«Таза Қазақстан»: Ualikhanov University студенттері акция ұйымдастырды
24.12.2024 21:16:03 1061
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 🔹UALIKHANOV UNIVERSITY🔹 (@shoqan.edu.kz)
«Таза Қазақстан»: Ualikhanov University студенттері акция ұйымдастырды
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті экологиялық жағдайды жақсартуға және студенттер мен қызметкерлердің экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қолдау мақсатында жатақхана аймақтарын тазалау акциясын ұйымдастырды.
Акция аясында студенттер, қызметкерлер мен еріктілер университет жатақханаларының аумақтарын жалпы тазалауға қатысты.
Акцияға қоқыстарды жинау, сұрыптау және қар тазалау кірді. Акцияның мақсаты – жайлы өмір сүру жағдайын жасау және студенттердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/905898