Халықаралық көші-қон миссиясының басшысымен кездесу
24.12.2024 21:19:50 451
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Қазақстандағы көші – қон жөніндегі халықаралық миссияның (бұдан әрі-КХМ) басшысы және Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үшін үйлестіру функциялары бар елдік кеңсемен кездесу өткізді.
Талқылаудың негізгі тақырыптары көші-қон, қоршаған орта мен климаттың өзгеруінің өзара байланысын бағалау, ҚР ЭТРМ мен КХМ арасындағы бейімделу және одан әрі ынтымақтастық жөніндегі ұлттық жоспарларда халықтың ұтқырлығын есепке алу мәселелері болды.
Кездесу барысында Е. Нысанбаев КХМ-ның Қазақстанға тиімді көші-қон саясатын әзірлеу мен іске асыруда көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
Министр КХМ Қазақстан үкіметімен тығыз ынтымақтастықта көші-қонды басқаруға, мигранттардың құқықтарын қорғауға және Қазақстанның көші-қон саясаты саласындағы институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған көптеген бағдарламалар мен бастамаларды іске асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, Министр КХМ-ны 23 желтоқсанда Астанада өтетін бейімдеу жоспары бойынша семинарға қатысуға шақырды. Сондай-ақ, Е.Нысанбаев 2026 жылы Қазақстанда, оның ішінде Бразилияда (2025 жылғы қараша) СОР-30 алаңдарында өңірлік Климаттық саммит өткізуге дайындық шеңберінде бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруды ұсынды.
Өз кезегінде, Қазақстандағы көші-қон жөніндегі халықаралық миссияның басшысы Серхан Ақтопрак ЭТРМ-мен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, ол Астана халықаралық форумына қатысу аясында Министр Е.Нысанбаев пен КХМ Бас директоры Эми Поуп арасында екіжақты кездесу өткізуге үміт білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға үміт білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/906250