Азаматтарды жеке қабылдау

Азаматтарды жеке қабылдау

25.11.2024 13:06:49 3817

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2025 жылдың 24 қазанында Әділет департаменті алаңында азаматтарды қабылдау өткізілді.
Әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ж.Ж. Казбаева Қостанай облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы төрағасының орынбасары М.А. Сералинмен бірге азамат К-ны сот шешімін орындау және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде елден шығуға салынған шектеуді алып тастау мәселесі бойынша қабылдады.
Департамент басшылығы азаматтарды, жеке және заңды тұлғаларды жүйелі түрде «Азаматтарды қабылдау орталығы» алаңында, «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауында, сондай-ақ көшпелі қабылдаулар форматында қабылдайды.
Жеке қабылдаулар «Халық уәжіне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланысты нығайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1092695?lang=kk