Қазақстан және Тәжікстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
24.12.2024 21:14:58 374
Астана, 2024 жылғы 19 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында министрлер екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайымен оны одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ өңірлік жәнехалықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстанмен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтынығайтуға жан-жақты жәрдемдесуге дайындығы расталды.
Сонымен қатар 2025 жылға арналған аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/906113