Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Ақтөбе облысында 43 мердігер ұйым жолдарды қысқы күтіп ұстауға жауапты 16.11.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық шаралары қаралды.Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр жергілікті жолдарды күтіп ұстау үшін 2025 жылға 2,7 млрд. теңге қарастырылғанын хабарлады. Бұл сома облыстық мәслихаттың таяудағы сессиясында бекітіледі.Облыстағы жолдардың жалпы ұзындығы – 4 440 шақырым, оның ішінде облыстық маңызы бары – 1 265 шақырым және аудандық маңызы бары – 3 175 шақырым. Бұл жолдарды қыста күтіп ұстауға 43 мердігер ұйым жауапты. 401 бірлік техника, бес мың тонна инертті материал, 965 тонна дизель отыны әзірленді. Айбек Қайыр атап өткендей, жылу пункттерін дайындау және оларды қажетті азық-түлік қорымен қамтамасыз ету, сондай-ақ жол бойындағы су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары аяқталып қалды.«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Айбол Данағұлдың айтуынша, компания республикалық маңызы бар 1869 шақырым жолға қызмет көрсетеді. Оның 117 шақырымы қазір жөнделуде. Жұмысты аяқтау процесін жеделдету үшін қосымша техника тартылды.«Жолдарда 101 қарлы учаске бар. Оның 28 учаскесінде 86 шақырым темірбетон қоршаулар орнатылды. Қалған учаскелерге уақытша ағаш қалқандар қойылады. Сондай-ақ, қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушылар үшін 15 жылыту пункті дайындалды. 28 арнайы техника жұмылдырылды. Жетіспейтін техника жалға алынады. Қазір инертті материалдар дайындалуда. Жалпы 9400 тонна құм мен 2020 тонна тұз дайындау жоспарлануда», - деді Айбол Данағұл.Қыста көлік кептелісін болдырмас үшін «Самара-Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» бағытындағы учаскелерде айналма жолдар жасалды. Сонымен қатар, қарлы боран болған жағдайда көлік үшін қосалқы тұрақтар дайындалады. Олардың бірі - Хромтау ауданы Ақжар ауылының тұсында ашылған. Қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин өз кезегінде облыс орталығындағы жолдарды күтіп ұстау мәселесі туралы баяндады. Қала 24 учаскеге бөлінген, олардың әрқайсысын қыста күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым бекітілген. Қыста көшелерді тазалауға 350 бірлік техника шығады. Қаланы қардан тазарту үшін күндізгі ауысымда 30 бригада (40 тиегіш, 150 жүк көлігі) және түнде 20 бригада (20 тиегіш, 60 жүк көлігі) жұмылдырылады. Мердігерлер қазірдің өзінде 1250 тонна тұз, 1830 тонна құм-тұз қоспасы және 2000 тоннадан астам құм жинаған.Дайындық шаралары туралы айта келе, қала әкімінің орынбасары ел бойынша ең төмен саналатын жолдарды қысқы күтіп ұстау тарифтерін қайта қарау қажеттігін атап өтті.Асхат Шахаров облыста жолдарды қысқы күтіп ұстауға дайындық туралы баяндамаларды тыңдап болған соң, толық дайындықты, ауа райы жағдайларына уақытылы ден қоюды және қозғалыстың барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.«Жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қыс мезгілінде жүргізушілер үшін тәуекелдерді азайту қажет. Жолдарды жөндеуді уақытылы аяқтауға және қолайсыз ауа-райына жедел ден қоюға ерекше назар аудару маңызды. Барлық жұмыс ауа райы жағдайлары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Қардың салдарын тез арада жою ғана емес, сонымен қатар алдын-ала дайындалу – жылу пункттерін, құм мен тұз қорын ұйымдастыру, қоршаулар мен арнайы техниканың болуын қамтамасыз ету керекпіз. Жолдарда қауіпсіз жүру үшін жағдайлар барлық негізгі учаскелерде қамтамасыз етілуі тиіс», - деп атап өтті әкім.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/877112
11 мыңға жуық қандас пен қоныс аударушыға бейімдеу және интеграциялық қызмет көрсетілді 16.11.2024
Жыл басынан бері ҚР Үкіметі айқындаған қоныстандыру өңірлеріне тұрақты тұруға өз еркімен көшіп келген 10,9 мың қандас пен қоныс аударушы бейімдеу және интеграциялық қызметтердің 25 түрімен қамтылды.Қоныс аударушылар мен қандастарға ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық әрі білім беру қызметтері көрсетіледі, бұл олардың қоныстану аумақтарында бейімделуі мен интеграциялануына және жаңа тұрғылықты жерінде орнықтыруына ықпал етеді. Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша аталған қызметтермен 8 719 қандас және 2 161 қоныс аударушы қамтылды.Бейімдеу және интеграциялық қызметтер тұрғылықты жері бойынша Мансап орталығына ерікті түрде қоныс аударудың мемлекеттік шараларына қатысуға ниет білдірушілер өтініш білдірген сәттен бастап көрсетіледі. Мансап орталығының қызметкері қоныс аудару аумақтарына қоныс аудару шарттары және қажетті құжаттар тізімі бойынша алғашқы кеңес береді.Қоныс аудару өңірін айқындау алдында қоныс аударушыға не қандасқа: өңірлік квотаға енгізу туралы, уақытша орналастыру орталықтарының қызметтері, бейімдеу және интеграциялық қызметтер мен басқа да қолдау шаралары туралы барлық қажетті ақпарат беріледі.Құжаттарды қабылдау «Қандас» немесе «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта жүргізіледі. Қоныс аударушымен және/немесе қандаспен бірлесіп бейімделу және интеграциялау жөніндегі жеке жоспар қалыптастырылады, оған сәйкес жаңа тұрғылықты жеріне көшу және жайластыру өтеді.Бұл жоспар келесі іс-шараларды міндетті түрде реттейді:- қоныстандыру өңіріне көшу және орналастыру (келу күні, тасымалдау түрі, келетін отбасы мүшелерінің саны);- материалдық көмекті, оның ішінде экономикалық мобильділік сертификатын ресімдеу;- тұрақты жұмысқа орналасу, сондай-ақ қажет болған жағдайда кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;- экономикалық мобильділік сертификаты арқылы төлем жүргізе отырып, отбасының тұруы үшін тұрғын үй іздеу және іріктеу;- отбасы мүшелерінің бейімделуі және интеграциясы.Бейімделу және интеграциялық қызметтерді көрсету мониторингі Отбасының цифрлық картасы және FSM Social мобильді қосымшасы арқылы бес жыл бойы жүзеге асырылады.Қандастарды қоныстандыру үшін келесі өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.Қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін: Ұлытау, Абай, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.Белгіленген квота шеңберінде еңбек күші тапшы өңірлерге өз еркімен көшіп келген қоныс аударушылар мен қандастарға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:- көшуге субсидия – отағасына және отбасының әрбір мүшесіне бір реттік 70 АЕК мөлшерінде (258 440 тг);- елді мекен мен отбасы мүшелері санына байланысты 12 ай ішінде 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ай сайынғы субсидиялау (55 380 теңгеден 110 760 теңгеге дейін);- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу;- экономикалық мобильділік сертификаттарын беру.Бұдан басқа өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.2023 жылы ҚР Үкіметі айқындаған қоныс аудару өңірлеріне тұрақты тұруға өз еркімен көшіп келген қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялық қызметтер көрсету тетігі Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында пилоттық режимде сыналғанын естеріңізге сала кетейік. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/877096
