«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды
19.11.2024 17:09:25 1837
Щучинск қаласында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2024» республикалық байқауы басталды,-деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына сілтеме жасап.
Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 19 дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысуда. Барлығы аудандық, облыстық деңгейде іріктеуден өткен. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Байқаудың мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің еңбегінің беделін арттыру.
Байқау үш кезең бойынша өткізіледі:
I тур – «Креативті педагог»;
II тур – «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы»;
III тур – «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара».
Айта кетейік, байқаудың жүлде қоры 1,5 млн теңге. Сондай-ақ, арнайы номинациялардың иегерлеріне 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табысталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/886120