Облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысы
28.08.2026 18:14:09 44
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы КММ 2026 жылғы 28 тамызда облыстық тамыз конференциясы аясында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№41 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында білім бөлімдерінің басшыларына, аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне арналған және оған өңірдегі 120 жалпы білім беретін мектептің директорларына «Жаңа Халық Конституциясының құндылықтары мен қағидаттарын іске асыру: білім беру жүйесіндегі цифрлық көшбасшылық және жасанды интеллект» тақырыбында секциялық отырыс өткізді.
Секциялық отырыстың модераторы – Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қозыбаева Бұлбұл Жомартқызы.
Секциялық отырыс барысында негізгі баяндамалармен:
Кенчимбаева Мархаббат Камелханқызы, көшбасшы-басшы, Глубокое ауданының білім бөліміне қарасты «Белоусовка жалпы білім беретін мектебі №2» КММ директоры, инновациялық білім беру кеңістігін құру және мектепті басқаруда заманауи тәсілдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті;
Сағандықова Жанна Төлегенқызы, Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің директоры, қазіргі мектептің білім беру және басқару үдерістеріне жасанды интеллектіні енгізудің практикалық тәжірибесін таныстырды;
Насир Ануар, «Үздік педагог – 2025» облыстық байқауының жеңімпазы, физика пәнінің мұғалімі, Өскемен қаласындағы «№41 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының орынбасары, жасанды интеллект технологияларын қолданудың практикалық үлгісін көрсетті. Баяндама барысында EdooX цифрлық платформасын пайдалана отырып, физика пәнінен ашық сабақтың фрагменті ұсынылды.
Секциялық отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәжірибелердің өзектілігін атап өтіп, оларды одан әрі тарату және өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметіне енгізу қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1282207?lang=ru