🛣 ШҚО әкімі тұрғындарды қолдап, Қайсенов пен Әуезов көшелеріндегі бұрылыс мәселесін шешті

🛣 ШҚО әкімі тұрғындарды қолдап, Қайсенов пен Әуезов көшелеріндегі бұрылыс мәселесін шешті

16.11.2024 18:43:07 2750

🔴Өскемен қаласындағы Қайсенов пен Әуезов көшелерінің қиылысында оң бағытқа бұрылыс салу жұмыстары тоқтатылды. Аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәселе себебін өз көзімен көруге келіп, қала әкімінің тірлігін сынға алды. Тұрғындардың қауіпсіздігі қашан да бірінші орында екенін атап өтті.
– Қыста көктайғақ болады. Сондықтан, ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін бірінші орынға қою керек. Қалайша қыс келерде тұрғын үйлер мен ғимараттардың тура алдына бұрылыс салу жұмыстарын жүргізуге болады?! Адамдар дәріханадан қалай шығады? Тәжірибелеріңіз бар. Мұндай келеңсіздіктің алдын алу үшін халық үніне құлақ түру қажет, – деді облыс әкімі.
🔴Ол сондай-ақ қаланы абаттандыру шешімдерінің жақсы үлгісі «Халық қатысатын бюджет» жобасы болып табылатынын айтты. Көшелерде не істеу керектігін және қайда істеу керектігін туралы шешімдердің қабылдауына тұрғындар өздері қатысулары керек.
🔴Мұндайда бұл қиылыстан оңға бұрылу әсіресе қыста адамдарға қауіпті болатыны анық. Маңайдағы үйлердің тұрғындары мен кәсіпкерлері облыс әкімінің атсалысып, түсіністікпен қарағаны үшін алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, өңір басшысы шағын бизнестің мүмкін болатын мәселелерін де ескерді.
- Мен шағын кәсіпкерлік экономиканың негізінің бірі және оны дамыту және қолдау қажет деген көзқарасты ұстанамын, - деді Ермек Көшербаев.

🔴Халық үніне құлақ асуда автомобиль жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің құқы тең қаралуы керектігі де мәлім. Ал ондай жағдайда қолайлылықтан гөрі, тұрғындардың жүріп-тұру қауіпсіздігіне басымдылық берілетіні сөзсіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/880272