылында Көксу ауданы, Қаратал ауылында 120 орынды мектеп іске қосылған болса, жыл соңына дейін Ақсу ауданы, Көшкентал ауылында 180 орынды жаңа мектеп ашылады. Ал қалған 2 мектеп, яғни Алакөл ауданы, Достық ауылындағы 600 орынды және Панфилов ауданы, Талды ауылындағы 300 орынды мектептер 2025 жылғы жаңа оқу жылында іске қосылады деп жоспарланған. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсіргендер: Жеңіс Ысқабай, Нұрбол ҚанағатАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/877360
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Төлеби ауданы мәслихаты депутаттарының келісімдері бойынша, Түркістан облысы әкімінің өкімімен Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі болып Еркеғали Амантайұлы Әлімқұлов тағайындалды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа әкімді аудан активіне таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттары жаңа әкімнің канидатурасына қолдау білдірді.Облыс әкімі жаңадан тағайындалған аудан әкіміне басты назар аударып, атқаруды қажет ететін бірқатар мәселелер міндеттеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айқындап берген бағытта халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуді, ауданда жаңа өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету, инвестициялар мен озық технологиялар тартып, өндірілетін өнім көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізуді жүктеді. Ең алдымен, аудан тұрғындарына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасап, ауыл, елді мекендері жайлы, қауіпсіз, таза әрі көрікті аумаққа айналдыруды тапсырды.– Бүгін аудандық мәслихатының сессиясына Төлеби ауданы әкімі қызметіне жаңа кандидатура ұсынылып, депутаттар тарапынан қолдау тауып отыр. Біздің басым бағыттарымыз белгілі. Ол – өндіріс орындары мен зауыттар ашу, инвестиция тарту. Оған қоса Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы мен туризмді дамыту керек. Мүмкіндік мол. Жұмысты ширату керек. Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және басшылық қызметтерде шыңдалған Еркеғали Амантайұлы бұл бағытта жүйелі іс атқарады деп сенемін. Ауданның даму жоспарын нақтылап, жалпы өнім көлемін, өзіндік кірістерді арттыру керек, – деді Дархан Сатыбалды.Еркеғали Әлімқұлов 1981 жылы, 6 маусымда Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандықтары: кеден ісі, құқықтану, экономика. Еңбек жолын 2003 жылы жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі аймақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіру басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінде, Бәсекелестікті қорғау агенттігінде жұмыс істеген. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры, «AMANAT» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары болды. 2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болды. 2023 жылдың қаңтар айынан бері Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877297
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АЛҒАШ РЕТ АСА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ 16.11.2024
Сарыағаш орталық аудандық ауруханасында алғаш рет ішкі ұйқы артериясын стенттеу отасы жасалды. Тіліксіз ангиография аппаратының көмегімен мұндай операцияны дәрігерлер үш науқасқа сәтті жасап шықты.Тың әдіспен жасалған ота облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігерлері Сапаков Сапарғали, Орал Абылайхан және аудандық орталық аурухананың нейрохирург дәрігері Кұдияров Байбектің қатысуымен жүзеге асты.Айта кетейік, бұрын бұндай ота қажет науқастар жедел және жоспарлы түрде облыс орталығына жіберілетін. Қазір аудандағы орталық аурухана дәрігерлері жоғары технологиялық операцияны меңгеріп, хирургиялық көмек көрсетуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877402
ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ УАҚТЫЛЫ ӘРІ САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 16.11.2024
