Абай облысының пікірсайыс клубы республикада үздіктер қатарынан көрінді

Абай облысының пікірсайыс клубы республикада үздіктер қатарынан көрінді

24.12.2024 20:27:50 977

Астанада «Ozgerteam» ҚҚ ұйымдастыруымен «Sanaly Orta» ұлттық байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты пікірсайыс технологияларын насихаттау және Қазақстандағы мектептегі дебат клубтарының дамуына қолдау көрсету.
Абай облысының атынан қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназиясының «Кел, балалар, оқылық!» дебат клубы бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар 1 миллион теңге ақшалай сыйлық пен еліміздің ең үздік пікірсайыс клубы атағына ие болды. Үйірме жетекшісі – Бинұр Ахатқызы, төрағасы – Еркежан Тұрлыбек.
Клубтың пікірсайыс қозғалысын жандандыруға және қала мен ауыл мектептері арасындағы теңсіздікті жоюға бағытталған «Sapa» жобасы ұсынылды. Жобаның өзектілігі мен инновациялық идеялары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/903453