Оқу-ағарту министрі Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиер Ибрагимовті қабылдады 16.11.2024
Кездесуде Ғани Бейсембаев ресми Астана мен Ташкент арасындағы білім саласы бойынша екіжақты ынтымақтастықты тиімді жалғастырудың және кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Министр екі елдің педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша өзара ықпалдастық құру туралы ұсынысын білдірді.Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/877113
Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру туралы 16.11.2024
БАҚ тарапынан мемлекеттік қызметшілерге сыйақыны беруге байланысты жағдайды түсіндіру бойынша өтініштердің келіп түсуіне орай келесіні хабарлаймыз.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу).Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ.Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын.Инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/877035
Францияның әйгілі Гиме музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті 16.11.2024
Парижде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Гиме Азия өнерінің ұлттық музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлем тарихындағы Ұлы даланың үш мың жылдық ерекше мәдени феноменін паш ететін көрмедегі бірегей экспонаттардың маңыздылығын атап өтті.Ол француз әріптестеріне көрмені ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени қарым-қатынастың маңыздылығына ерекше тоқталды.«Кейінгі жылдары Қазақстан мен Франция арасындағы байланыс артып, жаңа серпін алды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макронның өзара сапарлары екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсті. Әріптесім, министр ханым Рашида Дати мен Гиме музейінің президенті, доктор Янник Линтцке осы көрмені ұйымдастыруда көрсеткен қолдауы үшін, сондай-ақ, Гиме музейі ұжымына жоғары деңгейдегі кәсіби біліктілігі мен үйлесімді жұмысы үшін ерекше алғысымды білдіремін», – деді Аида Балаева.Экспозицияда Қазақстанның Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының коллекцияларынан алынған 35 сирек артефакт ұсынылған. Олар Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін паш етеді.«Музейдің биік миссиясы – өткеннің мәдени құндылықтарын көрсете отырып, заманауи тарихты жасау. Көрмеге қойылған ең құнды жәдігерлер алғаш рет шетелдік көрерменге заманауи, жаңашыл форматта ұсынылып отыр. Бүгін біз жаңа тарихтың – елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың даму тарихының куәсі болып отырмыз», – деді министр.Көрермендер көшпелі мәдениеттің және мемлекеттіліктің дамуын бейнелейтін құнды мұраларды тамашалай алады, олардың қатарында ғұн-сармат кезеңінен бастап Қазақ хандығына дейінгі жәдігерлер бар. Көрменің ерекшелігі – көрерменге Қазақстан мәдениетінің санғасырлық тарихы мен бай қазынасын терең тануға мүмкіндік беретін иммерсивті мультимедиялық контент.«Көрмеде Қазақстанның бес «Джокондасы» қойлған. Бұл көрменің идеясы бір жыл бұрын Франция президентінің Қазақстанға сапары кезінде туындады. Оның мақсаты – көрерменге Қазақстан мәдениетін, оның әлемдік тарихта алар орнын таныстыру. Көрме ежелгі тарихтан бастап 18-ші ғасырдағы Қазақстанға дейінгі аралықты қамтыған. Бұл – Қазақстанның пейзаждарын, дыбыстарын, әсіресе, осы өркениеттің бес кезеңін бейнелейтін бес шедеврді немесе шедеврлер ансамблін көрсететін иммерсивті саяхат», – деді Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейі директоры Янник Линц.Көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.5 қарашада, көрмені Қазақстан мен Франция Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон тамашалайды.Айта кету керек, көрме жобасына Қазақстанның Франциядағы елшілігі, Болат Өтемұратов қоры мен Alstom Kazakhstan компаниясы, Visor Group ЖШС және Кеңес Рақышев қолдау көрсетті.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/877028
Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті 16.11.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде болып, ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесу өткізді.Кездесуде Аида Балаева ЮНЕСКО-мен бірлескен жобалар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі үшін басым бағыттардың бірі екенін айтты.«Қазақ мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында кітаптарды аудару және бірлесіп шығару саласында табысты ынтымақтастық орнатуға болады. Мен ЮНЕСКО жобаларының, соның ішінде бірге атқарған жобалардың сәтті жүзеге асырылуы үшін барлық күш-жігерімді саламын», – деді А. Балаева.Тараптар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы мәдени ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, атап айтқанда, Дүниежүзілік мәдени мұра ескерткіштерін қорғау, материалдық емес мәдени мұраны зерттеу және насихаттау, креативті индустрияларды дамыту мәселелерін талқылады.«Кездесу Қазақстанмен Дүниежүзілік мәдени мұра, материалдық емес мұраны сақтау, сондай-ақ креативті индустриялар бойынша жүргізіліп жатқан түрлі жобаларды талқылау тұрғысынан өте нәтижелі болды. Кейінгі жылдары бірлескен жұмыс өте белсенді жүріп жатыр. Әсіресе, ЮНЕСКО мен Қазақстанның жобалары аясындағы жұмыстардың ілгерілеуі байқалады», – деді Эрнесто Оттоне.Кездесу соңында Аида Балаева Эрнесто Оттонеге қазақстандық мәдениетті жаһандық деңгейде насихаттау және ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер арасында бірлесіп диалог құру жолындағы жемісті жұмысы үшін алғыс білдірді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/877027