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен бүгін мәжіліс өтіп, Түркістан облысында жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.Өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланған жиналысқа Ауыл шаруашылығы басқармасының, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, Бақылау жөніндегі басқарманың және «Түркістан ӘКК» АҚ-ның жауапты мамандары қатысты.Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, инвест-жобалар жоспарланған мерзімінде жұмысын бастауы үшін үйлестіру ісіне бақылау күшейтіледі. Нұрбол Тұрашбеков ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдейтін кәсіпорындар құрылысына қатысты нақты тапсырмалар бекітті:- Құжаттарды кешіктіруге немесе туындаған мәселелерге немқұрайлы қарауға жол берілмесін. Міндеттеріңізді жауапкершілікпен атқарыңыздар, - деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.Инвестициялық жобалар бойынша қозғалыс картасы әзірленіп, тұрақты түрде апталық есеп түзіледі. Сонымен қатар, жауапты мекемелер мен қызмет өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен апта сайын жұмыс кеңестерін өткізу келісілді.Онда инвесторлардың әр мәселесі жеке қаралып, пәрменді шешімдер қабылданады, осылайша, инвестордың ұсыныстары мен проблемалары әкімдіктің назарынан тыс қалмайды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877404
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ ТАРИХЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ КӨРМЕДЕ ТАНЫСТЫРЫЛЫП ЖАТЫР 16.11.2024
Қызылорда қаласында облыстық тарихи-өлкетану музейінде Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарихы терең Түркістан өлкесі» көшпелі көрмесі өтіп жатыр. Аталған көрме Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи мұраларды насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.Ашылу салтанатында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі директоры Баян Айтымбет көшпелі көрменің негізгі мақсатын түсіндіріп, Сыр елімен мәдени байланыстарды нығайту жұмыстарына тоқталды. Ал жиында сөз алған Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтбай мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директоры Көзейбаев Сапар ашып, көрменің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.Көрмеге Түркістан облысының археологиялық және этнографиялық мұрасы, зергерлік бұйымдар коллекциясы, ер қаруы – бес қару, қасиетті сәулет ескерткіштері, қазақтың гобелен өнері және ағаш ою өнері туындылары және ең басты жәдігер – Кенесары хан Қасымұлының түпнұсқа қылышы қойылып, Сыр жұртшылығы мен қонақтары назарына ұсынылды.Айта кетейік, аталған көрме С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 15 қарашаға дейін жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877405
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЕСІК ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 16.11.2024
Сауран ауданында Ресейдің сапалы есіктерінен кем емес ішкі есіктер шығарылуда. Кәсіпкер ағайындылар Азизбек пен Бахадир Абдужалиловтар өндіріс цехын осы жылы іске қосқан. «Люкс Двери» шағын цехтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев пен Еңбекші Диқан елді мекенінің тұрғындары және ауыл ақсақалдары қатысты. Аталмыш цехта 60 маман жұмыс істейді. Бүгінде облыс және ауданның тұрғын үйлері мен ғимараттарға заманауи түрлі үлгідегі және әртүрлі көлемдегі есіктер сатылуда. Заманауи құрылғылармен жабдықталған цех өнімі сапалы, бағасы да қолжетімді.Есіктің қиюын келістіріп, әдемі дүние етіп шығару тек шын шебердің қолынан келеді. «Қимылдағанның қыр асатынын» жақсы білетін Азизбек пен Бахадир кәсіптің осы түрін қолға алып, жетістікке жетуде. Кәсіпкерлер алдағы уақытта есіктердің түрлерін көбейтіп, цех әлеуетін арттырып, көрші облыс пен қалалардан тапсырыстарды қабылдауды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/877408
Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі: апта сайын фермерлердің жаңа өнімдері ұсынылады 16.11.2024
Астанада 9-10 қараша күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» СОО-да өтеді. жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өтеді.Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдер сатып ала алады.Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877383
