Қарағандының Бейнелеу өнері музейінде суретші әрі педагог Бекен Мұқышевтің көрмесі ашылады

Қарағандының Бейнелеу өнері музейінде суретші әрі педагог Бекен Мұқышевтің көрмесі ашылады

19.11.2024 13:07:00 3362

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында 20 қараша күні сағат 16:00-де қарағандылық суретші және педагог Бекен Мұқышевтің жеке көрмесі ашылады. "Мәңгілік туралы ойлар" деп аталатын экспозицияда шебердің философиялық ізденістері мен шығармашылық көзқарасын бейнелейтін 70-тен астам кескіндеме және графикалық жұмыстар ұсынылады.
Бекен Мұқышев 1978 жылы Алматыдағы Н. В. Гоголь атындағы өнер училищесін бітірген. Дария теміржол станциясында жалпы орта білім беретін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.
Шығармашылық жол 1991 жылы Қарағанды кафелері мен мейрамханаларының интерьер дизайны жобаларынан басталды. Қалалық және облыстық көрмелерге қатысқан.
2016 жылы суретші Қайрат Кэй-Кэйдің тәуелсіз MonARBAT өнер галереясымен ынтымақтастықта болды. Галереямен бірлесіп қала мен республиканың салтанатты және мерекелік іс-шараларына қатысты. Осы уақыт ішінде ол балалар мен ересектерге сурет салуды үйретті.
Көрме 30 қарашаға дейін жалғасады.
Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.
Анықтама телефоны (8-7212) 475-475.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/884983