«Орталық Азия – Корея Республикасы» 17-ші ынтымақтастық форумы туралы 16.11.2024
Сеул, 2024 жылғы 4 қараша – Сеул қаласында «Орталық Азия – Корея Республикасы» 17-ші ынтымақтастық форумы өтті, оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысты.Форумда Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы көлік-логистикалық өзара іс-қимыл, энергетикалық ынтымақтастық, цифрлық трансформация және экологиялық күн тәртібі мәселелері сияқты салаларды қамтитын серіктестіктің негізгі бағыттары қарастырылды.Өз сөзінде М. Нұртілеу өңірдің тұрақты экономикалық дамуы үшін көліктік өзара байланыстың маңыздылығына назар аударды. Қазақстан Азиядан Еуропаға жүктерді қауіпсіз және тиімді тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Транскаспий халықаралық көлік бағытын белсенді дамытуда. Министр корей компанияларды бағыттың өткізу қабілетін одан әрі кеңейту үшін ірі жобаларды іске асыруға қатысуға шақырды және 2025 жылы оны жылына 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланғанын мәлімдеді. «Орталық Азия Қазақстан арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыра алатын маңызды логистикалық хабқа айналуда», – деп атап өтті М. Нұртілеу.Энергетикалық ынтымақтастыққа қатысты Министр Қазақстанның бай табиғи ресурстарын, оның ішінде әлемдік нарықтың 40% қамтамасыз ететін сирек кездесетін металдар мен уранды атап өтті. ҚР СІМ басшысы корей компанияларының ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларға, сондай-ақ АЭС салу жөніндегі консорциумға қатысуына үміт білдіріп, бұл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі үшін жаңа перспективалар туғызатынын жеткізді.Астананың Сеулмен серіктестікте басымдықтарының бірі экологиялық күн тәртібін іске асыру болып қала береді. ҚР Сыртқы істер министрі климаттың өзгеруі және орнықты даму, әсіресе су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылды тереңдету қажеттігін атап өтті. Қазақстан сондай-ақ су саласын автоматтандыруға және цифрландыруға баса назар аудара отырып, Арал теңізін сақтау мәселелерінде Корея Республикасымен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.Цифрлық трансформация саласында Қазақстан БҰҰ-ның онлайн-қызметтер саласындағы индексі бойынша алдыңғы қатарына кіре отырып, 10 үздік елдердің қатарында. М. Нұртілеу корей компанияларын жасанды интеллект пен BigData-ға байланысты жобалармен, сондай-ақ өңірдің ғылыми-технологиялық әлеуетін дамытумен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.Форум халықтық дипломатияны нығайтуға ықпал ететін мәдени және туристік байланыстардың маңыздылығын растады. Министр корей әріптестерін Қазақстанда туристік инфрақұрылымды құруға шақырып, елдер арасындағы өзара туристік ағымның өсуіне назар аударды.«Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы – Жібек жолынан бері ортақ тарих, Алтай мұрасы және сауда қатынастарымен байланысты дәстүрлі серіктестер. Корея Республикасы өз кезегінде бүкіл Орталық Азия өңірінің экономикалық және технологиялық дамуында үлкен рөл атқарады», – деп атап өтті М. Нұртілеу.17-ші форумның қорытындылары Бірлескен мәлімдемеде бекітілді, сондай-ақ Форум Хатшылығының 2025 жылға арналған Жұмыс жоспары қабылданды. ҚР СІМ басшысы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы көпжоспарлы қарым-қатынастарды нығайту жөніндегі жаңа қадамдар алдағы жылы өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитінде маңызды коммерциялық келісімдерге қол қою үшін негіз қалайтынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/877025
Мәдени ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі – Аида Балаева мен Лоранс де Кар екі ел арасындағы мәдени жобаларды талқылады 16.11.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Лувр музейінің президент-директоры Лоранс де Кармен кездесу өткізді. Кездесу мәдени алмасу мәселелері және Қазақстан мен Франция арасындағы перспективалы жобаларға арналды.Тараптар Қазақстан музейлері мен Лувр арасында бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу арқылы тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылады. Ынтымақтастық көрме қызметімен қатар, ғылыми-зерттеу, археологиялық зерттеулер, ғылыми материалдар жариялау және музей ісіндегі тәжірибе алмасу бағыттарын да қамтуы мүмкін.«Бізді Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу бойынша бірлескен ғылыми жұмысқа қатысты ынтымақтастық қызықтырады. ҚР Ұлттық музейінің жанынан реставрация орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан Лувр музейінің ғылыми, кадрларды даярлау, көрмелер ұйымдастыру бойынша қолдауын алғымыз келеді», – деп атап өтті Аида Балаева.Министр қазақстандық мамандар үшін мастер-класстар мен тағылымдамалар ұйымдастыру кәсіби білім алмасу мен Қазақстанда музей ісін жетілдіруде маңызды қадам болатынын ерекше атап өтті.«Біз ынтымақтастыққа, соның ішінде көрмелерді бірлесіп ұйымдастыруға да дайынбыз, себебі бұл Лувр музейінің халықаралық саясатына сай келеді», – деді кездесуде Лоранс де Кар.Кездесу соңында екі тарап та бірлескен жобалар мен мәдени алмасу Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтып, халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдететініне сенім білдірді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/877026
Қарағанды облысында медициналық қызмет сапасы артуда 16.11.2024