Астанада жастар арасында есірткі қылмысымен күресу мәселесі талқыланды 16.11.2024
Астанада өткен дөңгелек үстелге қатысушылар жасөспірімдердің денсаулығына төнген заманауи қауіп-қатер мәселелерін талқылады. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, ата-аналар мен мектеп психологтары қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Дөңгелек үстелге қатысушыларға жасөспірімдерді есірткі қылмысына тартудан қалай аулақ болу керектігін полиция подполковнигі, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының аға жедел уәкілі Ұлжан Қабылдина айтып берді.«Жыл сайын елордада 10 мыңнан астам профилактикалық іс-шара – акциялар, семинарлар мен дәрістер өткізіледі. Бірақ бұл жұмыста басты назар орта мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне аударылады. Есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша 1,5 мың іс-шара 15 мың белсенді азаматтың қатысуымен өткізіледі. Мақсаты – балаларды есірткіні қолданудың зиянды әсерлері туралы хабардар ету және олардың заңсыз мінез-құлықтан бас тартуын қалыптастыру. Өйткені, жастар өздерінің тәжірибесіздігіне байланысты есірткі сатушылардың негізгі нысанасына айналады. Сонымен қатар, басқа да іс-шаралар жалғасуда. Мысалы, қызметтік иттердің көмегімен жатақханалар мен сәлемдемелерді жеткізетін логистикалық компанияларды тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, еріктілермен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен есірткі жарнамасын анықтау, граффити бояу және басқа да іс-шаралар жалғасуда», - деді Ұлжан Қабылдина.Оның айтуынша, жыл сайын есірткі қылмысы үшін ұсталған кәмелетке толмағандар саны артып келеді.«Биыл ғана 39-дан астам кәмелетке толмаған адам ұсталды. Оның ішінде 13-і – оқушы, 22-сі – колледж студенті, 1-еуі – ЖОО студенті және үшеуі оқымайды. Айта кету керек, 9-сынып оқушылары да есірткі қоюмен айналысқан жағдайлар бар. Сондықтан біз оқушылармен және студенттерге түсіндіру жұмысын жүргіземіз, онда есірткі қылмыстарына қатысудың салдары туралы айтамыз. Жекелеген іс-шаралар негізінен ата-аналармен өткізіледі. Ата-аналар балаларымен жұмыс істеуі керек, не істеп жатқанын білуі тиіс және оларды бақылауда ұстауы қажет. Жастар өздерінің білместігінен олардың қатарына қосылып кетеді. Бұл үшін 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін түсіндіру қажет», — деп атап өтті ол.Құқық қорғау органдарының өкілі ата-аналарға, психологтарға және мүдделі органдардың қызметкерлеріне балаларға көбірек уақыт бөлу керек екенін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/877390
ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Үндістан Республикасына келді 16.11.2024
Сапар аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен үнді мемлекеттік компаниясы IREL Limited және «IREUK Titanium Limited» арасында титан қожы өндірісі бойынша Қазақстан-Үнді бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісім-шарттың ресми рәсіміне қатысты.- Үндістан Шығыс Қазақстанның сыртқы саудасында динамикалық өсімді көрсетіп отыр. Бүгін біз Қазақстан мен Үнді арасындағы берік байланысты көрсететін маңызды кездесуде басымыз қосылып отыр. Өскемен титан-магний комбинаты мен үнді компаниясы IREL Limited арасындағы бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт біздің өзара әрекеттесуіміз үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады және екі елдің дамуына елеулі үлес қосады. Бұл келісім біздің ортақ мақсаттарымызды атап көрсетеді және жоғары технологиялар мен тұрақты даму саласындағы басқа жобаларды жүзеге асыру үшін серпін береді, - деді облыс басшысы Ермек Көшербаев.Бұл келісім «УКТМК» АҚ-ның шикізат базасын кеңейтуіне мүмкіндік береді, бұл Қазақстан титанының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Өз кезегінде, бұл Қазақстан мен Үнді Республикасының экономикалық өсімін және әл-ауқатын қамтамасыз етуге ықпал етеді.«УКТМК» АҚ атынан келісімді компания президенті Асем Мамутова, ал IREL Limited компаниясы атынан басқарушы директор Дипендра Сингх мырза қол қойды.Рәсімге Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нурлан Жалғасбаев, Мумбайдағы ҚР Құрметті консулы Махендра Кумар Сангхи және Мумбайдағы ҚР Құрметті консулының орынбасары Ассиф Навруз, Шығыс Қазақстан облысының индустрия басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Маратов, сондай-ақ «УКТМК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер мырза қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/877351
