ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КӨКТЕМ-2025» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КӨКТЕМ-2025» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

14.02.2025 23:50:15 462

Төлеби ауданында көктемгі су тасқынына дайындық аясында «Көктем-2025» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтті. Оқу-жаттығу шарасында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындықтары пысықталды.
Іс-шараға Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің жұмысын бақылап, арнайы техникалардың жағдайымен танысты.
Оқу-жаттығу жиыны көктемгі уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымы мен қызметтерінің даярлығын тексеру және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934112