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтағы барлық емханаларда үздік тәжірибе орталықтарын ашуды, сондай-ақ барлық мектептерді "Салауатты мектеп" жобасына тартуды тапсырды.Өңірде алғашқы медициналық көмектің сапасы жақсаруда. Бұл Үздік тәжірибелер орталықтары жұмысының жемісі. Облыста Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында бес жаңа медициналық мекеме жұмыс істейді. Ал Осакаров ауданында осындай орталық алдағы уақытта ашылады деп көзделіп отыр.Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова үздік тәжірибелер орталықтары жұмысының негізгі бағыттары туралы айтты:- Облыста 37 медициналық ұйым алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Бұл емханаларға жүктемені азайтты. Сонымен қатар медициналық қызметті кезең-кезеңімен көрсету қамтамасыз етіледі. Өткен жылы ашылған үздік тәжірибелер орталықтары да алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға көмектеседі. Олардың жұмыс принциптері 28 клиникада ішінара енгізілген. Отбасылық негізде медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызметтердің сапасына назар аударылады.Үздік тәжірибелер орталықтарында 324 көпсалалы команда бар. Олардың құрамына отбасылық дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, акушерлер және медбикелер кіреді. Ыңғайлы кеңсе жобалары құрылды: "науқастың көзімен алғашқы 5 минут" бағдарламасының арқасында қызметтерді күту уақыты 80-90% - ға қысқарды. "Халық кеңесі" қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындар өз тілектері мен шағымдарын қалдыра алады.1 қыркүйектен бастап Қарағандының № 1 және 3 емханаларының жанындағы үздік тәжірибелер орталықтарының базасында төрт мектепті қамтитын "Салауатты мектеп" жобасы басталды. Басты міндет - оқушылар мен ата-аналар арасында денсаулық мәселелері бойынша сауаттылықты арттыру. Жасөспірім қыздар арасында жүктілікті болдырмау.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық мектепті "Салауатты мектеп" жобасына тартудың маңыздылығын атап өтті.- Үздік тәжірибелер орталықтарын енгізу медициналық көмектің қолжетімділігін арттырпды. Халықтың медициналық қызметтер туралы хабардар болуына оң әсерін тигізеді. Келесі жылдың соңына дейін барлық емханаларда осындай орталықтар ашу қажет, — деді облыс әкімі. - Бұл дәрігерлер мен пациенттерге уақытылы көмек көрсетуге және медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/876822
Астанада биыл 30 қоғамдық кеңістік ашылды 16.11.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қалада атқарылған шаруалар туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Биыл қаланы көркейту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді! 140-қа жуық аула мен 30 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар, аллеялар) абаттандырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары бос уақытын пайдалы өткізетін тартымды орындар көптеп ашылды.Мәселен, тұрғындар Мәңгілік ел даңғылы, Әлихан Бөкейхан және Орынбор көшелерінің квадратында орналасқан учаскені абаттандыру мәселесін көтерді. Біз бұл жердегі саябақты абаттандырдық. Ол бірнеше функционалды аймаққа бөлінген, олардың әрқайсысы түрлі топтағы келушілерге арналған. Бұл маңайда серуендеу алаңы, демалысты жайлылықта өткізуге арналған аймақ – мұнда мәдени іс-шараларға арналған шағын амфитеатр, көгалдандырылған аймақ, балаларға арналған ойын алаңы – түрлі кешендері бар ойын алаңдары, әткеншектер мен құмсалғыштар болады. Қазіргі уақытта соңғы жұмыстары жүріп жатыр.Сонымен қатар, «Жастар» саябағы айтарлықтай өзгерді. Мұнда скейт-парк, памп-трек, ойын аймағы және т.б. орнатылды. Саябақ аумағында қазіргі заманғы«Сана» спорт кешені де жұмыс істейді.Биыл қаланың вокзал маңы мен оған іргелес жатқан Біржан Сал және Гете көшелері абаттандырылды. Вокзал маңындағы көшелердің жалпы ұзындығы – 1,5 км. Сол сияқты мұнда 5 қоғамдық кеңістікті абаттандыру қарастырылды.Тәуелсіздік сарайының алдында орналасқан «Қазақ Елі» алаңында жалпы ауданы 13 га аумақты абаттандырып, көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргіздік.Бұл жұмыспен қаланың барлық ауданын қамтыдық. Келесі жылы да аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді (гүлзарлар, желекжолдар, саябақтар) абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз», – деп жазды елорда әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/876993
«Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы: Спорттағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі 16.11.2024
2023 жылдың қараша айында пайдалануға берілген «Алматы» олимпиадалық даярлау орталығы бір жылдың ішінде еліміздегі негізгі спорт кешеніне айналып келеді.Халықаралық стандарттарға сай орталық ТМД-дағы ең ірі спорт кешені саналады және бір мезгілде 2300 спортшы жаттыға алады.Орталықта оқу-жаттығу жиындары, емдеу және сауықтыру шаралары, сондай-ақ халықаралық және республикалық жарыстар өткізу үшін 9 жабық спорт ғимараты орналасқан. Мұнда спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командалары даярланады.«Алматы» олимпиадалық даярлау орталығында бір жылдың ішінде бірқатар халықаралық жарыс, оқу-жаттығу жиыны, саммит пен семинарұйымдастырылды.Атап айтқанда, заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған орталықта велоспорттан Азия чемпионаты, гандболдан 19-20 жас аралығындағы балалар арасында IHF Trophy жарысы, жеңіл атлетикадан QOSANOV MEMORIAL Халықаралық жеңіл атлетика турнирі өткізілді. Дүбірлі додаларға 20-дан астам мемлекеттің спортшылары қатысты.Шетелдік спортшылармен тәжірибе алмасу және кәсіби шеберлікті шыңдау мақсатында спорт нысанында Әзірбайжан (бокс), Қырғызстан (семсерлесу), Гонконг (семсерлесу) және Өзбекстан (футзал) құрамаларымен оқу-жаттығу жиындары өткізілді.Сондай-ақ отандық спортшылар үшін 12 республикалық жарыс ұйымдастырылып, оған 1820 отандық атлет қатысты. Нысанда спорттық жарыстармен қатар, саммиттер мен семинарлар да өткізіледі. Биылғы сәуір айында орталықта медициналық симпозиум, мамырда ШЫҰ саммиті, қыркүйекте садақ атудан төрешілерге арналған семинар өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/877017
Қазақстан Сыртқы істер министрінің Корея Республикасына ресми сапары туралы 16.11.2024
