«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Ақмарал Серікбаева.
24.12.2024 20:36:35 973
«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Ақмарал Серікбаева.
Ақмарал Қабылбекқызы – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Экология және геология» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты.
1996 жылы Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ «Экология» мамандығын, 2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Химия» мамандығы магистратурасын, ал 2003 жылы ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық Орталығында аспирантураны аяқтаған.
Ол ғылыми мансабын ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу Ұлттық орталығында 1997 жылы инженер лауазымынан бастады, ғылыми мектептің кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер кәсіби сатылары бойынша өтті. 2008 жылы Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтында «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының доценті лауазымына қабылданды. 2015 жылдан 2020 жылға дейін «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Ғылыми-педагогикалық өтілі 23 жылды құрайды. А.Серікбаева 120-дан астам мақаланың, 9 - ҚР патентінің авторы, 7 - ғылыми туындыға авторлық құқық; Web of Science және Scopus базаларына жататын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 24 мақала, Хирш индексі екі базада да 5, БҒСБК тізбесіндегі журналдарда 60-тан астам мақала жариялаған. Шығармашылық еңбектер – 15 (5 - оқу құралы, 2- ҚР БҒМ РОӘК грифімен және 10 монография, оның 3-і ағылшын тілінде) жарық көрген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/903883