Костанай облысы – машина жасау орталығы: Қазақстандағы алғашқы автокомпоненттер шығаратын зауыт салынуда
18.02.2025 01:29:54 539Костанай облысы Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмасын жүзеге асырып, үш негізгі экономикалық бағыт бойынша дамып келеді: машина жасау, қара металлургия және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Өңірдің басым бағыттарының бірі – автомобиль жасау мен автокомпоненттер өндірісін қамтитын машина жасау саласын дамыту.
Машина жасау: өндірісті кеңейту
Бүгінде Қостанай облысында төрт ірі машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді, олар жеңіл, жүк және ауыл шаруашылығы техникасын шығарады. Айта кету керек, төртінші зауыт 2024 жылдың күзіне қарай іске қосылды. Өңірдің өнеркәсіптік дамуы аясында 2025 жылдың соңына дейін тағы екі жаңа зауыт ашу жоспарланған:
● KIA автомобиль зауыты – жылына 70 000 автокөлік өндіру қуатымен, 1 500 жаңа жұмыс орнын ашады;
● Жүк көліктеріне арналған басты беріліс қораптары зауыты – 550 жаңа жұмыс орнын құрады.
Қосымша, 2026 жылдың басында автокомпоненттер шығаратын тағы бір зауыттың ашылуы күтілуде. Бұл кәсіпорын өңірдің автокөлік өндірісі кешеніндегі жетінші зауыт болмақ және қазақстандық автомобиль зауыттарын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді.
Автокомпоненттер зауыты: өндірісті жергіліктендіру
Автокомпоненттерді жергіліктендіру орталығын салу – импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірдің машина жасау кластерін нығайтуға бағытталған. Жоба жүзеге асқаннан кейін қазақстандық автомобиль зауыттарына отандық компоненттерді жеткізу қамтамасыз етіледі.
Жобаның негізгі көрсеткіштері:
● Инвестиция көлемі – 17,8 млрд теңге;
● Жаңа жұмыс орындары – 800;
● Өндірістік қуаты – жылына 60 000 компонент;
● Өндірістік аумақ – шамамен 30 000 м².
Қандай бөлшектер өндіріледі?
Жаңа кәсіпорында бұған дейін шетелден әкелінген мынадай компоненттер шығарылатын болады:
● Орындықтар;
● Глушительдер;
● Бамперлер, айналар, пластиктен жасалған кузов элементтері;
● Электр сымдары;
● Интерьер және экстерьер бөлшектері;
● Автокөлік бояулары мен герметиктері.
Жұмыс орындары және кадрлық әлеует
Бүгінгі таңда өңірдің машина жасау саласында 5 053 адам жұмыс істейді, ал жаңа зауыттардың іске қосылуымен бұл көрсеткіш 7 500-ден асады. Автомобиль жасау, металлургия және автоматтандыру салаларында мамандарды белсенді түрде даярлау жүріп жатыр, бұл кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Автокомпоненттер зауытының іске қосылуы Қазақстанда автомобиль өндірісінің толық циклын құру жолындағы маңызды қадам болмақ.
«Бұл жоба қазақстандық автозауыттарды отандық компоненттермен қамтамасыз ететін елдегі алғашқы толыққанды машина жасау кластерінің негізін қалады», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/939984