Сеул, 2024 жылғы 4 қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен барды. Сапар шеңберінде ол Президент Юн Сок Ёлмен кездесіп, Сыртқы істер министрі Чжо Тэ Ёльмен екіжақты келіссөздер жүргізді.Корей мемлекетінің басшысымен кездесу барысында соңғы жылдары қол жеткізілген екіжақты саяси диалогтың жоғары деңгейі аталып өтті. Корея Республикасының Президенті қазақ-корей стратегиялық өзара тиімді әріптестігін нығайту мақсатында Қазақстанмен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі арттырудың маңыздылығына назар аударды.Өз кезегінде, М. Нұртілеу Корея Республикасының көшбасшысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Корея Республикасы 30 жылдан астам дипломатиялық қатынастар барысында өсіп келе жатқан экономикалық және мәдени байланыстар қолдайтын берік саяси диалог құрылған Азия өңіріндегі маңызды және сенімді серіктес екенін атап өтті.Сол күні ҚР СІМ басшысы Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Чжо Тэ Ёльмен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-корей ынтымақтастығының негізгі мәселелерін талқылады.Сұхбат барысында Корея Республикасы Президентінің жақында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға қуатты серпін бергені аталып өтті.М. Нұртілеу Корея Республикасы Қазақстанның ең ірі 5 инвесторының қатарына кіретінін және өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 6 млрд АҚШ долларына жеткенін айтты. Іскерлік байланыстарды жандандыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту ұсынылды.Цифрлық және білім беру жобалары да келіссөздердің маңызды тақырыбына айналды. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея Республикасы «Astana Hub» IT-паркін дамыту шеңберінде, сондай-ақ жасанды интеллект және үлкен деректер жөніндегі Ұлттық орталықты құру мәселелері бойынша ынтымақтасып жатқаны айтылды. «SeoulTech» университеті сияқты корей жоғары оқу орындарының қолдауымен елімізде жаңа білім беру және ғылыми мекемелер ашу жоспарлануда.Гуманитарлық байланыстар екіжақты серіктестіктің маңызды аспектісі болып қала береді. М. Нұртілеу Қазақстанда тұратын 120 мың корей халықтар арасындағы «алтын көпір» рөлін атқаратынын атап өтті.«Екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарының үдемелі дамуы, сондай-ақ екіжақты визасыз режим, екі елдің астаналары арасында жаңа тікелей әуе рейстерінің ашылуы және өсіп келе жатқан туристік ағын біздің халықтарымызды одан әрі жақындастыруда», – деді ҚР СІМ басшысы.Өз кезегінде Корея Республикасы сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Орталық Азиядағы ең адал және сенімді серіктес екенін атап өтті. «Сіздің өңіріңізге салынған корей инвестициясының жартысынан көбі Сіздің еліңізге тиесілі, сондықтан біз достық қарым-қатынасымызды өте жоғары бағалаймыз», – деді ол.Нәтижелі келіссөздердің қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары жоғары деңгейде сапарлар өткізу және басым салаларда жаңа бастамалар әзірлеу туралы уағдаластықтарды қамтитын Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспарына қол қойды.Қазақстан Сыртқы істер министрінің Корея Республикасына ресми сапары аясында Қазақстанның туристік әлеуетіне арналған қазақ-корей мәдени фотокөрмесі өтті, ол ағымдағы жылдың 5 қарашасына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/877016
Қазақстан мен Францияның мәдениет министрлері мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар маңызды келісімдерге қол қойды 16.11.2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары қарсаңында Парижде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.Министрлер мәдени қарым-қатынастардағы елеулі ілгерілеуді атап өтіп, екі ел президенттерінің өзара сапарларының бірлескен бастамаларға жаңа серпін беретінін айтты.Кездесу барысында тараптар музейлер және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы декларациясын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Гиме музейі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды қоса алғанда, бірқатар келісімдерге қол қойды.«Қазақтың тарихи және мәдени мұрасын жаһандық гуманитарлық кеңістікке насихаттау және интеграциялау — мемлекеттің мәдени саясатындағы басымдықтардың бірі», — деді Аида Балаева.Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты күшейту және «Courants du Monde» бағдарламасы аясында қазақстандық мамандарға арналған тағылымдамалар ұйымдастыру ұсынылды.«Президент Тоқаевтың Францияға бұл мемлекеттік сапары мәдениетке қатысты көптеген мәселелерді қамтитынына қуаныштымын. Бүгін біз бірнеше меморандумға қол қоямыз. Бұл арадағы тығыз ынтымақтастықты көрсетеді. Сонымен қатар, Гиме музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесінің ұйымдастырылуы – біздің қарым-қатынастарымыздың нақтылығы мен тиімділігінің дәлелі», – деді Францияның мәдениет министрі Рашида Дати.Аида Балаева арада жасалған келісімдер мәдени байланыстардың одан әрі тереңдей түсуіне ықпал етіп, Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастарды нығайтатын жаңа бірлескен жобаларға негіз болатынына сенім білдірді.«Біз киноөндіріс саласы, қазіргі заманғы қазақ әдебиетін Францияда және керісінше француз әдебиетін бізде таныстыру, концерттік ұйымдардың өзара іс-қимылы және балалар контентіне қатысты бірлескен мәдени іс-шаралар өткізу мүмкіндіктерін қарастыруымызға болады», — деді А. Балаева.Сондай-ақ, музей сараптамасы бойынша тәжірибе алмасу, тарихи мұраны сақтау және музей ісіне жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.Екі елдің министрлері креативті индустрия, оның ішінде, сән саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Аида Балаева этникалық сәнге және оның әлемдік деңгейдегі көрсетіліміне назар аударуды ұсынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/877012
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ САЛАСЫНДА БИЫЛ 159 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ 16.11.2024
Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 700 шақырымды құрайды. Биылғы жыл қорытындысымен жақсы және қанағатты жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 93,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта, биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 41,4 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс-жөндеу жұмыстарының нәтижесінде 1061,3 шақырым жол жөндеуден өтсе, жыл қорытындысымен 560 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жөнінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста мәлімдеді.Мәжілісте жолға қатысты маңызды түйткілдер айтылып, өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.– Жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда. Жол құрылысын қолға алған мердігерлер мен сапасын қадағалаушы мекемелер тиісті жұмыстарды қолға алуы тиіс. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Тұрақты қадағаланады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.