Атырауда БАҚ өкілдері үшін «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді

Атырауда БАҚ өкілдері үшін «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді

19.11.2024 17:09:32 1848

2024 жылдың 28 қарашасында Атырауда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері» атты семинар өтеді.
Семинар өңірдің өзекті мәселелерін (мұнай-газ секторы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылым және т.б.) жариялау кезінде журналистердің біліктілігін жақсартуға, БАҚ пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы коммуникацияларды жетілдіруге бағытталған.
БАҚ өкілдері мұнай-газ саласының негіздері және қалыптасу тарихы, энергостатистикамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысады, мұнай-газ өнеркәсібіндегі оқиғаларды талдау дағдыларын меңгереді.
Сонымен қатар, Министрлік өкілдері журналистерге «Масс-медиа туралы» заңның негізгі ережелерін түсіндіретін болады.
Оқыту іс-шарасы келесі мекен-жай бойынша өтеді: Атырау қаласы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Студенттік даңғылы, 1, 2-ші қабат, Ғылыми кеңес залы.
БАҚ өкілдерін келесі сілтеме бойынша тіркеліп, іс-шараға қатысуға шақырамыз: https://forms.gle/hnjJWhNrtCV7iz1r5
Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ баспасөз қызметтерінің өкілдері үшін ZOOM платформасында онлайн трансляция қолжетімді болады: https://us06web.zoom.us/j/87167441158?pwd=UvvsA5nPL5n16qdRjVftDldMyMZ5sK.1 (конференция идентификаторы: 871 6744 1158, кіру коды: 8050).
Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 740186 нөміріне хабарласуға болады.
Семинар бағдарламасы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/885904