Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде техникалық оқу өткізілді

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде техникалық оқу өткізілді

28.08.2026 18:09:18 69

2026 жылғы 19 тамызда Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде Департамент басшысы Оразбай М.А.-ның төрағалығымен техникалық оқу өткізілді.

Іс-шараға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Шақырылған спикер ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Заң басқармасының басшысы Омаров А.Б. сөз сөйледі.

Техникалық оқу барысында Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының 2023–2025 жылдар аралығындағы Департамент қызметіне жүргізген аудиторлық іс-шарасының нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, әкімшілік іс жүргізу және сот практикасы салаларындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері қаралды.

Аудит материалдарын прокуратура және қылмыстық қудалау органдарына беру тәртібіне, жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізу негіздеріне, әкімшілік іс жүргізудің мерзімдері мен тәртібінің сақталуына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес тыңдау рәсімін өткізуге, сондай-ақ сот материалдарын дайындау және сүйемелдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша жұмыстың сапасын арттыруға, заңнаманы біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге және Департамент қызметінде бұдан әрі бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеуге бағытталған шаралар айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1282200?lang=ru