ІХ қысқы Азия ойындары – 2025: 13 ақпандағы жарыс нәтижелері
15.02.2025 00:12:25 495
Биатлон: Әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші келіп, қола жүлдегер атанды. Жарыс жолына Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая шықты.
Ал ерлер құрамасы (4×7.5 км) Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Жарыс жолына Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев шықты.
Шайбалы хоккей: Ерлер құрамасы Қытайды жеңіп (3:1), финалға жолдама алды. Бас жүлде үшін Жапониямен сынға түседі.
Әйелдер командасы Қытайдан басым түсті - 2:1.
Керлинг: Қазақстан әйелдер құрамасы 9-сессияда Гонконг спортшыларын 6:3 есебімен жеңсе, жартылай финалда Кореяға есе жіберді - 2:10.
Ал ерлер құрамасы Гонконгтан айласын асыра алмады - 2:10.
Мәнерлеп сырғанау: Ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров қола жүлдегер атанса, Диас Жиренбаев 9-орынға табан тіреді.
Әйелдер сайысында Софья Самоделкина жарысты 4-орынмен, София Фарафонова 10-орынмен аяқтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/937896