Қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобалар

Қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобалар

24.12.2024 21:20:16 506

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі жергілікті атқарушы органдармен, «Жасыл даму» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен кәдеге жарату есебінен жеңілдікпен қаржыландыру тетігі шеңберінде қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобалар бойынша кеңес өткізді. Бұл кеңес инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына уақтылы мониторинг жүргізу мақсатында өтті.
Министрлік жергілікті атқарушы органдар жобаларды іске асыру кезінде коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламаларына сәйкес коммуналдық қалдықтарды басқару инфрақұрылымының қажеттілігі мен ағымдағы жағдайына ерекше назар аудару қажет екенін хабарлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/905728