Жиын барысында Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев баяндама жасады. Оның айтуынша, облыстық маңызы бар жолдарға тиісті қаржы бөлініп, 379,5 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Жыл қорытындысымен 207,6 шақырым жол, 4 көпір, 4 құбыр, 2 жарықтандыру жобасын пайдалануға беру көзделуде. Қазіргі таңда, 11 нысан толықтай пайдалануға берілсе (5 жол, 1 көпір, 4 құбыр, 1 жарықшам), қалған 9 нысанда жұмыстар жалғасуда. Осы орайда, биыл басқарманың тапсырысымен іске асырылып жатқан нысандарда «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК ТОФ тарапынан 642 сынама алынып, 96 сынама сәйкес келмеді. Соған сәйкес, кемшіліктерге жол берген мердігер, техникалық және авторлық қадағалаушы мекемелерге 120-ға жуық ескерту хаттар беріліп, 7,3 млн. теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ сапасыз салынған 8100 м2 асфальт жабыны қайта төселді.Биыл аудандық маңызы бар жолдарға – 2,6 млрд. теңге бөлініп, 97,3 шақырым жол күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Атап айтсақ, елді мекен көшелері бойынша 197 жоба н/е 584,4 шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 98 елді мекенде жалпы 131 нысан немесе 482,5 шақырым көше жөндеуден өткізілуде. Жыл қорытындысымен 104 нысан (365 көше) немесе 325,2 шақырымы пайдалануға беріліп, индикатор көрсеткіші 70%-дан 74%-ға жетеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876957
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 16.11.2024
Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 94 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған 94 нысан құрылысы 2025 жылға өтпелі. Құрылыс қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында. Бүгін аталған саладағы мәселелер облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмысты жандандыруды тапсырды.– Әрбір әлеуметтік нысанның артында халықтың сұранысы мен тілегі тұр. Алдымен жауапты басқарма, аудан, қала әкімдері құрылыс барысын қадағалап, уақтылы тапсырылуына барынша жағдай жасасын. Мердігерлердің жұмысы да қадағалауда болуы тиіс. Міндетін дұрыс атқармағандарын анықтап, заң шеңберінде тиісті жұмыс жүргізу де күн тәртібінен түспеуі қажет. Міндетіне салғырт қараған мердігерлерге екінші рет жоба берілмесін. Бізге атқарылған жұмыстар туралы есеп емес, құрылысқа кедергісін келтіріп жатқан мәселелерді айтып, шешу жолдарын ұсыныңыздар, – деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.Мәжілісте нысандарының құрылысы кешеуілдеп жатқан аудан, қала әкімдерінің де есептері мен уәждері тыңдалды. Тиісті тапсырмалар, ұсыныстар берілді.Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, білім беру саласында 21 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңға 6 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 7 нысан 2025 жылға өтпелі. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 1 мектеп (Түркістан қаласы) пайдалануға берілді. Қараша айында 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған және жыл соңына дейін тағы 12 мектеп құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр. Қалған 13 мектеп 2025 жылға өтпелі. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Ұлттық жобаға сәйкес барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспары қойылған. Мәдениет саласы бойынша 12 нысан салынып жатыр. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 1 нысан тапсырылмақ. Қалған 8 нысан 2025 жылға өтпелі. Спорт саласында 22 нысан құрылысы жүргізілсе, оның 3-еуі пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 7 нысан беріледі. Ауыл шаруашылығында – 7, арендалық тұрғын үйлерді сатып алу бойынша 247 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 39 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 4 нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 14 нысанның құрылысы аяқталады. «Turan» АЭА-ға инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша 6 нысанның құрылысы жоспарланып, 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 3 нысан құрылысы аяқталады деп көзделген.Мәжілісте облыстағы құрылыс нысандарының сапасы да сараланды. Бұл туралы Облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Облыстық бақылау жөніндегі басқармасының басшысы Айдос Исмаиловтың есебі тыңдалды. Өңірде құрылыс сапасына тиісті талдаулар мен тексерулер жүргізіліп, 822 хаттама толтырылып, 255 млн. теңгеге жуық айыппұл салынған. Үш мердігер компания лицензиясынан айырылған.Облыста құрылыс саласындағы жобалар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876960
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ КЭТИ ЛИЧПЕН КЕЗДЕСТІ 16.11.2024
Бүгін Түркістанға Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич пен Халықаралық Көші-қон ұйымы миссиясының басшысы Серхан Актопрак келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірге келген қонақтармен кездесіп, бірқатар мәселені жан-жақты талқылады.– Сіздерді Түркістан төрінде көргеніме қуаныштымын! Киелі өңірімізге қош келдіңіздер! Біздің облыстың тұрғындары расында өте еңбекқор. Қай жерге бармасын, топ жарып шығады. Өздеріңіз білесіздер, Түркістан өңірінде халық тығыз орналасқан. Оның ішінде 80 пайыздан астамы ауылда тұрады. Бұл – еліміздегі облыстар арасында ең жоғары көрсеткіш және өңіріміз ауыл шаруашылығы бағытында көш бастап тұр. Облысымыздың экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері де, туристік әлеуеті де жақсарып келеді. Бүгін ашылғалы отырған орталықтың жұмыссыздықты азайтуға үлесі зор деуге болады. Қазақстан еңбекші көшіп-қонушылардың құқықтары мен әл-ауқатын жақсартуға, қорғауға, оларды көші-қонның неғұрлым қауіпсіз және нәтижелі тәжірибесі үшін қажетті білімдермен және ресурстармен қамтамасыз етуге міндеттенеді. Еңбек мобильділігі орталығының білікті қызметкерлері мигранттарға өмірлік маңызды ақпарат бере отырып, орталықтандырылған торап ретінде әрекет етеді деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.ХКҰ Ұлыбритания үкіметінің қаржылық қолдауымен еңбек мобильділігі орталығына әлеуетті арттыруға көмек көрсетеді. Осыған тоқталған Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Түркістан өңірінің әлеуетіне жоғары бағасын берді. Аталған орталық Ұлыбританияға жұмыс істеуге ниет еткен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсететінін жеткізді.