Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтеді

Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтеді

15.02.2025 00:05:09 1212

Астанада 23 ақпан күні Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан жыл сайын өтетін INDOOR RUN ASTANA 2025 турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирдің басты мақсаты – жеңіл атлетиканы насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу.

Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енеді: 600 м, 1000 м, 1 миль, 2000 м, 3000 м жүгіру, аралас эстафеталық жүгіру және критериум жарысы.

Турнирге еліміздің 10 аймағынан 25-тен астам жүгіру клубының 110-нан аса әуесқой спортшысы өтініш берді. Сондай-ақ, жарысқа Ресей Федерациясынан әуесқой спортшылар қатысады. Өткен жылдағыдай, зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар да турнирде өнер көрсетеді.

Ресми ашылу рәсімі – 09:30;
Жарыстың басталуы – 09:50.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936581