Аудандық ауруханаға құрал-жабдықтар сатып алынды 16.11.2024
«Елімай» ФК мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл әлеуметтік маңызы бар жобаның бастамашысы — Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.Осы келісім аясында Абай ауданы орталық аудандық ауруханасына жалпы құны 4,6 миллион теңгені құрайтын заманауи стоматологиялық құрал-жабдықтар мен физиотерапиялық бөлімше берілді. Бұл медициналық қызметтердің сапасын жақсартып, оларды аудан тұрғындарына қолжетімді етпек. Және науқастарды емдеу және алдын алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.Жиналғандар алдында сөз сөйлеген футбол клубының өкілдері бұл жай ғана қаржылай көмек емес, халықтың денсаулығы мен тұрмысына деген шынайы қамқорлықтың көрінісі екенін баса айтты. Олар бұл акцияның өңірдегі өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараның бір бөлігіне айналғанын айтып, медициналық мекемелермен ынтымақтастықтың жалғасатынына өз сенімдерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/877379
Абай университеті биолог-студенттерінің жаңа зоо-ақпараттық жобасы 16.11.2024
Абай университеті биолог-студенттерінің жаңа зоо-ақпараттық жобасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «6В01513 – Биология» мамандығының 3 курс студенттері Камила Мереке мен Яна Филатова биология кафедрасының доценті К.И. Батырованың жетекшілігімен Алматы хайуанаттар бағына арналған бірегей сайт әзірледі. Жоба Wix платформасында жүзеге асырылды және хайуанаттар бағының жануарлары туралы жеті тақырыптық бөлімге бөлінген кең ақпараттық ресурс болып табылады. Сайттың әрбір бөлімінде хайуанаттар бағында мекендейтін жануарлардың түрлері туралы егжей-тегжейлі сипаттамалар берілген, бұл келушілерге Қазақстанның ең көне зообағы фаунасының сирек және бірегей түрлері туралы білуге мүмкіндік береді. Сайттың ерекшелігі – Алматы хайуанаттар бағының жануарлары, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, ерекше қорғалатын олардың түрлері туралы толық ақпарат алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр. Бұл жоба хайуанаттар бағының биоәртүрлілігі туралы ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар аудиторияға ғылымды, табиғатты қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды кеңінен насихаттауға көмектеседі. Жоба білім беру мекемелерінің қоғамдық және табиғатты қорғау ұйымдарымен ынтымақтастығының маңыздылығын айқындай отырып, студенттердің жоғары кәсіби деңгейі мен бастамашылдығын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/877327
Пияз және картоп өндірушілеріне арналған сауда стратегиясы бойынша ұсыныстар 04.11.2024 16.11.2024
Ұсынымдарды «дәнді және майлы дақылдар» зерттеу бюросы дайындады және таныстыру сипатына ие.Қазақстанның картоп пен пияз нарықтары шығындардың өсуіне, қорлардың шектелуіне, сондай-ақ қысқы кезеңде сұраныстың ұлғаюына байланысты бағаларға айтарлықтай қысымға ұшырайды.Картоп Көтерме баға (теңге) Павлодар облысы75 - 100Сұраныстың артуына және қорлардың біртіндеп азаюына байланысты өсім байқаладыАлматы облысы150Қорлар шектеулі, сұраныс жоғарыАстана (Ақмола облысы)40Картоптың барлық дерлік қоры сатылдыСолтүстік Қазақстан облысы100–140Өндірушілер бағаның одан әрі өсуін күтіп, қалдықтарды ұстайдыҚостанай облысы120 - 180Тауарлық-материалдық құндылықтар шектеулі, бұл бағаға қысым жасайдыПияз Көтерме баға (теңге) Жамбыл облысы75–100Жоғары сұраныс аясында бағаның өсуі байқалады, өндірушілер қорларды одан әрі өсуді күтудеАлматы облысы65–70Тауарлы материалдық қорлардың азаюы және өндіріс шығындарының артуы кейбір өндірушілердің сатылымын тоқтаттыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/877341