Кёрлингтен әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола медалі үшін таласады
15.02.2025 00:12:31 528
Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының жартылай финалдағы ойынын аяқтады.
Біздің спортшылар әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, 2018 жылғы Олимпиаданың финалисі Оңтүстік Кореяға жол берді. Есеп: 2-10.
Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер резервте).
Енді ертең Қазақстан қола жүлде үшін Жапония немесе Қытай ойыншыларымен шеберлік байқасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/937892