Ал Қазақстандағы ХКҰ миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопрак мұндай орталықтың көші-қонға дайындық кезінде маңызы зор екенін айтты. Еңбекші мигранттардың жаңа ортаға тез бейімделіп, алдын ала мағлұмат алатынын атап өтті.Айта кетейік, қонақтар әрі қарай шет елдердегі жұмыстарға жергілікті азаматтарды жолдауға бағытталған «Алдын ала даярлық орталығын» ашу салтанатының лентасын қию рәсіміне қатысады. Сонымен қатар орталықтың қызметімен танысып, шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтармен пікір алмасады. Түркістандағы «Еңбек мобильділігі орталығы» базасында ашылатын орталық қазақстандық еңбекші мигранттарға консультациялық қолдау көрсетеді. «Орталық Азиядан Ұлыбританияға маусымдық жұмысшылардың қауіпсіз көші-қоны» жобалық іс-шарасы аясында «Еңбек мобильділігі орталығында» ұйымдастырылатын баспасөз-конференциясынан соң ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облысы бойынша филиалына барады. Онда тренерлерді даярлау процесімен танысып, тренерлердің алғашқы сессиясына қатысады. Содан соң Қ.А.Ясауи кесенесі мен шаһардағы туристік орындарды араламақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876963
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ГАЗ, СУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ БОЙЫНША 300-ДЕН АСТАМ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР 16.11.2024
Түркістан облысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 300-ден астам жоба іске асырылып жатыр. Ауылдар мен елді мекендердің инфрақұрылымы жақсарып, ауыз су, газ, электр энергиясымен қамту жалғасуда. Бұрын сапалы ауыз су, газ бармаған елді мекендерге осы игіліктер жетіп, елдің өмір сапасы жақсара түсті.Жыл соңына дейін жобалардың 196-сы аяқталады деп жоспарлануда. Қалғаны келесі жылға өтпелі. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен талқыланды.– Ең бірінші мәселе – ауыз су. Жоспарланған жұмыстар жедел әрі сапалы атқарылуы тиіс. Газбен қамту, электрмен қамту бағытындағы жобаларды да сапалы атқарыңыздар. Түркістандағы арнайы экономикалық аймақты инфрақұрылыммен қамтумен қатар абаттандырып, көгалдандыру керек. Кәсіпкерліктің дамуы, инвестицияның артуына инфрақұрылымның тікелей қатысы бар. Жұмысты ширатыңыздар, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берді.Облыстық энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың айтуынша, биыл газбен қамту бойынша 112 нысан, ауыз су бойынша 122 нысан, электрмен қамту бойынша 58 нысанның құрылысы қолға алынған. Биыл осы салада 196 жоба жүзеге аспақ, қалғаны келесі жылға өтпелі.2024 жылы ауыз су бойынша 96 нысан аяқталып, жаңадан 30 елді мекен ауыз сумен қамтылады. 37 елді мекен тәулік бойы сумен қамтылса, 24 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Олардың бірқатарында жаңа құрылыс жүргізілсе, біразына кешенді блок-модульдер орнатылуда. Қайта құру, құбыр тарту, ағымдағы жөндеу жұмыстары арқылы да мәселелер шешілуде.Табиғи газ бойынша 54 жоба биыл жүзеге асады. 58-і келесі жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен 47 елді мекен табиғи газбен қамтылмақ. Газбен қамтылған елді мекендер саны 557-ге, халық саны 1,8 миллионнан асады деп күтілуде.Электрмен қамту бойынша 58 нысанның құрылысы жүруде, оның 35-і биыл аяқталады. Жыл нәтижесінде 41 елді мекеннің халқы сапалы электр қуатына қол жеткізеді. «Қызыләскер», «Алатау» қосалқы станцияларының құрылысы аяқталуда. 383,7 шақырым электр желілері тартылып, 104 трансформатор орнатылады.Өңірде кәсіпкерлік нысандарына инженерлік инфрақұрылым тартылуда. Келес ауданында «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС жылыжай кешені, Шардара ауданында жүгері өңдеу зауыты, Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта және Түлкібас ауданындағы «BeibarsBottlers» ЖШС-інде инфрақұрылым құрылыстары жүргізілген. Сонымен бірге газ тарату станцияларының да құрылысы жүруде. Облысты инфрақұрылыммен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876964
ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ 16.11.2024
Енді Түркістан өңірінің тұрғындары Ұлыбритания, Қатар, Оңтүстік Корея елдерінде заңды түрде жұмысқа орналаса алады. Бүгін өңірімізге арнайы келген Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен болатын. Содан кейін БҰҰ Көші-қон агенттігінің Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопрак және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен бірге шетелдерде жұмысқа орналастыруды оқытатын «Алдын ала даярлық орталығының» салтанатты ашылуына қатысты.Орталық жұмыс іздеушілерге мағлұматтар мен кеңестер беру, тіл үйрету, қауіпсіз көші-қонды қамтамасыз ету, сапарға дайындау, тәжірибе арттыру, жалпы жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құрылды.Өкілдер әуелі облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» қызметі мен жұмысын бастаған оқу орталығы кабинеттерімен танысты. Шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтармен тілдесті. Сондай-ақ «Орталық Азиядан Ұлыбританияға маусымдық жұмысшылардың қауіпсіз көші-қоны» жобасы аясында «Шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтарды алдын ала даярлау орталығы» тақырыбындағы жиында бастаманың маңыздылығы айтылды.– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының бастамасымен, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен мемлекеткаралық игі жобалар жүзеге асырылмақ. Пилоттық жоба әзірге Қазақстанның 3 аймағында қолға алынып, оған халқы тығыз орналасқан Түркістан өңірі де еніп отыр. Түркістан өңірінде қазіргі таңда 2,2 миллионға жуық халық тұрады. Оның 850 мыңы еңбекке қабілетті. Алайда 46%-ы өзі-өзі жұмыспен қамтығандар санатына кіреді. Сондықтан біз үшін жұмыссыздықты азайту маңызды бағыт. Ел азаматтары көп жағдайда тіл меңгермегеннен, баратын елдің Заңдарын білмегендіктен, алаяқ әрі сенімсіз компаниялардың әсерінен түрлі кедергілер мен қателіктерге ұшырайтыны жасырын емес. Бұл бастама арқылы шетелден алдын ала сұраныстарды және бос вакансиялар алдын ала белгіленеді. Осы орталықтың ашылуына орай алғашқы топтарды оқыту басталды. Еңбекші-мигранттардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау, көші-қонның қауіпсіз әрі сенімді жүргізілуі, қатысушылардың білімін жетілдіру, өзге де ресурстармен қамтуды үйлестіру жұмыстары облыстық «Еңбек мобильділігі орталығына» міндеттеліп отыр. Әрине елшілікпен бірлесе атқаруға тиіспіз. Өңір тұрғындары осындай мүмкіндікті пайдаланғаны абзал, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.