ШЫМКЕНТТЕ 1130 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРІ ОҚУДАН ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ 1130 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРІ ОҚУДАН ЖӘНЕ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТТІ

14.02.2025 23:55:41 880

Шымкентте жедел жәрдем станцияларының 1130 қызметкері диспетчерлік қызмет жұмысының алгоритмі, шақыртуларды өңдеу, науқастардың әртүрлі санаттарына сапалы медициналық көмек көрсету, сыни жағдайларда балалар мен ана өлімінің алдын алу бойынша білім мен дағдыларды қамтитын модульдер бойынша оқудан өтті.
Денсаулық сақтау министрі тапсырмасының шеңберінде оқыту қорытындысы бойынша шұғыл қызмет мамандары үшін алынған білім мен дағдыларды аттестаттау өткізілді.
Бейінді мамандардан тұратын сарапшылар тобы арнайы әзірленген бақылау парақтары бойынша сұрақтар қойды, әртүрлі жағдайларда симуляциялық құрылғыларды пайдалана отырып, фельдшерлердің біліктілік деңгейін тексерді.
Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды, сондай-ақ пациенттерге шұғыл көмек көрсету барысында туындауы мүмкін штаттан тыс жағдайларға талдау жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/934771