Кэти Лич арнайы еңбек ұтқырлығы орталығының сенім телефонын іске қосу, мамандарды кешенді оқыту және қажетті жабдықтармен қамту керегін жеткізді. Статистикалық деректерді де ортаға салды.– Соңғы жылдары біздің маусымдық жұмыскерлер бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға келетін қазақстандықтардың саны айтарлықтай өсті. 2019 жылы маусымдық жұмыскердің визасын 4 адам алған болса, 2024 жылдың І жартыжылдығында 4400-ден асқан. Біз үміткерлердің Ұлыбританияда өмір сүру мен жұмыс істеудің оң тәжірибесі бар екеніне көз жеткізуге басымдық береміз. Ол үшін осындай мамандандырылған көшпелі дайындық ақпараттық орталығының ашылуын құптаймыз, - деді Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі.Ал, Серхан Актопрак көшпелі дайындық жұмыскерлердің жаңа ортаға тезірек бейімделуіне ықпал жасайтынын атап өтті. Бұл тәжірибе Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінде қолданысқа ие. Орталық Азия елдерінің үздіксіз экономикалық ілгерілеуіне, жұмыссыздықты азайтуға, серіктестікті нығайтуға және дүниежүзілік миграциялық қозғалыстарға септігі мол.Шетелдік қонақтар мұнан кейін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында тренерлерді даярлау дәрісінің алғашқы сессиясына куә болды. Республиканың әр өңірінен жиналған қатысушылармен еркін пікір алмасып, сұхбаттасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876967
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 6 ЖЫЛДА 139 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының аудан, қалаларын дамыту стратегиясын бекіту жұмыстары жалғасуда. Бүгін Сарыағаш ауданын дамыту жоспары талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Сарыағаштың әлеуеті толық қолданылмай отырғанын айтып, аудан әкімі мен басқарма басшыларына жұмысты жүйелеуді тапсырды. Басым бағыттар – өндіріс орындарын көбейту, туризмді дамыту, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолданып, өнімділікті арттыру.– Ізденіс, даму, өзгеріс керек. Ізденбейтін, өзгеруді қаламайтын адамның, басшының жетістікке жетуі қиын. Жан-жақты зерделеп, тиісті жұмыс жүргізіңіздер. Бір зауыт тоқтап қалса, көрсеткіш түсіп кетпеуі үшін өндіріс орындарын көбейтіңіздер. Ауданның туристік, өндірістік, логистикалық, транзиттің мүмкіндігі жоғары. Ауыл шаруашылығын дамытуға да қолайлы. Жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды.Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, ауданды дамыту жоспары жан-жақты сараланып, барлық сала зерделенген. 2030 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес ауданда 139 жобаның тізімі жасалған. Құны 144,2 млрд. теңге болатын жобалар арқылы 4663 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде өнеркәсіп саласында 51, туризм саласында 25, ауыл шаруашылығында 31, құрылыста 17, қызмет көрсету саласында 15 жоба жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылы ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі 747,9 млрд. теңгені құрап, 2,5 есеге артады деп күтіліп отыр. Алдағы 6 жылда 527,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, көлемі 2030 жылы 3,8 есе артады деп көзделген.«Сарыағаш» индустриалды аймағында жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, кілем, пластмасса және резеңке бұйымдарын өндіру жобалары жүзеге асады деп жоспарлануда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/876969
Тамара Дүйсенова мен Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының денсаулық сақтау және спорт саласы мамандарымен кездесті 16.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру мәселелері ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың Маңғыстау облысына сапары кезінде қаралды.Қазіргі таңда өңірде дәрілік препараттардың қозғалысын таңбалау және бақылау жүйесі енгізілді. Осылайша, халық тұтынатын дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жүйемен танысу үшін вице-премьер мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Медсервис» ЖШС фармацевтикалық қоймасына барып, таңбаланған дәрілік заттарды қабылдау және шығару процесін көрді.«Таңбалау арқылы айналымға контрафактілік өнімдердің енуіне тосқауыл қою міндеті тұр. Азаматтар сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Дәрігердің рецепті арқылы тегін дәрілік заттар бар. Әзірге олар тек емхана жанындағы дәріханалардан босатылуда. Біз бұл қызметті әлеуметтік әмиян тетігі мен таңбалау жүйесін қолдану арқылы айтарлықтай жеңілдетуге ниеттіміз. Электронды рецепт бойынша барлық дәріханаларда тегін дәрі алу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл азаматтар үшін өте ыңғайлы болады деп санаймын», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.Айта кетейік, облыста әлеуметтік әмиянды пайдалану арқылы 8 мың дәрілік зат босатылды.Медициналық салаға қатысты мәселелер вице-премьердің Денсаулық сақтау объектілерінің басшыларымен кездесуінде де талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары сақтандырылған азаматтар қажетті көмекке қол жеткізуі тиіс екенін айтты.Сонымен қатар өңірге жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары бұқаралық спортты дамыту мәселелерін көтерді. «Халық арена» спорт кешенінің базасында Үкімет ұсынған шараларды қарау бойынша кеңес ұйымдастырылды. Оған облыстың спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар қатысты. Салада көзделген негізгі өзгерістер туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев баяндады. Спорттың басым түрлері, саланы қаржыландыру және цифрландыру жүйесі мәселелері қаралды.Еркін пікір алмасу форматында өткен кеңес барысында дене шынықтыру және спорт саласындағы сарапшылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Вице-премьер айтылған пікірлер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/876936